Пятница , 4 июля 2025

АЖЫРАСУ НЕГЕ КӨП?

Цита­та орынына:

  • Биы­лғы жыл­дың бес айын­да Қаза­қстан­да 81 мың неке тір­келіп, 47 ажы­расу фак­тісі құжат­талған. Бұл – елде отау құрған жас отба­сы­ның тең жар­ты­сы­нан аста­мы (51%) ажы­рас­ып кететінін көр­се­тетін дерек.
  • «Фейс­бук» желісін­де­гі «Online Qazaqstan» тобын­да Қаза­қстан­дағы ажы­расу мәсе­лесіне бай­ла­ны­сты сау­ал­на­ма жүр­гіз­ген бола­ты­н­мын. Көп­шілік аза­мат атса­лы­сқан зерт­те­уім зая кет­пе­сін деген ниет­пен сол әле­умет­тік сау­ал­на­ма­ның негізін­де мақа­ла жазып, жұрт­шы­лық наза­ры­на ұсы­ну­ды жөн көрдім.

Ұлт бола­шағы­на ықпал ететін ажы­расу мәсе­лесіне қаты­сты келеңсіздік­ке елдік мүд­де­ге алаңкөңіл әрбір аза­мат салғырт қара­мау керек деп ойлай­мын. Себебі соңғы жыл­да­ры елі­міз­де неке­ден ажы­расу көбей­іп бара­ды. Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы жүр­гіз­ген «Демо­гра­фи­я­лық есеп» ста­ти­сти­ка­лық деректері бой­ын­ша, Қаза­қстан ажы­расу мәсе­лесі ушы­ғып тұрған әлем елдерінің алға­шқы онды­ғы­на кіреді екен.

Әлбет­те, бұл алаң­да­уға тұрар­лық жағ­дай, себебі мем­ле­кет әрбір отба­сы­нан құра­ла­тын бол­са, елі­міздің бола­шағы шаңы­рағы­мы­здың бүтін әрі бере­келі болуы­на тіке­лей байланысты.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау және рефор­ма­лар агент­ті­гі Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның мәлі­метіне сүй­ен­сек, 2019 жылы елі­міз­де 139 504 неке қиы­лып, 59 796 неке бұзы­лған. Бұл деректен ажы­рас­у­дың 40%-ға өскенін бай­қа­уға бола­ды. 2020 жылғы көр­сет­кіш бой­ын­ша неке қию да, ажы­расу да азай­ған. Ол әлем­дік пан­де­ми­я­ның ықпа­лы­нан бол­са керек. 

Ажы­рас­у­дың түп­кі себебін аны­қтау мақ­са­тын­да әле­умет­тік желі арқы­лы сау­ал­на­ма жүр­гіздік. Онда жар­ты мил­ли­онға жуық оқыр­ма­ны бар «Фейс­бук­те­гі» «Online Qazaqstan»тобына, қазақ тіл­ді кон­тент­тің ара­сы­на сау­ал таста­дық. Ажы­рас­у­дың басты себеп­тері ретін­де ЖЕТІ негіз­гі себеп­ті көр­сет­тік, олар:

1. Мас­кү­нем­дік неме­се нашақор­лық, құмар ойын (кар­та, кази­но, бук­ме­кер және т.б.);

2. Зинақор­лық, яғни «жеңіл жүріс», еркек­тер­дің өзге әйел­ге баруы неме­се әйел­дер­дің бөтен еркек­пен кездесуі;

3. Ата-ененің, туған-туы­стың (қай­ын апа, сіңлі, қай­ын іні, бал­дыз, т.б.) екі жастың орта­сы­на түсуі;

4. Мем­ле­кет­тік жәр­де­мақы: ата­у­лы әле­умет­тік көмек (АСП) және али­мент алу үшін;

5. Жұмыс­сыздық, бас­па­на­ның жоқты­ғы, әле­умет­тік жағ­дай­дың нашарлығы; 

6. Мінездің жарас­па­уы, ара­да салқын­ды­қтың пай­да болуы;

7. Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық, ұрып-соғу, балағат­тау, намысқа тию фактілері.

Осы айты­лған­дар­ды жұрт болып талқы­ла­дық. Пікір жазған мың­нан астам адам­ның жау­ап­та­рын сара­лау арқы­лы мына­дай нәти­же алдық:

  1. Мас­кү­нем­дік неме­се нашақор­лық, құмар ойы­ны – 29%
  2. Жұмыс­сыздық, бас­па­на­ның жоқты­ғы – 23%
  3. Зинақор­лық, яғни «теріс жүріс» – 6%
  4. Туған-тусқан­дар­дың ара­ла­суы – 9%
  5. Жәр­де­мақы неме­се али­мент алу үшін ажы­расу – 4%
  6.  Мінездің жарас­па­уы – 7%

7. Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық, қор­лау фак­тілері – 16%.

Сау­ал­на­маға қаты­су­шы­лар­дың 4%-ы «жау­ап­тың бәрі сай келеді» десе, 2%-ы ажы­рас­у­дың бұдан да басқа себеп­тері бар екенін алға тартқан.

Жоға­ры­дағы пай­ы­здық көр­сет­кі­ш­тер­ді сара­лай келе, елі­міз­де­гі ажы­рас­у­дың ең басты себеп­тері – бук­ме­кер­лік ком­па­ни­я­лар­дың кесірі мен ішім­дік­ке салы­ну­дың сал­да­ры және бас­па­на­ның жоқты­ғы мен жұмыс­сыздық деген тұжы­рым жасадық.

Ажырас­у­ды азай­ту үшін қан­дай қадам­дар жаса­луы қажет?

1. Ұлт­тық идео­ло­ги­я­ны, соның ішін­де ұлт­тық тәр­бие мәсе­лесін жедел қолға алу, осы рет­те Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің ата­уын – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Білім, ғылым және ТӘРБИЕ мини­стр­лі­гі етіп өзгер­тіп, оның құра­мын­да Тәр­бие коми­тетін ашу­ды ұсынамыз;

2. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Отба­сы және неке тура­лы» Заңын қай­та қарау, толы­қты­ру­лар мен өзгер­ту­лер енгі­зу (ажы­расу талап­та­рын қиын­да­ту, ерлі-зай­ып­ты­лар­дың мін­дет­терін айқын­дау, бала алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­терін күшей­ту сын­ды бағыт­тар­ды енгізу);

3. Сот орган­да­ры­на ажы­рас­уға талап арыз бер­ген адам­ның өтіні­шін қарау бары­сын­да екін­ші тарап­тың уәжін тың­да­май­ын­ша, шешім шығар­мау және үш рет сотқа шақы­рған­да кел­ме­ген тарап­ты сот оты­ры­сы­на күш­теп (мәж­бүр­леп) әке­лу шара­ла­рын қарас­ты­ру; сон­дай-ақ әйел­дер­дің жүк­ті кезеңін­де жүр­ген және үш жасқа дей­ін­гі бала­сы бар отба­сы­лар­дың ажы­расу тура­лы ары­зда­рын мүл­дем қабыл­да­мау сияқты шара­лар­ды сот тара­пы­нан енгізу;

4. Жас отба­сы­ла­рын бас­пан­амен қам­та­ма­сыз етуді жедел­де­ту, үйлі болу­дың жол­да­рын барын­ша жеңіл­де­ту (республикалық/жергілікті бюд­жет­тің көме­гі­мен алға­шқы жар­на­сыз, жыл­дық пай­ы­зы төмен, қол­жетім­ді бас­пан­амен қам­ту­дың тетік­терін қарас­ты­ру; одан бөлек ерік­тілер құрған қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры­ның жұмыста­рын ілгеріле­ту арқы­лы бас­па­на мәсе­ле­лерін шешу);

5. Бук­ме­кер­лік құмар ойын­дар ком­па­ни­я­ла­рын жап­пай жабу, олар­дың жұмысы­на тый­ым салу (оқша­у­ланған, қыз­меті күмән туды­ра­тын түн­гі клуб­тарға жиі рейд жүргізу).

«Отан – отба­сы­нан баста­ла­ды» деген қанат­ты сөзді жиі айта­мыз. Деген­мен, осы ата­лы сөздің құн­ды­лы­ғы­на терең бой­ла­май­мыз. Отба­сын сақтау – ұлт­ты сақтау, ұрпақты сақтау екенін жете түсініп, ұлт­тық тәр­би­ені қолға алған кез­де ғана ажы­рас­у­дың аза­яты­ны­на кепіл­дік беру­ге болады.

Кен­же­гүл ТЕРГЕМБАЙ, жур­на­лист 

«Тоқал­ды­ққа ала­тын ЕРКЕК ІЗДЕП ЖҮРМІН»

Шымкент­тік Айша есім­ді оқыр­ман өзінің тоқал болуға дай­ын екенін айтып, «Зама­на» газетінің редак­ци­я­сы­на қоңы­рау шал­ды. Жасы қыры­ққа жақын­даған Айша лай­ы­қты аза­мат табы­лып, көңіл біл­діріп жат­са, өзінің екін­ші әйел­дік­ке қар­сы бол­май­ты­нын жет­кіз­ген деп жаза­ды KAZ.NUR.KZ.

«Ел ішін­де қазір жасы 30-дан асқан қыздар көп. Ал менің жасым 30-дан әлдеқа­шан асып кет­кен, қазір 40-тамын.Тұрмыс құр­маған­мын. Екі жоға­ры оқу орнын бітір­ген­мін, заң­гер, пси­хо­лог маман­ды­қта­ры­ның иегері­мін. Бүгін­де осы маман­ды­қта­рым бой­ын­ша жұмыс істеп жүр­мін. Кәсіп­пен айна­лы­сып, қыру­ар табыс тап­па­сам да, айлық жалақым өз жағ­дай­ым­ды жаса­уға жете­ді. Құдай бере­кесін бер­ген сол табыст­ың арқа­сын­да өзі­ме қажет­тінің бәрін адал еңбек­пен тап­тым деп ұял­май айта ала­мын. Адал еңбек­пен тапқа­ным­ды қысы­лып-қым­ты­рыл­май жара­та­мын, біре­у­ге кіріп­тар емес­пін, тәу­ел­сіз­бін. Үйім, көлі­гім бар», – дей­ді Айша.

Екін­ші әйел болғы­сы келетін Айша нелік­тен қырық жасқа дей­ін тұр­мыс құр­маға­нын да түсін­дір­ді. «Оқу­ды үздік бітір­дім, жұмысқа да бір­ден тұрып кет­тім. Ал жұмысқа тұрған соң, тұр­мыс ағы­мы­м­ен уақыт өте беріп­ті. Жал­пы, мен­де алды­мен білім жетіл­діріп, ман­са­пқа қол жет­кізіп алай­ын, тұр­мыс құруға әлі ерте деген­дей ойлар болған емес. Жұрт­тан қал­май, әйте­уір күй­е­у­ге тие салу керек деген де ой бол­ма­ды. Ондай ойым бол­са, шыным­ды айтай­ын, мен әлдеқа­шан, тіп­ті мек­теп­ті біті­ре салы­сы­мен-ақ тұр­мыс құрып кет­кен болар едім. Төңіре­гім­де­гі құр­бы­ла­рым, әріп­те­стерім отау құрып жатқан­да, сон­дай күн бір кез­дері өзім­нің де басым­нан өтеріне сенім бол­ды. Мен де өз теңім­ді табар­мын деп ойла­дым, теңім­ді тап­сам, тұр­мыс құруға дай­ын едім. Бірақ ондай жігіт кезік­пе­ді. Нәсіп бол­маған шығар», – дей­ді кейіпкер.

Ол өзін тоқал болуға қан­дай жайт­тар итер­ме­лей­тінін де жасы­рған жоқ. «Мен бұл жөнін­де жасым 30-дан асқан соң ойла­на баста­дым. Ажы­рас­қан бол­са да, лай­ы­қты жігіт кезік­се, тұр­мысқа шығу ойда бол­ды. Кей­ін лай­ық жан кез­дес­се, екі жақтың да жағ­дай­ын жасай ала­тын, шын мәнін­де екі әйел­ге иелік ете ала­тын, олар­ды тең әрі тату ұстай ала­тын жан жолы­қ­са, ойын біл­дір­се, неге тоқал бол­масқа деген де ой кел­ді. Өйт­кені өмір­де бар­лық жағ­дайы, қаси­еті, қауқа­ры бар, түр­лі себеп­пен отба­сын­да бір-екі бала­мен шек­теліп қалған, ұрпағын көбейт­кісі келетін ерлер де жоқ емес. Бірақ олар­дың көбі «екін­ші әйел алуға бол­май­ды» деген қасаң қағи­даға мой­ын­сұ­нып қалған. Сон­дай еркек кез­дес­се, неге оған тоқал бол­масқа деген ой кел­ді. Әйте­уір тиіп алсам бол­ды, күй­е­усіз қалып кет­пей­ін деген емес, сана­лы түр­де сон­дай ой бол­ды. Өйт­кені ана болып, сәби сүю де керек. Ал сәби сүю некелі жарың арқы­лы келеді. Ара­да бала бол­са – болар, бол­ма­са, ол да бір Құдай­дың ісі ғой.

Негізі біре­у­ге тоқал бола­мын десем, үйде­гілер де маған қар­сы тұра алмас еді. Өйт­кені бұл менің өз өмірім ғой. Қазір неме­ре сүй­ер жаста­мын, енді маған 25-тегі жігіт кел­мей­тіні бел­гілі ғой», – дей­ді Айша.

Сон­дай-ақ кей­іп­кер қан­дай аза­матқа жар болғы­сы келетінін де айт­ты. «Ер-аза­мат деген атқа лай­ық, тұр­мысы түзу, отба­сы­на, әйел­деріне, бала­ла­ры­на дұрыс қарай ала­тын адам жолы­қ­са, оған екін­ші әйел болуға қар­сы емес­пін. Әрине, мате­ри­ал­дық жағ­дайы сай болуы тиіс. Жасы ары кет­се 50–55-тен аспаға­ны дұрыс шығар. Шар­шап қал­маған, өмір­ге құштар, бел­сен­ді өмір сал­тын ұста­на­тын, жұрт­пен жиі ара­ла­са­тын, табиғат аясы­на шығып тұру­дан да қашпай­тын, әңгі­ме-сұх­батқа өресі сай, пара­сат-пай­ы­мы жоға­ры жан кезік­се, оған екін­ші жар болуға көнер едім. Жұр­тқа көр­сетіп, жари­я­лы түр­де үйлен­се, мен ол үшін арлан­бас едім», – дей­ді Айша.

Kaznur.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн