Пятница , 4 июля 2025

Қазақтың саны өсті,ТІЛІ НЕГЕ КЕНДЕ?

Цита­та:

  • Егер тіл мен мәде­ни­етің жоғал­са, шека­раң­ды аша сал. Бәрібір неңді қорғай­сың? Бұл енді сенің елің емес.

 Нель­сон Мандела

  • «Мем­ле­кет­тік тіл­ді дамы­ту» бағ­дар­ла­ма­сы­на деп, өткен 30 жыл­да жал­пы жиы­ны 50 млрд тең­ге­ден астам қар­жы жұм­са­лып­ты. Сон­да осын­ша­ма қыру­ар қар­жы қай­да кет­ті? Көгер­ген тілі­міз қай­да? Енді келіп, лепір­ген билік 2025 жылы Қазақ елі тұрғын­да­ры­ның 95 пай­ы­зы қазақ тілін мең­ге­ретінін айтып, халы­қтың басын тағы да шыр айналдыруда.

Елдік тұрғы­дағы руха­ни құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды халқы­мы­здың, әсіре­се өске­лең ұрпағы­мы­здың жады­на сіңі­ру жағы ақсап тұр. «Руха­ни жаңғы­ру» деп елді дүр­лік­тіріп, бір шула­тып алған­мен, арты өткін­ші жауын­дай басыл­ды да қал­ды. Қаза­қтың саны, орыс­ша­лап айтқан­да, «всем чер­тям назло» өсіп келе жат­са да, мем­ле­кет­тік тіл­дің тағ­ды­ры жан­да­ну­дың орны­на өз орда­сы­ның табал­ды­ры­ғы­нан аттап шығуға дәр­мен­сіз болып барады.

Бүгін­гі таң­да елі­міз­де мем­ле­кет құра­у­шы ұлт­тың – қаза­қтың саны елде­гі халы­қтың 80 пай­ы­зы­на жетіп қал­са да, тіл мәсе­лесі билік­тің шыла­у­ы­нан шыға алмай келеді. Мәжіліс депу­та­ты Қазы­бек Иса­ның дере­гін­ше, елде­гі халық саны 19 млн-ға, оның ішін­де қазақ ұлты 78%-ға жетіп қалған көрі­неді («ДАТ», 01.04.2021 ж.).

Қалай болған­да да, жыры көп мем­ле­кет­тік тілі­мізді өз тұғы­ры­на қон­ды­ра­тын уақыт жет­ті. Ресей­ге де, өзге­ге де жал­тақтай­тын жай­ы­мыз жоқ. Біз – әлем­де­гі өсу дина­ми­ка­сы жоға­ры елдер­дің сана­тын­дағы мем­ле­кет екені­міз даусыз!

Деген­мен, 2009 жылғы жал­пы­ұлт­тық санақтың қор­тындысы бір­не­ше рет өзгер­тіліп, 70 пай­ы­здан едәуір асып кет­кен қаза­қтар­дың санын әдейі азай­тып, оры­сқұл билік өз дегенін істе­ді. Санақты өткіз­ген мини­стр­лік­тің бас­шы­сын нақақ жала­мен сот­тап, есеп­тің нәти­же­сін «қол­дан жасау» жағ­дай­ын көрдік.

Менің зер­де­ле­уім­ше, соңғы 7–8 жыл­да қаза­қтар­дың өсі­мі есе­леп арт­ты. Мыса­лы, соңғы жыл­да­ры оңтүстік өңір­лер­де, әсіре­се Шым­кент пен Түр­кістан өңірін­де жаңа оқу жылы­ның басын­да 1‑сыныпқа бара­тын бүл­дір­шін­дер саны есе­леп өскен. Кей­бір мек­теп­тер­де баста­уы­шқа бара­тын бала­ның саны өскені сон­ша­ма, әр сынып оқу­шы­ла­ры­ның саны 20–25-ке дей­ін жет­кеніне куә болып жүр­міз. Мұн­дай қуа­нар­лық жағ­дай Маңғы­стау аймағын­да да бай­қа­ла­ды. Елі­міздің басқа да өңір­лерін­де қаза­қтың өсім аху­а­лы арту­да. Баста­уыш сыны­пқа бара­тын оқу­шы­ла­ры­мы­здың 95 пай­ы­зы өзі­міздің қара­көз­дер (елі­міз­де жыл сай­ын 1‑сыныпқа бара­тын­дар­дың саны 400 мың­нан аса­тын көрі­неді, яғни жар­ты мил­ли­он­ды қусы­рып қалады).

Енді есеп­теп көріңіз: соңғы он шақты жыл­дағы мек­теп табал­ды­ры­ғын аттаған жет­кін­шек­тер­дің жал­пы санын. Қалай болар екен, бұл енді қаза­қтың үлесі өскенін көр­сет­пей ме? Бұл фак­тілер халқы­мы­здың өсі­мінің жоға­ры дең­гей­де екенін біл­дір­мей ме? Осы тұрғы­дан алған­да, мем­ле­кет құра­у­шы ұлт­тың саны шынын­да да 80 пай­ы­зға жетті.

Бізде­гі ұлт­тық санақтың өзі сая­сат­тың құр­ба­ны­на айна­лып кет­ті. Бар гәп­ті осы жер­ден іздеу керек. Жал­пы, Қазақ елін­де бай­ы­рғы ұлт­тың санын көбейт­пеу жөнін­де бір қитұрқы­лық сая­сат бар екені рас. Менің білуім­ше, бұл ара­дағы басты сая­сат – елде­гі өзгерістер­ге құштар қаза­қты тұқыр­тып ұста­уға саяды.

Әйт­пе­се халқы­ның 80 пай­ы­зын мем­ле­кет құра­у­шы ұлт құрай­тын Қазақ елін­де мем­ле­кет­тік тіл өз дәре­же­сін­де неге қол­да­ны­ныл­май­ды? Осы жауыр болған мем­ле­кет­тік тіл сая­са­ты жөнін­де­гі дау-даб­ы­ра бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да соңғы отыз жыл бойы сөз болып келеді. Бірақ оры­сқұл билік тара­пы­нан мем­ле­кет­тік тіл­ге деген жана­шыр­лық ниет бол­ма­ды. Қай­дан бол­сын – шен­ді-шек­пен­ділер­дің көп­шілі­гі өз ана тілін мен­сін­бей­тін бол­са, бар­лық мем­ле­кет­тік іс қағаз­да­ры мен заң­на­ма­лар орыс тілін­де жаса­ла­тын болса…

«Мем­ле­кет­тік тіл­ді дамы­ту» бағ­дар­ла­ма­сы­на деп, өткен 30 жыл­да жал­пы жиы­ны 50 млрд тең­ге­ден астам қар­жы жұм­са­лып­ты. Сон­да осын­ша­ма қыру­ар қар­жы қай­да кет­ті? Көгер­ген тілі­міз қай­да? Енді келіп, лепір­ген билік 2025 жылы Қазақ елі тұрғын­да­ры­ның 95 пай­ы­зы қазақ тілін мең­ге­ретінін айтып, халы­қтың басын тағы да шыр айналдыруда.

Қай­дағы 95 пай­ыз?! Елі­міз­де­гі халы­қтың 50 пай­ы­зы да мем­ле­кет­тік тіл­ді толы­ққан­ды мең­ге­ретін түрі жоқ. Билік «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» жаңа заң қабыл­дау мәсе­лесін созба­лақтап келеді. Неге? Кім кедер­гі? Мем­ле­кет құра­у­шы ұлт­тың мүд­десін ескеріп, елді ұлт­тық даму арна­сы­на бұруға бол­мас па? Сон­ды­қтан бүгін­гі таң­да қазақ үшін кезек күт­тір­мей­тін мін­дет­тер­дің бірі – «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» заң­ды бұл­тақтат­пай, тез ара­да қабыл­да­уды билік­тен талап ету!

Егер біз даму­дың негізін қаза­қтық-ұлт­тық мүд­де жолы­на түсіруді бүгін талап етпе­сек, ертең кеш қала­мыз. Өз тілін жетік білетін тұтас бір ұрпақты жоғалтамыз!

Ол үшін бірін­ші кезек­те мем­ле­кет­тік лау­а­зым­ды қыз­мет­ке, сон­дай-ақ сай­лан­ба­лы орган­дарға (пар­ла­мент, мәс­ли­хат және де бар­лық дең­гей­де­гі әкім­дер­ді сай­лау, т.б.) үміт­кер­лер тек қана заң аясын­да – мем­ле­кет­тік тіл­ді еркін білу тала­бы тұрғы­сын­да тір­ке­луі шарт. Яғни, жоға­ры мем­ле­кет­тік лау­а­зым­нан бастап, бар­лық дең­гей­де­гі мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке, депу­тат­ты­ққа үміт­кер­лер­дің, чинов­ник­тік қыз­мет­тер­ге қабыл­да­на­тын қыз­мет­шілер­дің ауыл­дан – аста­наға дей­ін­гі бар­лық дең­гейі мем­ле­кет­тік тіл­ді толық мең­гер­ген болуы тиіс.

Сөй­тіп, кім­де-кім заң­мен бел­гі­лен­ген сынақтан сүрін­бей өтсе ғана, ұлт пен ұлы­сы­на қара­май, сай­ы­сқа – сай­ла­у­ға қаты­суға жіберіл­гені орын­ды болар еді. Бұл жер­де халы­қа­ра­лық стан­дарт сақта­лып, ешкім­нің заң жүзін­де құқы шек­тел­мей­ді (мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­мей­тін­дер мен үйрен­гісі кел­мей­тін­дер­дің өз оба­лы – өздеріне).

Бұлай етпей­ін­ше, мем­ле­кет­тік тіл­ді өз дәре­же­сіне көте­ру мүм­кін емес. Ақиқа­ты­на кел­сек, дұрыс елдер­де мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­гер­ме­ген қыз­мет­кер­лер – лау­а­зым­ды орын­дар­да, ал депу­тат – пар­ла­мент­те оты­ра ала ма? Әлем­де мұн­дай жүген­сіздік тек қана қазақ мем­ле­кетін­де бар екені шын­дық. Түп­теп кел­ген­де, мұн­дай масқа­ра­лы­қтан, яғни қан­даста­ры­ның ұлт­тық рухын тұн­шы­қты­рып оты­рған оры­сқұл, арсыз билік­тен құты­лу­дың уақы­ты кел­ді емес пе?

Елдің қаза­қтық даму жолын қала­май­тын қазір­гі билік Алаш үкі­метінің (1917 ж.) 100 жыл­ды­ғын мем­ле­кет­тік дең­гей­де атап өтпе­ді! Кезін­де Әли­хан Бөкей­хан көке­міз: «Ала­штың бала­сы бұл жолы бол­ма­са, жақын ара­да өз тіз­гіні – өзін­де, бөлек мем­ле­кет болар» деп арман­дап кет­кен жоқ па? Сол тіз­гін бүгін­де кім­нің қолын­да: қаза­қтың ба, жоқ әлде ат төбелін­дей ғана билік­тің бе?! Бөлек мем­ле­кет болға­ны­мыз қай­да: Кремль мен Пекин­ге жал­тақтаған билік қаза­қты қай тығы­ры­ққа тығып тастады?

Ала­штың 100 жыл­ды­ғын, Ала­шор­да үкі­метінің ғасыр­лық мерей­той­ын жоғарғы билі­гі­міз бас болып, ел-жұрт­ты ұйы­тып, кең бай­тақ жері­міз­де Ала­штың ұлт­тық рухын жаңғыр­тып, ұрпағы­мы­здың ұлт­тық сезі­мін оятып, ардақта­уға бол­май­тын ба еді? Кім кедер­гі? Алаш ары­ста­ры­ның табан­ды­лы­ғы­ның арқа­сын­да бүгін­гі Қазақ елінің көлем­ді тер­ри­то­ри­я­лық шека­ра­сы айқын­да­лып, мәң­гілік­ке бекітіл­ді емес пе?

Соны­мен, ұлт­ты рух­тан­ды­руға тиісті маңы­зды шара­лар қолға алы­нып, мем­ле­кет­тік тұрғы­да ата­лып өтілуіне парақ­сыз билік неге қарсы?

Енді келіп, бүгін­гі күн­дері Әли­хан ата­мы­зға Қараған­ды қала­сын­дағы Октябрь ауда­ны­ның аты беріледі деп, шүкір­шілік етіп жүр­міз. Осы жер­де айта кетер едім, теріс­кей­де­гі көп­тен жыр болып, елді маза­сыздан­ды­рып жүр­ген Пав­ло­дар қала­сы­ның ата­уын өзгер­тіп, Алаш көсе­мі Әли­хан Бөкей­хан­ның атын бер­се, құба-құп болар еді. Әлем­нің бір­ша­ма мем­ле­кет­терін­де (біздің ел де қалыс қалып жатқан жоқ қой, жетісіп жат­па­сақ та) халқы­ның жарқын бола­шағы үшін жанын беріп, арпа­ласқан көсем­дерінің атын­да қала­лар бар емес пе? Сөй­тіп, отыз жыл­дан бері біт­пей жүр­ген дау-дамай­ға нүк­те қой­ы­лып, елі­міздің терісті­гін Алаш рухы қорғап тұр­мас па екен? Бір оқпен екі қоян­ды атып деген­дей, оре­кең­дер­дің ауы­зы­на құм құяр едік.

Соны­мен қатар қазір­гі аты бар да, заты жоқ (қан­ша­ма ұлта­ра­лық қақты­ғы­стар, дау-жан­жал­дар орын алға­ны­мен, алдын алуға сеп­ті­гі тиді ме?), Қаза­қстан­ның халық ассам­бле­я­сы ғима­рат­та­ры­ның негізін­де Ала­шта­ну орта­лы­ғын ашып, халқы­мыз руха­ни­я­ты­ның көтерілуіне жаңа дина­ми­ка беру қажет деп ойлай­мын. Жал­пы, «Алаш» ұра­ны қаза­қтың басын бірік­ті­ру, елдік мұратқа жетуді көз­деу емес пе? «Алаш» бағ­дар­ла­ма­сы­ның негіз­гі иде­я­ла­ры ұлт рухын көте­ру, тіл сая­са­тын мем­ле­кет­тік дең­гей­де ұста­нуға түрт­кі бол­май ма? Қазақ үшін істе­ген тір­лік­терін ұрпақта­ры­мыз ешу­ақыт­та ұмыт­па­уы керек, өси­ет етіп, жады­мы­зда мәң­гілік сақтау парыз.

Соңғы жыл­да­ры біз «жері­мізді сат­тыр­май­мыз» деп, жер үшін күресіп жүр­ген кез­де елде­гі сая­си режим­нің кесірі­нен тілі­міздің де нәу­бет­ке ұшы­рау қатері төн­генін сезе­міз бе?! Жері бар да, тілі жоқ ел кім­ге керек? Қытай мен Ресей­ден басқа ешкім­ге керек емес! Ұлт­тық рухы­мы­здың өлгені деген осы емес пе?

Ойла­най­ық, ағай­ын! Шама­сы, елде­гі сая­си режим­ді түбірі­мен өзгерт­пей, біз ұлт­тық тұрғы­да дами­тын ел бола алмас­пыз. Бар­лық про­бле­ма – бүгін­гі билік­те. Егер ол билік бүгін­гі күй­ін­де қала берер бол­са, жуық жыл­да­ры біз жер­ден де, тіл­ден де, елдік мүд­де­ден де айы­ры­лған дүбәрә халы­ққа айналамыз!

Қамыс­бай БЕРСІНБЕРГЕНҰЛЫ, Ақтау қала­сы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн