Четверг , 3 июля 2025

Досым Сәтпаев: НАЗАРБАЕВ САЯСАТТАН толық кеткенде ғана ТОЛЫҚ ТРАНЗИТ БОЛАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Қаза­қстан пре­зи­ден­ті болып оты­рға­ны­на екі жыл тол­ды. Ол жеке дара бас­шы бола алды ма? Коро­на­ви­рус эпи­де­ми­я­сы және эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­спен қалай күре­сті? Ішкі және сыр­тқы сая­сат­та не істеді? 

Пра­га­дан (Чехия) шыға­тын орыс тіл­ді «Насто­я­щее вре­мя» теле­ар­на­сы бұл тура­лы қаза­қстан­дық сая­сат­та­ну­шы, «Қауіп-қатер­ді баға­лау тобы­ның» жетек­шісі Досым Сәт­па­ев­тың пікірін біл­ген екен.

Тоқа­ев екі жыл­дан бері пре­зи­дент болып отыр. Қаза­қстан­да не өзгерді?

– Бұл екі жыл­ды «Тоқа­ев­тың басқа­руы» деп айта алмас едім. Екі жыл­да көр­гені­міз – «жар­ты­лай пре­зи­дент­тік». Бұл пре­зи­дент­тік қыз­мет басталған­да, маңай­ы­на көп­те­ген «қызыл тулар» қой­ы­лған еді. Мұны Қаза­қстан­ның бірін­ші пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев қой­ған. Ал бірін­ші пре­зи­дент сая­си сахна­дан түс­кен жоқ. Ол ішкі және сыр­тқы сая­сат­тағы көп мәсе­лені әлі бақы­лап отыр.

Егер ішкі сая­сат­ты айт­сақ, жасалған сая­си рефор­ма көп­те­ген ими­та­ци­яға толы «жар­ты­лай рефор­ма» болып қал­ды. Бұл үлкен сынға ұшы­ра­ды. Бірін­ші пре­зи­дент­тің бақы­лап оты­рған тағы бір сала­сы – кадр­лық мәсе­ле­лер. Егер қара­саңыз, Тоқа­ев екі жыл­да өте үлкен кар­др­лық өзгеріс жаса­ма­ды. Назар­ба­ев құрып кет­кен сая­си және биз­нес-эли­та өкіл­дері қал­ды. Оған пре­мьер Асқар Мамин­нің жағ­дайы дәлел. Был­тыр коро­на­ви­рус эпи­де­ми­я­сы болған­да, Тоқа­ев пре­мьер-мини­стр­ді қат­ты сына­ды. Ал 2021 жылы пар­ла­мент сай­ла­у­ы­нан кей­ін оны қай­та пре­мьер етіп тағай­ын­да­ды. Мамин­ді [пре­мьер­лік­ке кан­ди­дат ретін­де] билік­те­гі «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның лидері ретін­де Назар­ба­ев ұсын­ды. «Нұр Отан­ның» өзі пар­ла­мент­те­гі көп орын­ды иеленді.

Яғни, бұл жер­де біз билік­тің жар­ты­лай тран­зи­тін көріп отыр­мыз. Толық тран­зит әлі болған жоқ. Толық тран­зит бірін­ші пре­зи­дент сая­си сахна­дан толық кет­кен­де ғана бола­ды. Бәл­кім, Қаза­қстан­да Өзбек­стан­дағы­дай – Ислам Кари­мо­втың өлі­мі мен Шав­кат Мир­зи­я­ев­тің билік­ке келуін­дей жағ­дай болған­да ғана толық тран­зит келер. Бар­лы­ғын салы­сты­рып қара­уға болады.

Егер Тоқа­ев пен Шав­кат Мир­зи­я­ев­ті салы­стыр­сақ, еке­уін­де айыр­ма­шы­лық бар. Мир­зи­я­ев­та үсті­нен қарап тұрған бақы­ла­у­шы бол­ма­ды, ол бұры­нғы эли­та­ны тазар­тып, өз эли­та­сын құра баста­ды. Мир­зи­я­ев бел­гілі бір эко­но­ми­ка­лық рефор­ма жаса­уға тыры­сты, бірақ авто­ри­тар­лы жүй­ені сақтап қал­ды. Деген­мен, Тоқа­ев­пен салы­сты­рған­да, оның қолы бай­ла­у­лы емес. Ал Тоқа­евқа қой­ы­лған шек­теу көп.

Екі жыл­да әлем­ге соққы болған көп­те­ген оқиға бол­ды. Соның басты­сы – коро­на­ви­рус. Көп ел жос­па­рын, тіп­ті гео­са­я­си стра­те­ги­я­сын өзгер­ту­ге мәж­бүр бол­ды. Тоқа­ев пен оның үзең­гіле­стері Қаза­қстан­ды қай­да апа­ра жатыр?

– «Үміт сый­лаған пре­зи­дент» және «көңіл қал­ды­рған пре­зи­дент» деген түсінік бар. Көп­те­ген демо­кра­ти­я­лық елдер­де жаңа сай­ланған пре­зи­дент «үміт сый­лаған пре­зи­дент» бола­ды. Кей­ін көбі «көңіл қал­ды­рған пре­зи­дент­ке» айна­ла­ды. Ал Тоқа­ев­та бәрі керісін­ше бол­ды. 2019 жылы ол «көңіл қал­ды­рған пре­зи­дент» бол­ды, себебі қаза­қстан­ды­қтар­дың бір бөлі­гі сай­ла­уды сынап, Тоқа­ев­ты заң­сыз пре­зи­дент деп сана­ды. Сон­ды­қтан Тоқа­ев екі жыл­да бар күші­мен «көңіл қал­ды­рған пре­зи­дент­тен» «үміт сый­лаған пре­зи­дент» ста­ту­сын алуға тыры­сты. Сөй­тіп әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық сала­да біраз үміт­ті ақта­уға тырысты.

Ол эко­но­ми­ка­ны модер­ни­за­ци­я­лап, шикі­за­тқа тәу­ел­ділік­ті азай­ту тура­лы жиі айта­ды. Бірақ мұны Назар­ба­ев та жиі айта­тын. Сон­ды­қтан эко­но­ми­ка сала­сын­да өзгеріс жоқ. Шикі­за­тқа тәу­ел­ділік­тен ары­лу, шағын және орта биз­не­сті қол­дау, коро­на­ви­ру­стан кей­ін Қаза­қстан үшін жаңа сала құру, дамы­ған отыз елдің қата­ры­на кіру тура­лы көп айты­ла­ды. Алай­да бұл фра­зео­ло­гия көп өзгер­ген жоқ, бұл – бірін­ші пре­зи­дент­тен мұраға қалған сөздер.

Тоқа­ев «үміт сый­лаған пре­зи­дент» бола алды ма?

– 2019 жылы сая­си рефор­ма­ларға қаты­сты бер­ген уәде­лерін қоғам күт­кен­дей орын­да­маған­ды­қтан, «үміт пре­зи­ден­ті» бола алма­ды. Бәл­кім, бұл Тоқа­ев­тың репу­та­ци­я­сы­на үлкен соққы болған шығар. Бұған ақпан­дағы Еуро­пар­ла­мент­тің Қаза­қстан­дағы сая­си жағ­дай­ға қаты­сты қабыл­даған қара­ры үлкен нүк­те қой­ды деп ойлай­мын. Қау­лы елде­гі сая­си жүй­ені, жыл басын­да өткен пар­ла­мент сай­ла­у­ын қат­ты сынаған. Менің ойым­ша, Еуро­пар­ла­мент қаулы­сы Тоқа­евқа және өзін рефор­ма­тор ретін­де көр­се­тетін Қаза­қстан билі­гіне үлкен соққы болды.

Кей­ін­гі кез­де Қаза­қстан­ның көп­век­тор­лы сая­са­ты тура­лы көп айты­лып жүр. Ресей мен Баты­стың тар­ты­сы кезін­де «бәрі­мен дос болу» қиын­дап бара­ды. Өткен­де Қаза­қстанда да Баты­сқа қар­сы санк­ци­я­ларға қосы­лу тура­лы айты­лып қал­ды. Мәс­кеу мен Брюс­сель – Вашинг­тон ара­сын­дағы тар­ты­ста Ақор­да өзін қалай ұстау керек?

– Ресей сыр­тқы істер мини­стрінің орын­ба­са­ры Алек­сандр Пан­кин­нің Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтың мүше­лері бірік­кен санк­ци­я­ны талқы­лап жатыр деген сөзі­нен соң, Қаза­қстан­да сарап­шы­лар елдің қан­дай да бір ұжым­дық санк­ци­яға қосы­луы­на қар­сы шықты. Себебі бұл біздің тар­тыс емес. Лука­шен­ко мен Путин бұл соғы­сқа бел шеше кірісіп, одақтағы басқа серік­те­стеріне ойлан­баған гео­са­я­си шешім­дері­мен мәсе­ле туды­рып отыр. Бұл Қаза­қстанға қаты­сы жоқ. Қаза­қстан – тәу­ел­сіз ел, оның көп­век­тор­лы­лы­ққа сүй­ен­ген сыр­тқы сая­са­ты мен эко­но­ми­ка­лық мүд­де­лері бар.

Жақын­да Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі ресми мәлім­де­ме жасап, Қаза­қстан Баты­сқа қаты­сты қан­дай да бір келіс­сөз­дер­ге қаты­спай­ты­нын айт­ты. Себебі бұл Қаза­қстанға тиім­сіз. Еуро­па одағы Қаза­қстан­ның ірі сауда серік­те­стерінің бірі екенін ұмыт­па­уы­мыз керек. Бұл – өте маңы­зды фактор.

– Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Тоқа­евқа, елдің ішкі және сыр­тқы сая­са­ты­на қалай әсер етіп отыр?

– Тоқа­ев Назар­ба­ев тұсын­да сая­сат­кер болып қалып­та­сты және Назар­ба­ев оны қол­да­ды. Мұның өзі көп жайт­ты аңғар­та­ды. Назар­ба­ев Тоқа­ев­пен қатар елдің бүкіл сая­си және биз­нес-эли­та­сы­на көп әсер етіп отыр. Сон­ды­қтан Қаза­қстан­да сая­си және эко­но­ми­ка­лық өзгеріс Назар­ба­ев кет­кен соң ғана болуы мүм­кін. Бірақ бұл бөлек тарих болмақ.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн