Четверг , 3 июля 2025

Батырлар рухына ДАҢҒАЗА жоба қажет емес!

«Қаза­қстан халқы­ның, рес­пуб­ли­ка бас­шы­лы­ғы­ның, Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның және БАҚ наза­ры­на» деген ескерт­пе­мен газет редак­ци­я­сы­на хат кел­ді. Таны­мал тіл жана­шы­ры, пав­ло­дар­лық ұлт қай­рат­кері Руза Бей­сен­бай­те­гі бекер­ге шыр-пыр бол­май­ты­нын қапер қылып, сол хат­ты қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Батыр ата­ла­ры­мыз Жасы­бай мен Олжа­бай­ға Бая­на­уыл­да салы­на­тын ескерт­кіш тура­лы. Ескерт­кі­шті салу керек, бірақ өңір­дің тумасы/тұрғыны ретін­де біраз ақпа­ратқа сүй­еніп, соған бөлін­ген қар­жы тура­лы ой-пікірім­ді айтпақпын.

Бірін­ші айт­пағым, шығын­да­луы тиіс 1 мил­ли­ард­тан астам тең­ге – бұл тап-таза ысы­рап. Елге таны­мал кәсіп­кер, қоғам бел­сен­дісі Арман Шора­ев Аста­на әкі­мі Куль­ги­но­втың 92 млрд тең­ге­ге бір көшені жөн­де­у­ге бөл­ген ақша­сы­на 160 шар­шы метр­ден тұра­тын 5 мың үй, 10 бала­бақ­ша, 3 мек­теп, 2 поли­кли­ни­ка – әрине, бар­лық ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры­мен, яғни шағын қала­шық салуға бола­ты­нын есеп­те­ген видео­сын көбі­міз көр­дік. «Өзі­міздің» Бақа­у­ов (Пав­ло­дар облы­сы­ның экс-әкі­мі – Ред.) кезін­де 36 мың тең­ге тұра­тын бата­рей­лер­ді 336 мыңға сатып алға­нын да білеміз.

Ескерт­кіш салу да дәл осы жағ­дай­лар сияқты. Кеше ғана Кере­ку­де салы­нған Абай­дың ескерт­кі­шіне 55 млн тең­ге қара­жат кетіп­ті (оның өзін­де өз құны қан­ша – мұны да әкім­дік біз­ге жет­кіз­бей­ді). Екі батыр­дың ескерт­кі­шіне 100 млн тең­ге де кет­пес (өйт­кені астын­дағы тасы мен дай­ын­да­ла­тын жері –бір деген сияқты).

Салы­на­тын жері демек­ші, саз­да­уыт, тұз­ды, сор­таң жер­ге, жоба­да көр­сетіл­ген­дей, айна­ла­сы­на аға­штар егу үшін, топы­рағын ауы­сты­ру қажет – қар­жы­ның көп бөлі­гі соған кет­пек­ші. Неге ескерт­кі­шті Қараған­ды мен Жасы­бай жақ жол­дың бой­ы­на (жаз­да мың­даған дема­лушы­лар келеді) неме­се Баян­ның кіре беріс жағы­на, көр­некі жер­ге орна­ла­стыр­масқа? Сон­да топы­рақ ауы­сты­ру­дың қажеті де бол­мау­шы еді.

Екін­ші, Бая­на­уыл­да 40 жыл тұрған, жер­гілік­ті тұрғын­дарға аста­на­дағы Бәй­те­ректей болып кет­кен, 2 рет күр­делі жөн­де­уден өткен (соңғы­сы­на көп болған жоқ) стел­ла­ны басқаға ауы­стыр­мақ­шы, оның құны бақан­дай жар­ты мил­ли­ар­дқа жуық тең­ге?! Ал дәл осы уақыт­та Бая­на­уыл­дың өзі әлі кана­ли­за­ция мен тазар­ту жүй­есін­сіз отыр. Үлкен ауыл­дың нәжіс сула­ры көл жаққа аға­ры бел­гілі. Соңы­ра лай­ланған, лас көл­дер­ге кім бара­ды? Баян­ның су жүй­есін­сіз оты­рған 9 ауы­лы тағы бар. Осы жүй­е­лер­ді тар­ту үшін сол ауыл­дар­дың әрқай­сысы­на орта­ша есеп­пен 200 млн тең­ге кете­ді екен. Біраз ауыл­дар­дың ара­сы­на 30 жыл­да бір рет те жол салын­баған. Айта бер­се, мұн­дай қажет­тілік шыға беретіні сөзсіз! 

Шектен шығып жатқан инфля­ци­я­ны қапер­ге алмай (бұған да билік­тің кінәсі жоқ деп кім айта­ды?), пан­де­мия кезін­де одан әрмен табыст­а­ры азай­ып жатқан ауыл жұр­ты­на емес, тури­стік табыс көзін бұғат­та­уы мүм­кін эко­ло­ги­яға емес, орас­ан зор қар­жы­ны мәде­ни­ет­ке бөліп­ті. Бірақ ақы­ры бөлін­ген соң, мәде­ни­ет сала­сы­ның өзін­де де осы сома­ны тиім­ді пай­да­ла­нуға бола­ды ғой? Мәсе­лен, басқа­сы – басқа, бірақ дәл Бая­на­уыл­да өлке­та­ну музейі неге жоқ? Бұл аудан­да осы салаға қар­жы бөлі­нуі тиіс басқа да нысан­дар жет­кілік­ті болар.

Жоға­ры­да көр­сетіл­ген объ­ек­тер­дің біраз бөлі­гін (аудан тұрғын­да­ры­мен келі­се оты­рып) қос баты­рға арналған ескерт­кі­шпен қатар салуға бола­ты­ны көрініп тұр. Бірақ Сқақов бастаған әкім­дік 1 мил­ли­ард­ты тек екі баты­рға – бір ескерт­кіш салуға және стел­ла­ны айыр­ба­ста­уға ғана жұм­сай­ын деп отыр. Тыл­сым­нан тар­тып айтар бол­сақ, тап­шы­лы­қта оты­рған халқы­ның жағ­дай­ы­на қапа­ланған қос батыр­дың рухы облыс әкі­мінің бұл әпер­бақан шеші­міне наза­ла­нып жатқан да шығар…

Әкім қалай­ша осы­лай шешіп отыр? Әлде жар­ты­сы­на жуы­ғы деме­ушілер­дің ақша­сы (олар көбіне сұра­у­сыз бола­ды), тура сұраған­да, «рас­пил­дың» көзі ме? Тен­дер­де бола­тын жемқор­лық әре­кет­тер­ді біздің өңір­де ешкім алып таста­маған шығар? Бұны сіз­дер­ден сұрап отыр­мын, Сқақов мырза?

Сөз соңын­да осы 1 мил­ли­ард­тан астам ақша­ның (бұл біздің салық төле­ушілер­дің және деме­ушілер­дің де ақша­сы, қаза­қтың бай­лы­ғы, халы­қтың жұмыс күші арқы­лы құра­ла­тын қара­жат) қай­да кетіп жатқа­нын бір тиы­ны­на дей­ін халық алдын­да есеп беруіңізді талап етеміз!

Өңір­де­гі депу­тат­тар­дың да қалай сай­ла­на­ты­нын біле­міз – көбісі әкім­дік­тің қала­у­ы­мен өткен. Сон­ды­қтан олар­дың әкім­нің шеші­міне келісім беруін халы­қтың келісі­мі деп есеп­те­мей­міз, Сқақов мырза!

Жал­пы, жер-жер­де­гі бар­лық әкім­дер халы­қтың салы­ғы­нан жина­ла­тын қар­жы­ны алдағы жыл­дың бюд­жетіне жұм­са­удың алдын­да бар­лық рес­пуб­ли­ка­лық, жер­гілік­ті БАҚ-тарға жазып, халы­қтың тіке­лей талқы­ла­у­ы­нан, халық өзі сенетін/сайлайтын тәу­ел­сіз экс­перт­тер­дің сарап­та­ма­сы­нан өткіз­ген­нен кей­ін ғана бюд­жет­ті иге­ру инсти­ту­ты қалып­та­суы керек. Сон­да жемқор­лы­қтың күрт аза­яры да сөзсіз.

Құр­мет­пен, Руза Бейсенбайтегі,

Кере­ку қаласы

Айтпақшы

СУ ҚҰБЫРЫ ЖОҚ БАЯНАУЫЛ

1 мил­ли­ард­тық ескерт­кіш­ке қарық болады

Бая­на­уыл ауда­ны эко­но­ми­ка­сы­ның нақты сек­то­ры бөлі­мі мем­ле­кет­тік сатып алу­лар пор­та­лы­на Олжа­бай және Жасы­бай батыр­ларға ескерт­кіш орна­туға тен­дер жари­я­лаған. Хабар­лан­ды­ру 2021 жылы 24 мамыр күні ілін­ген. Өтіні­ш­тер­ді қабыл­дау 8 мау­сым­да аяқталған.

Пор­тал­да ілін­ген хабар­лан­ды­ру­да көр­сетіл­ген мәлі­мет бой­ын­ша, ескерт­кіш орна­туға бөлі­нетін қар­жы – 793 717 460 тең­ге. Бірақ лот­тық тех­ни­ка­лық ерекшелік­тері бөлі­мін­де жұмыстың сме­та­лық құры 949 733 767 мил­ли­он тең­ге деп көр­сетіл­ген. Яғни, Олжа­бай мен Жасы­бай батыр­ларға арналған мемо­ри­ал­ды кешен­нің құры­лы­сы­на 1 мил­ли­ард тең­ге­ге жуық қар­жы жұмсалмақ.

Пав­ло­дар облы­сы Бая­на­уыл ауда­ны­ның шене­унік­тері мил­ли­ард­тарға ескерт­кіш қою­мен ғана емес, әуе­жай мен су құбы­ры қар­жы­сын жымқы­ру­мен де жал­пақ жұр­тқа таны­мал. 2021 жыл­дың қаңтар айын­да Бая­на­уыл ауда­ны­ның экс-әкі­мі Ораз­гел­ді Қай­ыр­гел­ди­нов ұшып-қонуға жарам­сыз әуе­жай­ды қабыл­даға­ны үшін 3,5 жылға сот­талған. Аудан­ның қазір­гі әкі­мі Қанат Кәрі­мо­втің сөзін­ше, әуе­жай үлкен ұшақтар мен тури­стер­ді қабыл­дау үшін жанын­дағы тауды бұзу қажет.

Бұдан бөлек, был­ты­рғы жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гінің қар­жы мони­то­рин­гі коми­тетінің Теле­грам-арна­сын­да дәл осы Бая­на­уыл ауда­ны­на қаты­сты ақпа­рат жари­я­ланған. Онда 2017–2019 жыл­да­ры Бая­на­уыл­дағы су құбыр­ла­ры­ның құры­лы­сы­на бөлін­ген 1,2 мил­ли­ард тең­ге бюд­жет қар­жы­сы­ның жымқы­ры­лға­ны жөнін­де айты­лған. Сол уақыт­тан бері атал­мыш оқиға бой­ын­ша сотқа дей­ін­гі тер­геу жұмыста­ры жүріп жатыр. Әзір­ге оның немен аяқта­ла­ты­ны бел­гісіз.
 Мalim.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн