Четверг , 3 июля 2025

СУ ДАҒДАРЫСЫ басқарудағы былықтан БОЛЫП ЖАТЫР

Күн тақы­ры­бы

  • Өткен 17 мау­сым күні ҚР пар­ла­мен­тінің сена­тын­да «2020 жылғы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің атқа­ры­луы тура­лы үкі­мет­тің есебі тың­дал­ды. Сон­дағы Есеп коми­тетінің қоры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша сенат депу­та­ты Ақыл­бек Күріш­ба­ев су шару­а­шы­лы­ғын­дағы, аграр­лық ғылым­дағы, азық-түлік­тің баға­сын мем­ле­кет­тік рет­те­уде­гі мәсе­ле­лер тура­лы өз тұжы­ры­мын ұсы­нған еді. Біз депу­тат­тың пікірін қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Жақын бола­шақта елі­міздің қауіп­сізді­гіне әсер ететін басты қатер­дің бірі – су тап­шы­лы­ғы болуы мүм­кін. Дүни­е­жүзілік банк сарап­шы­ла­ры­ның пікірін­ше, 2030 жылға қарай Қаза­қстан­дағы су ресур­ста­ры­ның көле­мі 90-нан 76 тек­ше кило­метр­ге дей­ін төмендейді.

Соны­мен бір­ге су шару­а­шы­лы­ғы сек­то­ры инфрақұры­лы­мы­ның тозу көле­мі 70%-дан аса­ды. Нәти­же­сін­де рес­пуб­ли­ка­да суа­ру жүй­есінің пай­да­лы әсер коэф­фи­ци­ен­ті тек қана 0,45–0,55, яғни судың 40 пай­ы­зы пай­да­ла­ныл­май, ысы­рап болып жатыр.

Қазір­гі уақыт­та біз­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерінің тек қана 4%-ы зама­на­уи там­шы­ла­ту тәсілі­мен суа­ры­ла­ды, бұл бар болға­ны 62 мың гектар.

Біз жақын­да Түр­кістан облы­сын­да Аграр­лық мәсе­ле­лер, табиғат­ты пай­да­ла­ну және ауыл­дық аумақтар­ды дамы­ту коми­тетінің көшпе­лі оты­ры­сын өткіздік. Қазір­дің өзін­де өңір­дің бар­лық жерін­де егін­дік судың тап­шы­лы­ғы қат­ты байқалуда.

Халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар атап өткен­дей, біздің басты про­бле­ма­мыз – суды жос­пар­лау, бақы­лау және пай­да­ла­ну жүй­есінің тиім­сізді­гін­де. Яғни біздің елі­міз­де­гі су дағ­да­ры­сы ең алды­мен басқа­ру дағ­да­ры­сы­ның сал­да­ры­нан болып отыр.

Бір­не­ше мысал кел­тірей­ін. Су ресур­ста­ры коми­тетінің өзін­де қыз­мет­кер­лер­дің көп­шілі­гінің сала­лық жұмыс тәжіри­бесі жоқ, 38 адам­ның 18‑і неме­се тек 40%-ы – су шару­а­шы­лы­ғы маман­да­ры. Жал­пы «Қаз­су­шар» кәсі­по­рын жүй­есін­де қыз­мет­кер­лер­дің тек жар­ты­сы ғана тиісті бей­ін­дік білім­ге ие, олар­дың көбісі зей­нет­ке дей­ін­гі жаста. 761 өзен, 529 көл, 71 су қой­ма­сы орна­ласқан Балқаш-Ала­көл бас­сейн­дік инспек­ци­я­сын­да бар болға­ны 21 маман жұмыс істей­ді. Төрт облы­стың аумағын қам­ти­тын Жай­ық-Кас­пий бас­сейн­дік инспек­ци­я­сын­да қыз­мет­кер­лер­дің жал­пы саны – 12-ақ адам.

Аталған су шару­а­шы­лы­ғын­да инже­нер-гид­ро­тех­ник­тер, сала­лық инже­нер-құры­лыс­шы­лар, гид­ро­гео­лог­тар, гид­ро­лог­тар және гля­цио­лог­тар (мұз­ды­қтар жөнін­де­гі маман­дар) мүл­дем жетіс­пей­ді. Олар­дың көбісі тіп­ті уни­вер­си­тет­тер­де­гі маман­ды­қтар­дың клас­си­фи­ка­то­рын­да да жоқ. Ал бұл сала­ны өзгер­ту үшін, біз­ге су өнім­деу және цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды мен­гер­ген зама­на­уи кадр­лар керек.

Жоға­ры оқу орын­да­рын­да су маман­да­рын даяр­лау сапа­сын арт­ты­ру, Жам­был гид­ро­ме­ли­о­ра­тив­тік инсти­ту­тын қал­пы­на кел­ті­ру, Қаза­қстан­да су про­бле­ма­ла­ры бой­ын­ша әлем­де­гі жетек­ші уни­вер­си­тет­тің фили­а­лын ашу, су шару­а­шы­лы­ғы ҒЗИ-ның жұмысын жан­дан­ды­ру, білім­ді арт­ты­ру және маман­дар­ды қай­та даяр­лау жөнін­де­гі өңір­лік орта­лы­қтар­ды құру қажет­тілі­гі тура­лы көп­те­ген жыл­дар бойы айты­лып келеді. Бірақ бұл мәсе­ле­лер бүгін­ге дей­ін шешіл­меді. Судың да сұра­уы бар емес пе?

Су объ­ек­тілерінің көп­шілі­гін­де қазір­ге дей­ін гид­ро­ло­ги­я­лық бекет­тер жоқ, сон­ды­қтан біз елі­міз­де қан­ша су қоры бар екенін нақты біл­мей­міз. Тран­с­ше­ка­ра­лық өзен­дер тура­лы халы­қа­ра­лық келіс­сөз­дер­де біз ғылы­ми негіз­де­ме­лері­міздің әлсізді­гі­нен және комис­сия мүше­лерінің жиі өзгеріп оты­руы­нан ұты­лып жата­мыз. Атап айтқан­да, осы бағыт­та біз қытай­лық әріп­те­стері­міз­ден едәуір арт­та қалып отыр­мыз. Бұл – біздің көр­шілері­міз­бен су бөлі­су мәсе­лесін­де әлсіз тұсы­мы­здың бірі.

Осылай­ша елі­міз­де стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар су шару­а­шы­лы­ғы сала­сын кадр­лық және ғылы­ми қам­та­ма­сыз ету мәсе­ле­лері толғағы жет­кен сұраққа айналды.

Екін­ші­ден, аграр­лық ғылым­ды дамы­ту мәсе­лесі бой­ын­ша. Қазір біз сала­ны ғылы­ми қам­та­ма­сыз ету­де­гі арт­та қалушы­лы­қтан аграр­лық өндірістің қан­дай шығы­нға ұшы­рап жатқа­нын өз көзі­міз­бен көріп отыр­мыз. Қар­жы мини­стр­лі­гі ғылым­ды жет­кіліксіз қар­жы­лан­ды­ру­ды бюд­жет тап­шы­лы­ғы­мен түсін­діреді. Бірақ жыл сай­ын 7 млрд тең­ге­ге жуық бюд­жет қара­жа­ты шетел­дік селек­ция тұқым­да­рын суб­си­ди­я­ла­у­ға жұм­са­ла­ды. Ал асыл тұқым­ды мал­ды шетел­ден сатып алуға 500 млн АҚШ дол­ла­ры­нан астам қара­жат кет­ті. Олар­дың бір бөлі­гі мем­ле­кет­тік суб­си­ди­я­лар болып табылады.

Аграр­лық ғалым­да­ры­мыз жар­ты жыл­дан бері мем­ле­кет­тік қар­жы­лан­ды­ру­дан тыс оты­рған жағ­дай­да аграр­лық ғылым­ды дамы­туға қаты­сты қан­дай сөз айта аламыз?

Біз аграр­лық ғылы­ми зерт­те­улер­ді ұйым­да­сты­ру­дың жаңа, тиім­ді фор­ма­тын ұсы­на­мыз. Бірін­ші­ден, ауыл шару­а­шы­лық өндірісінің сұра­ны­сын өтей алмай­тын «шикі» ғылы­ми әзір­ле­ме­лер­дің пай­да болу себеп­терінің бірі – аграр­лық зерт­те­улер­ді жүр­гі­зу мерзі­мінің үш жыл­мен шек­те­луі. Осын­дай қысқа уақыт ішін­де әлем­де еш жер­де жаңа сорт­тар мен агро­тех­но­ло­ги­я­лар жасал­май­ды. Сон­ды­қтан аграр­лық сала­да алға қой­ы­лған мін­дет­тер­ге бай­ла­ны­сты және ғылы­ми әзір­ле­ме­лер­ді өндіріс­ке енгі­зуді еске­ре оты­рып, 5–15 жылға арналған ұзақ мерзім­ді ғылы­ми-тех­ни­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар енгі­зуді ұсынамыз.

Екін­ші­ден, мұн­дай зерт­те­улер­дің тақы­ры­бын ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерін өндіру­шілер­дің ұсы­ны­ста­рын негіз­ге ала оты­рып аны­қтау қажет, олар сала­ның стра­те­ги­я­лық маңы­зды мін­дет­терін шешу­ге бағыт­та­лып, кон­кур­стан тыс, яғни кон­курс­сыз іске асы­ры­луы тиіс. Біз аграр­лық ғылым­ды дамы­ту­дағы жоға­ры­да аталған кедер­гілер­ді алып тастап, жақын ара­да агро-өнер­кәсіп кешенін ғылы­ми қам­та­ма­сыз етуді қал­пы­на кел­ті­ре ала­ты­ны­мы­зға сенімдіміз.

Қоры­тын­ды­лай келе, мен Есеп коми­тетінің төрай­ы­мы Ната­лья Году­но­ва­ның сөзіне жүгін­гім келеді. Қазір біздің қоғам­дағы ең басты мәсе­ле – азық-түлік­тің қым­бат­та­уы, қара­пай­ым халық күн­дерін әрең көру­де. Осы­дан тура 9 ай бұрын сена­тор­лар тобы үкі­мет­ке сауда субъ­ек­тілері арқы­лы азық-түлік тау­ар­ла­ры­ның баға­сын тұрақтан­ды­ру теті­гінің тиім­ділі­гі төмен екенін айтқан бола­тын, мұның нақты себеп­терін кел­ті­ре оты­рып, осы схе­ма­дағы құрам­дас сыбай­лас жемқор­лы­қты да көр­сетіп берді.

Алай­да қисын­сыз жағ­дай орын алып отыр, өйт­кені ондаған мил­ли­ард тең­ге мем­ле­кет­тік қара­жат­тан сауда орта­лы­қта­рын қар­жы­лан­ды­руға жұм­са­ла­ды, ал баға өсуін тоқта­тар емес. Депу­тат­тар мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры­ның кем­шілік­терін көр­сет­кені­мен, ешкім бюд­жет қара­жа­ты­ның әле­умет­тік маңы­зды жобаға қалай жұм­са­лып жатқа­нын әділ әрі нақты аны­қтай алмай­ды, ондағы заң бұзу­шы­лы­қтар­ды да жары­ққа шыға­ра алмай отыр.

  •  

Айт­пақ­шы

Қазақ тәжік пен қырғыздан

СУ САТЫП АЛУҒА МӘЖБҮР

  • Қаза­қстан Тәжік­стан­ның Қай­раққұм су қой­ма­сы­нан егістік үшін қосым­ша 315 млн тек­ше метр су ала­тын бол­ды, деп хабар­лай­ды «Азаттық».

Оңтүстік­тің фер­мер­лері Сыр­да­ри­яда су жетіс­пе­ушілі­гі­нен күрі­шті суға­ру­ды азай­тқан. Биыл Сыр­да­ри­яда су мөл­шері аз болып тұр. Қаза­қстан­ның эко­ло­гия, гео­ло­гия және табиғи ресур­стар жөнін­де­гі мини­стрінің орын­ба­са­ры Серік Қожа­ни­я­зов шіл­де-тамыз айла­рын­да «Бахри Точик­тан» (Қай­раққұм су қой­ма­сы­нан) қосым­ша 315 млн тек­ше метр су ала­ты­ны­мы­зды айт­ты. Ал Тәжік­станға судың орны­на жанар-жағар­май беріледі.

«Азаттық» радио­сы­ның Тәжік қыз­метінің дереккөзі 31 мамыр­да Душан­бе­де Тәжік­стан­ның энер­ге­ти­ка және су ресур­ста­ры мини­стрі Далер Жума мен Қаза­қстан­ның эко­ло­гия, гео­ло­гия және табиғи ресур­стар жөнін­де­гі мини­стрі Мағзұм Мыр­за­ға­ли­ев су мәсе­лесі бой­ын­ша келісім­ге кел­генін жет­кізді. Бірақ ол Қай­раққұм су қой­ма­сы­нан Өзбек­станға қосым­ша су бері­ле ме, жоқ па – ол тура­лы мәлі­мет біл­мей­тінін айт­ты. 10 мау­сым­да Өзбек­стан пре­зи­ден­ті Шав­кат Мир­зи­я­ев Тәжік­станға барған ресми сапа­ры кезін­де Қай­раққұм ГЭС-іне барған. Ол оған дей­ін өзбек­стан­дық диқан­дарға биыл су тап­шы­лы­ғы бола­ты­нын және суға­ра­тын су 60 пай­ы­зға қысқа­ра­ты­нын ескерткен.

Тәжік­стан­да Мұз­ды­қтар­ды зерт­теу орта­лы­ғы­ның дирек­то­ры Абдул­ха­мид Каю­мов биыл қар аз түс­кен­дік­тен, судың да аз бола­ты­нын ескерт­ті. «Қазір Вар­зоб өзенінің басын­да су мөл­шері 30 см ғана. Бұл өте апат­ты жағ­дай», – деді ол.

Қырғыз­стан­нан келетін суға мүд­делі болған­ды­қтан, егін­дік судың тап­шы­лы­ғы Жам­был облы­сын­да да қат­ты сезілу­де. «Биы­лғы жылы біз­де су тап­шы­лы­ғы қат­ты сезілетін бола­ды», – дей­ді Жам­был облы­сы­ның әкі­мі Бер­ді­бек Сапарбаев.

«Біз суды Қырғыз­стан­ның Орта Тоқай және Киров су қой­ма­ла­ры­нан ала­мыз. Бірақ бүгін­де екі ел ара­сын­да жасалған уағ­да­ла­стық бой­ын­ша, келісім­шар­тта көр­сетіл­ген судың 50 пай­ы­зын ғала алып отыр­мыз. Бірақ, өкініш­ке орай, осы судың өзі біз­ге жет­кіліксіз», – деп­ті облыс әкі­мі «Азаттық» радио­сы­на бер­ген түсініктемесінде.

Әкім­нің сөзіне қараған­да, Жам­был облы­сын­дағы 200 мың гек­тар суар­ма­лы жер­ге 1,1 мил­ли­ард тек­ше метр су қажет. Ал биы­лғы құрғақ­шы­лы­ққа бай­ла­ны­сты шаруа қожа­лы­қта­ры егін­ге су алу­дың кезе­гін күту­ге мәжбүр.

Сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, су тап­шы­лы­ғы Аты­рау мен Батыс Қаза­қстан облы­ста­рын­да да қат­ты сезілу­де. БҚО-ның фер­мер­лері көр­шілес Ресей­ден келетін суға мұқтаж бол­са, Аты­ра­удағы су тап­шы­лы­ғы жағ­дайы тоған-сулан­ды­ру жүй­есінің әбден тозы­ғы жетуіне бай­ла­ны­сты болу­да. Мұн­дағы Жай­ы­қтан су сору және тоған­дар бой­ын­дағы сору стан­ци­я­ла­ры Кеңес Одағы­нан бері модер­ни­за­ци­я­лық жөн­де­уден өтпе­ген. Ал рес­пуб­ли­ка су шару­а­шы­лы­ғы коми­теті Аты­рау облы­сын­дағы сулан­ды­ру жүй­есін жаңар­ту жұмыста­ры жуық бес жыл­дық жос­парға енгізіл­ме­генін айтуда.

Сырым ДАТОВ, «D»  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн