Четверг , 3 июля 2025

Қандастар акциясын АҚШ ҚОЛДАДЫ

  • АҚШ Шың­жаң­дағы туы­ста­ры­на ара­ша сұрап, Қытай­дың Алма­ты­дағы кон­сул­ды­ғы алдын­да нара­зы­лық өткізіп жүр­ген аза­мат­тар­дың бей­біт жина­лу құқы­ғын қол­дай­ды. Дүй­сен­бі күні онлайн бас­пасөз жиы­ны кезін­де АҚШ-тың Қаза­қстан­дағы елшісі Уильям Мозер осы­лай деп мәлім­деді. Бұл тура­лы Vlast сай­ты жаз­ды, деп хабар­лай­ды «Азаттық» радио­сы.

«Біз бей­біт жина­лу құқы­ғын қол­дай­мыз, бұл дау­сыз. Бұл аза­мат­тар бар болға­ны бей­біт жиы­нға қаты­сып жатыр. Біз, әрине, Қаза­қстан мем­ле­кетіне көзқа­ра­сы­мы­зды жет­кіздік. Қаза­қстанға санк­ция салы­на­ды деп қазір айта алмай­мын», – деді жур­на­ли­стер­дің сұрақта­ры­на жау­ап бер­ген Уильям Мозер.

Еске сал­сақ, Алма­ты­да бір топ адам Қытай кон­сул­ды­ғы алдын­да 140 күн­нен астам уақыт­тан бері нара­зы­лық акци­я­сын өткізіп келеді. Олар Шың­жаң­да «жазы­қ­сыздан-жазы­қ­сыз» қамалған неме­се сол жақта жоғалған неме­се Қаза­қстанға өте алмай оты­рған туы­ста­рын боса­ту­ды, Қаза­қстанға қай­та­ру­ды сұрай­ды. Осы уақыт ара­лы­ғын­да кон­сул­ды­қтан ешкім шыққан жоқ. Ал сәуір айын­да Қытай­дың Қаза­қстан­дағы елшісі Чжан Сяо Шың­жаң­да қамалған қаза­қтар­дың «Қытай аза­ма­ты» екенін және олар­дың «заң бұзға­нын» айтқан еді.

Бұл екі ара­да «Нағыз Ата­жұрт» ерік­тілері бір­ле­сті­гінің жетек­шісі Бекзат Мақсұт­хан «ДАТ»-қа бер­ген сұх­ба­тын­да айтқан­дай, Қытай­дың Шың­жаң аймағын­дағы адам құқы­қта­ры мәсе­лесін көтеріп жүр­ген ұйым­ның YouTube-тегі арна­сы­ның жұмысы кенет­тен шек­тел­ген еді. «Бұл құқық қорға­у­шы­лар­дың үнін өшірудің жаңа әдісі ме?» деген сау­ал­мен MIT Technology Review осы мәсе­ле­ге назар аударады.

Басы­лым­ның жазуын­ша, «Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мы­ның YouTube арна­сы бір­не­ше күн өшіп қалып, виде­о­лар­дың орны­на желінің «қауым­дық ере­же­лерін бұзға­ны үшін арна жұмысы тоқта­тыл­ды» деген ескер­ту шыққан. Бір­не­ше күн­нен соң арна қай­та­дан ашы­лға­ны­мен, ондағы 12 ескі видео лен­та­дан түсіп қалған, деп хабар­лай­ды МІТ ТR басы­лы­мы­на сіл­те­ме жасаған «Азаттық».

Бұл виде­о­лар­да Шың­жаң­дағы қамау орын­да­рын­да оты­рған адам­дар­дың жақын­да­ры көр­ген қиын­ды­ғы жай­лы баян­дай­ды. Видео­тас­па­лар­дың рас­ты­ғын дәлел­деу үшін, кей­іп­кер­лер өзінің және қамауда оты­рған туы­ста­ры­ның құжат­та­рын көр­се­те­ді. Ұйым жетек­шісі әрі арна қожай­ы­ны Серік­жан Білә­штің (сурет­те) айтуын­ша, олар осы арқы­лы адал жұмыс істей­тінін айғақтайды.

Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы Қытай бас­шы­лы­ғы аймақта адам құқы­қта­рын өрес­кел бұзып отыр деп санай­ды, соған қара­ма­стан Пекин мұны «экс­тре­мизммен күре­стің бір бөлі­гі» деп ақтап алғы­сы келеді. Осын­дай жағ­дай­да нақты деректер­дің болуы өте маңы­зды дей­ді Біләш. Оның үстіне «Ата­жұрт» жари­я­лаған виде­о­лар­ды халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйым­да­ры пай­да­ла­нып, Шың­жаң­дағы жағ­дай бой­ын­ша дерек жинайды.

«2018 жылы түсіріл­ді деген бұл виде­о­лар жыл­дар бойы YouTube-қа ешқан­дай мәсе­ле тудыр­май кел­ген. Бәрі өткен апта­да ғана өзгер­ді» деген басы­лым бұл виде­о­лар­дың нақты қай ере­жені бұзға­нын аны­қта­уға тырысқан.

«YouTube-те қысы­мға қатаң тый­ым салы­на­ды. Біз адам құқы­қта­ры сала­сын­дағы істер­ді құжат­тау мақ­са­тын­дағы жау­ап­ты әре­кет­тер­ді құп­тай­мыз. Сон­дай-ақ біз­де арна­лар­дың жеке ақпа­рат­ты жари­я­ла­у­ы­на жол бер­меу сая­са­ты да бар», – деді YouTube өкілі MIT Technology Review-ге бер­ген сұхбатында.

Басы­лым­ның өз болжа­уы бой­ын­ша, «Нағыз Ата­жұрт­тың»” Ютуб-арна­сы жеке­ле­ген адам­дар­дың төлқұ­жат деректерін жари­я­ла­уы виде­о­лар­ды өшіру­ге себеп бол­са керек.

15 мау­сым­да «Ата­жұрт» арна­сы өшіп қалған соң, басы­лым жур­на­лисі YouTube-ке сау­ал­дар жібер­ген, көп ұза­май видео­хо­стинг өкілі «Видео маз­мұ­нын жан-жақты қарап шыққан соң…», олар­ды қай­та ашып қой­ға­нын, бірақ «виде­о­лар­ды қай­та шыға­ру үшін, ондағы жеке бас мәлі­мет­терін алып тастау мақ­са­тын­да [Ата­жұрт] ұйы­мы­м­ен қоян-қол­тық жұмыс істеп жатқа­нын» хабарлады.

«Ата­жұрт» бұл ере­же­лер­ге бағы­ну­дың жол­да­рын іздеп жатқан, ал 22 мау­сым­да YouTube тағы да әре­кет етіп, «Ата­жұрт­тың бұрын жари­я­ланған ондаған видео­ның «жеке» ста­ту­сы­на көшіріп, бұғат­тап таста­ды. Ком­па­ни­я­ның айтуын­ша, бұл виде­о­лар қыл­мыстық я тер­ро­ри­стік ұйым­ның қаты­суы­мен жазы­лған, не солар­ды жақтайды.

«YouTube нелік­тен қамаудағы мұсыл­ман отба­сы мүше­лерінің виде­о­ла­рын зор­лы­қ­шыл қыл­мыс­кер­лер неме­се тер­ро­ри­стер деп санай­ты­ны, бұл «Ата­жұрт­тың» жеке мәлі­мет­терін дұрыс бөліс­пе­гені тура­лы YouTube-тің бұры­нғы мәлім­де­ме­лері­мен қалай­ша қабы­са­ты­ны бел­гісіз. YouTube өкілі элек­трон­ды пошта­мен жібер­ген жау­а­бын­да «бұл жағ­дай­да кон­тент әзір­ле­уші жұмысы­ның маз­мұ­ны­на бай­ла­ны­сты емес, авто­мат­ты хабар алма­су­дың» нәти­же­сін­де виде­о­ларға шек қой­ы­лға­нын айтқан», деп хабар­ла­ды бұл орай­да «Азаттық».

Сарап­шы­лар­дың жора­ма­лы­на қараған­да, қаза­қстан­дық билік­тің тап­сыр­ма­сын орын­даған Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті өздеріне бағы­ны­шты желі қол­да­ну­шы­лар­дың аты­нан Ютуб әкім­шілі­гіне шағым­дар жазу тасқы­нын үдет­кен сыңай­лы. Ал желі әкім­шілі­гі қалып­тасқан ішкі ере­же­сі бой­ын­ша, бұл шағым­дарға мойынсұнған.

ДАТ-ақпа­рат

«Нағыз Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мы­ның Алма­ты­дағы жиы­ны. 4 наурыз 2020 жыл.

Серік­жан Білә­штің Қаза­қстан­да қуғын көріп, Түр­ки­яға қашқа­нын, қазір АҚШ-тың Техас шта­тын­да пана тапқа­нын жазған басы­лым ұйым­ның YouTube арна­сын­дағы өзгерістер­ге бұл видео­хо­стинг қыз­метінің алго­ритмдерін алдап соқ­пақ болған Қытай не Қаза­қстан үкі­мет­теріне жақын біре­улер­дің қаты­сы болуы мүм­кін деген болжам жасайды.

YouTube-пен ара­дағы текетірес басталғанға дей­ін, «Ата­жұрт» арна­сы «кем­сіту және кибер­бул­линг» жаса­ды деп екі айдың ішін­де екі бір­дей «страйк» (заң­сыз кон­тент жари­я­лаға­ны үшін ескер­ту) алған. Ұйым­ның қар­сы шағым­да­ры қабыл­дан­баған. YouTube ере­же­лері бой­ын­ша, 90 күн ішін­де үш страйк алған арна бір­жо­ла жабылады.

«Жақ­та­ста­ры­ның айтуын­ша, бұл страйк­тар Білә­штің не «Ата­жұрт­тың» ере­же бұзға­ны­ның дәлелі емес, керісін­ше, Қытай және Қаза­қстан үкі­мет­тері­мен бай­ла­ны­сы бар ойын­шы­лар­дың жап­пай шағым­да­ну науқа­ны­ның нәти­же­сі» деп жаза­ды басылым.

«Ата­жұрт­тың» бір өкілі жур­на­лис­ке WhatsApp мес­сен­джерін­де тараған қазақ тілін­де­гі әлдебір видеонұсқа­улы­қты көр­сет­кен. Онда виде­о­лар­ды алып таста­уға YouTube-ті көн­ді­ру үшін, оларға жап­пай шағым­да­ну жол­да­ры баян­да­ла­ды. Биыл осын­дай «шабуыл­дар» кесірі­нен «Ата­жұрт­тың» Facebook-тегі акка­унт­та­ры уақыт­ша жабы­лып қалған.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн