Четверг , 3 июля 2025

ҚЫТАЙДЫ АСТЫРТЫН ҚОЛДАЙТЫН қазақстандық саясат пен мүдделі күштер бар

Алма­ты­дағы Қытай кон­сул­ды­ғы алдын­да ақпан­нан басталған нара­зы­лық акци­я­сы­ның өтіп жатқа­ны­на бес айға жуы­қтап­ты. Аспан астын­да пикет құрып, нара­зы­лық таны­ту­шы қаза­қтар Қытай­дан туыс-туған­да­рын боса­ту­ды талап ете­ді. Олар­дың кей­бірі туы­ста­ры­ның Шың­жаң­дағы «сая­си қай­та тәр­би­е­леу лагеріне» қамалға­нын айт­са, кей­бірі негіз­сіз айып­тар­мен көп жылға сот­талға­ны­на, енді бірі Қытай билі­гі Шың­жаң­дағы туы­ста­ры­ның құжат­та­рын тар­тып алып, Қаза­қстанға шығар­май қой­ға­ны­на шағым­да­на­ды. Қытай кон­сул­ды­ғы­ның алды­на сарғай­ып бір хабар алам ба деп, зар болып тұрған­дар соққы­ға жығы­лып, айып­пұл салы­нып, 15 күн­ге қамалуда.

Арғы-бер­гі қан­даста­ры­мы­здың бүгін­гі жағ­дайы жөнін­де тіркел­ме­ген «Нағыз Ата­жұрт» ұйы­мы­ның жетек­шісі Бекзат МАҚСҰТХАНДЫ сұх­батқа шақы­рып, біраз сұрақтың жау­а­бын білдік. 

Бекзат МАҚСҰТХАН:

Өткен апта­да бір топ қан­даста­ры­мыз Алма­ты қала­сы Медеу аудан­дық поли­ция басқар­ма­сы­ның алдын­да ере­уіл­ге шыққан еді. Осы нара­зы­лық акци­я­сы­ның нәти­же­сі қалай болды?

Қытай кон­сул­ды­ғы алдын­да тоқта­у­сыз өтіп жатқан пикет­тің бел­сен­ді қаты­су­шы­сы Бай­бо­лат Күн­бо­латұ­лы 22 мау­сым күні ұста­лып, 15 күн­ге қамауға алы­нған еді. Ертеңін­де осы шешім­ге қар­сы­лы­ғы­мы­зды біл­діріп, нара­зы­лық көр­сетіп, поли­ция басқар­ма­сы алды­на жинал­дық. Бай­бо­лат­ты қол­да­у­шы топ 25 мау­сы­мға қараған түні басқар­ма­ның алдын­да түнеп шықты. Олар «заң­сыз пикет ұйым­да­сты­рған» деген айып­пен қамалған Бай­бо­лат­ты боса­ту­ды талап еткен еді. Жұмаға қараған түні қала­да жаң­быр жауып, ауа райы салқын­дап кет­се де, пикет­шілер басқар­ма алды­нан кет­пе­ді. Халық жан-жақтан қол­дап, бізді таны­май­тын адам­дар келіп, ас-суды үйіп таста­ды. Тоңып қал­ма­сын деп, асты­мы­зға төсеніш, көр­пе, күр­те­ше, спорт­тық киім, бәрін әкеліп бер­ді. Екі-үш күн нара­зы­лы­ққа шығып, сол жер­ден қайт­паға­ны­мы­здың нәти­же­сін­де поли­ци­я­сы бар, про­ку­ро­ры бар – бәрі Бай­бо­лат­тың жаза өтеу мерзі­мін 7 күн­ге қысқарт­ты. Сол шешім­ге риза болған­нан басқа ама­лы­мыз қал­ма­ды. Осы­ны есті­ген соң бей­біт түр­де үйі­міз­ге тарастық.

– Деген­мен Қытай­да қуда­ла­у­ға душар болған қаза­қтар­ды құтқа­руға елде­гі басқа қаза­қтар­дың самарқау қарап оты­рға­ны қалай?

– Оның себебі – біздің ел тәу­ел­сіздік алған­нан кейін,1992 жылы Қытай­мен дипло­ма­ти­я­лық қарым-қаты­нас орнатқан­нан бастап, өзінің «жан­сызда­рын» Қаза­қстанға кір­гізіп, жер­гілік­ті адам­дар­дан өзіне жұмыс істей­тін­дер­ді дай­ын­даған. Отыз жыл­дағы нәти­же­сін көріп отыр­мыз: біздің қоғам­да Қытай­дан кел­ген­дер мен осы жер­гілік­ті жер­де­гілер – аза­мат деу­ге аузым бар­май­ды, біра­зы қытай үшін жұмыс істеп отыр. Оның кей­біре­уі эко­но­ми­ка­лық мүд­десі үшін баста­ры шыр­ма­лып, кей­бірі келе­шек­те сая­си жақтан Қытай­дың қол­да­уы­мен ман­са­пқа ие бола­мыз деген үміт­пен жүр­ген сыңай­лы. Қоғам қай­рат­кер­лері мен елге бел­гілі аза­мат­тар­дың үнсіз қалуы­ның бір себебі осы. Соны­мен бір­ге көп­те­ген адам­дар қоғам­дық-сая­си мәні бар ұлт­тық мәсе­ле­ге бей-жай қарай­ды. Аза­пқа түсіп жатқан, қор­лық көр­ген, тары­дай шашы­лған қаза­қты кім қорғай­ды сонда?!

– Қытай­да із-түз­сіз жоғалған туы­ста­рын ізде­гені үшін аза­мат­тар­дың әкім­шілік жаза­ға тар­ты­лып жатқа­нын әлем­дік қауым­да­стық түсін­бей отыр. Қаза­қстан билі­гінің осы озбыр әре­кеті Қытай­дың алдын­да ақта­лу­дың ама­лы ма, осы­ны сіз қалай түсінесіз?

– Қытай кон­сул­ды­ғы­ның алды­на барған, туы­сын жоқтап, бей­біт пикет өткіз­ген қаза­қтарға қысым көр­сетілуі – Қытай­дың Қаза­қстанға деген ықпа­лы­ның күшті екенін көр­се­те­ді. Оның да себеп­тері көп: қазақ үкі­меті Қытай­дың алдын­дағы мил­ли­ард­таған қары­зы үшін эко­но­ми­ка­лық түр­де шыр­малған. Екін­ші­ден, өзім­нің бір жеке күді­гім бар, жоға­ры дәре­же­де­гі лау­а­зым­ды шене­унік­тер­дің ішін­де Қытай­ға бүй­ре­гі бұрып тұра­тын, солар­дың мүд­десіне қыз­мет істей­тін­дер­дің де ықпа­лы бар сияқты. Поли­цей­лер­ді айдап салып оты­рған­дар да солар.

Үшін­ші­ден, елде­гі күштік құры­лым­дағы қыз­мет­кер­лер ақпа­рат­ты тал­дап, сана­сы­нан өткіз­бей­ді, тек бұй­ры­қты атқа­ру­шы робот­тар. Олай демес­ке амал жоқ, басты­ғы­нан бұй­рық кел­ді екен деп бас салып, ұрып-соғу әре­кет­теріне басқа­дай не деу­ге бола­ды? Поли­цей­лер­дің әйел заты­на қол көтеріп, теуіп, жер­ге құлатқа­нын да көзі­міз көр­ді. Поли­ци­яда ада­мға жан ашу, анаға, қызға қол көтер­меу деген түсінік­тер жоқ, сана-сезім­дері надан. Қазақ үкі­меті Қытай­ды сына­удан қашқақтай­ды және жария түр­де Пекин­нің сая­са­ты­мен келі­седі. Біз ешқа­шан үкі­мет­тің ісіне ара­ласқан жоқ­пыз. Біздің эко­но­ми­ка­лық мүд­де­міз де, сая­си мүд­де­міз де жоқ. Біз тек адам құқы­қта­ры­мен айна­лы­са­мыз. Сол үшін де қысы­мға ұшы­рап отыр­мыз, поли­ция біз­ден жиі жау­ап алады.

– Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі Қытай­дағы «сая­си үйре­ту орта­лы­ғы­на» қамалған және себеп-сал­дар­сыз бір­не­ше жылға сот­талған қаза­қтар­ды ізде­сті­ру ісіне назар аудар­май оты­рға­ны мәлім. Қаза­қстан билі­гі мұсыл­ман­дарға қаты­сты жаса­лып жатқан репрес­си­я­ны «Қытай­дың ішкі ісі» деп, қол қусы­рып оты­рға­ны қан­дай сая­сат­тың сал­да­ры деп бағалайсыз?

Біздің үкі­мет Қытай­да гено­цид­ке ұшы­рап жатқан қаза­қтар үшін нақты бір жұмыс жүр­гізіп жатқан жоқ. Қытай­да туы­ста­ры қамалған, із-түз­сіз жоға­лып кет­кен­дер жөнін­де Сыр­тқы істер мини­стрі­гіне талай рет хат жаз­дық, оған СІМ екі-ақ түр­лі жау­ап беруді әдет­ке айнал­ды­рған: бірін­шісі – «Қытай­дың ішкі ісі» деген мағы­на­да бол­са, екін­шісі – «наза­рда ұстап отыр­мыз» дей­ді. Бірін­ші жау­ап­тың аста­рын­да «тіке­лей ол іске ара­лас­пай­мыз, басы­мы­зды қатыр­ма» деген жау­ап тұрға­ны анық. Екін­шісі – алда­у­сы­ра­ту­дың ама­лы. Ешқан­дай жағ­дай­ды наза­рға алып, қадаға­лап оты­рға­нын көр­ген де, біл­ген де жоқ­пыз. Хат жазған­дар­ды жұба­тып, үміт­тен­дірудің айла­сы. Жұмыс істе­у­ге тал­пы­нып оты­рған түр­лері де жоқ.

Осы­ған кедер­гі болып тұрған мәсе­ле – Қаза­қстан Шан­хай ынты­мақ­та­стық одағы­на (ШОС) қол қой­ған. Осы ұйым­да «бір-бірі­міздің ішкі ісі­міз­ге ара­лас­пай­мыз, бір тарап «тер­ро­ри­стік топ» деп таны­са, екін­ші тарап оны қол­дай­ды» деген тұрғы­дағы келісім­ге Қытай жағы қол қой­ды­рып алған. Яғни, Қытай Шығыс Түр­кістан­да тер­ро­ризм мен экс­тре­мизм өршіп кет­ті деп жала жауып, жағ­дай­ды қою­лан­ды­ру наси­ха­ты жалған екені бел­гілі бол­са да, ШОС шар­тта­ры­на қол қой­ған Қаза­қстан Қытай­дың жала­сы өтірік екенін біл­се де, шын деп мой­ын­да­уға мәжбүр.

Деген­мен адам құқы­қта­рын қорға­уға қаты­сты халы­қа­ра­лық кон­вен­ци­яға қол қой­ға­нын көл­де­нең тар­тып, Қаза­қстан билі­гі екін­ші жақтан өз қаза­ғын қорғау ісі­мен айна­лы­са бер­се болар еді ғой! Сол құжат­тың талап­та­ры бой­ын­ша Қаза­қстан аза­мат­та­ры өзінің бір­ге туған туы­ста­рын ізде­у­ге, сұра­с­ты­руға құқы­лы бол­са, мем­ле­кет те отба­сы­ның басын қосуға құқы бар. «Бұл Қытай­дың ішкі ісі» деп, қол қусы­рып, қарап отыр­май, әре­кет ету­ге толық мүм­кін­дік бар. Сон­дай мүм­кін­дік­ке Қаза­қстан билі­гі мән бер­гісі жоқ.

– Иә, қан­дастар­дың жағ­дайы үлкен сая­сатқа ұла­сты. Бірақ қаза­қтың оннан бірі бола­тын қан­даста­ры­мы­зды сая­си билік­ке ара­ла­стыр­мауға мүд­делі топ астыр­тын әре­кет етіп жатқан сыңайлы…

– Әрине, ондай топ­тың бары­на кәміл­мін. Қытай­дағы қаза­қтар­дың басы­на түс­кен зұл­мат­ты барын­ша бүр­ке­ме­леп, «ол жақта бәрі жақ­сы», «Қытай үкі­меті тек экс­тре­мизм мен сепа­ра­тизммен күресіп жатыр» деп, теріс наси­хат жүр­гі­зетін арна­у­лы топ­тар бар. Олар Қытай­ға жұмыс істей ме, жоқ әлде бір мүд­делі сая­си топ­тың жан­дай­ша­бы ма – ол жағы белгісіз.

Қытай­дағы репрес­си­я­лық сая­сат­ты ашық әшке­ре­леп жүр­ген біз сияқты «Нағыз Ата­жұрт» ұйы­мы­на да қар­сы қара­лау әркет­тері жүріп жатыр. Бұл жер­де бел­гісіз бір күш қаза­қтар­дың басы­ның бірі­гуіне қар­сы неме­се сырт­та жүр­ген, яки сырт­тан кел­ген қан­дастар­дың іші­нен шыққан сөзі өтетін, ықпал­ды аза­мат­тар­дың аяғы­нан шала­тын­дар бар.

Сырт­тан кел­ген­дер­дің ойлау жүй­есі басқа, Қаза­қстан­ды шын мәнін­де қазақ тіл­ді, қазақ сал­ты­мен қалып­тасқан ұлт­тық мем­ле­кет тұрғы­сын­да көр­гісі келеді. Бірақ ондай оң ниет іші­міз­де­гі көр­ші импе­ри­я­лар­дың сой­ы­лын соға­тын, соларға құл болып, тәу­ел­сіз болу­ды артық санай­тын сыр­тқы күш­тер­ге ұна­май­ды. Сон­ды­қтан біз­ге кедер­гі көп болып тұр.

Тағы да қай­та­лап айта­мын: «Нағыз Ата­жұрт» Қаза­қстан­ның ішкі жағ­дай­ы­на, әсіре­се сая­си мәсе­ле­лер­ге көп ара­лас­пай­ды. Негіз­гі көте­ретін тақы­ры­бы­мыз – Қытай­дағы қазақ мәсе­лесі неме­се Қаза­қстан­дағы қытай мәселесі.

– Бұл сұрақтың аста­рын­да кеңе­стік заман­нан қалған «мұз­дақ» бар: мәсе­лен, сол заман­да 1958–61 жылы Қытай елі­нен кел­ген аза­мат­тар­ды ком­му­ни­стік пар­тия қата­ры­на, ком­со­молға алуға, басқа­ру қыз­метіне тар­туға шек­теу қой­ы­ла­тын. СОКП-ның сорақы сая­са­ты бой­ын­ша, «Қытай­дан кел­ген­дер» деген атау таңы­лған қаза­қтар­дың дені мал бағу­дан ары­ға жіберіл­мей­тін. Бүгін­де қан­даста­ры­мыз қоғам­ның түр­лі сала­сын­да өз қала­у­ла­ры бой­ын­ша қыз­мет ете­ді дегені­міз­бен, сая­си билік пен мем­ле­кет­тік басқа­ру сала­сын­да қан­дастар жоқтың қасы…

– Иә, бұл ойы­ңы­зға қосы­ла­мын. Сырт­тан кел­ген қан­дастар­ды көп жағ­дай­да өте маңы­зды меке­ме­лер­ге қыз­мет­ке алмай­ды. Мем­ле­кет­тік орган­дарға, құпия қыз­мет­ке, стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар меке­ме­лер­ге жұмысқа қабыл­да­май­ды. Білі­міне, білі­гіне қарап жұмысқа тұру – ілу­де бір қан­да­стың басы­на бұй­ы­ра­тын бақ шығар.

Кеңес Одағы кезін­де­гі қаза­қты бөле-жару сая­са­ты­ның сарқын­шағы әлі сақталған. Осы мем­ле­кет­тің таза қазақ ұлты­ның мем­ле­кеті болға­нын, қазақ тілінің үстем­дік құрып, ұлт­тық дәстүр қалып­тасқа­нын, Қаза­қстан халқы­ның ойы мен сана­сы қаза­қы­ланға­нын қала­май­тын ішкі және сыр­тқы күш­тер бар.

– Еліне сый­май, қуғы­нға түс­кен «Нағыз Ата­жұрт­тың» сер­кесі Серік­жан Білә­шпен хабар­ла­сып тұра­сыздар ма? Серік­жан­ның Халы­қа­ра­лық қауым­да­стық тара­пы­нан қол­дау көр­се­ту қыз­меті қалай болып жатыр?

– Әрине, хабар­ла­сып тұра­мыз. «Нағыз Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мын құру­шы, халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі құқы­ққорға­у­шы Серік­жан Білә­шұ­лы қазір Аме­ри­ка­да. Халы­қа­ра­лық ұйым­дар біз­ге де, Серік­жанға да көмек­тесіп жатыр. Айта бер­сек, көр­ген қол­да­уы­мыз көп. Оның ең маңы­здысы – өткен апта­да You tube желісін­де­гі «Нағыз Ата­жұрт­тың» арна­сы жабы­лған кез­де адам құқы­ғын қорғай­тын әлем­дік халы­қа­ра­лық қауым­да­стық, Қытай­дағы гено­цид­ке бей-жай қар­май­тын ғалым-зерт­те­ушілер, сая­си мәр­те­бесі бар тұлға­лар­дың бәрі тік тұрып қол­да­ды, You tube әкім­шілі­гіне ықпал жасау арқы­лы арна­мы­зды қай­та­дан ашып бер­ді. Арна­мыз 100 пай­ыз толық қал­пы­на кел­ді, осы­дан-ақ біз­ге деген халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың қол­да­уын білу­ге болады.

– Халы­қа­ра­лық ұйым­дар мен Батыс елдері Пекин­ді Шың­жаң өлкесін­де­гі ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге де мұсыл­ман топ­тарға «гено­цид» жаса­ды деп айып­та­са, Пекин мұны жоққа шыға­ру­да. Осын­дай сая­си текетірес жағ­дай­ын­да Қытай­дағы қаза­қтар­дың елге қарай көші-қон ісі тағы да бая­у­лап қалға­нын қалай бағалайсыз?

– Қытай ком­пар­ти­я­сы 2016 жыл­дан бері Шығыс Түр­кістанға қар­сы жүр­гізіп жатқан қанқұй­лы сая­са­тын халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа «экс­тре­мизммен күрес» деп түсін­діру­ге тыры­сты, әре­кет­терін халы­қа­ра­лық нор­маға сай деп, барын­ша жасыр­ды. Серік­жан Білә­шұ­лы мен «Нағыз Ата­жұрт­тағы» аза­мат­тар­дың жан­ке­шті тір­лі­гінің арқа­сын­да халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың «гено­цид­ке» көзі жетіп, айып­тап, Қытай­дың адам­за­тқа қар­сы сая­са­ты әлем­ге әшке­ре бол­ды. Осы жағ­дай­да Қытай өзінің қыл­мысын жасы­ру үшін, елдің тыны­шты­ғы мен тұта­сты­ғын сақтау үшін жүр­гізіл­ген әре­кет деп ақта­ла алмай­ты­нын біл­ген­дік­тен, Шығыс Түр­кістан­дағы гено­цид­ті көзі­мен көр­ген қан­даста­ры­мы­зды, қаза­қтар­ды Қаза­қстанға жібер­меу, барын­ша кедер­гі жасау сая­са­тын қол­да­нып жатыр. Себебі бір қазақ келетін бол­са, оның қыл­мысын әшке­ре­лей­тін, қыл­мысы­на куә бола­тын бір адам көбей­етінін сезіп отыр. Сон­ды­қтан да Қытай бүкіл құжат­та­ры рет­тел­ген, виза­сы ашы­лған Қаза­қстан­ның аза­мат­ты­ғы бар аза­мат­тар­дың өзін бері қарай жібер­мей отыр. Өзінің қыл­мысы­ның ашы­луы­нан қорқып, қаза­қтар­дың елге қыды­рып, туы­ста­ры­на келуіне, биз­неске бай­ла­ны­сты жұмыста­рын жүр­гі­зуіне кедер­гі жасауда.

– Қан­дастар мәсе­лесі­мен тіке­лей айна­лы­суы тиіс ұйым­дар – Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры­ның қауым­да­сты­ғы мен «Отан­дастар» қоры­ның осы орай­дағы жұмысы­на көңіліңіз тола ма?

– Бұл меке­ме­лер ешқан­дай нәти­желі жұмыс жүр­гізіп оты­рған жоқ. Тіп­ті олар­дың немен айна­лы­са­ты­ны­нан хаба­ры­мыз жоқ, өздерін­ше жұмыс жүр­гі­зетін шығар, олар­дың қай бағы­тқа бұры­лға­ны­нан да хабар­сыз­быз. Егер қан­дастар мәсе­лесі­мен айна­лыс­са, біз­ге үн қосу керек еді. Осын­да кел­ген­дер­ге, тірі жесір, тірі жетім ата­нып, қам­көңіл болған­дарға эко­но­ми­ка­лық әрі руха­ни көмек көр­се­туі керек еді. Өкініш­ке қарай, Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры­ның қауым­да­сты­ғы мен «Отан­дастар» қорын­да осын­дай суы­қ­ба­уыр жағ­дай орын алды. Қытай­дың гено­цид­тік сая­са­ты­нан зардап шек­кен бір­де-бір қан­да­сы­мы­здың аузы­нан «Қауым­да­стық пен Қор көмек­те­сті, жеңіл­дік жаса­ды, қолқа­быс етті» дегенін естімеппіз.

– Қан­дастар үшін жасап жатқан еңбек­теріңіз жан­сын, Бекзат мырза!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ, «D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн