Четверг , 3 июля 2025

ҚОШ БОЛНАМЫС!

Аягүл Ман­тай қай­тыс болды!

Аты алы­сқа шыға қой­маған жас жазу­шы еді…

Атағын ажа­лы шығарды…

«Өзіне қол сал­ды»… Қаза­ққа кір­ме тір­кес – оры­стың «нало­жил на себя руки» дегенінің дүре­гей аудар­ма­сы. «Қол салу­дың» қаза­қ­ша­сы қалай бола­ты­нын білеміз…

Намыстан кет­ті… «Намыс» деген құдірет шыбын жан­нан да қастер­лі екенін дәлел­деп, өмірін өлім­ге айыр­ба­стап кет­ті. Өкіні­шті! Өксі­гі өңменіңді теседі…

Қыз намысын тап­таған арсыздар дін аман: олар­ды да Аяны қой­ы­ны­на алған қара жер көтеріп жүр-ау!.. Тір­шілік­тің шырқын алған әділет­сіздік­тің бір әлпе­ті осы.

«Ая асы­лып өліп­ті» деген суық хабар келер­ден екі күн бұрын уат­са­бы­на теле­фон соқтым. Қоңы­рау жау­ап­сыз қал­ды, бай­ла­ны­стан тысқа­ры жер­де жүр­ген-ау деп топ­шы­ла­дым. Фейс­бук­та жари­я­ланған соңғы жаз­ба­сы­на қаты­сты сон­дағы айт­пағым: «Жал­мауыз жор­тқан желі­ден аулақ жүр­ші…» деу еді. Теле­фо­нын көтер­се: «Тажал­да той­ым бол­май­ды, ол – ар ата­улы­дан ада, абай бол!» дегім келген.

Енді міне, Аяны ажалға апарған әле­умет­тік желі жары­лып жатыр: бірі – аяны­штың, екін­шісі – аяр­дың сөзін айта­ды. Ең сорақы­сы – тоқтау айтқан тоғы­шар сөз және бар. «Өлер адам – өлді, енді тақы­рып­ты жылы жауып қоя­лық» деген сыңай­лы ақы­л­гөй­лер ара­ша сұрап жатыр.

Кім­ді ара­ша­лай­мыз?! Әле­умет­тік желіні жамы­лып, лақап­пен лаң салған лағ­нет­ті ме?! Әлде Аяның ару­ағын ба? Жоқ әлде қожы­раған қоғам­ның қоты­ра­шта­рын қым­тап қала­мыз ба? Сон­да қара­пай­ым ада­ми намыс қай­да қала­ды?! Тышқақ лағы жоғал­са да іздеу сала­тын ерте­де­гі қаза­қтың құн­кер­лік намысын нысап­сызға жем қыла­мыз ба?

Өлім­нің себебін бүр­кеу – намыс­сызды­қтың нышаны!

Жазы­қты­ны жау­а­пқа тарт­пау – намыстан жұр­дай, жігер­сіз, сужүрек адам­ның қорқақ қылы­ғы. Бүй­те бер­сек, біз қаза­қта қалған-құтқан, өле­усіре­ген рух­ты қаза қылып тына­мыз! Аягүл-ару өз намысы үшін өмірін құр­бан етті, ал қалың қаза­қтың намысын күн­делік­ті қия­нат­тан қалай құтқарамыз?

Дәт­ке қуа­ты сол – тиісті орган «өлім­ге итер­ме­леу» бабы бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозға­ды. Ресми ақпа­ратқа қараған­да, тер­геу жүріп жатқан сияқты. Әлдекім­дер­ден куә­гер ретін­де жау­ап алын­ды деген сөз бар. Бірақ бұл тер­геу солақай сот түгілі, ада­ми ақиқатқа алып бара­ры бей­мағұ­лым. Себебі, «итер­ме­ле­удің» артын­да лау­а­зым­ды чинов­ник тұр деген тағы бір сөз бар. Әле­умет­тік желі­де оның аты да атал­ды, бірақ қаңқуға қосы­лып, даб­ы­ра­мен дос бол­мауды қала­дық. Ал ол лау­а­зым­гер­дің артын­да, қаза­қстан­дық сыбай­ла­стық сырқа­ты­на сай, тағы бір мықты тұрға­ны анық.

Оның үстіне, Аяның ана­сы ама­нат айтып­ты – даб­ы­ра­ны доға­рай­ық деп. Шама­сы, ана жүре­гі Аягүлінің ару­ағы тыны­штық тап­сын деді ме, әлде «ажал айда­у­шы­ға» аяныш біл­дір­ген шығар – ол жағы жұмбақ…

Ал әзір­ге Аяның өзі көзі тірісін­де жазып кет­кен өмір мен өлім­нің ара­сын­дағы пәл­са­фаға алда­най­ық (төмен­де). Оқып көріңіз: бұл жаз­ба­лар қай­ы­рым­сыз қоға­мға, өлмелі өмір­дің бере­кесін алған бәт­шағар­ларға арналған үкім. (Марқұм­ның жетісі өткен­ге дей­ін, оның өлер алдын­да Фейс­бук­те «апай­лап» жазып кет­кен хатын жария етпе­уді жөн көрдік).

Қош бол, намыс! Қош, өлім­ші жаны намыстан жаралған арда ару!

Ермұрат БАПИ.

  • Аягүл Ман­тай – Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы, Мақта­рал ауда­ны, Бай­қо­ныс ауы­лын­да дүни­е­ге кел­ген. «Жаң­быр­лы көк­тем» және «Жүрек­ке ора­лу» жинағы­ның ауто­ры. 2010 жылы Әде­би­ет номи­на­ци­я­сы бой­ын­ша ҚР Пре­зи­ден­ті сти­пен­ди­я­сы­ның иегері.

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы «Сер­пер» Жастар сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Баққо­жа Мұқай атын­дағы әде­би бай­қа­удың жүл­де­гері, талант­ты жазу­шы АЯГҮЛ МАНТАЙДЫҢ қыл­мысты қия­нат­тан қаза болуы­на бай­ла­ны­сты, марқұм­ның отба­сы­на, туған-туы­ста­ры­на және Қаза­қстан­ның бар­ша әде­би­ет­ші қауы­мы­на қай­ғы­рып көңіл айтады.


Ая МАНТАЙ.

Құдай­ға ҚАЛАЙ қай­та­мыз?

Бізді Құдай жер бетіне пері­ш­те кей­пін­де жіберіп еді, біз оған күнә жаса­уға қабілет­ті бей­не­міз­бен ора­ла­мыз. Біздің кей­бірі­міз ғана кір­летіп алған жаны­мы­зға жаны­мыз ашып, таза­рғы­мыз келіп, ар аза­бын тар­та­мыз. Кей­бірі­міз өмір­ге құд­ды күнә жасау үшін кел­ген­дей өзі­мізді ешқа­шан өзгерт­кі­міз келмейді. 

Көп­шілі­гі­міз өзге­лер­дің пікіріне тәу­ел­ді­міз, егер біреу біз тура­лы теріс пікір­де бол­са, жаны­мыз жара­ла­нып, өмір­ден түңіліп кете­міз. Шын мәнін­де, біздің кім екені­мізді, қан­дай адам екені­мізді Құдай­дан басқа ешкім білмейді.

Біре­удің тағ­ды­рын талқы­лап оты­рып, мораль­дық вам­пир­дің рөлін ойнай­мыз. Ол адам­ның жүй­кесіне сал­мақ түсіріп, оны депрес­си­яға түсіретіні­мізді, тіп­ті, өзіне қол жұм­са­уға (Құдай сақ­та­сын) итер­ме­лей­тіні­мізді пай­ым­дай да алмаймыз. 

Өз-өзіне қол жұм­сап өлетін адам­дар­дың көп­шілі­гі жұрт­тың сөзі­нен қорқып, өз өміріне үкім оқи­ды. «Сұм­дық қада­мға барып­ты, өзін-өзі өлтіріп­ті» дей­міз сосын, «өзін-өзі өлті­ру – үлкен күнә» дей­міз даны­шпан­сып. Өзі­міздің адам өлтіру­ші екені­мізді, оның сон­дай қада­мға баруы­на мәж­бүр еткені­мізді мой­ын­дағы­мыз келмейді. 

Демек, өзін-өзі өлтір­ген­дер­дің күнәсі біздің де мой­ны­мы­зда екенін, Құдай­дың алдын­да біздің де жау­ап беретіні­мізді әсте ұмы­туға болмайды.

***

 Жаны­ң­ды кір­лет­кің кел­мей­ді… Жан­дү­ни­еңді барын­ша таза ұстағың келеді… Бірақ бар болға­ны – пендесің…

Жаның тым нәзік бол­са, тіп­ті қиын… Сый­лап жүр­ген ада­мы­ң­ның арам­ды­ғын сезсең, күй­реп, сынып кетесің… Түй­сі­гің мықты бол­са, ойын сезіп қой­саң, тіп­ті қиын… 

Жағым­паз адам­дар­дан қашам… Қарай­мын – олар­дың жан­дү­ни­есін­де бір тыны­штық бар. Олар жағым­паз­ды­ғы­на тіп­ті де арлан­бай­ды. Жағым­паз­дық қаси­еті­мен ақша жасайды. 

Жары­май жүріп, понт жасай­тын адам­дар­дан қашам. Жасан­ды­лық көп… Жасан­ды­лы­ғы көп ада­мға пасы­қтық пен арам­дық тән… 

Прин­ци­пі жоқ адам­дар­дан қашам… Олар кез кел­ген кез­де сатып кетеді. 

Уәде беріп, орын­да­май­тын адам­дар­дан қашам. Прин­ци­пі жоқ адам ғана уәде беріп, оны орындамайды. 

Мүге­дек бол­са да, Құдай­ға шағын­бай­тын адам­дар­ды білем. Жан­дү­ни­есі тап-таза. Биік. Пара­сат­ты. Солар­дың қасын­да руха­ни мүге­дек­ті­гіңе ұяласың… 

Өкіні­штісі – адам­дар өзіне ұқса­маған адам­ды өлтіру­ге, жер­ле­у­ге асығады… 

Мен ылғи да жүрек­ке ора­лу­ды, Құдай­ға ора­лу­ды арман­дап­пын. Бірақ оралмаппын… 

Өзім­нің тап-таза жүре­гім­ді, Құдай­ды тапқым келеді. 

***

Андже­ли­на Джо­ли өзін атып өлтіру­ге ақша төлеп, кил­лер жал­даған ғой. Кил­лер Андже­ли­наға «сені 1 айдан кей­ін өлтірем» дей­ді. Андже­ли­на­ны бақы­лап болған соң, кил­лер: “Девоч­ка, тебе про­сто не хва­та­ет люб­ви” дейді.

Адам­дар ашты­ққа да шыдай­ды, ауыр жұмысқа да шыдайды. 

Махаб­бат пен мей­ірім­нің жоқты­ғы ең ауыр азап шығар” деп хат жазып­ты құр­бым. Андже­ли­на секіл­ді сұлу, ақыл­ды, талант­ты әйел бір күн де махаб­бат­сыз өмір сүре алмайды. 

Саған күн­де жүз адам “әде­місің”, “ақыл­дыс­ың”, “талант­сың”, “білім­дісің», «мықты­сың” десе де, жақ­сы көр­ген ада­мы­ң­ның “Махаб­ба­тым!” деген сөзіне жетпейді. 

Бала кезің­де сені әкеңнің: “Менің қызым әде­мі, ақыл­ды” деп өсіруі – бола­шаққа құй­ы­лған инве­сти­ция. Әкеңнің махаб­ба­ты сенің жүре­гіңді ада­ми махаб­батқа бөлей­ді. Бүкіл әлем­ді, адам­дар­ды жақ­сы көресің, шынайы жаның аши­ды. Әкең­нен алған махаб­бат көп­ке дей­ін сені қорғай­ды. Жігітіңді, тұр­мысқа шыққан соң күй­е­уіңді, балаң­ды махаб­бат пен мей­ірім­ге бөлейсің. 

Ал сен ізде­ген махаб­бат кешік­се ше? 

Қан­ша­ма сұлу, ақыл­ды, өжет әйел­дер махаб­ба­тын тап­паған­нан, кез­де­стір­ме­ген­нен, сүй­генінің сатқын­ды­ғы­нан, опа­сызды­ғы­нан қарай­ып, стер­ва боп кетті. 

Әйел­дер­дің үш тобы бар:

Бой­ын­да сезім көп, бірақ ақыл аз. 

Бой­ын­да сезім аз, ақыл көп. 

Бой­ын­да сезім де, ақыл да көп. 

Ең қиы­ны – бой­ын­да сезім де, ақыл да көп әйел­ге өмір сүру. 

Махаб­бат­сыз өмір сүре ала­тын әйел­дер бар. Оларға өмір сүру жеңіл.

 Махаб­бат­сыз, сезім­сіз тұр­мысқа шыға алмай­тын әйел­дер­ге қиын. Олар­дың кей­бірі махаб­ба­тын күтіп жүріп, жалғыз қал­ды… Олар махаб­ба­тын күтіп жүріп, өмір­ден өтіп кетті… 

Махаб­бат – олар үшін ауа, тыныс ала­тын кислород. 

Махаб­бат жолын­да адам­дар көп қателік­ке бой ұра­ды. Басын тауға да, тасқа да ұра­ды. Ол соны­сы­мен құн­ды, әде­мі, аяу­лы сезім. 

Мен жалғы­зды­қты емес, махаб­бат­ты таңдаймын!

«DАТ». 05.08.2021.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн