Четверг , 3 июля 2025

«ҚОЛАМПИАДА»: Токиодағы ТОҢҚАЛАҢ АСУ

  • Алтын медаль ала­ды деген бокс­шы Васи­лий Левит­тің нока­у­ты Токи­о­дағы тоңқа­лаң асу­дың нақты көрінісі болды. 

Токио олим­пи­а­да­сын­да Қаза­қстан сегіз қола медаль­мен жал­пы коман­да­лық есеп­те 83-орын алды. Спор­тқа мил­ли­ард­тап қар­жы бөліп, бұған дей­ін­гі кез кел­ген спорт­тық жеңісті Қаза­қстан­ның өске­лең табысы ретін­де наси­хат тақы­ры­бы­на айнал­ды­ра­тын Қаза­қстан олим­пи­а­да ойын­да­рын­да мұн­дай төмен нәти­же көр­сет­пе­ген еді. Сарап­шы­лар сөзіне сіл­те­ме жасаған Азаттық радио­сы «сегіз қола Қаза­қстан спор­ты­ның қазір­гі шынайы көрінісі, сон­ды­қтан ел спор­ты­на түбе­гей­лі рефор­ма керек» деп жазады.

Бірақ Қаза­қстан құра­ма­сын Токи­оға бастап апарған деле­га­ция бас­шы­ла­ры – мәде­ни­ет және спорт мини­стрі Ақто­ты Рай­ы­мқұ­ло­ва, Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­теті (ҰОК) спорт дирек­ци­я­сы­ның бас­шы­сы Елси­яр Қанаға­тов олим­пи­а­да аяқталға­ны­мен, Қаза­қстан олим­пи­а­да­лық спор­ты­ның масқа­ра нәти­же­сіне қаты­сты әзір­ге пікір біл­дір­меді. ҰОК-ны басқа­ра­тын Тимур Құлы­ба­ев­тың (экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы, елде­гі мил­ли­ар­дер­лер­дің бірі) тара­пы­нан да әлі мәлім­де­ме бол­ма­ды, деп жаза­ды Азаттық.

«Ұлт­тық құра­ма­ның бұл көр­сет­кі­ші Қаза­қстан­ның спорт­тағы әле­уетіне және мем­ле­кет тара­пы­нан спорт­ты дамы­туға бөлініп оты­рған мол қара­жатқа сәй­кес кел­мей­ді”, — деді пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Токи­о­дағы тоңқа­лаң асуға қаты­сты бер­ген баға­сын­да.
Ал спорт коми­тетінің төраға­сы Серік Сәпи­ев 5 тамы­зда өткен бри­финг­те: “Қателік­тер­мен жұмыс бола­ды, жат­ты­қты­ру­шы­лар кеңесі де өте­ді. Біз бас бап­кер­ді тағай­ын­даған­да бар­лық жау­ап­кер­шілік соның мой­нын­да бола­ды, себебі сол оқу-жат­ты­ғу жиын­да­ры­ның, жары­стар­дың гра­фи­гін түзеді. Нәти­же спорт­шы­ларға да бай­ла­ны­сты. Олар­да жары­сқа шыққан соң соңы­на дей­ін бар күшін салуы керек” деген еді.

Токи­оға дей­ін­гі олим­пи­а­да­лар­дың бар­лы­ғын­да Қаза­қстан спорт­шы­ла­ры кемі бір алтын ала­тын. Ең сәт­сіз деген Афи­на-2004 олим­пи­а­да­сын­да бір алтын, төрт күміс, үш қола медаль иелен­ген еді.

Токио олим­пи­а­да­сы­нан соң үкі­мет­те, бап­кер­лер ара­сын­да көп жиын-жина­лыс, есеп беру өтері анық. Алай­да Азаттық сөй­лес­кен сарап­шы­лар Токи­о­дағы сәт­сіздік жиын­дар­мен шешіл­мей­тінін, үлкен рефор­ма кере­гін айтады.

  • Тақы­рып­тың жалға­сы 4, 13 және 16-бетте.

А Н О Н С Т А Р:

Аягөз Хане­то­ва:

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БАТҚАН ЕЛДЕ сая­си рефор­ма болмайды

2‑бет

Джа­ми­ля Сте­х­ли­ко­ва:

Казах­стан явля­ет­ся стра­ной ФАСАДНОЙ ДЕМОКРАТИИ

Стр.8

Жау­га­шты НАБИЕВ.

ЗАБЫТЫЕ ПРОЕКТЫ

Стр.10

ҚАТЫГЕЗ қоғам­ның ҚҰРБАНЫ

6‑бет

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн