Пятница , 4 июля 2025

ҚАТЫГЕЗ қоғамның ҚҰРБАНЫ

Нәсі­пқа­ли СЕЙІТОВ, профессор.

  • Аягүл­дің өлі­мі ары мен қолы таза, ұяты мен намысын жоғалт­паған адам­ның біздің руха­ни тұрғы­дан әбден тұра­лап қалған қоға­мы­м­ы­зда қалып­ты өмір сүру мүм­кін­ді­гі мүл­дем шек­те­улі болып қалған­ды­ғы­нан хабар­дар еткендей.

Мен бір адам­ның қаза­сын «қоғам» деген ата­у­мен бекер бай­ла­ны­сты­рып оты­рған жоқ­пын. Маған Аягүл сияқты руха­ни таза адам­дар­дың қалып­ты өмір сүруі түгілі, жәй ғана тір­шілік етуіне мүм­кін­дік бер­мей­тін әле­умет­тік орта­ны «қоғам» деп, одан ізгілік ізде­удің өзі де артық сияқты болып көрі­неді. Олай бол­са, бұл түсінік­ті қол­дан­бас бұрын, сол ізгілік­ті қоғам біз­де бар ма, бар бол­са, ол неге тұра­лап қалуы тиіс деген сұрақтар­дың басын ашып алу қажет­тілі­гі туындайды.

Сая­си тәу­ел­сіздік­ке қол жет­кіз­ген тұста, бұдан бұрын өзге елдің бода­ны болуы­на қара­ма­стан, біздің елі­міз­де қазақ ұлты­ның салт-дәстүр­лері мен сенім-наны­мы­на негіз­дел­ген тәп-тәуір қоғам негіз­дері бар-тұғын. «Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры» деп ата­ла­тын соңғы отыз жыл­да жүр­гізіл­ген, билік­тің жан­дай­шап­та­ры айтқан­дай, «пәр­мен­ді де бағ­дар­лы сая­сат нәти­же­сін­де» жоға­ры­да аталған ар мен намыстың сарқын­шақта­ры сақталған әле­умет­тік-қоғам­дық негіз­ден де айры­лып қалған сыңай­лы­мыз. Бұл – мате­ри­ал­дық тұрғы­дан жап­пай баюға ресми түр­де рұқ­сат беріл­ген мем­ле­кет­тік сая­сат­тың және сол сая­сат аясын­да баю­дың ең оңай, бірақ ада­ми ар мен ұят­тан дәй­ім аттап өту­ге негіз­дел­ген ең жир­кені­шті бағыт­тың сасық соқ­пағы демес­ке амал жоқ. Осы­лай­ша өз өкіл­дерінің басым көп­шілі­гі тек қана мате­ри­ал­дық бай­лы­ққа көз тік­кен, сол баю жолын­да руха­ни бай­лы­қтар­ды түгелі­мен талақ еткен, осы жол­да ада­ми прин­циптер­ді аттап өту­ге әрқа­шан да дай­ын тұра­тын нағыз той­ым­сыз тобыр жасау үдерісі жүзе­ге асқан­ды­ғын мой­ын­да­уға тиістіміз.

Жап­пай баю сая­са­ты­ның негізін­де жап­пай жемқор­лық жатқан­ды­ғын бүгін­де кәрі-жасы­мыз түгел біле­міз. Бір кере­меті – билік өкіл­дері капи­та­ли­стік фор­ма­ци­яға өтуі­міз­ге бай­ла­ны­сты «иесіз қалған» бүкіл бай­лы­қты шетел­дік­тер­ге тара­ту­мен, тек өздері ғана пышақ үсті­нен бөліп алуы­мен ғана шек­тел­мей, қара­пай­ым халы­қты да сол жемқор­лы­ққа әдей­ілеп итер­ме­леді және де сол халы­қтың ай мен күн­нің ама­нын­да жемқор болуып кетуіне кедер­гі болар­лық бүкіл руха­ни құн­ды­лы­қтар мен ада­ми прин­циптер­ді жер­мен-жек­сен етті деп мәлім­де­у­ге хақы­мыз бар деп есеп­тей­міз. Бұл айтқа­ны­мы­здың ақиқатқа сәй­кест­і­гін дәлел­дей­тін ондаған мысал кел­тіру­ге бола­ды, олар­ды түгел тарқа­тып беру бір ғана мақа­ла­ның ауқы­мы­на сыймайды.

Халы­қты руха­ни ірге­та­сы­нан айы­руға, сөй­тіп оның өкіл­дерін жемқор­лы­ққа жап­пай бей­ім­де­у­ге бағыт­талған мем­ле­кет­тік іс-әре­кет­тің кей­біре­уін (ең маңы­зды­ла­рын) ғана атар бол­сақ, олар мыналар:

  • жай­нап тұрған Ғылым Ака­де­ми­я­сы­ның қоғам­дық құры­лы­мға айна­луы, сөй­тіп оның өзіне тән жасам­паз­дық жұмысын тоқта­туы, мұның нәти­же­сін­де бүкіл қазақ ғылы­мы­ның тұра­лап қалуы;
  • жоға­ры оқу орын­да­рын­да жүр­гізіл­ген тау­сыл­май­тын рефор­ма­лар мен оңтай­лан­ды­ру­лар нәти­же­сін­де олар­дың сапа­лы білім беру әле­уетінің күрт төмен­деп кетуі;
  • ұлт­тың руха­ни кемел­де­нуіне айтар­лы­қтай үлес қоса­тын ҚР Жазу­шы­лар одағы деп ата­ла­тын құры­лы­мға мем­ле­кет тара­пы­нан көр­сетілуі тиіс қол­да­удың құр­ды­мға кетуі, сөй­тіп билік­тің ақын-жазу­шы­лар­ды өзіне кіріп­тар етуі, яки тек қана «өз сөзін сөй­ле­у­ге» мәжбүрлеуі;
  • кезін­де жай­нап тұрған өндіріс орын­да­ры­ның жап­пай банк­ро­тқа ұшы­ра­ты­луы, мұның нәти­же­сін­де рес­пуб­ли­ка өзінің өнер­кәсіп­тік әле­уетін жоғал­тып қана қой­май, талай-талай моноқа­ла­лар­дың қаңы­рап бос қалуы;
  • жап-жақ­сы өнім беріп тұрған ауыл шару­а­шы­лы­ғы нысан­да­ры­ның (кол­хоз­дар мен сов­хоз­дар­дың) жап­пай тара­ты­луы, олар­дың қара­уын­дағы ұжым­дық және мем­ле­кет­тік мен­шік­тер­дің кім көрін­ген­нің қолын­да кетуі;
  • билік­пен ым-жымы бір құры­лым қыз­мет­кер­лерінің ғана жүз мың­дап-мил­ли­он­дап «еңбе­кақы» алуы, ал қара­пай­ым оқы­ту­шы мен дәрі­гер еңбе­кақы­сы­ның 60–70 мыңға шей­ін төмен­детілуі, Қаза­қстан про­фес­со­ры­ның айлы­ғы 120 мың­мен шек­те­улі т.с.с.

Мұның бәрі халық өкіл­дерін билік­ке кіріп­тар қылу­дың, олар­ды жемқор­лы­ққа әдей­ілеп мәж­бүр­ле­удің жымысқы жол­да­ры демес­ке амал жоқ. Әйт­пе­се зия­лы қауым өкіл­дері болып табы­ла­тын қатар­дағы мұғалім мен дәрі­гер­дің бұған дей­ін айы­на 60–70 мың табыспен толы­ққан­ды өмір сүру мүм­кін­ді­гі жоқ екен­ді­гі жәй қисын тұрғы­сы­нан алған­да да түсінік­ті жайт қой. Мұны билік біл­меді емес, біл­ді, біле тұра әдейі істе­ді, яғни жал­пы­ла­ма халы­қты да жемқор­лы­ққа әдей­ілеп «бағ­дар­ла­ды». Бір қия­меті – мұн­дай сая­сат ойдағы­дай жүзе­ге асты, яғни, билік үлкен қанағат­та­нар­лық сезім­мен мәлім­де­ген­дей, біздің Қаза­қстан­да әзір­ге «аштан өліп, көш­тен қалып жатқан ешкім жоқ», бәрі де «бір­деңе етіп», өзінің қал-қадірін­ше қаре­кет қылу­да, тір­лік ету­де. Алай­да мұн­дай «қаре­кет­тер» халы­қтың жап­пай азғын­да­уы­на, ада­ми прин­циптер­дің девал­ва­ци­яға ұшы­ра­уы­на, ар мен ұят мәсе­лесінің мүл­дем құн­сызда­нуы­на әкеліп соқты­рып отыр. Қоғам тобы­рға айнал­ды дей­тіні­міз сондықтан.

Қоғам­ның тобы­рға айна­луы­на билік­тің мей­ілін­ше мүд­делі болу себебін түсін­діріп жату артық шығар. Елі­міз­де етек жай­ған авто­ри­тар­лық-дик­та­тор­лық басқа­ру жүй­есінің өз сая­са­ты­на кереғар пікір­ден өлер­дей қорқуы – заң­ды құбы­лыс. Билік өзінің халы­ққа қар­сы жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты­на сол халық ұйым­дасқан аза­мат­тық қоғам түрін­де қар­сы тұрған жағ­дай­да, ол оңбай ұты­ла­ты­нын жақ­сы түсі­неді. Сон­ды­қтан оған халы­қтың тұтасқан қоғам болып бірі­гуіне жол бер­меу, әле­умет­тік орта­ны руха­ни іріту, бай­лық іздеп жөңкіліп жүр­ген тоғы­шар­лар­ды бір-біріне ит пен мысы­қтай етіп қою өте тиім­ді. Ал көзі ашық, көкіре­гі ояу аза­мат­тар­ды бір-бір­леп «жою» мақ­са­тын­да билік талай-талай қитұрқы әдістер­ге бару­ды әдет­ке айнал­ды­рға­ны бел­гілі; біз­де сая­си бел­сен­ділік таны­тқан­дар­дың әр түр­лі жасан­ды айып­тар­ды арқа­лап «бағым­дағы сотқа» сүй­ре­ле­нуі, әйт­пе­се жал­да­ма­лы жазғы­шта­ры­ның көме­гі­мен олар­ды руха­ни тұрғы­дан әдейі жаны­штап тастау мысал­да­ры­ның жиі-жиі көрініс беруі сондықтан.

Міне, Аягүл Ман­тай осын­дай «бөліп ал да, билей бер» сая­са­ты­ның соңғы құр­бан­да­ры­ның бірі. Оның қай­ғы­лы қаза­сы әле­умет­тік желі­де жап­пай талқы­ға түсіп жатыр. Жария болған пікір­лер­ді сана тұрғы­сы­нан сарап­тар бол­сақ, Аяның тағ­ды­ры­на аяу­шы­лық біл­діріп, оған шын көңіл­ден жаны ашы­ған­дар­дың қара­сы көп әрине. Алай­да олар­дың көп­шілі­гі мәсе­ленің түп-төр­кініне көп үңіл­мей­ді, әншей­ін ада­ми аяу­шы­лық біл­діру­мен ғана шек­те­леді. Қай­ғы­лы қаза­ға бір­ден бір кінәлі – руха­ни дағ­да­ры­сқа ұшы­раған әле­умет­тік орта екен­ді­гін ашып айтқан пікір­лер де ұшы­рас­а­ды. Мәсе­лен, Жақ­сы­бай Самрат «Өмір сүр­ген орта­сы­на иығы сый­мап­ты, орта­ның иле­уіне көн­беп­ті» деп мәлім­де­се, Берік Көл­ба­ев деген аза­мат жап-жас қызды қай­ғы­лы қаза­ға душар еткен себеп­тер жай­лы кеңірек толға­на­ды: «…Нәзік жан­ды ада­мға біздің дүлей қоғам­да өмір сүру қиын» дей келіп, «бұл заман­да қаза­қтан мей­ірім кет­кен, сатқын­дық енде­ген, …ниеті бұзы­лған, бірін бірі қорқау қасқыр­дай талап жеу­ге дай­ын. Жемқор­лық бүкіл орта­ны басы­нан аяғы­на дей­ін жау­лап алған. Осы­ның бәріне кінәлі билік басын­да оты­рған елба­сы және оның қорқа­у­ла­ры» деп түй­ін­дей­ді. Бұл түй­ін біздің пікір­мен үндесіп жатқан­ды­ғын шама­лау қиын емес.

Талай-талай жари­я­ла­ным­дар ара­сын­да өзінің әнтек қаті­гезді­гі­мен ерекше көңіл аудар­тқан пікір – Май­ра Төлеу-бегім (Maira Toley-begm) есім­ді ханым­ның пікірі. Оның пікірінің лейт­мо­тиві – өлім­ге душар болған қыздың өзін кінәлау, қай­ғы­лы қаза­дан әле­умет­тік орта­ны ара­ша­лап алу. «Ақыл­ды қызға» мына біздің жүріп жатқан дүние ұна­маған, мен­сін­бе­ген, бұл дүни­е­де оның шаңы­на іле­сетін жан қал­маған соң, өз кере­метін таң­даған ол өлім екен» деп діл­мәр­ла­на­ды ханым. «Жаратқан­ның бер­ген өмірі тек қызы­қтан тұр­ма­ды деп мен­сін­бей қар­сы шығып өзін өлтір­ген­ге «иман­ды бол­сын» деудің қисы­ны да кел­мей­тін секіл­ді» деген­ге дей­ін бара­ды бұл әйел (пікір иесінің сөз сап­тау сти­лі, грам­ма­ти­ка­сы, тыныс бел­гілері сақтал­ды – Н.С.).

Қазақ ұлты­ның игі қаси­ет­тері­нен хабар беретін жағым­ды ғұрып­та­ры­ның күні бүгін­ге дей­ін жақ­сы сақталған­да­ры­ның бірі – өлім­ді қастер­леу бола­тын. Жоға­ры­да кел­тіріл­ген жол­дар сол ең соңғы ада­ми қаси­ет­тер­ден де айры­ла бастаға­ны­мы­зды айғақтай­ды. Айтқан­дай-ақ, Май­ра-ханым­ның әле­умет­тік желі­де­гі қаті­гезді­гін бір топ заман­дастар жан­да­ры түр­ші­ге оты­рып ғай­бат­тай­ды (Жұл­дыз Жұл­дыз, Шар­бан Алты­ба­са­ров, Тоғ­жан Жан­дарқы­зы, Ж.К.Елубаева, Бағдәу­лет Жұма­ба­ев т.б.). Оған да шүкір!

Қара басы­ның қамын ғана ойлаған, мате­ри­ал­дық бай­лы­ққа қол жет­кі­зуді тір­лік­терінің негіз­гі мәні деп ұққан, осы жол­да ада­ми қаси­ет­тер­ді екін­ші планға шығарған кілең бір ойсыз да мұң­сыз тоғы­шар­лар­дан тұра­тын тобыр ара­сын­да, сол тобыр­дың тір­лік жасау прин­ци­пін бүкіл жан-тәні­мен қабыл­дай алмай­тын, ары мен намысын кір­шіксіз сақта­уға тыры­сқан, осы­лай­ша өзі өмір сүріп оты­рған орта­дан амал­сыздан оқша­у­ла­нуға мәж­бүр болған тұлға­лар­дың үне­мі ұшы­рас­ып қалуы заң­ды құбы­лыс. Қазақ әйел­дері нағыз аза­мат болуға лай­ық ұлдар мен қыздар туу­ды ғасыр­лар бойы жалға­сты­рып келе жатқан­ды­ғын ескер­сек, мұн­дай тұлға­лар әлі де бол­са бар деп үміт­те­не­мін. Ондай­лар тіп­ті билік өкіл­дерінің ішін­де де жүруі ықти­мал. Бірақ ең қорқы­ны­шты­сы – аталған тұлға­лар­дың нақты­лы әре­кет жаса­уға мүм­кін­шілі­гінің бол­мауы, дұры­сы­рағы – оларға елді абат­тан­ды­руға қаты­сты әре­кет­тер жаса­уға біз­де­гі билік тара­пы­нан ешқан­дай да мүм­кін­дік­тің беріл­ме­уі. Көкіре­гі ояу­лар көзіне түс­се бол­ды, олар­дың арты­нан шам алып түсу – біз­де­гі ішкі сая­сат­тың түпқа­зы­ғы. Аягүл Ман­тай осы сұрқия сая­сат­тың әзір­ге соғы құр­ба­ны. Әзір­ге… Қан­дай қорқынышты!

Жылдар мен онжыл­ды­қтар өткен сай­ын, көкіре­гі ояу­лар саны бір­те-бір­те азай­ып неме­се олар бүгін­гі қатыг­ез режим­нің сал­да­ры­нан бұқ­пан­тай тір­лік­ке көш­кенін бай­қа­уға бола­ды. Бұл үрдіс­ке бірін­ші кезек­те «үлкен еңбек сіңіріп оты­рған», өз пікірі мен өз әре­кеті­нен өзге­ге құлақ асуға құлы­қ­сыз біздің билік екен­ді­гі түсінік­ті жайт. Жағ­дай­дың жақ­сы емес екен­ді­гін жақ­сы түсі­нетін ере­сек буын өкіл­дерінің «табиғи жол­мен азаю үдерісі» де жалға­су­да, сана­у­лы жыл­дар­дан кей­ін олар мүл­дем тау­сы­лып тынуы ықти­мал. Мұны жақ­сы түсін­ген билік бүгін­гі таң­да жас жет­кін­шек­тер ара­сы­нан шыққан бір­лі-жарым­ды ақбе­рен­дер­ге ерекше шұқ­ши­я­тын сыңай­лы. Аягүл қызы­мы­здың қай­ғы­лы қаза­сы осы шұқ­шию нәти­же­сі болуы әбден мүм­кін. Бұдан бұрын да билік­тің нақ осы­лай шұқ­шию нәти­же­сі кей­бір жас оппо­зи­ци­о­нер­лер­ді (олар­дың ара­сын­да әкелі-бала­лы боздақтар да бар) о дүни­е­ге алып кет­кені бел­гілі. Сон­ды­қтан да нақ осы Аягүл­дің қаза­сын біздің әле­умет­тік орта­ның руха­ни тұрғы­дан әбден титы­қтап бітуін айғақтай­тын «сын­дар­лы сәт» ретін­де қабыл­да­уға бола­тын сияқты. Ел тұрғын­да­ры­ның руха­ни тұрғы­дан жұтаң­да­нып кет­кені сон­ша­лық, нақ осы сәт­тен кей­ін біздің елі­міздің дамы­ған толы­ққан­ды демо­кра­ти­я­лық елдер қата­ры­на көшу мүм­кін­ді­гі неғай­был секілді.

Осы­дан төрт жыл бұрын (2017 жыл) жазы­лып, ол кез­де бір де бір бас­пасөз құра­лын­да жари­я­ла­у­ға сәті түс­пе­ген «Қазір­гі жағ­дай ертең­ге бағ­дар­ды аны­қтай­ды. Қай­да бара­мыз?!» деп ата­ла­тын көлем­ді мақа­лам­ды мен мына­дай жол­дар­мен аяқтап­пын: «…Момақан халқы­мыз «ұйқы­лы-ояу қал­пын­да» зор зоба­лаңға, мәсе­лен, ет ком­би­на­ты­ның қақ­па­сы­на қарай айда­лып бара жатқан қора­лы қой­ды еске сала­ды. Қақ­паға тік­тел­ген бағ­дар­дан азды-көп­ті ауы­тқу қажет­тілі­гі Ұлт­тың ертеңін сақтап қалу­дың бір­ден бір ама­лы екен­ді­гін түсі­нер сәт әлдеқа­шан өтіп кет­кен. Қақ­паға кіріп кет­кен­нен кей­ін бәрі де кеш бола­ды…»1.

Бүгін­гі таң­да сол қақ­паға кіріп кет­кен жоқ па екен­біз деген күдік­тен зәрем ұшады.

1аталған мақа­лам­ды кей­інірек «Мәм­бет­тен ака­де­ми­к­ке дей­ін» деп ата­лын өмір­да­стан-эссе­ме (Алма­ты, «Арыс» бас­па­сы, 2017. 509 бет) және «Ақиқат аясын­да» деп ата­ла­тын мақа­ла­лар жинағы­ма (Алма­ты, «Арыс» бас­па­сы, 2020. 351 бет) енгіздім.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн