Суббота , 5 июля 2025

Ақан болыстың ҚАЛАЙ ӨЛГЕНІН Абаев біле ме?

Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Дәу­рен Аба­ев­тың бір ауыз сөзі желі­де талқы­ла­нып жатыр екен. Мені қызы­қты­рға­ны – Аба­ев­тың сөзі емес еді. 

Ақын ағам Марал­тай Рай­ым­бекұ­лы үш сұрақ қой­ған екен. Ақын­ның «эмо­ци­я­сыз, ешкім­нің жеке басы­на тиіс­пей, сын­дар­лы әрі жүй­елі сұрақта­ры­на» Аба­ев та жедел жау­ап бере қой­ып­ты. Осы жау­а­бын оқы­ған­да, ылғи да мем­ле­кет басын­дағы адам­дар­дың сөзін есті­ген­де кешетін сезім­ді қай­та кештім. Бірақ бұл жолы шошып кеттім.

Аба­ев­тың жау­а­бы тым жасан­ды, көл­гір шықты. Оған ешкім сен­ген жоқ. Тіп­ті, ақын ағам­ның сұрақта­ры­на да. 

Аба­ев бұл қой­ы­лым­ды ұйым­да­стыр­са да, біз оған өтірік сен­ген бола­мыз. Ол да абы­рой жинаған бола­ды. Бірақ екі тарап та оның өтірік екенін сезіп тұрады.

Кім­ді алдай­мыз? Неге алдай­мыз? Не үшін алдай­мыз? Сон­да айтып оты­рған бола­шақ үшін бе? Жоқ!

Менің айт­пағым – Мұх­тар Әуе­зо­втің «Қорған­сыздың күні» әңгі­месі еді. Оны Аба­ев оқы­ды ма екен? Оқы­ған шығар. Есін­де ме екен? Әй, қайдам…

Ақан болыс қала­дан жұмысын бітіріп, ауы­лы­на қай­тып бара­ды. Жанын­да Ақан­ның түн­де­гі жүрісіне ыңғай­лы Қал­тай бар. Олар кеш боп кет­кен соң, Күшік­бай асуын­дағы бір кедей үйге тоқтай­ды. Онда ұлы өлген кем­пір, соқыр келін, жас қыз бар. Аты – Ғази­за. Пәк, сұлу, жақ­сы тәр­бие көр­ген. Қал­тай соны көз­деп, Ақан­ды осын­да әкел­ді. 13–14 жастағы қызды зор­ла­мақ­шы. Ақан соны түсіне қояды. Құдайы қонақ боп, үйге кіреді, көңіл айта­ды. Былай қара­саңыз, жақ­сы болыс.

Кем­пір ұлы өлген соң, көр­ген қор­лы­ғын айта­ды. Ақан соны «тың­дай­ды». Кем­пір­дің көзі тай­са, Ғази­за­ға сұқта­на қала­ды. Не керек, ақы­ры Ғази­за­ға деген­дерін істей­ді. Зор­лы­ққа қор­ланған Ғази­за боран­да әкесінің басы­на барып, үсіп өледі. Қысқа­ша – осы. 

Мұн­дағы Ғази­за­ның өлі­мі ең үлкен тра­ге­дия емес. Тра­ге­дия –Ақан­ның кем­пір­дің бар мұңын тың­да­уы, яғни тың­даған болуы. Бай­ғұс кем­пір, ары-бері өткен­де қара­са жүрер деп, бар қиын­ды­ғын айтып отыр­са, Ақан­ның екі көзі Ғази­за­да ғой.

Менің Марал­тай ағам неге Аба­евқа мұңын айт­ты екен деп ойла­дым. Билік­тің ойы халы­қты «нету» ғой. Мұңы­мы­зды тың­даған­сып, шешуін бір­ге ізде­ген­сіп, маза­сызданған­сып оты­ра­ды. Бірақ олар­дың жаны қашан ауы­рып­ты? Біздің жемқор­лы­ққа әбден батқан жүйе халы­қты «нету­ден» басқа қазір не ойла­уы мүм­кін? Бұл біздің қанға әбден сің­гені сон­ша, әжептәуір интел­лек­ту­ал, білім­ді, арлы дей­тін аға­ла­ры­мы­здың өзі кей­де ала­яқтық әре­кет­тер­ге бара­ды ғой. Қазір біздің ала­яқтар жәй ала­яқ емес. Білім­ді, мәде­ни­ет­ті алаяқтар.

Аба­ев­тар­дан өзге не күту­ге болады?

Біздің жүйе қазір өзге­ре қой­май­ды. Мүл­де басқа­ша ойлай­тын жігіт­тер билік­ке кел­се де олар түзей алмай­ды. Өйт­кені бұл халы­қты әбден ала­яқ қып тәр­би­е­леп алды билік. Бәрі­міз де – ала­яқ­пыз. Аба­ев­тың сөзін жер­ге қал­дыр­май бөлі­се­міз /әлеуметтік желі­де – ред/. Бәре­кел­ді айтамыз. 

Біз қазақ қан­дай халық едік деп бөс­пей­ік. Қан­дай халық бола­мыз – соны айтай­ық. Ақан болыс – билік өзгер­ме­ген­ше, қан­ша Ғази­за өледі, қан­ша кем­пір мұңын айтады.

Ал Ақан болы­стың өмір­де­гі про­то­ти­пі қалай өлгенін Аба­ев біле ме екен? 

Жын­да­нып өлген…

Баға­шар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, әде­би­ет­ші, «Дарын» Мем­ле­кет­тік жастар сый­лы­ғы­ның лауреаты.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн