Пятница , 4 июля 2025

ТӘЛІПТЕР ДЕГЕН КІМ?

  • Тәліп­тер арми­я­сы Ауған­стан­ды толы­қтай бақы­ла­у­ы­на алды. Пре­зи­дент Ашраф Ғани елден қашып кету­ге мәж­бүр болды.

Бұл екі ара­да АҚШ пре­зи­ден­ті Джо Бай­ден жур­на­ли­стер­ге Ауған­стан­нан Аме­ри­ка әскерін әке­ту тура­лы шешім қабыл­даға­ны­на өкін­бей­тінін айт­ты. «20 жыл­да АҚШ әскерін шыға­рып әке­тетін­дей басқа ыңғай­лы сәт болған жоқ. Ауған­стан­да соғы­суға мәж­бүр болған АҚШ-тың төр­тін­ші пре­зи­ден­ті­мін. Мен осы­ны бесін­ші пре­зи­дент­тің мой­ны­на іліп кет­кім кел­мей­ді», – деді ол.

Джо Бай­ден “Тали­бан” қозға­лы­сы­ның шабуы­лы АҚШ пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гі болжаған­нан әлдеқай­да жыл­дам болға­нын мой­ын­да­ды. Оның сөзін­ше, “АҚШ тәліп­тер­ге қар­сы тұру үшін ауған үкі­метінің қару­лы күш­теріне қолы­нан кел­ген­ше көмек­те­сті. АҚШ-тың Ауған­стан­дағы әске­ри мис­си­я­сы­ның құны 1 трил­ли­он дол­ларға түсті. Ауған сол­дат­та­ры тех­ни­ка мен қару-жарақ алды, киін­ді, дер кезін­де жалақы алып тұрды”.

Пре­зи­дент­тің телеүн­де­уін талқы­лаған жур­на­ли­стер Бай­ден­нің “Ауған­дар өздері үшін өздері қару алғы­сы кел­ме­се, ондай жер­де Аме­ри­ка әскері соғы­спай­ды, соғы­суға мін­дет­ті емес” деп, “мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­на алмаған­дарға” қара­та айтқан сөзін атап өтті.

Деген­мен осыдан бір ай бұрын Кабул үкі­меті әлі де бір­не­ше ай билік­те тұра ала­ды деп есеп­те­ген АҚШ пре­зи­ден­ті Джо Бай­ден мен оның әкім­шілі­гін Ауған­стан қару­лы күш­терінің ойсы­рай жеңіліп, ауған өкі­метінің жыл­дам құлаға­ны айран-асыр етті.

Ақ үй бұры­нғы есеп­терінің қате болға­нын мой­ын­да­ды. “Ауған­стан қауіп­сіздік күш­тері өз елін қорға­уға жара­ма­ды” деді АҚШ мем­ле­кет хат­шы­сы Энто­ни Блин­кен. Оның сөзін­ше, жағ­дай Вашинг­тон болжаған­нан әлдеқай­да тез өзгер­ген деп хабар­ла­ды Azattyq.org

  • Тали­бан” қозға­лы­сы Ауған­стан­ды толық бақы­лауына алды. Бұл тәліп­тер­дің был­тыр Катар­да өткен сая­си келіс­сөз­дер­де бер­ген уәдесін­де тұр­май­ты­нын білдіретіндей.

Дохадағы 2020 жылғы сая­си мәсе­ле­лер жөнін­де­гі комис­сия АҚШ-пен келісім жасап, тәліп­тер адам құқы­қта­рын құр­мет­тей­тінін, бақы­ла­у­ға алған жер­лер­ге сырт­тан содыр кір­гіз­бей­тін айтқан еді. Бірақ Азатты­қтың ауған және тәжік қыз­мет­терінің кей­ін­гі хабар­ла­ма­ла­ры­на қараған­да, “Тали­бан­ның” “Ауған­стан­да шетел жауын­гер­лері жоқ” деген сөзіне сену­ге бол­май­тын сияқты. Негізі­нен, қозға­лыс құра­мын­да мың­даған шетел жауын­гері бар. Олар­дың көбі – пәкістандықтар.

Тали­бан­ның” ресми өкілі Заби­ул­ла Мужа­хид Азатты­ққа қозға­лы­сты кім және қалай басқа­ра­ты­нын айт­ты. Оның сөзі­нен Дохадағы өкіл­дер­дің ауған жерін­де­гі тәліп­тер­дің ықпа­лы жоғын бай­қа­уға бола­ды. Мужа­хид Азатты­ққа жібер­ген хатын­да тәліп­тер­дің лидері Мала­ви Хиба­тул­ла Ахун­за­да­ның жанын­да мини­стр­лер каби­неті барын, оған жиыр­маға жуық комис­сия мен кең­се кіретінін, Дохадағы өкіл­дік соның бірі ғана екенін мәлімдеді.

Мужа­хид­тің сөзін­ше, “Тали­бан” құра­мын­дағы Әске­ри істер жөнін­де­гі комис­сия қозға­лы­стың уәла­ят­тан ауданға дей­ін­гі әске­ри қол­бас­шы­лық тіз­бе­гін түгел бақылайды.

Оның айтуын­ша, дін, сая­сат және әскер мәсе­лесіне кел­ген­де бәрі Ахун­за­даға бағы­на­ды. Ал оның үш орын­ба­са­ры бар.

Сая­си мәсе­ле­лер жөнін­де­гі орын­ба­са­ры Мул­ла Абдул Ғани Бара­дар сая­си мәсе­ле­лер жөнін­де­гі комис­си­я­ны және Дохада келіс­сөз­дер жүр­гі­зу тобын басқарады.

Оңтүстік уәла­ят­тар бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Мул­ла Мохам­мад Якуб – “Тали­бан­ның” негізін қалаған марқұм Мул­ла Мохам­мад Омар­дың ұлы. Сон­дай-ақ ол тәліп­тер­дің әске­ри опе­ра­ци­я­ла­рын басқарады.

Ахун­за­да­ның шығыс уәла­ят­тар­дағы орын­ба­са­ры Сира­жуд­дин Хак­ка­ни “Хак­ка­ни” желісін басқарады.

Мужа­хид тәліп­тер­ді басқа­ру­дың әске­ри құры­лы­мы Якуб пен Хак­ка­ни үстем­дік ететін әске­ри істер жөнін­де­гі комис­си­я­ның құра­мы­на кіретінін айтты.

Бұл басқа­ру иерар­хи­я­сын­да аудан­дық дең­гей­ден бастап соғыс алаңы­на дей­ін­гі әр коман­дир уәла­ят­тың қол­бас­шы­сы­на бағынады.

Мужа­хид Азатты­ққа жеті аудан­дық “шең­бер” барын, олар­дың әрқай­сысы кемін­де үш уәла­ят­тың қол­бас­шы­сы­на жау­ап беретінін айтты.

Бұл аймақтық “шең­бер­лер­ді” әске­ри істер жөнін­де­гі комис­сия бас­шы­сы­ның екі орын­ба­са­ры бақы­лай­ды. Олар­дың бірі тәліп­тер­дің “батыс аймағын­дағы” 21 уәла­ятқа жау­ап береді. Екін­шісі “шығыс аймақтар­дағы” 13 уәла­ят­тың қол­бас­шы­сы­на жетек­шілік етеді.

Әске­ри істер жөнін­де­гі комис­сия “Тали­бан­ның” жасы­рын үкі­метінің уәла­ят пен аудан губер­на­тор­ла­рын тағай­ын­дай­ды және бақылайды.

ҚАЖЕТ ЭВОЛЮЦИЯ

Сарап­шы­лар­дың айтуын­ша, 2001 жыл­дан бастап “Тали­бан” бас­шы­лы­ғы­ның құры­лы­мын өзгер­ту жер­гілік­ті коман­дир­лер­ден құралған быты­раңқы ұйым­ды мықты ұйым­дасқан сая­си әрі әске­ри қозға­лы­сқа айнал­ды­ру қажеті­нен туындады.

2013 жылы “Тали­бан­ның” негізін қалаған Мул­ла Омар өлі­мі­нен соң тәліп­тер бәсе­ке­лес топ­тарға бөлін­ген­ді. Соған жау­ап ретін­де бас­шы­лық құрам­да еле­улі өзгерістер болды.

Пуштун­дар­дан құралған бұл бөлім­ше­лер негізі­нен ұзақ уақы­тқа созы­лған билік­ке тала­стың сал­да­ры еді.

Бір тарап “Тали­бан­ның” келесі лидері ретін­де Омар­дың ұлын қол­да­ды. Оны қол­да­у­шы­лар батыс және оңтүстік Ауған­стан­да да бар, тәліп­тер­дің “Рах­ба­ри Шуре” дей­тін (көп­шілік­ке “Квет­та Шура” деген ата­у­мен таны­лған) бас­шы­лық кеңесін­де де басым­ды­ққа ие.

2019 жылы АҚШ Бей­біт­шілік инсти­ту­ты (USIP) жүр­гіз­ген зерт­те­уде тәліп­тер қару­лы топ­тар ара­сын­дағы келіс­пе­ушілік­ті жою үшін Мул­ла Омар­дың өлі­мі­нен кей­ін коман­да­ның құры­лы­мы қалай өзгерт­кені жазылған.

Зерт­те­уде ұйым­дасқан әске­ри және сая­си қозға­лыс құрған “Тали­бан­ның” “көбірек аудан басып алып, басқа­ра алға­ны” айты­лған.

Ол үшін “Тали­бан” қозға­лы­сы­ның жасы­рын басқа­ру жүй­есі құры­лған. Бұл әртүр­лі қару­лы топ­тағы әске­ри коман­дир­лер­ге бақы­ла­удағы аудан­дарға жасы­рын үкі­мет­тің “лау­а­зым­ды адам­да­рын” тағай­ын­да­уға мүм­кін­дік береді.

Деген­мен, АҚШ Бей­біт­шілік инсти­ту­ты­ның зерт­те­уін­де “Тали­бан­ның” жасы­рын басқар­ма­сы “тұрақ­сыз және жүй­есіз” деп жазы­лған. Сал­да­ры­нан олар “Тали­бан­ның” қауым­дағы күшін, жер­гілік­ті дәстүлер­ді, жеке коман­дир­лер­дің қала­у­ын ескеріп”, әртүр­лі ере­же­лер жасаған.

Ауған­стан­дағы қозға­лы­стың сая­си тіз­бе­гінің жаса­луы­на және құры­луы­на “Тали­бан­ның” бас­шы­сы­нан бастап жерілік­ті коман­дир­ге дей­ін­гі көп­те­ген қаты­су­шы маңы­зды рөл атқар­ды. “Тали­бан­ның” сая­си бағы­тын жасау қан­ша­лық орта­лы­қтан­ды­ры­лған бол­са, сон­ша­лық орта­лы­қ­сызданған бол­ды. Бұл рет­те бас­шы­лық та, соғыс алаңын­дағы жауын­гер­лер мен коман­дир­лер де ере­же жасай­ды” деп жазы­лған зерттеуде.

Кал­ла­хан­ның сөзін­ше, Ауған­стан­ның бола­шағы­на негізі­нен “Тали­бан­ның” қазір­гі басқа­ру және бақы­лау құры­лы­мын қан­ша­лық сақтай ала­ты­ны әсер етеді.

Ол нығая ма неме­се ұлт­тық (дең­гей­ден) гөрі аймақтық дең­гей­ге үйле­сетін­дей орта­лы­қ­сызда­на ма?” дей­ді Каллахан.

ҚАЗІРГІ “ТАЛИБАН

Қара­пай­ым тіл­мен айт­сақ, “Тали­бан” – ашу­лы ауған­дар” дей­ді Кал­ла­хан Азаттыққа.

Оның сөзін­ше, елде “Тали­бан­ның” ұлты ауған емес содыр­ла­ры мың­дап саналады.

Бұл енді пуштун этноұлт­шыл қозға­лыс емес. Ол 1990 жыл­дарға қараған­да едәуір әра­лу­ан” дей­ді Каллахан.

мери­ка­дағы Демо­кра­ти­я­ны қорғау қоры­ның (FDD) бас ғылы­ми қыз­мет­кері Билл Род­жио тәліп­тер­дің 2020 жылы Дохадағы келісім кезін­де бер­ген уәдесін­де тұра­ты­ны­на сен­бей­ді. Олар адам құқы­қта­рын қорғап, бақы­ла­у­ға алған аудан­дарға шетел содыр­ла­рын кір­гіз­бей­тінін айтқан еді.

Демо­кра­ти­я­ны қорғау қоры­ның Long War Journal жур­на­лы­ның бас редак­то­ры Род­жи­о­ның сөзін­ше, қазір­гі “Тали­бан” Ауған­стан­да ислам әмір­лі­гін құрып, ауған халқы­на ислам құқы­ғы­ның қатал нұсқа­сын орнатқы­сы келетін қозға­лыс сияқты көрінеді.

Бірақ Род­жио қазір­гі “Тали­бан” мен 1990-жыл­да­ры Ауған­стан­ның көп бөлі­гін бақы­лаған исла­ми­стік режим ара­сын­да айыр­ма­шы­лық бар дейді.

Тали­бан” мүше­лерінің көбі – ауған­дар. Бірақ Пәкістан­да да, Ауған­стан­да да бар “Хак­ка­ни желісі” секіл­ді топ­тар тұрған­да бұл оңай мәсе­ле емес” дей­ді Род­жио Азатты­ққа. “Өзбек, тәжік аза­мат­тар көп. Түр­кі­мен­дер де, негізі­нен ауған, бірақ қазір “Тали­банға” кіретін хаза­рей­лер де бар. Кей­ін­гі жыл­да­ры “Тали­бан” бұл қауым­да­сты­ққа мықтап кіріп алды. Бұл қазір­гі “Тали­бан” мен АҚШ-та 2001 жылғы 11 қыр­күй­ек­те болған лаң­кест­ік шабуы­лға дей­ін­гі “Тали­бан­ның” үлкен айырмашылығы”.

Род­жи­о­ның сөзін­ше, Ауған­стан­да “Тали­бан” жағын­да шай­қа­сып жүр­ген мың­даған шетел­дік жауын­гер, оның ішін­де Таяу Шығы­стан кел­ген “Әл-Қаи­да” мүше­лері, Пәкістан мен Орта­лық Азия өкіл­дері бар.

БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесі ана­ли­ти­ка­лық қол­дау және санк­ци­я­лар­ды бақы­лау тобы­ның баян­да­ма­сын­да “Тали­бан­ның” Ауған­стан­дағы 85 мың­нан астам жауын­герінің 10 мыңға жуы­ғы шетел соды­ры екені айтылған.

Олар­дың 6500‑і – Пәкістан аза­ма­ты, қалған­да­ры Орта­лық Азия мен Шешен­стан­нан кел­ген­дер неме­се Таяу Шығы­стағы “әл-Қаи­да” мүшелері.

Тали­бан­ның” [әл-Қаи­да­мен] негіз­гі бай­ла­ны­сы­ның ком­по­нен­ті – “Хак­ка­ни желісі”. Екі топ ара­сын­дағы тығыз бай­ла­ныс идео­ло­ги­я­лық сәй­кест­ік­ке, өза­ра бай­ла­ны­сқа, топ­тар­дың әртүр­лі мүше­лері ара­сын­дағы ортақ күрес пен неке­ге негіз­дел­ген” деп түй­ін­дей­ді БҰҰ бақы­ла­у­шы­лар тобы.

Азатты­қтың Тәжік редак­ци­я­сы арнайы репор­таж­да “Тали­бан” Ауған­стан­ның сол­түсті­гін­де­гі бес аудан­ның шека­ра­сы­на Тәжік­стан­да тый­ым салы­нған содыр­лар­ды күзет­ке қой­ға­нын жазды.

Мах­ди Арса­лон деген аты­мен таны­лған 25 жастағы коман­дир Тәжік­стан­ның Рашт алқа­бы­ның шығы­сын­дағы Шер­бе­ги­ен ауы­лын­да туған.

Ауған­стан­да Арса­лон мен оның содыр­ла­рын “тәжік тәліп­тері” деп атайды.

Шын мәнін­де олар “Анса­рул­ла жамаға­ты” тобы­ның мүше­сі. Оны он жыл бұрын Душан­бе­де­гі үкі­мет­ті құла­ту үшін оппо­зи­ция коман­ди­рі құрған.

Тәжік­стан “Анса­рул­ла жамаға­ты­на” тый­ым салған.

Ауған­стан­ның сол­түстік-баты­сын­дағы Азаттық тіл­шілері жақын­да тый­ым салы­нған “Өзбек­стан исла­ми­стік қозға­лы­сы­мен” бай­ла­ны­сы бар өзбек содыр­ла­ры­ның барын хабар­ла­ды.

Бад­гис уәла­я­ты­ның губер­на­то­ры Хос­са­муд­дин Шамс Азатты­ққа сол­түстік пен баты­стағы кей жер­лер­де “Тали­бан” әскерін өзбек содыр­ла­ры басқа­ра­ты­нын айтты.

Шам­стың сөзін­ше, 2018 жылы Пәкістан­нан Бад­гис уәла­я­ты­на 80 өзбек соды­ры­ның отба­сы кел­ген және қазір олар Бала-Мур­габ ауда­нын­да тұрып жатыр.

Ол осы өзбек тәліп­тер­дің көбі 2001 жыл­дың аяғын­да Тахар уәла­я­тын­дағы шай­қа­ста “Тали­банға” көмек­тес­кен­нен соң Пәкістан­нан қашқан “Өзбек­стан исла­ми­стік тобы” содыр­ла­ры­ның бала­сы екенін айтты.

Ауған­стан­ның сол­түстік көр­шілері “Тали­бан­ның” Орта­лық Ази­ядан шыққан содыр­ла­ры ақыр соңын­да ота­ны­на барып бүлік шыға­ра ма деп алаңдайды.

Кал­ла­хан­ның сөзін­ше, “Тали­бан” ара­сын­да шетел содыр­ла­ры жоқ деген сөз “шын­ды­ққа жанаспайды”.

Олар басып алған аудан­дар­дың бәрін бақы­ла­у­ға адам жет­пе­ген­дік­тен солар­ды пай­да­ла­нып жатқан сыңай­лы. Қазір пәтуа жаса­ды… Тәліп­тер­дің сол­түстік­те­гі әре­кеті тұсын­да кей­ін­гі айлар­да әске­ри іс-әре­кет­тер­ге Ауған­стан мен Пәкістан содыр­ла­ры­ның саны аз болған­ды­қтан, шетел содыр­ла­ры қаты­сып жатқа­ны хабар­ла­нып жатыр” дей­ді Каллахан.

Кал­ла­хан Пекин Ауған­стан­ның сол­түстік-шығы­стағы Бадах­шан уәла­я­тын­да “Тали­бан” Қытай­дың сол­түстік-баты­сын­дағы ұйғыр­лар­ды пай­да­ла­нып жатқа­ны тура­лы хабар тараға­нын айт­ты. Ол “Тали­бан” өз қата­рын­да шетел әскері барын жоққа шыға­ру­мен бола­ды дейді:

Қытай­дың Ауған­стан­да мүд­десі бар. Пекин билік Ауған­стан үкі­метінің қолын­да бол­са да, “Тали­банға” өтсе де, екі жағ­дай­дан да туын­дай­тын қатер­ге, олар­дың кез-кел­гені­мен бай­ла­ныс орна­туға дай­ын сияқты. “Тали­бан­мен” жұмыс істей­тін шетел содыр­ла­ры­ның, әсіре­се, ұйғыр­лар­дың болуы “Тали­бан” мен Қытай­дың бола­шақтағы қарым-қаты­на­сы­на қауіп төндіреді”.

ТАЛИБАН” VS АУҒАНСТАН ҚАУІПСІЗДІК КҮШТЕРІ

Тали­бан” әскер саны бой­ын­ша, тех­но­ло­ги­я­лық мүм­кін­дік­тер бой­ын­ша Ауған­стан қауіп­сіздік күш­тері­нен арт­та қалған.

Бірақ сарап­шы­лар Ауған­стан­да көп жағ­дай­да қағаз­дағы деректер мен шынайы жағ­дай сәй­кес келе бер­мей­тінін ескертеді.

Ауғанcтан қауіп­сіздік күш­тері, оның ішін­де ішкі істер мини­стр­лі­гі құра­мын­дағы поли­ция мен қорға­ныс мини­стр­лі­гінің құра­мын­дағы әскер “Тали­бан­ның” елде­гі содыр­ла­ры­нан кемін­де үш есе көп деген болжам бар.

Ауған­стан­ды қал­пы­на кел­ті­ру жөнін­де­гі Аме­ри­ка арнайы бас инспек­то­ры кон­грес­ке ұсы­нған баян­да­ма­сын­да Ауған­стан қауіп­сіздік күш­терінің жал­пы саны әскер­ді, арнайы жасақты, әске­ри-әуе күш­терін, поли­ция мен офи­цер­лер бар­ла­у­ын қосқан­да 307 мың­дай деп жазған.

Вир­джи­ния шта­ты Арлинг­тон қала­сын­дағы CNA қауіп­сіздік­ті зерт­теу орта­лы­ғы­ның сарап­шы­сы Джо­на­тан Шро­ден Ауған­стан үкі­метін­де 180 мың әске­ри қыз­мет­кер бар дейді.

Ауған­станға АҚШ та қол­дау көр­сет­ті. АҚШ 2001 жыл­дың соңын­да “Тали­бан” режи­мі құлаған­нан бері Ауған­стан қауіп­сіздік күш­терін қол­да­уға, үйре­ту­ге, қару-жарақ­пен қам­туға, құры­лы­сқа қол­дау ретін­де 83 мил­ли­ард дол­лар жұмсады.

Ауған­стан әскері АҚШ-тан ұшақтар, әске­ри тікұ­шақтар, вин­тов­ка, түн­де көру­ге арналған құры­лғы, дрон­дар алды.

Ауған­стан­ды қал­пы­на кел­ті­ру жөнін­де­гі арнайы бас инспек­тор Ауған­стан қару­лы күш­терін­де 167 ұшақ пен әске­ри тікұ­шақ барын хабарлады.

Деген­мен, кей­ін­гі 20 жыл­да Кабул­ге жет­кізіл­ген қару-жарақ пен қазір қол­жетім­ді қару-жарақ еке­уі екі түр­лі нәрсе.

Ауған­стан­ның қазір­гі жағ­дайы тура­лы мұн­дай ақпа­рат құпия саналады.

Деген­мен, ресми емес мәлі­мет­тер осы жыл­да­ры Ауған­стан үкі­метіне және үкі­мет­ке қарай­тын ұйым­дарға жет­кізіл­ген қару-жарақтың көбі қазір істен шыққа­нын неме­се “Тали­бан­ның” қолы­на түс­кенін көрсетеді.

Род­жио мен Кал­ла­хан “Тали­бан­ның” басты қаруы Ауған­стан жерін­де деп ойлай­ды. Олар­дың сөзін­ше, бұған жуыр­да басып алған қару-жарақ, баты­ста өндіріліп, ауған әскеріне жет­кізіл­ген әске­ри тех­ни­ка кіреді.

Арсе­нал­да 1980 жыл­дар­дағы ауған-совет соғы­сы­нан қалған атыс қаруы, жеңіл қару, атап айтқан­да АК-47 совет авто­ма­ты, реак­тив­ті гра­на­та атқыш пен мина атқы­штар бар.

Тали­бан” жөнін­де­гі сарап­шы Анто­нио Джустоц­ци тәліп­тер­дің ара­сын­да зенит­ті қару мен тан­кілер­ге қар­сы қару­ды қол­данға­нын айта­ды. Ал кіші­гірім зымы­ран­дар, қол­дан жасалған жары­лғыш заттар тәліп­тер қол­да­на­тын ең қауіп­ті қару саналады.

Сарап­шы­лар тәліп­тер­дің қара нары­қта да қару ала­тын көп жері барын айтады.

Тали­бан” Ауған­стан­ның оңтүсті­гі мен шығы­сын­да Пәкістан­нан әкел­ген тыңай­тқы­штар­ды жары­лғыш заттар жаса­уға пайдаланады.

АҚШ пен Кабул үкі­меті Пәкістан, Иран және Ресей секіл­ді елдер­ді тәліп­тер­ге қару беріп отыр деп айып­тай­ды. Бірақ аталған елдер мұны жоққа шығарады.

Мате­ри­ал­ды әзір­ле­у­ге Азаттық радио­сы Ауған қыз­метінің тіл­шілері атса­лы­сты. Олар­дың аты-жөні қауіп­сізді­гі үшін атал­май­ды. Сон­дай-ақ Азаттық радио­сы Тәжік қыз­метінің мәлі­мет­тері де қолданылды.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн