Пятница , 4 июля 2025

ВИРУСТАН ҚОРЫҚҚАН ХАЛЫҚ ВАКЦИНАДАН НЕГЕ ҚОРҚАДЫ?

  • Вак­ци­на­лау науқа­ны қарқын алған­да, виру­стың өршуіне не себеп? “Дель­та” шта­мы несі­мен қауіп­ті? Ұжым­дық имму­ни­тет қашан қалып­та­са­ды? Виру­со­лог-ғалым Вак­ци­на­лау науқа­ны қарқын алған­да виру­стың өршуіне не себеп? “Дель­та” шта­мы несі­мен қауіп­ті? Ұжым­дық имму­ни­тет қашан қалыптасады?

Азаттық радио­сы Алма­ты­дағы Мик­ро­био­ло­гия және виру­со­ло­гия ғылы­ми-өндірістік орта­лы­ғы­ның Виру­стар эко­ло­ги­я­сы зерт­ха­на­сы­ның мең­ге­ру­шісі, вете­ри­на­рия ғылым­да­ры­ның док­то­ры Айдын Қыдыр­ма­нов­пен осы мәсе­ле­лер­ді талқы­лаған екен. Коро­на­ви­рус қатері халы­қта қат­ты алаң­датқан тақы­рып болған­ды­қтан, біз сол сұх­бат­та­су­ды қаз-қал­пын­да көшіріп басып отырмыз 

Кей­ін­гі апта­лар­да науқастар да, коро­на­ви­рус жұқты­рып қай­тыс болған­дар да көбей­іп кет­ті. Неліктен?

Виру­со­лог ретін­де айтар бол­сам, был­тыр вирус жұқты­рған­дар­дың көбін­де ауру ауыр өтті. Бірақ солай бол­са да, олар дәрі­гер­дің бақы­ла­у­ы­нан тыс қал­ды. Әркім өз беті­мен емделіп жат­ты. Емха­на­ларға бар­маған соң, науқастар есебіне кір­ген жоқ. Ал қазір адам­ның бәрін тізім­ге қосып жазып жатыр. Науқастар есебінің көбе­юіне бірін­ші себеп осы болуы мүмкін.

Екін­ші­ден, ста­ти­сти­ка­ны жүр­гізіп оты­рған маман­дарға сұрақ бар. Жап­пай вак­ци­на сал­ды­рып жатқан кез­де, неге күніне алты, жеті мың адам ауы­рып жатыр? Бұрын вак­ци­на­лау қарқы­ны төмен кез­де күніне 2–3 мың ғана адам тіркелетін.

Қазір қаза­қстан­ды­қтар Ресей­де жасалған “Спут­ник V” екпе­сін сал­ды­рып жатыр. Бұл – өте тиім­ді екпе, қауіп­сіздік жағы­нан күмән жоқ. Бірақ оның бірін­ші ком­по­нен­тін сал­ды­рған адам ПТР тап­сыр­са, нәти­же­сі кей­де оң шығуы мүм­кін. Яғни, күн сай­ын тір­келіп жатқан науқастар­дың бір бөлі­гі солар болуы ықтимал.

Спут­ник V” құра­мын­да зия­ны жоқ виру­стың гені бар. Ол – коро­на­ви­ру­стың әлсіретіл­ген түрі. Бұл екпе­ні сал­ды­рған адам­ның ағза­сын­да коро­на­ви­русқа қар­сы имму­ни­тет қалып­та­сты­ру үшін керек.

Тек науқас саны емес, коро­на­ви­ру­стан қай­тыс болған­дар да көбей­іп жатыр ғой?

– Күніне жеті мың адам вирус жұқтыр­са, соның жүзі қай­тыс бола­ды. Бұл – науқастар­дың шама­мен бір пай­ы­зы­нан аса­ды. Ал коро­на­ви­ру­сты жұқты­рған­дар­дың өлі­мі үш пай­ы­зға дей­ін жете­ді. Менің ойым­ша, өлім ста­ти­сти­ка­сы­на енген адам­дар­дың бәрі тіке­лей коро­на­ви­ру­стан қай­тыс болған жоқ. Бұрын­нан басқа жері ауы­ра­тын, бірақ, вирус жұқты­рған соң ауруын асқын­ды­рып алған­дар болады.

Өлім-жітім есебіне қаты­сты тал­дау жоқ. Бәл­кім, [дәрі­гер­лер] үлгер­мей жатқан шығар. Өйт­кені, адам неден өлгенін білу үшін терең әрі кешен­ді тек­се­ру керек: пато­ло­го­ано­ми­я­лық, виру­со­ло­ги­я­лық, имму­но­ги­сто­хи­ми­я­лық, моле­ку­ла­лық-гене­ти­ка­лық әдіспен марқұм­ның ағза­сын зерт­теп, содан кей­ін ғана қоры­тын­ды жаса­уға болады.

– Билік індет­тің өршуін коро­на­ви­ру­стың “Дель­та” шта­мы­м­ен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Солай болуы мүм­кін бе?

– Вак­ци­на­лау басталған кез­де, бір жылы­мық пай­да болып, науқастар азай­ған­дай көрін­ді. Аздан соң [билік] вирус күшей­ді деді де, оны коро­на­ви­ру­стың “дель­та” вари­ан­ты­мен бай­ла­ны­стыр­ды. Бірақ коро­на­ви­ру­стың бұл түрі Қаза­қстанға я қыста я Үндістан­да эпи­де­мия ушы­ққан­да (биы­лғы көк­тем­де – ред.) кел­ген болуы мүм­кін. Біз­де тек әлем­нің басқа елдері “үнді вари­ан­ты­мен” күре­суді бастаған кез­де ғана хабарланды.

Жүз виру­стың шама­сы жет­пе­гені­мен, мута­ци­яға ұшы­раған біре­уі адам ағза­сы­на өтіп кетіп, көбейе бастай­ды. Ол әрі қарай дамып, дель­та, лямб­да болып өзге­ре береді. Оған мүм­кін­дік бер­меу үшін, екпе сал­ды­ру керек. Егер жап­пай екпе­нің уақы­тын созып, жұрт керітарт­па­лы­ққа салы­нып жүре бер­се, бұл ешқа­шан тоқта­май­ды. Жыл­дан жылға созы­ла беруі де мүм­кін. Оның зардабы көп.

Коро­на­ви­рус бұдан да күшей­іп, басқа түр­лері пай­да болуы мүм­кін бе?

Күше­юі де, басқа түр­лері пай­да болуы да мүм­кін. Елде вак­ци­на алмаған­дар қан­ша­лық көп бол­са, ол да сон­ша­лық көбей­еді. Вирус сон­дай әлсіз топ­тар­дың орта­сын­да тек күшейе түседі. Бұл виру­стың қаси­еті – тек қана даму, эво­лю­ция. Вирус ешқа­шан өз бетін­ше жоға­лып кет­пей­ді. Ұжым­дық имму­ни­тет қалып­та­стыр­май, виру­стан ешқа­шан құты­ла алмай­мыз. Виру­сты мем­ле­кет дең­гей­ін­де шека­ра­ны жауып қой­ып қана жоя ала­мыз. Өйт­кені өзі­міз­де имму­ни­тет күшей­се де, біз қаты­нас жасап оты­рған елдер­де жағ­дай әртүрлі.

Және коро­на­ви­русқа қар­сы вак­ци­на­ны бір рет алып қоя салуға бол­май­ды. Өйт­кені, уақыт өткен сай­ын вак­ци­на­ның құра­мын виру­стың жаңа түр­леріне қар­сы ком­по­нет­тер­мен толы­қты­ру керек. Біз қазір сал­ды­рып жатқан вак­ци­на­лар был­ты­рғы штам­дарға қар­сы тұра­ды, коро­на­ви­рус мута­ци­я­сы­ның қазір­гі бар түр­лері­нен қорғай­ды. Бірақ қорға­ныш мерзі­мі бір не екі жыл ғана болуы мүмкін.

Бүгін­гі дерек бой­ын­ша, Қаза­қстан­да коро­на­ви­русқа қар­сы екпе­нің толық доза­сын 3 мил­ли­он­нан көп адам сал­ды­рған. Ұжым­дық имму­ни­тет қалып­та­су үшін тұрғын­дар­дың қан­ша­сы екпе сал­ды­руы керек?

Қаза­қстан­дағы 18 жасқа тол­маған бала­лар мен екпе алуға бол­май­тын адам­дар­ды қос­паған­да, халы­қтың 70 пай­ы­зы екпе сал­дыр­са, ұжым­дық имму­ни­тет қалып­та­суы мүм­кін. Бірақ вак­ци­на олар­дың бәріне 100 пай­ыз әсер етіп, виру­стан қорғай­ды дей алмай­мын. Өйт­кені, әркім­нің имму­ни­теті әртүр­лі. Кей адам­дар әлсіз келеді. Оларға екпе әсер етпе­уі де мүмкін.

Вак­ци­наға қар­сы­лық неге күшей­іп кет­ті? Екпе­ні мін­дет­теу әсер етті ме?

Халық был­тыр виру­стан қоры­ққан, биыл вак­ци­на­дан қорқып отыр. Ол – сау­ат­сыздық. Екпе­ге қар­сы топ­тар пай­да бол­ды, олар­дың ішін­де лидер­лері бар. Жұрт маман­дар­дың емес, әншілер­дің, ақын­дар­дың сөзіне сенеді. Сон­ды­қтан, маман­дар жан-жақты білі­мін жетіл­діріп, елдің алды­на шығып, халы­қтың сұрақта­ры­на жау­ап беруі керек.

Екін­ші­ден, билік­тің коро­на­ви­русқа қар­сы екпе­ні наси­хат­та­уы науқан­шы­лы­ққа айна­лып кет­ті. Сон­ды­қтан, екпе­ге шақы­руы “науқан­ды өткіздік” дей­тін есеп беру үшін ғана сияқты. Халы­қтың құлағы­на жететін­дей ізденіс жоқ па деп ойлай­мын. Қазір екпе­ні сал­дыр­ма­стан, “сал­дыр­дым” деп құжат сатып алып жатқан­дар өте көп. Бірақ олар жау­а­пқа тар­тыл­мас үшін мой­ын­да­май­ды, әрине. Олар­дың ара­сын­да дерт жұқты­рған­дар­ды көр­ген­дер “анау вак­ци­на­дан соң өлді, вак­ци­на­дан соң вирус жұқтыр­ды” деген ойда қала­ды. Бұл да жұрт­тың екпе­ге деген сені­мін азай­тып жатыр.

Нұр­гүл ТАПАЕВА

Бұл екі арада

ТАЖАЛ ТАҒЫ ДА 135 адамның ӨМІРІН ЖАЛМАДЫ

  • Қаза­қстан­да 16 тамыз күні коро­на­ви­рус жұқты­рған 135 кісінің өлі­мі тір­кел­ді. Оның ішін­де 19 адам “ковид­тек­тес пнев­мо­ни­ядан” көз жұмған. Бұл тура­лы ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі хабар­ла­ды.

Бір Алма­ты­ның өзін­де ауру­дан 34 адам қай­тыс болған. Қала коро­на­ви­рус жұқты­рған­дар бой­ын­ша да алда келеді. Кей­ін­гі екі апта­да онда күн сай­ын 1,4−1,5 мың науқас тір­келіп отыр.

Шым­кент қала­сын­да 16 адам, Нұр-Сұл­тан­да – 12, Қараған­ды облы­сын­да – 13, Аты­рау облы­сын­да – 13, Ақмо­ла облы­сын­да 11 адам көз жұмған.

Осы­лай­ша, індет басталға­лы коро­на­ви­рус жұқты­рған 11 978 адам қай­тыс болған. Оның ішін­де 4111 адам “ковид­тек­тес пнев­мо­ни­ядан” көз жұмған.

Билік “ковид­тек­тес пнев­мо­ния” (КВИ-) есебін был­тыр 1 тамы­здан бастап жүр­гі­зе бастаған. Оған дей­ін­гі мау­сым-шіл­де айла­рын­да елде пнев­мо­ни­яға шал­ды­ғу күрт артып, өлім-жітім артып кет­кен. Бірақ ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі ПТР тесті теріс нәти­же көр­сет­кен деп олар­ды коро­на­ви­рус ста­ти­сти­ка­сы­на қос­пай қойды.

Соны­мен қатар билік коро­на­ви­рус жұқты­рған, бірақ “өзге ауру­дан қай­тыс бол­ды” деген екі мың­нан астам адам­ды да коро­на­ви­рус ста­ти­сти­ка­сы­на қоспайды.

Елде 29 шіл­де­ден бастап Covid науқаста­ры ара­сын­да күн сай­ын 100-ден қай­тыс болып жатыр. 4 тамыз күні бір тәулік­те 158 адам өмір­ден озды. Екі күн­нен соң тағы да осы көр­сет­кіш тіркелді.

Маман­дар ауру­дың бұлай өршуін коро­на­ви­ру­стың “дель­та” вари­ан­ты­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Алғаш рет Үндістан­да аны­қталған бұл вари­ант Қаза­қстан­да мау­сым­ның соңын­да тіркелді.

Қазір қол­да­ны­ста бар Covid вак­ци­на­ла­ры­ның “дель­та­дан” қорғай­ты­ны айты­ла­ды. Вак­ци­на салу­ды 1 ақпан­да бастаған Қаза­қстан­да 4,8 мил­ли­он адам екпе­ні толық алған. Бұдан бөлек 1,3 мил­ли­он адам екпе­нің бірін­ші ком­по­нен­тін алып, екін­шісін күтіп отыр.

Azattyq.org

Көңіл айту

ДАТ” бас­па­гер­лік медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы қаза­қстан­дық бел­гілі спорт тіл­шісі, таны­мал телекомментатор

АМАНГЕЛДІ СЕЙІТХАНОВТЫҢ

коро­на­ви­рус індеті­нен мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты, марқұм­ның отба­сы­на, туған-туы­ста­ры­на, жора-жол­даста­ры мен бар­ша қаза­қстан­дық жур­на­ли­стер қауы­мы­на қай­ғы­рып көңіл айта­ды. Топы­рағың торқа бол­сын, қай­ран әріптес!

ДАТ” бас­па­гер­лік медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы Қаза­қстан теле­жур­на­ли­сти­ка­сы­ның таны­мал ардагері

ҚАЛЫБЕК АТЖАННЫҢ

мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты, марқұм­ның отба­сы­ның, туған-туы­сқан­да­ры­ның қай­ғы­сы­на ортақ­та­сып, көңіл айтады.

ДАТ” бас­па­гер­лік медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы газеті­міздің жана­шы­ры, “Шев­рон” ком­па­ни­я­сы­ның БАҚ-пен бай­ла­ныс координаторы

Айнұр СЫДЫҚОВАНЫҢ

мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты, марқұм­ның отба­сы­ның, туған-туы­сқан­да­ры­ның қай­ғы­сы­на ортақ­та­сып, көңіл айтады.

ДАТ” бас­па­гер­лік медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы бел­гілі теле­жур­на­лист, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Иман­бай Жұба­евқа келіншегі

Мар­жан Әбдірайымқызының

мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты, қай­ғы­рып көңіл айтады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн