Пятница , 4 июля 2025

Зиялылар КІМДІ жақтайды?

  • Осы сұрақтың жау­а­бын таба алмай жүр­гені­ме көп бол­ды. Жазу­шы Марат Тоқаш­ба­ев зия­лы қауы­мға мұғалім­дер, дәрі­гер­лер, ғалым­дар, өнер адам­да­ры, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер мен жазу­шы­лар­ды, әрине ақын­дар­ды жатқы­за­ды. Орыс оқы­мысты­сы А.Лихачев істе­ген кем­шілік­теріне өзі істе­ген­дей, ұялып жүретін адам­ды зия­лы деп атайды.

Біздің зия­лы деп жүр­ген­дері­міз – өздеріне қаты­сты айты­лған сынға төс айы­лын бауы­ры­на алып, тулай­ды-ай келіп. Құл­дық сана­дан қалған кек­шіл­дік қаза­қтың қаны­на әбден сіңіп кет­кен, одан айы­ры­лу оңай емес екен. Жағым­паз-жан­дай­шап деп кім­дер­ді айтып жүр­міз. Күні кеше мұхит­тың ар жағы­нан мақа­ла жол­даған (Жәні­бек Кәр­ме­нов) клас­сик жазу­шы­мыз Мух­тар Маға­у­ин Аксе­леу Сей­дім­бе­ке шүй­лі­гіп, Шер­хан Мұр­та­за­ның жан­дай­шап­та­ры­ның біріне айналған деп мұқа­та­ды. Мұх­тар Шаха­но­вты да сау қал­дыр­мап­ты- «сен өтірік­ші суайт»- деп шенепті. М.Мағауин солай айтқан екен деп, қазақ жұр­ты­ның пікірі өзгер­мей­ді ғой. Қазақ бас­па сөзін­де ойып тұрып орын  алған, «бір кем­шін дүниені» басы­нан өткір­ген Шер­хан Мұр­та­за­ның еңбе­гін ешім жоққа шыға­ра алмай­ды. Ақсе­леу де қос Мұх­тар да, халқы­мы­здың бет­кеұстар қалам­гер­лері емес па еді.  «Көк­тем­гі күн­ге, жер­де­гі елі­ме мей­рі­мім қонбады»-деп арман­дап өз еркі­мен дүни­е­ден өтті, Жана­арқа­ның Ақсе­ле­уі. Қаза­қта, «тірілерінің ішін­де жаман­нан ама­ны жоқ, өлілерінің ішін­де жама­ны жоқ»-деуші еді.Бұдан 29 жыл бұрын дүни­е­ден өткен халқы­мы­здың бір­ту­ар аза­ма­ты Димаш Қона­ев­тың соңы­нан 700 қазақ мек­тебін жапқы­зған деген қаңқу сөз қал­май-ақ қой­ды. «Ауру­да шан­шу жаман, сөз­де қаңқу жаман»- деген­дей, соңғы кез­де, қазақ тілі толық қол­да­ны­сқа кір­мей, орыс тілінің таса­сын­да қалға­нын, Диа­маш Қона­ев пен Олжас Сулей­ме­но­втен көретін жазғы­штар көбей­іп кет­ті. Бір­ді айтып, бір­ге кет­пей­ін, айт­пағым Қона­ев та, Олжас та қай­та­лан­бас, халқы­на адал қыз­мет жасаған, жаны да, ары да,таза тұлғалар.Қазақты бүкіл әлем­ге таны­тқан, қазақ жерінің бай­лы­ғын, әке­лері­нен қалған мұра­дай оңды-сол­ды шашып, сатып, артын­дағы былы­қта­рын қайт­сем жасы­рам­деп, шетел­дік­тер­ге ақша беріп мақта­тып, халық аты­нан, өтірік­тің неше түр­лісін ойлап тауып, жасалған ақпа­рат­пен, қара­пай­ым халы­қтың басын қаты­рып, бір-біріне қар­сы қой­ып шата­сты­рып жүр­ген бүгін­гінің билі­гі емес, ұлы тұлға­лар! Құдай­ға шүкір, ел болға­сын, ер туғы­з­бай қой­май­ды, ондай тұлға­лар бар­шы­лық. Д. Қона­ев Қаза­қстан бола­шағын, дәл казір­генің кей­пін­де көр­сем деп арман­даған жоқ. Қона­ев­тың көзі тірісін­де ешкім­де, жеке басы­на табы­нған жоқ. Қасын­да жүр­ген­дер­дің ешқай­сысы оның қолын сүй­ген жоқ, тең дәре­же­де жүр­ді. 43 жыл бойы Қаза­қстан билі­гінің басын­да-қасын­да жүр­ген Д.Қонаевтың халқы­на жасаған еңбе­гін жоққа шыға­рып, «көр­мес түй­ені де көр­мес»- деген­дей өсек­шілер қыза-қыза келіп, Диме­кеңнің сорай­ған бой­ы­на тиісіп өте­ді. Д.Қонаев ака­де­мик Қаныш Сәт­ба­евқа қызға­ны­шпен қараған-деп, оған қай­дағы бір Е.Козловский деген­ді куаға тар­та­ды. Тыр­нақ асты­нан кір ізде­ген өсек­шілер­дің кел­тір­ген фак­тісіне қөзі ашық жұрт себей­ді. Қ.Сәтбаевтың туған елі Бая­на­уыл­дан 18 ака­де­мик шыққа­нын Қона­ев біл­ді ғой. Бірақта ешкім­ді қуда­лаған жоқ, өсек­ке де қал­ды­рған жоқ. Бұл күн­дері Қ.Сәтбаев атын­да қала бар. Қараған­ды қала­сын­да, зәулім ескерт­кіш, көше ата­уы беріл­ген. Туған жері Бая­на­уыл­да, сол 18 ака­де­ми­к­тер­дің мүсін­дері қаз-қатар тізіліп тұр. Сая­сат­ты сай­қал-деп тегін айт­паған. Ұзақ мерзім билік басын­да болып, қате­ле­с­пе­уі мүм­кін емес, сүрін­бей­тін тұяқ жоқ-деген, Диме­кеңнің де пен­де­шілі­гі болған шығар. Бірақта ауыз менікі, қағаз қалам өзім­дікі деп, Қона­ев қазақ халқы­ның мүд­де­лерін жинап қой­ып, тек қана өзінің ман­са­бын ғана ойлаған-деп пікір айту, нағыз пәлеқор­дың сөзі, анау айтқан, мынау айтқан-екен деп сон­дай адам­дар­дың аты-жөнін айтқым да кел­мей­ді. Тек өз ман­са­бын ғана ойлаған адам, ол бірін­ші­ден дүние-қоңыз, бай­лы­ққа көзі той­май­тын пен­де. Екін­ші­ден, қазақ бай­ы­са қатын ала­ды-дей­ді, Диме­кеңнің өз кін­ді­гі­нен туған ұлы жоқ,он тоқал алса­да қолы­нан келетін еді ғой. Диме­кең алға­шқы махаб­ба­ты­на адал, күнәсіз дүни­е­ден өтті. Нәп­сісін тия білу адам бой­ын­дағы ең асыл қаси­ет, бола­шақ ұрпаққа үлгі-өне­ге тұтар қаси­ет. Біздің ұлты­мы­здың бой­ын­дағы ең жаман қаси­ет, ол көре­ал­мау­шы­лық, іштар­лық, одан да жама­ны, жағым­паз­дық, жандайшаптық,ең жама­ны надан­дық, бәрі­де надан­ды­қтан туа­ты­ны ақиқат. Ж.Тәшеновке док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­сын қорға­уға жол­бер­мей қойды,отбасына мате­ри­ал­дық та, мораль­дық та көмек көр­сет­пе­ді-деп Д. Қона­евқа тиі­су тіп­ті ақы­лға симай­ды. Ол кез­де казір­гі­дей кез кел­ген депу­тат, қолын­да билі­гі болар, ғылым док­то­ры бола бере алмайтын.Казір ғой док­тор­лы­қты місе тұт­пай, ака­де­мик ата­нып жатқан­да­ры­жетіп арты­ла­ды. Жала жабу­дың жөні осы екен деп, Қона­ев Ж. Шаях­ме­то­вті де ұмыт­ты­рып жібе­ру­ге тыры­сты, Бауы­р­жан Момы­шұлы­на, Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағы­на­лып беру­ге ешқан­дай да тал­пы­ныс жаса­ма­ды-деген уәжін қалай түсі­не­міз. Батыр Бауы­р­жан өзінің табиғи болы­сы­мен өр-өжет мінезі­мен халқы­на батыр­лы­ғын қөзі тірісін­де дәлел­деп кет­кен ешкім­нен ештеңе дәмет­пе­ген, ешкім­нің алдын­дҚарға­сыза басын име­ген Бау­кеңе ондай атақтың, төс­ке таға­тын сыл­дыр­мақтың құны бес тиын екенің марқұм Диме­кең де түсінген.

«… Қыран­ның қыран­ды­ғын кім біледі,

Қарға­сыз қалар ма еді,бағаланбай.»                                                          

Бау­кең де, Диме­кең де бай­лық жина­уға құмарт­паған, қай­сы біре­улер­дей, боққа қонған қарға­дай емес, қыран бүр­кіт­тей, өзі шыққан биі­гі­нен төмен­де­ме­ген ұлы тұлғалар.

 Тау­лар нет­кен тамаша,

 Алы­стан тұрып қараса.

Ете­гін­де әттең тау­лар­дың,                                                               Адам­дар бара алса.                                Қасым Аманжолов

Сол ала­са­лар кім­дер, қара­пай­ым халы­қтар ма, әлде тамыр-таныс, әке­лерінің арқа­сын­да оңай олжаға кенеліп, «жаңа қазақ» ата­нып, еңбексіз табыст­ың буы­мен тіп­ті аты-жөн­дерін өзгер­тіп, жаңа­шыл инве­стор-кәсіп­кер ата­нып, қара халы­қты мен­сін­бей «тобыр»-деп жүр­ген атаққұ­мар мен ман­са­пқор­лар ма? Қос-қос диплом, про­фес­сор, ғылым док­то­ры атағын­бы­лай қой­ып, ака­де­мик депут­тар қап­тап кет­ті. Білім­дері асып жат­са, ғылы­ми жаңа­лы­қтар ашы­лып жот­са әңгі­ме басқа ғой. Тобыр дегені­міз, саны көп, сапа­сыз диплом­ның иегер­лері-орыс­ша хал­тур­щик­тер. Мен сияқты, төрі­нен көрі жақын қари­я­ларға, осы заржақ шал­дар­дың үні өшпей­ді екен-деген сөз­ге қалам ба- деген ой маза­лай­ды. Бір қай­ғы­ны ойла­саң, мың қай­ғы­ны қозғай­ды-деген­дей, бұдан 65жыл бұрын қолы­ма алып, үзбей оқып келе жатқан газетім Ленин­шіл жас-қазір­гі Жас Алаш беті­нен соңғы шығып жатқан мақа­ла­лар, мені бей-жай қал­дыр­ма­ды. Жүз кітап оқы­ғын жүз бірін­шісін өзі жаза­ды. Мен де Жас Ала­шқа талай мақа­ла жазған адам­мын. Жас Ала­шта шыққан, «Намыс қайда»-деген мақа­лам­да, Мух­тар­хан Діл­дә­бе­ков, Тоқтар Аубәкіров орта­ла­рын­да батыр Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның сурет­тері басыл­ды. Ертең­гі күнің  бүгін тарих, қазір әуе­сқой тарих­шы­лар көбей­іп кет­ті, Қаза­қтың намысқой аза­ма­ты ретін­де, спорт десе ішкен асым­ды жер­ге қоя­тын едім жас кезім­де. Үш ұлым спорт­пен айна­лы­сып, әскер қата­рын­да отан алдын­дағы мін­детін атқа­рып, жоға­ры білім алды. Үлкен ұлым Ерік жүзу спор­ты­мен айна­лы­сып 1,90 см. бойы өсті..Қажымұханның ізба­са­ры Әбіл­сей­іт Айха­нов, атақты ГАНЕ­ФО-ойын­да­ры­ның чем­пи­о­ны Нұр­ма­ха­нов Әбді­са­лан, қаза­қтың аброй­ын қай жер­де жүр­се де асқақта­тып жүретін. Сол қаза­қтың ардақты аза­ма­тын дәл есі­гінің алдын­да атып кетті.Оқпен атсын, сөз­бен атсын, өзінің озып туған аза­ма­тын ете­гі­нен тар­тып көзін құрт­пай қой­май­тын қызған­шақ мінезі атам заман­нан бері бел­гілі. Сол қаза­ғым-мінезі енді өлілер­дің өткен өміріне тиісіп, тұлға­лар есі­мі, ұлы­ға айна­лып есім-мәң­гілі­ке ел аузын­да  қалып қой­ма­са екен деп, мыса­лы Қона­ев­тың бой­ы­на тиісіп, ойы­на, кел­бет­ті түр-түсіне қызға­ныш біл­діріп, тіп­ті ұлты кім деген сенім­сіздік біл­діруін қалай ұғуға бола­ды. Қалай десек­те Қона­ев­тың қаза­ғы үшін жасаған еңбе­гін ешкім­де жоққа шыға­ра алмай­ды. Елінің есі­мін­де мәң­гілік­ке  жат­та­лып қала­ды. Ең басты­сы Д.Қонаев қазақ бала­ла­рын еңбек ету­ге үйрет­ті, ой еңбе­гі ме, қол еңбе­гі ме әйте­уір ол кез­де ауыл­да бос жүр­ген жастар бол­май­тын. Қалаға кел­ген қазақ бала­ла­ры тех­ни­ка тілін мең­геріп, завод, фаб­ри­ка­да жұмыс жаса­ды. Ал ауыл жаста­рын екін­ші тың деп қой соңы­на сал­паң­да­тып қой, көбісі ішім­дік­ке салы­нып кет­кенін көзі­міз қөр­ді-деген, барып тұрған жала-өтірік, қаза­қты қор­лау.  Қазақ айт­па­шы ма еді, «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрі­нен де қой бағып көтен жеген озар-деме­уші ме еді. Өзім Қараған­ды облы­сын­да 30–35 мың қой өсір­ген шару­а­шы­лы­қтар­да болға­ным­да дала­да мас болып құлап жатқан қой­шы­ны көр­генім жоқ. Қой­шы­лар аулын­да, әр үйден қаза­қ­ша кітап, газет-жур­нал­дар­ды бай­қа­уға бола­тын. Бір өзі төрт түр­лі өнім беретін: ет,жүн, тері, сүт беретін қой малын бағу­ды қор­лық санау,құл санау барып тұрған біл­ме­стік.  Ал қазір­ше ауыл­ды жауып, жаста­ры­мыз жұмыс іздеп қалаға келіп, базар жаға­лап, бомбж, бич боп кету­леріне кім әсер етті. Әлде бұл Д.Қонаев сая­са­ты­ның кесірі ме?  Әлде жет­кен жетісті­гі­міз бе? Ал Қона­ев­тың бас­шы­лы­ғы кезін­де 200 қазақ мек­теп­тері жабы­лып қал­ды-деген, өсек­шіл­дер­дің ойдан шығарған өтірік­теріне Г.Бельгер жоққа шығарға­рып айтқа­ны­на толы­ғы­мен қосы­ла­мын. Қоса­рым , өзім туып өскен Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­ның қазір­гі ата­уы М. Жұма­ба­ев ауда­ны мен Ақ қай­ың (бұры­нғы атау Совет) аудан­да­ры­нан мысал кел­тіретін бол­сақ, ол аудан­дар­дың жера­у­мағы шағын, ради­у­сы 50 км бола­тын жер­де Сар­то­мар, Ленин, Үлгі ауыл­да­ры­ның жал­пы орта білім береті, Слу­шоқ негіз­гі орта білім мек­теп­тері орна­ласқан. Осы уақы­тқа дей­ін ауыл­дың көшуіне бай­ла­ны­сты тек Үлгі мен Ленин жал­пы орта білім беретін мек­теп­тері ғана жабы­лған. Жалған айтып, тарихы­мы­зды бұр­ма­лап, бола­шақ ұрпағы­мы­зды өтірік мәлі­мет­тер­мен шаты­стыр­май­ық, дегім келеді.

Серік Хами­тов,

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жур­на­ли­ст­тер одағы­ның мұшесі

              24.05.21

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн