Пятница , 4 июля 2025

АУҒАН ҚАЗАҚТАРЫ Қазақстаннан КӨМЕК СҰРАЙДЫ

  • Тәліп­тер арми­я­сы Ауған­стан­ды толы­қтай бақы­ла­у­ы­на алды. Пре­зи­дент Ашраф Ғани елден қашып кету­ге мәж­бүр болды.

Бұл екі ара­да АҚШ пре­зи­ден­ті Джо Бай­ден жур­на­ли­стер­ге Ауған­стан­нан Аме­ри­ка әскерін әке­ту тура­лы шешім қабыл­даға­ны­на өкін­бей­тінін айт­ты. «20 жыл­да АҚШ әскерін шыға­рып әке­тетін­дей басқа ыңғай­лы сәт болған жоқ. Ауған­стан­да соғы­суға мәж­бүр болған АҚШ-тың төр­тін­ші пре­зи­ден­ті­мін. Мен осы­ны бесін­ші пре­зи­дент­тің мой­ны­на іліп кет­кім кел­мей­ді», – деді ол.

Джо Бай­ден “Тали­бан” қозға­лы­сы­ның шабуы­лы АҚШ пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гі болжаған­нан әлдеқай­да жыл­дам болға­нын мой­ын­да­ды. Оның сөзін­ше, “АҚШ тәліп­тер­ге қар­сы тұру үшін ауған үкі­метінің қару­лы күш­теріне қолы­нан кел­ген­ше көмек­те­сті. АҚШ-тың Ауған­стан­дағы әске­ри мис­си­я­сы­ның құны 1 трил­ли­он дол­ларға түсті. Ауған сол­дат­та­ры тех­ни­ка мен қару-жарақ алды, киін­ді, дер кезін­де жалақы алып тұрды”.

Пре­зи­дент­тің телеүн­де­уін талқы­лаған жур­на­ли­стер Бай­ден­нің “Ауған­дар өздері үшін өздері қару алғы­сы кел­ме­се, ондай жер­де Аме­ри­ка әскері соғы­спай­ды, соғы­суға мін­дет­ті емес” деп, “мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­на алмаған­дарға” қара­та айтқан сөзін атап өтті.

Деген­мен осыдан бір ай бұрын Кабул үкі­меті әлі де бір­не­ше ай билік­те тұра ала­ды деп есеп­те­ген АҚШ пре­зи­ден­ті Джо Бай­ден мен оның әкім­шілі­гін Ауған­стан қару­лы күш­терінің ойсы­рай жеңіліп, ауған өкі­метінің жыл­дам құлаға­ны айран-асыр етті.

Ақ үй бұры­нғы есеп­терінің қате болға­нын мой­ын­да­ды. “Ауған­стан қауіп­сіздік күш­тері өз елін қорға­уға жара­ма­ды” деді АҚШ мем­ле­кет хат­шы­сы Энто­ни Блин­кен. Оның сөзін­ше, жағ­дай Вашинг­тон болжаған­нан әлдеқай­да тез өзгер­ген деп хабар­ла­ды Azattyq.org

Ауған­стан­ның тәліп­тер­ден сес­кен­ген халқы елден кетудің бар­лық жолын ізде­уде. Интер­нет­те тараған виде­о­лар­да Кабул әуе­жай­ы­на ағы­лған жұрт­ты, ұшақтарға жан­та­ла­са кіру­ге тыры­сып жатқан адам­дар­ды бай­қа­уға болады.

Азаттық тіл­шісі сөй­лес­кен Ауған­стан­дағы қаза­қтар да елді үрей биле­генін, қорқы­ны­шта өмір сүріп жатқан­да­рын айтады.

Тали­бан” бақы­лау орнатқан Құн­дыз қала­сы­ның тұрғы­ны 32 жастағы Қ. (қауіп­сізді­гі үшін аты-жөні көр­сетіл­меді – ред.) “күн­діз үйден шыға алмай­мыз, тығы­лып жата­мыз” дей­ді. Мек­теп жасын­дағы екі қыз, бір ұлы барын айтқан қала тұрғы­ны енді сабақ бол­май­ды деп күр­сі­неді. «Қазір көше­де тыныш. Ешқан­дай атыс-шабыс жоқ. Бірақ мек­теп, банк, дүкен­дер­дің бәрі жанып кет­ті. Енді мек­теп­те сабақ бол­май­ды. Кеш­ке қала­ны тәліп­тер ара­лап жүреді. Олар ұрып-соға­ды», – дей­ді ол.

Құн­ды­зда тұра­тын қазақ “Тали­бан” содыр­ла­ры өзге ұлт өкіл­деріне де қысым жасай­ты­нын айта­ды. «Ауған­стан­да тәліп­тер­дің қолын­да қал­дық. Құн­ды­зда он бес­тей ғана қазақ отба­сы бар. Бәрі­міз үрей­леніп отыр­мыз. Өзбек­ше сөй­лей­міз, қазақ тілін ұмыт­тық. Тәліп­тер ұра­ды, соға­ды. “Қазақ бол­саң Ауған­стан­нан кет, бұл жер­де не шару­аң бар?!” дей­ді. Ауған­стан­да қым­бат­шы­лық. Күні­мізді әрең көріп отыр­мыз. Ал тәліп­тер “нан бер” деп келеді. Біз­ге тыны­штық берер емес, – деген ол Қаза­қстан­нан жәр­дем сұрады.

Ауған­стан қаза­ғы қолын­да құжа­ты, я аза­мат­ты­ғы жоғын, құжат жаса­ту үшін “Тали­бан” бақы­ла­у­ын­дағы Кабулға бару кере­гін айта­ды. «Қазір адам­дар Өзбек­станға, Тәжік­станға, Иранға қашып жатыр. Ал қаза­қтар ешқай­да кете алмай отыр. Ешкім біз­ден хабар алма­ды. Қолы­мы­зда жеке куәлік жоқ. Біз­ге аза­мат­тық та бер­меді. Алы­стағы Кабулға жете алмай­мыз. Қолға түс­сек, соғы­сқа әке­те­ді», – дей­ді ол.

Құн­дыз қала­сын­да тұра­тын тағы бір қазақ 45 жастағы Х. (қауіп­сізді­гі үшін аты-жөні көр­сетіл­меді – ред.) екі бала­сы және кәрі ана­сы­мен тәліп­тер­ден қашып, жасы­ры­нып жүр. Тәліп­тер Құн­ды­зға шабуыл жасаған­да, кәсіп қылып оты­рған дүкені өртеніп кет­кенін айтады.

«Әкем де, шешем де қазақ. Тәліп­тер бізді қуғын­дап жатыр. Жасы­ры­нып жүр­міз. Біз секіл­ді қашып жүр­ген­дер өте көп. Кабул­дағы Қаза­қстан елшілі­гі­нен көмек сұрай­ық десек, ол жер алыс. Жол­да тәліп­тер­дің қолы­на түсіп қала­мыз ба деп қорқа­мын. Көмек­тесіңіз­дер­ші!» – деді ол WhatsApp арқы­лы Азатты­ққа жол­даған аудиосында.

Бұдан бөлек Қаза­қстан­дағы кей­бір қаза­қтар да Ауған­стан­да қалған туы­ста­ры­ның өміріне алаң­дап отыр. Мәсе­лен, Алма­ты облы­сы Қара­сай ауда­нын­да тұра­тын Иба­дул­ла Тұрап­тың (фото) екі аға­сы мен үш қарын­да­сы Кабул­да қалып қойған.

«Бір әке­ден тараған тоғыз бала­ның бесе­уі Ауған­стан­да. Ауған­стан­дағы жағ­дай­ды есті­ген болар­сыз. Жағ­дай қиын. Бізді алып кетің­дер деп жатыр. Олар­ды қалай алып кете­міз? Өзі­міздің де кел­гені­міз­ге алты жыл бол­са да, әлі күн­ге Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын ала алмай жүр­міз», – дей­ді Иба­дул­ла. Оның Ауған­стан­да әкесі­мен бір­ге туы­са­тын басқа да туы­ста­ры бар. Соның бірі осы­дан бір­не­ше апта бұрын база­рға барған­да оқ тиіп, қай­тыс болған.

Ауған жұр­ты тәліп­тер шариғат заңын орна­тып, құқы­ғы­мы­зды шек­тей­ді деп қорқа­ды. Тәліп­тер ұрлық жасаған­дар­дың қолын кесіп, адам өлтір­ді деп күдік­ке ілін­ген­дер­ді, жұбай­ы­ның көзіне шөп сал­ды деп айып­талған­дар­ды ешқан­дай сот­сыз жұрт­тың көзін­ше өлім жаза­сы­на кеседі. Ер адам­дар­ды сақал өсіру­ге, әйел­дер­ді пәрен­жі кию­ге мәжбүрлейді.

Тали­бан” теле­ди­дар көру, музы­ка тың­дау, кино­те­ат­рға баруға тый­ым салып, 10 жастан асқан қыздар­дың мек­теп­ке баруы­на шек­теу қояды. Халы­қа­ра­лық адам құқы­ғын қорғау ұйым­да­ры “Тали­бан­ды” адам құқы­ғын өрес­кел бұза­ды деп жиі айыптайды.

Ал 20 жыл­дан кей­ін Ауған­станға қай­та бақы­лау орнатқан “Тали­бан” Ауған­стан халқы­ның құқы­ғын шек­те­мей­тінін мәлім­деді. Бірақ ауған­стан­ды­қтар олар­дың сөзіне сенбейді.

Сарап­шы

«Тали­бан» қалай ПАЙДА БОЛДЫ?

  • «Тали­бан» ұйы­мы қай­да және қалай пай­да бол­ды? Олар мұсыл­ман ба? Мұсыл­ман бол­са қай мәзһа­б­ты ұста­на­ды? Олар­дың шығу тарихы тура­лы не айта­сыз деп, Qalam.kz интер­нет-сай­ты қой­ған сұрақтарға елге бел­гілі дін­та­ну­шы-ғалым Мұқан Иса­хан жау­ап берді.

«Тали­бан» араб тілін­де «талиб» – ізде­ну­ші, шәкірт мағы­на­сын біл­діреді. Өткен ғасыр­дың 80-ші жыл­да­ры Кеңес үкі­меті ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ның аясын кеңей­ту мақ­са­ты­мен Ауған­станға басып кір­ді. Кеңес әскері ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ны қол­да­маған дін адам­да­рын аяу­сыз қырып-жой­ды. Осы кез­де босқын болып, Пәкістан жеріне қашқан Ауған жет­кін­шек­тері Пеше­вар­дағы Дио­бент­тік бағыт­тағы Хак­ка­ни мед­ре­сесін­де білім алады.

Дио­бент­тік мек­теп – фиқһта хана­фи мәзһа­бы, ақи­да­да матру­ди мек­тебін ұста­на­ды. Үндістан­ның Деобанд қала­шы­ғын­да 1866 жылы Рашид Ахмед Ган­гуһи және Мұхам­мед Қасым Нану­те­би құрған бұл мек­теп ағы­л­шын импе­ри­а­лиз­міне қар­сы құры­лған. Алай­да, қозға­лыс мүше­лері ислам шариға­тын қатқыл ұста­нуы­мен ерекше­ле­неді. Осы Деобент­тік бағыт­тағы Хак­ка­ни мед­ре­сесін­де білім алған пуштун жаста­ры (тәліп­тер) 1989 жылы Кеңес Үкі­метінің әскері кері шегін­ген­де, Ауған­стан­ның ішкі сая­са­ты­на ара­ла­са бастады.

Тәліп­тер өздерін: «Алла­ның шәкірт­тері­міз» деп атай­ды. Олар таза шариғат­ты ұста­ну арқы­лы Ауған­стан­да ислам мем­ле­кетін құру­ды көз­дей­ді. Әйт­кен­мен, халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар­дың көп­шілі­гі Хак­ка­ни мед­ре­сесінің артын­да АҚШ сая­си тех­но­лог­та­ры тұр деп біледі. Кеңес Үкі­меті Ауған­стан­ды қанға бояп жатқан­да, АҚШ қашқын жастар­дың басын бірік­тіріп, олар­ды діни идео­ло­ги­я­лық тұрғы­дан ком­му­ни­стік билік­ке қар­сы тәр­би­е­леу үшін Пәкістан­дағы Хак­ка­ни мед­ре­сесін қар­жы­лан­ды­рған. Тәліп­тер өсіп жеті­ле бастаған­да, олар­ды қару-жарақ­пен һәм қар­жы­мен қам­та­ма­сыз етіп, Ауған­стан сая­са­ты­на ара­ла­суға үнде­ген. Кеңес Үкі­метінің әскері 1989 жылы Ауған жерін тастап шыққан­нан кей­ін, билік басы­на кел­ген мод­жа­хед­тер мен тәліп­тер­дің арақа­ты­на­сы­на жік түсіп, екі тарап бір-бірі­мен соғы­суға мәж­бүр болды. 

Пуштун тәліп­тері 1995 жылы Ауған­стан­ның басым көп­шілі­гін жау­лап алды. Оларға Деобент­тік мек­теп­тің өкілі Мохам­мад Омар жетек­шілік жаса­ды. Әу баста Мохам­мад Омар Қан­дағар қала­сын тәліп қозға­ла­сы­ның орта­лы­ғы етті. Кей­ін 1996 жылы Кабул қала­сын басып алып, тәліп­тер Ауған­стан билі­гін қолы­на алды. Мохам­мад Омар Ауған­стан­дағы мем­ле­кет жүй­есін ислам шариға­ты­на сай құрғы­сы кел­ді. Мем­ле­кет­тің ең жоғарғы билік инсти­ту­ты – «Ислам Шура­сы» болды.

Ал, мем­ле­кет әмірі болып Мохам­мад Омар­дің өзі сай­лан­ды. Тәліп­тер билік­ке келе салып, қоғам­дық қаты­на­стар­ды ислам шариға­тын сай рет­тей­тін сая­си жүй­ені енгізді. Ислам өмір сал­ты­нан өзге үлгілер­ді неме­се зай­ыр­лы құн­ды­лы­қтар­ды тұты­ну қыл­мыс болып есеп­тел­ді. Қыздар мен әйел­дер ниқаб кию­ге мін­дет­тел­ді. Ола­дың қоғам­да жұмыс істе­уіне шек­теу қой­ыл­ды. Теле-радио жұмысы­на, музы­ка тың­да­уға үзіл­ді-кесіл­ді тиым салынды.

Жал­пы, ислам мәде­ни­етіне жат саналған бар­лық құн­ды­лы­қтар харам деп есеп­теліп, оны тұты­нған неме­се жасаған адам­дар қатаң жаза­лан­ды. Тәліп үкі­меті Бами­ан аңға­рын­дағы II‑V ғасыр­лар­да жасалған алып Буд­да ескерт­кі­ш­терін қира­ту­мен күл­лі әлем­ді үрейлендірді.

2001 жылғы 11 қыр­күй­ек оқиға­сы­нан кей­ін Әл-Кай­да жетек­шісі Уса­ма бен Ладен Ауған­станға келіп пана­ла­ды. АҚШ үкі­меті Ауған­стан бас­шы­сы Мохам­мад Омар­дан Уса­ма бен Ладен­ді ұстап беруді сұраған­мен, ол бұл ұсы­ны­сты қанағат­тан­ды­рған жоқ. Нәти­же­сін­де АҚШ және «Сол­түстік Аль­янс» әске­ри күш­тері 2003 жылы Ауған­стан жеріне басып кіріп, тәліп­тер­ді билік­тен тай­дыр­ды. Әйт­кен­мен, тәліп­тер Ауған­стан­ның Виза­ри­стан аймағын­да әлі де ықпал­ды күш­ке ие. 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн