Суббота , 24 мая 2025

Ауғанстан қазақтарын ТАЛИБАН тепкісінен құтқарайық

Соны­мен, Ауған­стан­ды тәліп­тер басып алған­нан кей­ін, Орта Азия елдерін­де сыр­тқы сая­сат­тың жаңа кон­ту­ры пай­да бол­ды. Тали­бан билі­гі­нен қашып, жан­са­уға­лаған халық сырт елдер­ді пана­ла­у­ға ұмты­лу­да. Сол жанұ­шы­рған халы­қтың бірі – ауған қазақтары.

Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Тоқа­ев мыр­за өткен апта­да «қажет бол­са, қаза­қтар­ды елге көші­ру керек» деп, тиісті ведом­ство­ларға тап­сыр­ма бер­ді. Бірақ оның «қажет бол­са» деген сөзі көңіл­ге күдік ұяла­та­ды. Себебі – пре­зи­дент­тің аузы­нан шыққан «қажет бол­са» деген сөз тиісті меке­ме­ге жет­кен­ше «қажет бол­май» қалуы әбден мүм­кін. Оған Тоқа­ев өкі­мет басы­на кел­ген соңғы екі жыл­да әбден көз жетті.

Міне, сол «қажет бол­са» деген сөз ауы­здан шыққа­лы бір апта уақыт бол­ды, бірақ Қаза­қстан билі­гі ауған қаза­қта­рын елге әке­ле баста­ды деген хабар жоқ. Бұл екі ара­да АҚШ, Ұлы­бри­та­ния және басқа да Батыс елдері Ауған­стан­нан өз аза­мат­та­рын жөңкі­ле көшіру­де. Соңғы ақпа­ратқа қараған­да, АҚШ әкім­шілі­гі өзінің және одақ­тас елдер аза­мат­та­рын ауған жері­нен алып шығу үшін, Кабулға күніне жүз­ден астам ұшақ жібе­ру­де. Ал Қаза­қстан әзір­ге сыр­тқы дипло­мат­та­рын елге әкел­ді деген хабар­дан басқа ләм-мим дерек жоқ.

ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің ресми өкілі Айбек Сма­дя­ро­втың «Хабар 24» ТВ-арна­сы арқы­лы айтқан мәлі­метіне қараған­да, «Ауған­стан­да бар­лы­ғы 15-ке жуық қазақ отба­сы тұра­ды, бар­лы­ғы шама­мен 200-дей адам». Ауған жерін­де­гі бар­лық қаза­қты жиып-теріп елге алды­руға небәрі төрт АН-74 жүк ұшағы (сиым­ды­лы­ғы – 52 орын) қажет бола­ды екен.
Ал өз кезе­гін­де Ауған­стан­дағы қаза­қтар Тали­бан теп­кісі­нен құтқа­ру­ды Қаза­қстан билі­гі­нен жалы­на-жал­ба­ры­на сұрап жатқан хабар­лар ақпа­рат желілері арқы­лы тарап жатыр. Сол хабар­лар­дың бірін бүгін­де АҚШ-та жүр­ген таны­мал құқы­ққорға­у­шы аза­мат Серік­жан Біләш өзінің «YouTube» желісін­де­гі арна­сы арқы­лы тарат­ты. Төмен­де біз сол видео-хабар­дың ықшам­далған мәтінін жари­я­лап отырмыз.

ДАТ-ақпа­рат.

Серік­жан БІЛӘШҰЛЫ:

Өзбек­станға қашып кел­ген қазақ Ауған­стан­да қалған ана­сын және өзінің бала-шаға­сын құтқарғы­сы келеді. Оның әкесін ерте­ректе тәліп­тер атып өлтір­ген, нақақтан нақақ, еш себеп­сіз, еш сұра­у­сыз атқан да, өлті­ре салған. Ал жігіт­тің өзі шека­ра­дан өтіп, өзбек шека­ра­сы­на келіп, ауған /телефон/ нөмірі арқы­лы «Ата­жұрт ерік­тілерінің» ең негіз­гі бел­ді мүше­лерінің бірі Тілек Нияз­бекұлы­на қоңы­рау шалған. Ауған­стан қаза­ғы­ның Тілек­пен сөй­лес­кен аудио­сын қазір біз сіз­дер­ге тыңдатамыз.

Естеріңіз­ге сала кетей­ік, Ауған­стан­ның қаза­ғы, біз осы­дан бір­не­ше күн бұрын мәлім­де­ме таратқан­дай, олар­дың дені Кіші жүздің қаза­қта­ры. Біз­ге хабар­ласқан жігіт те Кіші жүз қаза­ғы, өзінің арғы ата­ла­ры­ның Қызы­лор­да­дан екенін біледі, өзі Қаза­қстан­да бол­маған, бірақ тап-таза, қаза­қ­ша сөй­леп отыр.

Біз­ге ауған қаза­қта­ры, яғни Совет одағы құлаған­нан кей­ін, Қаза­қстанға көшіп кел­ген ауған қаза­қта­ры хабар­ла­сып, ұйым­да­сып, өздерінің Ауған­стан­да қалған таны­ста­рын, білістерін, әке-шеше­сінің таны­ста­рын, наға­шы­ла­рын, тіп­ті жора-жол­даста­ры­ның таны­ста­рын, рула­ста­рын, солар­дың деректерін беруі керек. Мынау біздің бюро­крат­тар, білесіз­дер, тәт­ті сөй­ле­у­ге шебер, халы­ққа үне­мі кәм­пит беріп, алдап кел­гелі отыз жыл бол­ды. Дамы­ған отыз елдің қата­ры, «2030» деп жүріп, «2050»-ге де кел­дік, алды­да «2090» деген бағ­дар­ла­ма жасал­са, оған дей­ін де ұйы­қтап оты­ра бермейік.

 Енде­ше, біз үкі­мет­ті осы жұмысты істе­у­ге мәж­бүр­леп, өз тала­бы­мы­зды қоюға тиіс­піз. Ал Қаза­қстан үкі­меті бұл жол­да тек тіл­мен жұмыс істеп, қара­кет­ке кіріс­пей­тін бол­са, халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың алдын­да быт-шытын шыға­руға дай­ын болуы­мыз керек. Сон­ды­қтан, бүкіл қазақ бала­сы атта­ны­сқа кел, әсіре­се баты­стағы Кіші жүздің қаза­қта­ры осын­дай­да өзіңнің батыр­лы­ғы­ң­ды, ерлі­гіңді, мықты­лы­ғы­ң­ды, әлі рухын­ның сын­баға­нын көр­сетіп қал!

Ауған­стан­ның қаза­ғы осы­дан бір ғасыр бұрын баты­стан /Маңғыстау/, Қызы­лор­да­дан кет­кен қаза­қтар – өздеріңнің Кіші жүз­дерің, бауыр­ла­рың. Енде­ше, әрбір ұлт­шыл қазақ, «мен – қаза­қ­пын» дей­тін қазақ, «әр қазақ – менің қаза­ғым» дей­тін қазақ орны­ң­нан тік тұрып, үкі­мет­ке тала­бы­ң­ды қой­ып, әле­умет­тік желі­де бел­сен­ділік таны­тып, Ауған­стан қаза­ғын құтқа­руға кірісіңдер!

Енде­ше газет оқыр­ман­да­ры­на, Тілек Нияз­бекұ­лы мен осы Ауған­стан қаза­ғы­ның аудио­сы­ның жаз­ба нұсқа­сын ұсы­на­мыз (диа­лог ықшамдалған):

- Аты-жөніңіз кім?

- Алло… Ахмет менің есі­мім. Пәми­ләм – Абдура­хим. Ауған­стан аза­ма­ты­мын, ұлтым – қазақ, руым – Кіші жүз. Нөміріңізді «YouTube»-тан алдым, бір аға­мыз сіздің нөміріңізді жазып бер­ді. Бұл жер­де жағ­дай­ы­мыз қиы­ны­рақ. Не істері­мізді біл­мей­міз. Нөміріңізді бер­ді «осы­мен хабар­лас» деп.

- Сіз қазір қайдасыз?

- Мен Өзбек­станға қашып кел­дім, қазір Термездеміз.

- Өзбек­станға көшіп кел­діңіз­дер бе?

- Қашып кел­дік біз, жағ­дай­ы­мыз қиын болған­нан кей­ін. Бес балам бар, анам бар, әкем қай­тыс болған. Үйде бір өзім… жалғыз. Әйелім – түркімен.

- Өзіңіз қай жылғысыз?

- Мен 84-жылғы­мын. Ауған­стан­да қалған қаза­қтар­ды не істей­міз, ағай? Жағ­дай ауыр, енді шека­ра ашыл­ды, үйде қалған­дар­ды уай­ым­дап отыр­мын. Қазақ тілін­де таза сөй­лей алмай­мын. Менің анам – түрк­мен, әкем – қазақ, Кіші жүз Шөме­кей, оның ішін­де Сары­қасқа. Қызы­лор­да жақтан 82-жылы келген.

- Сіз өзіңіз сол Ауған­стан­ның аза­ма­ты­сыз ба?

- Жоқ-жоқ, Ауған­стан­ның аза­ма­ты­мын, ағай. Қаза­қстанға барған жоқ­пын. Енді /қазақ үкіметі/ қаза­қтар­ды ала­мыз деп жатыр екен, соны естідім. Өзбек­станға кір­гізді бізді… Біз өзбек емес­піз, қаза­қ­пыз. Уақыт­ша бас­па­на бер­ді бізге.

- Сіз­дер мүм­кін­ді­гін­ше Өзбек­стан­да Қаза­қстан­ның елшісі бар, соған хабар­ла­сып көріңіз­дер: «Біз – қаза­қ­пыз, Қаза­қстанға өткі­міз келеді, біз­ге виза беретін қан­дай көмек­теріңіз бар?» деп, сіз­дер ұсы­ныс-талап­та­ры­ңы­зды айтып көріңіз­дер. Олар сіз­дер­ге жәр­дем беруі керек. Егер көмек бер­мей жатқан жағ­дай­да, осы ақпа­рат­та­ры­ңы­зды ашық жари­я­лай­мыз. «Біздің қаза­ғы­мыз осын­дай жәр­дем сұрап кел­ген еді, көмек­тес­пей жатыр» деп, ашық жари­я­лау арқы­лы сіз­дер­ге көмек­те­стіре­міз, құдай қала­са. Өзбек­стан­ның қай жеріндесіңдер?

- Тер­міз деген қала­сын­да­мыз. Иә, егер де мен Ауған­станға қай­тып, Қаза­қстан­ның елшілі­гіне барсам…

- Жоқ Ауған­станға бар­маңыз, Өзбек­стан­дағы Қаза­қстан­ның елшілі­гіне барыңыз!

- Себебі менің үйде­гілерім Ауған­стан­да қал­ды, пас­пор­ты жоқ, ешқан­дай құжа­ты жоқ, ешнәр­се бер­ме­ген біз­ге. Бізді адам ретін­де көр­мей­ді Ауған­стан­да. Ол жер­де /негізінен/ тәжік­тер, кей­ін пуштун­дар, өзбек­тер – олар­дың дәре­же­сі біз­ден жоға­ры тұрады.

- Ауған­стан­ның қан­дай ауы­лын­да тұрасыздар?

- Біз Маза­ри-Шериф­те тұра­мыз, ағай. Ол жер­ді де тали­бан­дар басып алды. Өзбек­станға өту­ге мәж­бүр болдық.

- Сіз­дер тұрған жер­де қан­ша қазақ отба­сы бар, көп пе?

- Жоқ ағай, қаза­қтан мен ғана бар… Асат деген бір жігіт бар. Оны Ауған­стан­да тали­бан­дар түр­ме­ге қамап қой­ған, ол да кеше шығып­ты, мені­мен хабарласты.

- Қан­ша жан бар­сыздар сол сіз­дер тұрған ауылда?

- Біз екі адам­быз, екі отбас бар… Менің әкем жоқ, қай­тыс болған. Анам бар, бес тал бала-шағам бар… екі қыз, үш ұл, әйелім бар.

- Аға-бауыр­ла­рың жоқ па?

- Жоқ-жоқ, бір өзім, ағай, жалғыз…

- Ал жаңағы Асхат­тың әке-шеше­сі жоқ па? Оның әйелі, бала-шаға­сы жоқ па?

- Оның бала-шаға­сы бар, әкесі жоқ. Әкесі қай­тыс болып кет­кен. Інісін тәліп­тер атып өлтір­ді… Менің әкем­ді де тали­бан­дар өлтір­ген. Ешкім сұра­май­ды, мешіт­тен шыққан кез­де өлтіріп кет­кен. Біз­ге теле­фон бер­мей­ді, /поштадан/ теле­грамм арқы­лы хабар­ла­са­мыз. Ойым – отба­сым­да… алаң­дап тұрмын.

- Өзбек­стан үкі­метінің қыз­мет­тері­нен, Қаза­қстан­ның елшілі­гіне барып, көмек сұраңыз. Қаза­қстан­ның елшілі­гіне барып, жолы­қ­саңыз, біз­ге де бір хаба­рын беріңіз.

- Ағай, рах­мет, жәр­де­міңіз біз­ге керек болып тұр! Ауған­станға да бар­сам деп тұрмын.

- Ауған­станға барға­ны­ң­мен, жеке басы­ң­ның қауіп­сізді­гі қалай болар екен? Бала-шағаң­нан хабар алып тұр­сың ба? Аман-сау ма екен?

- Ие, хабар­ла­стым, үйден шыға алмай­ды. Қазақ, қырғыз, түр­кі­мен­дер­ге қара­май­ды, ұлтың – тәжік, өзбек, пуштун болуы керек екен. Осы­дан біраз уақыт бұрын Өзбек­станға кел­генім­де, құжат­та­рым­ды жоғал­тып алдым. Маған жәр­дем бере ала­сыздар ма? Ауған­стан­дағы қазақ елшілі­гі көмек­те­сетін бол­са, бала-шағам­ды ертіп, ол жаққа баруға да дайынмын.

- Тұра­тын жерің мен Ауған­стан­ның аста­на­сы – Қабулға қан­ша шақырым?

- Маза­ри-Шариф­тен 400 келеметр…

- Баруға бола ма? Шека­ра­дан өте ала­сың ба? Жеке басы­ң­ның аман­ды­ғы­на көңіл бөл, бала-шағаң­ды бір жер­ге жасы­рып қой…

- Ие, өзім бара ала­мын. Бала-шағам­ды апа­ру – қауіп­ті. Бару да оңай емес, тәліп­тер жол­дан ұстап алып, құжат­тар­ды тек­се­реді екен, ал біз­де құжат жоқ. Төлқұ­жа­тым­ды қай­та­дан алу үшін, ақы­сын төлеп, құжат өткіз­гені­ме екі ай бол­ды. Бірақ әлі бер­мей жатыр. Өздерінің ұлты­на (өзбек­тер, тәжік­тер, пуштун­дар) бір-екі күн­де құжат беріп жатыр. Күн сай­ын бар­сақ та, Кабул­дан құжат­тар кел­ген жоқ деп шыға­рып салады.

- Бір ама­лын тауып, Қаза­қстан­ның елшілі­гіне бара алсаң, көмек сұрап көр, қан­дай кеңес береді екен, көмек­те­се алма­са, оны да жасыр­май айт, ашық ақпа­рат көз­деріне жари­я­лай­мыз. Шару­аң­ды бітіріп, елге келіп жат­саң, біз­ге хабарлас.

- Жарай­ды, аға!

Бауыр­лар, Ауған­стан­ның қаза­ғы – ата­ла­ры Қызы­лор­да жақтан көш­кен. Ол заман­да діни қай­рат­кер­лер көш­кен, оры­стар басып алған кез­де, 1916–17 жыл­дар­да – бір ғасыр бұрын, оры­стың үкі­метіне қар­сы шыққан діни қай­рат­кер­лер, туыс-туған­да­ры­мен, рула­ры­мен шека­ра­дан ары қарай өткен. Аман қалған қаза­қтың қай­мағы, қасқа­сы мен жай­саңы Ауған­станға өткен.

Бұл жігіт­ті Ауған­станға қай­тар­май, Өбек­стан өкі­меті уақыт­ша бол­са да жол жүру куәлі­гін жасап, Қаза­қстан жағы­на өткізу­ге болады.

Видео-хабар­дың газет­тік мәтінін дайындаған –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ.

«DAT». 26.08.2021.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн