Пятница , 4 июля 2025

ТӘЛИБАНДАР Ауған билігіне ҚАЛАЙ КЕЛДІ?

Тәли­бан­ның билік­ке келетіні АҚШ CIA-да (Central Intelligence Agency – Орта­лық бар­лау басқар­ма­сы) құжат­тал­ды, Дохада қол­таң­ба­сы қой­ыл­ды, Кабул­де жүзе­ге асты. АҚШ сыр­тқы бар­ла­уы 2001–2010 жж. ара­сын­да неше жүз­де­ген рапорт дай­ын­дап, үкі­мет­ке толас­сыз ескер­ту­лер жаса­ды. Маз­мұ­ны мына­дай: әлем­де АҚШ-тың 800-ден астам әске­ри база­сы бар, әске­ри база­ны ұстап тұру үшін 7–8 трлн дол­лар шығын кете­ді. Сол үшін үкі­мет не гео­ст­ра­те­ги­я­лық сая­са­тын түбе­гей­лі өзгерт­сін, не кей­бір әске­ри база­лар­ды түбе­гей­лі жапсын.

СІА рапор­ты­ның көп ұсы­ны­сы қабыл­дан­ды, АҚШ стра­тег­тері кей­ін Ауған­стан сая­са­ты­на бай­ла­ны­сты жаңа өзгерістер қабыл­да­ды. 2010 жыл­дың қара­ша айын­да Гер­ма­ни­я­ның Мюн­хен қала­сын­да бірін­ші рет Тәли­бан­мен келіс­сөз өткізді, онда он сегіз сағат ашық пікір­та­лас жасал­ды. 2011 жылы Дохада кез­де­сті. Тіп­ті 2013 жылы АҚШ Тәли­банға Дохадан өкілет­тілік құрып берді. 

Екін­ші. 2001 жыл­дан соң Тәли­бан шын мәнін­де көп рефор­ма­лар қабыл­да­ды. Кадр­лық ауыс-түй­істер бол­ды. Билік құра­мы­на жаңа дипло­мат­шыл, ымы­ра­шыл тұлға­лар келе баста­ды. Олар: бірін­ші, өзбек-түрк­мен-тәжік­тер­ді қозға­лы­сқа тарт­ты; екін­ші, халы­қа­ра­лық мін­бер­лер­де сау­ат­ты пікір­та­лас жасай біл­ді; сөй­тіп «авто­мат ұстаған тәли­бан – дипло­мат­ты тәли­банға» айна­ла баста­ды. Алпа­уыт және аймақтық күш­тер олар­ды өздері келіс­сөз­ге шақы­ра баста­ды. АҚШ, Еуро­па, Қытай, Ресей, Иран, Үндістан мен Паки­стан Тәли­бан­мен жеке-жеке дөң­ге­лек үстел­ге отырды.

Соңын­да келісім былай бола­тын бол­ды: Тәли­бан – билік­ке келеді, бірақ кезең-кезеңі­мен билік­ті ала­ды; Тәли­банға билік өтпе­стен бұрын Орта­лық Ази­я­ның бірін­де сая­си төң­керіс, бірін­де – этни­ка­лық қақты­ғыс, тағы бірін­де жары­лы­стар орын алуы тиіс. Осы үш прак­ти­ка­дан соң, Орта­лық Ази­я­ның шынайы бет-бей­несі айшы­қта­ла түседі. Соны­мен бір­ге Қытай мен Ресей­дің аймаққа бай­ла­ны­сты нақты реак­ци­я­сы аны­қта­ла­ды. Содан соң АҚШ тамыр басып, рапорт қабыл­дай­ды, анық рапорт АҚШ-тың Орта­лық Азия сая­са­тын тез­де­ту­ге көмектеседі.

Көп күт­тір­ген жоқ, Қаза­қстан­да этни­ка­лық қақты­ғыс, әске­ри қой­ма­да жары­лыс орын алды. Қырғыз­стан­да сая­си төң­керіс бол­ды, билік­ке ерекше тұлға­лар кел­ді. Содан кей­ін АҚШ пен НАТО «әскер шегін­діре­міз» деп, Дохада келісім­ге қол қой­ды. АҚШ мем­хат­шы­сы Майк Пом­пео Орта­лық Азия елдерін бір ара­ла­ды да, Ауған­стан­дағы «Шарқи Түр­ки­стан Ислам Пар­ти­я­сын» ресми түр­де қара тізім­нен шығарды. 

Үшін­ші. Дохадағы келісім­нен соң, АҚШ және НАТО күш­тері кезең-кезеңі­мен Ауған­стан­нан шегініп жат­ты. АҚШ әске­ри күш­тері азай­ған сай­ын, Тәли­бан да кезең-кезеңі бой­ын­ша ілгері жыл­дам­ды­қ­пен Кабул­ден басқа бар­лық про­вин­ци­я­лар­ды алуға тыры­сып жат­ты. Соңын­да Пен­та­гон «эва­ку­а­ци­я­лай­мыз» деген сыл­та­у­мен үш мың­дай әскерін жібер­ді, олар­дың Кабул­ге таба­ны тиер-тиме­стен ресми билік пре­зи­ден­ті отстав­каға кетіп, ел бір-ақ сәт­те бас­шы­сыз қал­ды. Бүкіл әлем шок бол­ды. Тәли­бан­ның өзі мұн­дай «тездік­ті» күт­пе­дік деп мәлім­де­ме жасады. 

Төртін­ші. Тәли­бан билік­ке кел­гені­мен, елде­гі сая­сат­ты нақты басқа­рып тұруға қабілет­сіз екен­дік­терін көр­сетіп алды. Олар енді «коа­ли­ци­я­лық үкі­мет» құра­мыз деп, бұры­нғы пре­зи­дент Хамид Кар­зай бар, 12 кісілік кеңес құр­ды. Ұра­ны мынау: біз 1996–2001 жж. ара­сын­дағы тәли­бан емес­піз; біз әйел­дер құқын сақтай­мыз; бар­лық сая­си, діни тұлға­ларға, біз­бен қар­сы соғы­сқан­дарға «кешірім» жари­я­лай­мыз; көр­ші елдер­ге соғыс ашпай­мыз, олар­дың ішкі ісіне ара­лас­пай­мыз; т.б.

Бесін­ші. Тәли­бан Ауған­стан­да нақты билік құрып үлгер­меді, елде аза­мат соғы­сы әлі жүріп жатыр. Елде­гі аза­мат соғы­сы өртінің өршуі Ауған­стан­дағы кей­бір діни топ­тар­дың Орта­лық Ази­яға қызы­ғу­шы­лы­ғын арт­ты­ра түс­пек. Өзбек пен тәжік­тің кей­бір пан­ис­ла­мист топ­та­ры Ауған­стан­да база құрып, көп дай­ын­ды­қтан өтті. Тәли­бан­ның күн сай­ын күше­юі олар­ды Орта­лық Ази­яға қарай ығы­сты­ра түс­пек. Соны­мен бір­ге Ауған­стан­дағы «ДАЕШ»-те Тәли­бан­мен шығы­спай­ты­ны анық бол­ды. Ауған­стан­да табан тіреп тұра алма­са, Орта­лық Ази­яға бет­тей­тіні, Орта­лық Ази­ядағы «ұйқы­дағы» діни күш­тер­дің қол­ты­ғы­на су бүр­кетіні айдан анық. 

Алтын­шы. Қарап отыр­саңыз, Ауған­стан­дағы түп­кі түйт­кіл мынау: мем­ле­кет­ті шариғат негізін­де басқа­ра­мыз ба, әлде ада­ми құн­ды­лы­қтарға сүй­ен­ген зай­ыр­лы, демо­кра­ти­я­лық прин­циптер­мен басқа­ра­мыз ба? Бұн­дай таң­дау ХХ ғасыр­дың ең өзек­ті тақы­ры­бы­на айнал­ды. Түр­кі әле­мі, Пар­сы жұр­ты, Араб жази­ра­сы, бар­лық ислам елдері осы таң­да­удан өтті. Түр­кі жұр­тын­да бұл оқиға Қадим­шыл-Жәдит­шіл деген ата­у­мен таныл­ды. «Айқап» жур­на­лы мен «Қазақ» газетін­де­гі басты пікір­та­лас та осы болды.

Бір өкіні­штісі – алпа­уыт мем­ле­кет­тер әр халы­қтың таң­дау еркін­ді­гіне көз сұғын қада­ды. Табиғи эво­лю­ци­я­мен дамып келе жатқан адам­дар­дың таң­дау, ары­лу еркін­ді­гі қия­натқа ұшы­ра­ды. Дей­тұрған­мен де, қазақ қоға­мы­ның рево­лю­ци­яға дей­ін­гі таң­да­уы өз қала­у­ын жасап үлгер­ген еді, яғни Жәдит­шіл­дік бағыт оза шап­ты. Қазақ дала­сы ада­ми құн­ды­лы­қтарға сүй­ен­ген демо­кра­ти­я­лық жол­ды таң­дап үлгер­ді. Оны ХХ ғасыр басын­дағы зия­лы­ла­ры­мы­здан ап-анық бай­қай аламыз.

Бір қызы­ғы – бұл таң­дау араб, пар­сы, орду, пуштун жұр­тын­да толық тәмам­дал­ма­ды. Олар ХХ ғасыр басын­дағы түйт­кіл­ді бүгін­гі күн­ге дей­ін сүй­реп алып кел­ді. Сол себеп­ті Ауған­стан­ның сая­си қоға­мы толық арыл­май­ын­ша, өз таң­да­уын аны­қтап жаса­май­ын­ша, алда әлі былы­ққа бата береді. 

Біз және Орта­лық Азия үшін қауіп бар ма? Не істеу керек, шешу жол­да­ры қайсы?

Бірін­ші­ден, Ауған­стан­ның толы­ққан­ды ислам мем­ле­кетіне айна­луы­ның өзі біз­ге қауіп­ті болуы бек мүм­кін. Себебі тәліп­тер­дің діни ұста­ны­мы Орта­лық Ази­я­ның діни сипа­ты­мен аса айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ. Олар да амал­да – Хана­фи мазһа­бы, сенім­де – Мату­ри­ди жолы, иқсан мәсе­лесін­де – тариқат­шыл тар­мақтар­ды қағи­да ретін­де ұста­на­ды. Ондай бол­са, Ауған­стан­ның ислам­дық мем­ле­кет­ке айна­луы біз­де­гі кей­бір ислам­шыл топ­тарға, жеке­ле­ген тұлға­ларға «ой» салуы әбден мүм­кін ғой. Яғни, олар «Ауған­стан мем­ле­кет­ті шариғат­пен басқа­ру­дың үлгісі мен жолын көр­сет­ті, біз неге Өзбек­стан, Қырғыз­стан, Қаза­қстан­да шариғат орнат­пай­мыз» деуі мүмкін. 

Екін­ші­ден, АҚШ пен НАТО-ның әскер шегін­діруі­мен алпа­уыт мем­ле­кет­тер­дің Ауған­стан және Орта­лық Азия сая­са­ты жаңа бір тың кезеңді баста­уы мүм­кін. Қазір көп сарап­шы­лар АҚШ мем­ле­кет бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Kamala Harris Син­га­пур, Вьет­на­мға жасаған сапа­рын талқы­лап жатыр. Қалай бол­ма­сын, бар­лық стра­те­ги­я­лық ойын Ауған­стан үшін бастал­ма­ды және Ауған­стан­да аяқтал­май­ды. Кей­бір басты түйт­кіл­дер Оңтүстік Қытай теңізін­де баста­лып, бірақ Ауған­стан­дағы арпа­лы­ста негіз­гі фак­торға айна­луы мүм­кін. Яғни, бар­лы­ғы Ауған­стан­да текетіресіп жатқан­дай көрін­гені­мен, шын мәнін­де түп-ойын басқа аумақтағы саф мүд­де үшін Ауған­стан­да арпа­лы­сып жатқан болуы әбден мүм­кін. Сол себеп­ті Қазақ қоға­мы Ауған­стан­нан да басқа әлем­дік стра­те­ги­я­лық мүд­де­лер­ді күні бұрын болжап, оның Қазақ қоға­мы­на жасай­тын ықпа­лын сарап­тап оты­руы тиіс. 

Үшін­ші­ден, «ДАЕШ» ұйы­мы Кабул­де жары­лыс жаса­ды. Оның тер­ро­ри­стік іс-қимы­лы Ауған­стан­мен шек­тел­мей­тіні анық. Қазақ қоға­мы Арыс пен Тараз­да екі бір­дей жары­лыс жасап, қан­ша­лы­қты бұл іске дай­ын екені­мізді, реак­ци­я­мы­зды көр­сет­тік. Біздің бей­ғам, салғырт бет-бей­не­міз «ДАЕШ»-ке тегін мүм­кін­дік көр­сетіп жатыр. Алды­ңғы болжа­уы­мыз бой­ын­ша, АҚШ қалай­да бол­ма­сын, Ауған­стан­да үлкен «хаос» жаса­ды. Енді оның өрті біз­ге қарай лапыл­дап келеді. Біздің Қазақ қоға­мы бұған еш дай­ын еме­сті­гі бай­қа­лып қалды.

Бірақ бұны шешудің бір жолы бар. Ол – Орта­лық Азия елдерінің Ортақ Қорға­ныс Одағы. Атап айтқан­да, Қазақ-Өзбек-Қырғыз үш елді өзек еткен ортақ әске­ри одақ. Бұған Ресей баста­пқы­да қар­сы тұрған­мен, қол­да­уға мәж­бүр бола­ды. Ресей­дің қазір­ге дей­ін­гі әске­ри сая­са­ты: Орта­лық Ази­яда ШЫҰ-ның (ШОС) әске­ри ықпал­да­сты­ғын әлсіре­ту және оның орны­на ҰҚШҰ (ОДКБ) әске­ри іс-қимы­лын кеңей­ту бола­тын. Бірақ Өзбек­стан ҰҚШҰ-на қай­та­дан мүше болу­дан бас тар­тып тұр. Ресей­дің әске­ри жат­ты­ғу­ла­ры­на қара­ма­стан, тәжік­тер Паки­стан­мен жақын­да­сып жатыр.

Қысқар­та айтқан­да, бәрі Ресей­ден тіксініп қал­ды. Бірақ қат­ты дағ­да­рыс кезеңі­нен өтіп жатыр. Қазақ-Өзбек-Қырғыз үше­уіне осы бір қиы­лыс сәт­те бірі­гудің орайы бар. Өйт­кені Қырғыз­стан­да билік түбе­гей­лі ауы­сты, Ресей­ге қырғы­здың жаңа сая­си эли­та­сын танып үлгер­ген­ше уақыт керек, Өзбек­стан сыр­тқы сая­са­тын Мәс­ке­уден барын­ша тазар­тып жатыр. Қазақ мем­ле­кетінің сыр­тқы сая­са­ты күр­делі таң­дау жасай­тын ең қиын сәт­те тұр: не Мәс­кеу, не Мәс­ке­уден басқа…

Ресей­дің Қаза­қстанға бағыт­талған «орыс тілінің құқы» мәсе­лесі оның сая­си бағыт­та басқа қысым­ды жасай алмай­ты­ны­ның бір көрінісі. Сон­ды­қтан оры­сты «орыс тілі­мен» алда­у­сы­ра­тып, уақыт ұтты­руы­мыз керек. Олар­дың біз­ге бай­ла­ны­сты басқа «дер­ті» қал­май бара­ды. Ауған­стан, Тәли­бан және «ДАЕШ» деген үш сая­си тер­мин тұрған­да, Ресей Орта­лық Ази­яға қан­дай да бір қауіп жасап, тек­ке шығын­дар бол­май­ды. Мәсе­ле – біздің сая­си эли­та өздері Мәс­ке­у­ге арты­ғы­мен жал­тақтай береді. Стра­те­ги­я­лық сая­сат­ты жіті бағам­да­са, негізін­де біз­ге қауіп­пен бір­ге мүм­кін­дік­тер де көп. 

Төртін­ші, Орта­лық Ази­я­ның Стра­те­ги­я­лық зерт­те­улер инсти­ту­тын (ОАСЗИ) құру қажет­тілі­гі. Инсти­тут құра­мын Қазақ-Өзбек-Қырғыз – үш елдің тәу­ел­сіз сарап­шы­ла­ры толы­қты­руы тиіс. Шын мәнін­де біз аймақтар мен түйт­кіл­дер­ге бай­ла­ны­сты ақпа­рат­ты Ресей­дің база­сы­нан алып жатыр­мыз. Сосын өзбек, қырғыз сарап­шы­ла­ры­мен ортақ пікір алма­су жағы әлсіз. Өзбек­тер Ауған­стан­мен шека­ра ел, арғы бетін­де неше мил­ли­он өзбек бар. Өзбек­стан­ның Ауған­станға бағыт­талған өзбек сая­са­ты бар. Отыз жыл­дан бер­гі тәжри­бесі тағы бар.

Қырғы­здар тәжік-өзбек діни экс­тре­ми­стерін жою кезін­де біз­ден оқ бойы озық тәжіри­бе жинақта­ды. Ал біз баяғы сол «Ауған соғы­сы­ның арда­гері­мен» қалып қой­дық. Егер ОАС­ЗИ-ді үш ел ортақ құр­сақ, бірін­ші­ден, Мәс­ке­у­ге қош айты­сып, өңір­лік стра­те­ги­я­лық сая­сат­ты өзі­міз бел­гілей­тін бола­мыз; екін­ші­ден, үш ел маман­да­ры ортақ ақпа­рат алы­сып, өза­ра кон­фе­рен­ци­я­лар өткізіп, үлкен тәу­ел­сіз ақпа­рат база­сын қалып­та­сты­рған бола­мыз; үшін­ші­ден, Ресей­ден басқа әлем­дік зерт­теу инсти­тут­та­ры­мен ақпа­рат алма­сып, дипло­ма­ти­я­лық ынты­мақ­та­сты­қты арт­ты­ра түсеміз. 

Елдес ОРДА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн