Пятница , 4 июля 2025

Жүйе қисық болса, БҮКІРДІ қабір ғана түзейді

Айман Тұр­сы­нқан:

  • Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың кезек­ті жол­да­уын­да эко­но­ми­каға қаты­сты қан­дай қара­ма-қай­шы­лы­қтар бар? Жыл сай­ын айты­ла­тын эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру нелік­тен қағаз жүзін­де қалып келеді? Осы және тағы басқа да сұрақтар төңіре­гін­де «Азаттық» радио­сы «Eximar Foresight» агент­ті­гінің дирек­то­ры, эко­но­мист Айман Тұр­сы­нқан ханым­мен кеңі­нен сұх­бат­тасқан екен. Күн тәр­тібін­де­гі тақы­рып­тың маңы­зды­лы­ғын еске­ре оты­рып және газет редак­ци­я­сы­ның сұрақта­ры­на сай кел­ген сұх­бат­ты қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

«ДАТ»

Тоқа­ев жол­да­уда Ұлт­тық қор есебі­нен бюд­жет жыр­ты­ғын жамау жиілеп кет­кенін айт­ты. Қор шексіз емес, үне­мі жеңіл­дің үсті­мен жүру­ге бол­май­ды деді. Транс­ферт көле­мі тура­лы жыл­да айты­ла­ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та бес жыл бұрын Ұлт­тық қор­дан ақша алу­ды қою керек деген. Бұл баяғы жар­тас – сол жар­тас болып қалға­нын көр­се­те ме?

– Ұлт­тық қор­дан ақша алу жиілеп кет­ті. Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тура­лы заңға қара­ма­стан, был­тыр транс­ферт­көле­мі 6 трил­ли­он тең­ге­ге жетіп қал­ды. Үкі­мет саға­тын­да Ұлт­тық қор­дың төмен­гі шегі қиын жағ­дай­ға жет­кені айтыл­ды. Деген­мен, ақша алу жалға­са бер­ді. Алы­нған қар­жы тиім­сіз бағ­дар­ла­ма­ларға жұм­салға­ны тағы бар. Жыл сай­ын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 680 мил­ли­ард тең­ге пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме суб­си­ди­я­ла­у­ға ғана жұм­са­ла­ды. Ұлт­тық банк инфля­ци­я­ны, нары­қтың өтім­ділі­гін бақы­ла­май, қай­та қар­жы­лан­ды­ру­дың база­лық мөл­шер­ле­месін қол­дан өсіріп, Ұлт­тық қорға қауіп төн­діріп тұр. Биыл екін­ші жар­ты­жыл­ды­қта /Ұлттық банк­тің база­лық ставкасы/ мөл­шер­ле­месі 9,25 пай­ы­зға жет­ті. Басқа елдер­дің моне­тар­лық билі­гі рецес­сия кезін­де, керісін­ше, база­лық мөл­шер­ле­мені төмен­де­те­ді. Ресей­де 4,5 пай­ы­зға дей­ін төмен­деді. Қырғыз­стан­да – 6 пай­ыз, дамы­ған елдер­де – 0,25 мен 0,25 пай­ыз ара­лы­ғын­да. Олар эко­но­ми­ка­ны ынта­лан­ды­ра­ды, ал біз мем­ле­кет­тік бюд­жет шығы­нын арт­ты­рып, жыр­ты­ғы­мы­зды жамап отырамыз.

Билік бюд­жет кірісін арт­ты­ру керек деп бірін­ші рет айтып оты­рған жоқ. Бюд­жет­ті өсірудің жолы мен құра­лы қан­дай болмақ?

– Мем­ле­кет­тің кірісі неден тұра­ды? Бірін­ші­ден, жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­дан түс­кен табыс. Мұны Ұлт­тық қорға түс­кен ақша­ның дина­ми­ка­сы­нан да көру­ге бола­ды – қор­да түсім­ге қараған­да, алым көп. Қазір шикі мұнай экс­пор­ты­ның тиісті тари­фын қай­та қал­пы­на кел­ті­ру сая­са­ты бай­қал­май­ды. Қай­та өңдеу жүзе­ге асы­ры­ла­ты­нын, сәй­кесін­ше, өңде­уші сала­дан түс­кен салық өсетінін ешкім айт­пай­ды. Тәу­ел­сіз сарап­шы­лар мен «қоғам­дық сенім кеңесі» мүше­лерінің кей­ін­гі бес жыл­да айтқан ұсы­ны­ста­ры да назар­сыз қалды.

Ең төмен­гі жалақы мөл­шерін 60 мың тең­ге­ге көте­ру тура­лы да үстір­тін айт­ты. Шағын биз­нес үшін жиын­тық сал­мақты 34 пай­ы­здан 25 пай­ы­зға төмен­де­ту керек деді. Салық мама­ны бұл жер­де база­лық мөл­шер­ле­мені төмен­де­ту арқы­лы салық төлей­тін­дер­дің қата­рын арт­ты­ру пиғы­лын бір­ден байқайды.

«Лаф­фер қисы­ғы» деген ұғым бар (салық став­ка­ла­ры мен үкі­мет жинай­тын салық түсім­дерінің ара­сын­дағы бай­ла­ны­сты көр­се­ту үшін жасалған тео­рия. Қисық сызық кей­де салық став­ка­ла­рын төмен­де­ту, жал­пы салы­қтық кірісті көбей­туі мүм­кін деген дәй­е­гін көр­се­ту үшін қол­да­ны­ла­ды): база­лық мөл­шер­ле­ме көп бол­са, салы­қтан қаша­тын­дар көп бола­ды, салық мөл­шер­ле­месі азай­са, салы­қтан жал­та­ру­дың қажеті бол­май­ды. Мысал кел­ті­ре кетей­ін. Жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­стік үшін – 6 пай­ы­здық, жеке кәсіп­кер үшін – 3 пай­ы­здық, жеке қыз­мет неме­се жеке сауда сала­сын­да – 2 пай­ы­здық салық енгізіл­ген соң, салық төлей­тін­дер көбей­іп, жер­гілік­ті бюд­жет­ке түсетін ақша ұлғай­ды. Бірақ жол­да­уда мұны нақты түсіндірмейді.

Тоқа­ев еңбе­кақы төлеу қоры­на түсетін сал­мақты жеңіл­де­ту тура­лы айтқан­да нені мең­зе­генін ілу­де біреу ғана түсі­неді. Халы­қтың осал топ­та­ры­на салық қамы­тын салып, олар­ды қорқы­та ма деген қауіп бар. Мыса­лы, біры­ңғай жиын­тық төлем жаса­ма­са, бала­ны мек­теп­ке неме­се бала­бақ­шаға кір­гіз­бей­ді деп қорқы­ту. Пара­но­ик емес­пін, бірақ жан басы­на шаққан­дағы қар­жы­лан­ды­ру рефор­ма­сы емха­на, мек­теп, бала­бақ­ша­ларға бюд­жетін өсі­ру үшін көбірек адам тар­туға итер­ме­лей­тінін көріп тұр­мын. Жай­дан-жай жазып ала сала алмай­ды, яғни бар кон­тин­гент үшін күрес баста­ла­ды. Бірақ дәл сол ден­са­улық сақтау неме­се білім беру объ­ек­тісіне адам тір­ке­ген­нен кей­ін, объ­ект тиісті орган­дарға да ашық болады.

Есеп ұсын­баған­дарға айып­пұл сала­ды, табысы бол­ма­са да, жеке кәсіп­кер ретін­де тір­ке­уді талап ете­ді. Осы­лай­ша салық сала­тын­дар қата­ры арта­ды. Нәти­же­сін­де біры­ңғай жиын­тық төлем жасаған­дар әле­умет­тік жәр­де­мақы ала ала­ды. Үкі­мет: «салық төлей ала­сы­ң­дар ғой, әле­умет­тік жәр­де­мақы­ны қай­тесің­дер?» дей­ді де, халы­қтың осал топ­та­рын әле­умет­тік көмек­тен айырады.

Тоқа­ев мем­ле­кет жеке банк­тер­ге көмек­тес­пей­ді деді. Бұл бұрын да айты­лған, бірақ сон­да да көмектесті.

Пре­зи­дент жол­да­уын­дағы «мем­ле­кет банк­тер­ге көмек­тес­пей­ді» деген сөз жағ­дай шек­тен шыққа­нын біл­діреді. Қазір мем­ле­кет­тің өтім­сіз актив­тері екі трил­ли­он тең­ге­дей бол­ды. Биыл қара­ша­ның аяғын­да «бом­ба» жары­луы мүм­кін. Банк­тер­дің стресті активі­мен шыққан обли­га­ци­я­лар тура­лы айтып отыр­мын. Ондай банк­тер­де төлем қабілеті жет­кіліксіз, лицен­зи­я­ны қай­та­рып алу про­цесі жүріп жата­ды. Банк сек­то­рын құтқа­руға бөлін­ген 20 мил­ли­ард дол­лар ауаға кеткен.

Пре­зи­дент бұл про­бле­ма­ны біл­мей­ді деп айтуға кел­мес. Бір ай бұрын бұл про­бле­ма­ны айт­ты, Қауіп­сіздік кеңесінің бас­шы­сы­на жет­кізді. Мұның соңы түр­лі жағ­дай­ға ұла­суы мүмкін.

Тоқа­ев мем­ле­кет­тік шығын­ды бақы­ла­уды күшей­ту­ге шақыр­ды, мем­ле­кет­тік қарыз, бюд­жет қар­жы­сын басқа­ру ере­же­лерін жинақтау керек деді. Мұның көме­гі бола ма?

Бақы­ла­уды қан­ша күшейт­кен­мен, жүйе қисық бол­са, бүкір­ді қабір ғана түзей­ді. Егер Есеп коми­теті ұлт­тық ком­па­ни­я­ларға, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­торға тек­серіс жасай алма­са, бақы­ла­уды қалай күшей­тетінін түсін­бедім. Ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың акци­я­ла­ры 100 пай­ыз мем­ле­кет­ке тиесілі бол­са да, Есеп коми­теті тек­серіс жасай алмай­ды, себебі ком­мер­ци­я­лық құпия, акци­о­нер­лік қоғам, кәсіп­кер­лік кодекс секіл­ді заң бар. Біз­де эко­но­ми­ка­лық қыл­мысты әртүр­лі құры­лым тек­се­реді – Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­мет, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті, Қар­жы мини­стр­лі­гіне қарас­ты Эко­но­ми­ка­лық тер­геу қыз­меті, ІІМ-ге кіретін бөлім, про­ку­ра­ту­ра және тағы­сын-тағы. Про­ку­ра­ту­ра­дан басқа олар­дың ешбірін­де тек­серіс жасап, тер­геу жүр­гізу­ге құзірет­тілік жоқ. Олар­ды ква­зи­мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­ның сән­ді кең­сесіне кір­гіз­бей­ді де.

Пре­зи­дент оны бақы­лай алма­са, онда моне­тар­лы сая­сат­тың бұл стра­те­ги­я­лық инсти­ту­ты пар­ла­мент­тің бақы­ла­у­ын­да болуы керек. Бірақ пар­ла­мент­те қар­жы жағы­нан сау­ат­ты депу­тат­тар оты­руы керек. Пар­ла­мент­тің кей­ін­гі құра­мын­да қар­жы­ның не екенін түсі­нетін депу­тат­тар бары қуан­та­ды, бірақ көбі жете біле бер­мей­ді. Жүй­елі рефор­ма бол­май ұран­да­ту – бос сөз.

Жол­да­уда эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру тура­лы да айт­ты. Бұл да бұрын­нан айты­лып келеді. Эко­но­ми­ка нелік­тен әлі әрта­рап­тан­ды­рыл­май, шикі­за­тқа тәу­ел­ді болып қалып отыр?

Қазір елі­міз­де болып жатқан­ның бәрі – қай­та өңде­уші өндірісті жою сая­са­ты­ның, яғни тұрақты еңбек нары­ғы мен жұмыс орын­да­рын жою­дың нәти­же­сі. Халы­қта тұрақты табыс бол­ма­са, олар күн көру үшін несие алуға мәж­бүр. 18 жастан асқан адам­дар­дың 75 пай­ы­зы банк сек­то­ры­нан неме­се мик­роқар­жы ұйым­да­ры­нан қарыз алып, құл болып отыр. Тіп­ті азық-түлік­ті де неси­е­ге ала­ды. Қар­жы жүй­есі қай­та жасал­май, дивер­си­фи­ка­ция тура­лы айтуға да болмайды.

Тоқа­ев­тың эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру жай­лы айтқа­ны мен елдің ресурс потен­ци­а­лы ашыл­маған­ды­қтан, жер қой­на­уын пай­да­ла­нуға жаңа импульс беру керек дегені бір-біріне қара­ма-қай­шы кел­мей ме?

Сөз­сіз, қара­ма-қай­шы келеді. Эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­руға нақты ниет жоқ, қазір­гі истеб­лиш­мент пен оның гарем­нан тараған көп ұрпағы «жеп» үлге­руі үшін жер қой­на­уын /одан ары да/ қаза беру ниеті бар. Бүкіл әлем қаз­ба бай­лы­қта­ры­ның уақы­ты кел­генін түсін­ді, ал біз «оған жаңа импульс» бер­гелі жатыр­мыз. Мен бұл жер­де «ағай­ын­дар, Ұлт­тық қор­дан қай­та­рым көбей­іп жат­са, таңқал­маңы­здар» деп айтқан­дай көре­мін. Алым емес, қай­та­рым! 2020 жылы Ұлт­тық қор­дан 1 трил­ли­он 800 мил­ли­ард тең­ге бюд­жет­тің шығы­нын қар­жы­лан­ды­руға емес, жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­ды құтқа­руға кеткен.

Ұлт­тық банк пен үкі­мет инфля­ция алдын­да қауқар­сыз деді Тоқа­ев. Сөй­те тұра, оны 4–7 пай­ы­зға қай­та­ру керек деді. Бұл мүм­кін бе?

Әрине, инфля­ци­я­ны 4 пай­ы­зға дей­ін жет­кізу­ге бола­ды. Ол үшін Ұлт­тық банк­тің база­лық мөл­шер­ле­месі 2,5 пай­ы­зға дей­ін төмен­де­уі керек. Эко­но­ми­ка­ның нақты сек­то­ры­ның төлем қабілетіне қаты­сты нор­ма­лар­ды да алу керек. Мысал кел­ті­ре кет­сем. Қазір 15 трил­ли­он тең­ге қары­здың 10 трил­ли­о­ны жеке тұлға­ларға қарыз беру­ге, яғни тұты­ну­шы­лық неси­е­ге тиесілі. Ал 5 трил­ли­он тең­ге биз­не­стің жоға­ры пай­ы­здық мөл­шер­ле­мені ауыр­сы­нуы­нан қиын жағ­дай­да тұр.

Пан­де­мия кесірі­нен алып-сату сек­то­ры күй­реді, эко­но­ми­ка­ның нақты сек­то­ры ғана қал­ды. Оның ішін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы, азық-түлік өндірісі, жеңіл өнер­кәсіп, хими­я­лық өндіріс, құры­лыс сала­сы. Онда қиын кез­дері табыс дең­гейі 20 пай­ы­здан асқан емес, ал нарық құл­ды­рап жатқан­да, 12 пай­ы­здан аса алмай­ды. Бұл сек­тор­дағы пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме­ден нені бай­қай­мыз? Олар 16 пай­ы­здан жоға­ры, бел­гілі бір бөлі­гін мем­ле­кет суб­си­ди­я­лай­ды, бірақ бұдан кәсіп­кер­лер­ге келіп-кетері жоқ.

Кре­дит­ті төмен пай­ы­з­бен беру секіл­ді қол­да­уға бәрі қол жет­кі­зе алмай­ды. Бұл жер­де қалып­ты емес жағ­дай бола­ды: «мен таны­май­тын­дарға – ком­мер­ци­я­лық мөл­шер­ле­ме­мен, таны­ста­ры­ма, жақын­да­ры­ма – 6 пай­ы­з­бен берей­ін» дей­ді. Бұл «жақын­да­ры» дефолт жоба­лар жасап, «Қаза­гро» секіл­ді актив­тер­дің 50 пай­ы­зын қиын жағ­дай­ға тап қылға­нын көре­міз. Мұны неге айтып отыр­мын? Эко­но­ми­ка­ның нақты сала­сы­на арзан ақша мен ұзақ мерзім­ді инве­сти­ция кел­ме­се, қар­жы сек­то­ры мен эко­но­ми­ка сек­то­ры­ның ара­сын­да әріп­те­стік бол­ма­са, нақты сек­тор айна­лы­мын көбей­тіп, нары­қты жақ­сы өнім­мен, халы­қты табыспен қам­та­ма­сыз ете алмайды.

Нақты сек­тор­дың табыст­ы­лы­ғын банк маржа­сы жеп тастай­ды. Өндіру­ші не істе­уі керек? Өнім­нің өз баға­сы­нан бөлек өзі де пай­да көруі керек. Осы­дан тұй­ық шең­бер шыға­ды. Бір жағы­нан жоға­ры инфля­ци­яға бай­ла­ны­сты банк мөл­шер­ле­месі бар, екін­ші жағы­нан – база­лық мөл­шер­ле­ме көме­гі­мен инфля­ци­я­ны қол­дан өсіру.

Ең төмен­гі жалақы тура­лы сұраққа келей­ін. Тоқа­ев 2022 жыл­дан бастап ең төмен­гі жалақы 42 500 тең­ге­ден 60 мың тең­ге­ге жететінін айтып, оның 2018 жыл­дан бері (негізін­де 2019 жыл­дан еді) өспе­генін айт­ты. Ол тұты­ну көле­мі арта­тын­ды­қтан, эко­но­ми­каға тиім­ді бола­ды дей­ді. Баға­ның өскенін ескер­сек, тиім­ділік тура­лы айту асы­ра сіл­теу емес пе?

Ең төмен­гі жалақы­ны емес, эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру мен баға сая­са­тын қолға алып, халы­қтың табысын көте­ру керек. Егер ішкі өндірісті арт­тыр­сақ, импорт аза­яды. Қисы­ны бар. Біз­де дай­ын азық-түлік өні­мінің 60 пай­ы­зы импорт­та­ла­ды. Сүт өнім­дерін Ресей мен Қырғыз­стан­нан сатып ала­мыз. Осы дұрыс па? Құс еті бой­ын­ша импорт 60 пай­ы­зды құрай­ды, тіп­ті қызыл ет жағы­нан да импор­тқа тәу­ел­ді­міз. Мұның себебі – біз бәрін шикі­зат күй­ін­де экс­порт­тай­ты­ны­мыз. Мал­ды тірі күй­ін­де экс­порт­тай­ты­ны­мыз тағы бар. Бұл ұлт­тық қауіп­сіздік­ке қар­сы қыл­мыс. Бірақ біздің ұлт­тық агро­са­я­са­ты­мыз осындай.

Ресми ста­ти­сти­ка бой­ын­ша, халық табысы­ның 60 пай­ы­зын азық-түлік­ке жұм­сай­ды. Азық-түлік сала­сын­дағы жағ­дай­ды өзгер­ту арқы­лы біз елдің ішін­де баға­ны төмен­де­те ала­мыз, себебі импор­тқа дол­лар­лап ақша жұм­са­май­мыз. Екін­ші жағы­нан, адам­дар­ды жұмыспен қам­тып, әл-ауқа­тын арт­ты­ра­мыз. Қалға­ны­ның бәрі бос сөз.

Қан­ша жаз­сам да, айт­сам да, біздің аза­мат­тық құқы­ғы­мы­зға қол сұға­тын әре­кет жасалға­нын ешкім түсін­бей­ді. Қыз­мет­кер­дің еңбек қоры­нан төле­нетін жеке табыс салы­ғы қыз­мет­кер­дің жеке сәй­кестен­ді­ру нөміріне бай­лан­баған. Салық кодексін­де бұл жеке табыс салы­ғы деп айтыл­са да, осы­лай қалып отыр.

Жыл сай­ын Біры­ңғай жинақта­у­шы қоры­на 3 трил­ли­он тең­ге түс­се, жеке тұлға­лар дәл осы көлем­де жеке табыс салы­ғын төлей­ді деген сөз. Бірақ біз­де мұның бәрі заң­ды тұлға­лар­дың салы­ғы деп көр­сетіледі. Бәрі астан-кестең. Кез кел­ген аза­мат жұмыс істе­ген уақы­тын, Жинақта­у­шы зей­не­тақы қоры­на салы­мын есеп­тей ала­ды. Тура сон­ша ақша­ны ол жеке табыс салы­ғы ретін­де төлей­ді. Жұмыс беру­ші емес!

Жұмыс беру­ші өзгеріп оты­руы мүм­кін, бірақ ЖСН өзгер­мей­ді, бірақ оған салық бай­лан­баған. Соңын­да не бола­ды? Мем­ле­кет қар­нын сипап: «Үніңді шығар­ма, малай, сен салық төле­мей­сің, қай­дағы аза­мат­тық құқық?», «тегін білім бер­мей­міз», «тегін ден­са­улық сақтау жоқ» дей­ді. Ал егер жеке табыс салы­ғын ЖСН-ге тір­ке­се, аза­мат­тар­дың сана­сы өзге­реді. Баты­ста халық мем­ле­кет­ті асы­рап оты­рға­нын біледі. Біз­де – білмейді.

Тоқа­ев зей­не­тақы жинағын уақы­ты­нан бұрын пай­да­ла­ну баста­ма­сы­ның тиім­ділі­гі тура­лы айт­ты. Қыз­мет­кер­лер ресми түр­де жалақы алуға көше баста­ды деді. БЖЗҚ-дан қар­жы­ны ерте алу­дың пай­да­сы бар ма?

Зей­не­тақы жинағын тек халы­қтың 3 пай­ы­зы пай­да­ла­на алды. Соған қара­ма­стан, аз да бол­сын, зей­не­тақы жүй­есіне сенім пай­да бол­ды. Бұл БЖЗҚ-ны реа­би­ли­та­ци­я­лау акци­я­сы. Оның ешқан­дай ұза­қ­мерзім­ді тиім­ді әсері жоқ. Аза­мат қан­ша салық төле­гені көрін­се, бюд­жет­ке төлен­ген салы­ққа мен­шік қаты­на­сы бол­са, яғни халық мем­ле­кет­ті асы­рап оты­рға­нын түсініп, мен малай емес­пін, сен бай емес­сің десе, сон­да ғана халық зей­не­тақы жүй­есіне сенетін бола­ды, көлең­келі жалақы­ға келіс­пей­тін болады.

Тоқа­ев «әле­умет­тік масыл­дық» тура­лы да айт­ты. Билік масыл­дық тура­лы да бірін­ші рет айтып оты­рған жоқ. Мұнай­ға тәу­ел­ді елде мұнай­дан түс­кен ақша­ның игілі­гін көр­мей­тін халы­қты масыл­ды­ққа айып­тау дұрыс па?

Тоқа­ев елба­сы­ның (Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың титу­лы) айта­ты­нын қай­та­лап отыр. «Мем­ле­кет­ті құр­дым, халы­қты өсір­дім, бәрі маған бай­ла­ны­сты. Өмір­де­гі бар жақ­сы­ның бәрі, қаза­қстан­ды­қтар жеп оты­рған әр нан­ның тілі­мі – менің дәу­летім, сон­ды­қтан халық – масыл». Осы ғана. Бұл сан­ды­рақты басқа­ша түсін­ді­ре алмаймын.

Azattyq.org

«Жалақыны 12,5 пайызға көбейтеміз деді, келіспедік». «Аралтұз» жұмысшылары бесінші күн ереуілде тұр

«Арал­тұз» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның жұмыс­шы­ла­ры еңбе­кақы­ны көте­руді талап етіп ере­уіл­де тұр. Арал ауда­ны, Қызы­лор­да облы­сы, 5 қыр­күй­ек 2021 жыл.

Қызы­лор­да облы­сы Арал ауда­нын­да «Арал­тұз» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның жұмыс­шы­ла­ры бесін­ші күн ере­уіл­де тұр. 1 қыр­күй­ек күні олар бас­шы­лы­ққа жалақы­ны көбей­ту тура­лы талап қой­ып, жұмысты тоқтатқан.

Жұмыс­шы­лар­дың айтуын­ша, жалақы­сы 48 мың тең­ге, эко­ло­ги­я­лық қосым­ша­мен бір­ге есеп­те­ген­де қолы­на 80 мың тең­ге­дей ала­ды. Олар алар айлы­ғы­ның 2014 жыл­дан бері өзгер­ме­генін айтады.

Жұмыс­шы­лар жалақы­сын 50 пай­ы­зға көбей­туді талап етеді.

4 қыр­күй­ек күні зауыт әкім­шілі­гі жұмыс­шы­лар­мен кез­десіп, өз ұсы­ны­ста­рын айтқан, бірақ олар оны қабыл­да­маған. Жұмыс­шы­лар жібер­ген видеоға қараған­да, кез­де­су­ге зауыт аты­нан «Арал­тұз» АҚ вице-пре­зи­ден­ті Ғалым­жан Сер­жа­нов келген.

– Жалақы­ны 1 қыр­күй­ек­тен бастап 12,5 пай­ы­зға көбей­те­міз. Ал 1 қаңтар­дан бастап тағы 10 пай­ы­зға көбей­те­міз. Үшін­ші­ден, жыл­дың аяғы­на дей­ін төрт ай қал­ды, осы уақыт ішін­де бар күші­мізді салып, жос­пар­ды орын­да­сақ, 42 500 тең­ге көле­мін­де сый­ақы бере­міз, – деді Сержанов.

Жұмыс­шы­лар зауыт бас­шы­лы­ғы­ның бұл шар­ты­на көнбеді.

– Оған біз келіс­пей отыр­мыз. Тала­бы­мыз орын­дал­май­ын­ша, ере­уіл жалға­са береді, – деді аты-жөнін ата­мауды сұраған жұмысшы.

«Арал­тұз» акци­о­нер­лік қоға­мы – тұз өнді­ру және қай­та өңдеу сала­сын­дағы ірі кәсі­по­рын. Ком­па­ния мәлі­мет­теріне қараған­да, жылы­на 450 мың тон­наға жуық тұз өндіріп, оның 75 пай­ы­зын Ресей, Қырғыз­стан, Өзбек­стан, Укра­и­наға экс­порт­тай­ды. 1200-ден аса қыз­мет­кері бар.

Ком­па­ния сай­тын­дағы мәлі­мет­тер­де «2021 жыл­дың 1 науры­зы­нан бастап зауыт жұмыс­шы­ла­ры­ның жалақа­сы орта есеп­пен 10 пай­ы­зға көбей­еді» деп көр­сетіл­ген. Бірақ жұмыс­шы­лар мұны жоққа шығарады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн