Пятница , 4 июля 2025

ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖЕТІ ШАРА

Ақыл­бек КҮРІШБАЕВ, ҚР Пар­ла­мен­ті Сена­ты­ның депутаты 

  • Кли­мат­тың жаһан­дық жылы­ну себебі­нен Қаза­қстан аумағын­да ауа тем­пе­ра­ту­ра­сы соңғы жүз жыл­да 2ºС-ға көтеріл­ді. Ал соңғы 40 жыл­да ол өте жыл­дам қарқы­н­мен өзгеріп келеді. Әрбір 10 жыл сай­ын орта есеп­пен 0,34º ұлғай­ды. Бұл – кли­мат­тың одан әрі ари­ди­за­ци­я­ла­нуы­ның бел­гілері, яғни құрғақ жыл­дар мен құрғақ­шы­лы­қтың қай­та­ла­ну ықти­мал­ды­ғы артуда.

Биылғы құрғақ­шы­лық біздің ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы өндірісінің тұрақ­сызды­ғын және қан­ша­лы­қты ауа-рай­ы­на тәу­ел­ді екенін көр­сет­ті. Дәл осын­дай табиғи апат­тар орын ала­тын дамы­ған аграр­лық елдер­дің ешқай­сысын­да біз­де­гі­дей өнім­ділік­тің төмен­деп кетуі кез­дес­пей­ді. Сон­ды­қтан, біз өңір­лер­дің ауа-райы жағ­дай­ла­ры­на бей­ім­дел­ген ауыл шару­а­шы­лы­ғын жүр­гі­зудің жаңа жүй­есіне, яғни «тәу­е­кел­дер­ді басқа­ру» режі­міне ауы­суы­мыз керек.

Бірін­ші­ден, елі­міздің гид­ро­метқыз­метін жаңғыр­ту қажет. Ауа-рай­ы­ның нақты болжа­мы­ның бол­мауы­на бай­ла­ны­сты фер­мер­лер­міз егін егудің оңтай­лы мерзі­мін аны­қтай алмай отыр. Біздің есеп­те­уі­міз­ше, биыл Қаза­қстан­ның сол­түстік облы­ста­рын­да дән­ді дақыл­дар­ды ерте себудің сал­да­ры­нан өнім­нің үштен бір бөлі­гі­нен айрыл­дық. Бұл тек бір ғана мысал.

Екін­ші­ден, депу­тат­тар отан­дық селек­ци­я­ны дамы­ту мәсе­лесін бір­не­ше рет көтер­ді. Құрғақ­шы­лық кезін­де фер­мер­лері­міздің өнім ала алмауы және банк­ро­тқа ұшы­ра­уы – елде құрғақ­шы­лы­ққа төзім­ді сорт­тар­дың бол­мауы­ның нәти­же­сі. Аталған сорт­тар­ды тек моле­ку­ла­лық био­ло­ги­я­ның зама­на­уи әдістері негізін­де ғана жаса­уға бола­ды. Алай­да, мұн­дай зерт­те­улер­ді қажет­ті көлем­де қар­жы­лан­ды­ру мәсе­ле­лері әлі де шешіл­ген жоқ.

Бір мысал кел­тірей­ін: Австра­ли­я­ның астық егетін өңір­лерін­де ауа райы Сол­түстік Қаза­қстан­мен салы­сты­рған­да әлдеқай­да қатал, бірақ тех­но­ло­ги­я­лар мен қазір­гі заманғы сорт­тар­дың арқа­сын­да олар­дың өнім алуы біз­ден 2 есе жоғары.

Үшін­ші­ден, аграр­лық сала­ның дамы­ту бағ­дар­ла­ма­ла­рын­да облы­стар­дың ауыл шару­а­шы­лы­ғын маман­да­нуы­на баса назар ауда­ры­лған бола­тын. Қазір әркім қауқа­ры неге жете­ді, соны­мен айна­ла­сып кет­ті. Мал шару­а­шы­лы­ғын мал азы­ғы база­сы шек­те­улі жер­лер­де дамы­та­мыз, өте құрғақ аймақта интен­сив­ті дақыл­дар­ды еге­міз және т.б. Ал АҚШ-та, Кана­да­да фер­мер­лер­дің бел­гі­лен­ген маман­дан­ды­ру бағыт­та­рын сақта­уы мем­ле­кет тара­пы­нан нақты рет­теліп отырады.

Төр­тін­ші­ден, тәу­е­кел­ді егін­шілік аймағын­дағы өнім­нің тұрақты­лы­ғы топы­рақ құнар­лы­лы­ғын арт­ты­ру арқы­лы қам­та­ма­сыз етіледі. Қаза­қстан­да орта­ша есеп­пен алған­да, бір гек­тар егістік жер­ге ғылы­ми негіз­дел­ген 60 кг нор­ма­ның орны­на 4–6 кг тыңай­тқыш қол­да­на­ды. (Әсер ету­ші затқа санаған­да). Тыңай­тқы­штар­ды кеңі­нен қол­да­ну фер­мер­лер үшін қым­бат бола­ты­ны түсінік­ті, бірақ олар­ды ең бол­ма­са, ең қажет­ті жағ­дай­да, яғни дәл егін­шілік тех­но­ло­ги­я­сын енгі­зу арқы­лы қол­да­нуы­мыз керек. Ол үшін алды­мен топы­рақтың дәл агро­хи­ми­я­лық кар­то­грам­ма­сын жасау қажет.

Бірақ, елде­гі ҚР АШМ «Агро­хи­мия қыз­меті рес­пуб­ли­ка­лық ғылы­ми-әдісте­мелік орта­лы­ғы» РММ бұл жұмысты тиісті дең­гей­де қам­та­ма­сыз ете алмай отыр. Онда қол­да­на­тын топы­рақ зерт­те­улерінің әдісте­ме­лері және тұта­стай алған­да агро­хи­ми­я­лық зерт­теу жүй­есі қазір­гі заманғы талап­тарға сәй­кес кел­мей­ді. Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің атқа­ры­луын бақы­лау жөнін­де­гі есеп коми­тетіне ҚР АШМ «АҚРҒӘО» РММ-не жұм­са­ла­ты­нын бюд­жет қара­жа­ты­ның тиім­ділі­гін мұқи­ят тек­се­ру­ге кеңес бере­міз (оған жыл сай­ын 400 млн тең­ге­ге жуық мем­ле­кет­тің қара­жа­ты бөлі­неді). Жал­пы, елі­міз­де топы­рақ құнар­лы­лы­ғын мони­то­ринг­теу жөнін­де­гі қыз­мет­тер нары­ғын дамы­ту қажет­тілі­гі туын­дап тұр.

Бесін­ші­ден, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы сақтан­ды­ру жүй­есін түбе­гей­лі жетіл­ді­ру керек. 2020 жылы тек 115 мың гек­тар егіс сақтан­ды­ры­лған, ал биыл 144 мың гек­тар ғана. Бұл – егіс алқап­та­ры­ның бір пай­ы­зы­нан аз. Салы­сты­ра қара­сақ, Кана­да­да мем­ле­кет­тік сақтан­ды­ру шара­ла­ры­ның арқа­сын­да құрғақ­шы­лық жыл­да­рын­да фер­мер­лер­ге шығын­да­ры­ның 75–80% өте­леді. Олар­да ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы мем­ле­кет­тік сақтан­ды­ру бағ­дар­ла­ма­сы аграр­лық өндірістің тұрақты­лы­ғы­ның және салаға инве­сти­ция тар­ты­луы­ның кепілі.

Алтын­шы­дан, тәу­е­кел­ді егін­шілік жүй­есі жағ­дай­ын­да біз­ге суар­ма­лы жер көле­мін ұлғай­ту қажет. Бірақ алды­мен қол­да­ны­стағы суа­ру желісін рет­ке кел­тіріп алай­ық! Маман­дар­дың айтуын­ша, елі­міздің суа­ру жүй­есін­де судың 40%-дан аста­мы пай­да­ла­ныл­май ысы­рап болып жатыр. 2020 жылы 1,5 млн. га жер­ді суа­ру үшін, су тар­ту 13,4 км³ құра­ды. Егер су ресур­ста­рын үнем­де­умен айна­лы­спа­сақ, 3 млн га үшін тағы 13,4 км³ суды қай­дан аламыз?

Мем­ле­кет бас­шы­сы өзінің Жол­да­уын­да: «Су үнем­деу бұл біздің стра­те­ги­я­лық мін­деті­міз, біз­де су тап­шы­лы­ғын бол­дыр­маудың басқа жолы жоқ», — деп ерекше атап өтті.

Бүгін­де елі­міз­де­гі жай­ы­лым­дар­дың 48%-ы суат­тың бол­мауы­на бай­ла­ны­сты пай­да­ла­ныл­май­ды. Жай­ы­лым­дар­ды сулан­ды­ру үшін, құды­қтар­ды салу бой­ын­ша жос­пар­дың орын­дал­мау себеп­терінің бірі – жер асты су ресур­ста­ры қор­ла­ры­ның жет­кілік­ті зерт­тел­ме­уі және жай­ы­лым­дық мал шару­а­шы­лы­ғы­ның өндірістік инфрақұры­лы­мы­ның жоқты­ғы болып табылады.

Жетін­ші – ауы­л­ша­ру­а­шы­лық өндірісін су және ылғал үнем­деу тех­но­ло­ги­я­сы­на ауы­сты­ру үшін, фер­мер­лер­ді оқы­ту өте маңы­зды. Сон­ды­қтан, біз­ге бар­лық жер­де аграр­лық білім­ді тара­ту орта­лы­қта­рын ұйым­да­сты­ру қажет. Қаза­қстан­да мұн­дай орта­лы­қтар бар болға­ны – 25, ал АҚШ пен Кана­да­да 2–3 мың­нан асады.

Осы­лай­ша, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы тәу­е­кел­дер­ді сау­ат­ты басқа­ру арқы­лы ауа-райы қолай­сыз жыл­да­рын­да да аграр­лық өндірістің тұрақты­лы­ғын және елді азық-түлік­пен үздіксіз қам­та­ма­сыз етілуіне қол жет­кізу­ге болады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн