Пятница , 4 июля 2025

«АЛАТАУҒА» КІМ ЖАУАПТЫ?

Қаза­қстан­ның элек­трон­ды үкі­метін ресей­лік «Сбер» плат­фор­ма­сы­на ауы­сты­ру үшін 500 мил­ли­он дол­лар қажет дей­ді. Біре­улер бұдан қауіп іздеп жатыр. Біре­улер керек дей­ді. Шибұтов (сая­сат­та­ну­шы – Ред.) сияқты­лар мәсе­ленің басқа жағын көтеріп, өзі­міз­де­гі элек­трон­дық үкі­мет жоба­сы­на мил­ли­ард­таған қара­жат кет­кенін жаз­ды. Сон­да да жөн­ді жетіл­ме­ген депті.

Тақы­ры­пқа орай. Алма­ты маңын­да «Ала­тау» ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар пар­кі деген аты бар да, заты жоқ жоба қолға алы­нған еді. Өзі Талғар­дың тұсын­да, бірақ Алма­ты­ның Медеу ауда­ны­на қарай­ды. Соңғы жиыр­ма жыл­да қу далаға қан­ша­ма есіл ақша­ны көміп таста­ды. Аздаған кәсі­по­рын жұмыс істеп тұр. Басқа тас та жоқ. Елор­да­дан кел­ген­дер­ді жалған ста­ти­сти­ка­мен алдап-сулап шыға­рып сала­ды. Бар жұмыста­ры сол. Басқа­ру­шы­ла­ры жыл сай­ын ауысады.

Мұн­да 2018 жылы қар­жы айна­лы­мы 51 млрд тең­ге деп айты­ла­тын. Қазір біл­мей­мін. Үш-төрт жыл бұрын тех­но­парк­тің екін­ші кезеңі үшін деп инфрақұры­лы­мға ақша сал­ды. Яғни жарық, жол және аға­штар екті. Барып репор­таж жасап, қирап жатқан дүниені көр­ген­де, ішім ашыған.

Көлік жолы, тро­туар­лар, вело­жол, адам аяғы бас­пай­тын далаға лед­шам­дар және жол бел­гілерін орна­тып тастаған. Бәрінің талқа­ны шығып жатыр. Ал сол жер­ден он қадам атта­саң, жолы, жары­ғы неме­се ауыз суы жоқ қан­ша­ма елді мекен өрке­ни­ет­тен жұр­дай болып отыр. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ

Comments

  • Менің ұлым ІТ уни­вер­си­тетіне түс­кен­де (сол уни­вер­си­тет ашы­лған­да, екін­ші жылы түс­кен), осы парк­ке уни­вер­лері жақын­да көшеді деп айтып еді. Айту­ла­ры бой­ын­ша, осы тех­но­парк бола­шақ Қаза­қстан­ның «Сели­ко­но­вый доли­на­сы» бола­ды. Ақы­лы асқан­ның бәрін осын­да жинай­ды-мыс болатын.

Одан бері бәлен жыл өтті. Ұлым оқу бітіріп кет­келі де біраз бол­ды. Көш­кен уни­вер де жоқ, тех­но­парк те «Сили­ко­но­вый доли­наға» айналған жоқ. Сту­дент кезін­де балам бір шару­а­мен осын­дағы біре­уді іздеп барып, «Қаза­қстан­ның ком­пью­тер жасай­тын заводын көріп кел­дім. Бір этаж­да бір каби­нет қана істеп тұр, ішін­де төрт адам. Тап­сы­ры­сты қабыл­дап, Қытай­ға жіберіп, Қытай­дан “Made in Kazakhstan” деген комп шыға­рып жатыр екен», – деп күліп келген.

Асқар НАЙМАНТАЕВ

МИНИСТР Мусин­ге САУАЛДАР

  • E‑gov плат­фор­ма­сын қай­та жасақта­уға неге ашық бай­қау жарияланбады?
  • Мем­ле­кет­тік плат­фор­ма­ны жасақтау нелік­тен ком­мер­ци­я­лық ұйы­мға, оның үстіне шетел­дік заң­ды тұлғаға ешқан­дай кон­курс­сыз беріледі?
  • Нелік­тен таң­дау ресей­лік «Сбер­банк­ке» түсті? Бұрын сәт­ті жүзе­ге асы­рған кей­сі бар ма?
  • Қаза­қстан­дық сайт­тар­дың сер­вер­лері тек Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да орна­ла­суы ақпа­рат­тық қауіп­сіздік мақ­са­тын­да заң­да қатаң айты­лған. Ал мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­тетін плат­фор­ма­ны шетел­дік­тер­ге жаса­ту ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ке тіке­лей қатер төн­дір­мей ме?
  • ҚР үкі­меті мен «Сбер­банк» ара­сын­дағы egov-ты жасақтау тура­лы мемо­ран­дум нелік­тен алдын ала талқы­лан­ба­ды? Туға­ны­нан бастап, өлгеніне дей­ін бар­лық жеке деректер қам­ты­лған egov-қа қаты­сты шешім қабыл­да­уға ҚР аза­мат­та­ры­ның құқы жоқ па? Халы­қтың IT білі­мі таяз бол­са, қаза­қстан­дық IT қауым­да­сты­ғы­мен нелік­тен талқыланбады?
  • ҚР үкі­меті мен «Сбер­банк» ара­сын­да egov-ты модер­ни­за­ци­я­лау тура­лы мемо­ран­дум­ның мәтіні қайда?
  • Егер «Сбер­банк» egov-ты 5 жыл жасай­тын бол­са, ол плат­фор­маға көшу қан­ша уақыт ала­ды? «Сбер­банк­ке» 5 жыл төле­нетін 500 млн АҚШ дол­ла­ры қалай есеп­тел­ді? Тех­ни­ка­лық шар­ттар қайда?

Бел­ла ОРЫНБЕТОВА

«Тымақ­пен ұрып алды»  ДЕГЕНІМІЗ ОСЫ

Қаза­қстан пре­мьер-мини­стрінің сай­тын­да Қаза­қстан­ның ақпа­рат­тық жүй­есін Ресей­ге беру себебін: «Құжат Қаза­қстан­да GovTech цифр­лық плат­фор­ма­сын енгі­зу, деректер­ді тал­дау және жасан­ды зер­де бой­ын­ша прак­ти­ка­лар­ды қол­да­на оты­рып, мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың реин­жи­ни­рин­гі және цифр­лық транс­фор­ма­ци­я­лау бой­ын­ша ынты­мақ­та­сты­қты дамы­ту­дың негіз­гі тәсіл­дерін көз­дей­ді. Цифр­лық архи­тек­ту­ра­ның плат­фор­ма­лық моделі халы­ққа мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­тудің жыл­дам­ды­ғы мен тиім­ділі­гін арт­ты­руға жол аша­ды», – деп түсіндіреді.

Бұл – билік­тің халы­қты алдарқа­туға арналған әдет­те­гі сөз­дері және бұған ила­нуға бол­май­ды. Бұл аса қауіп­ті ҒАСЫР ҚЫЛМЫСЫ, жария бол­мауға, сақта­луға тиіс бар­лық мем­ле­кет­тік құпи­я­мы­зды дұшпанға ашып тастау деген сөз. Мем­ле­кет­ті­гі­мізді шай­қал­ту. Әлдекім­дер­дің біле тұра мақ­сат­ты түр­де жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты, халқы­мы­зды өзге­ге бодан ету қада­мы бол­ма­сы­на кім кепіл? Қаза­ғым айтқан: «Күш қол­дан­бай, еш қару­сыз, тымақ­пен ұрып алды» дегені бол­ды. Қауіп­сізді­гін ойлаған есі дұрыс бір­де-бір мем­ле­кет мұн­дай­ға бармайды. 

Біз мына­ны да еске­руі­міз керек. Ресей­лік СБЕР про­грам­ма­сын бір рет­тік сатып алуға 500 млн дол­лар кете­ді екен. Ал жыл сай­ы­нғы қыз­мет көр­се­ту жар­на­сы­ның құны 60 млн дол­лар. «Қаза­қстан үшін 15 жыл­да 1 млрд 200 млн дол­лар­дан асып кете­ді» дей­ді эко­но­мист-сарап­шы­лар. Баға­ның тұрақ­сызды­ғын қай­да қоя­мыз? Ал ертең Ресей оның құнын жыл сай­ын көтеріп оты­рар бол­са, Қаза­қстан­ды мұр­ны­нан сүй­реп жүріп, шығы­нға баты­ра­ры­на күмәніңіз бол­ма­сын. Бұл Қаза­қстан­ды эко­но­ми­ка­лық жағы­нан тонау, ноқта­лап ұстап оты­ру және түп­кілік­ті тәу­ел­ді ету. СБЕР-дің ГОСТЕХ бағ­дар­ла­ма­сы қабыл­да­нар бол­са, Ресей­дің емес, керісін­ше, қаза­қстан­дық 15 мың­дай ІТ маман­да­ры жұмыс­сыз қалуы әбден мүм­кін екен.

Демек әлі құры­лып бол­маған, қыз­метінің тиім­ділі­гі іс жүзін­де дәлел­ден­бе­ген, әлем­дік ақпа­рат кеңісті­гін­де бей­мәлім СБЕР ком­па­ни­я­сы­на өтудің қатері өте жоға­ры. Маман­дар сөзіне сүй­ен­сек: «СБЕР ком­па­ни­я­сы­ның IT жүй­есі өте төмен­гі дең­гей­де екенін бүкіл әлем біліп отыр. Егер СБЕР акци­о­нер­лерінің құра­мын­да таны­мал сая­си фигу­ра­лар бол­са, оған таңғал­май­мын. Отан­дық IT маман­да­ры бұл бағ­дар­ла­ма­ны жасай ала­ды. Тіп­ті талқы­лау да болған. Сырт­тан біре­удің басқарға­ны­нан гөрі, жүй­енің отан­дық болға­ны жақ­сы», – дей­ді тәжіри­белі IT мама­ны Самат Қазкенов.

2020 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша, Қаза­қстан элек­трон­дық үкі­мет­тің даму дең­гейі бой­ын­ша БҰҰ рей­тин­гін­де 193 елдің ішін­де 29-орын­ды иеленіп, онлайн-қыз­мет сапа­сы индексі бой­ын­ша 11-орын­да тұр­са, «сен­ген сиы­рым» Ресей бұл рей­тинг­те 36-орын­да тұр. Қаза­қстан­ның IT қауым­да­сты­ғы өкіл­дерінің айтуын­ша, Қаза­қстан ТМД елдері ара­сын­да көш­бас­шы бола оты­рып, eGov-тың әлем­де­гі ең үздік 15%-на кіреді екен. Олай бол­са, біз Ресей­ге бай­лан­бай, бұған дей­ін де өзі­міз­де бар ақпа­рат­тық жүй­е­мізді қалып­тасқан дәстүр­лі қаза­қстан­дық жол­мен дамы­та бер­гені­міз дұрыс. 

Қаза­қстан­ды­қтар елі­міздің ақпа­рат­тық жүй­есінің Ресей­дің СБЕР цифр­лық плат­фор­ма­сы­на берілуіне қар­сы! Үнсіз жата бер­мей, өзек­ті мәсе­ле­ге бар­лық өңір­де­гі өкілет­ті билік, мәс­ли­хат депу­тат­та­ры, қоғам­дық ұйым­дар, сая­си пар­ти­я­лар, қоғам бел­сен­ділері назар аударған­да­ры дұрыс бола­ды. Біз үшін тәу­ел­сізді­гі­міз бәрі­нен қымбат.

Оян, қазақ! 

Нұр­лы­бай ҚОШАМАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн