Пятница , 4 июля 2025

БАҚЫТГҮЛ апай «ДАТтың» гүлі – АНАСЫ

Әле­умет­тік желі­ден Бақыт­гүл апай Маким­бай­дың өмір­ден қай­тқа­нын оқы­дым. Оқы­ған­да бірден…

Ертең, ертең, ертең деп,

Уақыт­ты артқа шегеріп,

Өлме­стей көріп адамды –

Жүре беретіні­міз не осы?! дедім абды­рап. Бұлай деуі­ме себеп «Дат­тағы» «әке­міз бен ана­мы­здай» болған Ермұрат ағай мен Бақыт­гүл апай­ы­мы­зға аман­да­сып қай­ту — талай­дан бері ойда жүр­ген. Бұл жөнін­де Ермұрат ағаға айтқан­да «Бақыт апай­ла­ры­ңа да айтып қой­ы­ң­дар, етін асып күтіп ала­ды» деді мей­ір­леніп. Әне-міне деп жүріп уақыт өтті. Енді, міне, қазан айын­да бола­тын апай­дың «Туған күнін» тағы көз­дедік. Бірақ, амал не, Бақыт­гүл апай­мен аман­да­суға да, құт­ты­қта­уға да емес — қошта­суға барып қайттық.

Әмбе­ге аян. «Дат» газеті  елі­міздің қоғам­дық-сая­си өмірін­де­гі ең өткір деген мәсе­ле­лер­ді ұлт­тық дең­гей­де көтер­ді. Талай ащы шын­ды­қтың мем­ле­кет­тік дең­гей­де шешім табуы­на бір­ден-бір үлес қосты. Ал, халық пен билік ара­сын­дағы өткел болып, сөз бостан­ды­ғы­ның қалып­та­суы­на айы­ры­қ­ша қыз­мет ететін «Дат» газеті біз­ге — «ыстық ұя». Әсілін­де, «Дат» газеті сөз бол­са Ермұрат Бапи мен Бақыт­гүл Маким­бай­дың есі­мі қатар ата­ла­ты­ны рас. Өйт­кені «Дат­тың» негізін қалап, 23 жыл иық тіре­се бір­ге қыз­мет атқарған әріп­те­стер ілу­де біреу шығар. Біреу бол­са «осы кісілер» дер едім. Оқтын-оқтын жур­на­ли­стер келетін жұмыс сұрап. Ермұрат Бапи жур­на­ли­стер­дің толық екенін айтқан­да: «Маған жалақы керек емес — «Ермұрат­тың шко­ла­сы керек». «Аға, жұмысқа алы­ңыз­шы» деп қиы­лып тұра­тын. Әлбет­те, Ермұрат Бапи кез кел­ген жур­на­ли­ст­ті қабыл­дай бер­мей­ді және кез кел­ген жур­на­лист «Датқа» келу­ге баты­лы жет­пей­тін. Сон­дай кез­дер­де жүрек­ті мақта­ныш кер­не­меді дей­сіз бе?!

Иә, газет­те жүріп «елім» деген қаза­қтың тау-тау тұлға­ла­ры­ның көзін көр­дік. Сұх­бат­та­стық. Ауди­то­ри­я­мыз кеңей­ді. Өре­міз өсті. Жур­на­ли­стік сала­да тәжіри­бе жина­дық. Әрине, қазақ қоға­мы пай­ым-пара­са­ты­мен айна­ла­сы­на шуақ шашып, көп­ке шара­па­тын тигіз­ген тұлға­лы аза­мат­тарға кен­де емес қой. Осы орай­да, ел мүд­десі үшін аян­бай еңбек еткен Ермұрат ағай мен Бақыт­гүл апай­дың ығын­да жүріп қай­рал­дық. Жазу-сызу­да түзел­дік. Өзін­дік мане­ра қалып­та­стыр­дық. Мақа­ла­ла­ры­мыз арқы­лы ел мен билік орта­сын­да «көпір» бол­дық. Талай таны­мал ел тұлға­ла­ры­ның дастар­ха­ны­нан дәм тат­тық. Дос тап­тық. Өстік. Шүкір. Әрине, аты­нан ат  үркетін «Дат­ты» сатып алу­дан қорқа­тын­дар да, тығы­лып оқи­тын­дар да көп. Сәй­кесін­ше, сұх­бат­та­суға келісіп алып, жеме-жем­ге кел­ген­де қашып кете­тетін талай зия­лы кісілер де бар. Өз сөзі­нен өзі қорқып «артық нәр­се айтып қой­ма­дым ба» деп «діріл­дей­тін» әншілер де мол. Сон­да аты дар­дай кісілер «қорқа­тын» «Дат» біз­ге қалай­ша «ыстық ұя» дер­сіз, бәл­кім?! Оны билік­пен теке-тіре­стік­те елдік мүд­дені Ту еткен Ермұрат Бапи мен Бақыт­гүл Маким­бай­ды жақын­нан таны­саңыз түсі­нер едіңіз. Қан­дай аты дүр­кіре­ген бас­шы бол­са да, адам­дық парқын биік ұстап тұра­тын жан­дар бола­ды. Олар «төр­тін­ші билік­ті­гін» сыл­тау етіп кез кел­ген жер­де көкірек кер­мей­ді. Бір мәсе­лені шешу үшін, екін­шіні жан­шып басу – жат. Біре­у­ге зиян тигі­зу деген нәр­се­ден — ада. Міне, біз тани­тын Ермұрат аға мен Бақыт­гүл апай­дың осы бір қаси­ет­тері бол­мыста­ры­нан мен­мұн­да­лап тұра­тын. Олар­дың руха­ни сый­ла­сты­ғы­на алы­стан емес «Дат­тың» ішкі кух­ня­сын­да жүріп куә бол­дық.  Сырт­тан кір­ген­де «Баха! Баха­лек!» деп жарқы­рай кіретін Ермұрат аға­сы мен «Ау, ау, Ере­ке!» деп орны­нан апыл-ғұпыл тұра сап, алды­нан шыға­тын қарын­да­стың сүй­ікім­ді көрінісі, бүгін­де өткен шақтың еншісінде.

Әлқис­са! Расын­да, уақыт деген керу­ен көші алға қарай жыл­жы­ған сай­ын жақ­сы адам­ның аты да, істе­ген ісі де ел жадын­да ұмы­тыл­май­ды. Керісін­ше, асқар таудай биік­тей беретіні рас. Олар уақыт озған сай­ын дара­ла­на­ды. Тұлға­ла­на­ды. Осы орай­да былай­ғы жұрт Бақыт­гүл Маким­бай­дың кәсібіне адал, батыл прин­ципті жур­на­лист екенін біледі. Заты нәзік бол­са да Ер-аға­ның жанын­да ерлер­ше қасқай­ып еңбек еткен қай­сар­лы­ғы өз алды­на.  Айтыл­ды. Айтып та жатыр. Ал, мен Бақыт­гүл апай­дың дара жур­на­ли­сті­гі­нен бөлек, оның әйел­дік жан-дүни­есіне, адам­дық бол­мысы­на үңіл­гім келеді.

 «Дат» редак­ци­я­сы­на кел­ген­де Бақыт­гүл апай қар­сы алды. Сырт қараған­да адам­ды ықты­рып тұра­тын мысы бар кісі екен. Қатал. Өзін салқы­нқан­ды ұстай­ды. Көп сөз­ге жоқ. Терең ойлы. Сәл қысы­ңқы­лау жана­ры — өткір. Тіке қарап көп тұра алмайсың.

-  Сәле­мет­сіз бе, «Дат» газеті ме, жаңа теле­фон­мен хабар­ласқан едім…

- Ааа, жақ­сы, жақ­сы, сұлу қыз, мын­да оты­ра ғой, қазір басты­қты шақы­рай­ын.  Қатал көрін­ген жан­ның бір ауыз сөзі­нен жылулық есіп шыға кел­гені қалай?! Қатал емес сияқты.

Жұмысқа қабыл­дан­дым. Әлбет­те, Бақыт­гүл апай­ды жақын­нан тани баста­дым. Өзім де кіш­кене ашық қыз­бын ғой, адам­дар­мен тіл табысу­да жаты­рқап тұр­май­мын. «Бақыт апай­лап» жүріп, алға­шын­да сыр­ты суық көрін­ген апай­ым­ның көңіл сарайы жаз­дай жарқы­раған, тұңғиық сыр­лы жан екенін көр­дім. Ерлер­ше атқа қонған, қатал­ды­ғы бар қай­сар жур­на­ли­ст­тің жүре­гі нәп-нәзік. Ол, ата-ана­сы­на деген пер­зент­тік махаб­ба­ты қан­баған кіш­кен­тай қыз. Ол, аға­ла­ры­на деген сағы­ны­шын мәпе­ле­ген аяу­лы қарын­дас.  Ол, Маким­бай әуетінің кіш­кен­тай ұрпақта­ры­на қамқор­шы Әпке. 

Бақыт­гүл апай редак­ци­яда бар­лы­ғы­мы­зды «маңқа» дей­тін. Басын­да бір түр­лі ерсі көрін­ді. Қабыл­дай алмай, ұялып та жүр­дім. Сөйт­сем, «маңқа­ның» аста­рын­да «кішілер­сің­дер, бала­сы­ң­дар» деген сино­ним­дер жата­ды екен. Мәнін түсін­ген соң «маңқа» дегені май­дай жағып, ерке­леп те алатынбыз.

Жаңа­дан кел­ген­де редак­ци­я­ның ішкі тәр­тібін бір­ден біле қой­май­сың. Бір­де түскі асқа сыр­тқа қам­да­нып жатқа­ным сол еді, Бақыт­гүл апай: «Ардаш­ка, біз обедь­ті осын­да, стол басын­да іше­міз. Ере­кең­нен ұят бола­ды. Сыр­тқа шық­па. Тамақ пісіп тұр» деді нықтап. Бақыт­гүл апай­дың сөзі — заң. Сол күн­нен бастап редак­ци­яда бір дастар­хан басын­да бір нан­ды бөліп жедік. Ер-аға­ның пара­сат­ты әңгі­месін, ақыл-кеңесін тың­дап, Бақыт­гүл апай­дың бал­бы­ра­тып пісір­ген «бесбар­мағын» жей­тін­біз. Сон­да бас­шы бола тұрып, бәрі­міз­ге шәй­ін құй­ып, түскі асты мере­ке­лен­діріп оты­ра­тын. Жұмысы бастан аса­тын Ермұрат ағай «міне, міне, қазір, қазір» деп каби­неті­нен кел­ген­ше дастар­хан басын­да күтіп оты­ра­мыз. «Дат­тағы – әке­міз» кел­ген­ше асқа қол созбай­мыз.  Сырт қараған­да бір отба­сы сияқты­мыз. «Датқа» келіп, дәл осын­дай бере­келі орта­ның кел­бетіне таң қала­ты­н­мын. Қуанатынмын.

Айт­пақ­шы, бір­де, жұмысқа ерте­леу кел­дім. Кел­сем, кір­ген­нен еттің исі мұрын­ды жара­ды. Ешкім жоқ. Жұмыстың ас бөл­месін­де ет бал­бы­рап пісіп жатыр. «Бақыт апай?!» дей­мін. Апай жоқ. Жина­лы­ста жүр. Кез­де­су­де жүр. Тамақты кім пісіріп жатыр? Сөйт­сем, ылғи таңер­тең ерте келіп ет салып кете­ді екен. Түс­ке дай­ын болып тұруы үшін. Не деген қамқор­шы едіңіз!!!


Ермұрат ағай­дың ашуы най­за­ғай сияқты. Жұмыс бабын­да әлдебір мәсе­ле­ге көңілі тол­ма­са — бұрқ-сарқ қай­нап кететін. Әсіре­се — мате­ри­ал кешік­тір­сек. Сон­дай кез­дер­де Бақыт­гүл апай да біз­бен бір­ге тып-тыныш қана үнде­мей оты­ра­тын. Ком­пью­тер­де жұмысын істеп. Ашу­ла­нып, ескерт­пе­лерін айтып жатқан Ермұрат аға­ның сөзіне май құй­май­тын. «Хотя», құй­са да бола­ды. Ол да бас­шы. Керісін­ше Аға-басты­ғы­мыз айта­рын айтып каби­нетіне кет­кен­ше ‑үнде­мей­тін. Сосын Бақыт­гүл апай: «Ере­кең қазір басы­ла­ды, қан­ша көтеріл­се сон­ша күн­дей жарқы­рай сала­ты­ны бар!» дей­тін. Дей­тін де «Әй, маңқа­лар, тезің­дер, өткізің­дер верст­каға, қай­да әлі таңға дей­ін жүре­міз. Газет­ті бас­паға өткі­зу керек. Әне, Кен­же аға­ла­рың күтіп отыр верс­тка­ны, ол ашу­ла­на­ды қазір» деп ана­лық жұм­сақты­қ­пен жуып-шай­ып отыратын. 

Бақыт­гүл апай екі тіл­ді жур­на­лист. Сон­да, қазақ және орыс тілін­де сау­ат­ты да өткір мақа­ла­ла­ры­на қарап қызы­ға­ты­н­мын. Сау­ат­ты­лы­ғы­на. Биік­ті­гіне. Сон­да да кеудем­соқтық жоқ. Бас­шы болып мақа­ла­ла­ры­ма қаты­сты бір «заме­ча­ние» айт­пап­ты. Тек бағыт­тап оты­ра­тын. «Сұх­ба­ты­ңа керек» деп, «Жұл­ды­здар отба­сы», «Сыр­ла­су» жур­нал­да­рын әкеп алды­ма қой­ып қоя­тын. Білесіз бе, редак­ци­яға өнер май­тал­ман­да­ры, әншілер келетін. Келісіл­ген сұх­батқа. Келетін де, Ермұрат ағай­дың қалам­са­бын өзі­нен сұрап ала­тын. Кей­бірі «ұрлап» ала­тын. «Балам Сіз­дей Ел аға­сы бол­сын» деп. «Сіз­дей сая­сат­кер бол­сын» деп. «Білім­ді бол­сын» деп. Жақ­сы ниет­ке бөгет болуға бола ма?! Сол «ұрланған» қалам­сап­тар мен қарын­да­штарға Бақыт­гүл апай еке­уміз куә бол­дық. Сон­да Бақыт­гүл апай конц.товар әкеліп жатып: «Мына қалам­сап­тар қалай, Ере­кең үшін арнайы алдым. Кел­ген-кет­кен сенің қонақта­рың бәрібір алып кете­ді екен» деп күлетін.

Бір­де үйіне шақыр­ды. Бар­дық. Анти­ква­ри­ат. Әлем­нің әр жері­нен кел­ген суве­нир­лер. «Датқа» кел­гелі «ұрып кет­кен», «соғып кет­кен» кез­дер­де­гі сурет­тер.  Бәрін көр­сет­ті. Әйел­дік әде­мі сыр­лар шер­тісіп, таңға әңгі­ме­ле­стік. Жеке өмірін­де­гі түр­лі жағ­дай­ла­рын айт­ты. Расын­да, адам бала­сы жан сырын кез кел­ген ада­мға ақта­ра бер­мей­ді. Үйіне де кез кел­ген жан­ды апар­мас. Сон­да кіші бол­сам да өрелі әңгі­ме­леріне ортақ еткен Апай­дың жаны қара­пай­ым, жүре­гі жап-жас ару екеніне бой­лап қайт­тым. Ал, бауыр­ла­ры­на деген сағы­ны­шты Ермұрат ағай­ға құр­мет көр­се­ту арқы­лы, сол кісінің бабын жасау арқы­лы тол­ты­рғы­сы келетін­дей тұра­тын. Соған орай Ермұрат ағай да «Баха­лек» деп тау тұлға­лы аға­сын­дай бола білді.

Иә, әр екі сөзінің бірін­де «бағың жан­сын», «аман бол» деген жұп тілек­ті қоса айта­тын Бақыт­гүл Маким­бай — ада­ми құн­ды қаси­ет­тері­мен биік. Ол жеке басы­ның мүд­десі­нен гөрі елінің елді­гін, жарқын бола­шағын бірін­ші кезек­ке қой­ды. Ол, мем­ле­кет­шіл тұлға. Ол, бой­ын­дағы ерек еңбекқор­лы­ғы­мен жур­на­ли­ст­тік мін­дет­ті абы­рой­лы атқар­ды. Ол, өз ісіне адал­ды­ғы­мен,  жұр­ты­на жасаған жақ­сы­лы­ғы­мен дара­ла­на біл­ді. Оның жур­на­ли­сти­ка­дағы тұлға­лық бей­несі кей­ін­гі жур­на­ли­ст­тер­ге, тіп­ті, оны таны­ған кез кел­ген әріп­тес­ке үлгі дер едім.

Қадір­лі Бақыт­гүл апай­ым! Қаза­қтың мықты жур­на­ли­сті! Елінің аяу­лы жана­шы­ры! «Дат­тың» әні мен сәні! Бақұл болы­ңыз! Алла алды­ңы­здан жарылқасын!

Ардақ Иман­бекқы­зы, «ДАТ» газетінің бұры­нғы тілшісі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн