Пятница , 4 июля 2025

БІР ЖҰЛДЫЗ АҒЫП ТҮСТІ

  • 19 қыр­күй­ек күні Алма­ты жұрт­шы­лығы оппо­зи­ци­я­лық «ДАТ» газетінің редак­то­ры Бақыт­гүл Мәкім­бай­ды соңғы сапарға шыға­рып сал­ды. Қоғам өкіл­дері қазақ тәу­ел­сіз бас­пасөзінің қалып­та­суы­на зор үлес қосқан жур­на­ли­стің үнін өшіру­ге тыры­сқан­дар сан мәр­те сот­тап, соққы­ға жық­са да, ол ұста­ны­мы­нан қайт­пай, ақтық демі тау­сы­лған­ша өз кәсібіне адал болып өткенін айтады.

Журна­лист Бақыт­гүл Мәкім­бай­ды коро­на­ви­рус пан­де­ми­я­сы­на бай­ла­ны­сты жек­сен­бі күні таңер­тең­гі сағат 10-да мәй­іт­ха­на­дан бір­ден Алма­ты­ның «Кеңсай‑2» зира­ты­на апа­рып жер­леді. Марқұм­ның жана­за­сы зират басын­да шыға­рыл­ды (сурет­те).

Бақыт­гүл Мәкім­бай­ды ақтық сапарға шыға­рып салуға ондаған адам – әріп­те­стері, серік­тері, бел­сен­ділер мен туған-туыс, дос-жара­ны жинал­ды. Олар­дың ара­сын­да марқұм­ның көп жылғы әріп­тесі, кей­ін­гі 20 жыл­дан астам уақыт бойы «ДАТ» тәу­ел­сіз басы­лым­дар жоба­сын көп қиын­дық-кедер­гі­ге қара­ма­стан бір­ге жүр­гізіп келе жатқан жур­на­лист Ермұрат Бапи­ге қоса, қоғам қай­рат­кер­лері Зәу­реш Бат­та­ло­ва, Рыс­бек Сәр­сен­бай, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­ітқа­зы Мата­ев, Серға­зы Мұх­тар­бек, Асыл­бек Қожах­ме­тов, Бақыт Түме­но­ва, Қар­лы­ғаш Жақи­я­но­ва, Жұмаш Кене­бай, Талғат Айт­бай, құқық қорға­у­шы Ерлан Қали­ев және басқа­лар болды.

Бақыт­гүл Көп­бай­қы­зы Мәкім­бай 1962 жылы 15 қазан­да бұры­нғы Семей облы­сы Ақсу­ат ауда­ны Құл­ба­бас ауы­лын­да дүние кел­ген. Мек­теп­ті тәмам­даған соң, Алма­ты­дағы бай­ла­ныс учи­ли­ще­сін үздік бітіріп, біраз жыл маман­ды­ғы бой­ын­ша жұмыс істе­ген. Туы­ста­ры­ның айтуын­ша, кей­ін жур­на­лист кәсібін таң­дап, «Қаза­қстан мек­тебі» жур­на­лын­да, «Ауыл» газетін­де еңбек еткен. Жұмыс істей жүріп, Алма­ты­дағы Қазақ педа­го­ги­ка инсти­ту­ты­ның қазақ тілі мен әде­би­еті факуль­тетін оқып, бітірген.

«1998 жылы күз­ге қарай ол кісі қазақ тілін­де жаңа­дан ашы­лған тәу­ел­сіз басы­лы­мға жұмысқа ауы­сты. Сол жұмыстан өмірінің соңы­на дей­ін қол үзген жоқ. Талай қуда­ла­уды да көр­ді, бірақ бағы­ты­нан айны­ма­ды», – дей­ді марқұм­ның неме­ре сіңлісі Мейіргүл.

Ермұрат Бапи­дың сөзін­ше, Бақыт­гүл Мәкім­бай 1998 жылғы тамы­здың аяқ шенін­де «ДАТ» газетіне жұмысқа кел­ген. Сол жылы сәуір айын­да ашы­лған жаңа басы­лым 1995 жылы 30 тамы­зда Қаза­қстан жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­даған­нан кей­ін пре­зи­дент­тің жеке-дара биле­уіне негіз­дел­ген авто­ри­тар­лық билік жүй­есіне көшіп бара жатқа­нын сынап жазған мате­ри­ал­да­ры­мен көп­шілік­ке тез таны­лған еді. Көп ұза­май шырға­лаң да басталған.

– [Қаза­қстан­ның сол кез­де­гі пре­зи­ден­ті] Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың үлкен күй­еу бала­сы Рахат Әли­ев­тің түкірі­гі жер­ге түс­пей тұрған кезі. Ол адам­да­рын жіберіп, газет­ті тек­се­руді көбейт­ті. Басы­лы­мға қар­жы­лай көмек­тес­кен экс-пре­мьер Әке­жан Қажы­гел­дин «енді жасы­рын­бай, басы-қасын­да бол» деген соң, 15 тамы­здан бастап газет­ке бар­дым, ал 25 тамы­зда Бақыт­гүл біз­ге жұмысқа кел­ді, сол кез­де алғаш рет көріп, таны­стым. Ол сая­си шолу­шы болып істе­ді, – дей­ді Ермұрат Бапи.

1998 жылы күз­де тәу­ел­сіз басы­лым­ды «жала жабу» айы­бы­мен жау­а­пқа тар­ту­ды сұраған мем­ле­кет­тік теле­ра­дио жетек­шісінің талап ары­зын қанағат­тан­ды­рған сот «ДАТ» газеті мен бас редак­то­ры Шәріп Құрақ­бай­ға 35 млн тең­ге айып­пұл сал­ды. Мұн­дай ақша төле­у­ге шама­сы жоқ газет жабы­лып тын­ды. Бірақ жоба тәу­ел­сіз басы­лым шыға­ру­ды жалға­стыр­ды. Бапидің сөзін­ше, алға­шқы­сы­нан кей­ін «СолDAT», «Жұма-таймс», «Айна плюс», «Тасжарған» және басқа – бар­лы­ғы 12 түр­лі ата­у­мен шыққан.

Кен­же, мынау сурет­тің оры­ны­на кол­ла­ждың суретін сал.

– Билік түр­лі қитұрқы әдіс-амал­мен олар­ды да жауып таста­уға барын сал­ды. Сот маған кәсібі­ме және газет редак­ци­я­сын басқа­руы­ма тый­ым салған­нан кей­ін, бас редак­тор­лы­қты Бақыт­гүл атқар­ды. Бітіп бол­май­тын тек­се­ру, сотқа сүй­реу, ірі көлем­де­гі айып­пұл­дан көз ашпай­тын басы­лым­да істе­у­ге екінің бірінің шыда­мы жет­пей­тін. Бақыт­гүл қан­дай құқай көр­се де қай­мы­қ­пай, еке­уміз газет­тің түтінін өшір­мей, иық түй­істі­ре бір­ге еңбек еттік. Оны қорқы­тқы­сы кел­ген­дер талай мәр­те сот­та­ды да, ұрып-соғып, сабап та кет­ті, бірақ сағын сын­ды­ра алма­ды, – дей­ді Е. Бапи.

«ДАТ» жоба­сын­да істе­ген жиыр­ма үш жыл ішін­де Бақыт­гүл Мәкім­бай ондаған рет әкім­шілік жау­а­пқа тар­тыл­ды, билік бір­не­ше рет оның үсті­нен қыл­мыстық іс қозға­ды, соның ішін­де «пре­зи­дент­тің ар-намысы­на тиді» деген айып­тау да бар.

2002 жылы 21 мамыр­да күн­діз­гі мез­гіл­де оппо­зи­ци­я­лық басы­лым редак­ци­я­сы­на бел­гісіз біре­улер шабуыл жасап, газет қыз­мет­кер­лері Бақыт­гүл Мәкім­бай мен Кен­же Айт­ба­ки­ев­ті қатыг­ездік­пен ұрып-соғып, редак­ци­я­ны тонап, мүл­кін алып кет­ті. «Басы­на қат­ты соққы тиіп, миы шай­қалған апай­ым едәуір уақыт төсек­тен тұра алмай жат­ты. Сол ұрып-соққан­ның сал­да­ры ден­са­улы­ғы­на нұқ­сан тигізді», – дей­ді марқұм­ның туы­сы Мей­ір­гүл Мәкімбай.

Ермұрат Бапи әріп­те­стері Мәкім­бай мен Айт­ба­ки­ев­ті ұрып-соғып, редак­ци­я­ны тонап кет­кен­дер­ді де, 2008 жылы 1 сәуір­де «Тасжарған» газеті редак­ци­я­сы­на оқ атқан­дар­ды да поли­ция сол күйі «таба алмаға­нын» айтады.

Туы­ста­ры­ның сөзін­ше, Бақыт­гүл Мәкім­бай отба­сын­дағы үш ұлдан кей­ін­гі жалғыз қыз болып өскен. Бақыт­гүл­дің алты жасын­да әкесі қай­тыс болған, ал жасы жиыр­ма­дан енді асқан­да ана­сы­нан айырылған.

– Үш аға­сы оны ерке­летіп, қас-қабағы­на қарай­ды екен. Бірақ Алла­ның жазуы­на шара бар ма, сол аға­ла­ры елу жасқа жет­пей қай­тыс бол­ды. Ең үлкені 39 жасын­да, одан кей­ін­гі екі аға­сы 42 және 46 жасын­да дүни­е­ден өтті. Солар­дың бала­ла­ры­на қамқор­лық жасап, бәрі­міздің маман­дық таң­дап, жоға­ры білім алуы­мы­зға бағыт бер­ді, – дей­ді аға­сы­ның қызы Мейіргүл.

Оның айтуын­ша, Бақыт­гүл­дің оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­дағы жұмысы кей­де туы­ста­ры­на да әсер еткен.

– 2005–2006 жыл­да­ры аста­на­да маман­ды­ғым бой­ын­ша жұмыс істеп жүр­генім­де бас­шы қыз­мет­те істей­тін бір адам Бақыт­гүл Мәкім­бай­дың туы­сы екенім­ді біл­ген соң, қыр соңы­ма түсті. Ақыр соңын­да жоға­ры оқу орнын­дағы жұмысым­нан шығарт­ты. Тіп­ті басқа жер­ге бар­сам да жұмысқа қабыл­да­май­тын. Сөй­тіп, төрт жыл бойы авто­бу­ста кон­дук­тор болып істе­дім. Апай­ым соны есті­ген­де қат­ты уай­ым­да­ды, бірақ та апай­ым­ның анау-мынау ер адам­ның өзі көте­ре алмай­тын жүк­ті арқа­лап, халқы­на адал еңбек сіңір­генін мақтан тұта­мын, – дей­ді Мей­ір­гүл Мәкімбай.

Мей­ір­гүл­дің сөзін­ше, Бақыт­гүл Мәкім­бай­дың жалғыз бас­па­на­сын билік төрт рет бұғат­таған. «Апай­ым 1993 жылы, «Қаза­қстан мек­тебін­де» жұмыс істеп жүр­ген­де, көле­мі 43 шар­шы метр бір бөл­мелі пәтер алған, өмірінің соңы­на дей­ін сон­да тұр­ды. Бізді сол үйде қолы­на алып оқыт­ты. Міне, сол пәтер­ді билік төрт рет бұғат­та­ды, соңғы рет был­тыр бұғат­тан шығар­тқан», – дей­ді Мейіргүл.

Ермұрат Бапи әріп­тесінің жалғыз бас­па­на­сы нелік­тен бұғат­талға­нын былай­ша түсіндіреді:

– Біздің жоба газет­терін тыным­сыз тіміскілеп, қар­жы­дан қағып, тұн­шы­қты­ру­дың түр­лі кедер­гісі жасал­ды ғой. Сол кез­де біз де грант, я бол­ма­са деме­уші тауып, қар­жы­сын пай­да­ла­ну үшін, жаңа­дан қоғам­дық бір­ле­стік тір­ке­тетін­біз. Менің я редак­ци­я­ның аты­нан ашуға кел­мей­ді, себебі үне­мі «қара тізім­де­міз». Сон­ды­қтан оның құры­л­тай­шы­сы етіп Бақыт­гүл­ді, кей­де тағы бір туы­сым­ды жаза­тын­быз. Кей­ін бізді жабуға ілік ізде­ген­де айып­пұл салып, сол дүние-мүл­кін бұғат­тап тастай­тын. Біз сабы­лып жүріп, қар­жы тауып, әйте­уір шығар­тқы­зып ала­тын­быз. 2000-жыл­да­ры құрған сон­дай бір бір­ле­стік­ке 380 мың тең­ге айып­пұл салы­нға­нын, содан бері оның өсі­мі бір­не­ше есе көбей­іп, 3,8 млн тең­ге­ге жет­кенін 2020 жылы көк­тем­де бір-ақ айт­ты. Сол кез­де әлгі ақша­ның бәрін төлеп, Бақыт­гүл­дің пәтерін бұғат­тан шыға­руға орал­дық кәсіп­кер Бар­лық Меңдіға­зи­ев көмек­те­сті, – дей­ді Ермұрат Бапи.

Мате­ри­ал­да­ры билік­тің қыты­ғы­на тиетін тәу­ел­сіз басы­лым­да жұмыс істей­тін жур­на­лист Бақыт­гүл Мәкім­бай­дың қорқы­тып-үркіту­ге көн­бей­тінін жақ­тас жана­шы­ры да, дұшпа­ны да білетін дей­ді оны танитындар.

– Қаза­қстан­дай авто­ри­та­ризм құр­са­уын­да оты­рған елде сон­ша­ма жыл оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­да істеу тек қай­сар адам­ның ғана қолы­нан келеді. Ал Бақыт­гүл нақ сон­дай батыл, өжет еді, – дей­ді оны көп жыл­дан бері білетін Марат Уатқан.

Оңда­сын Бесік­ба­сов, мек­теп­те бір­ге оқы­ған ауылдасы:

  • «Халқы­ның көзін ашып, сол жарқын өмір сүр­се деген, сол үшін өз ғұмы­рын ақиқат жолын­дағы күрес­ке арнаған қаза­қтың қаһар­ман қызы дүни­е­ден өтті. Кей­бір ер адам­ның қолы­нан кел­мей­тін істі атқар­ды. Қан­ша қуғын көр­се де, сағы сын­баған қай­рат­ты, шын­ды­қты айта­тын қалам иесі болды».

Дәнеш Бай­бо­лат, жур­на­лист:

  • «Бақыт­гүл апай­дың жур­на­ли­сти­ка­дағы тағ­ды­ры «ДАТ­пен» бір­ге өріл­ді. Тәу­ел­сіз жур­на­ли­сти­ка­дағы қыз­меті үшін таяқ жеді, қамал­ды, қоқан-лоққы көр­ді. Бірақ беріл­меді. Көбі шыда­май кет­кен жер­ден Бақыт­гүл апай табан аудар­ма­ды. Газет­тің осы күн­ге дей­ін жетуі де оны жасай­тын адам­дар­дың мінезі мен жігерінен!»

Жұма­бай Доспа­нов, аты­ра­улық жур­на­ли­сти­ка ардагері:

  • «Қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы­ның бір жарық жұл­ды­зы ағып түсті көгімнен…»

Бақыт­гүл Мәкім­бай Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғын, алтын медалі мен «Қаза­қстан­ның құр­мет­ті жур­на­лисі» атағын иелен­ген. Сорос халы­қа­ра­лық қоры­ның «Батыл­ды­ғы мен табан­ды­лы­ғы үшін» сый­лы­ғын алған. Қаза­қстан пат­ри­от­та­ры­ның «Алмас қылыш» сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты болған.

Кен­же­бек НҰРҚАСЕНҰЛЫ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн