Пятница , 4 июля 2025

РУХЫҢА ТАҒЗЫМ ЕТЕМІЗ!

Баяғы «ДАТ» газетінің ұжы­мын­да Ермұрат Бапи ағам­мен таны­сқа­лы бері, мен жақын ара­ласқан, қат­ты сый­ласқан тағы бір адам – ол Бақыт­гүл апа­мыз еді. Жиыр­ма жыл­дан бері ара­ла­сып, аман-саулы­ғы­мы­зды біліп тұра­тын едік. Өзі бір ерекше мей­ірім­ді, бауыр­ма­шыл жан еді. Сөй­те тұра, ішкі прин­циптеріне адал, табан­ды тұлға бола­тын. Ере­кең осы жыл­да­ры тәу­ел­сіз жур­на­ли­сти­ка­ның басын­да жүр­ген қан­дай мықты бол­са, сон­ша­ма жыл­да­ры оның жанын­да сенім­ді қай­рат­кері болып, көп қиын­ды­қтарға төзіп, ер адам­дар көр­се­те алмай­тын мінезді байқатты.

Әлі де сене алмай отыр­мын. Қош болы­ңыз, Бақыт­гүл апа!

Ерлан КАРИН, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­зи­ден­тінің көмекшісі

Жақсы­ға жерік ажал тағы бір аяу­лы адам­ды орта­мы­здан алып кет­ті. Жарқыл­даған жаны жай­саң, жүре­гі мей­ірім­ге толы Бақыт­гүл апа­мы­зға да уақыт болған екен. 

Қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы­на ғұмы­рын арнаған қала­мы өткір, қары­мы мықты Бақыт­гүл апай адам­гер­шілі­гі жоға­ры, бауыр­мал адам еді. Хабар­ла­сып, хал біліп тұра­тын­быз. «Берік­жан, бауы­рым, аман­сы­ң­дар ма?» деп тұра­тын қамқор дауы­сты енді ести алмай­ты­ным қан­дай өкіні­шті! Бірақ ажалға қылар айла жоқ. Бақұл болы­ңыз, жан апа! Алла пана­сы­на алғай! 

Туы­ста­ры мен отба­сы­на қай­ғы­рып көңіл айта­мын. Әулеті аман, ұрпақта­ры­ның ғұмы­ры ұзақ болғай!

Берік УӘЛИ, ҚР пре­зи­ден­тінің баспасөз-хатшысы

Қаза­қстанға таны­мал тәу­ел­сіз жур­на­лист, пат­ри­от­ты­ғы мен қай­рат­кер­лі­гі аңы­зға айналған батыл қыз Бақыт­гүл Мәкім­бай­дың мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның туған-туы­ста­ры мен қаза­қстан­дық жур­на­ли­стер қауы­мы­на қай­ғы­рып көңіл айтамыз!

Бақыт­гүл Мәкім­бай – Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, «Қаза­қстан­ның құр­мет­ті жур­на­лисі» төс­бел­гісінің және «Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­на 60 жыл» мере­келік медалінің иегері. Ең басты­сы – ол өзінің кәсі­би қыз­меті мен аза­мат­тық прин­ци­піне адал және табан­ды екенін таны­тқан жор­нал­шы. 23 жыл қата­ры­нан оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­да тап­жыл­май қыз­мет ету – екінің бірінің қолы­нан кел­мей­тін табан­ды­лық. «ДАТ» газеті мен өзінің басы­на түс­кен қиын­дық пен ауыр­лы­ққа ешқа­шан мойымады.

Бақыт­гүл өмір­де де мей­ілін­ше ақжарқын, адал, көп­шіл адам бол­ды. Топ орта­ның гүлі болып, әрдай­ым жай­ма-шуақ мінезін жан-жағы­на шашып жүретін жай­да­ры жан еді.

Жатқан жерің жарық, мәң­гілік мекенің жұмақ бол­сын, жақ­сы адам! Біз сені ешқа­шан ұмытпаймыз!

Қара­лы сөздің соңын­да «ДАТ» газет­тер жоба­сы­ның редак­ци­я­сы «Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның Бақыт­гүл Мәкім­бай атын­дағы сый­лы­ғын» тағай­ын­дау жөнін­де­гі ұсы­ны­сын Кәсіп­тік одақтың басқар­ма­сы қабыл­да­уға алға­нын хабарлаймыз.

Сей­тқа­зы МАТАЕВ, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төрағасы

Елден жырақта жүр­ген біз­ге де Бақыт­гүл қарын­да­сым қай­тыс бол­ды деген қара­лы хабар жет­ті! Өте өкіні­шті! Қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы мен аза­мат­тық қоға­мы үшін орны тол­мас өкініш!

Мен Бақыт­гүл­ді сонау 90-жыл­дар­дың соңы­нан бері білу­ші едім. Семей­лік жер­ле­сті­гі өз алды­на, қарын­да­стық бауыр­мал қаси­еті мен ілти­пат-мей­ірі­мі шексіз қыз еді. Мен бір топ бел­сен­ді жур­на­ли­стер­ге тәу­ел­сіз газет ашуға көмек жасаған 1998 жылы Бақыт­гүл «ДАТ» газетінің алға­шқы редак­ци­я­сын­да қыз­мет еткені есім­де. Менен де бір­не­ше интер­вью алған кезі болған. Маған оның батыл­ды­ғы мен қоғам­дық іске деген алғыр­лы­ғы, тәу­ел­сіз ой-пікірі қат­ты ұнаған бола­тын. Кей­ін­нен интер­нет желілері арқы­лы жиі хабар­ла­сып тұрдық.

Енді, міне, сол Бақыт­гүл өмір­ден өтіп­ті… Еліне еңбек ету­ге, Қаза­қстан­ды өзгер­ту­ге деген құштар­лы­ғы тасып тұрған адам­ның ерте кетіп қалға­ны қан­дай өкіні­шті! Амал жоқ…

Аяу­лы қарын­да­сым­ның алды­нан жары­лқа­сын! Біз сен арман­даған жаңа Қаза­қстанға жету­ге күш сала­тын бола­мыз! Әділет жолын­дағы адам­ның жаны жан­нат­тың төрі­нен орын алуы тиіс! Мен сенің рухы­ңа тағ­зым ете­мін, Бақытгүл!

Әке­жан ҚАЖЫГЕЛДИН

Аяулы қарын­да­сы­мыз, қаза­қтың қай­сар қызы Бақыт­гүл­дің мез­гіл­сіз өмір­ден озға­нын естіп, шексіз қай­ғы­ру­да­мын. Сұм ажал ара­мы­здан басы­на түс­кен қиын­ды­қтар­дың ешқай­сысы­на мой­ы­май, өмірін бүгін­гі елді құры­қтап, билеп-төстеп оты­рған билік­тің әділет­сіздік­тері­мен күрес­ке арнаған батыр қызды алып кет­ті. Мен оны тек қоғам қай­рат­кері, жалын­ды қалам­гер ретін­де ғана емес, «менің ағам» деп сый­лай­тын, туған қарын­да­сым­дай болып кет­кен жан ретін­де білу­ші едім.

Жатқан жері жай­лы, топы­рағы торқа, има­ны сала­мат бол­сын! Құр­мет­ті інім Ермұрат, өзіңе және «ДАТ» газетінің ұжы­мы­на, марқұм­ның туған-туы­ста­ры­на қай­ғы­ра көңіл айтамын!

Жар­ма­хан ТҰЯҚБАЙ

Құрмет­ті Ермұрат және дауыл­паз «ДАТ­ты­қтар»! Тәу­ел­сіз қазақ бас­пасөзінің қалып­та­сып, дамуы­на еле­улі үлес қосқан, әділет үшін күре­стің үне­мі алғы шебін­де болған таны­мал жур­на­лист, қадір­лі Мәкім­бай Бақыт­гүл қарын­да­сы­мы­здың қаза­сы­на бай­ла­ны­сты өзіңе және редак­ция ұжы­мы­на, газет оқыр­ман­да­ры­на қат­ты қай­ғы­рып көңіл айта­мын. Бақыт­гүл­дің има­ны сала­мат, алды пей­іш, арты кеніш болсын!

Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ

БАҚҰЛ БОЛ, қаза­қтың аяу­лы БАҚЫТГҮЛІ!

 Аллам-ау, не боп кет­ті бұл допша дөң­ге­ле­ген дүние! «Азаттық» радио­сы­ның интер­нет-пор­та­лы­нан Бақыт­гүл Мәкім­бай қарын­да­сым­ның қай­тыс болға­нын оқып, төбе­ме жай түс­кен­дей күй кештім…

 Өзім қай жер­де бол­ма­сын, сая­сат тура­лы сөз бола қал­са, «қазір­гі таң­дағы қазақ қызда­ры­ның ішін­де­гі бет­ке ұста­ры­мыз – ұлты­мы­здың қай­сар, батыр, батыл қызы, «Дат» газетінің бас редак­то­ры Бақыт­гүл Мәкім­бай» деп, есі­мін аса бір мақта­ныш сезім­мен марқая айтып жүретін Бақыт­гүл қарын­да­сым мез­гіл­сіз өмір­ден өтіпті.

 Біреу жел­кем­нен қос қол­дап тұрып қой­ып кеп жібер­ген­дей, көзім қара­уы­тып, есең­гіреп тұрып қал­дым. Көзім­нен ыстық жасым толас­сыз пар­лап, еңкіл­де­ген дауы­сым да еріксіз шығып кет­ті. «Мүм­кін емес! Мүм­кін емес!» деген оймен өзім жиі сөй­лесіп жүретін сая­си жақ­та­сым, таны­мал пуб­ли­цист Талғат Айт­бай­ға дереу теле­фон шал­дым. Құдай-ау, расы­мен солай екен!

 Енді Рекеңе – ұлты­мы­здың бет­ке ұстар аза­ма­ты, исі қаза­қтың дос-жана­шы­ры Рыс­бек Сәр­сен­бай­ға қоңы­рау соқтым. Олай жасау себебім: Бақыт­гүл қарын­да­сым­мен таны­сты­ғым осы­дан төрт-бес жыл бұрын қаза­қтың қай­сар, қайт­пас батыр ұлы Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның құр­метіне жыл сай­ын өткізілетін «Алтын­бек жүр­ген жол­дар­мен» атты Ала­тау бау­рай­ы­мен жүріп өтетін 14 шақы­рым­дық соқ­пақ-сапар­дан басталған еді. Рекең теле­фон арқы­лы Бақыт­гүл Мәкім­бай­дың әулеті мен тра­ге­ди­я­лық тарихын маған қамы­ға, жүре­гі жылай айтып тұр. Бірі-бірі­міз­ге басу айты­сқан болдық.

Қаза­қта басу айту – парыз ғой. Әйт­пе­се жүрек­ті тыр­наған мынан­дай ауыр, қабы­рға қай­ы­сты­рар қай­ғы­ны басу, тыны­штан­ды­ру мүм­кін бе?!

 Елде­гі ұлт­тық бағыт­тағы, қоғам­ды-сая­си мән­де­гі митинг, қозға­лы­стар­да батыр Бақыт­гүл айна­лай­ы­н­мен қатар жүр­ген күн­дер­ді қалай ғана ұмы­тар­сың? Қалай ғана жүре­гің жылап, егілмессің?!

 Қай­тей­ін, қай­тей­ін! Има­ның жол­дас, топы­рағың торқа бол­сын, қаза­қтың алтын­дай аяу­лы Бақытгүлі!

 Ғаб­дул-Сәбит ЮСУПОВ,  Алма­ты қаласы

МЫҚ ШЕГЕ Мәкім­бай еді…

Бақыт­гүл Мәкім­бай апай­ы­мыз қай­тыс бол­ды деген хабар жан-дүни­ем­ді алай-түлей етті. Ауру­ха­наға түс­се де, дәл Бақыт­гүл апай мұны да жеңіп шыға­ры­на күмәнім жоқ еді…

Қысқа уақыт «ДАТ»-та апай­мен бір­ге жұмыс істе­дік. Кей­ін көр­ген жерін­де: «Ау, бауы­рым, аман­сың ба?» деп, шұрқы­рап аман­да­са­тын. Бір айдан соң (15 қазан) кезек­ті рет туған күні­мен құт­ты­қтай­мын деп жүр едім…

Ешқа­шан май­ы­спай­тын мық шеге жаса­уға бола­тын болат-адам­дар­дың қата­ры­нан еді. Көп адам үне­мі күлім­сіреп жүретін, жүзі аңқа­у­лау, қара­пай­ым келін­шек­тің обра­зын еске түсіретін Бақыт­гүл апай­дың өзе­гі қан­дай берік құры­штан құй­ы­лға­нын аңға­ра алмай­тын. Оны жанын­дағы әріп­те­стері, сүй­ік­ті аға­сы – Ермұрат Бапи ғана жақ­сы білетін.

Бақыт­гүл апай­дың жур­на­ли­сти­ка­дағы тағ­ды­ры «ДАТ»-пен бір­ге өріл­ді. Тәу­ел­сіз жур­на­ли­сти­ка­дағы қыз­меті үшін таяқ жеді, қамал­ды, қоқан-лоққы көр­ді. Бірақ беріл­меді. Көбі шыда­май кет­кен жер­ден, Бақыт­гүл апай табан аудар­ма­ды. Газет­тің осы күн­ге дей­ін жетуі де оны жасай­тын адам­дар­дың мінезі мен жігері­нен! Енді, міне, «Дат­тың» бір ұсты­ны құла­ды! «Біздің де күні­міз туа­ды» деп, төңіре­гін жігер­лен­діріп жүретін жай­да­ры жан кел­ме­стің кемесіне мініп кетті.

Жаны­ңыз жән­нат­та шалқы­сын, апай! Жақын­да­ры­на, әріп­те­стеріне және апай­дың ең сүй­ік­ті аға­сы болған Ераға – Ермұрат Бапи аға­мы­зға қай­ғы­рып көңіл айтамын!

Дәнеш БАЙБОЛАТОВ, жур­на­лист

ЕРЕКШЕ ЕДІ

Бақыт­гүл Мәкім­бай ханым­ды өмір­де көзім­мен көр­ме­сем де, 2018 жылы бан­дит билік тара­пы­нан қуда­ла­у­ға түс­кен кезім­де маған жеке бай­ла­ны­сқа шығып, көп­те­ген сұрақтар қой­ып, жау­ап­та­рым­ды «ДАТ» газетіне жари­я­ла­у­шы еді.

Біз­де не көп – жур­на­ли­стер көп. Бірақ осы Бақыт­гүл ханым сол жур­на­ли­стер­дің ішін­де­гі ерекше­лер­дің ЕРЕКШЕСІ еді. Өзім анау-мынау жур­на­ли­стер­ді мой­ын­дай бер­мей­тін­мін. Бірақ Бақыт­гүл ханы­мға кел­ген­де инту­и­ци­ям осы кісіні өте жақ­сы қабыл­дай­тын және ішім­нен сый-құр­метім де ерекше бола­тын, мой­ын­дай­ты­н­мын, сыйлайтынмын!

Осын­дай қаси­ет­ті, талант­ты адам­дар­дың өмір­ден ерте кет­кені өте ауыр. Қазақ қоға­мы өзінің қай­сар қызы­нан, ерекше ада­мы­нан, АРУЫНАН айы­ры­лға­ны – мына онсыз да қиын кез­де өте үлкен трагедия!

«ДАТ» газетінің жетек­шісі Ермұрат Бапи мыр­за­ның, газет ұжы­мы­ның және ҚАЗАҚ ҰЛТЫМНЫҢ қай­ғы­сы­на ортақпын!

Бақыт­гүл әпке­міздің жаны жан­нат­та, топы­рағы торқа болсын!

Ардақ ӘШІМ, оқырман

ЖАН ДОСЫМ-АУ!

Жан дүни­есі жарқы­раған жан досым Бақытгүл!

Аты­на заты сай, айна­ла­сы­на бақыт сый­лап, орта­ның гүлі болған, қал­жы­ңы­мыз жарасқан жан досым-ау!..

Үне­мі дастар­ха­нын жай­на­тып, жады­рап қар­сы ала­тын, досты­ққа адал, ақкөңіл, жүре­гіне бүкіл әлем­ді сый­ды­ра біл­ген, жан досым-ау! Талай дауы­лға қар­сы тұра біл­ген қай­сар­лы­ғы­ң­мен бұл індет­ті де жеңіп шыға­ды деген үміті­міздің ақтал­маға­ны қан­дай өкіні­шті. Қоңыр күз­де туған күніңді той­ла­ту­шы едік, қоңыр күз­де өзің­мен мәң­гілік­ке қоштастық…

Биік оймен өмір сүрген, 

Жан досым.

Сен тура­лы жыр таусылмас,

Жан досым!

Халқы үшін аянбаған, 

Жан досым!

Жатқан жерің жай­лы болсын,

Жан досым!

  • Доста­ры: Гүл­са­ра, Бақыт­жан, Мұрат Гүл­на­ра, Серік Роза, «әй, маңқа» (Бақыт­гүл­дің сөзі) сіңлілерінің бірі Най­ля.

«Ел мен Жер» қоғам­дық қозға­лы­сы­ның үйле­стіру­ші кеңесі атақты қазақ жур­на­лисі, қоғам қай­рат­кері, ел пат­ри­о­ты, жаны кір­шіксіз арда ару Бақыт­гүл МӘКІМБАЙДЫҢ мез­гіл­сіз өмір­ден озуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның отба­сы­на, ағай­ын-туы­ста­ры­на, «ДАТ» газетінің ұжы­мы­на және бар­ша қаза­қстан­ды­қтарға қай­ғы­рып көңіл айта­ды. Бақыт­гүл­дің има­ны сала­мат болып, алды­нан жарылқасын!

Бал­таш ТҰРСЫМБАЕВ

Еркін РАҚЫШЕВ

Алма­ты қала­лық Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар аль­ян­сы даңқы «ДАТ­тық» дауыл­паз, Қаза­қстан­ның құр­мет­ті жур­на­лисі, ардақты апай­ы­мыз Бақыт­гүл КӨПБАЙҚЫЗЫНЫҢ мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның туған-туы­ста­ры­на, дос-жаран­да­ры­на, «ДАТ» жоба­сы­ның ұжы­мы­на және бар­ша тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер­ге қай­ғы­рып көңіл айтады!

Мәң­гілік мекенің жұмақ бол­сын, қай­ран Бақыт­гүл апай­ы­мыз! Біз сізді сағы­нып және үне­мі еске алып жүреміз!

Арай­лым НАЗАРОВА

 «ХАҚ» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төралқа­сы Қаза­қстанға таны­мал жур­на­лист, Қаза­қстан пат­ри­от­та­ры сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Қаза­қстан­ның құр­мет­ті жур­на­лисі Бақыт­гүл МӘКІМБАЙДЫҢ мез­гіл­сіз қаза болуы­на бай­ла­ны­сты апай­ы­мы­здың жалғыз бала­сы Шыңғы­сқа, туған-туы­ста­ры­на, «ДАТ» газетінің редак­ци­я­сы­на және аза­мат­тық қоғам өкіл­деріне қай­ғы­рып көңіл айта­ды. Жаратқан алды­ң­нан жары­лқа­сын, Бақыт апай!

Тоғ­жан ҚОЖАЛЫ

Ардақты қызы­мыз Бақыт­гүл­дің қаза­сы қабы­рға­мы­зды қай­ы­стыр­ды. Әлі де бар өмірі алда, Қаза­қстан қоға­мы­на да қары­мы қажет қай­сар қызы­мыз еді… Ама­лы­мыз бар ма? Ажал ара­мы­здан жұлып әкет­ті. Артын­да жалғыз ұлы – өрім­дей Шыңғы­сы қал­ды… Енді марқұм­ның арты­нан Құран оқып, има­ны сала­мат бол­сын, жатқан жері жарық бол­сын деуден басқа амал жоқ! Бақұл бол, Бақытгүл!

Мәм­бе­та­лин­дер отбасы

Ардақты апай­ы­мыз, жаны жай­саң, көңілі көл Бақан­тай апай­ы­мы­здың ара­мы­здан кет­кені жүре­гі­мізді жылат­ты… Біздің бар­ша­мы­зды бауы­рын­дай көріп, әрбір туған күні­міз­ге тар­туы мен шашуын ала жүгіретін үлкен жүрек­ті адам еді. Сөм­кесін­де үне­мі кәм­пи­ті жүретін, біре­уі­міз кез­де­се қал­сақ: «Құлы­ным-ау, мынау дәм­ді әпе­кеңнің дәмі ретін­де қабыл­да­шы!» деп, мей­ірі­мі төгіліп тұратын.

Енді қайт­тік?! Асыл апа­мы­здың орнын кім баса­ды? Жатқан жерің жарық бол­сын, апа­тай! Был­тыр дәл өзің­дей індет­ке ілініп кет­кен Сан­дуғаш пен Қала­мқас әпке­лері­міз­ге дұғайы сәлем дегей­сің! Біз сені ешқа­шан ұмытпаймыз!

  • Бауыр-сіңлің: Қар­лы­ғаш, Ақли­ма – Нұр­лан, Қар­лы­ғаш – Болат, Гүл­жи­ян – Алда­жар, Ақбо­та – Әкім­жан, Свет­ла­на – Айдар, Ерік – Қар­лы­ғаш, Елдос – Әлия, Меру­ерт, Ақма­рал, Арай­лым, Айгерім, Сал­та­нат, Ұлда­на, Мей­ір, Әзиз, Арслан, Аиза.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн