Пятница , 4 июля 2025

ДАРИҒАНЫҢ «КҮЙЕУІ» Қайрат Шәріпбаевтың құпия бизнесі  ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

  • «Шәрі­п­ба­ев 1985 жылы Қазақ ауыл шару­а­шы­лы­ғы инсти­ту­тын бітір­ген. Оқуын аяқтай сала Алма­ты облы­сын­дағы Іле ауда­нын­да сов­хоз агро­но­мы бол­ды, кей­ін көкөніс қой­ма­шы­сы бол­ды… 2009 жылы Шәрі­п­ба­ев «ҚазТранс­Газ Аймақ» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның бас дирек­то­ры болып тағай­ын­да­лып, сол уақыт­тан Қаза­қстан­дағы ықпал­ды адам­ның біріне айна­ла бастады.
  • Елде­гі ең ықпал­ды отба­сы – Назар­ба­ев әулетінің күй­еу бала­сы ата­нып жүр­ген, «ҚазТранс­Газ» ком­па­ни­я­сы­ның басқар­ма төраға­сы Қай­рат Шәрі­п­ба­ев, ресми ақпа­рат бой­ын­ша, ешқан­дай биз­не­спен айна­лы­спай­ды. Алай­да Шәрі­п­ба­евқа тиесілі болған, кей­ін «сенім­ді серік­тесіне» өтіп, әлі күн­ге дей­ін табысты жұмыс істеп жатқан бір­не­ше ком­па­ни­я­ны «Азаттық» аны­қта­ды. Сон­дай-ақ Шәрі­п­ба­ев басқа адам­ның аты­нан ком­па­ния ашып, «ҚазТранс­Га­з­дағы» лау­а­зы­мын пай­да­ла­ну арқы­лы бай­ып оты­руы әбден мүмкін.

Қараңғы бөл­ме­де жиыр­ма шақты адам сап түзе екі топқа бөлініп, билеп тұр. Әдет­те келін түсір­ген­де айты­ла­тын ән естіледі: «Жас келін­ді көру­ге асы­ғу­да, жар-жар…». Аздан соң ортаға Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қызы, қазір­гі мәжіліс депу­та­ты Дариға Назар­ба­е­ва шыға­ды. Жұрт «Ура! Ура!» деп қуа­на айқай­лай­ды. Қар­сы бет­тен оны қолы­на гүл ұстаған Қай­рат Шәрі­п­ба­евқа ұқсай­тын адам күтіп алды. Ол Дариға Назар­ба­е­ва­ны көтеріп алды да (фото­су­рет), алып кет­ті. Ысқы­рық, шапа­лақ, «Ура-а‑а!»…

Бұл рәсім қашан, қай­да болға­ны бел­гісіз, бірақ видео желі­де алғаш был­тыр көк­тем­де жари­я­лан­ды. Шәрі­п­ба­ев пен Назар­ба­е­ва­ның отау көтер­гені тура­лы интер­нет­те 2013 жыл­дан бері айты­ла баста­ды. Желі­де еке­уінің той-тома­лақта бір­ге жүр­ген видео­сы жари­я­ла­нып тұра­ды. Жұрт алды­на да бір­ге шыққан: 2019 жылы қыр­күй­ек­те «Томи­рис» филь­мінің тұса­у­ке­серіне Назар­ба­е­ва мен Шәрі­п­ба­ев бір­ге барып, қатар отыр­ды. Кей­бір басы­лым­дар Дариға­ның 10 жасар ұлы барын да жазған.

Назар­ба­е­ва да, Шәрі­п­ба­ев та еке­уінің отба­сы құрға­нын рас­та­маған, жоққа да шығар­май­ды. Назар­ба­ев­тар әулеті­нен бұл тура­лы тек Дариға­ның жұм­бақ жағ­дай­да қаза тапқан бұры­нғы күй­е­уі Рахат Әли­ев­пен некесі­нен туған ұлы, был­тыр көз жұмған Айсұл­тан Назар­ба­ев айтқан. Ол Шәрі­п­ба­ев­ты «анам­ның қазір­гі күй­е­уі» деп сипаттаған.

Қайрат Шәрі­п­ба­ев 1963 жылы тамы­зда Алма­ты облы­сын­дағы Ақте­рек ауы­лын­да туған. Ресми өмір­ба­я­нын­да оның үйлен­гені айты­ла­ды. Бірақ ұлт­тық ком­па­ния қыз­мет­кер­лері мен олар­дың туы­ста­ры жазы­лған база­да әйелінің аты-жөні көр­сетіл­мей­ді. Бір ұл, бір қызы бар.

Шәрі­п­ба­ев 1985 жылы Қазақ ауыл шару­а­шы­лы­ғы инсти­ту­тын бітір­ген. Оқуын аяқтай сала Алма­ты облы­сын­дағы Іле ауда­нын­да сов­хоз агро­но­мы бол­ды, кей­ін көкөніс қой­ма­шы­сы қыз­метін атқар­ды. Газ сала­сын­дағы еңбек жолын 2000-жыл­да­ры бастаған. 2002–2003 жыл­да­ры ол «Интер­газ Орта­лық Азия» жабық акци­о­нер­лік қоға­мы бас дирек­то­ры­ның мар­ке­тинг және ком­мер­ция бой­ын­ша бас дирек­то­ры бол­ды. Ашық деректер­де Шәрі­п­ба­ев­тың 2003–2008 жыл­да­ры немен айна­лы­сып, қан­дай қыз­мет­те болға­ны көр­сетіл­мей­ді. Бірақ 2009 жылы Шәрі­п­ба­ев «ҚазТранс­Газ Аймақ» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның бас дирек­то­ры болып тағай­ын­да­лып, сол уақыт­тан Қаза­қстан­дағы ықпал­ды адам­ның біріне айна­ла баста­ды. Шәрі­п­ба­ев карье­ра­сы­ның күрт өсуін Дариға­мен отау құруы­мен бай­ла­ны­сты­ра­тын­дар бар.

Қаза­қстан халқы­ның жар­ты­сы­нан көбін газ­бен қам­та­ма­сыз ететін «ҚазТранс­Газ» (ҚТГ) ком­па­ни­я­сы­ның басқар­ма төраға­сы лау­а­зы­мы­на был­тыр – 2020 жыл­дың қара­ша­сын­да тағай­ын­дал­ды. Газ сала­сын­дағы ұлт­тық опе­ра­тор, моно­по­лист ком­па­ни­я­ның ықпа­лы мен ондағы ақша айна­лы­мы қан­ша­лық зор екеніне баға беру қиын емес: «ҚТГ» газ тасы­мал­дау мен жет­кі­зу бой­ын­ша орта­лы­қтан­ды­ры­лған инфрақұры­лым­ды басқа­ра­ды, шетел­ге тасы­мал­да­у­мен айна­лы­са­ды, ішкі-сыр­тқы нары­қта газ сату­мен айна­лы­са­ды, құбыр жасап, газ сақтау қой­ма­ла­рын соғып, кен орын­да­рын тауып, олар­ды қар­жы­лан­ды­ра­ды, оны пай­да­ла­на­ды. Оның құра­мын­да еншілес және бір­ле­се басқа­ры­ла­тын 12 ком­па­ния бар. «ҚТГ»-ның 2020 жыл бой­ын­ша қар­жы есебіне қараған­да, ком­па­ни­я­ның жал­пы активі – 2,3 трил­ли­он теңге.

2021 жыл­дың науры­зын­да ком­па­ния «Қаз­Мұ­най­Га­з­дан» бөлініп шықты да, «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры­ның құра­мын­дағы жеке ком­па­ни­яға айнал­ды. «ҚазТранс­Га­зға» еншісін беріп, бөлек шыға­ру­ды оның «қай­ын ата­сы», «Самұрық-Қазы­на» басқа­ру­шы­лар кеңесінің төраға­сы, экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев был­тыр қара­ша­да тап­сы­рған.

Шәрі­п­ба­ев әр жыл­да­ры «Эксим­банк», Qazaq banki және RBK банк­терінің акци­о­нері болған. Алға­шқы еке­уінің лицен­зи­я­сын 2018 жылы Ұлт­тық банк тоқтатты.

Ашық үкі­мет пор­та­лы­ның дере­гі бой­ын­ша, Қай­рат Шәрі­п­ба­ев­тың аты­на ешқан­дай ком­па­ния тір­кел­ме­ген. Ешбір ком­па­ни­яға да, ресми дерек бой­ын­ша, ол құры­л­тай­шы емес. Алай­да бұған дей­ін оның атын­да бір­не­ше ком­па­ния болған. Олар ғима­рат­тар­ды жалға беру­мен, көтер­ме сауда­да тау­ар не газ тех­ни­ка­ла­рын сату­мен айналысады.

Мыса­лы, бес адам­нан аз қыз­мет­кері бар «Innovation Invest» шағын ком­па­ни­я­сы 2014 жылы қаңтар­да тір­кел­ген. Ол көтер­ме сауда­да түр­лі тау­ар сату­мен айна­лы­са­ды. Ком­па­ния алғаш тір­кел­ген 2014 жылғы қаңтар­да оның жалғыз бас­шы­сы да, құры­л­тай­шы­сы да Қай­рат Шәрі­п­ба­ев еді. Сол жылы қазан­да Шәрі­п­ба­ев «ҚТГ»-ның бас дирек­то­ры болып тағай­ын­дал­ды. Бір айдан соң «Innovation Invest» ком­па­ни­я­сы­ның құры­л­тай­шы­сы өзгер­ді де, оған әлдебір Әсет Нұр­дос есім­ді аза­мат бас­шы болып келді.

Бірақ бұл ауыс-түй­і­стен «Innovation Invest» еш зиян шек­кен жоқ. Керісін­ше, табысы арта түсті. 2014 жылы бір тиын салық төле­ме­ген ком­па­ния 2015 жылы қазы­наға 611 мил­ли­он тең­ге ауда­ра­ды. Бір жыл­дық салы­ғы­ның өзі жар­ты мил­ли­ард­тан асқан ком­па­ни­я­ның табыс көзін ашық дереккөз­ден аны­қтау мүм­кін болмады.

«Innovation Invest» ком­па­ни­я­сы­ның заң­ды мекен­жайы ретін­де Нұр-Сұл­тан­дағы «Бола­шақ» биз­нес орта­лы­ғы көр­сетіл­ген. Бұл орта­лы­қта қазір Шәрі­п­ба­ев басқа­ра­тын «ҚазТранс­Газ» да отырады.

Нұр­дос пен Шәрі­п­ба­ев серік­те­сті­гінің басы да, соңы да бұл емес. «Азаттық» Әсет Нұр­до­стың кім, оның тағы қан­дай кәсібі барын зерт­теп оты­рып, кезін­де Шәрі­п­ба­евқа тиесілі болған, бірақ әлі де табысты жұмыс істеп жатқан бір­не­ше ком­па­ни­я­ны анықтады.

Қазір Әсет Нұр­дос басқа­ра­тын тағы бір ком­па­ния – «Capital Trade Line» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гі. Ком­па­ния әлі бар болға­ны­мен, жұмыс істе­мей­тін сияқты: тір­кел­гелі салық төлемеген.

Бірақ оның жалғыз құры­л­тай­шы­сы – «Qazaq Business Group» – өте табысты ком­па­ния. 2015 жыл­дан бастап, қазір­ге дей­ін­гі алты жыл­да 835 мил­ли­он тең­ге­ден аса салық төлеген.

«Qazaq Business Group» ком­па­ни­я­сы­ның екі құры­л­тай­шы­сы бар. Соның бірі – «Astana group KZ» ком­па­ни­я­сы. 2014 жылы қаңтар­да алғаш тір­кел­ген­де, бұл ком­па­ни­я­ның бас­шы­сы да, құры­л­тай­шы­сы да Шәрі­п­ба­ев еді.

Шәрі­п­ба­ев­тан соң ком­па­ния бас­шы­лы­ғы­на Әсет Нұр­дос кел­ді. Бір­ша­ма уақыт­тан соң ком­па­ния құры­л­тай­шы­сы Син­га­пур­де­гі офф­шор­лық «Tian-Shan Holding Pte.Ltd» ком­па­ни­я­сы бол­ды. Ал биыл қаңтар­да бұл ком­па­ния толы­қтай Қай­рат Шәрі­п­ба­ев­тың қызы, 37 жастағы Қор­лан Шәрі­п­ба­е­ва­ның иелі­гіне өтті.

«Astana group KZ», ресми дерек бой­ын­ша, тау­ар­лар­дың кең ассор­ти­мен­тін көтер­ме сауда­да сату­мен айна­лы­са­ды. Жұмысы өте табысты. Биыл бес ай ішін­де 14 мил­ли­он тең­ге­ден аса салық төле­ген. 2015–2021 жыл­дар ара­лы­ғын­да төле­ген салы­ғы 153 мил­ли­он тең­ге­ден асады.

Табысы­ның бір бөлі­гін мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стан да тауып отыр. «Astana group KZ» 2016 жыл­дың жел­тоқ­са­ны­нан 2019 жыл­дың мамы­ры­на дей­ін тіке­лей мем­ле­кет­ке қарай­тын екі ком­па­ни­я­мен – «Әле­умет­тік меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру қоры» және «СК-Фар­ма­ци­я­мен» құны жүз­де­ген мил­ли­он тең­ге бола­тын жиыр­ма шақты келісім­шарт жасасқан. Бұл екі ком­па­ни­яға «Astana group KZ» ғима­рат – Нұр-Сұл­тан­ның сол жаға­ла­у­ын­дағы «Қона­ев көше­сі, 14÷3» мекен­жай­ын­да тұрған 13 қабат­ты үйді жалға береді. Жалға алу баға­сы айы­на 9,3 мил­ли­он тең­ге тұра­ды. Жылы­на – 102 мил­ли­он теңге.

«ҚҰПИЯ» ҚҰРЫЛТАЙШЫ НАЗАРБАЕВА МА?

2003 жыл. Аста­на. Елдің бас қала­сын­да зәулім ғима­рат­тар құры­лы­сы қарқын­ды жүріп, мәде­ни-көп­шілік нысан­дар бірі­нен соң бірі ашы­лып жатқан кез. Сол жылы мамыр­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «ТМД елдерін­де бала­ма­сы жоқ» «Думан» оке­а­на­ри­умын сал­та­нат­ты түр­де ашты. Аку­ла, балы­қтар… Жұрт алып аква­ри­ум­ды көру­ге ағылды.

Бұл нысан­мен қатар сол жер­де оке­а­на­ри­ум­мен аттас – «Думан» қонақ үйі де ашы­луы керек еді. Бірақ оның құры­лы­сы тоқтап қал­ды. Қонақ үйді салып бітіруді пре­зи­дент Назар­ба­ев «Қаз­Мұ­най­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­на тап­сыр­ды. Мем­ле­кет­тік ком­па­ния бюд­жет есебі­нен 44 мың шар­шы метр­ді алып жатқан 18 қабат зәулім ғима­рат­ты соғып бітіп, төрт жыл­дан соң, 2007 жылы ашты (сурет­те). «Қаз­Мұ­най­Газ» қонақ үй құры­лы­сы­на қан­ша тең­ге жұм­саға­ны ашық деректер­де көр­сетіл­мей­ді. Қонақ үй қарқын­ды жұмыс істей бастады.

Бірақ жеке­ше­лен­дірудің екін­ші толқы­нын­да, 2014 жыл­дың күзін­де «Қаз­Мұ­най­Газ» «Думан» қонақ үйін жеке ком­па­ни­яға сатып жібер­ді. Нысан­ды шетел­дік ауди­тор­лық ком­па­ния жер­ді жалға алу құқы­ғы­ның баға­сын қос­пай есеп­те­ген­де 5 мил­ли­ард тең­ге­ге баға­лаған. Бірақ қонақ үй бұдан әлдеқай­да төмен бағаға, 4 мил­ли­ард тең­ге­ге сатыл­ды. Сатып алған – сол уақыт­та құры­лға­ны­на бір жыл болған «Арма­ния» компаниясы.

Қаза­қстан­дық Ratel.kz тәу­ел­сіз сай­ты осы сауда жай­лы: «Төрт жұл­ды­зды қонақ үй «Арма­ния» ком­па­ни­я­сы­на ешбір тен­дер­сіз, тіке­лей өтіп кет­ті. Бір мет­рі 98 мың тең­ге­ге жетер-жет­пес сомаға сатыл­ды. Жаман емес, иә! Енді арма­ны оп-оңай орын­да­ла­тын «Арма­ния» ком­па­ни­я­сы­ның артын­да кім тұрға­нын білу ғана қал­ды» деп жаз­ды. «Азаттық» бұл ком­па­ни­я­ның түп­кі қожай­ын­да­ры­на Қай­рат Шәрі­п­ба­ев пен «әйелі» Дариға Назар­ба­е­ва­ның қаты­сы барын анықтады.

«Арма­ни­я­ның» бас­шы­сы – енді­гі бел­гілі Әсет Нұр­дос. Оған екі ком­па­ния құры­л­тай­шы­лық етеді.

Бірі – «Stroy System Engineering» ком­па­ни­я­сы. Ол Син­га­пур­де­гі офф­шор­лық «TIAN-SHAN HOLDING PTE.LTD» ком­па­ни­я­сы­на тиесілі. Бұл офф­шор­лық ком­па­ния бір кез­дері Шәрі­п­ба­ев басқарған, кей­ін Әсет Нұр­до­сқа өткен, ақы­ры Шәрі­п­ба­ев­тың қызы­на қай­тқан «Astana group KZ»-ке де иелік еткен.

«Арма­ния» ком­па­ни­я­сы­ның екін­ші құры­л­тай­шы­сы – «DLS Group Kazakhstan». Оның да екі иесі бар. Соның бірі – «DLS Group» ком­па­ни­я­сы. Ресми ашық дереккөз­дер­де ком­па­ния бас­шы­сы­ның аты ғана көр­сетіледі. Бір құры­л­тай­шы­сы бары жазы­лға­ны­мен, оның аты-жөні болуы тиіс баған бос. 2015 жылы онда Дариға Назар­ба­е­ва­ның аты жазу­лы тұр еді.

Ресми дерек бой­ын­ша, «Арма­ния» ком­па­ни­я­сы ғима­рат­тар­ды жалға беру­мен айна­лы­са­ды. 2015 жыл­дан бері алты жыл­да 222 мил­ли­он тең­ге­ге жуық салық төле­ген. Ком­па­ния мекен­жайы Шәрі­п­ба­ев­тың қыз­мет орны­нан алыс емес: «Арма­ния» мен «ҚТГ» бір кең­се­де – «Бола­шақ» биз­нес-орта­лы­ғын­да отырады.

2018 жылы жел­тоқ­сан­да Ақтө­бе облы­сы Бай­ға­нин ауда­нын­дағы Қожа­сай кен орнын­да газ өңдеу зауы­ты ашыл­ды. Оны Қаза­қстан­ның сол кез­де­гі пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев елді инду­стри­а­ли­за­ци­я­лау күніне орай өткізіл­ген телекө­пір кезін­де ашты.

Зауыт Қожа­сай­дағы мұнай кен орны­нан іле­с­пе газын ала­ды да, өңдеп, ішкі-сыр­тқы нары­ққа шыға­ра­ды. Кешен 300 мил­ли­он тек­ше метр іліс­пе газын өңдеп, одан 270 мил­ли­он тек­ше метр дай­ын газ шыға­ра­ды. Өнім­нің 70 пай­ы­зын шетел­ге сата­ды. Билік­шіл бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры кешен­нің эко­ло­ги­яға пай­да­сы тура­лы айтуға бей­іл. Үкі­мет те, жер­гілік­ті билік те, «ҚазТранс­Газ» да зауыт жұмысы­на мүд­делі екенін еш жасырмайды.

Бір қызы­ғы, зауыт иесі – «Gas Processing Company» кешен құры­лы­сы­на кіріс­кен­де, оның құры­лға­ны­на бір-ақ жыл болған. Соған қара­ма­стан жобаға 42 мил­ли­ард тең­ге көле­мін­де жеке инве­сти­ция құй­ған. Мұн­дай жас ком­па­ни­я­ның осын­ша қар­жы­ны қай­дан алға­ны бел­гісіз. Бірақ мұн­да да «ҚазТранс­Га­з­дың» басқар­ма төраға­сы Қай­рат Шәрі­п­ба­ев­тың «сенім­ді сері­гі» жүр. «Gas Processing Company» алғаш тір­кел­ген­де, оның құры­л­тай­шы­лар қата­рын­да оқыр­манға таныс Әсет Нұр­дос болған.

Шәрі­п­ба­ев басқа­ра­тын «ҚТГ» ком­па­ни­я­сы газ өңдеу зауы­ты­ның өнім­дерін сату­дан табыс тауып отыр. Мұны «Азатты­ққа» «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры рас­та­ды. Бірақ нақты сома­ны айтқан жоқ. Қор мұны «қыз­мет­тік, ком­мер­ци­я­лық құпия» деп санайды.

Шәрі­п­ба­ев­тың «сенім­ді серік­тесі» бас­шы­лы­ғын­да болған зауыт иесі – «Gas Processing Company» ком­па­ни­я­сы­ның да қан­дай пай­даға кенеліп оты­рға­ны бел­гісіз. Бірақ ол зауыт іске қосы­лға­лы бюд­жет­ке 1 мил­ли­ард 685 мил­ли­он тең­ге салық төлеген.

Эколо­ги­яға деген қамқор­лық па, әлде тегін кел­ген іле­с­пе газ­ды өңдеп сату тиім­ді табыс көзі болған­ды­қтан ба – бел­гісіз, бірақ қазір баты­ста тағы бір газ өңдеу зауы­ты салы­нып жатыр. Аты­рау облы­сы Қашаған кен орнын­дағы құры­лыс сал­та­нат­ты түр­де биыл 8 мау­сым­да бастал­ды. Рәсім­ге пре­мьер-министр Асқар Мамин, энер­ге­ти­ка мини­стрі Нұр­лан Ноға­ев­пен бір­ге «ҚазТранс­Га­з­дың» басқар­ма төраға­сы Қай­рат Шәрі­п­ба­ев та қатысты.

Қаза­қстан үкі­меті Қашаған­да газ өңдеу зауы­тын салу иде­я­сын баста­пқы­да Eni, Total, Shell, Exxon Mobil, CNPC және Inpex сияқты алпа­уыт энер­ге­ти­ка­лық ком­па­ни­я­лар­мен талқы­лаған. Бірақ кей­ін Мамин зауыт­ты жер­гілік­ті «GPC Investment» атты ком­па­ния сала­ты­нын хабар­ла­ды.

Құны 860 мил­ли­он дол­ларға баға­ланған зауыт құры­лы­сын қар­жы­лан­ды­руға әзір екенін айтқан­да, «GPC Investment»-тің құры­лға­ны­на бар-жоғы бір жарым жыл болған. Ол 2019 жыл­дың ақпа­нын­да бес ада­мға дей­ін жұмыс істей­тін шағын ғана ком­па­ния ретін­де тір­кел­ген. Мұнай-газ сала­сын­дағы ірі нысан­дар салу­да тәжіри­бесі жоқ. Мұн­дай ком­па­ни­яға ірі нысан құры­лы­сы тап­сы­ры­лған­да, жұрт таңқалған.

Зауы­тқа ие ком­па­ни­я­ның құжат­та­ры ара­сын­да Шәрі­п­ба­ев­тың «жақын серік­тесі» жүр: алғаш тір­кел­ген­де, «GPC Investment» бас­шы­сы Әсет Нұр­дос болған.

Мем­ле­кет бұл ком­па­ни­яға қолай­лы жағ­дай жасап отыр. Мыса­лы, 2020 жылы 29 жел­тоқ­са­нын­да Қаза­қстан үкі­меті «ҚазТранс­Га­з­ды» Қашанған кен орны­нан жылы­на 1 мил­ли­ард тек­ше метр шикі іле­с­пе газ­ды мем­ле­кет­тен жеке мен­ші­гіне алуға бола­тын ком­па­ния деп тану тура­лы қау­лы қабылдады.

Екі күн­нен соң, 31 жел­тоқ­сан­да құра­мы­на «Қаз­Мұ­най­газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы мен бір­не­ше шетел­дік энер­ге­ти­ка­лық ком­па­ния кіретін NCOC кон­цор­ци­у­мы мен «ҚазТранс­Газ» келісім жаса­сты. NCOC ұлт­тық газ опе­ра­то­ры 2023 жыл­дан бастап, 2042 жылға дей­ін «ҚазТранс­Га­зға» іле­с­пе газын тегін беріп оты­ра­ды. «ҚазТранс­Газ» оны «GPC Investment» ком­па­ни­я­сы­ның зауы­ты­на жібе­реді. Олар шикі­затты өңдеп, күкірт, сұй­ы­ты­лған газ бен газ кон­ден­са­тын шетел­ге экс­порт­тай­ды да, табыс таба­ды. Жос­пар бой­ын­ша, кешен жыл сай­ын 1 мил­ли­ард тек­ше метр іле­с­пе газын алып, жылы­на 815 мил­ли­он тек­ше метр газ шыға­ра­ды. Ондаған мың тон­на­лап сұй­ы­ты­лған газ, күкірт пен газ кон­ден­са­тын да дайындайды.

«GPC Investment» бұл жұмысты тегін істе­мей­ді. Биыл ақпан­да Шәрі­п­ба­ев­тың қаты­сы бар болуы мүм­кін деген бұл ком­па­ния қазір Шәрі­п­ба­ев басқа­ра­тын «ҚазТранс­Га­з­бен» ірі келісім жаса­сты. Шарт бой­ын­ша, «GPC Investment» мем­ле­кет­тік моно­по­лист­ке «шикі газ­ды алу және өңдеу бой­ын­ша» қыз­мет көр­се­те­ді. Бұл үшін «ҚазТранс­Га­з­дың» қан­ша төлей­тіні көр­сетіл­ме­ген, бірақ сома­ның аз емесі анық. Ашық дереккөз­де­гі құжат­та келісім­шарт сома­сы «ҚазТранс­Газ» актив­терінің жал­пы құны­ның елу не одан көп пай­ы­зы­на тең екені жазылған.

Мате­ри­ал­ды дай­ын­дау бары­сын­да «ҚазТранс­Газ» бен «Самұрық-Қазы­на» «Азаттық» қой­ған бір­не­ше сау­ал­ды жау­ап­сыз қалдырды.

Редак­ция Қай­рат Шәріпбаевтан:

  • «Кезін­де сіздің аты­ңы­зда болған бір­не­ше ком­па­ния Әсет Нұр­дос есім­ді аза­матқа қалай өтті – сат­ты­ңыз ба, сый­ға тарт­ты­ңыз ба, әлде сенім­гер­лік басқа­ру негізін­де әлі күн­ге дей­ін өзіңіз басқа­рып отыр­сыз ба?
  • Әсет Нұр­дос қызы­ңыз Қор­лан Шәрі­п­ба­е­ваға мил­ли­он­даған тең­ге табыс тауып оты­рған ком­па­ни­я­ны қан­дай шар­тпен өткізіп бер­ді? Сат­ты ма, сый­ла­ды ма?
  • Аты­рау облы­сын­да ірі зауыт салып жатқан, сіздің жана­ма қаты­сы­ңыз бар «GPC Investment» ком­па­ни­я­сы мен өзіңіз басқа­ра­тын «ҚазТранс­Газ» биыл ақпан­да ірі келісім­шарт жаса­сты. Бұл жер­де мүд­де­лер қай­шы­лы­ғы не жемқор­лық қатері жоқ па?
  • Жеке инве­стор ретін­де мил­ли­он­даған дол­ларға зауыт салып, кен орын­да­ры­нан тегін газ алып, оны өңдеп, ішкі-сыр­тқы нары­ққа сатып, табысқа кенеліп оты­рған ком­па­ни­я­лар­дың түп­кі қожай­ы­ны өзіңіз емес пе?» деп сұраған.

Шәрі­п­ба­ев бұл сау­ал­дың ешбіріне жау­ап бермеді.

Аян ҚАЛМҰРАТ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн