Пятница , 4 июля 2025

ЖАНЫМНЫҢ бір бөлшегі ҮЗІЛІП ТҮСТІ

  • Өмір – жақ­сы адам­дар­мен өмір. Тіп­ті тір­шілік­тің тұтқа­сы солар­дың қолын­да. Егер пен­де біт­кен­нің бәрінің пиғы­лы теріс, ниеті арам бол­са, дүние бір күн­де-ақ төң­керіліп кетер еді. Жақ­сы адам­дар жаны­ңа шуақ құя­ды… Жақ­сы адам­дар – жақ­сы­лы­қтың ұйы­тқы­сы… Жақ­сы адам­дар ізгілік­ке бау­ли­ды… Өкіні­штісі, олар өмір­ден өткен­де, жаны­ң­ның бір бұры­шын үңірей­тіп кете­ді. Алы­стау жүр­сең де, өзің жақын тұта­тын жан­ды жоғал­тқа­ны­ң­ды қан жылаған жүре­гіңнің дүр­сілі айтып тұра­ды. Көп­ке дей­ін. Тоқтаусыз.

Мен «Дат» газетіне 2010 жылы келіп­пін. Ол кез­де редак­ция Абай мен Әуе­зов көше­лерінің қиы­лы­сы­на жақын­дау тұстағы үш бөл­мелі пәтер­де еді. Рас, алға­шын­да көңілім­де қом­сы­нған­дай әлдене пай­да бол­ды, «ана­дай газет­ті мына­дай жер­де қалай шыға­рып жатыр» дей­мін ғой енді. Оның үстіне жур­на­ли­стері де сана­у­лы: Жарас Кемел­жан, Меру­ерт Хуса­и­но­ва, Ардақ Қасым­бекқы­зы, Динар Ками­ло­ва. Орыс тілін­де түс­кен мате­ри­ал­дарға Алмат Аза­ди қарай­тын. Бас редак­тор – Бақыт­гүл апай мен бас оқыр­ман – Ерағам бас­шы­лық жасайды. 

​Үйдің аты – үй екен шыны­мен, өзіңді үйде жүр­ген­дей сезі­несің. Түн­нен қалған үйқы­ның есесін қонақ бөл­ме­де­гі диван­да жатып қай­та­руға бола­ды. Әрине, ол «бас оқыр­ман» жоқ кез­де ғана. Өйт­кені Ерағам «оқып» қана қой­май­ды, оқы­та­ды. Талап ете­ді. Тап­сыр­ма­сы орын­дал­май қал­са, тас-талқан ашу­ла­на­ды. Басу айта­тын – Бәкең – Бақыт­гүл апай. Ашу мен басу­дың ара­сын­да оты­ра қалып, тамақ іше­міз. Шыны-аяқ ауы­са береді. Өзің кеше шай ішкен гүл­ді кесеңді бүгін басқа адам­ның қолы­нан көресің. Газет шыға­тын күн­гі қар­ба­ла­ста қол созым жер­де­гі ыдыс­салғы­шқа баруға ерініп, еке­уа­ра бір қасы­қ­пен ұра бересің, кәдім­гі бір үйдің бала­ла­ры секілді. 

​Қазір ойла­сам, Бақыт­гүл апай бас редак­тор ғана емес, кере­мет ұйым­да­сты­ру­шы, бесас­пап аспаз болған екен. Адам­ды өзіне ғана бау­рап алмай­ды, бір-біріне жақын­да­та­ды. Мақа­ла жазу, оқыр­ман хатын өңдеу, тіл­шілер­ге тап­сыр­ма беру секіл­ді қат-қабат жұмыстар­дың ара­сын­да «Дат» шаңы­рағын­дағы жүгір­мек­тер­дің жүрек жалға­рын да әзір­леп қояды. Әлдеқан­дай шұғыл жұмыспен кет­пе­се, ас-ауқат­ты өзі жасай­ды. Шаруа­сы бол­са, қыздар­дың біріне тап­сы­ра­ды. Ал ертең­гілік асты (каша) мін­дет­ті түр­де өзі әзір­лей­ді. (Өйт­кені бұл уақыт­та ешкім жұмысқа кел­мей­ді ғой). Сегіз­де дай­ын болған ботқа­ны кей­де күн көтері­ле, кей­де түс ауа қау­жаң­дап оты­ра­тын­быз. Ара­сын­да тоңа­зы­ты­лған қазы-қар­та, қуы­ры­лған тауық, жеміс-жидек пен кәм­пит-сәм­пит­ті үйі­нен де көте­ре келеді. Әйте­уір ойлаға­ны – жұрт­тың қамы. Бірақ бас редак­тор­дың мін­дет-пары­зы­на кір­мей­тін бұл қыз­метіне алғыс айтқа­ны­мыз есім­де жоқ. Қан­дай өкіні­шті! Адам­дар, біз осы қаті­гез шығар­мыз, ә?!

– Әй маңқа, жел­кең­де­гі тере­зені жап!

Осы сөзді алғаш есті­ген­де, бет-аузы­ма әлдене жағы­лып қалған жоқ па екен деген күдік­пен аузы-мұр­ным­ның айна­ла­сын бір сипап шыққа­ным есім­де. Сөйт­сем, бұл Бәкеңнің «айна­лай­ын» деген сөзі екен. Кей­де: «Әй маңқа, кел бері, иығым­ды уқа­лап жібер!» – дей­ді. Мони­торға үңіліп, үстел­де тап­жыл­май оты­ра­тын адам­дар жақ­сы біледі, мой­ын құры­сып, иық тыры­сқан­да, қолы қарулы­рақ адам табыл­са, жаның кіреді. «Бол­ды, рах­мет, көп жаса! Енді қолы­ң­ды әнеу қабы­рғаға сипап-сипап жібер, жаман энер­ги­я­ның бәрі сон­да қал­сын», – дей­ді. Ал кей­де ком­пью­тер­ге басы­мен кіріп кете жаз­дап, жазу жазып оты­рған жур­на­ли­сті «қазір, бір сәт тұра тұр» деп тоқта­тып қой­ып, иығын өзі уқа­лап береді. 

– Ой, осы кожам сон­дай жаман менің… – Бұл сөзді Бәкең мен иығын уқа­лап жатқан сәт­тің бірін­де айтып қал­ды. Бұл – редак­ци­яға кәдім­гі­дей бой үйретіп, орайы кел­ген­де басты­қтар­мен қал­жы­ң­да­суға жарап қалған кезім. 

– Қой­ы­ңыз, Бәке, кожаңыз кере­мет! Жалғыз міні – өмірі жіп­сі­ме­ген кожа екен. Елдер мұн­дай кожаға жете алмай жүр, ал сіз қадірін білмейсіз!

Деуін десем де, көңіліне тиіп қал­дым ба деген қауіп­пен тілім­ді тістеп қал­дым. Бірер секунд өтті ме, өтпе­ді ме, Бәкең ішек-сілесі қата күл­ді де: «Өй, мына маңқа­ның сөзін қара!» деп, қара саным­нан түй­іп жіберді…

Бәкең шынайы күлетін адам еді. Әсіре­се тапқыр сөз, орын­ды әзіл­ді баға­лай­тын. Рия­сыз күл­кісі жаны­ның таза­лы­ғын әйгілеп тұратын.

2012 жылы болуы керек, жыл­дағы дәстүр бой­ын­ша «Алте­кеңнің соқ­пағы­мен» Көк­жай­ла­у­ға көтеріл­дік. Бәкең күні бұрын редак­ци­яға ескер­тіп, шараға бір кісі­дей қаты­су керек екені­мізді қадап тап­сыр­ды. Таудың жіңіш­ке сүр­ле­уін­де екі­ден-үштен бөлін­ген жұрт­пен бір­ге Бәкең еке­уміз де жоға­ры өрледік. Бал­тыр талып, алқы­нған тұстар­да оты­ра қалып, әңгі­ме соға­мыз. Сон­дағы бір сөзі ойы­ма енді ора­лып отыр. Нобайы былай: «Өмір бұлай тұр­май­ды. Бәрі өзге­реді. Алтын­бек арман­даған күн­ге де жете­ді қазақ, бұй­ыр­са. Бірақ сол күн­ді көре алам ба, көре алмай­мын ба, кім біл­ген?! Жас­сы­ң­дар ғой, сен­дер көресің­дер. Халық әділет­тілік үшін күрес­кен пер­зент­терін ұмыт­па­уы керек… ұмыт­пай­тын шығар». 

– О не дегеніңіз, сол заман­ды көруі керек екі адам бол­са, соның бірі – сіз­сіз. Әрі мін­дет­ті түр­де көресіз. Әне-міне, ол күн де жақын­дап келеді, – деп едім. Қай­ран Бәке, қай­дан білейін!!!

Бәкеңнің тағы бір қаси­еті – тағ­дыр өзіне бұй­ырт­паған бақты өзгенің басы­нан көр­се, шын қуа­на­тын. Арсыз ажал оны сан рет жақы­ны­нан айыр­ды. Қара жамыл­дыр­ды. Көңілі жарым кезін­де «Дат­та» істе­ген талай қыз-жігіт бас құра­ды. Бала­лар өмір­ге келіп жат­ты. Сол жақ­сы­лы­ққа жай­ы­лған қуа­ны­штар­да қонақтың алды болып, Бәкең жететін. Аңқыл­дап жетіп, жарқыл­дап жүретін. Редак­ци­ядағы әрбір қуа­ны­шты ол өз қуа­ны­шым деп қабыл­да­ды. Жан-жүре­гі­мен қуан­ды. Әсіре­се өмір­ге кел­ген әр сәби­ге сый­лық апа­ру­ды жақ­сы көретін. Және бала­лар­дың ешбірінің атын ұмыт­пай­тын. Ауы­рып қал­ды, ауру­ха­наға түсті деген­ді есті­се, әке-шеше­сі­нен әрмен әбі­гер­ге түсетін.

Тағ­дыр­дың аяу­сыз теп­кісін көріп жүріп, соған төзіп жүріп, осын­ша күш-қуат­ты қай­дан ала­ды екен осы кісі деп, сан рет ойлан­дым. Тап­па­дым. Әйте­уір бір бай­қаға­ным – өзі құр­мет­тей­тін, күрес­кер­лік жол­да қатар­лас жүр­ген аға­ла­ры­на ерке­лей­тін. Бал­таш Тұр­сым­ба­ев, Тоқтар Әубәкіров, Жар­ма­хан Тұяқ­бай, марқұм Серік­бол­сын Әбділ­дин, т.б. аға­ла­ры­мен теле­фон арқы­лы тіл­дескен­де, әзіл­деп сөй­ле­сетін. Ерке­леп оты­рып, айтқа­нын орын­да­та­тын. Тіп­ті тап­сыр­ма да беріп жіберетін. 

Бәкең қай­тқан күн­гі қонақа­сын­да қара­лы жұрт марқұм­ды еске алып, естелік­тер айт­ты. Жақын­да­ры­на басу айт­ты. Осы жиын­да Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы «Ертең айтар­мын, бүгін сөй­ле­мей-ақ қояй­ын­шы. Жаным ауы­рып, қат­ты толқып тұр­мын» деді мик­ро­фон кезе­гі келе жатқан­да. Иә, Бәкеңнің қаза­сы қазақ үшін қан­ша­лы­қты ауыр соққа­нын аға­ла­ры анық біледі. Өйт­кені олар­дың да жаны­ның бір бөл­ше­гі үзіліп түсті.

Ең үлкен өкініш сол – Бәкең 23 жыл­дық ғұмы­рын сарп еткен күрес­кер­лік жолы­ның нәти­же­сін көре алмай кет­ті. Бірақ оны жұрт көреді. Өзі айт­пақ­шы, заман мін­дет­ті түр­де өзге­реді. Қара халы­қты тас­ке­не­ше сорған ынсап­сыз билік­тің құлай­тын, құр­ды­мға кететін күні алыс емес. Міне, сол кез­де қаза­қтың батыр қызы­ның рухы да шат бола­тын шығар! 

Бақұл болы­ңыз, әпке! Сізді халқы­ңыз ешқа­шан ұмыт­пай­ды! Ұмыт­са, бұл халық емес!

Сан­сыз­бай ӨКЕНҰЛЫ, жур­на­лист

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн