Четверг , 3 июля 2025

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОБАЛЫ – қазақша сөйлемейтін ҚАЗАҚ ҮКІМЕТІНДЕ!

  • «Үкі­мет Тіл заңы­ның сақта­луын бақы­ла­у­ға қар­сы шығу­да»деп жаз­ды Қаза­қстан Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Қазы­бек Иса өзінің «Фейсбук»-парақшасында. Біз депу­тат­тың осы орай­дағы мәлім­де­месін ықшам­дап жари­я­лап отырмыз.

Қазы­бек Иса мыр­за қоғам­ның наза­рын аударған маңы­зды мәсе­ле «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне көр­некі ақпа­рат мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң жоба­сын талқы­лау бары­сын­да көтеріл­ді. Депу­тат­тың айтуы­на қараған­да, егер Тіл тура­лы заң­ды­лы­қтар­дың орын­да­луын бақы­лау үрдісі заң жолы­мен бекі­мей­тін бол­са, қазақ тілінің мәсе­лесін жылы жауып қоюға бола­ды. Оның мән-жай­ын депу­тат егжей-тег­жей­лі жазған екен.

«Біз – бір­не­ше депу­тат Кәсіп­кер­лік кодекстің 138-бабы­на Тіл тура­лы заң­на­ма­ның сақта­луын бақы­лай­тын бап­ты қай­та енгі­зу тура­лы ұсы­ны­сы­мы­зға ҚР Үкі­меті қар­сы шықты. Айта­тын жау­ап­та­ры: «Кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілер­ге қосым­ша ауырт­па­лық жүк­тей­тін­ді­гі және аталған функ­ци­я­ның мақ­сат­сыз екен­ді­гіне орай түзе­ту қол­дау тап­па­ды», – дейді. 

Бұл қар­сы­лық Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі мен «Ата­ме­кен» ұлт­тық пала­та­сы­нан шығып отыр. Ал қан­дай «қосым­ша ауырт­па­лық жүк­тей­тін­ді­гі» тура­лы нақты айта алмайды.

Осын­дай негіз­сіз қар­сы­лы­қтарға қалай сену­ге болады?

Кәсіп­кер­лік кодекстің 138-бабын­да бел­гі­лен­ген бақы­лау жүзе­ге асы­ры­ла­тын кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілері қыз­меті сала­ла­ры­ның тізі­міне ҚР Тіл тура­лы заң­на­ма­сы­ның сақта­луын бақы­ла­уды енгіз­ген жағ­дай­да кәсіп­кер­лер­ге ешқан­дай қысым жасал­май­ды. Себебі Тіл тура­лы заң­на­ма­ның сақта­луын бақы­лау іс-шара­сы кәсіп­кер­лік нысан­ның жұмысы­на ешқан­дай кедер­гі кел­тір­мей­ді, кері әсер етпейді:

1. Өнім шыға­ру, сауда-сат­тық жасау, қыз­мет көр­се­ту, қоғам­дық тамақтан­ды­ру және т.б. сияқты өндірістік про­це­стер тоқта­тыл­май­ды. (Сани­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қадаға­лау орган­да­ры тоқта­туы мүмкін).

2. Кәсіп­кер­лер­дің банк­те­гі жеке есеп­шо­ты бұғат­тал­май­ды. (Салық неме­се қар­жы бақы­лау орган­да­ры бұғат­та­уы мүмкін).

3. Кәсіп­кер­лік нысан орна­ласқан үй-жай­ды неме­се ғима­рат­ты пай­да­ла­нуға уақыт­ша тый­ым салын­бай­ды. (Өрт қауіп­сізді­гін бақы­лау меке­ме­лері тый­ым салуы мүмкін).

4. Кәсіп­кер­лік­ті тек­се­ру­ге мора­то­рий жасау деген – уақыт­ша шара, сон­ды­қтан ол қол­да­ны­стағы заң­на­маға өзгер­ту енгізу­ге бөгет бола алмайды.

5. Кәсіп­кер­лік кодекстің 138-бабын­да бұрын беріл­ген Бақы­лау қай­та қосы­лған­да бюд­жет­тен ешқан­дай қосым­ша шығын қажет етпейді.

Дәл осы Кәсіп­кер­лік кодекстің 138-бабын алып тастаған­ды­қтан, сауда орын­да­рын­да тау­ар мәлі­мет­терін мем­ле­кет­тік тіл­де жазу­ды жиы­сты­рып қой­ған. Өйт­кені Тіл басқар­ма­ла­ры тек­се­ре алмайды.

Сон­ды­қтан тіл жана­шыр­ла­ры­ның өздері дүкен­дер мен мей­рам­ха­на-кафе­лер­де­гі заң­сызды­қ­пен күре­су­де. Шу содан шығу­да. Пав­ло­дар­да – Руза Бей­сен­бай­те­гі, Өске­мен­де – Жұл­ды­зай Форт осы Тіл заңы­ның сақта­луын талап еткені үшін қуда­ла­ну­да. Үкі­мет­тен де, про­ку­ра­ту­ра­дан да ешқан­дай бақы­лау бол­маған соң, Тіл тура­лы заң­ды – мем­ле­кет­тің Пре­зи­дент қол қой­ған заңын талап еткен­дер­дің бәрі қуда­ла­нып, алды шетел асып кету­ге мәж­бүр болды!

Егер осы Тіл заң­на­ма­сы­ның сақта­луы Кәсіп­кер­лік кодек­сте болған­да, ешкім көше ара­лап, сату­шы­лар­мен дау­лас­паған болар еді. Яғни, біздің үкі­мет, атап айтқан­да, Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі, елде­гі заң­сызды­қтар­дың өршуіне мүд­делі болып отыр ма деген ойға қаласың.

Себебі Кәсіп­кер­лік кодек­с­тен дәл осы Тіл заң­на­ма­сы сақта­луын талап еткен бап алы­нып тасталған 2015 жыл­дан бері жылы­на 13 мыңға жуық шағым түс­кен. (2018 жылы – 12886, 2019 жылы – 12900). 

Ал сауда орын­да­рын­дағы мем­ле­кет­тік тіл­де­гі мәлі­мет­тер өрес­кел қате­лер­ге толы. Бұл әр адам­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­на зиян тигізеді.

Егер Кәсіп­кер­лік кодекстің 138-бабы­на Тіл заңы­на бай­ла­ны­сты Бақы­лау қай­та­рыл­май­тын бол­са, онда осы бап­пен сабақ­тас, бақы­ла­уды Кәсіп­кер­лік кодек­с­ке бай­лап қой­ған Тіл заңын­дағы 25–4‑бапты да алып тастау керек.

Өйт­кені бұл бап­ты 2011 жылы қосқан соң, 2013 жылы осы­ған сәй­кес Кәсіп­кер­лік кодек­с­ке Тіл заңы­на бай­ла­ны­сты бақы­лау функ­ци­я­сы қосыл­ды. 2015 жылы ол функ­ци­я­ны алып тастаған­да, 25–4‑бапты да алу керек еді.

Бақы­лау функ­ци­я­сын қалай жүзе­ге асы­ру керек, Әкім­шілік кодекстің 75-бабын қалай пай­да­ла­ну керек тура­лы мини­стр­лік заң аясын­да нор­ма­тив­ті акт жаса­уы қажет.

Мен мұны халы­қ­пен бір­ге кәсіп­кер­лер құқын қорғап жүр­ген «Ақ жол» пар­ти­я­сы­нан сай­ланған депу­тат ретін­де мәлім­дей­мін. Менің жоға­ры­да қой­ған 5 дәлелі­ме ешкім қар­сы жау­ап бере алма­ды. Білім және ғылым мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры Шол­пан Таңа­то­ва Кәсіп­кер­лік кодек­с­ке Тіл тура­лы заң­на­ма­ның сақта­луын бақы­лау құзы­ретін қай­та­руға қар­сы болған Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі мен «Ата­ме­кен» ұлт­тық пала­та­сы­на сіл­те­ді. Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің өкілі Сұл­тан­бек Жарас жау­ап бере алған жоқ. «Ата­ме­кен» ұлт­тық пала­та­сы өкілі Құра­лай ханым­ның жау­а­бы мар­дым­сыз бол­ды. Бас про­ку­ра­ту­ра өкілі Абат Төре­мұра­тов менің ұсы­ны­сым­ды қол­дап, Тіл сала­сы­на құзы­рет­тілік берілуі керекті­гін мой­ын­да­ды. Алла разы болсын!

 Бірақ Білім мини­стр­лі­гі Үкі­мет­тің қоры­тындыс­ы­на сүй­е­нетін­ді­гін мәлім­деп, Тіл заңын қадаға­ла­удың басқа нұсқа­сын ұсын­ды. Ол сенім­сіз нұсқа­ны Мәжіліс оты­ры­сын­да ешкім нақты дәлел­деп бере алмады.

Соны­мен, жұмыс тобы­ның дауыс беру қоры­тындысы бой­ын­ша, заң жоба­сын­да Тіл заңын бақы­лау тура­лы бап­тың сақта­луын жалғыз депу­тат, мен – «Ақ жол» фрак­ци­я­сы­ның мүше­сі Қазы­бек Иса ғана қол­дап, үкі­мет қоры­тындыс­ы­на қар­сы шықтым. 

Депу­тат­тар – жұмыс тобы жетек­шісі Берік Әбдіға­лиұ­лы мен Жанар­бек Әшім­жанұ­лы көр­нек­ті ақпа­рат­та Тіл заңын қадаға­лай­тын басқа заң жоба­сын жасау керекті­гін айтып, үкі­мет­тің тала­бы­мен келісті. Басқа депу­тат­тар да үкі­мет қоры­тындыс­ын қол­да­ды. Ақы­рын­да «Көр­нек­ті ақпа­рат тура­лы» заң жоба­сы­нан Тіл заңы­ның сақта­луын бақы­лау функ­ци­я­сы алы­нып тасталды.

Иә, Көр­нек­ті ақпа­рат­та Тіл заңын қадаға­ла­удың депу­тат­тар баста­ма­сы­мен басқа нұсқа­сын жасау керек! Әйт­пе­се көше­де­гі сауда орын­да­рын­дағы дау өрши береді. Аза­мат­тар­дың тіл­дік дис­кри­ми­на­ци­яға ұшы­рап, Кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ның тап­та­ла беруінің соңы жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Біздің Үкі­мет­тің тір­лі­гіне қара­сақ, осы­ны қалайтындай.

Ең басты­сы – был­тыр «Қазақ үні» ұлт­тық пор­та­лын­дағы Пре­зи­дент­ке жазы­лған Ашық хат­та бір айда 126 мың­нан астам адам талап етіп, қол қой­ған Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң­ды қабыл­дау керек! 

Жал­пы, «Көр­некі ақпа­рат тура­лы» заң жоба­сын­да көп­те­ген жетістік­тер де бар. Сауда нүк­те­лері мен мей­рам­ха­на-кафе­лер­де, кәсіп­кер­лік нысан­дар­да мем­ле­кет­тік тіл­де жазу­ды мін­дет­теу, маң­дай­ша­лар ата­уын мем­ле­кет­тік тіл­де, қажет бол­са ғана өзге тіл­де жазу, т.б. ұтым­ды бап­тар бар. Бірақ ең басты талап – Тіл тура­лы заң­ның сақта­луын қадаға­лау бабы енбей қал­ды. Қазақ тілінің мүд­десіне Қазақ үкі­меті қар­сы болды.

Мем­ле­кет­тік тіл­дің оба­лы – Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі (министр Әсет Ерға­ли­ев) және «Ата­ме­кен» ұлт­тық пала­та­сын­да (төраға Тимур Құлы­ба­ев). Ата­уын­да «ұлт­тық» деген қаси­ет­ті ста­ту­сы бар осы еке­уі Ұлт тіліне қар­сы шықты!

2012 жылы «Ақ жол» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы Тіл заңы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы заң жоба­сын жасаған­да да, Қазақ тіліне Қазақ үкі­меті қар­сы болып еді. Енді, міне, тағы да тосқауыл!

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОБАЛЫҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙТІН ҚАЗАҚ ҮКІМЕТІНДЕ!

Қазақ тілінің мүд­десіне қар­сы Қазақ үкі­меті­мен қан­ша уақыт өмір сүреді екенбіз?!. 

Әлем­де мем­ле­кет­тің Мем­ле­кет­тік тіл­ге – Мем­ле­кет­тік мүд­де­ге қар­сы шыға­тын масқа­ра пара­док­сы тек Қаза­қстан­да ғана бар! «Ақ жол» пар­ти­я­сы көтеріп келе жатқан Пар­ла­мент билі­гін ұлғай­ту мәсе­лесін қолға алмай­ын­ша, көр­ген күні­міз осы!» деп қоры­тын­ды­лаған екен өз мәлім­де­месін ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісі депу­та­ты Қазы­бек Иса.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн