Четверг , 3 июля 2025

Рактың дәрі-дәрмегі НЕГЕ ТАПШЫ?

Онко­ло­ги­я­лық науқастарға хими­я­лық пре­па­рат­тарға 2021 жылға қажет­тілік­тен екі есе аз ақша бөлін­ді, деп мәлім­деді ҚР cена­ты­ның Қар­жы және бюд­жет коми­тетінің төрай­ы­мы Оль­га Перепечина.

«Жыл басы­нан бері онко­ло­ги­я­лық науқастар­ды хими­я­лық пре­па­рат­тар­мен қам­та­ма­сыз ету мәсе­лесі тұр, өйт­кені 2021 жылға бөлін­ген қара­жат өңір­лер мәлім­де­ген қажет­тілік­тен екі есе аз», – деді Пере­пе­чи­на сенат­та «2021 – 2023 жыл­дарға арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тура­лы» ҚР Заңы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң жоба­сын талқылауда.

Оның айтуын­ша, пан­де­мия кезін­де қан айна­лы­мы жүй­есі, жүй­ке жүй­есі, онко­ло­ги­я­лық және басқа да ауру­ла­ры бар науқастар зардап шек­пе­уі керек, олар­дың өлі­мі де өсуде.

«Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі нақты қажет­тілік­тер­ді атай алмай­ды. Сон­ды­қтан жыл сай­ын жағ­дай қай­та­ла­на­ды», – деп қоры­тын­ды­ла­ды өз сөзін Перепечина.

Қаз­ТАГ

  • Ресми дерек бой­ын­ша, Қаза­қстан­да онко­ло­ги­я­лық есеп­те 180 мың адам тұр. Жыл сай­ын 30 мың ада­мға қатер­лі ісік диа­гно­зы қой­ы­ла­ды. Біз «Азатты­қтың» осы қатер­лі дерт­ке бай­ла­ны­сты зерт­теу мақа­ла­сын жари­я­лай оты­рып, өмірі өлше­улі науқастар­дың жанай­қай­ын билік­тің наза­ры­на жет­кі­зуді мақ­сат тұттық.

Онко­ло­ги­я­лық ауруға шал­ды­ққан науқастар пан­де­мия кезін­де қан­дай қиын­шы­лы­қтарға тап болға­нын, уақы­ты­лы беріл­ме­ген дәрі-дәр­мек пен істен шыққан аппа­рат­тар­дан ден­са­улы­ғы­на қан­дай залал кел­генін айтып, пре­зи­дент­тен көмек сұрады.

«Қасым-Жомарт Кемелұ­лы мыр­за, Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гін қашан тәр­тіп­ке сала­сыз? 2016 жыл­дан бері үш министр, қан­ша­ма вице-министр ауы­сты, ал онко­ло­ги­я­лық науқастарға арналған дәрі-дәр­мек мәсе­лесі сол күйі шешіл­ген жоқ. Онко­ло­ги­я­лық ауруы бар науқас емді тоқта­тып, дәрі-дәр­мексіз қал­са, не бола­ты­нын бәрі түсі­нетін шығар?!» – Онко­ло­ги­я­лық ауруға шал­ды­ққан науқастар әле­умет­тік желі­де Қаза­қстан пре­зи­ден­тіне осын­дай үндеу жари­я­лап, дәрі-дәр­мек­ке қол жет­кі­зу қиын­ды­ғы және науқастар­ды тек­се­ру­ге арналған аппа­рат­тар­дың тап­шы­лы­ғы мәсе­лесін көтерді.

Онко­ло­ги­я­лық ауруға шал­ды­ққан науқастар­дың аты­нан жари­я­ланған үнде­удің авто­ры – Алма­ты тұрғы­ны Еле­на Каля­ки­на үзбей ішуі керек дәрі-дәр­мек­тің уақы­ты­лы беріл­мей­тінін айта­ды. Мыса­лы, қазір «Тафин­лар» және «Меке­нист» пре­па­рат­та­ры кеші­гіп жатыр. Бұл дәрілер­ді бір­ге ішпе­се, ағза­ға әсері бол­май­ды. Еле­на аталған пре­па­рат­тар­ды екі жыл­дан бері ішіп жүр. Бұл дәрі Қаза­қстан­да тір­кел­ген­ге дей­ін, Еле­на оны өз қал­та­сы­нан ақша шыға­рып, сатып ала­тын. Бір дәрі 2 мил­ли­он тең­ге тұра­ды. Оның өзін Мәс­ке­уден алды­рып ішкен. Аталған дәрілер кей­ін­гі екі жыл­да Қаза­қстан­да мем­ле­кет есебі­нен тегін бері­ле бастаған. Бірақ науқастар бұл дәрілер­дің тұрақты беріл­мей­тінін айтады.

«Бұл пре­па­ратқа жар­ты айдан бері қол жет­кі­зе алмай жүр­ген­дер бар. Дәрі кеші­гіп жатыр. Жақын­да онко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­ге баруым керек, бірақ пре­па­рат жоқ. Дәрі жақын уақыт­та кел­мей­тін сияқты, өйт­кені ешкім уақы­тын нақты айт­пай­ды. Бүкіл Қаза­қстан­дағы жағ­дай – осы. Олар (шене­унік­тер) жау­ап­кер­шілік­ті бір-біріне ысы­рып отыр. Онда меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру қоры не үшін құрыл­ды? Біз­ге «бәрі уақы­ты­лы беріледі» деді, бірақ бәрі басқа­ша бол­ды. Онко­ло­ги­я­лық ауруы бар науқастар­да ешкім­нің шаруа­сы жоқ, коро­на­ви­ру­стан басқа ештеңені көр­мей оты­рған сияқты. Өмірі­міз қыл үстін­де тұр. Дәрі­гер­лер­дің кінәсі жоғын біле­мін, бәрі жоға­ры жақтан болып отыр. Түсін­генім – мәсе­лені қоғам наза­ры­на шығар­май, ештеңе шешіл­мей­ді екен. «Тағы бір ай өмір сүру үшін дәрі берің­дер­ші» деп, қашанғы жалы­нуға бола­ды? Бұл пре­па­рат­ты ішуді тоқтатқан кез­де мета­ста­за­лар екі есе жыл­дам­ды­қ­пен өсе бастай­ды. Дәріні 10 күн­ге кешік­тіріп ішкен­нің өзін­де не бола­ры бел­гісіз», – дей­ді Еле­на Калякина.

«Ракқа шал­ды­ққан науқас үшін дәріні кешік­тіріп беру – өлім­мен тең», – дей­ді Ақтө­бе­де тұра­тын екін­ші топ мүге­де­гі, онко­ло­ги­я­лық науқас Нико­лай Гав­ри­лов. Ол дәрілік пре­па­рат­тарға қол жет­кі­зу қиын екенін айта­ды. Оның сөзін­ше, жыл соңын­да дәрі тау­сы­лып, оған тап­сы­рыс беру тек жаңа жыл­дан кей­ін ғана баста­ла­ды, ал науқастар­дың пре­па­рат­ты өз қал­та­сы­нан сатып алу­дан, не тегін дәріні күту­ден басқа ама­лы жоқ.

«Дәрі­гер­лер­дің бәрін коро­на­ви­русқа қар­сы күрес­ке сал­ды. Ал онко­ло­ги­я­лық ауруы бар науқастар­мен жұмыс істе­у­ге мүм­кін­дік бол­ма­ды. Шын мәнін­де, онко­ло­ги­я­лық ауру бой­ын­ша өлі­мінің көр­сет­кі­ші коро­на­ви­ру­стан да жоға­ры. Был­тыр [пан­де­мия кезін­де] дәрі-дәр­мек үш айға кешік­ті, екі ай химио­те­ра­пи­ядан өте алмай қал­дым. Үшін­ші айда әле­умет­тік желі­ге жағ­дай­ым­ды жазып, көмек сұра­дым. Адам­дар дәрі­ге ақша жинап бер­ді. Онсыз өліп кетер едім. Бір дәрі 600 мың тең­ге тұра­ды. Ал маған екі қорап дәрі керек бол­ды, екін­ші дәрінің баға­сы – 900 мың тең­ге. Онко­ло­ги­я­лық ауруы бар адам үшін дәріні кешік­ті­ру өлім­мен тең, – дей­ді Николай.

Оның айтуын­ша, химио­те­ра­пи­яға арналған дәрілер­ді мем­ле­кет береді. Ал қалға­нын, мыса­лы, химио­те­ра­пи­я­ның кесірі­нен қыз­меті нашар­лай­тын бауы­рға арналған дәріні науқастар­дың өзі сатып алады.

«Пан­де­мия деген – сұм­дық. Енді коро­на­ви­русқа тест тап­сы­ру қосыл­ды. Онсыз да бар ақша­сын тегін беріл­мей­тін дәрілер­ге жұм­сай­тын онко­ло­ги­я­лық ауруы бар науқас үшін тест тап­сы­ру да қосым­ша шығын. Мен­де қазір «Геп­трал» (бауыр мен миға арналған дәрі) тау­сыл­ды, жақын күн­дері оны менен бұрын дәрі алған адам­дар әкеліп береді. Дүни­е­де жақ­сы адам­дар көп. Ақтө­бе­де жар­ты жыл­дан бері томо­граф (МРТ) жұмыс істе­мей­ді, ал ол өте маңы­зды. Қым­бат тұра­тын аппа­рат бұзы­лып қалған, соны жөн­дей алмай отыр», – дей­ді Нико­лай Гаврилов.

Аста­на­да тұра­тын зей­нет­кер Ири­на З. онко­ло­ги­я­лық ауру­дың әуресі­мен бұрын­нан таныс. Оның сүт без­дері­нен қатер­лі ісік табы­лған. Зей­нет­кер ісік­ке қар­сы дәрілер­ді үзбей ішуі керек. Төрт жыл бұрын зей­нет­кер­дің ден­са­улы­ғы нашар­лай бастаған. 2018 жылы туы­ста­ры өз қар­жы­сы мен деме­ушілер­дің ақша­сы­на шетел­ден Қаза­қстан­да тір­кел­ме­ген жаңа пре­па­рат алғы­зған. Дәрі жақ­сы әсер еткен. Бір айға ғана жететін бір қап­та­ма­ның баға­сы 2 мың евро­дан аса­ды. Зей­нет­кер­ге бұл дәріні бір­не­ше рет сатып алып бер­ген. 2019 жылы бұл дәрі Қаза­қстан­да тегін бері­ле бастаған. Бірақ пан­де­мия кезін­де дәрілік пре­па­рат­тар­ды жет­кі­зу қиындаған.

«Дәріні арнайы рецепт бой­ын­ша бел­гі­лен­ген күн­дері үзбей ішу керек. Адам күтіп қал­мауы керек, әйт­пе­се ден­са­улы­ғы нашар­лап кетуі мүм­кін. 25 қаңтар­да тағы бір айға ғана дәрі бер­ді. Анам ішуі керек тағы бір ісік­ке қар­сы дәрі де уақы­ты­нан кеші­гіп жатыр. Ол дәрі жел­тоқ­сан­да да, қаңтар­да да беріл­ген жоқ. Өзі­міз іздеп, интер­нет­тен Алма­ты­дағы бір фир­ма­дан тап­тық. Олар төрт күн­де жет­кізіп бер­ді. Екі ине­ге 255 мың тең­ге төледік. Бұл инені ай сай­ын кесте бой­ын­ша салғы­зу керек. «СК-Фар­ма­ция» ком­па­ни­я­сы­на хабар­ла­сып, «дәрі қай­да?» деп сұра­дым. «Өндіру­ші кешік­тіріп жатыр. Ақпан­ның орта­сын­да онко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер­ге түседі» деді. Енді күтіп отыр­мыз», – дей­ді зей­нет­кер­дің қызы Әлия.

Қызы­лор­да­да тұра­тын, аты-жөнін көр­сет­пе­уді сұраған, ракқа шал­ды­ққан науқас пан­де­мия кезін­де Алма­ты­да тек­се­ру­ден өтуі керек еді. Бірақ блок­по­ст­тарға бай­ла­ны­сты қалаға кіру қиын­даған. Ол үш ай сай­ын ПЭТ/КТ аппа­ра­ты­нан (науқа­стың ағза­сын­да қатер­лі ісік­тің тара­лу дең­гей­ін көр­се­тетін сәу­лелік диа­гно­сти­ка әдісі) тек­се­ру­ден өтуі керек. Бүкіл Қаза­қстан бой­ын­ша мұн­дай үш қана аппа­рат бар.

«Үш ай сай­ын ПЭТ/КТ аппа­ра­ты­мен тек­се­ру­ден өте­міз. Осы жолы Алма­ты­дағы аппа­рат істе­мей қалға­нын естідік. Ал біз 1 ақпанға жазы­лып қой­ып едік. Бұл аппа­рат – басқа өңір­де тұра­тын адам­дар үшін үлкен мәсе­ле. Науқастар не Алма­ты­ға (қазір ол жақтағы аппа­рат істен шыққан), не Нұр-Сұл­танға баруға мәж­бүр. Сон­да бұл аппа­рат сон­ша­лық қым­бат тұра ма?!» – дей­ді әкесі қатер­лі ісік­ке шал­ды­ққан Тахир Жорабаев.

Қатер­лі ісік­ке шал­ды­ққан науқастар­дың баста­ма­сы­мен құры­лған «Өмір үшін бір­ге» қоры­ның өкіл­дері өңір­лер­де тұра­тын аза­мат­тар көбіне мем­ле­кет тара­пы­нан тегін берілуі тиіс ем-шара­лар тура­лы біле бер­мей­тінін айта­ды. Қор бас­шы­сы­ның сөзін­ше, онко­ло­ги­я­лық ауруы бар науқастар­дың заң­да жазы­лған құқы­қта­ры дұрыс қорғалмаған.

«Ақпа­рат­тық жұмыс дұрыс жүр­мей­ді, науқастарға ақпа­рат жет­пей­ді. Көбіне тіп­ті дәрі­гер­лер­дің өзі жақ­сы біл­мей­ді. Қаза­қстан­дық меди­ци­на дәрілік пре­па­рат­тар­мен жақ­сы қам­ты­лған. Бірақ біз­де бюро­кра­ти­я­лық кедер­гілер көп. Қоғам­ның арқа­сын­да кей мәсе­ле­лер­ді шешу­ге мүм­кін­дік туа­ды. Басты мәсе­ле дәрі-дәр­мек­ті жер­гілік­ті жер­ге дей­ін жет­кі­зу­де болып отыр. Науқасқа дәрі жоқ десе, көбі үнде­мей кетіп қала­ды. Науқастар «Маған дәрі берің­дер­ші» деп сұра­мауы керек. Тағы бір мәсе­ле – Қаза­қстан­да тір­кел­ме­ген пре­па­рат­тар­ды сатып алуға бол­май­ды. Екі жыл­дан бері осы мәсе­лені көтеріп келе­міз. Жыл соңы­на қарай көп аппа­рат істен шықты, бұл науқастарға қиын­дық туғы­зып отыр. Тек­се­ру­ге мың­даған кило­метр жер­ден келетін адам­дар бар», – дей­ді онко­ло­ги­я­лық ауруы бар науқастарға көмек көр­се­ту­мен айна­лы­са­тын қор бас­шы­сы Әсия Маханова.

Денса­улық сақтау мини­стр­лі­гінің дере­гін­ше, онко­ло­ги­я­лық ауруға шал­ды­ққан науқастар саны бой­ын­ша Шығыс Қаза­қстан, Қараған­ды және Түр­кістан облы­ста­ры көш бастап тұр. Қатер­лі ісік­пен ауы­ра­тын науқастар саны жыл санап артып келеді. Жыл сай­ын 30 мың адам­нан қатер­лі ісік табы­лып, 14 мың қаза­қстан­дық онко­ло­ги­я­лық ауру­дан көз жұмады.

Онко­ло­гия және радио­ло­гия жөнін­де­гі қазақ ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты­ның сай­тын­да жари­я­ланған Ұлт­тық ғылы­ми онко­ло­ги­я­лық орта­лы­қтың дере­гі бой­ын­ша, 2019 жылы 1 шіл­де­де 185 878 адам онко­ло­ги­я­лық ауруы бой­ын­ша бақы­ла­уда болған. Ашық дереккөз­дер­де одан кей­ін жари­я­ланған жаңа ста­ти­сти­ка жоқ. Онко­ло­ги­я­лық ауру­лар ара­сын­да сүт без­дерінің, өкпе пен ішек­тің қатер­лі ісі­гі жиі кез­де­седі. Сол­түстік Қаза­қстан, Пав­ло­дар, Қоста­най және Шығыс Қаза­қстан облы­ста­рын­да қатер­лі ісік­ке шал­ды­ғу дең­гейі және одан бола­тын өлім көр­сет­кі­ші жоға­ры. Ауру пай­да болған­нан кей­ін бес жылға дей­ін өмір сүретін науқастар­дың үлесі 51 пай­ы­зға артқан. Бірақ Қаза­қстан­да қатер­лі ісік­тің жеке­ле­ген түр­лері бой­ын­ша көр­сет­кі­ш­тер дамы­ған елдер­мен салы­сты­рған­да әлдеқай­да төмен.

Ұлт­тық ғылы­ми онко­ло­ги­я­лық орта­лы­қтың дере­гін­ше, Қаза­қстан­да онко­ло­ги­я­лық ауру­лар­ды емдеу сала­сын­да мына­дай мәсе­ле­лер бар:

  • Эко­но­ми­ка­лық ынты­мақ­та­стық және даму ұйы­мы­ның елдері­мен салы­сты­рған­да, қатер­лі ісік­ті ерте аны­қтау дең­гейі төмен;
  • Халы­қтың бәрі бір­дей онко­скри­нинг­тен өтпейді;
  • Ауру­ды аны­қта­удың жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық әдістері, инно­ва­ци­я­лық емдеу шара­ла­ры мен сәу­лелік тера­пи­яға қол­жетім­ділік төмен;
  • Онко­ло­ги­я­лық науқастар­ды бақы­ла­у­ға алып, толық емдеу үшін, меди­ци­на­лық ақпа­рат­тық жүй­е­лер жет­кілік­ті дең­гей­де инте­гра­ци­ядан өтпе­ген; онко­лог маман­дар тапшы;
  • Зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­лар сала­сын­да отан­дық ғылы­ми база аз.

Онко­ло­ги­я­лық ауру­лар әлем­де­гі адам өлі­мінің кең таралған себеп­терінің бірі сана­ла­ды. Дәрі­гер­лер­дің болжа­уын­ша, 2030 жылға қарай жылы­на қатер­лі ісік диа­гно­зы қой­ы­ла­тын адам­дар саны 23,6 мил­ли­онға дей­ін өсуі мүмкін.

Еле­на ВЕБЕР,

Azattyq.org

Онко­ор­та­лық БИЗНЕСКЕ АЙНАЛА МА?..

  • Аста­на­дағы Ұлт­тық онко­ло­ги­я­лық орта­лы­ғы­ның мем­ле­кет­тік үлесі Turar Healthcare ком­па­ни­я­сы­на беріл­ді, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

«Ұлт­тық ғылы­ми онко­ло­ги­я­лық орта­лық» ЖШС жарғы капи­та­лын­дағы мем­ле­кет­тің қаты­су үлесі 100% «Turar Healthcare» КЕАҚ акци­я­сы­ның төле­міне беріл­сін», – делін­ген үкі­мет қаулысында.

Газет редак­ци­я­сы­на түс­кен инсай­дер­лік ақпа­ратқа қараған­да, акци­я­сы­ның 100 пай­ы­зы Қаза­қстан үкі­метінің иелі­гін­де­гі онко­ло­ги­я­лық орта­лы­ққа Алма­ты­дағы онко­ло­ги­я­лық инсти­тут­тың дирек­то­ры Диля­ра Қай­да­ро­ва (сурет­те) көз тігіп оты­рғанға ұқсай­ды. Ал бұл жеке мен­шік мүд­де­ге ҚР ден­са­улық сақтау вице-мини­стрі Жан­дос Бүр­кіт­ба­ев лоб­би болуда.

Ақпа­рат көзінің айтуы бой­ын­ша, мем­ле­кет­тік чинов­ник­тің сыр­тын­да ҚР пар­ла­мен­ті сена­ты­ның депу­та­ты Дариға Назар­ба­е­ва тұр деген дерек бар. Тағы бір дереккөздің ақпа­ры­на қараған­да, Қай­да­ро­ва ханым пре­зи­дент­тің үлкен қызы­мен ара­лас-құра­лас құрбы.

Онко­ло­ги­я­лық дерт­ті биз­не­стің көзіне айнал­ды­ру­дың қамын күйт­те­ген бұл мәсе­лені газет редак­ци­я­сы өзінің бақы­ла­у­ы­на алды. Мәсе­ленің егжей-тег­жей­ін алдағы нөмір­лер­дің бірін­де хабар­лай­тын боламыз.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн