Пятница , 4 июля 2025

МӘНСІЗ МАДАҚ

  • Осы газет­тің 30 қыр­күй­ек­те­гі санын­да «Алжасқан кім?» деген тақы­рып­пен шыққан мақа­ла­ны оқып, оны жазған Қанағат Жүке­шев­тің бас кей­іп­кері – Олжас Сүлей­ме­но­втің кім екенін атүсті білетінін бай­қа­дым. Содан соң оған да, ондай­ларға да бірер сөз айту­ды жөн көрдім.

Қанағат Жүке­шев Олже­кесін аспан­да­та мадақтап (оның «көде­дей көп» теңе­улері­нен Олжа­стың өзі де шошы­нған шығар), оған елік­теп, қаза­қтың кей­бір «бұрыс» әріп­терін «дүние жүзін­де­гі озық линг­ви­сти­ка­лар ұста­ны­мы» бой­ын­ша «дұры­стау» керекті­гін айтып­ты. Оны­сы – сонау жыра­у­ла­ры­мыз, кеше­гі Абай Құнан­бай­ұ­лы, Ахмет Бай­тұр­сы­нов, Мұх­тар Әуе­зов және басқа ақын-жазу­шы ата-аға­ла­ры­мыз ардақтаған Ана тілі­міз­ге мін тағу, өзге­лер­дің төрелі­гіне беру пиғыл­дағы әсіреәурешілік.

Мақа­ла­дағы шұбырт­па шала тұжы­рым­дарға реті­мен шолу жаса­удың мүл­дем кере­гі жоқ, оның есесіне жүке­шев­тер­ге Олже­кең­дері тура­лы бірер дерек айтайын:

О. Сүлей­ме­нов 2005 жылы Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі Иманға­ли Тасмағам­бе­тов іс қағаз­да­рын мем­ле­кет­тік тіл­де – қазақ тілін­де жүр­гізу­ге шешім қабыл­даған­да бір­ден қар­сы шыққан, ал 2007 жылы «Алма­ты­ны» қай­та­дан «Алма-Ата» деуді талап еткен, енді сол тала­бын жуы­қта тағы да көңір­сіт­ті. Нелік­тен? Жау­ап: «қазақ тілі – кух­ня­ның тілі», «Қаза­қстан­ның мәде­ни­еті орыс тілін­сіз дамы­м­ай­ды», «Қаза­қстан­дағы ұлт-ұлы­стар тіл­дері ағаш бөш­кенің құран­ды қабы­рға­ла­ры десек, олар­ды шашы­лып қалу­дан сақтап тұрған ортаңғы темір құр­сау-шең­бер – орыс тілі», «Оры­стар қаға­жу көре баста­ды, орыс тілі шет­тетіліп жатыр, қазақ тілін біл­мей­тін­дер мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен ығы­сты­ры­лу­да». Бұлар – «ұлы» ақын­ның «ұлағат­ты» сөз­дері. Тізе бер­сем, талайы бар.

Ақын «Қаза­қстан­ның халық кон­гресі» пар­ти­я­сын құр­ды, бірақ оны­сы­ның ғұмы­ры қысқа бол­ды, себебі сол пар­ти­яға мүше бол­мақ жур­нал­шы Алдан Айым­бе­то­втің мына сөзі­нен анық аңғарылады:

«…Я, ока­за­лось, занял место пря­мо напро­тив О. Сулей­ме­но­ва. За несколь­ко дней до это­го нам были роз­да­ны тези­сы про­грам­мы буду­щей пар­тии. Мне достал­ся наци­о­наль­ный вопрос. Мате­ри­ал гото­вил очень серьез­ный, как мне каза­лось, не усту­па­ю­щий “Ком­ма­ни­фе­сту” Марк­са и Энгель­са. Но когда дошел до тези­са “воз­рож­де­ние казах­ской нации”, Сулей­ме­нов под­нял­ся, немно­го полю­бо­вал­ся собою, затем дирек­тив­ным тоном потре­бо­вал убрать «воз­рож­де­ние казах­ской нации». Я впер­вые ока­зал­ся в такой бли­зо­сти от «вели­ко­го чело­ве­ка». Но пре­одо­лел робость и почти заорал на него: «Како­го чер­та мы соби­ра­ем­ся в пар­тию?! Я буду бороть­ся про­тив анти­ка­зах­ской пар­тии!» («Олжа­са Сулей­ме­но­ва как анти­ка­за­ха я рас­ку­сил сра­зу, еще тогда». Газе­та “Казах­ская прав­да”, № 17. 2005 г., сен­тябрь).

«Қазақ ұлтын қай­та түле­ту­ге» қазақ бала­сы­ның ашық қар­сы болға­ны қалай?

Жүке­шев­тер­ге О.Сүлейменовтің кім екенін толы­ғы­рақ айта түсу керектік­тен, оның «Невада–Семипалатинск» қоғам­дық қозға­лы­сы­на тоқтал­сақ, ол да алаң-бұлаңы аз жайт емес. Семей облы­стық пар­тия коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы Кешірім Бозта­ев Ертіс өңіріне тажал болып тұрған поли­гонға қар­сы ресми күре­сті бастап, Кремль­дің төрін­де­гі М.Горбачевқа хат жазып, сына­уды шек­те­уді, поли­гон­ды жабу­ды, басқа жаққа көшіруді талап еткені бар­шаға мәлім. Сол хат­тың ізі­мен Мәс­ке­уден комис­сия келетіні бел­гілі болы­сы­мен, мұн­дағы бас­шы­лар: Н.Назарбаев пен Г.Колбин ақыл­да­сып, шегі­нер жер қал­маған соң, қар­сы қимыл жаса­май бол­май­ты­нын біліп, қоғам­дық қозға­лы­сты құр­ды, атын қой­ды, жетек­шілік ету­ге Жазу­шы­лар одағы­ның бас­шы­сы, Нұре­кеңнің досы – О.Сүлейменовті таң­дап алып, оған Кур­ча­тов қала­сы­на комис­сия келетін күні Алма­ты­да жиын өткі­зуді тап­сыр­ды дей ала­мын. Бұл ойым­ды сол тұстар­да билік жүй­есін­де болған Әке­жан Қажы­гел­дин­нің: «…Огром­ную роль в закры­тии поли­го­на сыг­рал пер­вый сек­ре­тарь Семи­па­ла­тин­ско­го обко­ма пар­тии Кеши­рим Бозта­ев, ныне покой­ный… Само­му дви­же­нию реше­но было при­дать некую управ­ля­е­мость, назна­чив его лиде­ра­ми извест­ных людей. Так там появил­ся поэт Олжас Сулей­ме­нов» дегені бекі­те түсті ДАТ-ОП» газеті, 01. 12. 2016 ж.).

Бүгін­де марқұм Кешірім Бозта­ев­тың тари­хи ерлі­гі және ақын­ның біз­ге, Семей­ге, келу себебі, не істе­гені жай­ын­да алғаш та толық жазған адам – қалам­гер аға­мыз Ғаб­бас Қабы­шұ­лы. Оқыр­ман жұрт­шы­лы­ққа аян ол әңгі­мені қай­та­ла­май­мын, тек О.Сүлейменовтің Кешірім аға тура­лы екі сөзін кел­тір­генін пайдаланамын:

«Н.Назарбаев 1993 жылы жасы 60-қа толған Кешірім­ді құт­ты­қтаған хатын­да (түп­нұсқа­дан үзін­ді): «…Прин­ци­пи­аль­ность, тре­бо­ва­тель­ность к себе и дру­гим, забо­та о людях, чут­кость и вни­ма­ние к ним снис­ка­ли Вам заслу­жен­ный авто­ри­тет и ува­же­ние в рес­пуб­ли­ке. Неоце­ним Ваш вклад в реше­ние про­блем, свя­зан­ных с закры­ти­ем Семи­па­ла­тин­ско­го ядер­но­го поли­го­на, с созда­ни­ем систе­мы соци­аль­ной защи­ты насе­ле­ния, постра­дав­ше­го от испы­та­ний атом­но­го ору­жия» десе, ақын шір­кіні­міз оның ол «қатесін»… айт­пақ­шы, өзінің Кешірім аға­ны мерей­той­ы­мен құт­ты­қтаған жедел­ха­тын­да (үзін­ді):

«…Ува­жа­е­мый Кеш­рим Бозта­е­вич! …В те нелег­кие годы борь­бы за пре­кра­ще­ния ядер­ных испы­та­ний на Семи­па­ла­тин­ском поли­гоне Вы про­яви­ли стой­кость бой­ца за инте­ре­сы наро­да и муд­рость истин­но­го народ­но­го лиде­ра. Мы зна­ем, что в эти труд­ные годы Вам при­шлось осо­бен­но нелег­ко и на Вашу долю выпа­ли тяж­кие испы­та­ния, но Вы суме­ли най­ти вер­ный путь и сде­лать нема­лый лич­ный вклад в дол­го­ждан­ную побе­ду – закры­тие Семи­па­ла­тин­ско­го ядер­но­го поли­го­на…» деген еді Олжас Сүлейменов.

Бірақ іле-шала «Казах­стан­ская прав­да» газетін­де­гі сұх­ба­тын­да: «…Да, он был пер­вым сек­ре­та­рем обко­ма, но не более того. И уж во вся­ком слу­чае, сре­ди пер­вых бор­цов за закры­тие поли­го­на его не виде­ли» деген лақ­па­сы­мен құт­ты­қтау сөзін «түзет­ті». Бұлай­ша екі сөй­ле­удің, шын­ды­қты шырға­ла­удың, ару­ақтан аттап кетудің адам­гер­шілік­ке кереғар бұдан өткен сорақы­сын мен бұрын-соң­ды есті­ген де, көр­ген де жоқ­пын» (Ғаб­бас Қабы­шұ­лы. «Жан­пи­да»).

«…Упор­но отри­цая роль Бозта­е­ва К.Б. в борь­бе за закры­тие поли­го­на, поэт (О. Сулей­ме­нов, – С. Е.) пишет: «Если бы Бозта­ев сам в горя­чах доду­мал­ся до такой само­сто­я­тель­но­сти, он в тот же вечер лишил­ся бы сво­е­го поста».

Выхо­дит, Бозта­ев К. не посы­лал шиф­ро­те­ле­грам­му Гор­ба­че­ву? Не писал пись­ма дру­гим руко­во­ди­те­лям стра­ны, депу­та­там СССР, обще­ствен­ным дея­те­лям?» (В.Пигаваев. «Олжас – мой друг, но Исти­на доро­же». Статья).

В.Пигаваев облы­стық пар­тия коми­тетінің идео­ло­гия бөлі­мі мең­ге­ру­шісінің орын­ба­са­ры болған.

Кешірім аға қай­тыс болған­нан кей­ін Семей поли­го­ны­на қаты­сты үлкен-кіші жиын­дар­да, сон­дай-ақ О.Сүлейменовтің, оның серік­терінің мақа­ла мен сұх­бат­та­рын­да «Кешірім Бозта­ев» деген аты-жөн айты­лған да, жазы­лған да емес. Оның орны­на: «Олжас Сүлей­ме­нов»! Қыр­күй­ек айы­ның соңғы күні Алма­ты­да Семей поли­го­ны­ның жабы­луы­на 30 жыл толуы­на арна­лып кон­фе­рен­ция өткізіл­генін, онда да Кешірім атал­маға­нын естідік, газет­тер­ден оқыдық.

Поли­гон­ды жабу мәсе­лесі шешілу­ге жақын­даған­да, өкініш­ке қарай, басқа бір мәсе­ленің шеті – бұл кім­нің еңбе­гі деген сұрақ қыл­ти­ды. Бас­пасөздің бетін жауып кет­кен жари­я­ла­ным­дар­да: «Еңбек «Невада–Семей» қозға­лы­сы­нікі, тек қана соны­кі!» делін­ді. Қозға­лы­стың әрбір әре­кеті шексіз мақтал­ды. Оның бел­сен­ділері (кез­дей­соқ жүр­ген­дер де бар) қозға­лы­сқа басқа­ша бағыт бере баста­ды: олар өздерінің мін­деті себеп­ті-себеп­сіз жиын-жина­лыс өткі­зе беру деп біл­ді. Жалған дерек тара­тып жібер­ген­дері де бол­ды. Жина­лы­сқұ­мар­лық кеудем­соқ жел­пініс­ке, жұлқы­ны­сқа айна­лып, өмір шын­ды­ғы­нан ауы­тқып кетіп жатты».

К.Бозтаевтың Семей поли­го­нын жабу күресін бірін­ші болып батыл қол­даған, Гор­ба­чевқа өзі де хат жазған атақты ядро­шы маман, Совет Одағы Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі Евге­ний Пав­ло­вич Вели­хов Ресей Феде­ра­ци­я­сы орта­лық теле­ар­на­сы­ның «Мәде­ни­ет» бағ­дар­ла­ма­сын­дағы «Жеке өмір» сту­ди­я­сын­да көре­рмен­дер­мен жасаған сұх­ба­тын­да (2008 ж.) өзіне қой­ы­лған Семей поли­го­ны­ның жабы­луы, ақын Олжас Сүлей­ме­но­втің ондағы рөлі тура­лы сұраққа жау­а­бын­да (сұрақты қаты­сып оты­рған қазақ, не қаза­қстан­дық орыс қой­ған сияқты, ал жау­ап кей­ін газет­ке шықты) былай деді (түп­нұсқа­сы­нан үзін­ді):

«…Глав­ная идея кон­тро­ля над пре­кра­ще­ни­ем ядер­ных испы­та­ний заклю­ча­лась в допус­ке совет­ских спе­ци­а­ли­стов в Нева­ду, а шта­тов­ских в Семи­па­ла­тинск. Каж­дый уста­нав­ли­ва­ет свою спе­ци­аль­ную аппа­ра­ту­ру и дер­жит друг у дру­га руку на ядер­ном пуль­се. Все пере­го­во­ры с Госде­пар­та­мен­том, Кон­грес­сом, Пен­та­го­ном вел я и выс­шие офи­це­ры КГБ и ГРУ. И ника­ко­го Олжа­са Сулей­ме­но­ва там не было. То есть всё реша­лось на оси Москва–Вашингтон, а дви­же­ние «Невада–Семей» было не боль­ше чем цве­ток на обо­чине дороги».

Мұн­дағы: «То есть всё реша­лось на оси Москва–Вашингтон» деген айқын тұжы­рым Семей поли­го­нын жабу мәсе­лесінің де қай­да, қашан шешіл­генін аңғарт­ты емес пе?!.

Соны­мен, жүке­шев­тер­ге «Невада–Семей» қозға­лы­сы­ның акци­о­нер­лік қоға­мға айна­лып, поли­гон­нан тауқы­мет тар­тқан біз­ге – семей­лік­тер­ге – көмек­те­су үшін арна­у­лы Қор ашқа­нын, алай­да ол «қамқор­лы­қтың» ақы­ры не болға­ны жөнін­де Қар­жы мини­стр­лі­гі­міздің Бақы­лау-тек­се­ру басқар­ма­сы 1993 жылы қара­ша айын­да жасаған актінің қалай­ша жым-жылас болға­нын білу­ге кеңес беремін.

Кім тура­лы бол­сын мән­сіз мадақты үйіп-төк­пей, егер біл­сең, бір уақ шын­ды­қты айту керек.

 Сәкен ЕЛШІБЕК, Семей қала­сы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн