Четверг , 3 июля 2025

Ұлтшылдық – ҰЙҒЫРДАН шыққан пиғыл

Пенжимдегі оқиға – таза ұлтаралық кикілжің әрі ұйғыр ұлтшылдығының көрінісі. Неге ұйғыр ұлтшылдығының көрінісі?

Ұйғыр – ұйғыр­дың ғана так­сиіне міну, кафесіне бару, қаза­қтың дүкені жанын­да тұр­са да, екі көше ары орна­ласқан ұйғыр­дың дүкені­нен сауда жасау, өздері көп орна­ласқан жер­гілік­ті қыз­мет­тер­ге тек өз ұлты­ның өкіл­дерін тар­тып, қаза­қтар­ды дис­кри­ми­на­ци­я­лау, тіп­ті, мешіт­теріне дей­ін бөлек­те­нуі – бір тиын бол­са да өзі­міз­ге түс­сін, өзі­міз­ге ғана бол­сын деген, үй іші­нен үй тігуді көз­де­ген – ұйғыр ұлт­шыл­ды­ғы­ның анық айғағы.

Ал бала­лар ара­сын­дағы төбе­лес – сол үй ішін­де бық­сы­ған ұлт­шыл­ды­қтың сыр­тқа шыққан кіші­гірім жалы­ны ғана. Таң қалар­лы­ғы – Шон­жы­да да осы жағ­дай. Тіке­лей эфир­ден Пен­жим­де­гі жина­лы­сты көріп оты­рып, екі жақтағы мәсе­ленің бір­дей екенін байқадым.

Бұдан нені бай­қа­уға бола­ды? Яғни, ұйғыр­лар қай жер­де отыр­ма­сын, ұлт ретін­де іштей бір сая­си пиғыл­да. Бұл әре­кет­тер­ді жәй ғана сәй­кест­ік­тер деу­ге кел­мей­ді. Бұл әре­кет­тер – олар­дың жасы­рын жина­лы­ста­ры, Мәш­рәп­та­ры арқы­лы сана­лы түр­де жүр­гізіліп жатқан ішкі саясаттары.

Және ұйғыр ұлт­шыл­ды­ғы кеше-бүгін туын­даған нәр­се емес, ары­сы Совет зама­ны­нан, одан ары пат­шы­лық Ресей кезеңі­нен (ұйғыр­лар­дың таба­ны қазақ жеріне тиген­нен бастап) келе жатқан пиғыл.

Басқа – басқа, сол өлкенің аза­ма­ты ретін­де біз бұны жақ­сы біле­міз. Көріп, түй­іп өстік. Ал бұл ұлт­шыл­ды­қтың түп­кі мақ­са­тын­да – қан­дай жағ­дай­да да өздері орна­ласқан қазақ жерінің бір пұшпағын бөліп алып, иеленіп, ұлт­тық мем­ле­кет құру. Себебі, Қашқар мен Тұран­дағы /Қытай жерін­де­гі – ред./ өздерінің тари­хи ота­нын­да тәу­ел­сіздік алу олар үшін күн өткен сай­ын қиын­дап бара­ды. Қытай сая­са­ты ондағы ұйғы­рға тәу­ел­сіздік бұй­ырт­пақ түгілі, ондағы 10 млн. ұйғыр­ды асси­ми­ля­ци­я­лап, жұтып жібе­рудің алдын­да тұр.

Сон­ды­қтан мұн­дағы ұйғыр­дың басты арма­ны – өздері 130 жыл­дан астам уақыт­тан бері өмір сүріп, тамы­рын жай­ып қалған қазақ жерінің бір бөл­ше­гін ием­деніп, осы жер­де тәу­ел­сіз ел болу. Олар бұл пиғыл­да­рын жасы­рын мәжілістері­нен бөлек, мек­теп­те­гі тарих сабағын­да да «Жеті­су – ұйғыр­лар­дың жері» деп айтып қалып, арты үлкен дау болған. «Бір тиын бол­са да ұйғыр­дың қал­та­сы­на түс­сін» дей­тін олар­дың осын­дай ұсақ-түй­ек әре­кет­терінің аста­рын­да, міне, осын­дай ниет жатыр.

Сон­ды­қтан, 90-жыл­дар­дың басын­дағы Юго­сла­ви­ядағы орын алған жағ­дай­дай, күн­дер­дің күнін­де «жау жаға­дан алған­да, бөрі етек­тен тарт­пас» үшін, оқиға­ның сал­да­ры­мен емес, себебі болып оты­рған – ұйғыр ұлт­шыл­ды­ғы­ның алдын алу қажет. Мәсе­ле – осын­да. Сон­да Пен­жим­де­гі­дей оқиға басқа жер­лер­де де қайталанбайды. 

Бір таң қала­ты­ным – ары­сын айт­паған­ның өзін­де, бері­де­гі 30 жыл тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның аясын­да өмір сүріп, қаға­нағы қарқ, саға­нағы сарқ тір­лік кеше оты­рып, әлі күн­ге «Оры­стың зама­нын» аңсап оты­ра­тын ұйғыр­лар­дың бар екен­ді­гі. Мүм­кін, бұл аңса­удың түбін­де – олар­дың оры­стың зама­нын­да қаза­қтың төбесі­нен қарап үйреніп қалған­ды­ғы жатқан шығар… Кім білсін?

Елзат ЕСКЕНДІР

«ҰЛТАРАҚ» құбылыстың ЕКІ СЕБЕБІ

Азаттық радио­сы­ның тіке­лей эфи­рі арқы­лы біраз жұрт Пан­фи­лов ауда­ны Пен­жім ауда­нын­дағы жағ­дай­дың шет жаға­сы­нан қаны­қты. Ұлта­ра­лық қақты­ғыс туса, өзге­ге ұлта­рақ бола­тын – баяғы қазақ деп кіжі­ну­шілер аз емес.

Мек­теп­те­гі оқу­шы­лар­дың төбе­лесі неге ұлта­ра­лық қақты­ғыс сипа­тын­дағы жап­пай тәр­тіп­сіздік­тер­ге ұла­сып кете жаз­да­ды? Осы аудан­ның тума­сы ретін­де бұл оқиға­ның екі себебін көремін.

Бірін­шісі – жер­гілік­ті билік­тің биші­гін біле­гіне ілген­дер бұған дей­ін іште қоз­дап жатқан мәсе­лені көз­ге ілме­ген. Бір­не­ше жыл бұрын осы ауыл­да және аудан­ның өзге елді­ме­кен­дерін­де де қаза­қтар мен ұйғыр­лар­дың ара­сын­да кикіл­жің, текетірес болған. Ол мәсе­ленің бәрі «Жабу­лы қазан жабу­лы күй­ін­де» қал­ды. Про­бле­ма­ны түп-тамы­ры­мен қопа­ру­дың орны­на, қолам­та­ның бетін бүр­ке­ме­лей сал­ды. Оны бүгін ауыл­дағы ағай­ын да айт­ты. Егер аудан әкі­мі мен ішкі сая­сатқа жау­ап­ты тұлға­лар «жауыр­ды жаба тоқы­май», әр оқиғаға, әрбір осын­дай сиг­налға дер кезін­де мән беріп, шешім қабыл­дап отыр­са, мұн­дай­ға дей­ін бар­мас еді.

 Жер­гілік­ті қаза­қтар «ұйғыр­лар неге біз­ден оқша­у­ла­на­ды?», «олар неге жыны­сын қосқы­сы кел­мей­ді?» деп нара­зы. Әрине кез кел­ген ұлт­тың өзге елде тұрған­да этни­ка­лық жағы­нан оқша­у­ла­нуы – табиғи құбы­лыс. Мыса­лы Моңғо­лия қаза­қта­ры да солай. Бірақ қаза­қ­пен тари­хи тамыр­ла­сты­ғы терең­де жатқан ұйғыр ағай­ын тіп­ті мешіт­тің өзін­де бөлініп алса, тұр­мыстық дең­гей­де­гі жік­шіл­дік көпе-көрі­неу көз­ге ұрып тұр­са, оған қан­дай реак­ция болады? 

Ел ара­сын­дағы «мек­теп­тер­де ұйғыр ұлты­ның тарихы мен үстем­ді­гі тура­лы айты­ла­ды екен» дей­тін әңгі­ме­лер­ді, тұр­мыстық дең­гей­де­гі жік­шіл­дік­тің барын, ұйғыр ұлты өкіл­дерінің басым бөлі­гі этни­ка­лық анклав ретін­де оқша­у­ла­нып алға­ны­на жер­гілік­ті тұрғын­дар­дың нара­зы екенін аудан­ның атқа­мі­нер­лері біл­меді емес – біл­ді. Бірақ күні бүгін­ге дей­ін «мәу» демеді.

Ал бүгін аудан әкі­мі жина­лы­ста «Шаңы­раққа қараң­дар!» деп­ті. Мұны­сын біраз жұрт шұрқы­рай қол­дай жөнел­ді. Бірақ әкім­нің бұл сөзі таза попу­лизм! Тіп­ті мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­дің ауы­зы­нан шыға­тын да сөз емес! Шаңы­рақ шай­қал­ма­сын деген адам дауыл­дың қай жақтан соға­рын аңға­рар бол­са керек. Үй іші­нен үй тік­кісі кел­ген­дер­дің, аран­да­та­тын аван­тю­раға баруға құмар­лар­дың желі­гін бұры­ны­рақ басып, ішкі тұрақты­лы­қты тұр­лау­сыз қыла­ды-ау деген­дер­дің жолын «мынау – қазақ, мынау – ұйғыр» демей, заң­мен қатаң түр­де кесу қажет еді.

Оның орны­на ақша – пат­ша болған заман­да, шен­ділер­дің пұл бер­ген­нің алдын­да әділет ізде­ген­нің жігерін күн­де құм қылып жүр­ген­дері өтірік емес. Кеңес зама­нын­да да қазақ пен ұйғыр­дың ара­сын­да жан­жал бол­ма­ды емес – бол­ды. Бірақ ол кез­де бәрі заң алдын­да бір­дей еді. Кінәлілер сазай­ын алған соң, былай­ғы жұрт дүр­лік­пей, «үкі­мет өзі шешеді» деп сырт­тай бақы­лай­тын. Тоқы­ра­у­лы тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры, ел бүгін­гі­ден қиын заман­ды бастан кеш­кен­де аудан­ның тіз­гінін ұстаған Әділ­шай­ық Ибрай­мол­да­ев секіл­ді Жар­кент­тің топы­рағы­нан шыққан аза­мат­тар ши шығарт­пай-ақ басқа­рып отыр­ды емес пе?

Ал кеше­гі оқиға «ести­тін» билік­ке айғай­лап жет­кі­зе алмаған, заң­ның бәріне әділ екеніне сен­бей­тін жұрт­ты үде­ре көте­ру үшін мек­теп­те­гі төбе­ле­стің де жет­кілік­ті екенін айғақтап бер­ді. Бұл оқиға кон­сти­ту­ци­я­лық мәр­те­бесі де айқын­дал­маған Ассам­бле­я­ның ештеңе­ге қауқар­сыз екенін, оның мүше­лері этно­ме­ди­а­ция фор­ма­тын иге­ре алмаға­нын, ал жер­гілік­ті ішкі сая­сат бөлі­мінің сырт­тан кел­ген қонақтарға дастарқан жай­ып, той-тома­лақтар­да әкім­нің аты­нан шапан жабу­дан басқа­мен шаруа­сы жоғын да көр­сетіп берді.

Бұл жер­де таяқтың ұшы ҚМДБ-ға /Қазақстан мұсыл­ман­да­ры­ның діни бір­ле­сті­гі – ред./ да тиеді. Татулық, ауы­з­бір­шілік тура­лы айтқан­да, қоға­лы көл­дей толқы­тып, қорға­сын­дай балқы­тып жібе­ретін пірә­дар­лар неге бір мешіт жамаға­ты­ның екі­ге жары­луын алды­нан алма­ды? Аста­на­да қалың жиын өткіз­ген жақ­сы әрине. Бірақ пар­кет­тен шығып, халы­қ­пен де жұмыс істеу керек емес пе?

Екін­шісі – Ақсақал­дар кеңесі секіл­ді жер­гілік­ті өзін өзі басқа­ру инсти­ту­ты­ның тек фейк түрін жасаған мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­ядағы жұмыста­ры­мы­здың олқы­лы­ғы. Ұлт болып ұйы­су­дың орны­на, Қаза­қстан­да әр ұлт бір көр­пе­нің астын­да әр түр­лі түс көру­де. Тәр­бие мен білім беру жағын­дағы отыз жылғы кем­шілік­тер ақпа­рат тара­ту сала­сы­на да әсерін тигізіп отыр. «Екі оқу­шы төбе­ле­сті» деудің орны­на кей әріп­тесім мыса­лы «Ұйғыр Ялхун­жан мен қазақ Сабы­р­жан» төбе­лесіп­ті деп жар салуға құмар. Оған кез кел­ген жер­ден хайп қууға құштар «бло­гер» дей­тін­ді қосы­ңыз. Ал оның сал­да­ры былай­ғы жұр­тқа әсері қан­дай бола­ры ешкім­ді толғандырмайды.

Бұл екі мәсе­ле­ден шыға­тын қоры­тын­ды – бар про­бле­ма жап­пай жау­ап­сызды­ққа келіп тіре­леді. Әр бас­шы жұрт­тан бұрын өзі­нен жоға­ры тұрған бас­шы­ның алдын­да ғана жау­ап­кер сезі­нетін, кез кел­ген мәсе­лені пара­мен шешу­ге бола­ты­ны­на бәрінің еті өліп кет­кен елде осын­дай сызда­уық шыға­ды. Ал ол сызда­уы­қтың ауы­зы бол­ма­шы­дан жары­ла­ры анық. 

Кез кел­ген елде, тіп­ті толе­рант­ты дей­тін Еуро­па­да ұлта­ра­лық қарым-қаты­нас нәзік әрі күр­делі мәсе­ле. Заң сөй­ле­ме­ген­де, әділет­тің ауы­лы алы­стап кет­кен­де ол ушы­ға­ды. Бұл – акси­о­ма! Қоз­даған шала­ны өшір­ме­сең, ертең жалы­ны­на күй­есің. Ал ондай кез­де адам­дар­ды шыр­пы ретін­де қол­да­нып, әр жер­ден от қою­дан тай­ын­бай­тын­дар­дың шыға­ты­ны бесе­не­ден белгілі.

Дәнеш БАЙБОЛАТОВ

Республиканский еженедельник онлайн