Воскресенье , 4 мая 2025

ПАТРИОТТАРҒА АРАША ТҮСІҢІЗ!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға

Құрмет­ті Пре­зи­дент мырза! 

Алма­ты қала­сын­да Марғұлан Боран­бай, Мей­рам Қана­пья­нов және Данат Намаз­бай­ға қаты­сты халық ара­сын­да «ұлт-пат­ри­от­та­ры­ның соты» деп ата­лып кет­кен сот­тың өтіп жатқа­ны­нан хабар­дар шығар­сыз. Елі­міздің бел­сен­ді аза­мат­та­ры әле­умет­тік желілер арқы­лы ішкі сая­сат пен қауіп­сіздік­ке жау­ап­ты көмек­шілеріңіз бен кеңес­шілеріңізді (Ерлан Қарин, Берік Уәли, Дәу­рен Аба­ев, Мәу­лен Әшім­ба­ев және Әсет Исе­ке­шев) бұл сот тура­лы және жоға­ры­да атал­мыш тұлға­лар­дың заң­сыз қыл­мыстық қуда­ла­у­ға ұшы­раға­ны тура­лы бір­не­ше рет хабар­дар етті!

Өкіні­штісі – олар­дан да, Ішкі Істер Мини­стр­лі­гі­нен де, Ұлт­тық Қауіп­сіздік Коми­теті­нен де, Бас Про­ку­ра­ту­ра­дан да, Жоғарғы сот­тан да түсінік­ті жау­ап ала алма­дық! Сіздің айна­лаңы­здағы адам­дар мен құқық қорғау орган­да­ры сіз жари­я­лаған «ести­тін мем­ле­кет» қағи­да­сын бұзып, өзіңіз­ден болып жатқан жайт тура­лы ақпа­рат­ты жасы­рып, жарым-жар­ты­лай және қате жет­кізіп жатыр деп пай­ым­да­уы­мы­зға жол ашып отыр!

Ағым­дағы жыл­дың мамыр айы­ның соңын­да рес­пуб­ли­ка­лық «ДАТ» газетін­де осы мәсе­ле бой­ын­ша сіздің аты­ңы­зға ашық үндеу хат жари­я­ланған бола­тын. Хат әле­умет­тік желілер­де және түр­лі бел­сен­ді аза­мат­тар­дың парақ­ша­ла­рын­да кеңі­нен тара­тыл­ды. Бұл үнде­уді Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кемін­де 7000 аза­ма­ты қол­дап, қол қой­ды. Соны­мен қатар, бұл мәсе­лені қаза­қстан­дық БАҚ-тар да жабу­лы күй­ін­де қал­ды­рып, жария етпей отыр және бұл жағ­дай ақпа­рат мини­стрі Аида Бала­е­ва ханы­мға да ескертілген!

Бұл сот­тың нен­дей ерекшелі­гі бар және ол неге қазақ қоға­мын­да мұн­дай реак­ция тудыр­ды? Оның әле­умет­тік мәні неде?

«Тарих екі рет қай­та­ла­на­ды – бірін­шісі тра­ге­дия ретін­де, екін­шісі – фарс ретін­де» деген сөз бар. Бұл сот­тың 1986 жылғы Алма­ты­дағы Жел­тоқ­сан оқиға­сы­на қаты­су­шы­ларға қаты­сты өткен сот про­цесіне ұқсаға­ны сон­ша, тіп­ті дежа-вю сезі­мін туды­ра­ды. Біз қай­та­дан бұры­ңғы қуғын-сүр­гін жыл­да­ры­на кері оралған­дай­мыз – айып­та­лушы­лар да, «қазақ ұлт­шыл­да­ры­ның құр­бан­да­ры» да сол кез­де­гі кей­іп­кер­лер­ге қат­ты ұқсайды.

Бар­лы­ғы – айып­та­удың негізі болған «сарап­та­ма», аны­қта­ма­лар мен логи­ка­лық қоры­тын­ды­лар – 30 жыл бұрын жазы­лған құжат­тар­ды қай­та­лаған секіл­ді. Тек бүгін­гі сот­та ешкім­нің әзілі өте аз – тек ары­зда­ну­шы­лар мен «жәбір­ле­ну­шілер­дің» тұлға­сы күл­кілі болып тұрғаны.

«ҚР‑ы мем­ле­кет­тік жүй­есінің ірге­та­сын шай­қал­тқан қазақ ұлт­шыл­ды­ғы­мен» күресіп жүр­ген жан­дар кім екен?

Таныс болы­ңы­здар: Жәбір­ле­ну­шілер­дің бірі – жеке қай­ы­рым­ды­лық қоры­ның заң­гері Юрий Юрин. Оның /әлеуметтік желіде/ жүз­ден астам ксе­но­фо­би­я­лық, қаза­қо­фо­би­я­лық, лас және ұят­сыз мәлім­де­ме­лері бар. Солар­дың бірі – бел­сен­ді ұлт пат­ри­от­та­ры­ның және жал­пы біздің қоғам­ның басым бөлі­гінің табиғи нара­зы­лы­ғын туды­рған 2009 жылы Zona.kz сай­тын­да қал­ды­рған жаз­ба­сы еді. Ол кезін­де өзінің Алма­ты­дағы жастар көтерілісін басуға қаты­сып, қыздар мен ұлдар­ды сапер күрек­пен ұрға­ны тура­лы жазған еді.

Жал­пы, оның көп­те­ген акка­унт­та­ры­нан басқа да ұлт­тар­дың намысы­на тиетін сөз­дер жазға­ны тура­лы жүз­де­ген скрин­шот­тар бар, деген­мен, оның ең қат­ты шүй­лік­кені – қаза­қтар бол­ды. Кей­бір бел­сен­ділер Ішкі істер мини­стр­лі­гіне Юрин­ді қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту тура­лы ары­здар­мен жүгін­ді, бірақ өкініш­ке қарай, поли­ция Юрин­ді сол күйі еш жау­а­пқа тартпады!

Екін­ші ары­зда­ну­шы – «жәбір­ле­ну­ші» – ҚР аза­ма­ты, ұлты қазақ Әлжан Исмағұ­лов. Бұл кісі КСРО-ны жаңғыр­ту қажет­тілі­гі тура­лы, Алаш қай­рат­кер­лері мен қазақ зия­лы­ла­рын ста­лин­дік режим­нің қырып-жоюы­ның ақталға­ны тура­лы, Ашар­шы­лық үшін ста­лин­дік режим­нің жау­ап­ты емес екені тура­лы жария түр­де және өз жаз­ба­ла­рын­да бір­не­ше рет айт­ты. Ол дала өлкесін­де жап­пай ашар­шы­лық туды­рған­дар КСРО-дан басқа елдер­ге қарай шека­ра асып, мал айдап әкет­кен қазақ бай­ла­ры деген ашық түр­де­гі жалған ақпа­рат беруде!

Өкіні­штісі, билік­те Юрин мен Исмағұ­ло­втың көзқа­ра­сы мен әре­кет­терін қол­дай­тын көп­те­ген жоға­ры лау­а­зым­ды шене­унік­тер бар екенін анық байқадық…

Бүгін­гі сот оты­ры­сы кеңе­стік дәстүр бой­ын­ша өтіп жатыр: сот­та­лушы­лар­дың адво­кат­та­ры­на сөз беріл­мей­ді, айып­та­лушы­лар­дың «жәбір­ле­ну­ші ары­зданған­дарға» сұрақ қоюы­на рұқ­сат етіл­мей­ді, бұрын қой­ы­лған орын­ды сұрақтар негіз­сіз алы­нып таста­лып жатыр!

Бірақ ең таң қал­ды­рға­ны – пат­ри­от­тар­ды сот­та­уға негіз болған сарап­та­ма. Оның мәтіні, 30 жыл­дан бері ком­му­ни­стік жүйе мен дүни­е­та­ным­нан ары­ла алмаған елде «Ашар­шы­лы­ққа», 1986 жылғы оқиғаға бүгін­ге дей­ін лай­ы­қты баға беріл­ме­генін, Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның қоғам­да жай­ба­рақат өмір сүріп жатқа­нын, ал елдің әлі де бол­са жой­ы­лып кет­кен КСРО-ның тұтқы­нын­да келе жатқа­нын растайды.

Құрмет­ті Пре­зи­дент мырза! 

Сіз­ден тәу­ел­сіз елі­мізді осын­дай келеңсіз жағ­дай­ға түсіріп жатқан оқиға­ны тоқта­туы­ңы­зды сұраймыз.

Ойлап қараңыз­шы, 16 жел­тоқ­сан­да – ел Тәу­ел­сізді­гінің 30 жыл­ды­ғы қар­саңын­да, 1986 жылы қазір­гі Рес­пуб­ли­ка алаңы деп ата­ла­тын алаң­да қазақ жаста­рын сапер күрек­пен ұрдым деп мақтанған және бұл әре­кетін қай­та­ла­у­ға дай­ын аза­мат, қазақ аза­мат­та­рын сол жел­тоқ­сан күн­дері алаңға шыққан жігіт­тер мен қыздар­ды қорғаға­ны үшін сот­та­тып жатыр.

«Қазақ ұлт­шыл­да­ры­ның» үсті­нен сотқа шағым түсір­ген аза­мат Тәу­ел­сізді­гі­мізді жоққа шыға­рып, «Ашар­шы­лық» құр­бан­да­рын келе­междеп, Қаза­қстан­ның «Ресей­ге қай­та­дан» қосы­лға­нын қалай­тын адам. Осын­дай адам­дар­дың бар­лы­ғы елі­міздің мем­ле­кет­тік құры­лы­мын үне­мі және көп­шілік алдын­да келе­междеп, пре­зи­дент­тік билік­тің маңы­зын төмен­детіп, мем­ле­кет­тік рәміз­дер­ге тіл тигізіп, сепа­ра­тизм мен шови­низмді дәріптейді!

  • Бүгін­гі Тәу­ел­сіздік­тің 30 жыл­ды­ғы қар­саңын­да өтіп жатқан сот про­цесі халқы­мы­зды мазақ ету, қаза­қтың бетіне түкі­ру деп біле­міз! Елі­міздің тәу­ел­сізді­гі қаза­қтың өзі­нен басқа ешкім­ге керек емес екені анық. Елді, оның тәу­ел­сізді­гін тек ұлт пат­ри­от­та­ры ғана қорғайды.

Олар бол­ма­са, билік кім­ге арқа сүй­ей­ді? Билік қан­дай құн­ды­лы­қтар мен мем­ле­кет­тік мүд­де­лер­ді қорға­уға дайын?

30 жыл – бұл маңы­зды меже. Ол ұлт болып қалып­та­су­дың жаңа кезеңін аша­ды және ұлт пен қаза­қстан­дық қоғам құру үдерісін­де жаңа әрі түсінік­ті ұлт­тық иде­я­ны, жаңа өзек­ті стра­те­ги­я­лар­ды талап ете­ді! Оның орны­на қазір­гі таң­да сала­у­ат­ты ұлт­тық пат­ри­о­тизм ұғы­мы «нацизм», «фашизм», «ұлт­тық попу­лизм» сияқты ұғым­дар­мен әдейі әрі негіз­сіз түр­де алма­сты­ры­лу­да! Бүгін­гі фар­сты ұйым­да­сты­рған­дар да, істі сотқа жет­кіз­ген тәр­тіп сақ­шы­ла­ры да, сот про­цесінің өзі де бір­жақты айып­та­у­шыл­ды­қ­пен өтіп жатқан­ды­ғы билік­тің, сіздің – яғни Пре­зи­дент инсти­ту­ты­ның беделіне нұқ­сан кел­тіретіні сөзсіз! 

Қазір­гі әлем­де­гі және аймақтағы күр­делі гео­са­я­си жағ­дай­да Билік те, Халық та тәу­ел­сіздік­ті, аумақтық тұта­сты­қты және көп­век­тор­лы сая­сат­ты сақта­уда бір­ге жұмы­ла атса­лы­суы қажет екеніне сенім­ді­міз! Ұлт мүд­десін рия­сыз қорғай­тын ұлт пат­ри­от­та­ры ғана билік­ке, сонау 1986 жылғы оқиға­дағы секіл­ді батыл, тай­сал­май және мүд­десіз бір­лік пен қол­дау көр­се­те алады…

Бұл сот про­цесін ел ішін­де­гі эли­та­ның көзқа­ра­сы, ұмты­лы­сы, сая­си мүд­де­лерінің текетіресі деп біле­міз. Бұл сот­тың шеші­мі­нен билік үшін қазір не маңы­зды екенін, оның бола­шаққа қан­дай жос­пар­ла­ры барын және бүгін­гі күні халы­ққа қан­дай хабар беріп жатқа­нын білетін боламыз!

Құр­мет­ті Пре­зи­дент мырза!

Осы оқиғаға өзіңіздің ара­ла­суы­ңы­зды және Бас про­ку­ра­ту­раға айып­тау актісін кері қай­та­рып алуын және осы қисын­сыз, заң­сыз және ұят­ты сот про­цесін тоқта­ту­ды тап­сы­руы­ңы­зды сұраймыз!

  • Бал­таш Тұр­сым­ба­ев, Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Ермұрат Бапи, Еркін Рақы­шев, Абзал Құс­пан, Мұх­тар Тай­жан, Арман Қани, Ғалым Бай­тук, Серік­жан Мәм­бе­та­лин, Расул Жұма­лы, Дина Оспа­но­ва, Жанар Жахат, Дина­ра Сей­сен, Дина Елге­зек, Мұрат Мұхам­меджа­нов, Әлжан Әль­та­ев, Ислам Кура­ев, Аман Мам­бе­та­лин, Ану­ар Бай­дар, Қуат Ахме­тов, Еді­ге Ахмет, Руза Бей­сен­бай­те­гі, Жұл­ды­зай Форт, Макс Бока­ев, Арман Хай­рул­лин, Эль­мар Хұсай­ы­нов және т.б.

«DAT»

Республиканский еженедельник онлайн