Четверг , 3 июля 2025

ШӨКЕЕВПРЕМЬЕР?

«Егер осы қыс айларына дейін Асқар Маминнің үкіметі доғарысқа кететін болса, кім премьер-министр болуы мүмкін?». Осы сұрақ соңғы кездері әлеуметтік желінің қазақстандық сегментінде сөз бола бастады.

Әрине, Қаза­қстан­ның қазір­гі дағ­да­ры­сты жағ­дай­ын­да үкі­мет­тің ауы­суы­нан елдің эко­но­ми­ка­сын­да айтар­лы­қтай өзгеріс бола қой­май­ды. Назар­ба­ев­тық сая­си режим кезін­де Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің ірі­лен­діріл­ген эко­но­ми­ка­лық бөлі­мі сияқты сүмірей­ген сұл­ба­сы қалған Мини­стр­лер Каби­неті дис­пет­чер­дің дең­гей­іне түсіп тын­ды. Ал оның пре­мьер-мини­стрі Асқар Мамин­нің, қаза­қ­ша­лап айтқан­да, “аузын буған өгіз­ден” өзге­шелі­гі көп емес. Оның елде­гі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты жары­тып айтқан сөзін есті­ген жан бала­сы кемде-кем.

Деген­мен, елде­гі қашан­нан қалып­тасқан дағ­ды бой­ын­ша, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың жау­ап­кер­шілі­гін мой­ы­ны­на артып, ағаш атқа теріс мін­гізіп қоя беретін бір құры­лым қажет. Ол, әрине – үкі­мет. Сон­ды­қтан үш-төрт жыл сай­ын пре­мьер­дің роки­ров­ка­сы­мен «рефор­ма жасау» – Назар­ба­ев­тан қалған қадет.

Нобайы сол «дәуір­лік» доға­ры­стың кезі келіп қалған сияқты. Енді міне билік­тің итар­шы тех­но­лог­та­ры осы ауыс-түй­істі тары­ққан халы­қтың тақы­ры­бы­на айнал­ды­ру ама­лын жан­та­ла­сып жаса­уда. Мақ­сат – «жуы­қта үкі­мет ауы­са­ды, содан соң жағ­дай жақ­са­ра­ды» деген есек-дәмені дүй­ім жұр­тқа мей­ілін­ше кеңірек тара­ту. Сол арқы­лы кедей­шілік­тің кебін киген көп­шілік­ті алдарқа­тып, тағы бір үш-төрт жылға карт-бланш алу.

Соны­мен, қалай десек те, енді­гі пре­мьер-министр кім бола­ды? Ең алды­мен айта кету керек: үкі­мет­ті кім басқар­са да, бұл мәсе­лені тоқ­пей­іл Тоқа­ев емес, тақтан түс­се де, аттан түс­пе­ген Назар­ба­ев­тың нақ өзі шешеді. Можан­то­пай бол­ма­са, Қасе­кең үкі­мет­ті әлдеқа­шан өз коман­да­сы­на айнал­ды­рып алар еді. Олай бол­ма­ды, яғни билік­ті бөлі­су про­цесінің пай­ы­мы солай болған: анау – менікі, мынау – сенікі. “Сенікінің” ішін­де үкі­мет жоқ (Тоқа­ев­та өзі не бар?).

Осы пошым­ның пай­ы­мы­м­ен айтар бол­сақ, Нац­фонд” пен Пен­си­я­лық қор­дағы қар­жы­ны, бюд­жет­тің тақұл-тұқыл ақша­сын үле­стіруді кім көрін­ген емес, Нұре­кеңнің нұсқа­уы­мен өз ада­мы бөлуі керек. Енде­ше, истеб­лиш­мент­те иін тірес­кен дәмелінің дәл қай­сысы елба­се­кеңнің есеп-қиса­бын жүр­гізу­ге сай келеді?

Сарап­шы­лар­дың сөзі сан-саққа тарай­ды. Бірі – билік тран­зи­тін толық аяқта­уға «арналған» үміт­кер Бауы­р­жан Бай­бек­ті атай­ды. Назар­ба­ев­тың ноқта­лап сүй­ре­уіне қараған­да, енді­гі пре­зи­дент­тік таққа “кла­с­та­стың бала­сын” оты­рғы­зу – осы пре­мьер­лік пост арқы­лы жүзе­ге асуы тиіс.

Айт­пақ­шы, Бай­бек­тің шару­а­шы­лық жүр­гізу­ге қабілет-қары­мы «мол» екені Алма­ты­да әкім болған­да таныл­ды. Аны­ғы – таны­туға тыры­сты. Үйіліп-төгіл­ген қыру­ар қар­жы­ның арқа­сын­да оңтүстік аста­на­ның орта­лы­ғы жаңа­рып шыға кел­генін жасы­руға бол­май­ды. Ақша бәрін жасай­ды, ал Бай­бек балаға көкесі көмек етпе­ген­де, Алма­ты семіп бара жатқан Семей­дің сиқы­нан ұзап кет­пе­сі нақ еді. Оның пре­мьер болуы пима­ның оң-солын ажы­рат­пай аяққа сұға салу­дан оңай.

Енді бір сарап­шы­лар Смай­ы­лов сияқты “сен тиме­сең, мен тимен бады­рақ көз” қол­ба­ла­ның кез кел­генін оты­рғы­зып қой­са, періп тұрған пре­мьер бола сала­ды деген пікір­де. Оның да жөні бар. Себебін жоға­ры­да айт­тық: үкі­мет­тің үстін­де кім­нің оты­рға­ны маңы­зды емес, маңы­здысы – Қажы­гел­дин сияқты режим­нің дәр­тесін сын­дыр­май, айтқанға көніп, айдағанға жүру. Бұл қол­ба­ла­лар қата­рын­да Қай­рат Келім­бе­тов пен Бақыт Оспа­нов секіл­ді сенім сынағы­нан сүрін­бей өткен­дер бар. Еке­уі де елдің эко­но­ми­ка­сын көте­ру­ден бұрын, моне­тар­лық көр­сет­кі­ш­тер­ді үрлеп көр­се­тудің келіс­кен шебері.

Үйін­де “оты­рып қалған қыз” сияқты Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин­нің де нұсқа­сы пре­мьер­лік постқа олқы кел­мей­ді. Мәжілі­сте мәң­гір­ген “нұр­лы” депу­тат­тар­ды нық ұстаған спи­кер “Каб­мин­ді маған беріңіз” деп, Назар­ба­евқа қолқа салу­дың ретін тап­пай жүр­ген­ге ұқсай­ды. Енді­гі жер­де спи­кер­лік крес­ло оған тар болған­дай, пар­ла­мент­тің пар­та­сын пер­гілеп, мини­стр­лер­ді міне­удің мінезі пай­да бол­ды. Бұл да пре­мьер­лік постқа деген амби­ци­я­сы арқы­рап тұрған тұлға­ның тұр­па­ты бол­са керек. 

Деген­мен көп­шілік сарап­шы­лар Назар­ба­ев­тың нұсқа­сы­на Шөке­ев­ті шақ көреді. Сая­сат­тан сыр аңдаған сарап­шы­лар­ды қай­дам, ал Өмір­за­қтың өсу мүм­кін­ді­гіне қаты­сты біздің баққан бірер ойы­мыз бар. Бірін­ші­ден, ол 90-жыл­дар­дан Назар­ба­ев­тың қасын­да қалған ескі гвар­ди­я­ның бірен-сараң өкілінің өмір­шеңі. Вице-пре­мьер­лік қыз­мет­ке барып-қай­тқа­ны бол­ма­са, соңғы 25 жыл­да қыз­меті төмен­деп көр­ме­ген бір­ден-бір лау­а­зым­гер. Кор­руп­ци­я­лық скан­дал ата­у­лы айқай­да аты шық­па­ды. Бәл­кім, бұл оның “олжа­ны” екшеп, ептеп жей­тін эко­но­ми­сті­гінің арқа­сы болуы мүмкін.

Екін­ші­ден, мыңқиған Мамин­нен кей­ін, эко­но­ми­ка­ның мем­ле­кет­тік менедж­мен­тіне расын­да да май­тал­ман маман және білік­ті бас­шы керек. Қаза­қстан құжы­рас­ы­на құлаған ордан ондай маман­ның машы­ғын­сыз шығу – енді­гі жер­де оңай емес. Жаман-жақ­сы бол­сын, прак­ти­ка­лық тұрғы­да Шөке­ев­тің шама­сы сымай­ы­ло­втар­дан сырық бойы алда. Оның қасын­да бай­бек­тер жіп есе алмай қала­ды. Ал нақты өндірісте­гі шару­а­шы­лы­қтың иісі келім­бе­то­втер­дің мұры­ны­на де бар­май­ды. Үкі­мет­тің төңіре­гі­нен ит қосып қуа­тын екі адам бол­са, соның бірі – осы қай­рат­сыз қайраттар.

Ал Шөке­ев­тің пре­мьер болуы­на басқа­лар­дан бұрын мұрын­дық болуы тиіс үшін­ші және ең басты кри­те­рий – оның Түр­кістан облы­сы­ның әкі­мі болған­ды­ғы. Аны­ғы – Түр­кістан­ның түр­лен­ген құры­лы­сын салып жатқа­ны. Ал одан да аны­ғы – сол құры­лы­сқа оңды-сол­ды бөлініп жатқан қыру­ар қар­жы­ның ағы­мы мен бағы­мын білетіндігі.

Оңды-сол­ды деген­де, оңнан келіп жатқа­ны – әрине бюд­жет пен Ұлт­тық қор­дан бөлін­ген мем­ле­кет­тік мил­ли­ард­тар. Әлбет­те ол қыру­ар қар­жы соңғы бақы­ры­на дей­ін діт­те­ген құры­лы­сқа кетіп жатыр деп айта алмай­мыз. Жемқор Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­да “шап­ка” мен “откат­ты” отме­нять қылған ешкім жоқ. Шөке­ев­тің де ете­гіне намаз оқып жүр­гені – дүдә­мәл дерек…

Біздің айт­пағы­мыз – сол­дан келіп жатқан ақша. Инве­сти­ция! Қай­та­рым­ды қажет қыла­тын қар­жы. Ол инве­стор­лық қара­жат айна­лып кел­ген­де, түбін­де үкі­мет­тің есебі­нен, яғни бюд­жет­тік қазы­на­дан қай­туы тиіс. Міне, Шөке­ев мыр­за­ның Назар­ба­евқа пре­мьер ретін­де­гі қажет­ті­гі дәл осы жер­ден туындайды.

Ислам-ака Кари­мо­вты Самарқанға – әлем­ге әйгілі Ақсақ Темір­ге қоң­сы қой­ы­сып қай­тқан Нұре­кең: “Мен неге Қожа Ахмет Иас­са­у­идің жаны­на жат­пай­мын?” деген оймен ора­лып, Түр­кістан­ды түр­лен­діру­ге кірісті. Аста­на­ның айда­ла­дағы пан­тео­ны­на кім барар дер­сіз? Ал мұн­да Қожа Ахмет әули­енің ару­ағы­на тағ­зым еткен турист: «Е‑е, жары­қтық!» деп, бұған да бас сұға кетуі мүм­кін ғой…

Рас, Ислам иман­ды болға­лы бер­гі төрт жылға толар-тол­мас уақыт­та Түр­кістан түр­леніп шыға кел­ді. Ысы­рап пен әпер­бақан шешім­нен туған құры­лы­сты, басқа аймақтар­дың “аузы­нан жырып”, Түр­кістанға құй­ы­лған қар­жы­ны есеп­ке алмаған­да, Назар­ба­ев­тың ойын­дағы бола­шақ мазар-қала құл­пы­рып шыға кел­гені Құдай­ға да, Қожа Ахмет­тің ару­ағы­на да аян болған шын­дық. (Вене­ци­яға ұқсас тоған мен аэро­порт­тың жолы­на салы­нып жатқан көпқа­бат­ты 100 үйдің құры­лы­сы – басқа ысы­рап­тың әңгімесі).

Міне, осы қыру­ар құры­лы­сқа “сол­дан” құй­ы­лған қар­жы­ның басым бөлі­гі Эми­рат пен Саудия сияқты араб елдері­нен ашық та, жабық жол­дар­мен келіп жат­ты. Бірақ оның бар­лы­ғы шейх­тар­дың жомарт­ты­ғы­нан кел­ген инве­сти­ция емес. Оның басым бөлі­гі араб елдерін­де­гі – бір­лес­кені бар, басқа­сы бар ком­па­ни­я­ларға тығы­лған, мұнай мен газ­дың түсі­мі­нен ұрланған қара­жат. Бұл ком­па­ни­я­лар­дың соңғы бене­фи­ци­а­ры аны­қта­лар күн туған кез­де ғана Түр­кістанға ағы­лған мил­ли­ард­тар­дың анық-қаны­ғын білетін боламыз…

Бірақ соңғы он жыл­да Назар­ба­ев­тың Араб Әмір­лі­гіне жыл сай­ын жасаған ресми жоры­ғы мен дема­лы­сқа барып қай­тқан сан­сыз сапа­рын еске алсақ, біраз мәсе­ленің мәнісі мен­мұн­да­лап тұр­май ма?

PS. Қысқа­сы, Түр­кістанға жаса­ла­тын “соңғы сапар” алдын­да “әлдекім­дер” Әмір­лік­ке тыққан ақша­ның қай­та бастаға­ны­на да тәу­ба дей­ік! Бірақ инве­сти­ция ретін­де кел­ген ақша бұл

жақта “жуы­лып”, бюд­жет­тің есебі­нен таза­ла­нып, кері қай­та­тын тәр­тібі барын ұмыт­пай­ық. Міне осы “қай­та­рым­ды” Шөке­ев­тің үкі­меті неге жүзе­ге асыр­масқа? Бір­ге баста­ды, бір­ге бітіруі керек қой… 

Біздің созба­лақта­тып, келесі пре­мьер-министр Шөке­ев болуы тиіс деген жоралғы ойдың орайы осы еді. Ал Өме­кеңнің пре­мьер­лік­ке пара-пар өзге қажет­тілі­гін басқа басы­лым­дар жазып жатқан сияқты. Егер ерін­бе­сеңіз, соның біре­уін төмен­нен оқып алыңыз.

Ермұрат БАПИ

«DAT»

КАБИНЕТКЕ КІМ КЕЛЕДІ?

Жалпы үкі­мет­тің отстав­кісі тура­лы әңгі­ме жыл­дың басы­нан бері айты­лып келе жатыр. Сай­ла­удан кей­ін Мамин үкі­меті Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес жаңа­дан жасақталған Мәжілістің алдын­да қыз­метін доғар­ды. Бірақ жаңа Үкі­мет­тің құра­мы анау айтқан­дай жаңарған жоқ. Мамин­нің өзі­нен бастап, мини­стр­лер­дің дені крес­ло­ла­рын сақтап қал­ды. Отстав­кі тура­лы әңгі­ме­лер көп ұза­май қай­та қозғал­ды. Соңғы уақыт­та оның күшейе түс­кені рас. Бірақ елдің пікірін ескер­сек деген ой не үкі­мет­тің, не Ақор­да­ның миы­на кіріп шық­пай­тын сияқты.

Үкі­мет­тің отстав­кісі тура­лы мәсе­лені бұған дей­ін қоғам бел­сен­ділері көтер­се, енді міне, Пар­ла­мент депу­тат­та­ры айта баста­ды. Жуыр­да сена­тор Мұх­тар Құл-Мұхам­мед жур­на­ли­стер­ге бер­ген сұх­ба­тын­да: «Билік­тің басты мін­деті — азық-түлік баға­сын төмен­де­ту. Бірақ өндіру­шілер тара­пы­нан әдейі жаса­лып жатқан әре­кет секіл­ді көрі­неді. Егер Үкі­мет қым­бат­шы­лы­қты ауы­зды­қтай алма­са, инфля­ци­я­ны тоқта­та алма­са, оны басқа адам­дар атқа­руы керек. Мен мини­стр­лер каби­нетінің жұмысын “қанағат­та­нар­лық” деп баға­лай­мын. Бұл дегені­міз үш деген сөз ғой», — деп мәлімдеді.

Алай­да сена­тор «үш» деген баға бер­ген үкі­мет­тің жұмысын пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев «бес­тік­пен» баға­лап оты­рған­дай әсер­де қаласыз.

Пре­зи­дент жуыр­да Мамин­ді қабыл­да­ды. Ақор­да­ның таратқан ақпа­ра­ты­на қараған­да, кез­де­су­де мем­ле­кет бас­шы­сы Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның қай­та қал­пы­на келу үдерісі қарқын­ды жүріп жатқа­нын, биы­лғы 9 айдың қоры­тындысы бой­ын­ша ішкі жал­пы өнім­нің өсі­мі 3,4 пай­ы­зды құраға­нын, дер кезін­де дағ­да­ры­сқа қар­сы қабыл­данған шара­лар­дың арқа­сын­да эко­но­ми­ка қай­та қал­пы­на кел­генін атап өткен. Сон­да бұл қалай, үкі­мет­тің жұмысын сена­тор­лар үшке, ал пре­зи­дент бес­ке баға­лай­ды? Сон­да үкі­мет­тің қауқар­сызды­ғы тура­лы әңгі­ме­лер­дің бос сөз болға­ны ма?

Бұдан нен­дей түй­ін жаса­уға бола­ды? Мини­стр­лер каби­нетінің жұмысы расын­да да кере­мет пе, әлде Тоқа­ев­тың Мамин­ге тісі бат­пай ма?

Дәл қазір­гі жағ­дай­да Мамин үкі­метінің жұмысы­ның оңбай тұрға­ны жасы­рын емес. Азық-түлік баға­сы күн санап қым­бат­тап бара­ды. Үкі­мет­тің қабыл­дап жатқан шара­ла­ры қағаз жүзін­де кере­мет шығар, іс жүзін­де көз­ге көрін­бей­ді. Коро­на­ви­русқа қар­сы екпе салу тура­лы мін­дет­те­ме толық орын­дал­ма­ды. Биыл батыс облы­стар­дағы құрғақ­шы­лы­ққа үкі­мет дер кезін­де мән бер­меді. Осы­ның сал­да­ры­нан мал шығы­ны көп болды.

Енде­ше, егер үкі­мет отстав­кі­ге кет­кен жағ­дай­да, Қаза­қстан­ның жаңа пре­мьері кім бола­ды? Біз үш кан­ди­датқа тоқтал­сақ. Был­тыр жыл соңын­да сай­ла­удан кей­ін қай­та жасақта­ла­тын үкі­мет­ке Сау­ат Мың­ба­ев­тың жетек­шілік ететіні жөнін­де ақпа­рат тараған бола­тын. Біл­гі­ш­тер мұны Мың­ба­ев пен Тоқа­ев­тың ара­сын­дағы жақын­ды­қ­пен бай­ла­ны­сты­рған. Биыл 59-ға тола­тын Мың­ба­ев Мәс­ке­уде білім алған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі жұмысын 1995 жылы Қар­жы мини­стрінің орын­ба­са­ры лау­а­зы­мы­нан бастаған. 25 жыл­дық карье­ра­сын­да Сау­ат Мың­ба­ев Қаза­қстан­ның бес мини­стр­лі­гіне бас­шы­лық жасаған. Пре­зи­дент әкім­шілі­гі жетек­шісінің орын­ба­са­ры, екі мәр­те вице-пре­мьер лау­а­зы­мын атқарған. Соңғы жыл­да­ры мұнай және газ мини­стрі, одан кей­ін «Қаз­мұ­най­газ» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­на жетек­шілік етті. 2018 жыл­дың қара­ша­сы­нан бастап, Қаза­қстан темір жолын­да басқар­ма төраға­сы лау­а­зы­мын атқарады.

Алай­да биыл қаңтар­да ол «ҚТЖ»-ның бас­шы­лы­ғы­нан боса­тыл­ды. Ком­па­ния Мың­ба­ев­тың спорт­пен айна­лы­сып жатқан кез­де омыр­тқа­сы­нан жарақат алға­нын де мәлім етті. Бірақ бұл Мың­ба­ев­тың пре­мьер болу ықти­мал­ды­лы­ғын жоққа шыға­ра алмайды.

Екін­шісі және ең басты кан­ди­дат ретін­де Өмір­зақ Шөке­ев­тің аты ата­лу­да. Шөке­ев бір қыз­мет­те ұзақ отыр­май­тын кадр. Сонау 1993 жылы Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры лау­а­зы­мы­на кіріс­ке­нен бер­гі ара­лы­қта ол 15-ке жуық қыз­мет­тер­ді атқарған екен (Пре­зи­дент әкім­шілі­гін­де, үкі­мет­те, әкім­дік­те). Үкі­мет бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры­на дей­ін өсті.

Бір қызы­ғы – карье­ра­сын­да Шөке­ев бір қыз­мет­те 2–3 жыл­дан артық отыр­маған. ОҚО әкі­мі қыз­метін атқа­руы бір жылға да жет­кен жоқ. Тіп­ті кей­бір лау­зым­дар­ды алты ай ғана істе­ген. Ол тек Қоста­най облы­сы­ның әкі­мі мен «Самұрық-Қазы­на» қоры­ның басқар­ма төраға­сы­ның крес­ло­сын­да алты жыл­дан оты­рып­ты. Егер осы «дәстүрі­нен» жаңыл­ма­са, Шөке­ев­тің жуық ара­да елор­даға қыз­мет ауы­сты­рып, пре­мьер-мини­стр­дің крес­ло­сын иеле­нуі әбден мүмкін.

Үшін­ші кан­ди­дат – бірін­ші вице-пре­мьер Әли­хан Смай­ы­лов та уақты­сын­да Назар­ба­ев көп мақтаған кадр­лар­дың бірі сана­ла­ды. Алай­да жал­пы былай­ғы көп­шілік үшін ол онша­лы­қты таны­мал тұлға емес. Кезін­де коми­тет төраға­сы, министр, пре­зи­дент­тің көмек­шісі қыз­мет­терін атқарған. Смай­ы­ло­втың пре­мьер бола­тын­дай бір арты­қ­шы­лы­ғы бар: бұған дей­ін­гі тәжіри­бе­лер­ден бай­қалған­дай, Қаза­қстан­да жаңа пре­мьер көбіне вице-пре­мьер лау­а­зы­мы­нан ауы­сып келеді (мұның ішін­де көбіне бірін­ші вице-пре­мьер­лік­тен). Мамин де, Сағын­та­ев та, Мәсі­мов те, Тасмағам­бе­тов те, Тоқа­ев та Үкі­мет басқа­руға вице-пре­мьер лау­а­зым­да­ры­нан барған. Осы жөн-жоралғы Смай­ы­ло­вқа да бұй­ы­рып жат­са, таңқа­луға болмайды.

Рей­тинг” газеті

© Oinet.kz

«DAT»

Республиканский еженедельник онлайн