Четверг , 3 июля 2025

Шымкентті қымбатшылық ҚЫСҚАН СОҢ, басқа аймақта күй қандай?

  • Шым­кент­те азық-түлік баға­сы күн сай­ын қым­бат­тап жатыр. «Жалақы аз, күн­көріс қиын» дей­тін тұрғын көбей­ген. Cату­шы­лар тамақтан қар­жы­сын қат­ты үнем­дей­тін, ала­тын заты­ның ақша­сын бөліп төлей­тін адам көп дейді. 

Шымкент қала­сы­ның тұрғы­ны Ербол – бес бала­ның әкесі. Әйелі Гүл­сім бала күті­мі­мен дема­лы­ста отыр. Ербол қала­дағы жеке мен­шік ком­па­ни­я­лар­дың бірін­де заң­гер болып жұмыс істей­ді. Айлық жалақы­сы – 200 мың тең­ге (470 дол­лар). Бала­ла­ры­на 55 мың тең­ге (130 дол­лар) жәр­де­мақы және алады.

Көп бала­лы отба­сы­ның табысы күн­делік­ті тамақтан артыл­май­ды. Ербол жалақы­сын алған бой­да бір айға жететін азық-түлік­ті сатып алу­ды әдет­ке айналдырған.

– Көріп тұр­сыз, баға өскен, ал жалақы сол қал­пы. Ең керек деген азық-түлік пен таза­лағыш заттар­ды 60 мың тең­ге­ге сатып алдым. Бұдан бөлек кар­топ, пияз, сәбіз, қызы­л­ша, асқа­бақ сияқты көкөніс­ке 20 мың тең­ге­дей жұм­сай­мын. 60 мың тең­ге­ге бір жілік жылқы етін сатып ала­мын. Ком­му­нал­дық төлем айы­на 30 мың, бен­зин – 20 мың тең­ге, төрт балам­ның тамағы мен жол шығы­ны – 20 мың тең­ге, қалған ақша­ны бөліп төле­у­ге сатып алған киім-кешек­ке жұм­сай­мын. Жеміс-жидек, айран-сүт алуға ақша жет­пей жата­ды, – дей­ді ол.

Ербол­дың айтуын­ша, бір жыл бұрын азық-түлік пен ком­му­нал­дық төлем­ге 100 мың тең­ге жететін. Күн­делік­ті айран-сүт, жеміс-жидек сатып алуға мүм­кін­ді­гі болған.

Мыса­лы, 2020 жыл­дың аяғын­да 1 литр сүт 200 тең­ге еді. Қазір 300 тең­ге. 25 келі шыға­тын бір жілік жылқы еті 50 мың тең­ге бол­са, қазір 60 мың тең­ге­ге жеткен.

– Бай­қа­саңыз, дүкен­нің көбін­де қары­зға алу, бөлеп төлеу мүм­кін­ді­гі қарас­ты­ры­лған. Демек, мен сияқты тамақты, киім-кешек­ті, дәрі-дәр­мек­ті кей­де қары­зға ала­тын­дар­дың саны көп. Бұл – жұрт­тың жалақы­сы жет­пей, күн­көрісі қиын­дай түс­кенінің бел­гісі. Неси­есі бар, пәтер жал­дап тұра­тын адам­дар­дың жағ­дай­ын айту қиын. Өмір сүру керек болған соң, осы­лай барын құрап, жоғын сұрап, күнел­тіп отыр­мыз, – дей­ді Ербол.

Шымкент­те күн­делік­ті тұты­на­тын тау­ар баға­сы өскенін сауда­гер­лер де, жер­гілік­ті билік те мой­ын­дай­ды. «Азаттық» тіл­шісі баға­ның жай­ын білу үшін тұрғын­дар «арзан» деп жиі бара­тын сауда орта­лы­қта­ры мен базар­лар­ды ара­лап көрді.

Орта­лық базар маңын­да адам ығы-жығы. База­рға кір­ген­нен сол жақ бет­те азық-түлік, көкөніс, ет сата­тын сауда сөре­лері бар. Сатып алушы­лар­дың дені көкөніс пен дән­ді дақыл сата­тын маң­да жүр. Ет пен сүт өнім­дерін сата­тын жақта адам аз. Киім-кешек жақта жүр­ген­дер қара­сы тіп­ті сирек.

  • Шым­кент сауда орта­лы­ғын­дағы ұн бағасы. 

– Бұл жолы баға бір­ден көтеріл­ді. Әсіре­се ұн баға­сы ұшты. Екі апта бұрын 7700 тең­ге болған 50 келі бірін­ші сорт­ты ұнды қазір 9500 тең­ге­ге сатып жатыр­мыз, – деді аты-жөнін айтқы­сы кел­ме­ген сату­шы әйел.

«Май­дың баға­сын айт­саңыз­шы» деп сөз­ге ара­ла­сты сұй­ық май мен қант­тың ең арза­нын алып жатқан ер кісі. «Енді қалай күн көре­міз? Баға­ны бақы­лай­тын, тұрақтан­ды­ра­тын өкі­мет бар ма?» – деді сұра­у­лы жүзбен.

  • Шым­кент­те­гі сұй­ық майдың бағасы. 

Ұн мен өсім­дік май­ы­ның күрт қым­бат­таға­нын әкім­дік өкілі де мой­ын­дай­ды. «Биыл өсім­дік май­ы­ның баға­сы шары­қта­ды. Шым­кент қала­сын­да ұн мен ұннан жасалған өнім баға­сы сол­түстік өңір­де­гі нары­ққа тәу­ел­ді. Биыл бидай­дың бітік шық­па­уы, қуаң­шы­лық ұн баға­сы­на әсер етті», – деді «Азатты­ққа» Шым­кент қала­лық ауыл шару­а­шы­лық басқар­ма­сы сату бөлі­мінің бас­шы­сы Қай­рат Базарбеков.

База­рда ұннан бөлек, жұмыр­тқа мен сүт өнім­дері баға­сы да қат­ты өскен. Сату­шы­лар кей­ін­гі екі апта­да жұмыр­тқа 10–15 тең­ге­ге, сүт 50 тең­ге­ге қым­бат­та­ды дей­ді. Мал етін алушы азай­ып, одан әлдеқай­да арзан құс етіне сұра­ныс көбейген.

  • Cауда орта­лы­ғын­дағы жұмыр­тқа бағасы. 

– Қан­ша жыл сату­шы бол­дым, бірақ жұмыр­тқа баға­сы­ның дәл бұлай қым­бат­таға­нын көр­ген емес­пін. Бұрын ауыл­дан сүт әке­лу­ші де көп еді. Қазір іздеп барып әке­ле­міз. Құстың да, мал­дың да азы­ғы қым­бат­таған соң, баға да тұрақта­май жатыр, – дей­ді сүт сатып тұрған әйел.

База­рда саты­лып жатқан азық-түлік кей сауда орта­лы­қта­рын­дағы­дан қым­бат. Мыса­лы, қант­тың келісі база­рда 320 тең­ге бол­са, сауда орта­лы­қта­рын­да – 287 тең­ге. Орта­лы­қта бір ада­мға 2 келі­ден артық қант сатыл­май­ты­ны ескер­тіл­ген. Ең арзан күрі­штің келісі база­рда 270 тең­ге бол­са, сауда орта­лы­ғын­да 223 теңге.

Сауда орта­лы­ғын­дағы көкөніс баға­сы база­рдағы көтер­ме баға­мен бір­дей. 1 келі кар­топ – 160 тең­ге, пияз – 70 тең­ге, сәбіз – 180 тең­ге, қыры­ққа­бат – 185 теңге.

Қайрат Базар­бе­ко­втің айтуын­ша, жер­гілік­ті билік кәсіп­кер­лер­мен келісіп, жұрт күн­делік­ті тұты­на­тын әле­умет­тік маңы­зы бар 19 тау­ар­дың баға­сын тұрақтан­ды­руға күш салып жатыр.

Бұл үшін әкім­дік кәсіп­кер, фер­мер­лер­мен келісім­шарт жаса­сып, оларға баға­ны тұрақтан­ды­ру қоры­нан айна­лы­мға қарыз ақша береді, ал кәсіп­кер тау­ар­ды нары­қтағы­дан төмен баға­мен сата­ды. Бұл тізім­ге күріш, бірін­ші сұрып­ты ұн, нан, айран-сүт, сиыр еті, жұмыр­тқа, сұй­ық май, қант, тұз, кар­топ, сәбіз, пияз сияқты азық-түлік түр­лері кіреді.

Базар­бе­ков баға­ны тұрақтан­ды­руға кәсіп­кер­лер­ге биыл 0,1 жыл­дық пай­ы­з­бен 5,4 мил­ли­ард тең­ге бөлін­генін айта­ды. Шар­ттар­ды орын­даған кәсіп­кер­лер алған ақша­ны жыл аяғын­да қай­та­рып беруі тиіс.

Мил­ли­он тұрғы­ны бар үлкен шаһар­дың төрт ауда­нын­да азық-түлік­ті бұлай­ша сату, жыл­жы­ма­лы әле­умет­тік сауда орнын ашу, жәр­мең­ке өткі­зу қан­дай нәти­же береді? Осы тәр­тіп­пен саты­лып жатқан «әле­умет­тік маңы­зы бар тау­ар» баға­сы нары­қтағы­дан 10–15 пай­ы­зға арзан дей­ді шенеунік.

Базар­бек­то­втің айтуын­ша, қала­дағы сегіз сауда орта­лы­ғын­да бірін­ші сұрып­ты жұмыр­тқа әр дана­сы 33 тең­ге­ден саты­ла­ды. «Азаттық» тіл­шісі әкім­дік атаған сауда орта­лы­қта­ры­ның еке­уіне барып, ондай баға­да жұмыр­тқа тап­па­ды. Сауда орын­да­рын­да жұмыр­тқа­ның ең арза­ны 45 тең­ге­ден саты­лып жатты.

Әкім­дік өкілі сиыр етінің келісі орта­ша есеп­пен 2200 тең­ге деген­мен, ең арзан базар мен бор­дақы­лау орта­лы­қта­рын­да еттің баға­сы 2400–2700 тең­ге көле­мін­де болды.

Әкім­дік­тің «баға­ны тұрақтан­ды­ру» меха­низ­мі­мен «әле­умет­тік маңы­зы бар тау­ар» деген бел­гі­мен Шым­кент­тің ірі сауда орта­лы­ғын­да саты­лып жатқан көкөністің келісі нары­қтағы­дан шама­мен 20–50 тең­ге­ге арзан, бірақ тау­ар сапа­сы нашар көрін­ді. Кар­топ, сәбіз, пияз­дың тым ұсағы, шірі­гі көп. Соның да ара­сы­нан таза­сын теріп алып жатқан­дар бар.

  • Шым­кент сауда орта­лы­ғын­дағы әле­умет­тік баға­мен саты­ла­тын нан сөресі бос тұр.

«Әле­умет­тік маңы­зы бар тау­ар» ретін­де ұсы­ны­лған 475 грамм­дық нан­ның баға­сы 73 тең­ге, бір ада­мға екі нан­нан артық беріл­мей­тіні жазы­лған сөре бос тұр. Сөре жанын­да нан келетін уақыт­ты күтіп адам­дар жүр.

Ресми дерекке сүй­ен­сек, Шым­кент азық-түлік баға­сы­ның индексі бой­ын­ша Қаза­қстан­ның облы­ста­ры мен рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­ла­ры ара­сын­да 11-орын­да тұр. Яғни, Шым­кент арзан қала қата­ры­на жата­ды. «Арзан қала­дағы» аху­ал осындай.

Қаза­қстан­да инфля­ция бір­не­ше ай қата­ры­нан рекорд жаңар­тып жатыр. Тамы­зда жыл­дық инфля­ция көр­сет­кі­ші 8,7 пай­ыз, ал қыр­күй­ек­те 8,9 пай­ыз болған. Қыр­күй­ек айы­ның өзін­де инфля­ция 0,4 пай­ыз болды.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн