Четверг , 3 июля 2025

Халық құрылтайы «ҚҰРҚЫЛТАЙ» болып кетпесін!

  • Құры­л­тай – қазақ үшін ежел­ден киелі, ежел­де ел мен жер­ге қаты­сты маңы­зды мәсе­ле­лер­ді шешетін, халық ханда­рын сай­лай­тын Ұлы жиын болған. Ара­да ғасыр­лар өтсе де, құры­л­тай өз мәні мен киесін әлі де жоғал­тқан жоқ. Сол себеп­тен болар, соңғы кез­дері қазақ қоға­мын­да кезек­ті құры­л­тай өткі­зу баста­ма­сы тағы да көтерілді.

Бірақ бел­гілі күш­тер­дің кесірі­нен енді­гі құры­л­тай­ды өткі­зу мәсе­лесі дау-дамай­ға айналған түрі бар. Әу баста – қазан айы­ның басын­да Қаза­қтың ІІІ-ші Құры­л­тай­ын өткі­зу баста­ма­сы «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның оты­ры­сын­да көтеріл­ген еді. (Еске сала кетей­ік, аза­мат­тық қоғам өкіл­дерінің ұйым­да­сты­руы­мен алға­шқы Құры­л­тай 2019 жылы көк­тем­ге салым Аста­на­да, ал екін­шісі сол жылы күз­де Алма­ты­да өткен еді).

Баста­ма­шы­лар – бел­гілі мем­ле­кет қай­рат­кері, оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Бал­таш Тұр­сым­ба­ев пен елге етене таны­мал қоғам­шыл аза­мат Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы бол­ды. Жиналған­дар біра­уы­здан келісті. Бірақ құры­л­тай­дың уақы­ты мен өткізі­лу орнын жұмыс комис­си­я­сы шешетін болып тарқасты.

Міне, қазан­да қозғалған осы баста­ма «тиісті жеріне» жет­кен болуы керек, қара­ша­да «Құры­л­тай өткі­зе­міз» деген тағы бір топ пай­да бол­ды. Шама­сы, мақ­сат – Бал­таш пен Рыс­бек мыр­за­лар­дың баста­ма­сын басып кету неме­се «алдын орау».

Әлбет­те, қаза­қтың құры­л­тай өткі­зу дәстүрін ешкім мен­шік­теп алған жоқ: айты­лар сөз, қоғам­да қозға­лар мәсе­ле қозып тұр­са, бел­гілі бір қоғам­дық ұйым­ның неме­се баста­ма­шы аза­мат­тар­дың құры­л­тай өткі­зуіне ешкім­нің қар­сы­лы­ғы бол­ма­са керек. Тек құры­л­тай «құрқы­л­тай­ға» айна­лып, Ұлы жиын қадір-қаси­етін жоғалт­па­уы қажет.

Бір еске­ре кетер жәйт – бұдан бұрын 2019 жылы қоңыр күз­де өткен ІІ-ші Құры­л­тай­да құры­лған «Ақсақал­дар кеңесі» бар еді. Құра­мын­да бүгін­де марқұм болған Серік­бол­сын Әбділ­дин бастаған, Бал­таш пен Рыс­бек қостаған біраз бет­ке басар зия­лы­лар мен кей­ін­гі толқын өкіл­дері – Тоғ­жан Қожа­лы, Жан­бо­лат Мамай, Арай­лым Назар, бүгін­де қоғам­дық бел­сен­ділі­гі үшін алты жылға сот­та­лып кет­кен Асхат Жек­се­ба­ев сияқты біраз жастар және жан-жақтан кел­ген бірқа­уым қоғам­шыл аза­мат­тар бол­ды. Сол Ұлы жиы­нға жиналған мыңға жуық адам дауыс беріп, бұдан былай кезек­ті құры­л­тай­ды шақы­ру құқы­ғын «Ақсақал­дар алқа­сы­ның» құзы­ры­на бер­ген еді.

Міне, қазан­да қозғалған құры­л­тай өткі­зу мәсе­лесіне осы алқа­ның бел­ді өкіл­дері түрт­кі болған еді. Сон­ды­қтан заң орын­да­рын­да ресми түр­де бекі­ме­се де, халық өкіл­дері сай­лаған алқа­ның құры­л­тай өткізу­ге толық қақы­сы болған-ды.

Ал аста­на­да тағы бір құры­л­тай өте­ді деген сөз осы алға­шқы баста­ма­ны жуып-шай­ып кетудің кебін кел­тір­ген сияқты. Қысқа­сы, Қаза­қтың кезек­ті ІІІ-ші Құры­л­тай­ы­ның қамы­на кірісіп, баста­ма көтер­ген аза­мат­тар 15 қара­ша­да Алма­ты­да өткіз­ген бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да осы дау-дамай­ға қаты­сты біраз егжей-тег­жей­дің бетін ашты деген ойдамыз.

Бал­таш ТҰРСЫМБАЕВ:

– Естеріңіз­де бол­са, осы­ған дей­ін екі құры­л­тай өткізіліп, үшін­шісін киелі Түр­кістан маңын­дағы Ордаб­а­сы жерін­де өткі­зе­міз деген ой болған. Алай­да пан­де­ми­яға бай­ла­ны­сты енгізіл­ген шек­те­улер сал­да­ры­нан бұл жос­па­ры­мы­зды кей­ін­ге шеге­ру­ге тура кел­ді. Өйт­кені Ордаб­а­сы­да өтетін құры­л­тай­ға мың­нан астам адам келу­ге дай­ын бол­ды. Індет өршіп тұрған жағ­дай­да бұл ісі­міз адам­дар­дың ден­са­улы­ғы­на қауіп төн­діретіні айт­па­са да түсінік­ті. Біз де осы жағ­дай­ды ескеріп, Ордаб­а­сы­дағы жиы­нға тоқтау салдық.

Енді, міне, індет­ке қаты­сты жағ­дай тұрақталған соң, біраз уақыт бұрын үшін­ші құры­л­тай­ды Алма­ты­да өткі­зуді шештік. Бірақ нақты өтетін күні әлі бел­гі­лен­бе­ген еді.

Осы құры­л­тай­да халы­қтың әле­умет­тік жағ­дайы мен елі­міз­ге төніп тұрған сыр­тқы қауіп­ті құры­л­тай­дың негіз­гі тақы­ры­бы етуді жөн көр­дік. Қараңы­здар­шы, азық-түлік пен ком­му­нал­дық тариф­тер­дің баға­сы асқақтап кет­ті. Онсыз да мұқтаж болып жүр­ген қара­пай­ым халы­қтың жағ­дайы тіп­ті нашар­ла­ды. Көмір өндіру­ден әлем­де алға­шқы­лар­дың қата­рын­да тұрған Қаза­қстан ХХІ ғасыр­да әлі көмір жағып оты­рған өз халқын қам­та­ма­сыз ете алмауда. Көмір сата­тын қой­ма­лар­да көмір үшін кәдім­гі соғыс болып жатыр. Адам­дар көмір­ге бола жанын беру­ге дай­ын. Бұл масқа­ра ғой! Осы жағ­дай­ға әкел­ген – біздің бей­ша­ра, қауқар­сыз үкіметіміз.

Бұны түзе­тудің бір ғана жолы бар. Ұры-қары­лар­ды мем­ле­кет­тен шет­тетіп, демо­кра­ти­яға бет бұру керек. Онсыз бол­май­ды. Отыз жыл бойы жер­дің астын да, үстін де сатып бітір­ді. Енді жер­дің өзін де сатуға мүд­делі. Бұны тоқта­ту керек. Құры­л­тай­да айты­ла­тын мәсе­ле осы. Үшін­ші құры­л­тай 26 қара­ша­да Алма­ты­да өте­ді. Нақты өтетін жерін қосым­ша хабарлаймыз.

Ермұрат БАПИ

Баспасөз мәс­ли­ха­тын­да алдағы 26 қара­ша күні өтетін Алма­ты­дағы құры­л­тай­дың өту тәр­тібі мен күн тақы­ры­бы жөнін­де­гі мән-жай­ды спи­кер­лер айтып берді.

Рыс­бек САРСЕНБАЕВ:

– 2019 жылы Алма­ты­да өткен құры­л­тай­да «Ақыл­дастар алқа­сы» сай­ланған бола­тын. Осы алқа­ның шеші­мі бой­ын­ша 26 қара­шаға жос­пар­ланған құры­л­тай­дың күн тәр­тібі бел­гі­лен­ген. Ондағы айты­лған басты мәсе­ле­лер – Қытай мен Ресей ықпа­лы­нан және билік басын­дағы сатқын­дар­дан құты­лу. Елде нақты сая­си рефор­ма­лар жасау және оны жасау жолдары.

Тағы бір талқы­ла­на­тын мәсе­ле – Қаза­қстан­да күшей­іп келе жатқан кедей­шілік пен әділет­сіздік. Қазақ жерін­де салы­нуы тиіс Қытай зауыт­та­ры­на халы­қтың нара­зы екенін көр­сетіп, бұл жобаға жүй­елі түр­де қар­сы тұру. Ол үшін қоғам­дық комис­сия құрып, оның жұмысы­на білік­ті эко­лог, эко­но­мист пен заң­гер маман­дар­ды жұмылдыру.

Құры­л­тай­дың тағы бір көз­де­ген мақ­са­ты – быты­рап, шашы­рап жүр­ген аза­мат­тық қоғам күш­терін мей­лін­ше бірік­ті­ру, ал бірі­гу­ге ынта­сы жоқтар­ды мәміле­ге шақы­ру болып отыр. Бір-бірі­міз­ге кедер­гі жасап, аяқтан шалу неғұр­лым көп бол­са, соғұр­лым мына билік­тің зама­ны ұза­ра­ды. Авто­ри­тар­лы-оли­гарх­ты-тота­ри­тар­лы жүй­е­ге бірі­гіп қар­сы тұр­ма­сақ, жеңіс­ке жете алмаймыз.

«Құры­л­тай­дың өтетін күні неге 26 қара­шаға бел­гі­лен­ді, 27 қара­ша­да тағы бір құры­л­тай өткізіледі емес пе?» деген сұрақтар түсіп жатыр. Осы жағ­дай­дың басын ашып өтей­ін. Біз бел­гіле­ген 26 қара­ша о баста жос­пар­ла­нып, күн тәр­тібі бекітіліп, ұйым­да­сты­ру шара­ла­ры­мен білек сыба­на ара­ла­сып кет­кен сәт­те «Ел тіре­гі» пар­ти­я­сын құру тура­лы ынта­лы топ­тың жетек­шісі Нұр­жан Әлта­ев қояр­да-қой­май мені­мен кез­десіп, өзінің ниет­терін тізіп берді.

Оның кім екені маған бел­гілі. Пар­тия құру тура­лы алға­шқы съезін өткіз­ген кез­де оған сенім­сіздік­тің бар екенін бұл­тар­май ашық айтқан едік. Соңғы кез­де­су бары­сын­да да: «Нұр­жан, сен Құлы­ба­ев­тың ада­мы деген пікір­ді қалай өзгер­тесің? Сені жұрт­шы­лық солай қабыл­дай­ды. Құлы­ба­ев бүгін­гі билік­тің бір өкілі. Сен оның жақ­та­сы бол­саң, ал біз осы жүй­е­мен күресіп жүріп, сені­мен қалай қатар оты­ра­мыз? Ол үшін Құлы­ба­ев­тың жасаған қыл­мыста­рын, мил­ли­ард­тап қалай бай­ы­ға­ны, оның қай­ын ата­сы Назар­ба­ев­тың елді бүгін­гі хал­ге қалай жет­кіз­гені тура­лы айт. Сон­да ғана сені­мен бір­лесіп әре­кет ете ала­мыз», – деп айттым.

Бұдан бөлек Нұр­жан Әлта­ев маған құры­л­тай­ды аста­на­да өткі­зу тура­лы ұсы­ныс жаса­ды. Мен қар­сы бол­дым. Себебі қоғам­дық сая­си бел­сен­ділер­дің басым көп­шілі­гі Алма­ты­да екенін айт­тым. Одан бөлек, билік өкіл­дері құры­л­тай­дың өтуіне кедер­гі кел­тіріп, келісіл­ген ғима­рат иелері бас тар­тып жат­са, аста­на­ның аязын­да жос­пар­лаған шара­ны тіп­ті дала­да да өткі­зе алмай қала­мыз. Ал Алма­ты­ның жұм­сақ ауа райы ондай мүм­кін­дік­ті береді. Оның үстіне аймақтар­дағы бел­сен­ділері­міз­ге Алма­ты­ға келу ыңғай­лы деп, таң­да­уы­мы­здың себеп­терін түсіндірдім.

«Олай бол­са, қара­жат жағы­нан көмек жасай­ын» деп, Нұр­жан мыр­за маған ұсы­ныс жаса­ды. Бір ғима­рат­ты жал­да­уға тіп­ті зей­не­тақы­мы­здан жина­сақ та, өзі­міздің шама­мыз жете­ді деп, оның ұсы­ны­сы­нан бас тарр­тым. «Біздің адам­да­ры­мыз құры­л­тай­ға қаты­са ала ма?» деп сұра­ды. Әрине, көз­де­ген мақ­сат­та­ры­мыз бір бол­са, біздің есі­гі­міз бәріне ашық. Тек каран­т­ин­дік тый­ы­мға бай­ла­ны­сты адам саны­на шек­теу болуы мүм­кін екенін айттым.

Осы жер­де тағы бір маңы­зды мәсе­ле­ге тоқталғым келіп отыр. Құры­л­тай тек біреу ғана болу керек, оны қай­та-қай­та өткі­зудің қажеті жоқ деген сөз­дер күн тәр­тібі­нен алы­нып таста­луы тиіс. Құры­л­тай – халық жиы­ны, ақыл­да­са­тын орны. Ол қай жер­де өтсе де, кім ұйым­да­стыр­са да құқы­лы. Құры­л­тай әр жер­де өткені­мен, бүкіл халы­қтың жиы­ны дең­гей­іне көтеріледі. Сон­ды­қтан аста­на­дағы құры­л­тай­ға барып қаты­сам деген­дер­ге біз тіле­улес­піз. Алма­ты­дағы жиы­нға қаты­са­мыз деген­дер­ге есі­гі­міз ашық. Біз адам­дар­ды тек бір­лік­ке шақырамыз.

PS. Бірақ бас­пасөз мәс­ли­ха­ты бары­сын­да екі құры­л­тай­ды неге бірік­тір­мей­міз деп, бірер «оқта­у­лы» кел­ген адам дау-дамай туғы­зды. Ал нақты жағ­дай­да бірі­гудің мүм­кін еме­сті­гін жоға­ры­да Рыс­бек мыр­за егжей-тег­жей­лі айтып шықты.

Қалай болған­да да, бір шын­ды­қты мой­ын­да­уы­мыз керек: назар­ба­ев­тық билік Қазақ қоға­мын ыды­ра­тып, басын бірік­тір­ме­удің жан­та­ласқан ама­лын жасап бағу­да. Ал алдағы 26 және 27 қара­ша­да өтетін екі құры­л­тай­дың қай­сысы халы­қтық, қай­сысы билік­тік екенін сол жиын­ның рито­ри­ка­сы айқын­дай­ты­ны анық.

«

ДАТЫҢ БОЛСА АЙТАРҒА, «ДАТ»-қа жазыл, ағайын!

Жазы­лу жер­гілік­ті жер­де­гі «Қаз­по­шта» бөлім­ше­лері арқы­лы жүреді. Ката­лог­та көр­сетіл­ген жазы­лу индексі – 64258

Ал егер пошта бөлім­ше­сіне баруға уақы­ты­ңыз тап­шы бол­са, біз сіз­ге газет­ке жазы­лу­дың редак­ция арқы­лы жүр­гізілетін жеңіл жолын ұсынамыз.

ОЛ ҮШІН:

  1. Газет тара­ту бөлі­мінің аты­на тір­кел­ген (Дін­мұ­хам­мед Сей­тқа­зы) +7–707-615–81-20 Кас­пи-голд номеріне тиісті жазы­лу баға­сы­на сәй­кес сома­ны ауда­ра­сыз (жазы­лу баға­сы төмен­гі таб­ли­ца­да көрсетілген).
  2. Бұдан соң осы уатсап-номерге:
  3. толық аты-жөніңізді;
  4. жер­гілік­ті пошта­ның индексі (мін­дет­ті түр­де) мен тұрғы­лы­қты адресіңізді жазып жібересіз.

Тара­ту бөлі­мі сіздің аты­ңы­зға жазы­лу­ды рәсім­де­ген соң, жазы­лу түбір­те­гін сіз­ге пошта арқы­лы неме­се уат­сап-СМС хабар­ла­ма арқы­лы жолдайды.

«DAT» медиа-жоба­сы­ның редакциясы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн