Четверг , 3 июля 2025

ЕРКІН ЕРГЕ ескерткіш ОРНАТЫЛДЫ

  • Көк­ше­тау қала­сын­да көр­нек­ті мем­ле­кет және пар­тия қай­рат­кері, Еңбек Ері Еркін Әуел­бе­ков­ке арналған ескерт­кіш ашылды.

«Еркін Әуел­бе­ков басқарған 10 жыл ішін­де Көк­ше­тау облы­сы тек Қаза­қстан­да ғана емес, Одақта да халық шару­а­шы­лы­ғы сала­сын дамы­ту бой­ын­ша көш­бас­шы­лар­дың біріне айнал­ды. Осы кезең­де сол заманғы жоға­ры дамы­ған қала­лық және ауыл­дық инфрақұры­лым құрыл­ды», – деді рәсім­де сөз сөй­ле­ген Ақмо­ла облы­сы­ның әкі­мі Ермек Маржықпаев.

Бірақ ескер­те кетей­ік, Еркін­дей ерге ескерт­кіш қою және оны орна­ту халы­қтан жиналған қара­жат есебі­нен жүзе­ге асты, Н.Назарбаевтың қуда­ла­у­ы­на душар болған аза­мат­ты ел зер­десін­де сақта­уға билік тара­пы­нан көк тиын да бөлін­ген жоқ.

Еске салай­ық, Еркін Әуел­бе­ков (1930–1999) – ҚазКСР астық өнім­дері және құра­ма жем өнер­кәсібі мини­стрі, Көк­ше­тау, Торғай және Қызы­лор­да облы­стық пар­тия коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы, КСРО Халық депу­та­ты болған. КСРО тараған соң, елге оралған арда аза­мат ҚР пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевтың кеңес­шісі қыз­метін місе тұтуға мәж­бүр болды.

Айсұ­лу ОСПАН,

«

ВАЛЮТА ҚОРЫ $55 миллиардқа ҚЫСҚАРДЫ

  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қоры­ның (ҚР ҰҚ) валю­та­лық актив­тері 2016 жылғы $72 млрд-тан 2021 жылғы қаза­нға қарай $ 55 млрд-қа дей­ін төмен­деді, деп хабар­ла­ды Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі ұсы­нған Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік қар­жы­ла­рын басқа­ру­дың 2030 жылға дей­ін­гі тұжырымдамасында.

 «ҚР ҰҚ қара­жа­тын пай­да­ла­ну­дың өсуіне және мұнай­дың әлем­дік баға­сы­ның төмен­де­уіне бай­ла­ны­сты 2016 жыл­дан бастап ҚР ҰҚ валю­та­лық актив­терінің жыл сай­ы­нғы төмен­деу үрдісі бай­қа­ла­ды (2016 жылғы $72 млрд-тан 2020 жылы $58,7 млрд-қа дей­ін). 2021 жыл­дың бірін­ші жар­ты жыл­ды­ғын­да ҚР ҰҚ валю­та­лық актив­тері $57 мил­ли­ар­дқа дей­ін төмен­деді, ағым­дағы жыл­дың тоғыз айын­да ол $55 млрд-қа дей­ін қысқар­ды» делін­ген тұжырымдамада.

Өз кезе­гін­де ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гінің Мем­ле­кет­тік кіріс коми­теті Қаза­қстан Ұлт­тық қоры­на салы­қтық жар­на төлеу бой­ын­ша көш­бас­шы өңір­лер мен аут­сай­дер­лер­ді атады.

«2021 жыл­дың 10 айын­да ҚР Ұлт­тық қоры­на салы­қтар мен төлем­дер­ді ең көп төле­ген Аты­рау облы­сы – Т735 млрд, екін­ші орын­да – Батыс Қаза­қстан облы­сы, Т424 млрд, үшін­ші орын­да – Маңғы­стау облы­сы, Т269 млрд», – делін­ген МКД есебінде.

Есеп­ке сәй­кес, бірқа­тар облы­стар­дың сома­сы барын­ша төмен. Мәсе­лен, Ақтө­бе облы­сы Ұлт­тық қорға Т70 млрд салық төле­ген, Қызы­лор­да – Т49 млрд, Нұр-Сұл­тан – Т41 млрд. Қоста­най, Пав­ло­дар, Сол­түстік Қаза­қстан облы­ста­ры мен Шым­кент Ұлт­тық қорға мүл­де салық төле­ме­ген, делін­ген есепте.

Қаз­ТАГ

 

Ақтөбе фермерлері МИТИНГКЕ ШЫҚТЫ

  • 15 қара­ша­да Ақтө­бе фер­мер­лері митинг­ке шықты. Жер­гілік­ті әкім­дік рұқ­сат бер­ген бұл нара­зы­лы­қта ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сын­дағы про­бле­ма­лар айтыл­ды. Ақтө­бе фер­мер­лерінің қауым­да­сты­ғы ұйым­да­сты­рған акци­яға жүз шақты адам қаты­сты. Нара­зы­лар­дың ара­сын­да Қараған­ды мен Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның фер­мер­лері де болды.

«Біз­де судың жайы қиын. Қуаң­шы­лы­қтан мал шығы­ны көп бол­ды. Өзім­нің 17 бас ірі қарам арам өлді. Мал ішетін суды айт­паған­ның өзін­де кей ауыл­дар­да ауыз су да жоқ. Халық суды өзен­нен ішіп отыр», – деді митинг­те Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның Жаңақа­ла ауда­ны­нан кел­ген Талғат Бәйкенов.

Фер­мер Арман Әші­мо­втің сөзіне қараған­да, биыл Қараған­ды облы­сын­да дала өрті көп болып, шару­а­лар жай­ы­лым мен шабын­ды­қ­сыз қалған. Қараған­ды­лық фер­мер­лер мем­ле­кет қол­да­уы­на зәру. «Жем-шөп суб­си­ди­я­сы әр аймақта әртүр­лі төле­неді. Ақтө­бе­де ірі қараға 30 мың, Қарағанды­да 5 мың тең­ге­ден беріл­ді. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі о баста ірі қараға 30 мың, жылқы­ға 25 мың тең­ге, қой­ға 5 мың тең­ге беріледі деген бола­тын. Облы­стан суб­си­дия сұра­саң, «біз­де ақша жоқ, мини­стр­лік ақша бөл­мей­ді» дей­ді. Мини­стр­лік облы­сқа сіл­тей­ді. Осы­лай­ша фер­мер­лер­ді дал қылып қояды. Шару­а­лар­дың нара­зы­лы­ғы­нан соң, Қараған­ды облы­сын­да биыл 200 мил­ли­он тең­ге суб­си­дия бөлін­ді. Бұл тым аз. Осы себеп­ті ірі қараға 5 мың тең­ге­ден беріліп жатыр. Оның өзін қуаң­шы­лы­қтан зардап шегіп оты­рған шаруа қожа­лы­қта­ры ғана алды», – деді Арман Әшімов.

Митинг­ке қаты­су­шы­лар Қаза­қстан­ның Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гіне отыз шақты талап қой­ды. Оның ішін­де суб­си­дия мәсе­лесі­нен өзге, жер құна­рын арт­ты­ру тура­лы арнайы бағ­дар­ла­ма қабыл­дау қажет­ті­гі, дала өрті­мен күре­су үшін арнайы тех­ни­ка бөлу сияқты талап­тар бар.

 

Көңіл айту

ДЕМОКРАТ ДӘУЛЕТ ЕДІ

Бел­гілі қаза­қстан­дық сая­си қай­рат­кер және ел тәу­ел­сізді­гінің тұғы­рын орна­туға қаты­сқан таны­мал қар­жы­гер Дәу­лет Сем­ба­ев 87 жасқа қараған шағын­да дүни­е­ден өтті.

1998 жылғы зей­не­тақы рефор­ма­сын жаса­у­шы­лар­дың біре­гей мама­ны Дәу­лет Сем­ба­ев әр жыл­да­ры Қазақ КСР Мини­стр­лер кеңесі аппа­ра­ты­ның кеңес­шісі, ҚазКСР хат­шы­лы­ғы­ның мең­ге­ру­шісі, ҚР Мини­стр­лер Каби­нетінің вице-пре­мьері болған, Ұлт­тық банк­ті басқарған, Қаза­қстан қар­жы­гер­лер қауым­да­сты­ғы­ның төраға­сы болған, соны­мен қатар билік­тің жоға­ры эше­лон­да­рын­да басқа да бас­шы­лық қыз­мет­тер атқарған.

2001 жылы құры­лған «ДВК» қозға­лы­сын қол­дап, 2003 жылы Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев, Болат Әбі­лов, Әли­хан Бай­ме­нов, Ораз Жан­до­сов пен Люд­ми­ла Жула­но­ва төраға­лық еткен демо­кра­ти­я­лық «Ақ жол» пар­ти­я­сын құру­шы­лар­дың бірі болған

ДӘУЛЕТ СЕМБАЕВТЫҢ

қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты туған-туы­ста­ры­ның қай­ғы­сы­на ортақ­та­сып, көңіл айтамыз.

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжымы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн