Четверг , 3 июля 2025

АРАЛАС МЕКТЕП қазақтар тұратын қалаға қажет пе?

  • Осын­дай сұрақ­пен газет редак­ци­я­сы­на хат кел­ді. Аны­ғы – бұл Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев пен ҚР білім және ғылым мини­стрі Асхат Аймағам­бе­то­втің аты­на жазы­лған Ашық хат­тың көшір­месі екен. Біз Талғар қала­сын­да туын­даған про­бле­маға ден қой­ып, бұл хат­ты қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Біз, төмен­де қол қою­шы­лар, Алма­ты облы­сы­ның Талғар қала­сын­дағы Тұрар Рысқұ­лов атын­дағы № 9 жал­пы білім беретін орта мек­теп­тің бола­шағы­на алаң­дап отырмыз. 

Талғар ауда­ны­ның жоға­ры тау бау­рай­ы­на орна­ласқан, жер­гілік­ті жер­де «Пин­ку­ба­тор» деп ата­ла­тын ауданға салы­нған жаңа мек­теп ғима­ра­ты­на кіресіз деп, Т.Рысқұлов мек­тебі асы­ға күтіп отыр едік. Мек­теп­тің құры­лы­сы аяқта­лып, пай­да­ла­нуға берілетін болға­ны қуант­са да, бұл «ара­лас мек­теп бола­ды» деген «жаңа­лық» қуа­ны­шы­мы­зды су сеп­кен­дей басып тастады. 

Біл­мей­тін жұрт­шы­лық пен ел билі­гінің есіне салай­ық, Талғар қала­сын­да № 1, № 5, № 6 және № 8 ара­лас мек­теп бар, № 3 және № 4 – таза орыс мектептері.

Аудан халқы­ның саны 2019 ж. дерек бой­ын­ша – 196 567 адам, ұлт­тық құра­мы: қаза­қтар – 63,77 пай­ыз, оры­стар – 18,25%, ұйғыр­лар – 9,69%, түрік­тер – 2,57%, әзір­бай­жан­дар – 1,60%, күрд­тер – 0,77%, татар­лар – 0,56%, корей­лер – 0,44%, немістер – 0,42%, өзбек­тер – 0,36%, грек­тер – 0,30%, укра­ин­дар – 0,20%, қырғы­здар – 0,18%, поляк­тар – 0,12%, шешен­дер – 0,13%, дүң­ген­дер – 0,02%), бела­ру­стар – 0,03%, басқа­ла­ры – 0,59%. Мұн­дағы бар­лық диас­по­ра өкіл­дерін қосқан­да, қаза­қтың жар­ты­сы­на жетпейді.

Осы­ған орай біздің ел билі­гіне қояр бір­не­ше сау­а­лы­мыз бар:

  1. Халқы­ның 63 пай­ы­зы қаза­қтар тұра­тын қала­да қан­ша ара­лас мек­теп болуы керек?
  2. Ұлт­тар­дың мұн­дай үлес сал­мағы ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лық үлкен жағ­дай­да ара­лас мек­теп­ке қажет­тілік бар ма? Жаңа мек­теп­ті ара­лас мек­теп ретін­де қан­дай себеп­пен ашқа­лы отыр? Халы­қ­пен неге санаспайды?
  3. Құры­лы­сы аяқта­лып, қол­да­ны­сқа берілетін мек­теп тура­лы деректер қала әкім­ді­гінің ресми сай­тын­да неге жари­я­лан­баған? Әлде бұл кезек­ті өтірік­тің бір ұшы ғана ма?
  4. Мем­ле­кет­тің ақша­сы­на салы­нған мек­теп неге мем­ле­кет құра­у­шы ұлт – қаза­қтар­дың бала­ла­ры­на таза қазақ мек­тебі ретін­де білім алуға берілмейді? 
  5. Ара­лас мек­теп­те ашы­лған орыс сынып­та­рын­да түгел­ге жуық қазақ бала­ла­ры оқып отыр, № 2, № 49, № 9 қазақ мек­терінің ғима­рат­та­ры ескі. Оның ішін­де № 9 мек­теп ең сорақы жағ­дай­да отыр. Жер­гілік­ті билік бұл әле­умет­тік теңсіздік­ті неге ескермейді?

Қол­да­ны­сқа бер­гелі тұрған жаңа мек­теп­ке ақша сұраған кез­де № 8, № 1 ара­лас мек­теп­тер­ді үш ауы­сым­да оқи­тын мек­теп деп, жер­гілік­ті әкім­дік жалған мәлім­де­ме берген.

Ал неше жыл­дан бері жағ­дайы жоқ № 9 мек­теп­те оқып жүр­ген қазақ бала­ла­ры жер­гілік­ті бас­шы­лар­ды ойлан­ды­рған жоқ. Олар Талғар қала­сы бой­ын­ша ара­лас мек­теп­тер күр­делі жөн­де­уден өткен кез­де қазақ мек­тебіне жаңа ғима­рат салып бере­міз деген сөз­дерін­де тұрған жоқ. 

 Неге жоға­ры­ға жалған мәлім­де­ме беріп, жаңа мек­теп ғима­ра­тын салуға түрт­кі болған енді­гі кезек­те ұлт­тық мек­теп­ті шетқақ­пай қал­дыр­ды? Соны­мен бір­ге біз түсін­бей­тін жәйт, ара­лас мек­теп­тің саны көбей­іп жатқа­ны – қан­дай түсініксіз сая­сат­тың сал­да­ры? Талғар ауда­ны халқы­ның 63 пай­ы­зы қаза­қтар бола тұр­са да, жаңа­дан пай­да­ла­нуға беріл­гелі оты­рған мек­теп­ті «ара­лас мек­теп» ретін­де ашу­дың аста­рын­да қан­дай қитұрқы­лық бар? Аудан­да онсыз да 5 ара­лас, 2 таза орыс мек­тебі бар. 

Сон­ды­қтан біз жаңа мек­теп­тің ғима­ра­ты қазақ мек­тебіне, қазақ бала­ла­ры­на беріл­сін деп талап ете­міз! Егер бұлай бол­маған жағ­дай­да аудан­дағы ұлт­тар ара­сын­да әле­умет­тік теңсіздік орын ала­ты­нын мәлімдейміз.

Еске сал­сақ, Тұрар Рысқұ­лов атын­дағы № 9 жал­пы білім беретін орта мек­теп 1992 жылы ашы­лған еді. Аталған мек­теп қазақ тілін­де оқы­та­тын, білім мен тәр­би­ені егіз қой­ған прак­ти­ка­сы мол білім орда­сы. Бұл мек­теп­тің түлек­тері аудан мен қала­ның білім орда­ла­рын­да бас­шы­лық қыз­мет­тер атқа­ру­да. Оған дәлел мынау: аудан­дық білім бөлі­мінің бас­шы­сы Қар­лы­ға Сәду­ақа­мо­ва осы мек­теп­тен шыққан; №10, 14, 44 және 45 мек­теп­тің дирек­тор­ла­ры осы мек­теп­тен шыққан. Аудан­дық білім бөлі­мінің әдіс­кер­лері де осы мек­теп­тің түлек­тері. Бұл мек­теп­тен шыққан мұғалім­дер­дің санын­да есеп жоқ.

Солай бола тұр­са да, ұлт­тық мек­теп бүгін­де жетім­нің күй­ін кешіп отыр. Қаси­ет­ті білім орда­сы жабы­лып қала ма деген қауіп те жоқ емес. Оған себеп – мек­теп­тің оқу-мате­ри­ал­дық база­сы сын көтер­мей­ді, спорт­зал жоқ, мәде­ни-көп­шілік залы және жоқ, асха­на­сы тағы жоқ. Мек­теп­тің алдын­да алаңқай сала­тын орын тап­шы. Мек­теп­тің іргесін­де 30 жыл­дан бері иесі табыл­маған ескі ғима­рат тұр. 

Тағы бір еске­ре кететін маңы­зды жағ­дай – бұл мек­теп­те әле­умент­тік жағ­дайы төмен, қара халы­қтың бала­ла­ры оқи­ды. Олар­дың ата-ана­сы өз бала­ла­рын ақы­лы негіз­де қосым­ша үйір­ме­лер мен кур­стар­да оқы­та алмай­ды. Ал егер жаңа мек­теп­тің ғима­ра­ты Тұрар Рысқұ­лов мек­тебіне беріл­ген жағ­дай­да ол мек­теп­тің ішін­де бар­лық қажет­ті қосым­ша үйір­ме­лер мен дай­ын­дық кур­ста­рын ашуға әбден болар еді.

Осы аталған жағ­дай­лар­ды ескеріп, жаңа мек­теп­тің ғима­ра­тын қазақ бала­ла­ры­ның оқуы­на беруді талап етеміз!

  • Талғар қала­сын­дағы Т. Рысқұ­лов атын­дағы 9 мек­теп­тің мұғалім­дер ұжы­мы мен ата-ана­ла­ры аты­нан – Сания НҮСІПӘЛІ

Жазы­лған жай­дың жаңғырығы

ӘДІЛЕТ ЖЕҢДІ!

Газет­тің 28 қазан күн­гі санын­да біз «Әділет­шіл мұғалім неге қуда­лан­ды!» деген тақы­рып­пен сұх­бат жари­я­лаған едік. Оқыр­ман­ның есін­де бол­са, ол сұх­бат­та БҚО Теректі ауда­ны­на қарас­ты № 1 Под­степ­ное жал­пы орта білім мек­тебінің мұғалі­мі Тілекқа­был Нұры­шев­тің мек­теп бас­шы­лы­ғы мен аудан­дық оқу бөлі­мі тара­пы­нан қуда­ла­у­ға түс­кені жазы­лған еді. Бұл қуда­ла­удың куль­ми­на­ци­я­сы – әділет­шіл мұғалім­ді аудан­дық білім басқар­ма­сы­ның басты­ғы сотқа бер­ген болатын.

Міне, Тілекқа­был мыр­за­ны жаза­ла­уды сұраған сол сот кілт тоқта­ды. Оның мән-жай­ын елге етене таны­мал ұзы­наға­штық мұғалім, энту­зи­аст-ұстаз Айман Сағи­дол­ла өзінің «Фейс­бук» парақ­ша­сын­да жазған екен (төмен­де – қаз-қалпында).

Ұста­здар! Жеңістеріңіз құт­ты болсын! 

БҚО-да басы­на сауға сұраған мұғалім­ді қосы­лып қор­ла­ды. Жаны ашып, құлақ түр­ген бір шен­ді болмады. 

Бүгін біз онлайн сотқа қатыстық. 

Білім бөлі­мінің бас­шы­сы сотқа бер­ген ары­зын қай­та­рып алды. Бұл жәйт Тілекқа­был­дың кінәсіз екенін айғақтайды.

«Тілекқа­был «Фейс­бук­те­гі» жаз­ба­сын алып тастап­ты» – деген желе­умен ары­зын қай­та­рып алған. Ал аны­ғын­да, Тілекқа­был Нұры­шев­тың парақ­ша­сын­да ол жаз­ба әлі тұр. Бұл Тілекқа­был­дың іс-әре­кетінің заңға қай­шы еме­сті­гін көрсетеді. 

Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс! 

Алда әлі дирек­тор­мен сот бар. Өздеріңіз білесіз­дер, Тілек ағай­ды бұлар жан-жақтан қыспаққа алды. Тілекқа­был­дың жұмысын сақтап қалуы үшін, дирек­тор­дың бер­ген заң­сыз қағаз­да­ры­ның күшін жою керек. Сол үшін ағай сотқа ары­зда­нып отыр. 

Бүгін Тілек ағай­дың соты­на қаты­сқан әріп­те­стер: заңгер Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва және Гүл­на­ра Абишева! 

Ағай­ды қол­даған бар­ша әріп­те­стер – Өмір ағай, Мей­ір­жан, Айнұр, бәріңіз­ге рақмет! 

Біз Айман бикенің ФБ-парақ­ша­сын­дағы осы пост­тың астын­дағы ком­мен­та­рий­ге «ӘДІЛЕТ ЖЕҢДІ!» деген екі ауыз пікір жазып, рес­пуб­ли­ка мұғалім­дері қауы­мы­на арналған төмен­де­гі өтіні­шті қоса жари­я­лап отырмыз.

Әділет іздесең, мұғалім, «ДАТ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛ!

Алда келе жатқан 2022 жыл­дың газет-жур­нал­да­ры­на жазы­лу бастал­ды. Елде­гі дағ­да­рыс пен пан­де­ми­я­лық кри­зис дің­ке­лет­кен «ДАТ» газеті бұл науқан­да кемін­де 20–30 мың оқыр­ман жинай алма­са, келесі жылғы жағ­дай жаман болай­ын деп тұр. Тіп­ті газет­тің жабы­лып қалу қау­пі де жоқ емес.

СОНДЫҚТАН, АРДАҚТЫ ҰСТАЗДАР, ЕГЕР СІЗ:

  • билік­ке бүге­жек­те­мей­тін тәу­ел­сіз сөз қоғам мен халы­ққа қажет десеңіз;
  • мек­теп­тер­де білім беру сала­сы­ның сая­са­тын ашық және батыл жаза­тын газет­ке көмек жасағы­ңыз келсе;
  • билік пен қоғам­дағы оқиға­лар мен жағ­да­ят­тарға бай­ла­ны­сты бала­ма ақпа­рат қажет болса;
  • елде­гі аза­мат­тық қоғам­ның жай-күй­іне жана­шыр болсаңыз;
  • сот пен оттан тап­паған ақиқат пен әділет­ке жүгі­нудің қажет­тілі­гі туса,

«ДАТ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

Жазы­лу жер­гілік­ті жер­де­гі «Қаз­по­шта» бөлім­ше­лері арқы­лы жүреді. Жазы­лу ката­ло­гын­да «ДАТ»-тың ресми мем­ле­кет­тік тір­ке­уде­гі ата­уы «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті деп көр­сетіл­генін ескертеміз.

Ката­лог­та көр­сетіл­ген жазы­лу индексі – 64258

Ал егер пошта бөлім­ше­сіне баруға уақы­ты­ңыз тап­шы бол­са, біз сіз­ге газет­ке жазы­лу­дың редак­ция арқы­лы жүр­гізілетін жеңіл жолын ұсынамыз.

ОЛ ҮШІН:

  1. Газет тара­ту бөлі­мінің аты­на тір­кел­ген (Дін­мұ­хам­мед Сей­тқа­зы) +7–707-615–81-20 Кас­пи-голд номеріне тиісті жазы­лу баға­сы­на сәй­кес сома­ны аударасыз;
  2. Бұдан соң осы уатсап-номерге:
  3. толық аты-жөніңізді;
  4. жер­гілік­ті пошта­ның индексі (мін­дет­ті түр­де) мен тұрғы­лы­қты адресіңізді жазып жібересіз;
  5. жазы­лу баға­сы төмен­гі таб­ли­ца­да көрсетілген.

Тара­ту бөлі­мі сіздің аты­ңы­зға жазы­лу­ды рәсім­де­ген соң, ары кет­кен­де бір айдың ішін­де жазы­лу түбір­те­гін сіз­ге пошта арқы­лы неме­се уат­сап-СМС хабар­ла­ма арқы­лы жолдайды.

«DAT» медиа-жоба­сы­ның редакциясы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн