Пятница , 4 июля 2025

Рысбек Сәрсенбайұлы: ШАРШАҒАН, ШАШЫРАҒАН ҚОҒАМ есін жимаса, етегіне шалынып құлайды

  • Газет тіл­шісі Алма­ты­да өтетін Халық Құры­л­тай­ын ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың бірі, бел­гілі қоғам қай­рат­кері Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы­мен алдағы жиын­ның жос­пар-жоралғы­сы жөнін­де сұх­бат­тасқан еді.

– Ең алды­мен қазақ қоға­мы тағы да екі­ге жары­лып жатыр деген сөз бар: екі аста­на­да – екі жер­де өтетін құры­л­тай тура­лы әле­умет­тік желі­де гуіл­де­ген дау-дамай­ға қаты­сты не айтасыз?

– Алма­ты­дағы құры­л­тай­ға қаты­сты өткізіл­ген бас­пасөз мәс­ли­ха­ты­ның ақпа­ра­тын газет­те жари­я­ла­ды­ңы­здар. Сіз­дер­ге рах­мет! Оқыр­манға құры­л­тай­дың нелік­тен екі жер­де өтетіні жай­ын­да мағлұ­мат беріл­ді. Ақиқа­ты айтыл­ды. «Ел тіре­гі» деген пар­тия құруға ұмты­лып жүр­ген Нұр­жан Әлта­ев Алма­ты­да біздің құры­л­тай өткі­зу тура­лы жос­па­ры­мы­зды менен естіп біл­ген соң, алды­мы­зды орап, Аста­на­да біз жос­пар­лаған тақы­рып­тар­да Құры­л­тай өткі­зетіні жай­ын­да өз адам­да­ры арқы­лы едел-жедел хабар таратқы­зды. Оған таң­дан­дық, әрі рен­жідік. Оны­сы аздай, бел­гілі оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер, екі құры­л­тай­дың ұйым­да­сты­ру­шы­сы Бал­таш Тұр­сым­ба­ев еке­уміздің бір жыл бұры­нғы сұх­ба­ты­мы­зды, сон­да видеоға түсіріл­ген құры­л­тай көріністерін өз мақ­сат­та­ры­на пай­да­ла­нып­ты. 27 қара­шаға жос­пар­лаған жиын­да­ры­ның жар­на­ма­сы ретін­де бей­не­ро­лик жасап таратқан. Сөй­тіп қалың қауым­ды алдаған. Аста­на­дағы жиын­ды құд­ды біз өткі­зетін­дей пікір қалып­та­сты­рған. Жұрт­ты сен­ді­ру үшін мұн­дай ала­яқтық жасаған­да­ры ұят қой.

Анық-қаны­ғын біл­ме­ген, мән-жай­ды түсін­бе­ген адам­дар әлгілер­дің баста­ма­сын қол­дай кет­ті. Өйт­кені қоғам­дағы қазір­гі жағ­дай, өзгерістің тезірек болға­нын қалаған, қажы­ған халық сон­дай жиын­ды күт­кен еді.

– Сон­да аста­на­лық құры­л­тай­ды өткі­зу­шілер­дің мақ­са­ты не деп ойлайсыз?

– Билік­тің сая­сат­пен шұғыл­да­на­тын тех­но­лог­та­ры екі мақ­сат­ты көз­деді. Бірін­ші­ден, Құлы­ба­ев­тың пар­ти­я­сы бола­тын ұйы­мға аза­мат­тық бел­сен­ділер­ді құры­л­тай арқы­лы жақын­да­сты­рып, өз жағы­на шыға­ру, әлта­ев­шы­лар­ды әре­кет­шіл етіп көр­се­ту. Екін­ші­ден, билік­пен бітіс­пес, оңды бағыт-бағ­дар беретін оппо­зи­ци­я­лық демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің халы­қты бастап шығуын ұйым­да­сты­руы­на кедер­гі кел­ті­ру. Қауіп­ті сана­ла­тын құры­л­тай­ды бол­дыр­мау, оның орны­на жетек­ке жүретін жиын жасау.

Мұны әлі түсін­бе­ген­дер де бар. Әлта­ев­ты екін­ші Қоса­нов дей­тін­дер­дің күді­гі бекер емес. Елі­міз­де жаңа пар­ти­я­лар­дың көп­теп құры­лға­нын қалай­мын. Жұрт­шы­лық ара­сын­дағы сая­си-көп­шілік, ағар­ту­шы­лық жұмыстар­ды жүр­гі­зу, шірі­ген жүй­ені көп болып шай­қал­ту үшін пар­ти­я­лар керек. Ал дәл мынан­дай пар­ти­я­ны қолдамаймын.

– Ал аста­на­лық «құры­л­тай­шы­лар» дауы неден және қалай туды?

– Біз аста­на­лы­қтар­дың, әлде нұр­сұл­тан­ды­қтар­дың дей­міз бе, қала­ның атын қор еткені осын­дай­да қат­ты білі­неді, ұрлық әре­кет­терін қол­да­ма­дық. Өйт­кені оның басы-қасын­да жүр­ген­дер және қамқор­шы­ла­ры сенім туғы­з­ба­ды. Құрыл­маған пар­ти­яға жалақы үшін жанын салған, біз­ге қан­дай жетек­шісі бол­са да бәрібір, сол топқа қосы­лып алай­ық, кей­ін оны лақты­рып тастай­мыз дей­тін «бел­сен­ділер­дің» түсіні­гі түңіл­дір­ді. Сон­ды­қтан нұр­сұл­тан­дық баста­ма­шы­лар­дың «ұлт­тық құры­л­тай» деп атаған жиы­ны­на қаты­спай, бөлек, шын мәнін­де­гі құры­л­тай­ды жалға­сты­ру­ды дұрыс көр­дік. Дау осы­дан басталды.

Біз­де әлдекім­дер отқа май құй­ып айта­тын қызға­ныш, көре­ал­мау­шы­лық жоқ. Біздің мақ­са­ты­мыз – пан­де­мия сал­да­ры­нан мүм­кін­дік беріл­ме­ген құры­л­тай­ды жос­пар­ланған тақы­рып­тар­да өткі­зу. Аста­на­дағы құры­л­тай­шы­ларға сәт­тілік, түсіністік тілей­міз. Өйт­кені оған қаты­сқы­сы келетін адам­дар­дың Назар­ба­ев режи­мін өзгер­ту­ге деген ықы­лас-ниеті біз­бен бір­дей. Алма­ты­дағы құры­л­тай өне­ге болар­лық шешім қабыл­да­са, оны суық қала­дағы жиы­нға жиналған­дар жылы қабыл­дай­ды деп үміт­те­не­міз. Мұн­дай басқо­су­лар батыс, шығыс өңір­лер­де де өтсе, көп­тік етпейді.

«Екі­ге жарыл­ды деген қазақ қоға­мы» ортақ бір бай­ла­мға тоқ­та­са, күре­стің жеңіс­ке жет­кі­зер дұрыс жолын тап­са, екі жер­де­гі жиын да қоғам үшін пай­да­лы бол­мақ. Аны­ғын айтай­ы­қ­шы, қазақ қоға­мы кеше­ге дей­ін екі­ге ғана емес, одан көп­ке бөл­шек­теніп кет­кені рас қой. Ұсақта­лып, шашы­рап жүр.

– Ел аймақта­ры­нан құры­л­тай­ға қаты­суға ниет­ті аза­мат­тар газет редак­ци­я­сы­на теле­фон соғып, Алма­ты­дағы Халы­қтық жиын қалай және қашан өтетін бол­ды деп сұрап жатыр. Осы­ған не айта­сыз, Рыс­бек аға?

– Құры­л­тай қала­ның қақ орта­сын­да, атақты Көк база­рдың төмен­гі қар­сысын­да, М.Мақатаев көше­сін­де­гі «Парт­нер» деп ата­ла­тын іскер­лік орта­лы­ғы­на жақын маң­да 26 қара­ша­да, сағат 11-де баста­ла­ды. Егер келісіл­ген орын­ды әдет­те­гі­дей бер­гіз­бей қой­са, онда қала әкі­мінің ғима­ра­ты­на барып, жиын­ды сон­да өткізу­ге талап қоя­мыз. Мұны көп адам қаты­сқан шеру­ге ұла­сты­рғы­сы кел­ме­се, мүм­кін­дік беруі тиіс.

Біз­бен хабар­ла­су­шы­лар да өте көп. 150–200 адам сыя­тын орын бар. Сала­у­ат­ты, сали­ха­лы сөз­дер айты­лып, күрес жолы­ның айқын так­ти­ка­сы бел­гі­ле­неді, қой­ы­ла­тын талап­тар, олар­ды іске асы­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры қабыл­да­на­ды деген сенім­де­міз. Әдет­те­гі­дей «титуш­ка­лар» жіберіл­се, халық олар­ды зал­дан қуып шыға­ры хақ.

– Бұл құры­л­тай­да талқы­ла­на­тын күн тәр­тібі қалай болмақ?

– Күн тәр­тібін­де қара­ла­тын мәсе­ле­лер мынан­дай: Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гіне төн­ген қатер және оны қорғау. Сая­си өзгеріс жаса­удың кезек күт­тір­мей­тін мін­дет­тері. Билік­те­гілер – мил­ли­ар­дер­лер, халық – кедей, әле­умет­тік теңсіздік.

Осы тақы­рып­тар аясын­да көр­ші мем­ле­кет­тер­дің эко­но­ми­ка­лық, сая­си үстем­дік жүр­гі­зуі, шене­унік­тер­дің жемқор­лы­ғы мен сатқын­ды­ғы, назар­ба­ев­тық жүй­енің дәуір­ле­уі мен күй­ре­уі, одан құты­лу­дың тәсіл­дері, елде­гі сая­си қуғын-сүр­гін, қоғам­дық бел­сен­ділер­ді, аза­мат­тар­дың құқы­ғын қорғау, Кон­сти­ту­ци­я­ны, заң­дар­ды өзгер­туді талап ету, онсыз бір­де-бір сай­лау өткіздір­меу, билік тар­мақта­рын талап­тар­ды орын­да­уға мәж­бүр­леу шара­ла­ры, халы­қты кедей­шілік­тен құтқа­ру, әле­умет­тік әділет­тілік, т.б. жайт­тар талқыланады.

– Құры­л­тай­дың бір тақы­ры­бы – АЭС салу мәсе­лесін ел пре­зи­ден­ті бұл елде тұра­тын халы­қтың рұх­са­тын­сыз шешіп қой­ған сияқты. Бұған қар­сы қоғам­ның нара­зы­лы­ғы құры­л­тай­дағы сөз­бен ғана шек­те­ле ме?

– Сол­түстік­те­гі көр­шінің өз АЭС-тарын тық­па­ла­у­ы­на көп бол­ды. Эко­ло­ги­я­лық жағы­нан ғана емес, сая­сат мәсе­лесін­де де мұның өте қауіп­ті екен­ді­гі баян­да­ма­да анық көр­сетіледі. Жап­пай қар­сы­лық жасал­ма­са, халық Путин­нің өктем­ді­гі­нен асып түсетін теге­урін таныт­па­са, Тоқа­ев тоңқаң­дап жүріп, ел тағ­ды­рын қатер­ге бай­лап береді. Осы­ны айтып қана қой­са, ондай жиын­нан не пай­да?! Жұр­тқа жігер беретін, жұмыл­ды­ра­тын, нара­зы­лық пен қар­сы­лық дең­гей­ін көте­ретін талап­тар­ды алға шыға­рып, митин­гілер, ере­уіл­дер арқы­лы қысым жаса­уы­мыз керек.

Біз 2006 жыл­дар­дан бері АЭС-пен алы­сып, Кеден­дік, одан соң Еура­зи­я­лық одақ­пен күресіп келе­міз. Митин­гілер өткіздік, мың­даған адам­ның қолын жина­дық. Бірін теже­сек, екін­шісіне әлі­міз жет­пе­ді. Қоғам­ның қауқа­ры солай бол­ды. Кезін­де жете мән бер­ме­ген­дер, салғырт­тық таны­тқан­дар өзі­міз­ге ненің тиім­ді, ненің қатер­лі, керексіз екенін өмір­ден көр­ді, түй­сін­ді. Сон­ды­қтан қар­сы­ла­стар қата­рын көбей­ту­ге, топ­та­сты­руға жұмыс жаса­уы­мыз керек. Ақпа­рат құрал­да­рын­да, әле­умет­тік желілер­де қоғам­дық пікір­дің осы мәсе­ле төңіре­гін­де нық ұста­ны­мы болуы маңызды.

– Елдің ақпа­рат­тық қауіп­сізді­гін Ресей­дің СБЕР ком­па­ни­я­лар тобы «қам­та­ма­сыз» ететін бол­ды. Бұған қар­сы нара­зы­лық әле­умет­тік желі­де­гі буы­рқанған сөз­ден ары­ға бар­ма­ды. Билік ел ішін­де­гі қар­сы­лы­ққа қыңқ ететін түр бай­қат­па­ды. Енді не істе­мек керек?

– Қолын­дағы теле­фон­ды шұқы­лап, ақпа­рат іздей­тін, өсек-аяң теретін, батыр­сы­нып жасы­рын ком­мент жаза­тын мына заман­да күрес­кер­лік­тің де сипа­ты өзгеріс­ке ұшы­ра­ды. Алаңға барып, митинг­ке қаты­сып, жалын­ды сөз тың­дап, жел­пініп қай­ту­дың, іште­гі зарды сыр­тқа шыға­рып, айғай­лап ұран тастап, қол соғып қол­да­удың орны­на үйде жатып, «тама­ша­лай­тын» әдет шықты. Бір өкіні­штісі – осы дерт асқы­на баста­ды. «Көше батыр­лар» азай­ып, «диван батыр­лар» көбей­іп барады.

Кей­бір біз сен­ген бір­ле­стік­тер­дің, топ­тар­дың жетек­шілері жер­гілік­ті қала­лық, аудан­дық әкім­дік­тер­дің ықпа­лы­нан шық­пай қал­ды, баяғы екпін­дерін жоғалт­ты. Май­ы­стыр­ды ма, май­ла­ды ма, кім біл­сін, әйте­уір жуа­сы­ды. Жығы­лған жүн­дерін кей­де күдірейт­кен бола­ды. Билік қам­шы­сын сіл­теп, тәт­тісін беріп, жұрт алдын­да жүр­ген­дер­ді өз ығы­на көн­дір­ді. Соларға қарап, көп­тің көңілі қала­ды, сенім­дерін жоғал­та­ды. Үміт­сіздік ұялай­ды. Сол себеп­ті де көше­ге шыққы­сы келмейді.

Нағыз, қайт­пас бел­сен­ділер­ді жала­мен сот­тап, түр­ме­ге қамау, бас бостан­ды­қта­ры­нан айы­ру үрей туғы­зды. Мұның да сал­дар­ла­ры бар. Алаң­дағы азған­тай адам билік­тің күштік құры­лым­да­ры­на, билік тар­мақта­ры­на сес емес. «Қыңқ» етпе­удің гәбі осын­да. Мұн­дай жағ­дай­да өлім­сіре­ген намысты тіріл­ту, жігер­лен­ді­ру, сенім ұяла­ту, батыл­дар­ды қол­да­уға, қатарға қосы­луға үзбей шақы­ру, түсін­ді­ру жұмыста­рын жүр­гі­зу өте маңызды.

– Ал осы екі құры­л­тай­дан кей­ін қазақ қоға­мы тағы да екі­ге жары­ла­ды деген қорқы­ныш жоқ па сізде?

– Бөл­шек­те­ну көш­бас­шы­лар­дан баста­ла­ды. Олар­дың өзім­шіл­ді­гі, мен­мен­ді­гі, өздерін жоға­ры қой­ып, басқа­лар­ды қом­сы­нуы, келіс­пе­ген­дер­ді, қол­дай қой­маған­дар­ды жау санап, дат­та­уы, ымы­раға кел­ме­уі қоғам­ды бөл­шек­те­ді. Авто­ри­тар­лық, жиір­кені­шті билік­пен шай­қа­су­дың орны­на бір май­данға кіретін «қару­ла­ста­ры­мен» алы­сып әлек. Бұрын-соң­ды қате­ле­с­кен сәт­терін, кінәсін көл­де­нең тар­тып, қай­та-қай­та айып­тау арқы­лы тұқыр­та беретін, ақы­рын­да күре­су­шілер сана­ты­нан шыға­рып тына­тын көсем­дер бар. Олар өздерін ғана пері­ш­те сияқты баға­лай­ды. Кешірім­мен қарау, түсіністік­ке келу сирек. Кем-кеті­гі жоқ, кем­шіліксіз адам­дар­мен ғана бір­лесіп, одақ­та­са­тын бол­са, мына Қаза­қстан­нан, күнәлілері жетіп арты­ла­тын елден мың­даған адал, сенім­ді серік­ті қай­дан тап­пақ? Мен осы­ны түсін­бей­мін. Ақы­лы асқан­дар­дың астам­шы­лы­ғы, орын­сыз кід­ділі­гі оппо­зи­ци­я­лық орта­да пай­да кел­тіріп жатқан жоқ. Зия­ны тимесе.

Сай­ла­у­лар кезін­де біздің ұста­ны­мы­м­ы­зды теріс көріп, сыр­ты­мы­здан небір сөз­дер­ді бұрқы­ратқан­дар, жаман­даған­дар қазір қасы­мы­зда жүр. Сон­дағы түсін­бес­тік­тері, қателік­тері үшін жау­ла­сып, дау­ла­сып қой­ма­сақ, ортақ «жауы­мы­зды» қалай жеңе­міз? Осы құры­л­тай­лар үшін де бізді қара­лаған­дар, шап­ты­ғып, шаңқыл­даған­дар кез­де­сті. Кей­ін көз­дері жетер, біз оларға рен­жі­сек те, кешірім­мен қарай­мыз. Шар­шаған, шашы­раған қоғам есін жина­ма­са, ете­гіне шалы­нып құлай­ды. Бұл енді анық нәр­се. Бірік­пе­стер бірік­пе­се де, бір бағыт­та қозға­лу қажет­ті­гін түсі­нер. Құры­л­тай осы­ны ұқтыр­са, ол да олжа.

– Иә, іске сәт, Рыс­бек аға! Сұх­ба­ты­ңыз үшін мың алғыс!

Айсұ­лу ОСПАН,

«

Құлақтан­ды­ру

ОРНЫҢНАН ТҰР! ҚАТАРҒА ҚОСЫЛ!

Прези­дент­тік басқа­ру­дың назар­ба­ев­тық жүй­есі Қаза­қстан­ды сор­лат­ты. Отыз жыл­да елі­мізді сая­си тығы­ры­ққа тіреді. Эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың бат­пағы­на батырды.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғын күй­рет­ті. Сан-сала­лы өндірісті, зауыт-фаб­рик­тері­мізді қират­ты. Оның орны­на Қытай­дың қаң­сы­ғын кір­гі­зе бастады.

Еура­зи­я­лық одаққа қосақта­ды, Ресей­ге тәу­ел­ді етті. Қаз­ба бай­лы­қты тонат­ты. Мем­ле­кет мүд­десін, ұрпақ несі­бесін жат­жұрт­ты­қтарға сатты.

Билік­ті бай­лы­ққа жетудің, бай­лы­қты билік­ті ұстап тұру­дың құра­лы етті. Халы­қты жас бала­дай алда­ды. Кувейт­ті қиял­дат­ты, қуып жетер 30 елді ойлап тапты.

Билік­тен кет­пе­стің бар ама­лын жаса­ды: Кон­сти­ту­ци­я­ны, заң­дар­ды бұр­ма­ла­ды. Сай­ла­у­лар­ды өз пай­да­сы­на жарат­ты. Нәти­же­сі – ат төбелін­дей қыл­мыс­кер топ бәрінің қожа­сы­на айналды.

Клан­ба­сы (оны «елба­сы» деу жөн­сіз) және оның қызда­ры мен күй­е­улері, сыбай­ла­ста­ры – мил­ли­ар­дер. Айна­ла­сын­дағы­лар – мил­ли­о­нер­лер. Ал қалың қазақ – тақыр кедей­лер. Мар­дым­сыз айлық, жетім­сіз зей­не­тақы, бол­ма­шы әле­умет­тік жәр­дем өмір сүру­ден түңіл­дір­ді. Жұмыс­сызды­қтан ел босып кет­ті. Алды шетел­ге, арты қала­ларға қаңғыды.

Алдау, ала­яқтық, жемқор­лық, ұрлық, қыл­мыс мем­ле­кет­тің негізін құра­ды. Нара­зы­лар­ды, оппо­зи­ци­я­ны, бел­сен­ділер­ді сая­си қуда­лау, сот­тау үдеді. Аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры тап­тал­ды. Өмір­леріне, ден­са­улы­қта­ры­на зиян кел­тіріл­ді. Билік­тің бар­лық тар­мақта­ры бас мафи­оз­дың қолы­на көшті. Одан өлмей айы­ры­лар емес. Қисая қал­са, мұра­гер­леріне қалдырмақ.

Жете­ді!!! Бұдан әрі шыда­уға болмайды!

Мем­ле­кет­тің қисық қаланған ірге­та­сы құлай­ды. Оны­мен қоса тәу­ел­сіздік те жой­ы­ла­ды. Жер жатқа кете­ді. Қазақ елінің тұрғын­да­ры бодан­ды­қтың қамы­тын қай­та киеді. Ірге­де­гі шови­ни­стік сая­сат­тың, ком­му­ни­стік дик­та­ту­ра­ның теп­кісіне түседі. Құл­дық сана, құл­дық өмір орнайды.

Қалаға­ның бұл емес шығар, отандастар?!

Онда орны­ң­нан тұр!

Қатарға қосыл!

Бәріне кінәлі шірік жүй­ені шұғыл түр­де ауы­сты­руға атсалыс!

  • 26 қара­ша­да Алма­ты қала­сын­да (М.Мақатаев к‑сі, Көк база­рдың қар­сысын­дағы «Парт­нер» іскер­лік орта­лы­ғы тұсын­да) ХАЛЫҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ өте­ді. Тәу­ел­сіздік­ті қорға­удың, сая­си өзгеріс жаса­удың нақты­лы жол­да­рын бір­ге айқын­дай­мыз. Күрес тәсілін талқы­лай­мыз. Баста­луы сағат 10-да.

Күш – бір­лік­те. Іске көшер сәт туды. Біз бей­біт жол­мен бәрін де өзгер­те аламыз!

Алма­ты­дағы ІІІ ХАЛЫҚ ҚҰРЫЛТАЙЫН

Ұйым­да­сты­ру тобы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн