Пятница , 4 июля 2025

Қазақтың саны НЕЛІКТЕН азайып қалды?

«2009 жылғы халық санағы кезін­де Ста­ти­сти­ка агент­ті­гінің төрай­ы­мы Анар Мешім­ба­е­ва еді. Бұл қыз біздің Көк­пек­ті ауда­ны­ның тума­сы, осын­дағы Самар ауы­лы­ның орыс мек­тебін алтын медаль­мен бітір­ген. Өте алғыр, білім­ді, қыз­мет бас­пал­дағы­на да ешкім­нің көме­гін­сіз, өз күші­мен көтеріл­ген. Жазы­ғы жоқ, қыл­мысы жоқ сол қыз нақақтан күй­ді. Оның бар кінәсі – санақ нәти­же­сін­де қаза­қтың нақты санын айтып қойғаны.
  • Жуы­қта халық санағы­ның қоры­тындысы шыға­ды. Он жыл­да бір рет өтетін бұл санақ биыл қалай жүр­гізіл­генін еске алсақ, елде­гі қаза­қтың үлес сал­мағы 70 пай­ы­здан аспай­ды деген күдік бар. Себебі – оры­сқұл билік қазақ халқы­ның санын «өсір­мей», оны тұқыр­тып ұста­удың бар­лық айла-шарғы­сын жасай­тын сияқты.

Соңғы бір ғасыр­дың ішін­де қаза­қтың табиғи жол­мен өсуі нелік­тен кібір­тік­теп қал­ды? Осы сұрақ халы­қты маза­лап келеді. Бұл сұрақтың жау­а­бын әрі­ден ізде­сек, Бірін­ші дүни­е­жүзілік соғыс кезін­де пат­ша­лық Ресей­дің қаза­қтан сол­дат алу тарихы­на тап бола­мыз. Бірақ бұл соғы­сқа қан­ша қазақ тар­ты­лға­ны және 1916 жылы қаза­қтан сол­дат алу тура­лы ақ пат­ша­ның жар­лы­ғы­на қар­сы көтерілі­сте қан­ша қазақ қыры­лға­ны жөнін­де нақты айғақ жоқ. 1919–1922 жыл­дар­дағы аза­мат соғы­сы кезін­де 1 мил­ли­он­нан астам қазақ қырыл­ды деген жал­пы­ла­ма дерек қана бар.

Алды­мен соғы­стан қашып, кей­ін­нен ашар­шы­лы­қтан зардап шек­кен қазақ отба­сы­ла­ры Қытай, Ауған­стан, Түр­кия жеріне босып кет­ті. Жол-жөне­кей олар­дың көп­шілі­гі қырыл­ды. Ал 1920–30 жыл­дар­дағы ашты­қтан қыры­лған қаза­қтар­дың санын кей­бір тарих­шы­лар екі мил­ли­онға жет­кі­зеді. Совет өкі­меті зор­лы­қ­пен ұжым­да­сты­ру науқа­нын жүр­гізіп, қаза­қтың малын тегіс тар­тып алып, тігер­ге тұяқ қал­дыр­маған 1930–1933 жыл­да­ры 4 мил­ли­он қазақ аштан қыры­лып, екі мил­ли­о­ны шетел асып кет­кені айтылады.

Осы­дан соң іле-шала 1937 жылғы ста­лин­дік репрес­си­я­ның өткір қылы­шы мил­ли­онға таяу қаза­қтар­дың басын шауып, баудай түсір­ді. Одан да көбін түр­ме­ге тоғы­тып, Сібір айда­ды. Осы кезең­дер­де де өлген­дер­дің саны­на әлі күн­ге жете алмай келеміз.

Көп ұза­май Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс баста­лып (1939–1945), бұл зұл­мат­та қан­ша қаза­қтар қыры­лға­ны­ның саны тура­лы мәлі­мет­тер де екіұ­шты. Мұн­дағы соғы­ста тұтқы­нға түс­кен­дер хабар­сыз кет­кен­дер­дің қата­ры­на ілініп кет­кен сиақты.

Совет­тік жол­мен жүріп келе жатқан біздің билік те әр кез­дер­де­гі қаза­қтың бас көтер­ген­дерін өлтіріп, оны жасы­рып әлек. 1986 жылғы Жел­тоқ­сан кезін­де Алма­ты­дағы қазақ жаста­ры мен сту­дет­терінің қан­ша­сы қыры­лға­ны да солар сияқты су аяғы құр­ды­мға кет­ті. Оны біздің билік совет өкі­метіне жауып, өздері сүт­тен ақ, судан таза шық­пақ. Қазір біздің тарих­шы­лар бұл тақы­ры­пқа көп жолағы­сы келмейді.

Кейбіре­улер Жел­тоқ­сан­да қыры­лған жастар­дың ата-ана­ла­ры қай­да, олар бала­ла­рын неге ізде­мей­ді, шу неге шығар­май­ды дей­ді. Ізде­ген­де – қалай іздеді! Оған да билік қар­сы амал тауып, КГБ-ны төрт аяғын тік тұрғы­зды. Өлген бала­лар­дың ата-ана­ла­рын КГБ күні-түні іздеп, аласұр­ды. Олар­ды тауып, бала­ла­ры­ң­ды ізде­сең­дер қыл­мыстық жаза­ға өздерің тар­ты­ла­сы­ң­дар деп қорқы­тып, алдап-арбап, қол­да­ры­нан қол­хат алды. Олар бол­са, бастан құлақ садақа, бала­мы­зды ізде­мей­міз, ешкім­ге ештеңе айт­пай­мыз деп жазып бер­ді. Сөй­тіп өз бала­ла­ры­нан өздері бас тар­тып, ару­ақта­ры алдын­да күнәға бат­ты. Ізде­удің аяғы осы­лай тәмам бол­ды. Надан, қорқақ қаза­ққа не айтуға болады?!

Билік қалай жасыр­са да, шын­ды­қты айтып, озбыр­лы­ққа қар­сы күрес­кен қаза­қтың тұлға­ла­ры бол­ды. Алма­ты­дағы Қаз­ПИ-дің оқы­ту­шы­сы Кәрі­шал Аса­нов Қаза­қстан билі­гіне қар­сы шығып, Жел­тоқ­сан көтерілісі жөнін­де ашық жаз­ды. Бір кітап­пен ғана шек­теліп қалған жоқ, он шақты кітап жазып қал­дыр­ды. Осы жол­да ол қуда­лан­ды, жұмыстан шығып қал­ды, көп­те­ген әділет­сіздік­тер­ді басы­нан өткер­ді. Жазған кітап­та­ры­ның қазір біре­уі де жоқ, өзі де өмір­ден өтіп кетті.

Сол сияқты Алма­ты Архи­тек­ту­ра және құры­лыс инсти­ту­ты­ның кафед­ра мең­ге­ру­шісі болған Әркен Уақов тура­лы да айт­пасқа бол­май­ды. Ол кезін­де Москва­дағы Ломо­но­сов атын­дағы уни­вер­вер­си­тет­ті қызыл диплом­мен бітір­ген. Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де сту­дент­тер­ді алаңға өзі бастап шыққан. Өзінің «Гено­цид» деген кіта­бын­да өлген сту­дент­тер­дің санын 4167 деп, нақты санын көр­сетіп кет­кен де – осы Әркен. Әркен Уақтың сол аталған кіта­бын да қазір май шам­мен іздеп таппайсың.

Жас жазу­шы Нұр­жан Қуан­тай­ұ­лы Жел­тоқ­сан қырғы­ны жөнін­де былай дейді:

«Өкініш­ке қарай, біздің елдің архив­терін­де сақталған мате­ри­ал жой­ы­лып кет­кен деп ести­міз. Циф­рға жүгін­ген тарих­шы­лар үшін бұл орны тол­мас олқы­лық. Бірақ осы­дан жиыр­ма жыл бұрын Серік­бол­сын Әбділ­дин: «Москва­ның архив­терінің бірі­нен жел­тоқ­сан дүр­бе­леңі тура­лы 37 том жатқа­нын өз көзім­мен көр­дім», – деп айтып отыр­ды. Сон­ды­қтан біз­де жой­ы­лып кет­се де, Мәс­ке­уде бар. Түп­тің түбін­де бәрі қалқып су бетіне шыға­ды, тарих­шы­лар сол дүр­бе­леңнің түп себебін, жастар­ды аран­датқан дөкей­лер­дің аты-жөнін, үш күн­гі жаза­лау опе­ра­ци­я­сы­ның әр мину­ты­на дей­ін­гі жай-жап­са­рын бәрін жаза­ды. Оған күмән болмасын.

Әйт­кен­мен, сатуға шыға­рыл­ма­са да, кіта­п­ха­на­да жоқ бол­са да, шын­ды­қтың бетін аша­тын құн­ды құжат, күшті кітап жоқ емес. Мыса­лы, Әркен Уақ деген автор­дың Мәс­ке­уден шыққан «Гено­цид про­тив казах­ско­го наро­да» деген кіта­бы бар. Ол кісі Жел­тоқ­сан­да ұсталған­да, жоға­ры оқу орны­ның доцен­ті, ақыл тоқтатқан аза­мат еді. Жаза­ла­у­шы маши­на оны да еңіретіп сот­тап жібер­ген». («Жас Алаш», №100–101 б. 15 жел­тоқ­сан 2020 ж.).

Жаңаө­зен. Бұл – Алма­ты­дан кей­ін­гі ең қасірет­ті де қай­ғы­лы оқиғаға толы қала­лар­дың бірі. Мұн­дағы қазақ мұнай­шы­ла­ры еңбе­кақы­ла­рын дау­лап, жеті ай бойы бей­біт митин­гі­де тұр­ды. Дәл 2011 жыл­дың 17 жел­тоқ­са­нын­да күт­пе­ген жер­ден Калаш­ни­ков авто­ма­ты­нан ажал оғы жаң­быр­ша жауды. Сөйт­се, алдын ала мұн­да 90 поли­ци­я­ны авто­мат­пен қару­лан­ды­рып, дай­ын­дап қой­ған екен. Мақ­сат – митин­гіні тоқтат деген жоға­ры­ның бұй­ры­ғын орын­да­маған мұнай­шы­лар­ды жаза­лау. Митин­гі­де тұрған мұнай­шы­лар­ды да, сол күн­гі мере­ке­ге жиналған адам­дар­ды да әп-сәт­те қырып жібер­ген. Билік әдет­те­гі өтірі­гіне басып, 16 адам ғана өлді деп хабар тарат­ты. Авто­мат­тың бір мага­зинін­де ғана 30 патрон бар деп есеп­те­ген­де, 90 авто­мат­тан 2700 оқ шыққан екен. Оқиға орта­сын­да болған мәс­ке­улік жур­на­лист Еле­на Костю­чен­ко түн­де 80 өлік­тің жатқа­нын санап шыққан және тәу­ел­сіз басы­лым­дарға жари­я­лап жібер­ген. Ал жара­ланған­дар­дың көбін Жаңаө­зен­де­гі ауру­ха­наға сый­маған­ды­қтан, Ақтау қала­сын­дағы ауру­ха­на­ларға жөнелт­кен. Онда қан­ша­сы­ның өлгенін ешкім айтпайды.

Бұл қан­тө­гісті ұйым­да­сты­рған сол кез­де­гі ішкі істер мини­стрі, гене­рал-май­ор Қасы­мов: «Керек бол­са, тағы да ата­мыз», – деп, бұл қыл­мысты өз мой­ны­на алды, бірақ кім тап­сыр­ма бер­генін айт­па­ды. Іле-шала бұл «ерлі­гі» үшін билік оған бір­ден гене­рал-пол­ков­ник шенін бер­ді. ІІМ-нің бұрын-соңғы тарихын­да мұн­дай жоға­ры шен­ге ешкім­нің қолы жетпеген.

Кезін­де қаза­қтың саны түрік­тер­мен дең­гей­лес болған деген­ді бір газет­тер­ден оқып қалып едім. Оны қой­ып, біз халық саны бой­ын­ша көр­ші­міз өзбек­тер­ден де көш кей­ін қалып қой­ып­пыз. КСРО құлаған­да (1991 ж.), өзбек­тер мен қаза­қтар­дың саны дең­гей­лес – 18 мил­ли­он болған. Олар біз сияқты көп ұлт­ты­мыз деп даңғой­лан­ба­ды. Біз­де­гі сияқты «ассам­блея» деген жал­бағай ұйым олар­дың түстеріне де кір­мей­ді. Өзбек­стан­да да басқа ұлт­тар­дың өкіл­дері бар, бірақ олар­ды бауы­ры­на тар­тып, бар­лы­ғы бір тіл­де – өзбек­ше сөй­лей­ді. Мек­теп­тері де өзбек­ше. Шет­тен келіп, біреу орыс­ша сөй­ле­се, оларға ешкім жау­ап қат­пай­ды. Өзбек­те бұл жазыл­маған заң­ды­лық. Келім­сек адам еріксіз өзбек­тің тілін үйре­неді. Бір ұлт – бір тіл. Тіл біреу болған соң, ынты­мағы да, бір­лі­гі де жарасқан мығым, әрі бекем ел.

Назар­ба­ев алғаш пре­зи­дент болған­да, Қаза­қстан халқын 20 мил­ли­онға жет­кі­зе­мін деп еді. Қане жет­кені­міз? Қалай жете­міз, әу баста тәп-тәуір басталған көші-қон­ды тоқта­тып таста­ды. Олар­ды орыс­ша біл­мей­ді деп – бір кем­сіт­ті, біз­ге масыл бол­ды деп – екі кем­сіт­ті. Қазір шетел­ден Қаза­қстанға жете алмай, үш мил­ли­он­нан астам қазақ жылап-еңіреп жүр. Қытай­дағы қаза­қтар бай­тал түгіл бас қай­ғы­ның кебін киіп, көбі конц­ла­герь­ге қамалған. Қан­ша­сы қыры­лға­нын бір жан біл­мей­ді. Ара түсу­ге қазақ билі­гін­де қауқар жоқ. Туған-туы­ста­ры бұл жақта ары­здан­са, билік есі­гі­нен қарат­пай, ит қосып қуып тастай­ды. Түр­ме­ге қамай­ды, айып­пұл сала­ды. Қытай­дан қашып-пысып өткен қаза­қтар­ды да түр­ме­ге қамай­ды, аза­мат­тық бер­мей­ді. Сай­ра­гүл сияқты аза­мат­тық ала алмаған қаза­қтар шетел­дер­ге кету­ге мәж­бүр болды.

2009 жылғы санақ бой­ын­ша есеп­те­сек, қазір біз­де­гі қаза­қтың саны 15 мил­ли­онға да жет­пей­ді. Шынын айтқан­да, қаза­қтың санын өсіру­ге біздің билік құлы­қты емес. Сол соңғы халық санағын­да қаза­қтың санын үш рет кеміт­ті. Ол үлкен дауға ұла­сып, қаза­қтың санын қол­дан кеміт­кенін халық жазу­шы­сы Қаб­деш Жұма­ді­лов марқұм ашы­на жаз­ды. Осы 2009 жылғы халық санағы кезін­де Ста­ти­сти­ка агент­ті­гінің төрай­ы­мы Анар Мешім­ба­е­ва еді. Бұл қыз біздің Көк­пек­ті ауда­ны­ның тума­сы, осын­дағы Самар ауы­лы­ның орыс мек­тебін алтын медаль­мен бітір­ген. Өте алғыр, білім­ді, қыз­мет бас­пал­дағы­на да ешкім­нің көме­гін­сіз, өз күші­мен көтеріл­ген. Жазы­ғы жоқ, қыл­мысы жоқ сол қыз нақақтан күй­ді. Оның бар кінәсі – санақ нәти­же­сін­де қаза­қтың нақты санын айтып қойғаны.

Биы­лғы санақтан да нәти­же күту – тумаған сиыр­дан уыз дәме­ту­мен бір­дей. Онлайн түрін­де өткі­зе­міз деп бір айт­ты, 91 сұрақ бола­ды деп тағы шықты. Бәрі­нен бұрын бұл санаққа 9,1 млрд ақша бөлін­ді деген­де, жаға­мы­зды ұста­дық. Тая­у­да теле­ди­дар­дан санақ аяқтал­ды, санақ­шы­лар үй-үйді ара­ла­у­ын тоқтат­ты деп, ауы­зда­рын қу шөп­пен сүрт­ті. Сон­да әлгі мил­ли­ард­тар­ды кім­ге бөл­ді? Тағы сол теле­ди­дар­дан халық саны 19 млн. 200 мың деді, оны­сы түп­кі нәти­же­сі ме, жоқ шама­мен айтқа­ны ма – түсініксіз. Қаза­қтың санын мүл­де айтпады.

Коро­на­ви­рус пан­де­ми­я­сы басталға­лы Қаза­қстан­да қан­ша халық өлді? Оны да біздің билік боғын жасы­рған мысық сияқты айт­пай отыр. Билік қан­ша тыра­штанға­ны­мен, пан­де­мия басталға­лы зират­тың көле­мі екі есе­ге көбей­іп кет­кенін Семей­дің халқы айқай­лап айтып жүр.

Ресей мен Қаза­қстан­ның шека­ра­сы алаң ашық. Біз Ресей­мен өкпе-бауы­ры­мыз жабысып қалған бір мем­ле­кет сияқты күй кешіп келе­міз. Заң жүзін­де шека­ра бар, іс жүзін­де – жоқ. Ресей­де 150 мил­ли­онға жуық халық тұр­са, біз­де­гі мөл­шер 20 мил­ли­онға да жет­пей­ді. Қазір­дің өзін­де пан­де­мия жай­лаған Ресей­мен шек­те­сетін екі облыс – Сол­түстік Қаза­қстан мен Пав­ло­дар «қызыл» аймақта қалып отыр. Қаза­қты қырып-жой­ып, санын азай­тқан Ресей­дің әр заман­дар­дағы билі­гі екенін енді жасы­ру­дың қажеті жоқ.

Осын­дай­да кезін­де Сыр­тқы эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­стар мини­стрінің орын­ба­са­ры, Қаза­қстан­ның шетел­дер­де­гі елшісі болған Болатхан Тай­жан­ның мынау айтқа­ны ойға ора­ла­ды. Ол көп­те­ген мұсыл­ман мем­ле­кет­терінің бірін­ші бас­шы­ла­ры­на кіріп: «Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гін қалай сақтап қала ала­ды?» деген сұрақты бір-ақ қой­ған. Сон­да солар­дың бар­лы­ғы бірінің аузы­на бірі түкіріп қой­ған­дай: «Кем деген­де бір ғасыр Ресей­ден бой­ла­ры­ң­ды алыс ұстап тұрған­да ғана тәу­ел­сіздік­ті сақтап қала ала­сы­ң­дар», – деп жау­ап бер­ген екен.

Әрине, кезін­де оның бұл сөз­дерін Назар­ба­ев­тың есті­мей қалуы мүм­кін емес. Бірақ ол өзінің билі­гін ұзақ уақы­тқа сақтап қалу үшін, қаза­қты қасақа­на Ресей­дің құл­ды­ғын­да ұстап, бай­лап матап қой­ды. Ал соның зардаб­ын қазақ халқы әлі тар­тып келеді. Өскен­ді, өркен­де­ген­ді былай қой­ып, оның қан­ды шең­гелі қаза­қтың қыл мой­нын онан сай­ын қылғын­ды­рып, тырп еткіз­бей ұстап отыр.

Рат­бек АРЫНҰЛЫ,

Көк­пек­ті кен­ті (ШҚО)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн