Суббота , 5 июля 2025

Ауылдан басталған АПАТ ҚАЛАҒА КЕЛДІ

  •  «…Ауыл тұрғын­да­ры­ның нақты табысы айы­на 35 мың тең­гені құрай­ды. Мұн­дай ақшаға қалай күн көру­ге болады?
  • ҚР пре­мьер-мини­стрі Әли­хан Смай­ы­лов мырзаға

Құрмет­ті Әли­хан Асханұлы!

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қ.-Ж. Тоқа­ев өзінің жуыр­дағы Жол­да­уын­да елі­міз­де орын алған қай­ғы­лы оқиға­лар­дың қоғам­дағы күр­делі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер сал­да­ры­нан туын­даға­нын атап өтті.

Осы орай­да ауыл тұрғын­да­ры­ның өте төмен әле­умет­тік жағ­дай­ын айту керек. Ауыл­дағы отба­сы­лар­дың кей­біре­улері «шық­па, жаным, шық­па» деп күн көру­де. Үлкен қала­лар­дан шалғай жер­де оты­рып, олар өз мәсе­ле­лерін билік­ке қалай жет­кі­зуін де білмейді. 

Мәсе­ле – жалған ста­ти­сти­ка­ның ауыл­дағы нақты жағ­дай­ды жасы­ра­тын­ды­ғын­да. Біз, бір топ сена­тор­лар, үкі­мет бас­шы­сы­на ресми орган­дар ұсы­нған боя­ма сан­дар­дың ауыл өмірінің шын­ды­ғы­на сәй­кес кел­мей­тін­ді­гін қан­ша айтып кел­дік. Ресми ста­ти­сти­ка деректері бой­ын­ша, ауыл­дағы жұмыс­сыздар саны 181 мың адам неме­се 4,7%. Бірақ іс жүзін­де жұмыс­сыздық халы­қтың бағын ашпас соры бол­ды. Біз елі­міздің бар­лық аудан­да­рын­да ауыл тұрғын­да­ры ара­сын­да арнайы әле­умет­тік сау­ал­на­ма жүр­гіздік. Олар­дың басым көп­шілі­гі жұмыстың жоқты­ғын «басты мәсе­ле» деп ата­ды. Осы сау­ал­на­ма­да көр­сет­кен­дей, ауыл тұрғын­да­ры­ның нақты табысы айы­на 35 мың тең­гені құрай­ды. Мұн­дай ақшаға қалай күн көру­ге болады?

Бәрі­міз «Ауыл – Ел бесі­гі» деп айту­ды жақ­сы көре­міз. Қаза­қстан­да қашан да бала туу көр­сет­кі­ші қала­лық жер­лер­ге қараған­да ауыл­да әрдай­ым жоға­ры бола­тын. Бірақ соңғы 7 жыл­да бұл көр­сет­кіш күрт төмен­деп кет­ті. Жыл­дан-жылға ауыл халқы­ның қала­ларға көшуі ұлға­ю­да. Тек 2019–2020 жыл­да­ры ауыл­дан қалаға 880 мың адам қоныс аударған. Біз жүр­гіз­ген әле­умет­тік сау­ал­на­ма нәти­же­лері көр­сет­кен­дей, еңбек­ке қабілет­ті халы­қтың 41 пай­ы­зы ауыл­дар­дан қалаға көшуді қалайды.

Әрине, урба­ни­за­ци­я­ның әлем­дік үрдіс екені түсінік­ті, бірақ оны басқа­ру керек қой. Жақын маң­дағы ауыл­дар­дан бір сәт­те халы­қтың жап­пай көші-қоны бастал­са, біздің қала­ла­ры­мы­зда не бол­мақ? Егер ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да жұмыс істей­тін ешкім қал­ма­са, елдің азық-түлік қауіп­сізді­гін қалай қам­та­ма­сыз ете­міз? Шека­ра­лас аудан­дар қалай қорғалмақ?

Ауыл­дық аймақтар­дың аху­а­лын рет­теу – эко­но­ми­ка­лық қана емес, ел үшін сая­си, стра­те­ги­я­лық маңы­зды, мем­ле­кеті­міздің қауіп­сізді­гіне қаты­сты күр­делі мәселе.

Осыдан бір жыл бұрын Сенат­та ауыл­дар­ды дамы­ту бой­ын­ша пар­ла­мент­тік тың­дау өткізіліп, оның қоры­тындыс­ы­на сәй­кес үкі­мет­ке нақты ұсы­ны­стар беріл­ді. Бірақ, өкініш­ке орай, бұл ұсы­ны­стар­дың негіз­гі тар­мақта­ры­ның ешқай­сысы орын­далған жоқ. Ықпал­ды Пар­ла­мент­ті Үкі­мет осы­лай тың­дай ма?!

Бірін­ші­ден, ауыл­дық аумақтар­ды дамы­ту бағ­дар­ла­ма­сы­на, яғни «Ауыл – Ел бесі­гі» жоба­сы­на жеке ұлт­тық жоба мәр­те­бесі беріл­ме­ген. Егер біз­де осы стра­те­ги­я­лық маңы­зды мәсе­ле бой­ын­ша дер­бес бағ­дар­ла­ма­лық құжат бол­ма­са, ауыл­ды басым­ды­қ­пен қалай дамытамыз?

Екін­ші­ден, ауыл­дық аймақтар­ды дамы­ту мәсе­ле­лерін Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің қара­мағы­нан Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гіне беру ұсы­ныл­ды, өйт­кені өндірісті дамы­ту және ауыл­да жұмыс істей­тін­дер үшін қолай­лы жағ­дай жасау тара­зы­ның екі жағын­дай, ішкі бай­ла­ны­стағы мәсе­ле­лер болып табы­ла­ды. Нақты­рақ айт­сақ, кез кел­ген ауыл­ды дамы­ту­дың негізін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы өндірісі жатыр. Ауыл­да болып жатқан жағ­дай­дың мәнін түсін­бе­ген­дік­тен, Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің ауыл­дық елді мекен­дер­ді дамы­ту әле­уетін айқын­дау кезін­де эко­но­ми­ка­ны емес, халы­қты жұмыспен қам­ту мәсе­лесін емес, демо­гра­фи­я­ны бірін­ші оры­нға қоюы­на алып келді.

Үшін­ші­ден, ауыл­дық жер­де­гі және ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы басты про­бле­ма­лар­дың бірі – кадр­лар­дың тап­шы­лы­ғы. Ашы­ғын айту керек, «Диплом­мен – ауы­лға!» бағ­дар­ла­ма­сы тиісті түр­де жұмыс істе­мей­ді және онда көз­дел­ген мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры қай­та қара­уды талап етеді.

Сена­тор­лар ауыл жаста­ры үшін жоға­ры білім­нің қол жетім­сізді­гін үкі­мет­тің наза­ры­на бір­не­ше рет жет­кізді. Жақын­да бей­біт митинг­тер­ге шыққан­дар­дың көп­шілі­гі – ауыл­дан келіп, лай­ы­қты білім мен жұмыс таба алмаған жастар болған жоқ па? Біз мем­ле­кет­тік білім беру грант­та­рын және сти­пен­ди­я­лар­ды тағай­ын­дау тетік­терін өзгер­туді, олар­ды тек ҰБТ нәти­же­лерінің негізін­де ғана емес, соны­мен қатар мем­ле­кет­тік қол­да­у­сыз оқи алмай­тын­дарға әле­умет­тік қол­дау ретін­де бөлуді ұсын­дық. Бірақ, өкініш­ке орай, бұл депу­тат­тық сау­а­лы­мы­зға кең­се әдеті бой­ын­ша сырғыт­па жау­ап алдық.

Сон­дай-ақ екі пар­ла­мент­тік тың­да­удың ұсы­ным­да­ры мен депу­тат­тық сау­а­лы­мы­зда ҚР Білім және ғылым мини­стр­лі­гіне аграр­лық маман­ды­қтарға түсу­шілер үшін ауыл­дық кво­та­ны 30%-дан 50%-ға дей­ін ұлғай­ту ұсы­ныл­ды. Негіз­де­ме айқын, бұл ауыл мек­теп­терінің түлек­теріне жоға­ры оқу орны­на түсу мүм­кін­ді­гін көтеріп қана қой­май, диплом алған­нан кей­ін олар­ды ауыл­да жұмысқа орна­ла­сты­ру мүм­кін­ді­гін де арт­ты­ра­ды. Бірақ бұл депу­тат­тық сау­а­лы­мы­зға «соңғы 3 жыл­да аграр­лық маман­ды­қтар бой­ын­ша игеріл­ме­ген білім беру грант­та­ры­ның саны 3778 бір­лік­ті құра­ды» деген жау­ап келіп түсті. Бірақ тал­дау көр­сет­кен­дей, бұл мәлі­мет шын­ды­ққа сәй­кес кел­мей­ді. Сіз­ден ҚР Пар­ла­мен­ті Сена­ты­на осын­дай жау­ап жібе­ре сала­тын орын­да­у­шы­лар­ды аны­қтап, жаза­ла­уды сұраймын.

Қоры­тын­ды­лай келе, елі­міз­де­гі ауыл­дар­ды дамы­туға ірі ауыл шару­а­шы­лы­ғы ком­па­ни­я­ла­ры қомақты үлес қоса алар еді. Қазір бірқа­тар ауыл­дық елді мекен­дер­ді онда шоғыр­ланған ауыл шару­а­шы­лы­ғы кәсі­по­рын­да­ры мен шаруа қожа­лы­қта­ры­ның өте­усіз көме­гі есебі­нен ұстап тұр­мыз. Соны­мен қатар елі­міз­де әкім­дер­дің шешім­дерінің арқа­сын­да ірі жер пай­да­ла­ну­шы­ла­ры­на (лати­фун­ди­стер­ге) айналған бірқа­тар үлкен ком­па­ни­я­лар бар, олар ауыл тұрғын­да­ры айтқан­дай, «ауыл­дың ішкі жағ­дай­ы­на бас ауырт­пай, егін егу­ге және егін жина­уға ғана келеді».

Біздің ойы­мыз­ша, үкі­мет және жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар ірі ауыл шару­а­шы­лы­ғы ком­па­ни­я­ла­рын ауыл­дық аймақтар­ды дамы­туға тар­та оты­рып, ауыл­дық инфрақұры­лым­ды салу және жөн­деу, кадр­лар­ды даяр­лау, өзінің жал­да­ма­лы жұмыс­шы­ла­ры­ның жалақы­сын арт­ты­ру, жер үлесі иелеріне лай­ы­қты ақы төле­уді қам­та­ма­сыз ету, ауыл­да коопе­ра­ци­я­ны дамы­ту үшін қыз­мет көр­се­тетін кәсі­по­рын­дар (якор­лік өндірістер) құру, ауыл­дық елді мекен­дер­дің жай­ы­лым­да­рын олар­дың тұрғын­да­ры­на қай­та­ру жөнін­де қажет­ті шара­лар қабыл­да­уы қажет.

Ақыл­бек КҮРІШБАЕВ, ҚР сенаторы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн