Среда , 7 мая 2025

Назарбай ҚАЛАЙ байыды?

  • Жемқор­лық пен ұйым­дасқан қыл­мысты зерт­теу орта­лы­ғы (OCCRP), қаза­қстан­дық Vlast.kz және қырғыз­стан­дық Kloop.kg басы­лы­мы жаңа зерт­те­уін­де Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзінің атын­дағы қор­лар арқы­лы ірі актив­тер­ді бақы­лап оты­рға­нын аны­қтаған. Назар­ба­ев жай­лы бұл зерт­те­уде не айты­ла­ды? Маңы­зды тұста­рын шолып шығайық.

Зерт­те­уде Қаза­қстан­дағы БАҚ қай­ы­рым­ды істерін мақтап жар сала­тын Назар­ба­евқа тиесілі қор­лар қым­бат отель, жеке ұшақ, гольф алаңы, сауда орта­лы­қта­ры, теле­ка­нал­дар мен банк­тер­ді иеленіп оты­рға­ны жазы­лған. OCCRP Назар­ба­ев­тың қоры­на тиесілі актив­тер­де кемі 7,8 млрд дол­лар барын анықтаған.

«Қағаз жүзін­де бұл бай­лы­қтар Назар­ба­евқа тиесілі емес, бірақ ол құру­шы (жасы­рын құры­л­тай­шы – «Д») ретін­де қор­лар­ды бақы­ла­у­ын­да ұстап отыр. Заң­гер­лер қор­лар­дың жұмысы­на қаты­сты шешім­дер­ді Назар­ба­ев­тың өзі қабыл­дай­ты­нын айта­ды. Қор­лар есеп бер­мей­ді, ал олар­дың ақша­ла­ры шетел­де­гі ком­мер­ци­я­лық құры­лым­дар­да жасы­ры­лған» деп жаза­ды зерт­теу авторлары.

Зерт­те­уде Назар­ба­ев­тың өзі құрған «Қаза­қстан­ның бірін­ші пре­зи­ден­ті – Елба­сы» қоры (2021 жылы жабы­лған), «Назар­ба­ев қоры», «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев қоры», «Демеу қоры» және «Елба­сы» (2021 жылы ашы­лған) қоры жай­лы айтылады.

 «Азаттық» OCCRP зерт­те­уінің ең маңы­зды тұста­рын ұсы­на­ды (бола­шақта Назар­ба­ев заң­сыз иелен­ген актив­тер­дің жаңа легі аны­қта­ла­ры анық – «Д»).

2011 жылы Қаза­қстан­да заң қабыл­да­нып, «Назар­ба­ев қоры­на» «Назар­ба­ев уни­вер­си­теті» (НУ) мен «Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­теп­терін”» (НЗМ) қар­жы­лан­ды­ру мін­дет­тел­ген. Бұған қоса, НУ мен НЗМ жыл сай­ын мем­ле­кет­тен 5 млрд дол­лар алады.

Кей­ін НУ мен «НИШ»-тегі екі қор бірі­гіп, Pioneer Capital Invest инве­сти­ци­я­лық хол­дин­гін құра­ды. Кей­ін Pioneer Capital хол­дин­гінің 75 пай­ы­зын «Назар­ба­ев қоры» иеле­неді (2021 жылы 62 пай­ыз деп өзгер­тіл­ген). Осы­дан соң Pioneer Capital Назар­ба­ев­тың жақын серік­терінің бірі Әділ­бек Жақ­сы­бе­ко­втің отба­сы­на тиесілі «Цесна­банк­ті», ұялы теле­фон опе­ра­то­рын, онлайн-сауда плат­фор­ма­сын, қой­ма­лар, сауда орта­лы­қта­рын, мака­рон шыға­ра­тын «Цес­на» фаб­ри­ка­сын сатып алған.

2020 жылы Назар­ба­ев қоры Jusan Technologies хол­динг­тік ком­па­ни­я­сын құрып, оны Ұлы­бри­та­ни­яда тір­кеді. Артын­ша Pioneer Capital иелі­гін­де­гі банк­тер­ді, қой­ма­лар­ды, сауда орта­лы­қта­рын және бар­лық активін осы Jusan Technologies ком­па­ни­я­сы­на аударған.

Қазір Jusan Technologies ком­па­ни­я­сын­да мына төмен­де­гі ком­па­ни­я­лар бар. Бұл акци­я­лар­дың активі 7,8 млрд дол­лар­ды құрай­ды. Бұл ком­па­ни­я­ның иелі­гін­де мына актив­тер бар:

  • Қаза­қстан, Ресей, Қырғыз­стан­дағы банк­тер: Jusan bank, Опти­ма банк, Азия-Тынық мұхит бан­кі, Экс­по­кре­дит банк (саты­лған)
  • Онлайн дүкен­дер: JMart.kz және Jmart.ru
  • Мобиль­ді опе­ра­тор­лар: Kcell, Jusan Mobile
  • Логи­сти­ка: Astana Cargo Service, Астық логи­сти­ка, Кунар-трейд
  • Қар­жы­лық қыз­мет­тер: Jusan invest, First Heartland Securities, First Heartland Capital
  • Тамақ өндірісі: Цес­на, «Сапа нан»
  • Аста­на мен Қоста­най­дағы сауда орын­да­ры: Цес­на, «Астықжан‑1», «Астықжан‑2», «Джа­фар», «Уни­вер­сал», «Асты­қ­жан-Қоста­най».

Бұдан бөлек, «Назар­ба­ев қоры» Люк­сем­бург­те­гі Pioneer Technologies ком­па­ни­я­сы арқы­лы Қаза­қстан­дағы ірі мобиль­ді опе­ра­тор Kcell ком­па­ни­я­сы­ның да 24 пай­ыз акци­я­сын жасы­рын түр­де иелен­ген. Қалай?

2021 жылы қыр­күй­ек­те «Қаза­қ­те­ле­ком» акци­я­сы­ның 24 пай­ы­зын «инве­стор­ларға ұсы­на­ты­нын» жари­я­лаған. Сол кез­де Bloomberg «Назар­ба­ев қоры­на» тиесілі банк акци­я­ның 9 пай­ы­зын сатып алға­нын жаз­ды. Бірақ кей­ін қалған акци­я­ны да «Назар­ба­ев қоры» иелен­ген. Бұл жолы олар Люк­сем­бург­те­гі Pioneer Technologies ком­па­ни­я­сын пай­да­ланған. Ал Pioneer Technologies Люк­сем­бург­те­гі Pioneer Horizon East ком­па­ни­я­сы­на қаты­сы бар. «Назар­ба­ев қоры­ның» Ұлы­бри­та­ни­ядағы Jusan Technologies ком­па­ни­я­сы осы Pioneer Horizon East ком­па­ни­я­сы­на 64 млн дол­лар инве­сти­ция салған. Зерт­те­ушілер «Назар­ба­ев қоры» осын­дай күр­делі схе­ма­мен Kcell ком­па­ни­я­сы­на иелік еткенін анықтады.

Назар­ба­ев 2019 жылы науры­зда пре­зи­дент­тік­тен кет­кен соң, оған тиесілі басқа үш қор да инве­сти­ци­я­мен бел­сен­ді түр­де айна­лы­сқан. 2020 жылы 8 тамы­зда құны 100 млн дол­лар бола­тын Airbus ACJ320neo ұшағы (Business Insider басы­лы­мы бұл ұшақ мар­ка­сын «ұша­тын пент­ха­ус» деп сипаттаған) Инди­а­на­по­ли­стен ұшып шығып, Цюрих және Маль­та­да тоқтап, Қаза­қстан аста­на­сын­дағы база­сы­на келген.

Бұл ұшақты «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев қоры» швей­ца­ри­я­лық ком­па­ни­ядан сатып алған. Қазір Airbus ACJ320neo пре­зи­дент іс басқар­ма­сы­на қарай­тын «Berkut Air» ком­па­ни­я­сы­ның фло­тын­да. Бұл ұшақ қорға ресми түр­де тиесілі ме – ол жағы бел­гісіз. Бірақ ұшақты Назар­ба­ев қол­да­на­ты­ны­на дәлел­дер бар.

2021 жылы 30 мау­сым­да әуе кемесі Қаза­қстан­нан Мәс­ке­у­ге барған. Бұл күні Кремль Назар­ба­ев­тың Мәс­ке­у­ге Путин­мен кез­де­су­ге кел­генін жаз­ды. (Кез­де­су­де Назар­ба­ев «үш жыл­дан бері пре­зи­дент емес­пін, мен еркін адам­мын» деген еді).

Бұл ұшақ кей­ін Қаза­қстан­ның ішін­де де ұшқан. Жур­на­ли­стер екі рейс Назар­ба­ев­тың тури­стік хабқа және архео­ло­ги­я­лық объ­ек­ті­ге барған сапа­ры­мен сай кел­генін анықтады.

Зерт­те­ушілер Назар­ба­ев қоры­ның актив­терінің ішін­де аста­на­дағы «The St. Regis Astana» қонақ үйіне назар аударған. 2017 жылы ашы­лған отель­дің иесі – Turion Investment Group. Бұл ком­па­ни­я­ның акци­о­нер­лерінің қата­рын­да Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы, елде­гі ең бай адам­дар­дың бірі Тимур Құлы­ба­ев бар.

2018 жылы Құлы­ба­ев өз үлесін Назар­ба­ев­тың «Демеу» қоры­на бер­ген. Ал 2021 жылы жел­тоқ­сан­да бұл үле­сті Құлы­ба­ев пен оның әйелі Дина­ра Құлы­ба­е­ва (Назар­ба­ев­тың қызы) қай­та­рып алған.

OCCRP Назар­ба­ев құрған үш қор­дың иелі­гін­де Бура­бай­дағы Baitas Hotel, Алма­ты­дағы Nurtau гольф клу­бы және Swissotel Willness Resort қонақ үйі, «КТК» және «Astana TV» теле­ар­на­ла­ры, «Кара­ван» газеті де барын жаза­ды. «Astana TV» Назар­ба­ев құрған билік­те­гі «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның қара­мағын­дағы «Нұр Медиа» хол­дин­гіне қарайды.

Жур­на­ли­стер Қаза­қстан­дағы абат­тан­ды­ру ком­па­ни­я­сы­ның Назар­ба­ев қоры­на тиесілі екенін де аны­қтаған. «Бұл ком­па­ния Назар­ба­ев пре­зи­дент болып тұрған­да, яғни 2012–2018 жыл­да­ры 6,5 млн дол­лар тен­дер­ді жеңіп алған» деп жазы­лған OCCRP зерттеуінде.

Бұдан бөлек, зерт­те­уде Назар­ба­ев­тың тағы бір қоры­на тиесілі Түр­ки­ядағы бес жұл­ды­зды қонақ үй жай­лы да айты­ла­ды (сурет­те). Бұл отель тура­лы «Азаттық» өз зерт­те­уін жари­я­лаған еді.

«Назар­ба­ев бұл актив­тер­дің бар­лы­ғын өзі пре­зи­дент болып тұрған­да құрған қай­ы­рым­ды­лық қор­лар арқы­лы басқа­рып отыр. Қор­дың құры­лған­дағы мақ­са­ты – Қаза­қстан халқы­на көмек­те­су еді. Бірақ қазақ тілін дамы­ту­мен айна­лы­са­тын, бала­ларға сый­лық тара­та­тын қор­лар құпия түр­де ондаған ком­па­ни­я­ның үлесін иелен­ген» деп жаза­ды зерттеушілер.

Бұған дей­ін OCCRP, Vlast.kz Назар­ба­ев­тың «тоқа­лы» Әсел Құр­ман­ба­е­ва­ның офшор­дағы ком­па­ни­я­сы жай­лы шулы зерт­те­уін жари­я­лаған. OCCRP бұл зерт­те­уін Қаза­қстан қаңтар­дағы қан­ды оқиға­лар­дан енді ес жия бастаған­да, елде эли­та­ара­лық қақты­ғыс болып жатыр деген тұста жариялады.

Қаңтар­дың басын­да елде билік­ке қар­сы нара­зы­лық соңғы тәр­тіп­сіздік­ке ұла­сып, кемі 225 адам қаза бол­ды. Назар­ба­ев­тың өзі кеше, 18 қаңтар­да ғана видео­мәлім­де­ме жасап, өзін зей­нет­кер­мін деп, «елде эли­та­ара­лық күрес жоқ» деген еді.

Сарап­шы­лар елдің қазір­гі пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев қазір билі­гін нығай­тып жатыр деп санай­ды. Бірақ Назар­ба­ев қор­ла­ры­ның және жақын­да­ры­ның мил­ли­он­даған қар­жы­сы не бола­ты­ны жай­лы бел­гісіз. 12 қаңтар­дағы мәжіліс оты­ры­сын­да Тоқа­ев Назар­ба­ев тұсын­да «бел­гілі бір ком­па­ни­я­лар мен бел­гілі бір адам­дар тобы бай­ы­ды» деп мәлім­де­ген еді.

Azattyq.org

 «ДЕМЕУ» ҚОРЫ ТОҚАЛҒА балет теат­рын салып берді

«Демеу» қоры қар­жы­сы­ның есебі­нен Алма­ты­да балет теат­ры салын­ды. Алма­ты­ның ең көрік­ті жері – Әл-Фара­би даңғы­лы мен Жел­тоқ­сан көше­лерінің қиы­лы­сын­да, «Нұр­лы тау» кешенінің қара­ма-қар­сы жағы­на салы­нған бұл театр­дың құры­лыс бары­сын­да оның сме­та­лық құны 150 мил­ли­он дол­ларға дей­ін өскен. «Бұл театр­ды Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзінің екін­ші тоқа­лы Әсел Құр­ман­ба­е­ваға арнап сал­дыр­ды» дей­ді «ДАТ»-тың ақпа­рат көзі.

Театр құры­лы­сы­ның бас мер­ді­гері болған «Базис‑А» ком­па­ни­я­сы­ның атын ата­мауды өтін­ген бір мене­джерінің айтуы­на қараған­да, «бар­лық жұмыстар «УДП»-ның (Управ­ля­ю­щий дела­ми пре­зи­ден­та) жіті бақы­ла­у­ын­да болып, құры­лыс бары­сын­да театр­дың фаса­ды үш рет өзгеріс­ке ұшыраған».

«Бұл өзгеріс кім­нің тала­бы бой­ын­ша жасал­ды?» деген біздің тіл­ші­міздің сұрағы­на мене­джер: «Ол жағы біз­ге бел­гісіз, бірақ құры­лыс жұмыста­рын қатаң бақы­лаған «УДП» қыз­мет­кер­лерінің айтуы­на қараған­да, бұл театр­ды қабыл­дап ала­тын басты тұлға – Әсел ханым бола­ды деп ескерт­ті», – деген екен.

Газет­тің алдағы сан­да­ры­ның бірін­де біз бұл тақы­рып­тың егжей-тег­жей­ін жария ететін боламыз.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн