Пятница , 16 мая 2025

ОЛ! Немесе «Елбасизммен» қалай күресеміз?

  • «Ол Қаза­қстан­ды елім деп, қаза­қтар­ды халқым деп санаған жоқ. Ең басты­сы – қаза­қты ұлт ретін­де дамуға құқы­қты халық деп таны­ған емес. Қаза­қты алдай салуға бола­тын, қай­да айда­саң – көнетін, өтірік­ті қалай соқ­саң да нана­тын, еті­нен ет кесіп алсаң да, мыңқ етпей­тін, құр­тып жібе­ру­ге бола­тын тобыр деп түсінді.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ

  • Зауал кім­ге төніп тұр?

Көп­шілік қаңтар оқиға­ла­ры­ның ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры мен қаты­су­шы­ла­ры кім­дер, олар нені көз­деді деген сұрақтар­дың жау­а­бын іздеп сан­да­лу­да. Халық бұқа­ра­сы ештеңе түсін­бей қал­ды. Жур­на­ли­стер де әлі дол­бар айту дең­гей­ін­де жүр. Шетел­дік­тер өздерін­де­гі заң­ды­лы­қтарға сәй­кес келетін тұжы­рым­дар айтып жатыр.

Ал біздің істеп жүр­гені­міз – қоғам­ның даму заң­ды­лы­қта­ры­ның ешқай­сысы­на сай кел­мей­тін, ешбір логи­каға сый­май­тын, ерекше бір ессіздік­тің сал­да­ры ретін­де көрініс бер­ді. Енді тағы сол баяғы­дай, ешбір ақы­лға сый­май­тын шара­лар­мен артын жауып жатыр­мыз. Қылып жүр­гені­міздің де ешқан­дай ұраға көміп, үсті­нен сабан жауып таста­уға кел­мей­тінін мой­ын­дағы­мыз келмейді.

Жұм­бақтың сырын ашу қиын емес. Ол үшін қырғын­ды ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың моти­ва­ци­я­сын зерт­тей оты­рып, пай­ым жасау керек. Шер­лок Холм­стың жиі қол­да­на­тын әдісі есіңіз­де ме? Ол былай дей­тін: «Алды­мен бұл қыл­мысты жаса­уға мүд­деліні табы­ңыз – сон­да қыл­мыс­кер­дің дәл үсті­нен түсесіз».

Сіз мына сұрақтар­дың жау­а­бын іздеп көріңіз:

  • Қазақ мем­ле­кетінің ірге тасын қопа­рып, қабы­рға­сын солқыл­да­та­тын, ұлт­тық мүд­де­лер­дің бәріне қар­сы әре­кет­тер­ді кім­дер жасап отырды?
  • Қаза­қстан­ның ашық, демо­кра­ти­я­лық-құқы­қтық қоғам болып құры­луын кім­дер қаламады?
  • Егер елде әділет­тік орна­са, ұлт­тық мүд­де­лер­ге қай­шы әре­кет­тер жасап жүр­ген­дер, мил­ли­ард­тап мем­ле­кет қар­жы­сын шетел­дер­ге тасы­ған­дар әділ жаза­ға тар­ты­ла­ты­ны анық бол­са, мұн­дай жағ­дай кім­ге зауал әке­лер еді?

Осы сұрақтар­дың жау­а­бын тап­саңыз – сіз қаңтар қырғы­нын ұйым­да­сты­ру­шы­ның үсті­нен түсесіз.

  • Ресей­шіл­дік

Ком­пар­ти­я­ның билі­гі тұсын­да қазақ кадр­ла­ры жоға­ры лау­а­зым­ды қыз­мет­ті Кремль­ден алды. Оры­стар­да қазақ және өзге ұлт өкіл­дері­нен кадр таң­да­удың құпия шар­тты­лы­қта­ры бол­ды. Оны білетін қаза­қтан шыққан лау­а­зым­ды қыз­мет­тер­ге ұмты­лу­шы­лар Ресей­дің мүд­десін қорғай­тын ісі­мен көрі­ну­ге тиіс бола­тын. Осы­лай кім қаза­ққа, оның мем­ле­кет­ті­гіне көбірек кесір кел­тір­се, сол ком­му­ни­стік билік иелеріне көбірек жаға­тын бол­ды. Осы қағи­даға сай, қаза­қтан шыққан бастық ата­у­лы бірін­ші кезек­те қаза­қты көк­тет­пей­тін әре­кеті­мен көз­ге түсуі тиіс бола­тын. Кадр таң­да­удағы бұл «әдіс­на­ма» әлі жалға­сын тауып келеді. Бұл бағыт­ты қаза­қтан шыққан бас­шы­лар ара­сын­да инер­ци­я­мен Ресей­ге бүй­ір бұру­шы­лар басым­ды­қ­пен пайдаланады.

Соңғы 30 жыл ішін­де қаза­қтың ұлт­ты­ғы­ның, мем­ле­кет­ті­гінің дің­гек­терін солқыл­да­та шай­қал­та­тын әре­кет­тер жиі көрініс бер­ді. Ресей бас­шы­сы нені қала­са, қазақ шене­унік­тері соны қолы­на ұста­та сала­ды. «Мәң­гілік доспыз», «тари­хи тағ­дыр­лас­пыз» деген жалған пафо­стың құй­ры­ғы­нан ұстап алған Мәс­кеу қазақ «ұлы­қта­рын арқа­дан қағып қой­ып» (Абай), біздің болы­стар­ды «жиы­ла­тын жастық, жай­ы­ла­тын төсек» қыл­ды. Түп­теп кел­ген­де, Ресей бас­шы­ла­ры жағым­паз қаза­қтар­ды пай­да­ла­нып, елдің дамы­ту век­тор­ла­ры­на дей­ін айқын­да­у­шы күш­ке айнал­ды. Міне­ки, соңғы 37 жыл­да (1984-тен есеп­те­ген­де) қазақ орда­сын­дағы ойран­ның авто­ры қай­дан екенін біл­гіңіз келсе.

Қазақ бас­шы­ла­ры Кеңес Одағын сақтап қалу үшін барын сал­ды. Бұл олар­дың шын ниеті бола­тын. «Бело­ве­жье үшті­гі» шақы­рған­да бар­май Мәс­ке­у­ге бұры­лып кет­кен бола­тын. Тіп­ті тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің пре­зи­дент­ті­гіне сай­ла­нып алған­нан кей­ін де, Қаза­қстан­ның дүни­е­жүзілік қауым­да­сты­қтың толы­ққан­ды субъ­ек­тісі бола­ты­ны­на Ол сен­ген жоқ. Бұры­нғы Кеңес Одағы­ның қара­мағын­да болған елдер­ді қай­та жина­мақ болған Кремль­дің иде­я­сын жүзе­ге асы­ры­спақ болып, «ТМД», «ЕврАз­ЭС», «ОДКБ»-лердің бел­сен­ді ұйым­да­сты­ру­шы­сы, идея бер­гі­ші болды.

Ол Қаза­қстан­ды елім деп, қаза­қтар­ды халқым деп санаған жоқ. Ең басты­сы – қаза­қты ұлт ретін­де дамуға құқы­қты халық деп таны­ған емес. Қаза­қты алдай салуға бола­тын, қай­да айда­саң – көнетін, өтірік­ті қалай соқ­саң да нана­тын, еті­нен ет кесіп алсаң да, мыңқ етпей­тін, құр­тып жібе­ру­ге бола­тын тобыр деп түсін­ді. Сол түсіні­гіне сай, басы­нған әре­кет­тер жасады.

Ол өзін халы­қтан да, заң­нан да жоға­ры қой­ып оты­рға­ны­на имен­беді. Бар­лық мем­ле­кет­тік ресур­стар­ды отба­сы мүше­лері мен сая­сат­тағы сүй­ік­тілеріне тара­тып беру­ден қоры­қ­па­ды. Өйт­кені Ол праг­ма­ти­ка­лық жос­пар­да ойы­на не кел­се, соны істе­уді, отан­са­ту­мен еркін айна­лы­су­ды, гипо­те­ти­ка­да – Қаза­қстан­ды Ресей жұтып қой­ған­да, Кремль­дің есік­терін теуіп кіре­мін деген үміт­пен әре­кет етті.

Мәсе­ленің басты­сы оның мил­ли­ард­та­рын­да, сарай­ла­рын­да, ішкі-сыр­тқы сая­сат­тағы, демо­гра­фи­ядағы.., өзге сала­лар­дағы кесір­лерін­де ғана емес. Ол руха­ни аялар­да олар­дан өткен орас­ан кесір кел­тір­ді. Ол әре­кет­терінің көбі ашы­лған жоқ. Жіті қарай ала­тын адам­дар ғана аңға­ра ала­тын, ала­ке­уім ақшам­да неме­се түн қараңғы­сын жамы­лып жасаған аяр әре­кет­тері әлі әшке­ре­лен­ген жоқ.

  • Зауал­дан құты­лу жолдары

Бір еске­ре­рлі­гі – Ол өзінің ота­ны мен ұлты­на жасаған опа­сызды­ғын, бар­лық сала­лар­да ұлт­тың ұлы істеріне тосқа­уыл қой­ып, мем­ле­кет­тің ірге­та­сын шай­қал­та­тын қастан­ды­қтар­дың алу­ан түрін жасап кел­генін және оны­сы­ның аса ауыр қыл­мыс екенін біледі. Оны­сы үшін бір зауал­дың бола­ты­нын да түсін­ді. Соңғы жыл­дар­дағы дүни­е­жүзілік финанс жүй­есін­де­гі өзгерістер, банк­тер­дің құпия сақта­удан бас тар­туы, офф­шор­дағы қара­жат­тар­дың шыққан тегін тек­се­ру­лер… Оның көзін ашты. Дүние тар болып қал­ды. Сол кез­де зауал­дан құты­лу­дың жол­да­рын қарас­ты­ра баста­ды. Бірін­ші нұсқа­дағы «дол­лар қап­шы­қты арқа­лап, шетел­ге зытып кету» иде­я­сы жара­май­ты­ны анықталды.

Екін­ші нұсқа – Қаза­қстан­ды Ресей­ге қосып кету. Бела­русь тәжіри­бесі бұл жол­дың ұзақ уақыт­ты қажет ететінін және үдерістің кез кел­ген кезеңін­де тас талқа­ны шығуы мүм­кін, қауіп­ті жол екенін көр­сетіп берді.

Үшін­ші нұсқа – билік­тен мәң­гі айы­рыл­мау. Ол үшін билік­ті отба­сы­нан шыққан сенім­ді қолға тап­сы­рып, сол арқы­лы тарих­та сүй­кім­ді бей­не­де қалу­ды қам­та­ма­сыз ету керек бол­ды. Алай­да билік­ке үміт­кер­лер­дің бәрінің қыл­мыспен көрі­нуі, халық ара­сын­да беделінің бол­мауы, сая­сат­кер­лер ара­сын­да жек­көріні­шті болуы­ның сал­да­ры­нан Ол билік­ті отба­сы мүше­лерінің біріне заң­дан­ды­рып беру ниетін жүзе­ге асы­ра алмады.

Билік­тен айы­ры­лу Оған апат алып келеді. Егер Қаза­қстан­да ашық, демо­кра­ти­я­лық, әділет­ті қоғам құры­лып, заң­ның үстем­ді­гі орна­са, заң алдын­дағы теңдік ұста­ным­да­ры жүзе­ге асы­ры­ла­тын бол­са, бұған дей­ін жемқор­лы­қ­пен күнел­тіп жүр­ген­дер­дің істері ашы­лып, жаза тар­та­тын бола­ды. Оның арты Өзін және отба­сы мүше­лері мен сыбай­ла­ста­рын түгел шар­пи­ды. Сон­да мұның Өзіне кешірім бола ма? Әрине, жоқ. Енді не істеу керек?

Аху­ал­ды терең түсін­ген сай­ын, Ол қат­ты­рақ қал­ты­рап, көбірек діріл­дей­тін бол­ды. Соңғы онжыл­ды­қтар­да Ол тек өзін қорға­у­мен айна­лы­суға көшіп алды. Тізім­мен жасақтаған жағым­паз пар­ла­мент­ке арнайы заң қабыл­дат­ты­рып, күштік құры­лым­дар­дың басын бірік­тіріп, пре­зи­дент­тен жоға­ры құзірет­тілі­гі бар Қауіп­сіздік кеңесін өлген­ше басқа­ру құқы­ғын заң­да­сты­рып алды. Осы­дан Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті Оның өзін ұлт­тан қорғай­тын коми­тет­ке айнал­ды деген сөз тарал­ды. Шынайы сурет расын­да да солай болатын.

  • Мем­ле­кет – қауіп төн­діру­ші фактор

Ол үшін біре­гей аху­ал қалып­та­сты. Өзі 37 жыл басын­да болған еліне Өзі жау болу пер­спек­ти­ва­сы­на жолы­қты. Қазақ мем­ле­кетінің қауіп­сізді­гі – Оның өзіне қауіп төн­діретін фак­торға айналды.

Бұл жолғы аран­да­ту Оның өзіне бағы­ны­шты Қауіп­сіздік кеңесінің құзіреті мен күшін пай­да­ла­нып, демо­кра­ти­я­лық бағыт­ты ұстап оты­рған мем­ле­кет­ті төң­керіп тастап, орны­на қатаң тота­ли­тар­лық-поли­цей­лік құры­лым орна­та сала­мын деген ынды­ны­ның «жемісі» болып шықты.

Бір депу­тат «осы­ның бәріне демо­кра­тия деген ұран­мен көше­ге шыққан бел­сен­ділер кінәлі» деген екен. Сырт­тай қараған­да, бір кер­тарт­па пақыр­дың был­жы­рай салға­ны­на ұқсай­ды. Бірақ осы лебіз­де жан түр­ші­гер­лік, қаяр ой жатқа­нын аңға­ру маңы­зды деп ойлай­мын. Гәп мына­да: осы сөз­дері­мен депу­тат қаңтар оқиға­ла­рын ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың төң­керіс жасап, билік­ті басып алып, елде толық тота­ли­тар­лық-поли­цей­лік мем­ле­кет орнат­пақ болға­ны­нан хабар­дар болға­ны және сол бағыт­ты жақтап тұрға­ны көрінеді.

Билік­ті күшпен басып алған­нан кей­ін, олар демо­кра­ти­ядан ашық түр­де бас тар­тып, елді күштік құры­лым­дар арқы­лы алақан­да ұстап оты­ру­ды көз­де­ген деген жора­мал­дың қисы­ны бар. Толы­ққан­ды жабық, тер­рор­лық режим жағ­дай­ын­да бұқа­раға бұры­нғы билік­тің жан түр­ші­гер­лік қыл­мыста­рын әшке­ре­ле­у­ге мүм­кін­дік қал­май­ды. Осы­лай бұры­нғы билік­тің зауал­дан құты­луы қам­та­ма­сыз етіледі.

Ол билік­ке кел­ген­нен бері осы тренд­пен айна­лы­сып келеді. Бірақ мем­ле­кет әлі тірі. Ашық қоғам құрып кету «қау­пі­нен» ары­лған жоқ. Демек, зауал қау­пі сей­іл­ген жоқ. Сон­ды­қтан, Оның логи­ка­сы бой­ын­ша, мем­ле­кет­тің іргесін шай­қал­тып, мүл­дем жаңа, поли­цей­лік-тота­ли­тар­лық мем­ле­кет құрып алу керек. Сон­да мем­ле­кет бас­шы­сы­ның орны­на кел­ген Оның ада­мы демо­кра­ти­я­лық таң­да­удан ашық бас тар­та­ты­нын жари­я­лай­ды. Ал Өзі бол­са, «мен демо­кра­ти­яға бір­тін­деп алып келе жатыр едім, бәрін мына­лар бүл­дір­ген» деп, ақта­лар сөз­дерін айтып, мүсә­пір бола салады.

  • Путин­нің тұрғысы

Путин бұры­нғы пре­зи­дент­ке қаты­сты екі­жақты тұрғы ұстан­ды. Ессіз аран­да­туы­мен дүние жүзінің алдын­да масқа­ра болып оты­рған қазақ дик­та­то­рын ашық қол­дау – Путин­нің шатқа­яқтап тұрған беделіне нұқ­сан кел­тіретін бол­ды. Ол Біздікін билік­тен ала­ста­ту­ды жақта­ды, бірақ басы­на әңгір­та­яқ ойна­туға асықпады.

Өйт­кені енді Оның барар жер, басар тауы жоқ, ал арты­на қал­ды­рған үлкен мұра­сы бар. Путин Оның тағ­ды­рын кей­ін, реті кел­ген­де кофе ішіп оты­рып-ақ шеше сала­тын мәсе­ле деп қара­ды. Қазір­гі таң­да ол Тоқа­ев­тың маңы­на Бұры­нғы­ның сума­қай­ла­рын топ­та­сты­рып беріп отыр.

  • Мао Цзэ­дун феномені

«Билік толы­ғы­мен Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың қолы­на өтті». «Елба­сы бар­лық құзірет­ті­гі­нен айы­рыл­ды, енді бәрін екін­ші пре­зи­дент шешеді» деген пікір­лер белең алуда.

Өз басым мұн­дай­ды көріп тұрған жоқ­пын. Бұлай түсінік беру­ге әлі ерте. Қ.-Ж. Тоқа­евқа жеке-дара биле­у­ге жол әлі ашы­лған жоқ. Екін­ші – әлі өз жақ­та­ста­рын сая­си күш ретін­де көрі­нетін клан ретін­де топ­та­сты­ра алған жоқ. Ол әлі Бұры­нғы­ның жасағы­ның орта­сын­дағы «арпа ішін­де­гі бір бидай» күй­ін­де қалып отыр. Тұңғы­штың өзі құзірет­тері­нен айы­ры­лға­ны­мен, оның кла­ны әлі күшін­де. Менің­ше, ешкім ешқай­да қашпай­ды. Басын­да қашай­ын деген­дері орта жол­дан кері айна­лып келіп жатыр. Тіп­ті қабақта­рын­да кір­бің жоқ. Біз Мао Цзэ­дун фено­мені үлгісін­де­гі қоға­мға өтіп жатырмыз.

Қытай­дың «ұлы асы­ра­у­шы­сы» халқы­на не істеп еді? Мәде­ни­ет­ті жоқ қыл­ды, зия­лы ата­улы­ны қала­дан қуып, ауыл­дарға «еңбек­пен тәр­би­е­ле­у­ге» – тышқан қуып, торғай атуға жібер­ді. Шару­а­ның пеші­мен металл қоры­там деп, кеніш ата­улы­ны қоқы­сқа тол­тыр­ды. Әле­умет­тік бағыт­тар­дағы жос­пар­ла­ры­ның бірі де орын­дал­ма­ды. Елді аштық жай­ла­ды, гума­ни­тар­лық апат қау­пі төн­ді. Өткен ғасыр­дың 70-жыл­да­ры­на қараған шақта Қытай ең кедей, сор­лы елге айналған болатын.

Бұған қаты­сты гәп­тің үлкені мына­да: Мао қан­ша­лы­қты ессіз тренд­тері­мен елдің басын қатыр­са да, иде­я­ла­ры­ның бәрі топы­раққа көміліп тасталған жоқ. Оның 1949 жылы Қытай Халық рес­пуб­ли­ка­сы­ның ірге­та­сын қала­у­шы­лар­дың бірі болға­ны рас. Ол құрған ком­пар­тия әлі өмір сүріп жатыр, бей­несі валю­та­ның бетін­де жарқы­рап тұр.

Неге олай? Өйт­кені Мао өлгені­мен, оның кла­ны өлген жоқ. Оның заң­ды және заң­сыз өмір­ге кел­ген шата­ла­ры­ның ұрпақта­ры ата­ла­ры­ның иде­я­сы­на қорған болып жүр. Олар қазір­гі Қытай эли­та­сын­да маңыз алар­лық дең­гей­де ықпа­лын сақтап қалды.

Солар сияқты Біздікінің де өзі құзірет­тері­нен ада бол­са да, кла­ны оның салған ізі­мен иде­я­ла­рын жалға­сты­ру­ды қолға алып отыр. «Бір адам­ды жап­пай қара­лап, бар кем­шілік­ті оның мой­ны­на арта беру­ге бол­май­ды» деп, шырыл­дап жүр­ген­дер – солар. Олар­дың ара­сын­да кезін­де қаза­қтың ыры­сын Оның өзі­мен, отба­сы мүше­лері­мен ымы­ра­ла­сып, бірі­гіп тонаған­дар аз емес. Қазір­гі пре­зи­дент­тің айна­ла­сы­на жина­лып жатқан­дар­дың, солар­дың ішін­де жоға­ры лау­а­зы­мға ие болып алған­дар­дың ара­сын­да Тұңғы­штың жақ­та­ста­ры толып жүр. Олар өздерінің сая­сат­тағы бағы­тын ұста­уға, оны іс жүзіне асы­руға тыры­спай қой­май­ды. Демек, елба­сизм де, оны­мен күрес те әлі жалға­сын табады.

Енді­гі Қаза­қстан­ның тағ­ды­ры қаңтар алып кел­ген біраз жари­я­лы­лы­қты пай­да­ла­нып, зия­лы қауым­ның бел­сен­ділік таны­та алуы­на неме­се алмауы­на тәу­ел­ді. Біздің алды­мы­зда руха­ни сала­лар­дағы көң астын­да көміліп қалған қазы­на­лар­ды қопа­рып, бұқа­ра­лық сана­ны ояту, оны сая­си бел­сен­ділік­ке бағыт­тау мін­деті тұр. Қазақ зия­лы­ла­ры осы­ны түсініп, кей­бір артық сөз­дері мен қателік­теріне қара­ма­стан, қазір­гі пре­зи­дент­пен ынты­мақ­та­сты­қта кон­сен­сус фор­ма­ты­на сыя­тын мәсе­ле­лер­ді шешу­ге кірі­суі – оңды болар деп ойлай­мын. Дәл қазір одан басқа тиім­ді нұсқа­ны көріп оты­рған жоқпын.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн