Пятница , 4 июля 2025

ӨЗГЕРІСТЕР саяси реформадан БАСТАЛАДЫ

Қазір­гі сая­си жағ­дай мен елі­міздің бола­шағы тура­лы мәлімдеме

  • Бұған дей­ін бел­гілі болған­дай, өткен апта­ның жұма күні бір топ қазақ аза­мат­та­ры «Бостан­дық. Әділ­дік. Теңдік. Қазір­гі сая­си жағ­дай мен елі­міздің бола­шағы тура­лы мәлім­де­ме» қабыл­даған еді. Осы мақ­сат­та «Теле­грам» желісін­де­гі арнайы ашы­лған арна мен әле­умет­тік желілер арқы­лы жари­я­ланған мәлім­де­мені 30 мың­нан астам адам қол­дап, қол қой­ды. Қол қою https://t.me/El_bolashagy Теле­грам-арна­сын­да жалға­сып жатыр. Біз төмен­де сол мәлім­де­мені қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Біз, түр­лі сала­да қыз­мет етіп жүр­ген, елі­міз­де қазір болып жатқан жағ­дай­ға алаң­да­у­шы­лық біл­діріп оты­рған Қаза­қстан аза­мат­та­ры, қалың жұрт­шы­лық пен елі­міздің бас­шы­лы­ғы­на мем­ле­кеті­міздің бола­шақтағы құры­лы­мы тура­лы ұсы­ны­ста­ры­мы­зды жеткіземіз.

Бар­ша­мыз «Қан­ды қаңтар» тра­ге­ди­я­сы­ның куәсі бол­дық. Оған елде орнаған қатал да әділет­сіз авто­кра­ти­я­лық режим түрт­кі болға­ны анық. 

Адам құқы­қта­ры тап­та­лып, демо­кра­ти­я­ның бар­лық инсти­тут­та­ры жой­ыл­ды. Біз мұны қатал сынға аламыз.

Қаңтар құр­бан­да­ры­ның қаны тек­ке төгіл­ді демес үшін, біз елі­міздің бола­шағы­на бай­ла­ны­сты өз көзқа­рас­та­ры­мы­зды жет­кіз­гі­міз келеді. 

Кез кел­ген мем­ле­кет­тің дамуы мен әле­уетін эко­но­ми­ка да, тех­но­ло­гия да, әске­ри күш те аны­қтай алмай­ды. Мұның бар­лы­ғы – тек дамы­ған ада­ми капи­тал­дың сал­да­ры ғана. Жал­пы адам­за­тқа тән бір­не­ше негіз­гі қағи­да бар, солар­ды сақтаған жағ­дай­да ғана ада­ми капи­тал­дың дамуы мен әлем­ге тары­дай шашы­лған дарын­ды отан­даста­ры­мы­зды елге қай­та­ру­ды барын­ша қам­та­ма­сыз ете аламыз.

Бұл қағи­да­лар: 1. Бостан­дық. 2. Әділет­тілік. 3. Мүм­кін­дік­тер теңдігі.

Бостан­дық – бұл құн­ды­лы­қтар­дың негізі. Бұл – елі­міздің, ата-баба­мыз бен ұрпағы­мы­здың сан жыл­дық арма­ны. Бұл – БАҚ бостан­ды­ғы, шеру­лер мен жиын­дар бостан­ды­ғы, жүріп-тұру бостан­ды­ғы, өз пікіріңді еркін біл­ді­ру бостан­ды­ғы, ар-ұждан бостан­ды­ғы, діни сенім бостан­ды­ғы және ең басты­сы – сай­лау бостан­ды­ғы мен адал әрі бәсе­келі сай­лау нәти­же­сі бой­ын­ша сай­ла­ну бостандығы.

Әділет­тілік – бір­лік пен тиім­ділік­тің негізі. Әділет­тілік – серік­те­стік­тің негізі, ертең­гі күн­ге, бір-бірі­міз­ге деген сенім, төзім­ділік пен толе­рант­ты­лық – бұл кез кел­ген дамы­ған қоғам­ның өмір сүруінің негізі.

Мүм­кін­дік­тер теңді­гі – бұл адам­дар­дың өз әле­уетін аша білуінің негізі. Мүм­кін­дік­тер теңді­гі – бұл ұлтқа, діни сенім­ге, жыны­сқа, әле­умет­тік ста­тус пен тіл­ге қара­май сая­си әрі эко­но­ми­ка­лық мүм­кін­дік­тер­дің теңді­гі. Мүм­кін­дік­тер теңді­гі – бұл Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның табыс көр­сет­кі­шіне қара­май меди­ци­на­лық жәр­дем­ді тең­дей алу мүм­кін­ді­гі. Бұл – бар­лық аза­мат­тар­дың қыз­метіне, ста­ту­сы­на, атағы­на қара­май заң алдын­дағы теңді­гі. Бұл – адам­дар­дың сені­міне лай­ық аза­мат қана жеңіс­ке жететін сая­си күре­сте­гі теңдік.

Саяси рефор­ма­лар­ды жүзе­ге асыр­май, аталған құн­ды­лы­қтар­ды қам­та­ма­сыз ету мүм­кін емес. Ол үшін пре­зи­дент бастап, пар­ла­мент қостап, жаңа заң­дар қабыл­да­нуы керек:

1. Жақын­да сай­лау тура­лы жаңа заң шең­берін­де жаңа пар­ти­я­лар­ды, соның ішін­де сай­ла­у­ға түсе ала­тын оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар­ды адал әрі ашық тір­кеу баста­луы тиіс. Ол үшін биыл­дың өзін­де «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заңға өзгерістер енгізіп, олар­ды тір­ке­у­ге қажет шек­ті азай­ту керек. Теңдік пен әділет­тілік қағи­да­сын негіз­ге ала оты­рып, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның моно­по­ли­я­сын жой­ып, пар­ти­я­лық бәсе­ке­ле­стік­ті сөз емес, іс жүзін­де қам­та­ма­сыз ету­ге шақырамыз.

2. «Пар­ти­я­лар және қоғам­дық бір­ле­стік­тер» мен «Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы» тура­лы жаңа заң­дар шең­берін­де кезек­тен тыс пар­ла­мент­тік сай­лау өтетінін жари­я­лау керек. Пар­ла­мент­ке сай­ла­ну про­пор­ци­я­лы-мажо­ри­тар­лы жүйе бой­ын­ша жүзе­ге асуы тиіс. Билік пен қоғам ара­сын­да сенім мен диа­лог болу үшін, біз­ге «Бей­біт жиын­дар және шеру­лер тура­лы» жаңа заң жоба­сы қажет.

3. Елден шыға­ры­лған капи­тал­ды кері қай­та­ру бой­ын­ша әділет­ті де ашық про­це­сті бастап, оның ел эко­но­ми­ка­сы үшін жұмыс істе­уіне жағ­дай жасау керек. Ал ең басты­сы – мұн­дай модель қай­та­лан­бай­тын­дай демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар­ды қалып­та­сты­ру қажет.

4. Бұл үшін «Сот пен сот жүй­есі тура­лы» және «Сөз бостан­ды­ғы тура­лы» тұжы­рым­да­ма­лық дең­гей­де жаңа заң­дар­ды қабыл­дау керек. Бұл заң­дар олар­дың шынайы тәу­ел­сізді­гіне кепіл болуы тиіс.

5. Біз­ге орта­лық пен өңір­лер ара­сын­дағы қарым-қаты­на­сты рет­тей­тін, өңір­лер­дің дер­бес­ті­гі мен сай­ла­у­шы­лар­дың алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ра­тын Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру тура­лы заң керек.

Саяси рефор­ма­ларға көшуді келесі қадам­дар­дан бастаған жөн деп санаймыз:

1. «Қан­ды қаңтар» оқиға­сын ашық әрі әділет­ті тер­ге­уді қам­та­ма­сыз ету. Егер кісі өлтіру­ге неме­се тона­у­шы­лы­ққа қаты­сы бар деген нақты дәлел бол­ма­са, тұтқын­далған бар­лық аза­мат­тар­ды боса­ту керек.

2. Сая­си тұтқын­дар­ды боса­ту керек.

3. Аза­мат­та­ры­мы­зды азаптаған құқық қорғау орган­да­ры­ның бар­лық өкіл­дері мен бұл қыл­мысқа көз жұма қараған бас­шы­ла­ры­ның үсті­нен қыл­мыстық іс қозғап, олар­ды халы­қтың алдын­да жаза­ға тар­ту керек. Погон таққан жауы­здар­дан құты­лу үшін, күштік құры­лым­дар­ды жап­пай тазар­тып, люст­ра­ция жүр­гі­зу керек.

4. Жеке басқа табы­ну­мен күре­су әрі оны жалға­сты­ру бой­ын­ша кез кел­ген тал­пы­ны­сқа қар­сы қоғам­дық имму­ни­тет қалып­та­сты­ру мақ­са­тын­да Қаза­қстан аста­на­сы­на бұры­нғы ата­уын қай­та­рып, басқа сала­лар­да да тегі­нен айы­ру про­цесін қолға алу керек.

Мұның бар­лы­ғы билік пен қоғам ара­сын­дағы сенім қал­пы­на кел­тіру­ге мүм­кін­дік беретін тек алға­шқы қадам­дар ғана бол­мақ. Қазір­гі сая­си жүй­енің шең­берін­де эко­но­ми­ка­лық даму мүм­кін­ді­гі толы­қтай сарқыл­ды. Не қазір­ден бастап тиім­сіз жүй­ені өзгер­туді бастай­мыз, не ертең елі­міз­ден айы­ры­ла­тын боламыз.

Біз үнде­уі­мізді қол­дай­тын аза­мат­тар­ды осы құжат­тың асты­на қол қоюға шақы­ра­мыз. Халы­қтың үні естілуі тиіс, бұған әрқай­сы­мы­здың мүм­кін­ді­гі­міз бар – https://t.me/El_bolashagy 

Арман Шора­ев

Бақыт­жан Бұқарбай

Бақыт­жан Төреғожина

Джо­хар Өтебеков

Дина Елге­зек

Досым Сәт­ба­ев

Ермұрат Бапи

Қар­лы­ғаш Еженова

Марғұлан Сей­сем­бай

Мұх­тар Жәкішев

Сан­жар Боқаев

Тоғ­жан Қожалиева

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн