Пятница , 4 июля 2025

Мақсұт ҚАЛЫБАЕВ: Ескі сайлау жүйесімен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» ҚҰРУ МҮМКІН ЕМЕС

Газет­тің тұрақты «ДАТ!» айда­ры­ның бүгін­гі қонағы – Қаза­қстанға ерекше еңбе­гі сің­ген зей­нет­кер, қоғам зерт­те­ушісі Мақсұт Қалы­ба­ев аға­мыз. Мақаң өзінің егде тар­тқан жасы мен анда-сан­да сыр берер сырқа­ты­на қара­май, әлі күн­ге қоғам үшін, халқы­ның бола­шағы жолын­да «күй­іп-пісіп» жүретін өте бел­сен­ді аза­мат. Төмен­гі сұх­бат­та оның Қаза­қстан­дағы сай­ла­у­лар­да дауыс беру жүй­есін жетіл­ді­ру жөнін­де­гі ұсы­ны­сы сөз болады.

– Мақсұт аға, сізді сай­ла­уда дауыс беру тех­но­ло­ги­я­сы тура­сын­да көп жыл­дан бері билік­ке ұсы­ныс айтып жүр­ген қарт сай­ла­у­шы­лар­дың бірі ретін­де біле­міз. Деген­мен, алдағы сай­ла­уда мәжілістің 30 пай­ы­зы бір ман­дат­ты округ­тар­дан сай­ла­на­ты­нын ескер­сек, билік тара­пы­нан дауыс беру қоры­тын­ды­ла­рын қатаң бақы­ла­у­ға алу, билік­тің үміт­кер­лерін өткізу­ге күш салу әре­кеті бола­ды деп ойлай­сыз ба?

Менің ойым­ша, пар­ла­мент­тік сай­ла­уда 30 пай­ы­здық мажо­ри­тар­лық жүйе біздің ел үшін аздық қыла­ды. Келесі сай­ла­уда 50 пай­ы­здық ара­лас жүйе қол­да­ны­луы керек деп ойлаймын.

Екін­ші­ден, біздің билік­тің сай­ла­удағы осы уақы­тқа дей­ін қол­да­нып кел­ген тех­но­ло­ги­я­сы да, сай­ла­у­шы­лар­дың дауыс беру про­це­ду­ра­сын­дағы бюл­ле­тень­дер­ді санау тәсіл­дері де өзгер­ме­ген­дік­тен, бұры­нғы жымысқы әре­кет­тер жалға­са беруі мүм­кін. Бар­шаға мәлім, елі­міз­де 30 жыл билік құрған  экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың қалып­та­сты­рған сай­лау тех­но­ло­ги­я­сын­да ОСК-ның төраға­сы­нан бастап, оның құра­мын­дағы мүше­леріне дей­ін пре­зи­дент өз жар­лы­ғы­мен тағай­ын­дай­ты­ны және өңір­лер­де­гі огруг­тік, учас­келік сай­лау комис­си­я­ла­рын жасақтау да жер­гілік­ті әкім­дер­дің құзы­рын­да бола­ды. Сол жүй­ені бүгін­гі тоқа­ев­тық «Жаңа Қаза­қстан» да қолданады.

Одан кей­ін, сай­ла­уда дауыс беру про­цесін ұйым­да­сты­ру мәсе­лесі де  кеңе­стер дәуірі­нен ілесіп келе жатқан зұлым Ста­лин айтқан­дай: «Мәсе­ле сай­ла­уда кім­дер­дің кім­ге қан­ша дауыс бер­генін­де емес, мәсе­ле сол дауы­сты қалай сана­уда», – деген тәсілі қол­да­ны­стан түс­кен жоқ. Мұн­дай жағ­дай­да біздің қоғам­да әділ сай­лау өте­ді деп үміт­те­ну­ге бола ма? Ал билік­тің мұн­дай қыл­мысқа пара-пар әре­кетіне қар­сы біздің қоғам­да сая­си оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар, қоғам­дық бір­ле­стік­тер, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар және жур­на­ли­стер мен елдің бел­сен­ді аза­мат­та­ры алы­сып келе жатқа­ны­на да 33 жыл бол­ды. Оның нәти­же­сі бол­ды ма? Бұл мәсе­ле жөнін­де қара­пай­ым сай­ла­у­шы кім­ге шағым­да­на­ды? Біз­де тәу­ел­сіз сот жүй­есі де жоқ.

Оған қоса, шетел­ден ресми келіп, біз­де­гі сай­ла­удың сиқы­на бақы­лау жасаған ЕҚЫҰ (ОБСЕ) өкіл­дері де Қаза­қстан­да өткізіл­ген сай­ла­удың бір­де-бірі әділ және таза өтпе­ді деп талай рет мәлім­де­ме жаса­мап па еді? Сон­ды­қтан бұл жолғы сай­ла­уда да Ақор­да­ның ұста­ны­мы 180 гра­дусқа өзге­реді деп ойламаймын.

Біз­де­гі сай­ла­уда қол­да­ны­лып келе жатқан мұн­дай тех­но­ло­гия авто­ри­тар­лық жүйе көсем­дерінің билік­те­гі өмірін ұзар­та берудің кепілі. Олар қол­да­рын­дағы әкім­шілік, идео­ло­ги­я­лық, ақпа­рат­тық, қар­жы­лық, құқы­қтық, күштік, т.б. ресур­ста­рын пай­да­ла­нып, халы­қты алдап-арбап, қара тобыр есебін­де құл қылып ұстап келеді. Мұн­дай жағ­дай­да Кон­сти­ту­ция да халы­ққа қыз­мет қылмайды.

– Әйт­се де, бұл сай­ла­уда мажо­ри­тар­лық ман­датқа тала­са­тын үміт­кер­лер тара­пы­нан дауыс беру про­цесін бақы­лау күшті бола­ты­нын ескер­сек, билік­тің көпе-көр­неу заң бұзу­шы­лы­ққа баруы оңай болмас?

– Негізі, егер миы бол­са, басқа аймақтар­ды қай­дам, Алма­ты­дағы үш округ­те­гі сай­ла­у­ға билік­тің ара­лас­паға­ны абзал бола­ды. Әдет­те сай­лау мәсе­лесіне өте бел­сен­ді қаты­са­тын алма­ты­лық бақы­ла­у­шы­лар қала­дағы бар­лық сай­лау учас­ке­лерін бақы­ла­у­шы­лар­мен жауып тастай­тын бол­са, билік үшін тыны­шы – осы үш округ­те­гі дауыс беру­ге ара­лас­паға­ны жөн бола­ды. Ертең Алма­ты­да шу шыға­тын бол­са, бүкіл Қаза­қстан­дағы сай­лау нәти­же­сіне кесірі тиеді.

– Деген­мен, қалай болған­да да, Алма­ты­дағы үш округ­тің әрқай­сысы­нан 60-қа жуық үміт­кер сай­ла­у­ға түсіп жатқа­ны қоғам­да бір өзгерістің басталға­нын біл­дір­мей ме? 

– Иә, өзіңіз айтып оты­рған мажо­ри­тар­лық ман­датқа бір ғана Алма­ты­ның сай­лау округ­терін­де бір оры­нға 60-тың төңіре­гін­де үміт­кер құжат­та­рын тап­сы­рып­ты. Сөз жоқ, бұл жақ­сы өзгерістің ныша­ны. Бірақ осы құп­тар­лық жағ­дай ма?

– Неге құп­тар­лық бол­ма­сын? Назар­ба­ев­тық сірес­кен режим­нің тоңы жіби бастаға­ны­ның бел­гісі емес пе? Бұрын­да­ры мұн­дай бел­сен­ділік бол­маған еді ғой?

– Сол 30 пай­ы­здың құры­ған­да 10 пай­ыз ман­да­тын тәу­ел­сіз депу­тат­тар алса, құба-құп қой. Бірақ билік жеке ман­дат­ты округ­тарға да «Ама­нат» пар­ти­я­сы мен биз­нес өкіл­дері­нен өз адам­да­рын тық­па­лап жатыр. Оның үстіне депу­тат­тар­дың негіз­гі кор­пу­сын құрай­тын пар­ти­я­лық сай­лау жүй­есін­де бір­де-бір тәу­ел­сіз пар­тия жоқ екенін ескерейік.

Біз­де өз бетін­ше сая­си пар­тия құра­мын деген аза­мат­тар өзінің сая­си бел­сен­ділі­гі­мен өндірістің әр сала­сын­да іскер­лік таны­тқан, халы­қтың руха­ни, әле­умет­тік жағ­дай­ы­на қорға­ныш болып, ана тілі­міз бен ділі­міздің мүш­кіл жағ­дай­ы­на жана­шыр­лық таны­тып жүр­ген аза­мат­тар­ды Ақор­да билі­гі өздеріне бәсе­ке­лес ретін­де көріп, олар­ды Әділет мини­стр­лі­гі­нен тір­кет­пей­ді де, сая­си алаңға жолат­пай­ты­нын да көріп отырмыз.

Менің бұл сұраққа бай­ла­ны­сты айт­пағым: осы жолғы пар­ти­я­лық тізім­мен сай­ла­у­ға жібер­ген 7 пар­ти­я­ның ішін­де тір­ке­уден өткізіл­мей жүр­ген Болат Әбі­ло­втің, Жаса­рал Қуа­ны­шә­лин мен Жан­бо­лат Мамай­дың пар­ти­я­ла­ры жоқ. Олар­дың кінәсі – халы­қтың жоғын жоқтап, билік­ке шын­ды­қты айтқа­ны­нан ба?

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қ.-Ж. Тоқа­ев пар­ла­мент сена­ты­ның оты­ры­сын­да сөй­ле­ген сөзін­де: «Қаза­қстан­да пікір алу­ан­ды­ғы­на ешқан­дай шек­теу қой­ыл­май­ды. Заңға қай­шы кел­мей­тін бар­лық іс-әре­кет­тер­ге рұқ­сат беріледі. Деген­мен,  бір нәр­сені бәрі­міз қапер­де ұста­уы­мыз керек. Сай­лау елді бөлетін емес, бірік­тіретін науқан болуы керек» дегеніне қара­ма­стан, неге мәжілі­стен  пар­ти­я­лық тізім­ге  69 орын беріледі? Ал мажо­ри­тар­лық жүй­е­ге 29-ақ орын бөліп, тамам жұрт­ты тала­сты­рып қояды. Бұл жер­де сан­дық про­пор­ция 7030 емес, 50/50 бол­са, халы­қтың сай­ла­у­ға деген ынта-жігері бөлін­бес еді ғой. Және сол 7 пар­ти­я­ның ішін­де  «Ама­натқа» (бұры­нғы «Нұр Отан») бұры­нғы­ша басым­дық беріліп, олар ман­дат­тың 75% ие бол­мақ­шы. Әрине, олар­дың бар­лық өңір­лер­де­гі  250 фили­ал­да­рын­да  4 мыңға жуық баста­уыш ұйым­да­ры бар. Ал басқа пар­ти­я­лар­дың фили­ал­да­ры бәрі жиналған­да 18–20 ғана. Үгіт-наси­хат айын­да сая­си тех­но­ло­ги­я­ның басым­ды­ғы қай жағын­да бола­ты­ны айт­па­са да түсінікті.

Осын­дай фор­мат­та құры­лып жатқан пар­ла­мент­те кім­дер­дің үстем­дік құрып, кім­дер­дің өктем­ді­гі жүріп тұра­ты­ны бел­гілі.  Бүгін­де пар­ла­мент­тік пар­тия сана­ла­тын «Ама­нат», «Ақ жол» және «Халы­қтық» деп ата­ла­тын пар­ти­я­ның үше­уіне келетін бол­сақ, бұлар­дың 2004–2020 жж. ара­лы­ғын­да бюд­жет­тен алған қар­жы­сы 54,5 млрд тең­ге. Соның ішін­де «Нұр Отан­дікі» – 7,8 млрд, «Ақ жол­ды­кі» – 3,8 млрд, ал «халы­қ­шыл­дар­дікі» – 3,7 млрд тең­ге. Олар­дың фили­ал­да­рын­да жұмыс істеп оты­рған 1200 қыз­мет­кер­дің жалақы­сы 10,6 млрд тең­ге. Ал елі­міз­де­гі 12 млн-ға жуық сай­ла­у­шы­лар­дың бұл пар­ти­я­ның құра­мын­дағы саны 1,5 млн-нан аспайды.

Сон­да Қаза­қстан­да пар­ти­ядан тыс қалған 10 млн-нан астам сай­ла­у­шы­лар­дың құқы­ғы қай­да қалған? Олар­дың ерік-жігері сай­лау мен сай­ла­ну­дан неге тыс қалуы тиіс? Мұн­дай пар­ла­мент­тік сай­ла­удың парқын сай­ла­удан тыс қалған халық мой­ын­дай ма? Сон­да біз­де­гі өкілет­тік билік­те оты­ра­тын депу­тат­та­ры­мыз бір жағы билік­тікі (көп­шілі­гі), бір жағы халы­қты­кі (азшы­лы­ғы) болып, өзі­нен-өзі екі­ге бөлініп тұрған жоқ па? Бұлар қай­тіп Қаза­қстан­ды жаңарт­пақ­шы? Тоқа­ев мыр­за­ның «халы­қты бірік­тіретін» қағи­да­сы қай­да қалды?

– Сіздің сөзіңіздің жөні бар…

– Жөні ғана емес, жаны бар сөз! Ұлт­тық және мем­ле­кет­тік мүд­де жолын­да халы­қтың бір­тұ­тас бірі­гуі сөз­бен емес, нақты іспен жүзе­ге асуы тиіс еді. Оның үстіне сай­ла­уда дауыс беру кезін­де бұл билік халы­қты «бюд­жет­ник­тер» және «басқа­лар» деп, тағы да екі­ге жара­ды. Ал дауыс бер­ген сай­ла­у­шы­лар өзінің бюл­ле­тені кім­нің есебіне жазы­лға­ны аны­қтал­май­тын тағы бір былық болай­ын деп тұр.

– Ал сіз ұсы­нып жүр­ген бюл­ле­тень үлгісі әр сай­ла­у­шы­ның қай үміт­кер­ге дауыс бер­генін қалай қам­та­ма­сыз етуі мүмкін?

– Бұл сұрақтың жау­а­бы – егер біздің елде­гі сай­лау тех­но­ло­ги­я­сы­на мен ойлап тапқан сай­ла­уда дауыс беру тәсілі қол­да­ны­ла­тын бол­са, халы­қтың риза­шы­лы­ғы­на кене­лер еді. Біздің қоғам­да осы уақы­тқа дей­ін пай­да­ла­нып кел­ген сай­лау бюл­ле­тень­дер­де­гі сай­ла­у­шы­ның өз таң­да­уы­на бер­ген дауы­сын өзгер­те салу оп-оңай. Басты кем­шілік осын­да. Әр сай­ла­у­шы өзі бер­ген дауы­стың сол қал­пын­да сақталға­ны­на көз жет­кі­зе алмай­ды. Ол тіп­ті мүм­кін де емес. Бюл­ле­тень урнаға тасталған­нан кей­ін – біт­ті. Әрі қарай комис­си­ядағы­лар қалай санай­мын десе, өз еркін­де. Бақы­ла­у­шы­лар­ды оның қасы­на жолат­пай­ды. Егер сай­ла­у­шы мен оның қолын­да болған бюл­ле­тень­нің кері бай­ла­ны­сы бола­тын ама­лы бол­са, онда дауы­стың бұр­ма­ланға­ны-бұр­ма­лан­баға­нын өзі тек­серіп, өзі дәлел­дей ала­тын болуы керек.  Осы­дан кей­ін дауыс беру про­цесін жетіл­ді­ру қажет­тілі­гі өзі­нен-өзі көрініп тұр.

– Ал сіздің нұсқаңы­здағы «кері бай­ла­ныс» қалай қам­та­ма­сыз етілуі мүмкін?

– Алды­мы­зда бола­тын мәжіліс пен мәс­ли­хат­тар сай­ла­у­ы­на дай­ын­да­лып жатқан дауыс беру бюл­ле­тень­дерін лоте­рея билет­тері тәрізді сери­я­лап, көп сан­ды нөмір­мен шыға­ру қажет (үлгі фото­кө­шір­ме­ге қараңыз). Серия сай­лау окру­гі мен учас­ке­лерінің ата­у­ла­ры­на қарап, алға­шқы бір-екі бас әріп­тер­мен облыс ата­у­ла­ры бел­гі­лен­се, рим циф­ры­мен сай­лау округ­тері бел­гі­ле­неді. Ал бюл­ле­тень­де­гі нөмір әр сай­лау учас­кесін­де сай­ла­у­шы­лар­дың саны­на жететін етіп мың­дық, он мың­дық цифр­лар­мен жазылады.

Сай­лау күні дауыс беру­ге кел­ген сай­ла­у­шы сай­лау комис­си­я­сы­на өз төлқұ­жа­тын көр­сетіп, бел­гі соқты­рған­нан кей­ін, үстел үстіне жазуы асты­на қарап жатқан бюл­ле­тень­дер­дің біре­уін алып, шымыл­дық ішіне кір­ген соң, өзінің таң­да­уын неме­се қар­сы­лы­ғын жасай­ды да, бюл­ле­тень сери­я­сы­ның нөмірін жазып ала­ды, ал оның келесі бетіне өзінің қалаған бір бел­гісін салып жібе­реді. Содан кей­ін дауыс беру жәші­гіне апа­рып сала­ды. Осы­дан кей­ін сай­ла­у­шы өз бюл­ле­тенінің ізін жоғалт­пай­ды. Сол арқы­лы бер­ген дауы­сын бұр­ма­ла­у­ға да жол берілмейді.

– Ал әрбір сай­ла­у­шы өзі бел­гі салған бюл­ле­тенін қалай тек­се­ре ала­ды? Біз­де сай­ла­у­шы­лар тек­се­ру түгілі, дауыс беру­ге бар­май­ты­нын білесіз…

– Сай­лау уақы­ты біт­кен­нен кей­ін, сай­лау комис­си­я­сы әр пар­ти­я­ның өкілет­ті бақы­ла­у­шы­ла­ры­ның қаты­суы­мен дауыс беру­ге қаты­спаған бюл­ле­тень нөмір­лері мен жал­пы есеп санын көр­сетіп, хат­та­маға түсіреді. Және сол жер­де бюл­ле­тенінің шетін қиып, маку­ла­ту­раға өткі­зетін жәшік­тер­ге жібе­реді. Бұдан кей­ін дауыс бер­ген жәшік­ті сол бақы­ла­у­шы­лар­дың көзін­ше ашып, дауы­сқа қаты­сқан бюл­ле­тень­ді әрбір кан­ди­дат­тар­дың үлесіне түс­кен нөмір­лерін көр­сетіп, кім­дер­дің қан­ша дауы­сқа ие болға­нын хат­та­маға түсіреді.

Одан әрі учас­ке – округ­тік комис­си­яға, ал олар ОСК-ға арнайы пошта­мен жібе­реді. Және де Орта­лық округ­тік сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның элек­трон­дық пошта­ла­ры­на енгі­зеді. Неме­се ком­пью­тер жетім­сіз жер­лер­де жер­гілік­ті газет­тер­дің бетін­де дауы­сқа түс­кен бюл­ле­тень­дер нөмірі жарияланады.

Жақ­сы, сай­ла­у­шы дауыс бер­ген кез­де өзінің бюл­ле­теніне жасы­рын бел­гі соқты делік, бірақ сол дауыс өзі қалаған кан­ди­дат­тың есебіне жазы­лға­нын қалай тек­се­ре­міз? Сай­лау комис­си­я­ла­ры кей­ін­нен бел­гі соғы­лған бюл­ле­тень­ді сай­ла­у­шы­ға көр­сет­пей­ді ғой?

– Жоға­ры­да айты­лған­дай, сай­лау қоры­тын­ды­ла­ры жари­я­ланған мағлұ­мат­тар арқы­лы сай­ла­у­шы кеше­гі өзі дауыс бер­ген бюл­ле­тень­де­гі нөмірін өзі таң­даған кан­ди­дат­та­ры­ның үлесіне жазы­лға­ны­на көзін жет­кі­зеді. Егер өзі дауыс бер­ген бюл­ле­тень нөмірі басқа кан­ди­датқа жазы­лып кет­кен бол­са, сотқа шағым­да­нуы­на әбден бола­ды. Және сот алдын­да өзі дауыс бер­ген бюл­ле­тень­ге салған бел­гісін көр­сет­се (таң­ба ретін­де неме­се туған күні циф­ры ретін­де), толық дәлел­дей ала­ды. Осы­лай­ша сай­ла­удан кей­ін әр сай­лау учас­кесі­нен сот орган­да­ры­на нара­зы­лық, шағым ондап, жүз­деп түсіп жат­са, билік­тің сай­лау про­цесіне қол сұғуы­на тый­ым салынады.

– Сіздің осын­дай үлгі­де­гі бюл­ле­тень­мен дауыс беру жөнін­де­гі ұсы­ны­сы­ңы­зды бүгін­гі билік­тің қол­да­уы неғай­был. Себебі, бірін­ші­ден, билік өзіне-өзі «көр қаз­бай­ды». Екін­ші­ден, әр бюл­ле­тень­ді жеке-жеке нөмір­леу қосым­ша қар­жы­лық шығын­ды қажет етпей ме?

– Дұрыс айта­сыз, біз­де­гі тақ үстін­де үрей­де оты­рған билік менің бұл баста­мам­нан өлер­дей қорқа­ды. 1998 жыл­дан бері бұған жол бер­мей келеді. Менің сол жылы пре­зи­дент аты­на жібер­ген ашық хаты­ма жау­ап та бол­ма­ды. Бірақ пар­ла­мент мәжілісіне ОСК-дан жау­ап алдым. Мәжілістің №5–15 /1345  09.04.1998 ж. жау­а­бын­да бұл мәсе­ле пар­ла­мент мәжілісі депу­тат­та­ры­ның наза­ры­на ұсы­ны­лып, осы заң жоба­сын талқы­лау бары­сын­да еске­ретін бола­мыз деген еді. Ал ОСК №15–6/192  09.04.1998 ж. жау­а­бын­да – сай­лау бары­сын­да бюл­ле­тень­дер­ге серия қою және нөмір­леу дауыс берудің жасы­рын өтуін бұза­ды және сай­лау учас­ке­леріне бел­гі­лен­ген мөл­шер­мен серия және нөмір қой­ы­лған бюл­ле­тень­дер жібе­ру сай­ла­у­шы­ларға күдік туды­руы мүм­кін делінген.

Сон­да дауыс берудің жасы­рын өтуі қай­тіп бұзы­ла­ды? Бюл­ле­тень­дер­ді нөмір­леу сай­ла­у­шы­ларға қан­дай күдік туды­руы мүм­кін? Әлем­де тара­лып жатқан лоте­рея билет­тері сол нөмір­лер арқы­лы мил­ли­он­даған, мил­ли­ард­таған ұтыс ақша­ла­ры мен заттар­ды да ұтыс шыққан лоте­рея билетінің иесіне құпи­я­лы­ғын сақтап та, ешқан­дай күдіксіз тап­сы­рып жатқан жоқ па!

1999 жылы 10 қаңтар­да өткен пре­зи­дент­тік сай­ла­уда менің осы ұсы­ны­ста­рым­нан құлағ­дар болған сай­ла­у­шы­лар­дың да пре­зи­дент Назар­ба­евқа қар­сы дауыс бер­ген­дер­дің саны көп бола­тын. Тек сол жылы ғана оның жеңісін 79,7 % деп жари­я­ла­ды. Және сол жылы сай­ла­у­ға жұм­салған қар­жы 200 млрд тең­ге­ге жет­кен еді. Одан кей­ін Назар­ба­ев 2005 жылы – 91,5%, 2011 – 95, 5% , 2015 – 97, 7% дауы­спен «жеңіс­ке» жет­кен болатын.

Тоқа­ев мыр­за да ел билі­гіне кел­гелі, осы­мен төр­тін­ші рет сай­лау өткі­зей­ін деп отыр. 19.03.2019 ж. пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на 9,4 млрд тең­ге, 05.06.2022 ж. рефе­рен­дум­да 16 млрд, 10.11.2022 ж. кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на 20,5 млрд, енді алдағы мәжіліс пен мәс­ли­хат сай­ла­у­ы­на 34 млрд. тең­ге бөлін­ген екен. Бұның бәрі бюд­жет­тен 79,5 млрд жұтай­ын деп отыр. Осын­ша қыру­ар қар­жы қан­дай есеп­пен бөлі­неді және ол қалай, қай қажет­тілік­тер­ге жұмсалады?

Елі­міз­де­гі қала­лар­дың электр, жылу жүй­е­лері 80–90%  тозы­ғы жетіп, тех­но­ген­дік апат­тарға ұшы­рап жатқан­да, халы­қтың тұр­мыс-тір­шілі­гі күн­бе-күн қиын­дап, азық-түлік пен басқа да тұты­ну тау­ар­ла­ры қым­бат­тап жатыр, елді мекен­дер­де 90%-ы таза ауыз суға жары­май, қым­бат­шы­лы­қтың қыспағын­да жүр, тіп­ті 285 елді мекен­де электр жары­ғы, 715-інде білім орда­сы, 6290-да меди­ци­на­лық қыз­мет те жоқ.

Ал мен ұсы­нып оты­рған бюл­ле­тень­дер­ге №  қою тәр­тібі ешқан­дай қосым­ша  шығын кел­тір­мей­ді. Керісін­ше, ол бюл­ле­тень бел­гілі бір мерзім­ге шей­ін (келесі сай­ла­у­ға дей­ін) құн­ды қағаз­дың сипа­ты­на еніп, сай­ла­у­шы пай­да­ланған құжат ретін­де сақталады.

– Қаза­қстан­дық авто­ри­та­ризм жағ­дай­ын­да сіздің ұсы­ны­сы­ңыз уто­пия бол­май ма?

– Егер таза және ашық сай­ла­у­ға билік­тің шынайы ықы­ла­сы болған­да, бұл ешқан­дай да уто­пия емес. Алдағы сай­ла­уда осы ұсы­ны­ста­рым қол­да­ны­сқа енсе, халық өзін-өзі басқа­ру­ды, мем­ле­кет­тік орган­дар мен жер­гілік­ті билік­тің тіз­гінін өз қол­да­ры­на ала­тын бола­ды. Алдағы мәжіліс пен мәс­ли­хат­тар сай­ла­у­ын­да осы тәсіл­мен дауыс беруді Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы үкі­меті­нен талап етейік.

Бұл сай­лау тәсілі Қаза­қстан автор­лар қоға­мы­ның Алма­ты қала­сын­дағы бөлім­ше­сін­де 2000 жылғы 6 жел­тоқ­сан­да №19 куәлі­гі­мен зият­кер­лік мен­шік ретін­де тіркелген.

– Мақсұт аға, түп­теп кел­ген­де, сіз үшін әділ сай­лау деген не?

– Негізі, әділ және таза сай­ла­удың өтуі Тоқа­ев мыр­за­ның «Жаңа Қаза­қстан» иде­я­сы­на сай болуы керек. Пре­зи­дент­тің алдағы 7 жыл­дық құзыр­лы мерзі­мі ара­сын­да елі­міз­де Назар­ба­ев құрған фео­дал­ды-тота­ли­тар­лық жүй­ені түбе­гей­лі өзгер­тіп, жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­дау қажет. Назар­ба­ев­тың отба­сы, жақын­да­ры мен сыбай­ла­ста­ры­ның халы­қтан ұрлап, шетел­дер­ге тыққан 340 млрд дол­лар қар­жы­сы мен басқа да жыл­жы­май­тын мүлік­терін халы­ққа қай­та­ру керек.

Бар­лық стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар жер асты, жер үсті кен бай­лы­қта­ры­мен қосып, өндіріс орын­да­рын, ауыл шару­а­шы­лық кешен­дері мен инфрақұры­лым, логи­сти­ка­лық нысан­дар­дың 85 %-ы (Қытай­да 94 %) мем­ле­кет­тің мен­ші­гіне қай­та­ры­луы тиіс. Бұған халық қана емес, Қасым-Жомарт Тоқа­ев басқарған бүкіл билік мүд­делі болған жағ­дай­да, расын­да да, біз «Жаңа Қаза­қстан» құра аламыз! 

Жазып алған Алма ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ,

Алма­ты қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн