Пятница , 4 июля 2025

«БІР ҚҰМАЛАҚ» жыры қашан бітеді?

Тұры­с­бек Сәукетаев

  • Пре­зи­дент Тоқа­ев қаһар­лы Қаңтар­дың қара дауы­лы басы­лар-басыл­ма­стан, іле-шала өзі плат­фор­ма­сын айқын­даған «Жаңа Қаза­қстан­ды» құру иеде­я­сын түй­ін­дей келіп: «Жаңа Қаза­қстан дегені­міз, бұл – Әділет­ті Қаза­қстан» деп тұжы­рым­даға­ны бар­ша­мы­зға бел­гілі. «Бәре­кел­ді!» – дедік.

Жөн-ақ. Осын­дай сөз айтқан ауы­здан айна­лып кет­сең бол­мас па?! Бар­лық жер­де есесі кетіп, жетім бала­дай жабы­қтан жау­таң­даған жылау көз қаза­қтың отыз жыл бойы аңсаға­ны – осы Әділет еді ғой! Жыр­тық тымағы­мы­зды аспанға аттық, жүре­гі­міз жары­лар­дай қуан­дық. Еңбе­гін сауған қара халық үшін Әділет­тен артық не керек?!

Иә, қан­ды Қаңтар­дан кей­ін екпін­дей ескен демо­кра­ти­я­ның «алтын күре­гі» Назар­ба­ев режи­мі ширек ғасыр­дан астам уақыт белу­ар­дан былы­қты­рған Авгий­дің атқо­рас­ын қидай сыпы­рып, тазар­та бастаға­нын бүгін­гі таң­да бәрі­міз көзі­міз көріп, көңілі­міз тұшы­нып отыр. Жыл­дар бойы қор­да­ланған күр­делі про­бле­ма­лар­ды еңсе­ру мақ­са­тын­да пре­зи­дент өзі бас болып, көп­те­ген кешен­ді шара­лар жедел қолға алын­ды. Эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік рефор­ма­лар кезең-кезеңі­мен жүзе­ге асы­ры­лу­да. Осы атқа­ры­лып жатқан игі істер­дің һам­ма­сы да отыз жылғы түнек­тен кей­ін жарқ етіп, алды­мы­здан жанған күн­дей жады­ра­тып, көңілі­міз­ге қуа­ныш ұялатқа­ны рас.

Соны­мен қоса, ел өмірін сая­си тұрғы­дан рефор­ма­ла­уда да нық қадам жаса­лу­да. Ең басты инсти­тут – сая­си жүйе – өзгер­мей, жаңа­рам, жақ­са­рам деу – құр әуре­шілік, өзіңді-өзің алда­у­мен пара­пар көр­соқыр­лық екені анық. Яғни, ескі жүй­е­ге енгізіл­ген кез кел­ген жаңа­шыл­дық, жақ­сы баста­ма сол сәтін­де-ақ ескіреді, тұн­шы­ғып өшеді, алып маши­на­ның жай бір қалып­ты вин­тик-тегер­ші­гіне айналады.

Осы­ған бай­ла­ны­сты мем­ле­кет бас­шы­сы Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгі­зу тура­лы баста­ма көтеріп, оған өткен жылы елі­міз­де бүкіл­ха­лы­қтық рефе­рен­дум өткізіл­гені мәлім. Нәти­же­сін­де басты-басты 33 бап, яки Кон­сти­ту­ци­я­ның үштен бірі өзгер­тіл­ді. Былай­ша айтқан­да, Құдай­дың тағы­на таласқан кеудем­соқ мықты­ның көңіл ауа­ны­на қарап, шимай-шат­паққа ұшы­рап, май­лық-сулы­ққа айналған Ата заңы­мыз өрке­ни­ет­ті елдер­де­гі­дей өзінің мәр­те­белі тұғы­ры­на қон­ды десек те болар. Бұл дегені­міз – қоға­мы­м­ы­здың түп көтеріліп, түбе­гей­лі түле­уі, сая­си-әле­умет­тік һәм мәде­ни, эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан бол­сын, бар­лық сала­да ел өмірінің жаңа сапа­лық дең­гей­де жаңғы­руы деген сөз.

Сон­ды­қтан да рефе­рен­дум бары­сын­да жүм­лә жұр­ты­мыз аза­мат­тық пози­ци­я­сын ымы­рас­ыз біл­діру­ге жұмы­ла атса­лы­сып, айры­қ­ша бел­сен­ділік таны­тқа­ны­на бар­ша­мыз куә­міз. Әсіре­се «Тұңғыш пре­зи­дент – елба­сы­ның ста­тус-мәр­те­бесі» тура­лы баб­ты түбе­гей­лі алып тастау үшін табан­дап күре­сті. Кон­сти­ту­ци­я­ның жаңа редак­ци­я­сын жасақта­у­шы, НӘН-бай май­шел­пек­тің тәт­ті дәмі әлі де уыл­жып, таң­дай­ла­ры­нан кет­пей жүр­ген жарам­сақ, жал­тақой топ: «Тұңғыш пре­зи­дент – тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның негізін қала­у­шы» деп, түл­кібұлаңға салып, қашыр­тқы қулы­қ­пен өз нұсқа­сын ұсын­бақ­шы болған­да, қалың бұқа­ра­ның өре тұрып, қай­наған ашу-ыза­сы әле­умет­тік желіні жарып жібе­ре жаз­даға­нын көрсең!

Иә, қай­ма­на жамағат­тың қаны қара­я­тын­дай-ақ жөні бар. Назар­ба­ев зама­ны­нан не қай­ыр көріп, не барқа­дар тауып еді? Талай ұрпақтың отыз жыл­дық қай­ран өмірі итке лақты­рған сүй­ек­тей далаға кет­ті. Бір көзі­нен қан, бір көзі­нен жас ағып, сор­лаған­нан басқа не көр­ді? Ат төбелін­дей ұры-қары оли­го­по­лия шексіз бай­ып, жанын жал­дап, қан­сор­па­сы шыққан кедей-кеп­шік шексіз қай­ыр­шы­лан­ды. Жарам­сақ жазар­ман­дар: «Құдай­дың жер­де­гі көлең­кесі», «Мои­сей пай­ғам­бар», «Көре­ген», т.б. деп теңеу таба алмай, 30 жыл таң­дай­ла­ры тесіл­ген­ше тақыл­даған НӘН-дерінің шығарған ұшпағы, орнатқан пей­і­ші осы ма? Бір-ақ адам билеп-төсте­ді, бір-ақ адам бәрі­мізді қора­дағы қой­дай таяғы­ның ұшы­мен жусатып-өргізді.

Дана қазақ осын­дай­да: «Бір құма­лақ бір қарын май­ды шірі­те­ді» деген­ді қалай дәл тауып айтқан. Һәм ол құма­лағы­ңыз жәй құма­лақ емес, НӘН құма­лақ бол­са ше? Иә, НӘ-Ә-ӘН-бай құма­лақ қарын­дағы май­ы­мыз түгілі, тір­шілік кешер күл­лі кеңісті­гі­міз­ге дей­ін шірітіп біт­кен жоқ па?! Отыз жыл бойы тұн­шы­қтық. Бор­сы­ған шірін­дінің иісі­нен ула­на-ула­на шыдам­ның әбден шегіне жет­кен қара­ша жұрт­тың көкіре­гін­де­гі булы­ққан ашу ақы­ры бір-ақ сәт­те «газ» болып жарыл­ды. Сөй­тіп, әйгілі Қаңтар­дан соң толғағы ауыр демо­кра­ти­я­лық тарихы­мы­здың жаңа беті айқа­ра ашыл­ды. Кон­сти­ту­ци­я­ның жаңа редак­ци­я­сын жаса­у­шы­лар әле­умет­тік резо­нан­сты зер­де­лей келе, амал­сыз көп­тің көңіл ауа­ны­на төң­керілу­ге мәж­бүр бол­ды. Ақы­ры, Ата заң­ның  бүкіл­ха­лы­қтық талқы­ға түсетін нұсқа­сы­нан бұры­нғы «елба­сизм­ге» қаты­сты НӘН-бай­ды құдай­дың тағы­на көтеріп, құл­дық ұру бабы түгел­дей алы­нып тасталға­ны бар­ша­мы­зға мәлім. 

Енді, міне, Кон­сти­ту­ци­я­мы­здың рефе­рен­дум­да бүтін халық бір кісі­дей қол­даған нұсқа­сын жуыр­да қос пала­та депу­тат­та­ры біра­уы­здан мақұл­дап, жаңа өмір­ге жол тар­тқа­ны тура­лы сүй­ін­ші хабар естідік. «Уау! Нако­нец-то, әлем­де­гі ең әділ, ең прин­ципшіл, ең батыл, ең, ең… халық қала­у­лы­ла­ры­мы­здың орас­ан күш-жігерінің арқа­сын­да ешбір елде бала­ма­сы жоқ, дүние тарихын­да бол­маған «Елба­сы тура­лы» жой­да­сыз сорақы заң күшін жой­ды! Ура! Сүй­ін­ші, халқым!».

Тоқтай қал, достым! Жыр­тық қал­пағы­ң­ды аспанға атпай, шыдай тұр. Қала­у­лы­ла­ры­мыз бар­мағын басып, мөр­леп бер­ген заң тар­мағы­на тағы бір зер­леп қарай­ы­қ­шы. Біз өткен рефе­рен­дум­да қос қолы­мы­зды көтеріп, заң түзу­шілер­ге ама­нат­таған тіле­гі­міздің мұрат-маз­мұ­ны осын­дай ма еді? Менің­ше, сәл өзге­ше­леу сияқты. Қата­лас­па­сам, онда біз «елба­сизм­ге» қаты­сты тар­мақты түгел­дей алып таста­уды, оның кесел­ді зардаб­ы­нан түбе­гей­лі ары­лу­ды үзіл­ді-кесіл­ді талап еткен бола­тын­быз. Қос пала­та­ның бірік­кен оты­ры­сын­дағы тари­хи шешім­ді, «уа, қуан, халқым!» деген­дей, теле-тіл­шінің сүй­ін­шіле­ген екпін­ді дауы­сын есті­ген­де, құлағы­мыз елең еткен­мен, көңілі­міз тұшы­на қой­маға­ны рас. Қашанғы­дай «сен тиме­сең – мен тимен, бады­рық көздің» ескі әні.

Не өзгер­ді дей­сіз ғой? Өзіңіз сара­лап көріңіз: ғала­мат батыл­ды­қ­пен «Тұңғыш пре­зи­дент – елба­сы» деген ата­у­лы лау­а­зым Кон­сти­ту­ци­ядан бір­жо­ла­та алы­нып таста­лып­ты. Бұл ерлік пе? Әрине, ерлік болған­да қан­дай. Ура! Дәл осы жер­де бір шапа­лақ ұрып қоюы­мы­зға әбден болар-дүр. Енді нұр кісіні тек «экс-пре­зи­дент» деп атай­ды екенбіз…

Айт­пақ­шы, ұмы­тып бара­ды екем, экс-елба­сы­ның ұры-қары үрім-бұтағы не бүл­дір­се де өз еркі, оларға сот жүр­мей­ді деген қаси­ет­ті низам­ның да төбесіне су құй­ы­лып­ты. «Алақай!» деп тағы бір ду шапа­лақтап жібе­рей­ік­ші, теңдік аңсаған қаза­қи­я­ның құл-құтан­да­ры! Бұған да шүкір, отыз жыл бойы жілік май­ы­мы­зды шағып, қорқы­ра­та сорған зор­лы­қ­шыл обыр­лар­дан шыны­мен құты­лға­ны­мыз ба?!

Қуа­ны­штан буы бұрқы­раған көңіліңіздің апты­ғын осы жер­ден сәл баса тұры­ңыз. Ата­у­лы лау­а­зым­ның өзгер­гені бол­ма­са, басқа низам­ның мұр­ты бұзыл­маған, бәрі бәз-баяғы қал­пы: жал­пақ тіл­мен айт­сақ, экс-пре­зи­дент­тің қадір-қаси­етіне тиі­су­ге, сынап-міне­у­ге бол­май­ды-дүр; тек отанға опа­сыздық жасаған жағ­дай­да бол­ма­са, басқа жасаған кез кел­ген қыл­мысы үшін жау­а­пқа тар­тыл­мақ емес.

«Бұл қалай?» деген дүдә­мал күмәні­мізді осы өзгер­ту­лер­ге қаты­сты жур­на­ли­стер сұрағы­на жау­ап бер­ген әділет мини­стрі А. Есқа­ра­ев бекі­те түсті. Ол кісінің айтуын­ша, «дей­ствие отме­нен­но­го зако­на «О пер­вом пре­зи­ден­те» обрат­ной силы не име­ет»,  яки «Бірін­ші пре­зи­дент тура­лы» заң күшін жой­са да, оның кері әсер ету пәр­мені жоқ екен. Заң­ның қырық қат­пар бұл­та­рыс-қал­та­ры­сын бажай­ла­у­ға шорқақ, надан, шала­пай миы­мы­зды қырық шай­қап нобай­лаға­ны­мыз: нұр кісі­міздің осы жылғы ғину­ар­дың 13-не дей­ін­гі істе­ген әре­кетінің бәрі жой­ы­лған заң­ның пәр­мені­мен қорға­ла­ды, («дей­ствие отме­нен­но­го зако­на обрат­ной силы не име­ет» екенін есіңіз­де тұты­ңыз). Тек 13 қаңтар­дан бері қарай­ғы істе­ген қыл­мысты істерін қорға­уға ғана ол заң­ның ғұзіреті жүр­мей­ді екен.

Ау, ағай­ын, сон­да не өзгер­ді? Басқа­ны біл­мей­мін, қатар­дағы мен, Мырқым­бай, бір­деңе ұқсам бұй­ыр­ма­сын! Шиы­ры көп, бұлаң құй­рық біз­де­гі заң­ның қисы­ны­на сал­сақ, түк те өзгер­мей­ді: экс-пре­зи­дент тек отанға опа­сыздық жасаған жағ­дай­да ғана бол­ма­са, билік құрған тұстағы ешбір әре­кеті үшін жау­а­пқа тар­тыл­май­ды; экс­тің өзі мен семей­ка­сы­ның 30 жыл бой­ғы билік кезін­де «табан ет, маң­дай тері­мен қан­сор­па­сы шығып, адал тапқан» бай­лы­ғы­на заң­мен шек­теу қоюға, ешкім­нің «бұл неғы­лған бат­пан құй­рық?» деп көз алар­туы­на құқы жоқ-мыш. Сон­да біз жаз­дағы жар­ты әлем­ге жар салған демо­кра­ти­я­шыл рефе­рен­дум­да тана­у­рап осы үшін дауыс беріп пе едік?

Теле­жә­шік­ке тел­міріп оты­рып, көкей­і­міз­де көк­те­ген осы сау­ал­ды естіп қой­ған­дай, бір қала­у­лы сай­ра­уы­ғы­мыз: «Шат­тан, жұр­тым, ақ түй­енің қары­ны жарыл­ды деген осы. Енді бұдан былай экс-пре­зи­дент қара­пай­ым сіз бен біз секіл­ді, ешқан­дай арты­қ­шы­лы­ғы жоқ, заң алдын­да бір­дей­міз!» деп, күп­ті көңілім­ді саба­сы­на түсір­ген­дей бол­ды. Мен, Мырқым­бай, әрине, торғай­дың миын­дай миым жоқ ақы­мақ, надан­мын. Иненің жасуын­дай сәл саңы­ла­у­ым бол­са, өстіп қара база­рда ыңыр­шағым айна­лып, арба сүй­реп, не көше сыпы­рып жүре­мін бе?

Бірақ қан­ша жер­ден кеще бол­сам да, сай­ра­уы­қтың сөзі көкей­і­ме бәрібір қонар емес. «Егер мен – Мырқым­бай қар­ным ашып, не жаным қысы­лған мұқтаж­ды­қтан біре­удің он мың тең­гелік затын қағып кет­сем, ара­да жүз жыл өтсе де, қыл­мысым ашы­лған күні-ақ мені сот­тап жібе­реді. Ал Нән көкем мил­ли­ард­тап жымқыр­са да – сүт­тен ақ, судан таза. Сон­да еке­уміз қалай бір­дей бол­мақ­пыз? Біз сияқты мәм­бет­тен мың-мил­ли­он есе ақыл­ды, даны­шпан, ақ-адал, мораль­дік ұста­ны­мы жағы­нан асқан кемел, сол үшін мил­ли­он­даған адам­дар­дың аты­нан ман­дат алып, мем­ле­кет басқарған көсем, Кон­сти­ту­ци­яға қолын қой­ып, халы­ққа адал қыз­мет ету­ге ант-су ішкен адам серт­тен тай­са, қай­та ондай кісінің қыл­мысы мил­ли­он есе ауыр болуға, мил­ли­он есе артық жаза тар­туға тиіс емес пе?».

Екі қолым­ды төбе­ме екі күн қой­ып ойлан­сам да, ақы­лым жет­пе­ді. Әлде бұл ақы­мақтар­дың өресі жет­пес сиқыр­лы жұм­бақ па? Менің даны­шпан оппо­нент­терім: «Апты­қ­па, Мыр­же­ке, біз­де бәрі әділ түр­де заң­мен шешіледі!» деп, беті­ме ажыра­я­тын шығар. Бірақ мен түсін­ген заң­ның аузы-мұр­ны бұлай қисай­ып тұр­са, бір­деңе шешіледі деген­ге қалай сенем?

Бізді күп­ті қылған және бір сұрақ: әйгілі заң­ның аты өшкен­нен кей­ін де, бар­лық қала­лар­дағы НӘН-нің атын­дағы басты көше­лер, жер бетін­де­гі пей­іш­ке тұп-тура апа­рар қасқа жол­ды нұсқаған нұр сипатты ескерт­кі­ш­тер сол күйі сам­сап тұра бере ме? Бұл сау­ал­дың да жау­а­бы даяр екен, көгіл­дір экран­ның айна­сы­нан қалқып шығып, басалқы айтқан тағы бір халық қала­у­лы­сы­ның біз біл­мей­тін заң­ның құпи­я­сын тәп­сір­ле­уін­ше, бәрін халы­қтың өзі шешеді-мыс: жер­гілік­ті жер­де жұрт­шы­лық көшенің атын өзгер­ту керек, ескерт­кіш алын­сын деп ұйғар­са, сол талап – заң!

«Оу, депу­тат-жан! – деп сол жер­де шыңғы­рып жібер­гің келеді. «Оу, ат-түй­е­дей қалап, мың­ның іші­нен маң­дай­ы­нан шер­тіп жүріп сай­лаған марқасқам, аймүй­ізді ақсер­ке қала­у­лы­мыз, нұр кісі­ге көшенің атын беріп, ескерт­кіш қояр­да, біз­ден сұрап па едің­дер? 2019 жылы 19 науры­зда НӘН кісі мәң­гілік қалу үшін алтын тақтан өтірік кет­кен­де, бәрің шын жылап-еңіреп, жар­ты сағат­тың ішін­де бар­лық қала­дағы басты көше­лер­ге сол кісінің атын беріп, аста­на­ны да «нұр­лан­ды­ру»  жөнін­де біра­уы­здан заң шыға­рып едің­дер ғой. Сол заң­ды енді әдет­те­гі біра­уы­зды­лы­қ­пен өзгер­те сал­саң­дар, құда да тыныш, құдағи да тыныш» емес пе?

Бұл жер­де Мырқым­бай жол­до­штың жанай­қай­ын құп демес­ке әдді­міз жоқ. Депу­тат­тар­дың бұл пози­ци­я­сы, жұқа­лап айтқан­да, ықы­ла­сы жоқтың құр шыға­рып сал­ма­сы, не істе­сең де өзің біл, біз­ден аулақтың кері. Әйт­пе­се мәсе­ленің бұлай шешіл­месін біл­мей отыр ма ол данышпандар?

Қазақ қоға­мы­на кеңір­дек­теп кір­ген ру, жүз деген кесел­ді фак­тор барын ешкім де жоққа шыға­ра қой­мас. Ертең ауыл-аймақта НӘН-нің атын­дағы көшені өзгер­те­міз деп біреу жала­у­лат­сын­шы, сиыр­дің бүй­ре­гін­дей жік-жік боп өре түре­гел­ген жұрт­тың ырың-жыры­ңы біт­пей­тін сая­си дау-дамай­ға айнал­ма­сы­на кім кепіл? Біздің көре­ген қала­у­лы­ла­ры­мы­здың қалап оты­рға­ны осы ма? Түсін­бедік. Тая­у­да Аста­на­ның атын өзгерт­кен­дей, бұл мәсе­лені де пар­ла­мент­тің пәр­мені­мен ың-шың­сыз шеше салған ақыл еді ғой.

Үлкен­ді-кішілі шен­ділер­дің аузы­нан қан­ша «жаңар­дым, әділ­ден­дім» десе де, отыз жыл бойы құлақ қажаған назар­ба­ев­тық ескі рито­ри­ка­ның иісі бәрібір мүңкіп тұрған­дай. Уақыт­тың алға тар­тып, шыр айналған шығы­ры­на өзгер­мей­мін деп таяқ тыққан бұл неғы­лған кер­тарт­па, керез кекір­лік екенін түсін­бей­сің. Әйт­пе­се тәу­ел­сізді­гі­міз­бен, мем­ле­кет­ті­гі­міз­бен Назар­ба­ев­тың есі­мін мәң­гілік қосақтай­тын­дай, сон­ша­лық қорға­штап өбек­тей­тін­дей, ол кісінің не еңбе­гі сіңіп еді? Әдет­те жан­дай­шап жара­па­зан­шы­ла­ры: оның кезін­де шека­ра­мы­зды шеген­дедік, БҰҰ-на мүше бол­дық, т.т. жақта­ры тал­май сай­рай­ды. Оның бәрі мем­ле­кет бас­шы­сы ретін­де, уақыт тала­бы­на сай атқа­руға тиісті қыз­мет­тік мін­деті емес пе, шофер­дің маши­на айдаға­ны, етік­шінің етік тік­кені секіл­ді. Ол жара­па­зан­шы­лар шын­шыл бол­са, көке­міз өйт­ті, сөйт­ті деп ауы­зда­ры­нан ақ көбік ақпай, көке­лерінің «бүйт­кені» де бар екенін неге бүгіп қала береді? Шын мәнін­де, Нұре­ке­міз сая­си тұлға ретін­де кім?

Демо­кра­тия, гума­низм құн­ды­лы­қта­рын бел­ден басып, шексіз билік жүр­гіз­ген ортаға­сыр­лық сорақы фео­дал-монарх. Кез кел­ген еркін ойды тұн­шы­қтыр­ды. Халы­қты қорқы­ныш бұға­уын­да ұстап, ештеңе­ге құқы жоқ, күні өткен баяғы афри­ка­лық апор­те­ид­тің құл­да­ры­на айнал­дыр­ды. Тақтан тай­мау үшін не істе­ген жоқ? Небір қитұрқы мани­пу­ля­ци­я­мен жалған сай­лау, рефе­рен­дум­дар жасап, отыз жыл бойы төбе­міз­ге әңгір­та­яқ ойнат­ты. Сая­си қар­сы­ла­ста­рын аяу­сыз қуда­ла­ды. Алтын­бек, Заман­бек сын­ды халқы­мы­здың асыл пер­зент­тері ажал құшты.

«Семіздік­ті қой ғана көте­редінің» кебін киіп, мәнса­пқа мас болған қатар­дағы көп дарақы пен­денің бірі демес­ке тағы ама­лың жоқ. Егер бой­ын­да ұят, иман, сыпай­ы­лы­қтың сәл ғана ұшқы­ны бол­са, көзінің тірісін­де өз аты­на қала, көше­лер­дің атын бер­гізіп, өзіне-өзі ескерт­кіш орна­тып, соларға көзі сүй­сініп, көңілі тоғай­ып, өзіне-өзі там­са­нып, мәз-мәй­рам масай­рап жүрер ме еді? Есті көсем, тек­ті елаға­ла­ры үшін елде­гі жаса­лып жатқан әрбір жасам­паз, қай­ыр­лы істен асқан қан­дай абы­рой, мәр­те­бе болмақ?!

Отыз жыл бойы бүлін­бе­ген, қира­маған не қал­ды? Мен­де­ле­ев таб­ли­ца­сы­ның бәрі бар дей­тін ұлан бай­тақ жері­міздің асты-үсті бір­дей тонал­ды. Болат жүре­гі дүр­сіл­деп, жұмыс істеп тұрған завод-фаб­ри­ка, ком­би­нат­та­ры­мыз түтіні өшіп, «при­хва­ти­за­ци­я­ның» талан-тара­жы­на түсті. Бар­мақ басты, көз қысты­мен су тегін шетел­дік жары­лқа­у­шы жұтыр­лар­дың өңе­шін­де кет­ті. Сов­хоз-кол­хоз­дар шаңы­рағы орта­сы­на түсіп, төрт түлі­гі маңы­раған дала­мыз қаңы­рап бос қал­ды. Қалай күн көре­рін біл­мей алақтап, тен­тіре­ген жұрт қалаға шұбы­рып, бит­ба­зар­лар­да ала қап­шық арқа­лап, көтек арба сүй­ретіп жүр. Лай судан балық аулаған арсыз ұры-қары­лар небір қитұрқы айла-шарғы­мен ел бай­лы­ғын түгел­дей бауы­ры­на басып алды. Пре­зи­ден­ті­міз өзі биік мін­бер­ден мәлім­де­ген­дей, бүгін­гі таң­да бүкіл бай­лы­қтың жар­ты­сы­нан аста­мы 162 оли­гарх­тың қолын­да шоғыр­ла­нып отыр. Осы оли­го­по­ли­я­ның бірі ғана емес, һәм біре­гейі – ең мықты­мы­здың өзі мен «семей­ка­сы» екеніне ешкім­нің дауы жоқ. Әйт­пе­се медиа кеңісті­гін­де нақты айты­лып жүр­ген­дей, бір өзіне тие­селі 200 мил­ли­ад дол­лар­дан астам бай­лық қай­дан келіп жүр? «Адал еңбек­те­нетін бей­нетқор» әулетінікі­мен қоса есеп­те­ген­де, ортақ дәу­леті трил­ли­он дол­ларға жете-қабыл екен. Жылы күй­ін­де бауыр­ла­ры­на басып алған «Қаза­қ­мыс», «Қаз­цинк», «Қаз­мұ­най­газ» секіл­ді алып ком­па­ни­я­лар­дан бастап, ГРЭС, ТЭЦ, ком­би­нат, завод, банк, базар, аэро­порт, сана­то­рий, түн­гі клуб, т.т. толып жатқан есебі жоқ объ­ек­тілер­дің құр тізі­мінің өзін ақ қағаз­дың оба­лын ойла­май тізе бер­сек, бір кита­бқа сый­ма­сы анық-дүр. Бұл дегені­міз – бүкіл Қаза­қстан халқы­ның қан­ша­ма жылғы напақа­сы, шала қай­ы­рған есеп бой­ын­ша, мем­ле­кеті­міздің, кем деген­де 30–40 жыл­дық бюд­жеті емес пе?

Шексіз билік­ке маста­нып, асып-тасқа­ны сон­ша, бесік­тен белі шық­паған бала­ла­ры­на дей­ін мил­ли­он­даған бай­лы­ққа мел­дек­теп отыр.

Сіл­те­сесі https://kaz. orda. kz/ мәлі­метіне сүй­ен­сек, бір ғана Аста­на­дағы «асыл әулет­тің» ұясы атанған «Жасыл арал­да» Нұре­ке­міздің  әлі мек­теп­ке барған-бар­маға­ны бел­гісіз Тау­ман, Бай­кен деген екі бүл­дір­шінінің аты­на үш бір­дей қым­бат сарай тір­келіп­ті. Үйлер іргесін­де­гі пәлен­бай гек­тар жері­мен қоса оңа­ша қор­шалған. Тікұ­шаққа арналған алаңы­на дей­ін бар. Мил­ли­он­даған адам аш-жалаңаш, үйсіз-күй­сіз тен­тіреп жүр­ген­де, не деген сыпайы адам­гер­шілік десең­ші! Ел қамын жеп, еңіре­ген Еді­ге осын­дай-ақ болар!.. Қан­ша­ма жыл елі­мізді арсызды­қ­пен тонаған, сүлік­тей сорған, халы­қты қай­ыр­шы­лық хал­ге жет­кіз­ген осын­дай адам­ды бас­пасөз бен қара­пай­ым жұрт­тың баяғы­да-ақ «Бас ұры», «Бірін­ші жемқор» деп атап кет­кенін қалай «жоқ, ойбай, олай емес» деп қорға­штай аламыз?

Бұл аз десеңіз, бір кез­де бұл кісі­міз қаза­қта шека­ра болған жоқ, мем­ле­кет те болған емес деп, айды аспанға бір-ақ шығарған жоқ па еді? Шір­кін, даңққұ­мар­лық амби­ция не істет­кіз­бей­ді?! Маған дей­ін ештеңе болған жоқ, бәрін мен істе­дім деген попу­ли­стік тыраш пиғыл күл­лі тарихы­мы­зға күл шашты. Баяғы сасық ауыз Сол­же­ни­цин­нің: жабайы номад­тар аты­ның тұяғы тиген, түй­есі шөк­кен жер­дің бәрін өзім­дікі дей бер­ген, шын мәнін­де, мұның бәрі оры­стың бай­ы­рғы қоны­сы дей­тін сан­ды­рағы­нан не айыр­ма­сы бар? Мұның аты қазір­гі таң­да соқты­ғарға қара тап­пай, ядро­лық шоқ­па­рын төбесіне үйіріп, әлем­ге айбат шек­кен қанқұй­лы ірге­де­гі агрес­сор­лар­дың арам аузы­на аяр сөз салып беру­мен бір­дей емей – немене? Мұн­дай сая­си рито­ри­ка­ның мем­ле­кет­ті­гі­міз бен тәу­ел­сізді­гі­міз үшін қан­ша­лы­қты қатер екенін өзіңіз пары­қтай беріңіз. Түп­тің түбін­де, бұл попу­ли­стік мәлім­де­ме біз­де­гі әділ заң­ның таразыс­ы­на тар­ты­лып, әділ баға­сын алар деген үміттеміз.

Отыз жыл бойы билеп-төсте­гені аздай, пре­зи­дент­тік лау­а­зым­нан номи­наль­ды шет­те­ген­нен кей­ін де, мем­ле­кет­тің заң­ды бас­шы­сы­на тіз­гін бер­мей оты­рып алған кім? Қауіп­сіздік кеңесінің мәң­гілік төраға­сы деген лау­а­зым ойлап тауып, бар­лық күштік құры­лым­дар­ды ашса алақа­нын­да, жұм­са жұды­ры­ғын­да ұста­ды. Онсыз тірі жан, тісті бақа қыбыр ете алмай­ты­ны анық. Кеше­гі Қаңтар қырғы­нын­да Қауіп­сіздік кеңесі неге қауқар­сыздық таныт­ты? Төраға неге көлең­ке­де көрін­бей үнсіз бұғып қал­ды? Қазір тер­геу орын­да­ры­ның ақ-қара­ны айқын­даға­нын­дай, Қаңтар­дағы сой­қан­ды ұйым­да­сты­рып, мем­ле­кет билі­гін күшпен басып алуға ұмты­лған ҰҚК-нің төраға­сы Мәсі­мов пен орын­ба­сар­ла­ры екені аны­қта­лып отыр. Бірақ бар­лық күштік құры­лым­дар­дың бас­шы­сын тіке­лей тағай­ын­дай­тын да, бір шыбы­қ­пен жуса­тып-өргі­зетін де тек НӘН-бай­дың өзі емес пе? Мәсі­мов қан­ша жер­ден мұр­ты едірей­ген­мен, ол бағы­ны­шты тұлға, қожай­ы­ны­ның басы­нан аттап кететін­дей аяқ асты­нан шай­тан түрт­ті деген­ге сену қиын.

Сон­да оған алы­стан бол­са да иек изеп, қабақ қаққан кім болуы мүм­кін? Кім­нің құдірет-күшіне сен­ді? Осы­ған бай­ла­ны­сты нән кісі­міз жур­на­ли­стер­дің сұрағы­на бер­ген қашырт­па жау­а­бын­да: Иисус Хри­стос қасын­дағы Иуда­ның сатқын екенін біл­ген жоқ қой-дүр деп, өзін Иса пай­ғам­бар­мен шен­десті­ре тари­хи парал­лель­ді алды­мы­зға көл­де­нең тарт­ты. Осы­ған қараған­да, Иисус Хри­стос Әбі­шевіш өзінің шын мәнін­де заң­нан тыс тари­хи тұлға екеніне бек сенім­ді ме деп қала­ды екенсің…

Тәу­ел­сіз тарихы­мы­зға осын­дай өлше­усіз «еңбек» сіңір­ген кісі­ге қала сай­ын көше беріп, алтын­даған ескерт­кі­шіне гүл қой­ып, тоңқаң­дап табы­нға­ны­мыз – Әділет­ті Қаза­қстан­да әділет пе, ағай­ын? Мек­теп­тер мен уни­вер­си­тет­тер­де оның тең­десі жоқ даны­шпан, кемең­гер, көре­ген…  ұлы­лы­ғын мадақтаған­да, сөз таба алмай қина­лып, жалған тарих­ты оқы­тып, жас ұрпақтың миын қашанғы улай бер­мек­піз? Бүл­дір­шін­дері­міз бала­бақ­шаға бар­май жатып, ол тура­лы тақ­пақ жат­тап, таң­дай­ла­ры ойы­ла­ды. Үлкен­ді-кішілі шен­ділер­дің каби­нетін­де «бай­қа, бала, кім­нің арқа­сын­да адам болға­ны­ң­ды ұмыт­па» деген­дей, әлі күн­ге дей­ін нұр кісінің нұр­лы бей­несі жел­кесі­нен қыдиып, күлім­дей қарай­ды. Бір кез­дері көмек­шілері жазып бер­ген том-том «дана­лық» опу­ста­ры­на, һәм жарам­сақ жара­па­зан­шы­ла­ры­ның нар белін қай­ы­сты­рар­дай тон­на­лаған «Нұр-нәмә» маку­ла­ту­ра­ла­ры­на үкі­мет баяғы­ша ақша­ны мил­ли­он­дап үйіп-төгіп, басты­рып жатыр. Бір өзіне кең­се ұстап, үпіл-мәлік қып асы­рап-бағу үшін бюд­жет­тен биыл 1,5, келесі жылы 2 мил­ли­ар­дқа жуық қар­жы бөлін­бек екен. Басқанікі – басқа, заман тала­бы­на сай жаңа құн­ды­лы­қтар­ды наси­хат­та­уға тиісті теле-айна­ла­ры­мы­зға дей­ін айна­лып келіп, ескі әләу­лай­ы­на бір соқ­па­са, басы ауы­ра­ты­ны­на қай­ран қала­сың. Басқан ізіне тәу етіп, отыз жыл бойы «ойбай, бәрі осы кісінің арқа­сы» деп, оты­рған-тұрға­ны­на дей­ін дәріп­тей­тін көзқа­шты көріністер­ді жары­са жыл­ты­ң­да­та­ды. Тіп­ті мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­ның басты рупо­ры «Қаза­қстан» мен «Хабар­дың» өзі «Тұңғыш пре­зи­дент – елба­сы қоры», «Елба­сы ака­де­ми­я­сы­ның» жас қалам­гер­лер мен өнер­паз­дарға деме­уші болып, қан­ша­лы­қты игі істер атқа­рып жатқа­нын айтып там­санған­да, сөз таба алмай қылғынады…

Жаңа­ра­мыз дей­міз де, жасай­ты­ны­мыз осы. Түсін­бей­тін тірлік.

Сана­мы­зды дүр сіл­кіп, ескі билік­тің күл-қоқы­рын тозған тулақтай қаққан қаһар­лы Қаңтар­дан бері де, міне, жыл­жып бір жыл озды. Отыз жыл бүлін­ген­ді бүтін­дей­мін деп, пре­зи­ден­ті­міз Тоқа­ев­тың жан алып, жан беріп жатқа­ны бар­ша­мы­здың көз алды­мы­зда. Шек­те­улі аз уақыт ішін­де қоғам өмірінің бар­лық сала­сын­да ондаған жыл­дар­дың қапы­сын қай­та­рар­дай ұланғай­ыр жұмыстар еңсеріл­ді: Екі­ба­стұз­дағы іріп-шіріп, жары­лып жатқан жылу құбы­рын­дай, ескі режим­нен мұраға қалған жан­тәсілім алдын­дағы шық­па, жаным, шық­па эко­но­ми­ка­мы­здың тамы­ры­на қан жүгі­ре баста­ды; оли­го­по­ли­я­ның той­ым­сыз сұға­нақ қолы алтын қап­шы­қтың аузы­нан қағыл­ды; заң­сыз қол­ды болған мил­ли­он­даған гек­тар жер мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­рыл­ды; пре­зи­дент: оли­гар­хи­я­лық капи­та­лизм біздің жолы­мыз емес деп, эко­но­ми­ка­мы­здың бағыт-бағ­да­рын түбе­гей­лі айқын­дап бер­ді. Халы­қтың әл-ауқа­тын арт­ты­руға, әсіре­се жастар­дың білім алып, жұмысқа орна­ла­суы­на, бас­па­на­лы болуы­на… қан­ша­ма кешен­ді қамқор­лық жаса­лу­да. Ең басты­сы – демо­кра­ти­я­ның лекі­те ескен жібек желі жыл­дар бойы үрей құр­са­уын­да мұз боп қал­ты­раған жүре­гі­мізді жылы­тып, бола­шаққа деген сені­мі­мізді бекі­те түсті.

Мақ­сат айқын, үміт зор. Әйт­кен­мен құл­шы­ныс кем­шін. Пре­зи­дент алға тар­тқан мін­дет­тер көп рет­те өз дәре­же­сін­де орын­дал­май жатқа­ны жасы­рын емес. Неге? Атқа­ру­шы бар­лық саты­да сол баяғы­дай селт етпес самарқа­улық, «күл бол­ма­саң, бүл бол» енжар нем­кет­тілік. Ескі жүй­енің май­шел­пе­гіне мел­дек­теп, кекірі­гі азған үлкен­ді-кішілі мән­сап иелері әлі шіреніп, өз орын­да­рын­да отыр. Қалғып-мүл­гіп өткен күн­дерінің сәу­лелі елесін түстерін­де көру­де. Олар­мен қол ұста­сып, жарқын бола­шаққа аттай­мын деу – сағым қуған­мен бір­дей екені бесе­не­ден белгілі.

Аудан, облыс түгілі ауыл­дық жер­де-ақ шеші­ле сала­тын мәсе­ле­лер түй­інін тап­пай, сан­сы­раған жұрт әділет іздеп, мем­ле­кет бас­шы­сы­нан ара­ша сұрай­ды. Бір пре­зи­дент қай­сысы­на жете­ді? Әлем­де гео­са­я­си аху­ал ушы­ғып тұрған бүгін­гі­дей алма-ғай­ып кезең­де мем­ле­кеті­міздің тағ­дыр­лы мәсе­лесі­мен айна­лы­са ма, жоқ әлде ауыл­дағы құды­қтың жай-күй­і­мен басын қаты­ра ма? Билік өкіл­дері өз мін­детін адал атқа­руға неге тыры­спай­ды? Біліксіздік пе, құлы­қ­сыздық па? Мұның бәрі үнсіз сабо­таж, жаңа­рып жаңғы­руы­мы­зға жаса­лып жатқан қар­сы­лық емей – немене? Олар­дың іс-әре­кет­тері­нен «е, не өзге­ру­ші еді, айты­лып-айты­лып қояды да» деген­дей кер­нау, кесір­лі ниет­ті танып, еріксіз  іш жиясың.

Елі­міз­де «Күшті пре­зи­дент – ықпал­ды пар­ла­мент – есеп беретін үкі­мет» қағи­да­тын орны­қты­ру үшін, сая­си рефор­ма­лар кезең-кезеңі­мен жүзе­ге асы­ры­лу­да. Бұл рефор­ма­лар билік инсти­тут­та­ры жүй­есінің тепе-теңді­гін қалып­та­сты­рып, аза­мат­тар­дың сая­си бел­сен­ділі­гін арт­ты­руға жол аша­ды. Аз уақыт­тың ішін­де Кон­сти­ту­ци­яға өзгер­ту енгі­зу жөнін­де жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум мен пре­зи­дент сай­ла­уы өтті. Енді, міне, алды­мы­зда мәжіліс пен мәс­ли­хат сай­ла­уы келе жатыр. Пре­зи­ден­ті­міздің тұжы­рым­да­уын­ша, бұл – мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­ды кешен­ді түр­де жаңғыр­ту­дың соңғы саты­сы болмақ.

Демек, бар­лық дең­гей­де пре­зи­ден­ті­міз­ге шын жана­шыр тілек­ші болып, игі баста­ма­ла­рын жүзе­ге асы­руға бар күш-жігері­мен құл­шы­на­тын, елі­міздің дамуы­на тың сер­пін беретін озық ойлы, мем­ле­кет­шіл, демо­кра­ти­я­лық биік иде­ал­дар­мен сусын­даған жаңа тұр­пат­тағы депу­тат­тар кор­пу­сы жасақта­луға тиіс. Ол үшін  «алма, піс – аузы­ма түс» масыл пси­хо­ло­ги­ядан ары­лып, «бұл – менің тағ­ды­рым, ұрпағым­ның бола­шағы» деп, бүкіл ел аза­ма­ты отан­шыл­дық мүд­де тұрғы­сы­нан бір адам­дай жұмы­ла атса­лы­суы­мыз керек. Олай бол­маған күн­де «бір құма­лақтың» «жұпа­рын» отыз жыл бойы иіс­кей-иіс­кей руха­ни нар­ко­ма­ни­яға ұшы­рап, аморф­тық хал­ге түс­кен ескі «игі жақ­сы­лар­дың» әдет­те­гі әләуләйі әлі қан­шаға жалға­са­ты­нын бір Құдай­ым білсін.

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн