Пятница , 4 июля 2025

ДАТ-25

Газет­тің 25 жыл­дық юби­лейі (15 сәуір 2023 ж.) қар­саңын­да редак­ция архиві­нен ірік­теліп алы­нған, маз­мұ­ны мен маңы­зы күні бүгін­ге дей­ін жой­ыл­маған кезек­ті жари­я­ла­ным­ның авто­ры – Бақыт­гүл Мәкімбай.

Біздің Бақан – «ДАТ»-та табан­дап, 23 жыл айны­май қыз­мет қылған, өмір­ден ерте кет­кен (59 жас – 2021 ж.) жалын­ды жур­на­лист. Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның бір­не­ше дүр­кін лау­ре­а­ты! Қаза­қстан­ның құр­мет­ті жур­на­лисі! Қаза­қстан пат­ри­от­та­ры «Алмас қылыш» сый­лы­ғы­ның және Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы «Алтын медалінің» иегері.

Өмір­де орны тол­мас тама­ша адам. Жылаған­ның көз жасын сүрт­кен, қуанған­ның той­ы­нан қал­май­тын, қазақ десе, «ішкен асын жер­ге қой­ған» пат­ри­от! «Тегі бөлек» қазақ Герольд Бель­гер «Бахон» атаған, Серік­бол­сын аға­сы (Әбділ­дин) «Бақаш» атаған, Ири­на апа­сы (Саво­сти­на) «Баха» атаған ардақты ару еді. Еді… Бүгін­де бар­лы­ғы «бір жақта» жүр…

Иә, бүгін­де еткен есіл еңбе­гі өткен шақта айты­лып, аты жор­нал­шы­лар қауы­мы­ның алдағы ұрпағы­на өне­ге болар­лық ақсем­сер қалам­гер­дің «ДАТ»-тағы даңқты орны үңірей­іп тұр.

Редак­ци­ядағы Бақан­ның үстелі де әлі күн­ге бос тұр. Орнын басар адам жоқ! Жазу жазар жор­нал­шы­ның жоқты­ғы емес, жазға­ны­нан – жеріне жет­кі­зетін, айтқа­ны­нан қайт­пай­тын, «жүре­гінің түгі бар» қалам­гер­дің табыл­маға­ны жанға батады.

Газет шығып жатқан ширек ғасыр­да 23 жыл қасым­да жүр­ген, аға­сы­нан айны­маған Бақалө­гім­нің жаны жан­нат­та, енді­гі мәң­гілік мекені пей­і­штің төрі бол­сын! Ару­ақ рухы­ң­мен біз­дер­ді желеп-жебеп жатқай­сың, алтын қарындасым!

Біз бар­да – сен де бар­сың, «ДАТ»-тың Бақаны!

Ермұрат БАПИ

АҚША АЙНАЛЫП КЕЛЕ МЕ?

  • Нарық эко­но­ми­ка­сы­ның алға­шқы екпіні­мен және соңғы кез­дері әртүр­лі жол­дар­мен сыр­тқа ағып кет­кен мил­ли­он­даған дол­лар қар­жы­ны қай­та­ру керек деген пікір­ге қар­сы болған­дар да көп бол­ды. Олар­дың негіз­гі аргу­мен­ті – бір­ша­ма рет­теліп қалған қар­жы рыно­гын «арам ақша­мен» ласта­май­ық деген­ге сайды.

Қаза­қстан­да бұл әңгі­ме екі-үш жыл бұрын айты­лып, арты ізді-қай­ым сұй­ы­ла бастаған еді. Бірақ соңғы кез­дері пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың өзі кенет­тен осы мәсе­ле­ге ерекше ықы­лас таны­тып, үкі­мет­ке капи­тал амни­сти­я­сы жөнін­де заң жоба­сын жаса­уды тапсырды.

Бұл ықы­ла­стың аста­рын аңғарған бір­ді-екілі сарап­шы­лар пре­зи­дент­тің жедел түр­де қар­ма­нуы шетел­дер­де ашы­лған мил­ли­он­даған дол­лар­лық есеп­шот­тар­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты деген пікір­лер айтуда.

Бір кез­дер­де салы­ққа «кешірім» жасау әре­кеті жер­гілік­ті салық төле­ушілер­дің басым­ды­ғы­мен жым-жылас өте шыққан еді. Енді шетел­ге өткен заң­сыз қыру­ар қар­жы­ны заң­да­сты­рып, елге қай­та­ру қолға алын­бақ­шы. Ұлт­тық банк пен Қар­жы­ны бақы­лау агент­ті­гінің есебі сарап­шы­лар­дың қосым­ша бер­ген деректері­мен ғана өлше­улі. Күні бүгін­ге дей­ін сыр­тқа кет­кен қыру­ар қар­жы­ның нақты есеп-қиса­бы жоқ. БАҚ бет­терін­де айты­лып жүр­ген мил­ли­ард­таған қар­жы­ның рас-өтірі­гін рас­та­уды ресми меке­ме­лер әзір­ге мой­ны­на ала қой­мас. Естіп-білуі­міз­ше, 20 млрд дол­лар­ды құрай­тын көрі­неді (2000 жылғы дерек – Ред.).

Жұрт айтып жүр­ген «таса­дағы» мил­ли­он­дар­ды қай­та­ру меха­низ­мі әлі айқын­далған жоқ.Тіпті мұнай­дан түс­кен қар­жы­ны қай­да жұм­са­рын біл­мей оты­рған үкі­мет ақша амни­сти­я­сы ауы­зға алы­нға­лы, дағ­да­рып қалған жайы бар. Ақша иелерін жау­ап­кер­шілік­тен босатқан күн­нің өзін­де олар­дың амни­сти­ядан кей­ін­гі іс-әре­кетіне кім кепіл­дік бермек?

Бірқа­тар рес­пуб­ли­ка­лық басы­лым­дар­да жари­я­ланған сарап­шы­лар пікіріне қараған­да, өзге елдер банк­терін­де­гі құпия есеп­шот­тар­да сақталған қар­жы­ны үш ірі бөлік­ке топ­тап қара­уға бола­тын сияқты.

Алға­шқы­сы – уақыт­ша сақталған күн­делік­ті жұмыс капи­та­лы­ның бір бөлі­гі. Мұн­дай қыру­ар бай­лы­қты қай­та­рып алам деу – бос әуре­шілік. Өйт­кені бұл қар­жы кезек­ті бір үлкен жоба­ны жүзе­ге асы­ру үшін неме­се қол­ма-қол ақша түрін­де Қаза­қстанға қап­шы­қ­пен тасу үшін жинақталған қор. Кел­ген күн­нің өзін­де ол қар­жы қаза­қстан­дық банк­тер­дің депо­зи­тіне салын­ба­сы анық. Ол тек буда-буда­сы­мен қап­шы­қтарға ныға­лып, банк­тер­дің инве­сти­ция түрін­де­гі неси­елік жоба­ла­ры­на неме­се заем түрін­де жұм­сал­мақ. Тіп­ті бұл ақша шетел­де­гі импорт­тық тау­ар­лар­дың кеден­дік төлем құнын, қыз­мет ақы­сын арзан­да­ту үшін пара беру неме­се комис­си­я­лық өтем төлеу мақ­са­ты­на жұм­са­луы да мүмкін.

Екін­ші топқа жата­тын ақша – экс­порт­тан түсетін кіріс. Бұл ақша капи­тал­ды пай­да­ла­ну­дан түс­кен қосым­ша пай­да көзіне жата­ды. Яғни, ол қар­жы елге қай­та­тын бол­са, тек қосым­ша инве­сти­ция түрін­де ғана «орал­мақ». Осы қар­жы­ға қажет­тілік елі­міз­де қолға алы­нып жатқан сан түр­лі жаңа жоба­лар­дың жал­пы жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты. Сон­ды­қтан амни­сти­ядан кей­ін де бұл қар­жы ком­мер­ци­я­лық банк­тер­дің депо­зи­тіне түседі деп үміт­те­ну­ге болмас.

Ал үшін­ші топ­тағы ақша әлдеқан­дай «күн туса» деген мақ­сатқа арналған. Бұл да баяғы дор­ба­ланған дол­лар­лар, бірақ әлдеқа­шан елге ора­лып қой­ған бай­лық. Ақша­лай, чек түрін­де, асы­л­тас күй­ін­де неме­се банк шот­та­рын­да сақта­луы мүм­кін. Қалай сақтал­са да, бұдан келіп-кетер пай­да жоқ. Ел игілі­гіне бағыт­тал­маған соң, қар­жы­ның иесі үшін әйте­уір бүтін­дей тығы­лға­ны ыңғай­лы. Эко­но­ми­ка­ны ілгеріле­ту­ге неме­се қар­жы айна­лы­мы­на қосыл­маған соң, ол қар­жы заң­ды­лық шең­берін­де банк жүй­есінің тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ете­ді-ау деген – бос сөз.

Осы үш топ­тағы қар­жы­лар­дың маз­мұн-сипа­тын зерт­те­ушілер қалай болған­да шетел­де­гі қар­жы Қаза­қстанға қай­та­ды деген пікір айта­ды. Оны қай­та­руға қар­жы иелері мүд­делі емес. Бірақ Евро­па банк­тері мен Евро­па­ның қар­жы рыно­гын «арам ақша­дан» тазар­ту про­бле­ма­сы­на кіріс­кен Евро­па­лық кеңес елдерінің әре­кеті қар­жы иелерін қат­ты алаң­да­тып отыр. Евро­па­лық ортақ валю­та евро­ның құнын көте­руді мақ­сат тұтқан бұл сая­сат көп­те­ген адам­ның абы­рой­ын ашып кетуі мүм­кін. Олар­дың ішін­де Шығыс Евро­па­ның, ТМД-ның, әсіре­се Орта­лық Ази­я­ның бірқа­тар бас­шы­ла­ры ата­луы мүм­кін. Бәл­кім, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та сол тізім­нің іші­нен «бай­қа­у­сызда» өзінің аты-жөні шығып қала ма деп қауіп­те­нетін шығар.

Сөйтіп, сай­ып кел­ген­де, үш топ­тағы «жытып» кет­кен қар­жы­ның иелері ақша амни­сти­я­сы­на құлы­қты емес. Сон­да сыр­тқа кет­кен қар­жы­ға рақым­шы­лық жасау заңы кім­ге арналған?

Әрине, біз­ге – қара­пай­ым халы­ққа арналған екеніне дау жоқ. Қаза­қстан үшін арзан­дау про­цент­тік став­ка­сы мей­лін­ше төмен, ұзақ мерзім­ге арналған инве­сти­ция өте қажет. Жыл­дық қай­та­рым 3–5%-дан аспа­са, тиім­ді болар еді. Өңде­уші өнер­кәсіп орын­да­ры, ауыл шару­а­шы­лы­ғы, білім беру, ден­са­улық сақтау, т.б. сала­лар инве­сти­ци­я­лық қар­жы­ға зәру. Сол үшін де төмен­гі про­цент­пен орта және ұзақ мерзім­ді заем қажет-ақ.

Бүгін­гі таң­да елі­міздің ішкі қар­жы рыно­гын­да ұсы­ны­стар­дан аяқ алып жүр­гісіз. Азия мен Ресей­де­гі дағ­да­рыс Қаза­қстан­мен көр­шілес ТМД мем­ле­кет­терінің эко­но­ми­ка­сын көте­ре­міз деген мақ­сат­тан кей­ін, отан­дық банк­тер сапа­лы заем салым­шы­ла­ры­на зәру. Олар шару­а­шы­лық субъ­ек­тілер­ге әртүр­лі неси­елік бағ­дар­ла­ма ұсы­нып, тіп­ті ең үздік жобаға бәй­ге жари­я­ла­ды. Сон­ды­қтан банк депо­зи­тіне бір­не­ше жүз­де­ген мил­ли­он дол­лар түс­се, нарқы Батыс мем­ле­кет­терін­де­гі­дей мөл­шер­ге төмен­де­уі мүм­кін. Яғни, банк өз салым­шы­ла­ры­ның ыңғай­ы­на қарай жүру­ге мәж­бүр болады.

Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы үшін инве­сти­ци­я­ның қай түрі де қажет, тек құны арзан, ұзақ уақы­тқа неме­се мерзім­сіз бол­са – болға­ны. Сон­да заң­сыз капи­тал иесі инве­сти­ци­яға салған ақша­сы­ның қай­та­ры­мы 1–3%-ға келі­се ме? Айна­лып кел­ген­де, бұл мөл­шер 3–5%-ға дей­ін өседі (банк­ке тиесіліні қосқан­да). Ал қар­жы иесінің ақша­сы шетел­дік банк­тер­де жат­са, ол жылы­на 6–7% түсім беріп отырады.

Оның үстіне мил­ли­он­даған дол­лар қар­жы­ны басқа­ру про­бле­ма­сы қар­жы иесін маза­ла­май­ды. Яғни, ақша­сын Қаза­қстанға әке­лу­ге оның құлқы жоқ деген сөз. Одан да шетел­ден қауіп­сізді­гіне кепіл­дік беретін әрі 6–7% үсте­ме алып тұрға­ны тиім­ді емес пе? «Жасы­рын» мил­ли­о­нер­дің қай­сы жары­ққа шығып, ақша­сын заң­да­сты­ра қояды? Тек өзінің бүгіні мен ертеңін болжап қой­ған­да­ры бол­ма­са. Олар салық қыз­меті­нен тығы­лай­ын десе де, мүм­кін­ді­гі жоқтар. Мәсе­лен, жеке зәулім сарай салғы­зу­шы­лар мен авто­көлік сатып алушылар.

Дәл осы сәт­те тағы бір қызық жағ­дай қылт ете түседі. Өйт­кені елдің бәрінің ақша­сын лега­ли­за­ци­я­лау өте жасы­рын және құпия өтетініне күмән жоқ. Алай­да Қаза­қстан­дағы қазір­гі заң­сызды­қтар жағ­дай­ын­да ком­мер­ци­я­лық құпи­яң­ды сақтау деген – өзі бір бөлек әңгі­ме. Біл­гісі кел­ген­дер құпи­яң­ды ашып болған­ша тыным таппайды.

Сон­дай-ақ жаса­лып жатқан заң жоба­сы өткеніңді ақтаған­мен, бола­шағы­ң­ды бұл­дыр­ла­та­ды. Ұры­лар мен тона­у­шы­лар­дың құлақта­нуы қорқы­ны­шты емес, қауіп­тісі – бір­ге қыз­мет істей­тін­дер мен тума-туы­сқан­да­ры­ңа әйгі­ле­ну. Жоға­ры мем­ле­кет­тік лау­а­зым­ды шене­унік­ке оның бас­шы­ла­ры мен арна­у­лы меке­ме­лер жасы­рған қар­жы­сын біліп қой­са, оларға қан­дай көз­бен қара­мақ? Бұдан кей­ін қыз­мет­те «өсем» деген ниет­пен қошта­са бер. Тіп­ті көңіліңнің түбін­де­гі қорқы­ныш, мем­ле­кет­тің жари­я­лаған амни­сти­я­сы бай­лар­дың қал­та­сын кей­ін­нен әбден «таза­ла­у­ға» арналған ба деп алаң­да­та­ры да рас.

Дүдә­мал ой тіз­бе­гі көбей­ген сай­ын, осы ақша амни­сти­я­сы­ның қажеті шама­лы болып қала­ды екен. Қалай десек те, мұн­дай заң бүгін­гі күн­ге аса қажет. Бірақ мил­ли­ард санаған­нан гөрі, жүз­де­ген мил­ли­он­дарға сен­ген жөн. Ақша­ның өзі­мен қоса, жыл­жы­май­тын мүлік­ті де амни­сти­яға жатқы­зуға бола­ды. Ол үшін арнайы мем­ле­кет­тік обли­га­ция шыға­рып, алушы­лар­дың табыс көзін қай­дан тапқа­нын тәп­ті­ш­те­у­ге тый­ым салын­са. Ал түс­кен қар­жы заң­ды кіріс көзіне айна­лып, келе­шек­те салы­қтан боса­ты­ла­ды. Ол үшін мем­ле­кет 3–5 жыл­дан соң обли­га­ци­я­ны кері сатып алуға мін­дет­те­ме қабыл­да­са. Кей­ін екін­ші рет рын­ок­та еркін баға­ла­нып, айна­лы­мға түсу­ге жол ашылмақ.

Сон­да заң­сыз қар­жы иелері керек кезін­де қар­жы­ның бір бөлі­гін ала­ды. Ал екін­ші рынок алға­шқы иесінің кім екен­ді­гіне бет­пер­де бола­ды. Лау­а­зым­ды қаза­қстан­дық шене­унік­тер жасы­рын есеп­шот­та­ры­ның әшке­ре­ле­нуі үшін амни­сти­я­ның «тап­сы­ры­спен» жаса­лып жатқа­нын айту­шы сарап­шы­лар­дың пікірі шын­дық. Өйт­кені бар бай­лы­ғын, мүм­кін, сот арқы­лы тәр­кілет­кен­нен гөрі, заң­да­сты­рып алған оңтай­лы. Ең абза­лы – бай­лы­ғы­ң­ды өз елің­де сақтаған жөн шығар. Өзіңе бәрі бағы­ны­шты емес пе?! (Әрине, қал­та­лы­лар үшін).

Қоры­та кел­ген­де, ақша амни­сти­я­сы­ның жари­я­ла­нуы жер­гілік­ті бай­лар­дың заң­сыз айна­лым­да жүр­ген қар­жы­сын заң­да­сты­рып алуға арналған. Зәулім сарай, гүл­зар бақ, тіп­ті итін ойна­та­тын алаңға дей­ін мәр­мәр­дан соқты­рып болған соң, қалған қар­жы­сын қай­да қоярын біл­мей, аласұрып жүр­ген­дер үшін осын­дай «ақша­ның айла­лы сая­са­ты» оңтай­лы бол­мақ. Тіп­ті заң күшіне енген­ше-ақ капи­та­лын лега­ли­за­ци­я­лап алма­сы­на күді­гіңіз болмасын.

Тек осы әре­кет алақан­дай бір топ­тың мүд­десін қорғап қалу үшін де жаса­лып жатқан болар. Ірі банк­тер қар­жы­лық-өнер­кәсіп­тік топ­тар­дың иелі­гін­де болған­ды­қтан, «қай­та қай­тқан мал» жеке біре­у­ге қыз­мет істей ме, әлде елді гүл­ден­діру­ге жұм­са­ла ма? Неме­се жар­ты жыл банк­те жатып, әлдекім­дер үшін айна­лы­сқа түс­кен­нен гөрі, бір­ден өндіріс­ке салын­са, неден ұты­ла­мыз? «Күрі­штің арқа­сын­да күр­мек су ішетін­нің» кебін киме­сек бол­ды. Сұрағы көп сан сау­ал елдің бәрін мазалайды.

Енді маза­лай­тын тағы бір сау­ал бар. Шетел­дер­ге заң­сыз жол­мен мил­ли­он­даған дол­лар ақша­сын шығарған әлдекім­дер үшін кешірім жаса­ла­ды. Ал бір сиыр неме­се мың тең­ге ұрлап, ұсталған­дар және сол үшін түр­ме­де оты­рған­дарға кешірім жаса­ла ма? Бұл – «если хоти­те, нрав­ствен­ный вопрос…».

Бақыт­гүл КӨПБАЙҚЫЗЫ,

«ДАТ» – «Сего­дня – Бүгін» газеті,

қара­ша, 2000 жыл, № 2 (04)

Сегодня – Бүгін» НЕГЕ ЖАБЫЛДЫ?

Тоғыз түр­лі нұсқа­сы шыққан «ДАТ»-тың жоба­сы­ның бір газеті «Сего­дня – Бүгін» небәрі сегіз нөмірі шыққан соң, билік­тік сот­тың шеші­мі­мен жабыл­ды. Сыл­тау – газет­тің Ақпа­рат мини­стр­лі­гі бер­ген куәлі­гі жалған болып шықты. Яғни, мини­стр­лік­те­гі әлдекім­дер «ДАТ» медиа-жоба­сы­ның шыға­ру­шы­сы Ермұрат Бапи­мен астыр­тын ымы­ра­ла­сып, газет­ке жалған куәлік берген.

Жөн-ақ! Солай бол­ды делік. Бірақ газет­тің сол кез­де­гі бас редак­то­ры Нұрым­жан Мауы­тов «жалған» газет шығарға­ны үшін жау­а­пқа тар­тыл­ма­ды. Ең қызы­ғы – сол «жалған» куәлік­ті пай­да­ла­нып, газет шығарған Ермұрат Бапи­дың «мошен­ник» екені дәлел­ден­беді және осы «ала­яқтық» әре­кеті үшін, заң бой­ын­ша оны сотқа тар­ту жөнін­де жеке сот қаулы­сы шығарылмады.

Ал бәрі­нен де қызы­ғы – сол «жалған» куәлік­ті, мини­стр­дің (Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев) қолы қой­ы­лған құжат­ты жасап бер­ген мини­стр­лік­тің жау­ап­ты қыз­мет­керін аны­қтап, оны қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту жөнін­де ешқан­дай әре­кет жасал­ма­ды. Яғни, билік «жалған куәлік­ті пай­да­лан­ды» деген желе­умен газет­ті қайт­кен­де де жабуға мүд­делі бол­ды. Ал оның себебі – сол жыл­да­ры бүкіл әлем­ді дүр­кірет­кен аты­шу­лы «Қаза­қ­гейт» дүр­ме­гін Қаза­қстан халқы­на жет­кіз­беу еді. «Сего­дня – Бүгін» газеті – бұған дей­ін тағы да солақай сот­тың шеші­мі­мен жабы­лған «Сол­ДАТ» газеті сияқты «Қаза­қ­гейт­тің» хро­но­ло­ги­я­сын қаза­қстан­ды­қтарға жет­кізіп тұрған жалғыз тәу­ел­сіз басы­лым болды.

Кей­ін­гі ұрпақ пен жас оқыр­ман­ның есіне сал­сақ, әйгілі «Қаза­қ­гейт» ісін­де­гі басты фигу­рант Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев еді. АҚШ про­ку­ра­ту­ра­сы қозғаған қыл­мыстық істе «КО‑2» деген шифр­мен бел­гі­лен­ген Қаза­қстан пре­зи­ден­ті аме­ри­кан­дық аза­мат Джеймс Гиф­фен­ге пара бер­ді деген дерек басты желеу бол­ды. Ал аны­ғын­да – швей­ца­ри­я­лық банк­тен табы­лған 98 мил­ли­он дол­лар Қаза­қстан­ның мұнай кені­шін шетел­дік ком­па­ни­яға сатқа­ны үшін Назар­ба­евқа беріл­ген пара еді.

Тағы бір еске салар­лық қызық жәйт – бұл 98 мил­ли­он дол­лар Қаза­қстан­нан «қашқан» экс-пре­мьер Әке­жан Қажы­гел­дин­нің «қыл­мысын» әшке­ре­леу әре­кеті сал­да­ры­нан аны­қталған еді. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың тап­сыр­ма­сы­мен қаза­қстан­дық про­ку­ра­ту­ра Қажы­гел­дин «ұрлаған» ақша­ны аны­қтау жөнін­де швей­ца­ри­я­лық банк­тер­ге сұрау салып, экс-пре­мьер­дің қыл­мысын ашу­ды мақ­сат еткен.

Швей­ца­ри­я­лық про­ку­рор Бер­нард Бер­тос­са­ның ізде­сті­ру нәти­же­сін­де Қажы­гел­дин­нің емес, Назар­ба­ев­тың пара ретін­де аме­ри­ка­лық ком­па­ни­ядан алып, шетел­дік банк­ке тыққан «ұрлық ақша­сы» ашы­лған. Ал бұл 98 мил­ли­он­ды арнайы есеп­шо­тқа салып, оның басқа­ру­шы опе­ра­то­ры Джеймс Гиф­фен екені аны­қталған соң, АҚШ про­ку­ра­ту­ра­сы өз аза­ма­ты­на қаты­сты қыл­мыстық іс қозғап, негіз­гі фигу­рант – Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты «КО‑2» ата­уы­мен қыл­мысты қосаққа тартқан.

Кей­ін­нен (2006–2008 жж.) Джеймс Гиф­фен АҚШ Орта­лық Бар­лау Басқар­ма­сы­ның (ЦРУ) тап­сыр­ма­сын орын­даған астыр­тын агент болға­нын жария етті. Мұнай кенін зерт­теу және сауда­лау мама­ны ретін­де Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Назар­ба­ев­тың сені­міне кіріп, шпи­он ретін­де «ЦРУ»-дың тап­сыр­ма­сын орын­даға­нын сот бары­сын­да мойындаған.

Қаза­қстан билі­гінің еріксіз келісі­мі арқы­лы және АҚШ соты­ның шеші­мі­мен Назар­ба­ев ұрлаған 98 мил­ли­он дол­лар Қаза­қстанға қай­та­ры­лып, бұл қар­жы қаза­қстан­дық бала­лар­дың мүд­десіне пай­да­ла­ну үшін, арнайы ашы­лған «Бота» қоры­на ауда­рыл­ды. АҚШ тара­пы­ның тала­бы­мен бұл қара­жат­ты басқа­ру және мақ­сат­ты пай­да­ла­ну бағы­тын­да тәу­ел­сіз комис­сия құрылды.

Бірақ кей­ін­нен шетел­дік басы­лым­дар­да осы 98 мил­ли­он­ды иге­ру бары­сын­да бұл қара­жатқа пре­зи­дент­тің үлкен қызы Дариға Назар­ба­е­ва «ауыз сал­ды» деген дерек пай­да бол­ды. Дәй­ек­тілі­гі мен дүда­мал дол­ба­ры күні бүгін­ге дей­ін бей­мағлұм бұл ақпа­рат­тың оң-терісін аны­қтау – кей­ін­гі қаза­қстан­дық ұрпақтың пары­зы бол­са керек. Бұл енді басқа әңгі­менің тақырыбы.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн