Пятница , 4 июля 2025

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТТІҢ КҮЙЕУ БАЛАСЫ мемлекеттің меншігіндегі жерді қалай иемденген? 

  • Қаза­қстан­дағы ең бай адам – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы, мил­ли­ар­дер Тимур Құлы­ба­ев басқа­ра­тын ком­па­ни­я­лар Алма­ты­ның қым­бат ауда­нын­дағы бұрын мем­ле­кет иелі­гін­де болған жер­ді иеленіп оты­рға­нын «Азаттық» аны­қта­ды. Біз осы зерт­те­уді ықшам­дап, қазақ тіліне жатық нұсқа­да редак­ци­я­лап, оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­ну­ды жөн көрдік.

 

Жылдар бойы мем­ле­кет мен­ші­гін­де болған жер­лер­дің жеке мен­шік қолға өтіп, орны­на зәулім кең­се­лер, кең-мол сауда орта­лы­қта­ры мен көпқа­бат­ты тұрғын үйлер қалай бой көтер­ді деген сұрақ қаза­қстан­ды­қтар­ды жиі мазалайды.

Сұрақтың жау­а­бы эли­та­мен бай­ла­ны­ста жатыр. Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры Қаза­қстан­да Тимур Құлы­ба­ев­тай билік­пен бай­ла­ны­ста «қолы ұзын» болған кәсіп­кер сирек. Ол – Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың күй­еу баласы.

Құлы­ба­ев әйелі Дина­ра Құлы­ба­е­ва­мен бір­ге (Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың екін­ші қызы) елде­гі ірі банк­тер­дің бірі – «Халық банк­ке» иелік ете­ді. Ол 10 жыл­дан астам уақыт бойы «Ата­ме­кен» ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сын басқар­ды. Forbes Kazakhstan дере­гін­ше, Құлы­ба­ев­тар­дың отба­сы­лық ортақ бай­лы­ғы 8 млрд дол­ларға жуы­қтай­ды. Жур­нал жасаған Қаза­қстан­дағы ең бай кәсіп­кер­лер тізі­мін­де Құлы­ба­ев пен оның әйелі метал­лур­гия сала­сы­ның «пат­ша­сы», Назар­ба­ев­пен тығыз бай­ла­ны­сы бар Вла­ди­мир Ким­нен кей­ін­гі орын­да тұр.

Бірақ 238 адам­ның өмірін қиған «Қаңтар қырғы­ны­нан» кей­ін эли­та ішін­де біраз өзгеріс бол­ды. Назар­ба­ев мем­ле­кет­тік лау­а­зым­да­ры­нан, Кон­сти­ту­ци­яда бекітіл­ген «Ұлт көш­бас­шы­сы» мәр­те­бесі­нен айы­ры­лып, бүкіл билік өзі 2019 жылы орны­на қал­ды­рған Қасым-Жомарт Тоқа­евқа тиесілі екенін көр­сет­ті. Назар­ба­ев­тың туы­ста­ры да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен, кор­по­ра­ция бас­шы­сы лау­а­зы­мы­нан боса­тыл­ды. Құлы­ба­ев «Ата­ме­кен» ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы­ның төраға­лы­ғы­нан кетті.

Бірақ клан­ның басқа мүше­лері­мен салы­сты­рған­да, Тимур Құлы­ба­ев қоғам наза­ры­нан алы­ста­ма­ды. Пре­зи­дент сөз сөй­ле­ген биз­нес-фору­мға, Тоқа­ев­тың ина­у­гу­ра­ци­я­сы­на қатысты.

«Азатты­қтың» жаңа зерт­те­уі Құлы­ба­ев­тың бел­гісіз жол­мен жеке мен­шік­ке өтіп кет­кен Алма­ты­дағы жер­лер­де құры­лыс жүр­гіз­генін көр­сет­ті. Енді Қаза­қстан­дағы сая­си жағ­дай өзгеріп жатқан тұста Құлы­ба­ев қолын­дағы мүм­кін­дік­ті ұстап қала ала ма?

Былтыр қаңтар­дың басын­да Алма­ты­да мың­даған нара­зы жина­лып, «Шал, кет!» деген ұран­мен Назар­ба­ев­тың сая­сат­тан бір­жо­ла кетуін талап етті. 5 қаңтар­да бей­біт нара­зы­лық жап­пай тәр­тіп­сіздік­ке ұла­сып, пре­зи­дент рези­ден­ци­я­сы нара­зы­лар мен күш құры­лым­да­ры ара­сын­дағы шай­қас алаңы­на айналды.

Өртеніп, кей­ін құла­ты­лған рези­ден­ция ғима­ра­ты­ның жанын­да 2014 жыл­дан бері қара­у­сыз жатқан 3,8 гек­тар жер бар. Бұрын бұл жер­де Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің әске­ри гос­пи­талі болған. 2010 жылы ауру­ха­на­ны қира­тып, қай­та салу тура­лы шешім­ге отстав­ка­дағы әске­ри қыз­мет­кер­лер қар­сы шығып, астыр­тын келісім­шар­тқа қаты­сты күмән көбейді.

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­ітқа­зы Мата­ев сол кез­де: «Бел­гілі адам­дар мен құры­лым­дар біраз уақыт­тан бері бұл жер­ге көз тігіп жүр. Алма­ты­ның орта­лық алаңын­да қоғам­дық маңы­зы бар ғима­рат­тар болуы керек» деген. Ара­да бір­не­ше жыл өткен соң, Мата­ев­тың күмәні шынға айналды.

Қорға­ныс мини­стр­лі­гі үшін құны 23 млрд тең­ге­ге баға­ланған жаңа ауру­ха­на салып бер­ген және ескі гос­пи­таль орнын иелініп қалған ком­па­ния «Достық строй» деп ата­ла­ды. Ол кез­де орта­лы­қта орна­ласқан қым­бат жер телі­мі қала­ның сыр­ты­на жаңа ауру­ха­на салу құны­нан да қым­бат тұра­тын. Одан бері жер­дің баға­сы өсе түсті.

«Достық строй» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гі Joint Technologies және «Кипрос» деп ата­ла­тын екі ком­па­ни­яға тиесілі. Еке­уінің де түп­кі иесі – Тимур Құлыбаев.

Құлы­ба­ев­тың ком­па­ни­я­сы жер­ді алған кез­де Алма­ты әкім­ді­гін Ахмет­жан Есі­мов, ал Қорға­ныс мини­стр­лі­гін Әділ­бек Жақ­сы­бе­ков басқа­ра­тын. Назар­ба­ев­тың серік­терінің ішін­де осы еке­уі бірін­ші пре­зи­дент­тің отба­сы­на ерекше адал және өте жақын бол­ды. Ақпа­рат құрал­да­ры Есі­мов – Назар­ба­ев­тың туы­сы деп те жазып жүрді.

Қорға­ныс мини­стр­лі­гі «Азатты­қтың» сұрағы­на Есі­мов әкім болып тұрған кез­де жер жеке мен­шік­ке өтпеc бұрын, оны қала билі­гі өз бақы­ла­у­ы­на алған деп жау­ап бер­ді. 2013 жылы 8 қара­ша­да жер­дің пай­да­ла­ну мақ­са­тын өзгер­ту­ге, жеке мен­шік­ке беру­ге сол кез­де­гі пре­мьер-министр Серік Ахме­тов қол қойған.

Мем­ле­кет­тік жер кадаст­рі­нен алы­нған деректер бір кез­дері әске­ри гос­пи­таль болған учас­кенің қазір­гі ста­ту­сы қонақүй салуға арналға­нын көр­се­те­ді. Құры­лыс қашан салы­на­ты­ны бел­гісіз, жер ондаған жыл­дан бері бос жатыр.

Қазақ Ұлт­тық уни­вер­си­тетіне тиесілі біраз жер­ді Тимур Құлы­ба­ев қалай ием­деніп кетті?

Осы жер­ге құры­лыс жұмыста­рын жүр­гізіп жатқан Atlas Development ком­па­ни­я­сы­ның сай­тын­да тұрғын үй мен кең­се­лер­ден тұра­тын «Deniz Park» кешені «сапа­лы жер­де өмір сүріп, жұмыс істе­гісі келетін­дер­ге арналған мекен» деп сипатта­ла­ды. «Deniz Park» кешенін­де кең вести­бюль, жасыл желек­ке толы тер­ра­са, бей­ре­сми кез­де­су өткізу­ге арналған орын­дар бола­ды. Әде­мі жер айна­ла­дағы ланд­шафт­пен де жақ­сы үйлеседі.

Бірақ «Deniz Park» салы­нып жатқан аумақтың біраз жері бұрын әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетіне тиесілі болған. Екі жыл бұрын Құлы­ба­евқа қарас­ты Omirex және Atlas development ком­па­ни­я­ла­ры уни­вер­си­тет­тің 0,8 гек­тар жерін жалға алу тура­лы келісім­шар­ттың бене­фи­ци­а­ры болып шықты. Жер Esentai Mall сауда орта­лы­ғы мен Ritz-Carlton қонақүй­інің дәл қасын­да орна­ласқан (сурет­ті қараңыз).

2022 жылы тамы­зда Алма­ты­дағы жер ресур­ста­рын басқа­ру коми­теті келісім­шар­ттың заң­ды­лы­ғы­на сот арқы­лы күмән кел­тір­ді. Қазан айын­да сот жер­ді уни­вер­си­тет­тің бақы­ла­у­ы­на қай­тар­ды. Atlas Development сот шеші­міне қар­сы арыз түсіріп, мүлік­ті дау­лап жатыр.

«Азаттық» радио­сы осы маң­дағы аумағы 1,8 гек­тар бола­тын өзге жер Құлы­ба­ев басқа­ра­тын «Кипрос» ком­па­ни­я­сы­ның иелі­гін­де екенін аны­қта­ды. Бұл жер алғаш рет 2007 жылы Алма­ты­да Иманға­ли Тасмағам­бе­тов әкім болған кез­де жеке­ше­лен­діріл­ген. Был­тыр әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­теті «Азатты­ққа» сол уақыт­та жер Алма­ты әкім­ді­гі, Білім мини­стр­лі­гі мен Esentai Development ком­па­ни­я­сы ара­сын­дағы үшжақты шарт аясын­да жеке мен­шік­ке беріл­генін мәлімдеді.

Келісім­ге қол қояр­дан бір күн бұрын Жан­сей­іт Түй­ме­ба­ев Бірға­ным Әйті­мо­ва­ның орны­на білім мини­стрі болып тағай­ын­далған. Қазір Түй­ме­ба­ев – осы уни­вер­си­тет­тің ректоры.

Заң­ды тұлға­лар­дың тір­кеу база­сын­да қазір «Esentai Development» деген ата­у­мен жұмыс істеп жатқан ком­па­ния табыл­ма­ды. Бірақ осын­дай ата­уы бар ком­па­ни­яға кәсіп­кер Сер­жан Жұма­шов иелік еткені жөнін­де дерек бар. Жұма­шов Esentai Mall сауда орта­лы­ғы­ның мен­шік құқы­ғын Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы Қай­рат Боран­ба­ев­пен бөлісіп отыр. Қазір Боран­ба­ев ақша жымқыр­ды деген күдік­пен айып­та­лып, абақты­да қамауда жатыр.

Уни­вер­си­тет қара­мағын­дағы жер­дің Құлы­ба­ев­тың қолы­на қашан және қалай өткені бел­гісіз. Билік жеке­ше­лен­дірудің заң­ды­лы­ғын тек­се­ру­ге қан­ша­лық құлы­қты екені де беймәлім.

Қазан айын­да жер ресур­ста­рын басқа­ру коми­теті «Азатты­ққа» учас­кенің жеке мен­шік­ке қалай өткенін тек­серіп көретінін айт­ты. Бір­не­ше айдан кей­ін коми­тет «тек­серіс бастал­ма­ды, оған негіз бола­тын өтініш түс­кен жоқ» деп жау­ап берді.

Алма­ты әкім­ді­гі биыл қаңтар­да уни­вер­си­тет­ке беріл­ген жер алға­шын­да 6,6 гек­тар болға­нын, оның көп бөлі­гі оқу орны­на қай­та­ры­лға­нын, 1,8 га жер ғана жеке мен­шік­те қалға­нын түсіндірді.

«Азатты­қтың» осы­ған дей­ін­гі зерт­те­улері Назар­ба­ев отба­сы­ның мүше­лері Алма­ты­да және елдің басқа бөлік­терін­де ондаған жер телім­деріне иелік ететінін аны­қтаған. Олар­дың шетел­де де зәулім сарай­ла­ры бар.

Жер актив­тері­нен бас тар­туға мәж­бүр болған отба­сы мүше­лерінің бірі – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың бауы­ры Болат Назар­ба­ев. 2 ақпан­да «Ама­нат» пар­ти­я­сы Болат Назар­ба­ев­тың Жам­был және мұнай­ға бай Маңғы­стау облы­сын­дағы 300 мың гек­тар жері тәр­кі­лен­генін хабарлады.

Бас­пасөз­де соңғы тараған мәлі­мет­тер­ге қараған­да, Тимур мен Дина­ра Құлы­ба­ев­тар «Халық банк­тің» мино­ри­тар пакетінің бір бөлі­гін саты­лы­мға шыға­руы мүм­кін. Орта­лық Азия мен Кав­каз елдерін­де хабар тара­та­тын Eurasianet сай­ты Құлы­ба­ев­тар­дың бұл шеші­мі «Аста­на­ның Назар­ба­ев әулетінің Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на ықпа­лын шек­теу тал­пы­ны­сы­на жау­ап па деген талқы туғы­зға­нын» жазды.

Құлы­ба­ев­тар «АЛМЭКС» хол­динг­тік ком­па­ни­я­сы арқы­лы «Халық банк­тің» біраз акци­я­сын 2019 жылы да сатып жібер­гісі кел­ген. Ол кез­де «АЛМЭКС» акци­я­ны саты­лы­мға шыға­руға «халы­қа­ра­лық инве­сти­ци­я­лық қауым­да­сты­қтың бір­не­ше рет өтініш жасаға­ны» себеп бол­ды деген.

Azattyq.org – «DAT»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн