Суббота , 5 июля 2025

АҚИҚАТТАН аттап КЕТПЕЛІК!

  • Батыл ойы бар, баян­ды сөзі бар қалам­дас інім Марат Бәй­діл­даұ­лы Тоқаш­ба­ев осы гәзет­те шыққан «Қона­ев – татар» деудің түбі – шірік» (19.01.2023 ж.) деген шағын мақа­ла­сын­да Д.Қонаевтың тегі тура­лы нақты деректі бұр­ма­лап­ты. Не үшін, кім үшін? Түсінбедім.

Тура­шыл­ды­ғы­мен бел­гілі болған жур­нал­шы аға­мыз, марқұм Мадат Аққо­зин­нің естелік жаз­ба­ла­ры­нан мына үзін­діні ұсынайын:

«…Пар­ти­я­ның көнекөз қыз­мет­кері Саты­пал­ды Тота­нов «Өткен өмір өткел­дері» деген кіта­бын шығар­ды. Кітап бірін­ші жақ – қаты­су­шы және көз­бен көру­ші тара­пы­нан баян­далған әртүр­лі деректер­ге толы. Деректер біре­удің шамы­на тиер-тимесіне қара­ма­стан, боя­ма­сыз, қаз-қал­пын­да берілген.

Пар­ти­я­лық қыз­мет­тен зей­нет­ке шыққан­нан кей­ін Саты­пал­ды Тота­но­вқа рес­пуб­ли­ка үкі­метінің жанын­дағы Дін жөнін­де­гі кеңе­сті басқа­ру тап­сы­ры­лған. Сол кеңе­стің Қараған­ды облы­сы бой­ын­ша бөлім­ше­сінің бас­шы­сы Қараған­ды облы­стық мем­ле­кет­тік мұрағат­ты басқарған кезін­де Қона­ев­тың өз қолы­мен тол­ты­ры­лған анке­та­ны көріп қалға­нын айтқан. Анке­та­да Дін­мұ­ха­мед Қона­ев­тың ұлты татар деп көр­сетіл­ген… Анке­та­ның табы­лға­нын сол уақыт­та Қараған­ды облы­стық пар­тия коми­тетінің хат­шы­сы болып қыз­мет ететін Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа айтқан. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ол құжат­ты еке­уі­нен басқа ешкім біл­мей­тін­дей етіп тығып таста­уды өтінген.

Одан соң заман өзгер­ді. Саты­пал­ды Тота­нов Алма­ты қала­лық арда­гер­лер кеңесін­де жұмыс істеп жүр­ді. 1990 жыл­дың 20 сәуірін­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Ленин­нің 120 жыл­ды­ғын қалай атап өту керекті­гін ақыл­да­су үшін, Алма­ты­ның әр ауда­ны­нан 10 арда­гер­ді өзіне шақы­рып алады.

Әртүр­лі сұрақтарға, оның ішін­де Дін­мұ­ха­мед Қона­евқа қаты­сты­ла­ры­на да жау­ап беріп оты­рған Назар­ба­ев оған қаты­сты артық сөз айт­па­уды, тыныш дем алуы­на мүм­кін­дік беруді сұра­ды. Саты­пал­ды Тота­но­втың естелі­гі бой­ын­ша, сол жолы Назар­ба­ев оты­рған­дарға қарап, кіш­кене ойла­нып алып, күт­пе­ген жер­ден: «Қона­ев қазақ емес, пар­ти­яға өту үшін өз қолы­мен тол­ты­рған анке­та­сын­да ұлтын татар деп көр­сет­кен» деп айтып салған».

Бұл деректер­ді жоққа шыға­руға тыры­су­шы қона­ев­шыл­дар көзі тірі Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа жүгінсін.

Қосым­ша айта­рым: егер Д.Қонаевтың тегі қазақ бол­са, исі қаза­қтың мақта­ны­шы екені мәлім тари­хи тұлға­ла­ры­мыз: Қаныш Сәт­ба­ев­ты, Шафик Шокин­ді, Шах­мар­дан Есе­но­вті, Евней Бүке­то­вті, Өзбекәлі Жәні­бе­ко­вті, Әну­ар Әлім­жа­но­вты қуда­ла­мас еді.

Үлкен-кіші ағай­ын­дар, ақиқат­тың табал­ды­рық емесін ұмытпалық!

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Серікболсын Әбділдин:

«Қонаев – татар» дегенді

ЮСУПОВ ШЫҒАРҒАН

  • Қаңтар айы туса бол­ды, осы «Фейс­бук­та» сүй­е­гі де шіріп кет­кен Қона­ев­пен, оның әру­ағы­мен алы­су баста­ла­ды. Неге? Қона­ев­ты «рушыл бол­ды», «жер­шіл бол­ды» деседі. Десек те, өлген Қона­ев­ты мың сіл­кіле­сек те, бір­деңе өзге­ре ме? 

Осы орай­да марқұм Серік­бол­сын Әбділ­дин аға­мен Қона­ев жай­лы болған сұх­бат­тан үзін­ді салай­ын деп шештім. Қан­ша деген­мен, Серік­бол­сын аға Қона­ев­тың көзін көр­ген, бір­ге қыз­мет­тес болған және тек шын­ды­қты айтып өткен асыл кісі еді ғой. Қона­ев­ты Серік­бол­сын аға­ның көзі­мен танып көріңіздер.

– Кеше­гі күн – бүгін­гі тарих, бүгін­гі күн – ертең­гі тарих демек­ші, Серік­бол­сын аға, сол өткен тарихқа кідіріс жаса­сақ… «Қона­ев­тың кезін­де қазақ мек­теп­тері жабы­лып, Алма­ты­да бір ғана қазақ мек­тебі бол­ды. Және ол қаза­қтар­ды ауы­лға жіберіп, қой бақты­рғы­сы кел­ді», – деген сөз­дер бүгін­де жиі айты­лып жата­ды. Қона­ев­тың осы қаза­ққа «қасты­ғы» қан­ша­лы­қты рас?

– Қона­ев та пері­ш­те емес. Иә, оның тұсын­да Алма­ты тұрғын­да­ры­ның ара­сын­дағы қаза­қтар­дың үлес саны 12 пай­ы­зды ғана құрап, басқа ұлт­тар­дың көбей­гені рас. Бірақ Қона­ев­тың ҚК ОК Бірін­ші хат­шы­лы­ғы­на кел­ген 1959–1960 жыл­да­ры Қаза­қстан­дағы жал­пы қаза­қтар­дың үлес сал­мағы 29-ақ пай­ы­зды ғана құраған еді. Енді өзіңіз ойлаңыз­шы, мұн­дай үлес сал­мақ­пен қазақ мек­тебін көбей­ту тұр­мақ, ол кез­де рес­пуб­ли­ка­ны ұстап тұру­дың өзі мүм­кін емес (қаза­қтың жал­пы саны бар болға­ны 29%, ал аста­на­сы – Алма­ты­да 12-ақ пай­ыз) уақыт­та аз ғана қаза­ққа Қона­ев қос-қос мек­теп қай­дан салдырсын?!

Деген­мен, Д.Қонаевтың кезін­де ресми іс қағаз­дар­дың бәрі орыс тілін­де жүр­гізіл­генін (Кеңе­стік дәуір тұр­мақ, бүгін­гі еге­мен­дік кезең­де де бұл олқы­лық әлі де түзел­ген жоқ – С.Ә.), өзінің де орыс тіл­ді болға­ны рас. Бұл қазақ тілінің кем­сітілуіне себеп бол­ды. Мәде­ни­еті­міз өркен­де­уін – өркен­де­гені­мен, атақтар­ды көбіне орыс тіл­ділер алды. Ғылым қары­штап дамы­ға­ны­мен, ол іс жүзін­де орыс тілінің ғылы­мы бол­ды. Осы­ның сал­да­ры­нан қаза­қ­ша эко­но­ми­ка ғылы­мы әлі күн­ге дей­ін жоқ.

Деген­мен, бұл жайт Қона­ев­тың еңбе­гін көмес­кілей алмай­ды. Оның тұсын­дағы халы­қтың жағ­дай­ын қазір­гі кез­бен еш салы­сты­руға бол­май­ды. Сон­ды­қтан да қазақ елін Қона­ев оры­стан­дыр­ды деу – дұрыс емес. Қазақ халқы­ның мерей­ін өсір­ме­ген – Кеңес үкі­меті мен оның басын­да болған орыс сая­сат­кер­лері еді. Ол уақыт­та сая­сат солай бол­ды. Қаза­қстан­дағы бар­лық жағ­дай Мәс­ке­удің, яғни оры­стың бақы­ла­у­ын­да болды.

– Яғни, Қона­ев тек Мәс­кеу тап­сыр­ма­сын орын­дап отыр­ды дей­сіз ғой?

– Оның ақыл­ды­лы­ғы сол – екі жақты бір­дей тіз­гін­деп, теңе­стіріп оты­руы. Қона­ев – Мәс­кеу сая­са­ты мен өз сая­са­тын мөл­шер­леп, тең ұстанған бас­шы. Айтып өту керек – ол басқарған 25 жыл­дың ішін­де Қаза­қстан бай­лы­ғы жеті есе­ден артық өсті. Бұл – мақтан етер­лік іс!

– Қаза­қтар­ды қалаға кел­тір­мей, ауы­лға айдап сал­ды деген сөз ше? 

– Бұл сая­сат­ты, эко­но­ми­ка­ны түсін­бей­тін адам­дар­дың сан­ды­рағы. Олай деуім­нің себебі: қаза­қтың жерін­дей кең бай­тақ жер­ді ұстай­тын сая­сат – қай­та қоны­сты көбей­ту. Ауыл­ды көте­ру сая­са­ты. Қаза­қтың іргесін қашан да ауыл құрай­ды! Қона­ев­тың зама­нын­да осы сая­сат жақ­сы үрдіс алды. Кол­хоз-сов­хоз­дар­ды нығайт­ты. Ол сая­сат өте дұрыс еді. Тіп­ті мына Қытай­дың шека­ра­сы­на дей­ін үй салып, қоныс теп­тіріп, сов­хоз ұйымдастырды. (…)

– Серік­бол­сын аға, осы орай­да тағы бір қызы­қты сәт – Д.Қонаевтың қазақ екеніне күмән кел­тіріп, «Қона­ев – татар» дей­тін­дер де табы­лып жүр. Аны­ғын­да Қона­ев­тың ұлты кім болған?

– «Қона­ев – татар» деген­ді кезін­де И.Юсупов* шығарған (сурет­те – сол жақтан бірін­ші). Қона­ев – қазақ бол­ды. Қона­ев өз зама­ны­ның даны­шпа­ны, өте алғыр кісі бола­тын. Деген­мен ол кісіні де мін­сіз бол­ды деу­ге бол­май­ды. Жоға­ры­да айт­тым ғой, Қона­ев пері­ш­те емес деп, оның да пен­де­шілі­гі бар еді… 

Қона­ев­тың ең үлкен міні – сол заман­ның өзін­де белең алған жүз­ге бөлі­нуі, рушыл­ды­ғы еді. Диме­кеңнің Қаза­қстан аймақта­рын­да кадр­лар­ды ауы­сты­ру, жұмысқа тағай­ын­дау кезін­де руы­на, жүзіне, туған жеріне қарай бөлетін астыр­тын, «кілем астын­дағы» өз сая­са­ты, өз есебі бар-тын. Ашы­ғын айтқан­да, ол әсіре­се орта жүз, арғын­дар­ды тәуір көрмеді.

– 1986 жылы ол кісіні орны­нан алар уақыт­та сая­сат­та нешетүр­лі қитұрқы ойын­дар баста­лып кетіп еді. Қона­ев­ты орны­нан алған­да сіз қан­дай көзқа­рас­та бол­ды­ңыз? Қаза­қстан­да бол­ды­ңыз ба?

Мен ол кез­де «Агро­пром­да» министр болып істей­тін­мін. Осы жағ­дай­лар­дың дәл орта­сын­да бол­дым. Әділет­ті жол­мен, жасы кел­ген соң Қона­ев өзі де кетуі керек еді. Сон­дай айқай-шуды ұйым­да­сты­ру­дың қажеті жоқ еді. Кама­лид­де­нов Зақаш өз кіта­бын­да «Қонав­тың орны­на Назар­ба­ев сай­ланған­да, «Жел­тоқ­сан дүм­пуі» бол­май­тын еді» деп жазып­ты. Осы­дан-ақ біле беріңіз, кім­нің кім қол­шоқ­па­ры болға­нын.

Шие­ленісіп тұрған сол бір жағ­дай­лар­да Диме­кең айна­ла­сын­дағы адам­дар­дың сөзін тың­дап, «кінәлі­ге» бас сала­тын да мінезі бола­тын. Мен 1983 жылы қаңтар­дың басын­да Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы ОК-тің сая­си сабақтар жөнін­де­гі жетек­шісі Н.Назарбаевтың өтіні­ші­мен азық-түлік бағ­дар­ла­ма­сы жөнін­де баян­да­ма жаса­дым. Ол кез­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры бола­ты­н­мын. Шыны керек, сөзім­ді халық қызы­ға тың­да­ды. Ертеңін­де Қона­ев­тың мені іздеп жатқа­ны жай­лы хабар алдым. Каби­неті­ме қоңы­рау түсті. Теле­фон тұтқа­сын көтер­генім сол еді, Диме­кең: «Кеше лек­ци­яң­да құпия мәлі­мет­тер­ді жай­ып салға­ның не?» – деп айқай­лап қоя бер­ді. Мен: «Менің айтқан­да­рым – «Ста­ти­сти­че­ский сбор­ник госу­дарств мира» деген кітап­тағы мәлі­мет­тер, құпия ештеңе айтқан жоқ­пын», – деп едім, сөзім­ді тың­да­ма­стан тұтқа­ны қоя салды.

Кей­ін оған мен жай­лы жағым­сыз әңгі­ме айтып барған адам­ның кім екенін біл­дім. Бүгін­де ол – халық жақ­сы тани­тын, билік басын­да жүр­ген жан. Менің айт­пағым – сол оқиға Қона­ев­тың менің ізі­ме түсуіне ілік болған жоқ, керісін­ше, бір­не­ше айдан кей­ін бұры­нғы қыз­метім­нен дәре­же­сі әлдеқай­да жоға­ры министр қыз­метіне тағай­ын­дал­дым. Диме­кең біре­удің сөзіне еріп, істің бай­ы­бы­на бар­ма­стан ұры­сқа­ны­мен, қолым­нан іс келетінін біліп, әділет­тілік таныт­ты. Сол қасиетінің 

арқа­сын­да ол көп кадр­лар­ды дұрыс ірік­тей де білді. 

Тағы бір есім­де ерекше сақталға­ны, Диме­кең аудан, облыс бас­шы­ла­ры­ның кем­шілік­терін халық алдын­да бет­теріне қат­ты баса­тын. Халы­қта түйт­кіл­ді мәсе­ле­лер орын алған жағ­дай­лар­да олар­ды Қона­ев оңтай­лы шешетініне сенетін. 

Қысқа­сы, таза­лы­қты ұста­ным еткен билік­тің халы­ққа қыз­мет етуіне Қона­ев­тың өзі бас­шы­лық жасады… 

Сұх­бат­тасқан Ася Асет­ки­на,

  •  
  • *Исма­ил Абду­ра­су­ло­вич Юсу­пов – Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы (1962–1964 жж.).

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн