Суббота , 5 июля 2025

Марат Жыланбаев: Қаңтар оқиғасы алдында «ФСБ» МІНГЕН ҰШАҚ Қарағандыға келіп қонған

  • Осы­дан тура бір жыл бұрын мара­фон­шы, Гин­нес­стің рекорд­тар кіта­бы­на енген рекорд­шы Марат Жылан­ба­ев Қаза­қстан­ның Тұңғыш пре­зи­ден­тіне қар­сы про­це­сте жеңіс­ке жет­кен бола­тын. Спорт­шы­ның әле­умет­тік желі­де­гі жаз­ба­ла­ры Назар­ба­ев­тар отба­сы­ның ар-намысы мен абы­рой­ын қорғау мақ­са­тын­да істің қозға­луы­на негіз болған еді.

– Адам бала­сы­нан (яғни, менен) қорғау үшін комис­сия құрыл­ды, оның құра­мы­на заң про­фес­сор­ла­ры мен ҰҚК қыз­мет­кер­лері кір­ді, – деп мәлім­деді Марат. – Айт­пақ­шы, мені ғана емес, өзге бло­гер­лер­ді де сот­та­ды (баса айтай­ын, тек қаза­қтар­ды ғана), алай­да көп­шілі­гі кей­ін өз жаз­ба­ла­рын алып таста­ды. Менің 20-ға жуық жаз­ба­ла­рым бола­тын, мұн­дай жаз­ба­лар Отба­сы­ның абы­ройы мен намысы­на нұқ­сан кел­тіреді деп есеп­те­ді. Мен, мәсе­лен, «Тұңғыш пре­зи­дент және оның туы­ста­ры – елі­міз­де­гі ең басты мил­ли­ар­дер» деп жаз­дым, күл­кілі әзіл­дер мен ерте­гілер айт­тым, биз­не­смен­дер­мен кез­де­су­де Тоқа­ев­тың Қаза­қстан­ның бай­лы­ғы бар-жоғы 162 ада­мға ғана тиесілі деген сөзі­нен дәй­ек­тер кел­тір­дім. Осын­дай жаз­ба­лар­ды жою­ды талап еткен комис­сия бұл жалған ақпа­рат екенін алға тартты.

Менің адво­кат­та­рым Бауы­р­жан Аза­нов пен Абзал Құс­пан елба­сы­ны е@лан деп атаған пост­та­рым­ды ғана алып таста­уды өтін­ді. Бұл әдеп­сіз сөз бол­са керек. Мен емес – халық оны осы­лай атай­ды дедім, мен өз жаз­ба­ла­рым­нан бір­де-бір сөзді алып тастаған жоқ­пын. Олар ұзақ, бір жыл бойы мені­мен сот­та­сты, нәти­же­сін­де Назар­ба­ев өмірін­де алғаш рет жеңіліс­ке ұшы­ра­ды. Бұл осы­дан тура бір жыл бұрын – 2022 жыл­дың қаңтар айы­ның соңын­да болған еді.

– Айдың басын­да орын алған оқиға­лар бұған қан­дай да бір әсер етті ме?

– Әрине, мұн­дай оқиға­лар­дың көме­гі зор бол­ды, онсыз мен жеңіліс­ке ұшы­рап, бұл уақыт­та /түрмедегі/ мерзі­мім­ді өтеп жатқан болар едім. Олар мені 8 жылға тоғыт­пақ бол­ды. Соңғы сот про­цесін 2021 жыл­дың 16 жел­тоқ­са­ны­на дей­ін өткіз­гілері кел­ді. Алай­да олар мұны Жел­тоқ­сан оқиға­сы қар­саңын­да жаса­уға қорқып, оны 2022 жыл­дың қаңтар айы­ның алға­шқы күн­деріне ауы­сты­рған бола­тын, осы­лай­ша осы кез­де қан­ды оқиға­лар баста­лып та кет­ті. Олар халы­қты дүр­лік­тіру­ден қоры­қты, бұл кез­де олар (талап­кер­лер де, сот та) мені қорқы­та алмай­ты­нын түсіне бастады.

– Өзіңіз құрған «Алға, Қаза­қстан!» оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­сы­ның жұмысы қалай жүріп жатыр? Сіз оны тір­кей алды­ңыз ба?

– Әзір­ге жоқ. Соңғы рет біз ұсы­нған тізім Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заңы­ның 8‑бабына сәй­кес кел­мей­ді, онда шетел­дік­тер­дің мүшелік­ке өтуіне жол беріл­мей­ді деген желе­умен бас тар­тыл­ды. «Сіз­дер­дің ара­ла­ры­ңы­зда қаза болған адам­дар да бар» дейді.

Жал­пы, олар уақыт­ты кешік­ті­ру, пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға қаты­суға мүм­кін­дік бер­меу үшін, мәні жоқ, қай­дағы бір әртүр­лі сан­ды­рақ сөз­дер­ді айта­ды. Біз тір­ке­у­ге 9 рет өтініш бер­дік. Алғаш рет пре­зи­дент сай­ла­уы қар­саңын­да, содан кей­ін Әділет мини­стр­лі­гіне мың адам ғана қажет бол­са да, 1600 адам­ның аты-жөні жазы­лған тізім­ді әкеліп ұсын­дық. Біз­ге бар­лық талап­тарға 966 адам ғана сәй­кес келетінін айт­ты, қалған­да­ры «өлі жан­дар» деп жау­ап берді.

Осы­дан кей­ін біз виде­о­лар түсі­ре баста­дық. Біз­бен бір­ге болу­ды ұйғарған бес мың адам­ның 1300-ге жуы­ғы каме­ра алдын­да «Алға, Қаза­қстан!» пар­ти­я­сы­на өз еркі­мен кір­ген қаза­қстан­ды­қтар екенін айтып, жеке куәлік­терін көр­сет­ті. Алай­да Әділет мини­стр­лі­гі бар­лық билік­ке бағы­ны­шты сол­шыл пар­ти­я­ларға жол ашса да, алған бет­тері­нен қайт­пай, бізді тір­ке­меді. Олар, мәсе­лен, «Рес­пуб­ли­ка» және «Бай­тақ» тәрізді пар­ти­я­лар­ды әлдеқа­шан тір­ке­уден өткіз­ген болатын.

– Назар­ба­ев даңғы­лын Қаңтар даңғы­лы деп өзгер­ту тура­лы ұсы­ны­сқа қалай қарайсыз?

– Әрине, мұны сөз­сіз құп­тай­мын, бұған оң қарай­мын. Бұл «Біз қара­пай­ым қаза­қ­пыз, біз тер­ро­рист емес­піз!» деген пла­кат­пен шыққан тәу­ел­сізді­гі­міз бен азатты­ғы­мыз үшін жанын қиған қай­рат­кер­лер­дің естелі­гі болмақ.

Иә, /даңғылдың/ атын өзгер­ту­ге қар­сы адам­дар да бар. Олар: «Сіз­дер­де – Қаңтар, біз­де – қырғын» деген­ді желеу ете­ді. Менің ойым­ша, бұл жаны мен жүре­гі жоқ адам­дар неме­се толық «мақта­бас» жан­дар. Осы адам­дар­дың бар­лы­ғы­на мен Дина­ра Еге­уба­е­ва­ның ресей­лік құқық қорға­у­шы Вла­ди­мир Осеч­кин­мен болған сұх­ба­тын көру­ге кеңес берер едім.

Құқық қорға­у­шы­ның айтуын­ша, 2022 жыл­дың 5 қаңта­ры­на, яғни қаза­қстан­ды­қтарға қару қол­да­ны­лғанға дей­ін «ФСБ» қыз­мет­кер­лері біз­ге ұшып кел­ген көрі­неді. Мен оған жүз пай­ыз сене­мін, өйт­кені олар мін­ген ұшақ, менің жеке хабар­ла­ма­ла­рым­да жазы­лған­дай, Қараған­ды­ға келіп қонған. Радар­лар мұны аны­қта­ды, кей­ін мұн­дай радар­лар өшіріл­ген. Вла­ди­мир Осеч­кин олар өздері­мен бір­ге тұтқын­дар­ды да алып кел­генін мәлімдейді.

Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың мәй­іт­ха­на­лар­дан мәй­іт­тер­ді ұрлау тура­лы айтқа­ны есіңіз­де ме? Бұл, менің ойым­ша, дәл осы орыс тұтқын­да­ры­ның мәй­іт­тері бол­ды. Олар қаза тапқан­дар­дың тізі­мін­де жоқ.

Кен­же, мынау тексті рам­каға алып, жал­пақ колон­каға кур­сив­пен бер.

  • Қатыг­ездік пен зор­лық-зомбы­лық экспорты

Бел­гілі ресей­лік құқық қорға­у­шы, Gulagu.net жоба­сы­ның негізін қала­у­шы Вла­ди­мир Осеч­кин Дина­ра Еге­уба­е­ваға бер­ген сұх­ба­тын­да ФҚК-дегі өзінің дереккөзі­нен Ресей арнайы қыз­метінің Қаза­қстан­дағы қаңтар нара­зы­лы­ғын басуға қаты­сқа­ны тура­лы ақпа­рат алға­нын мәлімдеді.

«Бұл тұтқын­дар­ды қол­да­ну­дың жаңа тех­но­ло­ги­я­сы­ның сынағы бол­ды», – дей­ді ол.

2022 жыл­дың 5 қаңта­рын­да ол Ресей арнайы қыз­метінің гене­рал­да­ры Қаза­қстанға қонға­ны тура­лы ФҚК-дегі дереккөз­ден алған ақпа­рат­ты жари­я­ла­ды. Осы­дан бір сағат­тан соң елі­міз­де интер­нет өшіріл­ді, содан кей­ін Қаза­қстан мен Ресей­дің арнайы қыз­мет­тері шеру­лер­дің беделін қара­лау үшін, бұры­нғы қыл­мыстық топ бас­шы­ла­рын пай­да­ла­на баста­ды. Топ­тар­дың бірі Мәс­ке­удің халық нара­зы­лы­ғын күшпен басып-жан­шу сце­на­рий­ін жүзе­ге асы­руға кірі­се бастады.

– Сол кездің өзін­де-ақ біз­де «ФСБ» ішін­де болып жатқан оқиға­лар­дан хабар­дар етіп оты­ра­тын бір­не­ше дереккөз­дер пай­да бол­ды. Бұл «ФСБ»-ның құпия мұраға­ты­ның жари­я­ла­нуы­на бай­ла­ны­сты бол­ды және біздің шағын үкі­мет­тік емес ұйым – Gulagu.net жоба­сы бір­ден резо­нанс туды­рып, Ресей­дің арнайы қыз­мет­тері ресей­лік­тер­ге қаты­сты қан­дай әре­кет­тер­ге барып жатқан­ды­ғы тура­лы инсайд пен ақпа­рат тара­та­тын оры­нға айнал­ды. Біздің қалай­ша әре­кет еткені­мізді еске­ре оты­рып, көп­те­ген адам­дар (олар­ды ақпа­рат беру­шілер, әшке­ре­ле­ушілер және т.б. деп сана­уға бола­ды) біз­ге ақпа­рат бере баста­ды. Соның ішін­де Батыс бас­пасөзі wind of change – өзгерістер желісі деп атаған осын­дай ақпа­рат беру­ші­ден мәлім­де­ме тара­та баста­ды. Ақпар беру­ші Қаза­қстан билі­гіне нара­зы­лы­қтар­ды басуға көмек беру мақ­са­тын­да арнайы қыз­мет өкіл­дері мін­ген бір­не­ше ұшақтың Ресей­ден ұшып кет­кенін хабар­ла­ды. Біз жари­я­ла­ным­ды шығарған бой­да Қаза­қстан­да интер­нет өшіріл­ді. Бұл, шынын­да да, менің ойым­ша, бір тіз­бек­тің буын­да­ры болған сияқты көрінеді.

Қаза­қстанға «ФСБ»-ның десан­ты қонған кез­де, әрине, Қаза­қстан­ның арнайы қыз­мет­терін нығай­тып, оларға 2011 жыл­дан бастап жет­кілік­ті тәжіри­бені енгізу­ге көмек­те­сетін тех­ни­ка­лық маман-гене­рал­дар онша көп бола қой­ған жоқ. Олар мұн­дай репрес­си­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар мен әдістер­ді 2020 жылы Бела­рус­си­яға, ал 2022 жылы Қаза­қстанға экспорттады.

Күш құры­лым­да­рын күшей­ту үшін Ресей­дің ФЖАҚ-нің (Феде­рал­дық жаза­ны атқа­ру қыз­меті) арнайы бөлім­дері мен жасақта­ры­нан құралған жиын­тық топ­тар көмек­ке кел­ді, олар адам­дар­дың ерік-жігерін аяу­сыз жан­ши оты­рып, жер­гілік­ті күш­тер­ге қараған­да өзге­ше әре­кет ете баста­ды. Себебі жер­гілік­ті күш құры­лым­да­ры адам­дарға жұм­сақтық таны­туы әбден мүм­кін ғой (нара­зы­лық біл­діру­шілер ара­сын­да олар­дың туы­ста­ры мен таны­ста­ры болуы әбден мүмкін).

Айт­пақ­шы, мұн­дай әре­кет­тер кеңе­стік кезең­нен бері қол­да­ны­лып келеді: нара­зы­лық біл­дір­ген аумақтарға бей­та­ныс адам­дар­ды – түр­лі аймақтар­дан түр­лі­ше ішкі әскер­лер жіберіледі. Ал Ресей­ді 20 жыл басқа­рып оты­рған гене­ра­ли­тет – қазір арми­я­ның бас қол­бас­шы­ла­ры­на айналған кеңе­стік «КГБ»-ның пол­ков­ник­тері мен под­пол­ков­ник­тері Кеңес Одағын қай­та құруға тыры­су­да. Әрине, мұн­дай жан­дар­дың өз рең­дерін өзгерт­кені бел­гілі, енді олар қыр­лы ста­кан­нан шай іше ала­тын гене­рал­дар емес. Олар мил­ли­ар­дер ретін­де өмір сүр­гісі, соны­мен бір­ге КСРО-ның репрес­си­я­лық тәжіри­бе­лерін қай­та­лағы­ла­ры келеді.

Сол күн­дері (2022 жыл­дың қаңтар айы­ның басы. – Ред.) мен біздің дереккөз­ге сіл­те­ме жасай оты­рып, Қаза­қстан мен Ресей­дің арнайы қыз­мет­тері арнайы сце­на­рий дай­ын­даға­нын, яғни алаңға жиналған нара­зы­лық тобы­на қыл­мыстық әлем­ге тіке­лей қаты­сы бар адам­дар­ды қалай тар­ту керекті­гі тура­лы жазған едім. Мұн­дай әре­кет­тер оқиға көріністерін бүкіл әлем­ге тара­ту үшін жасал­ды. Қараңы­здар­шы, көше­ге аза­мат­тық қоғам да, демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ция да емес, қыл­мыс­кер­лер шықты, сөй­тіп халық көңілін­де күмән туды­ра бастай­ды. Осы­лай­ша нара­зы­лық біл­діру­шілер­ге халы­қа­ра­лық қол­дау дең­гейі төмен­дей түсті. Ол сце­на­рий­дің тағы бір мақ­са­ты – ішкі ауди­то­ри­яға әсер ету, алаң­да болған оқиға­лар­ды адам­дар теле­ди­дар­дан неме­се интер­нет­тен көр­ген­нен кей­ін: «Иә, жал­пы менің құқы­ғым­ды бұза­тын жағ­дай­лар орын алды, алай­да мен ол жер­ге бар­май­мын, қыл­мыс­кер­лер­мен бір­ге жүр­мей­мін, оларға көмек­тес­пей­мін» деген тәрізді түсінік­тер­ді қалып­та­сты­ру бол­ды. Менің­ше, осын­дай жымысқы да жасы­рын әдістер­дің бірі тиім­ді жұмыс істе­ген сияқты.

Мына жағ­дай­ды баса айтқым келеді, егер мен олар­дың кей­бір күшті жақта­ры тура­лы айта­тын бол­сам, онда олар­ды ән айту және жар­на­ма­лау үшін жасап оты­рға­ным жоқ. Олар (тота­ли­тар­лық режим­нің күзетін­де тұрған ФҚК гене­ра­ли­тет­тері) – даны­шпан­дар, бірақ Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на өте дөрекі әре­кет еткен, минус бел­гісі бар жан­дар. Жеке­ле­ген сәт­тер­де олар дене күшін, зор­лық-зомбы­лық, арнайы тех­ни­ка мен қару­ды қол­да­ну­дың негізін – бей­несін алу үшін нара­зы­лы­қтың бар­лы­ғын емес, кей­бір бөлі­гін қыл­мыстық әре­кет­тер­ге бей­ім­дей алды. Алма­ты­дағы нара­зы­лы­қтың алға­шқы сағат­та­рын­да ФҚК-дегі дереккөз­дер­ден біл­гені­міз осы ғана еді, одан кей­ін, өкініш­ке орай, интер­нет­ті өшіріп, бұғат­тай баста­ды. Оқиға орта­сын­да біз­ге қан­дай да бір хабар­ла­ма жаса­уға тыры­сқан адам­дар­мен бай­ла­ныс жой­ыл­ды, содан кей­ін біз олар­дан жедел желілер үшін ешқан­дай мәлім­де­ме­лер ала алма­дық. Бірақ біз сол күн­дері қан­ша­ма қай­ы­рым­ды жан­дар­дың наным-сені­мі, аза­мат­ты­ғы, елі үшін тым бол­ма­са бір жақ­сы­лық жаса­сам деген ниеті үшін жапа шек­кенін жақ­сы түсінеміз.

Бүгін­гі таң­да Қаза­қстан­ның басты арты­қ­шы­лы­ғы – Путин­нің үгіт-наси­ха­ты тұрғын­дар­дың көп­шілі­гіне әсер етпе­уі­нен көрініп отыр. Жал­пы, маған ресей­лік үгіт-наси­хат­пен айна­лы­са­тын адам­дар біліксіз көрі­неді. Олар­дың кей­біре­улерінің аузы­нан Укра­и­наға, Қаза­қстанға және басқа да елдер­ге осын­дай мар­ги­нал­ды, адам­гер­шілік­ке жат­пай­тын мәлім­де­ме­лер жасал­ды. Олар өздеріне қар­сы тама­ша жар­на­ма жаса­ды, бұл Қаза­қстан ауди­то­ри­я­сы­ның басым көп­шілі­гіне, яғни қай елмен таң­дау жаса­уға мүм­кін­дік бер­гені белгілі.

– Сіз әле­умет­тік желілер­де сарап­шы­ңы­здың сол бір қасірет­ті қаңтар күн­дері Қаза­қстан­да болға­нын, сол себеп­ті жасаған тал­да­уы­ңы­зды жари­я­лай­мын деп жазған едіңіз…

– Біз­ге ақпа­рат бер­ген адам­дар қауіп­сіздік мақ­са­тын­да біз­бен ынты­мақ­та­сты­қты жалға­сты­ра алмай­тын­ды­қта­рын айт­ты. Мен біздің мәлім­де­ме­лері­мізді, болжам­да­ры­мыз бен қау­е­сет­тері­мізді айтқым кел­мей­ді, біз тек мұн­дай адам­дарға не болға­нын болжай аламыз.

Бүгін­ге дей­ін біз­бен бір ғана адам бай­ла­ны­сып тұр­ды, ал соңғы оқиға­лар­ды айта­тын бол­сақ, ол қазір Ресей­дің арнайы қыз­меті мен Кремль – Ресей­ге Қаза­қстан арқы­лы қару-жарақ тран­зи­ті оқиға­сын бел­сен­ді түр­де жүр­гізіп жатқа­нын баса айт­ты. Осы­лай­ша, олар Тоқа­ев пен Қаза­қстанға қаты­сты беделін қара­лай­тын, әшке­ре­лей­тін дәлел­дер алу мақ­са­тын­да сыбай­лас жемқор­лық, бопса­ла­у­шы­лық әдістер­ді қол­да­на оты­рып, елі­мізді ресей­лік агрес­си­я­ны қол­да­уға мәж­бүр­ле­у­ге тыры­сып жатқан көрі­неді. Сон­ды­қтан осы мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­на оты­рып (сіз­дер­ді арнайы қыз­мет өкіл­дерінің мін­дет­ті түр­де бақы­лай­ты­нын біле­мін), мен сіздің еліңізді Мәс­кеу, Кремль және Путин Қаза­қстанға мін­дет­те­у­ге тыры­сып жатқан заң­сыз схе­ма­ларға ара­ла­су­дан сақтан­ды­рғым келеді.

Мен біре­улер­ге мил­ли­он­даған пара ұсы­нға­нын, біре­улер­ге ҰҚШҰ арқы­лы ілгерілеу ұсы­ны­ла­ты­нын жақ­сы түсі­не­мін, бірақ Қаза­қстан­ның арнайы қыз­мет­тері осы соғы­ста Ресей арми­я­сы мен арнайы қыз­мет­теріне тұрақты негіз­де құпия, жасы­рын қол­дау көр­сет­кені аны­қта­ла­тын бол­са, онда мұның арты жақ­сы­лы­ққа соқтыр­май­ты­ны белгілі.

– 24 ақпан­да сіз «Келесі кім? Қаза­қстан?» атты өте қысқа пост жаз­ды­ңыз. Қалай ойлай­сыз, Кремль­дің менің елі­ме қаты­сты жос­пар­ла­ры бүгін­де өзгер­ген жоқ па?

– Жоқ, әрине. Олар­дың (Кремль­дің) гео­са­я­си жоба­сын­да Укра­и­на­дан кей­ін­гі бақы­лау парағын­да тұрған келесі елдер (егер әлем оны жоғал­туға мүм­кін­дік бер­се) Мол­до­ва, Гру­зия және Қаза­қстан болып табы­ла­ды, атал­мыш елдер­дің ресур­ста­ры Ресей­дің қызы­ғу­шы­лық таны­туы­ның негіз­гі көзі сана­ла­ды. Кремль­де ақы­лы­нан ада­сып, есі ауы­сқан кәрі дик­та­тор отыр. Ол пси­хи­ат­рия тұрғы­сы­нан ақыл­сыз емес, сезім­нің түр­ші­гуі­нен, тарихқа ену мани­я­сы­на бей­ім болған­ды­қтан, солай болып отыр, сон­ды­қтан оның пікірін­ше, пост­кеңе­стік елдер­ді тота­ли­тар­лық тәжіри­бе­лері­мен КСРО-ға күшпен қай­та­ру керек деп санай­ды. Қазір Ресей­дің Укра­и­наға қар­сы соғы­сы емес, тота­ли­тар­лық жүй­енің жас демо­кра­ти­я­мен тар­ты­сып, жанын көзіне көр­сетіп, сазай­ын беру­ге тыры­су­дың күресі болып оты­рға­ны шындық.

Егер Ресей Укра­и­на­мен соғы­ста жеңіс­ке жететін бол­са, онда олар одан әрі жыл­жи бастай­ды. Бұл қорқы­ны­шты, бірақ бұл 30–50-жылдардағыдай бар­лы­ғы­на арам­дық әре­кет­тер­ге қай­та ора­лу керек деген үрей мен қорқы­ныш емес, керісін­ше, жаңа тех­но­ло­ги­я­лар­ды пай­да­ла­на оты­рып, сіз сияқты адам­дар үшін күш бірік­ті­ру қажет және тота­ли­та­ризмді тоқта­туға тыры­су керек деген сөз. Ол қазір­дің өзін­де құр­ды­мға кет­ті. Ұзақ мерзім­ді пер­спек­ти­ва­да дик­та­тор Путин­нің де, репрес­си­я­лық тәжіри­бенің де бола­шағы жоқ, олар­дың әлем­ге ұсы­на­тын ештеңесі жоқ. КСРО-ның көзін көр­ген адам­дар жаза­ла­у­шы пси­хи­ат­ри­я­ны да көр­ді, адам­дар­ды өлтіріп, көкөніс­ке айнал­ды­рған сәт­тер­ге де куә бол­ды, ГУЛАГ-ты да, жап­пай жаза­ла­уды да, азапта­у­лар­ды да көрді…

Бұл тура­лы айту керек. Жари­я­лы­лық және, әрине, бар­лық тота­ли­тар­лық елдер­дің мұрағат­та­ры­ның толық көлем­де ашы­луы, тарих­ты зерт­тей оты­рып, шын мәнін­де не болға­нын халық білуі керек және кеңе­стік кино­ны жана­ма наси­хат­пен көр­ме­уі үшін қажет, өйт­кені мұн­дай режим­ді жұрт кезін­де жақ­сы қабыл­даға­ны бел­гілі, бар­лы­ғы сыр­най­да ойна­ды, яғни халы­қтың бой­ын­да адам­дар бір-бірі­мен дос бол­ды деген ұғым­ды қалып­та­сты­ра­ты­ны сөзсіз.

– Қаза­қстан­ның құқық қорғау орган­да­рын Ресей­дің күштік құры­лым­да­ры бақы­лай­ды деп сана­уға бола ма?

– Қаза­қстан­да өте күр­делі рефор­ма­лар жари­я­ланға­ны­на қара­ма­стан – Қаза­қстан­ды рефор­ма­ла­у­ға және демо­кра­ти­я­лан­ды­руға көмек­те­су үшін, бірқа­тар ғалым­дар­дың, соның ішін­де аме­ри­ка­лық ғалым­дар­дың Қаза­қстанға қалай кел­генін бәрі­міз көзі­міз­бен көр­дік, ГУЛАГ-тың түр­ме кар­та­сы айтар­лы­қтай өзге­ре қой­ған жоқ. Түр­ме ғима­рат­та­ры, қара­уыл мұна­ра­ла­ры және т.б. дәл сол баяғы күй­ін­де. КСРО ыды­раған­нан кей­ін жаңа­дан құры­лған елдер­дің көп­шілі­гін­де мұн­дай қуғын-сүр­гін­дер­дің бар­лы­ғы – НКВД, содан кей­ін «КГБ» инсти­тут­та­рын­да жоба­ланған жалғыз көші­ру каме­ра­ла­ры, этап­пен жөнел­ту тәрізді репрес­си­я­лық әре­кет­тер әлі де сақталған.

Ресей сияқты елдер­де бұл – азаптау, зор­лау, бей­не­жа­з­ба­лар, түр­лі бұр­ма­ла­у­шы­лы­қтар сияқты заң­сыз әре­кет­тер арқы­лы жүй­елі түр­де жұмыс істей­ді. Өзге елдер­де мұн­дай әре­кет­тер көп кез­де­се қой­май­ды, бірақ олар­да да ГУЛАГ-тың зұлым әре­кет­тері өмір сүруін жалға­сты­ру­да. Олар баста­пқы­да өрке­ни­ет­ке, ЕО және АҚШ-пен ынты­мақ­та­сты­ққа ұмты­ла­тын уақыт­ша үкі­мет­тер­дің әре­кеті­нен де күштірек, бірақ бір сәт­те Мәс­ке­уде оты­рып, мұнай мен газ ағы­нын бақы­лай ала­тын мафия түр­лі әдістер­ді қол­да­на оты­рып, құқы­қтық өрі­стен тыс әре­кет ете бастай­ды. Олар мұны өте тиім­ді түр­де жасайды.

Нелік­тен? Өйт­кені тек ерте­гілер­де ғана жақ­сы­лық зұлым­ды­қты жеңіп, соңы жақ­сы­лы­қ­пен аяқта­ла­ты­ны бел­гілі, ал шынайы өмір­де керісін­ше – егер адам тәр­тіп пен заңға бағы­на­тын бол­са, онда ол қастан­дық жасай ала­тын арам­за­дан да әлсіз көрінеді.

Мұн­да да солай – жасы­рын каме­раға түсіреді, бопса­лай­ды, содан кей­ін жоға­ры лау­а­зым­ды шетел­дік шене­унік­ке пара береді. Батыс әле­мі бұған жол бер­мей­ді, ал Мәс­кеу Путин­нің, «КГБ»-ның әдістері арқы­лы өз мүд­де­лерін алға жыл­жы­ту үшін, адам­ды сыбай­лас жемқор­лық схе­ма­сы­на тар­ту мақ­са­тын­да түр­лі сая­сат­кер­лер­дің осал тұста­рын оп-оңай таба біледі. Ал Мәс­кеу бір ғана мүд­дені (неме­се мани­я­ны), яғни тота­ли­тар­лық режим­ді реин­кар­на­ци­я­лау, бүкіл пост­кеңе­стік кеңістік­ті басқа­ру және бар­ша әлем­ді ядро­лық зымы­ран­дар­мен қорқы­ту үшін, КСРО-ны қал­пы­на кел­тіруді көздейді.

  • Еxclusive.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн