Суббота , 5 июля 2025

Сырымбек ТАУ: ҚАНДАСТАР МЕН ШЕТТЕГІ ҚАЗАҚТАРҒА ПАРЛАМЕНТТЕН КВОТА БӨЛІНУІ ТИІС

– Сырым­бек мыр­за, сіздің сай­ла­удан шет­тетіл­геніңізді естіп, бір­ша­ма қамы­ғып қалған халық бар. Жал­пы, жағ­дай­дың осы­лай бола­ты­нын күнібұрын біл­діңіз бе?

– Шын сөзім, сай­ла­удан шет­тетілерім­ді күнібұрын біл­ген жоқ­пын. Сай­ла­у­ға қаты­суға бел буып, білек сыба­на кіріс­кен кез­де бірін­ші кезек­те елі­міздің «Сай­лау тура­лы» заңы­мен мұқи­ят таны­сып шықтым. Заң­да сай­ла­у­ға қаты­су­шы­ның Қаза­қстан аза­ма­ты болу керекті­гі тай­ға таң­ба басқан­дай анық жазы­лған. Оны жұрт­тың бәрі біледі. Соны­мен қатар мәжіліс депу­тат­ты­ғы­на үміт­кер кез кел­ген адам Қаза­қстан аумағын­да 10 жыл тұруы шарт. Ал менің тари­хи Ота­ным – Қаза­қстанға келіп, тұрып жатқа­ны­ма биыл аттай 17 жыл бол­ды. Сон­ды­қтан өз басым сай­ла­удан шет­тетілем деген ой үш ұйы­қ­та­сам да түсі­ме кірмеді.

– Сіз «Respublica» пар­ти­я­сы­ның негізін қала­у­шы аза­мат­тар­дың бірісіз. Жал­пы, аталған пар­тия өмір­ге қалай кел­ді? Жоға­ры жақтан қан­дай да бір тап­сыр­ма түс­кен жоқ па?

– Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев бір топ жас кәсіп­кер­лер­ді қабыл­даға­ны есіңіз­де шығар. Сол кез­де­су­ден шыққан­нан кей­ін, Айдар­бек Қожа­на­за­ров еке­уміз кез­десіп, елі­міз­ге қалай пай­да­мы­зды тигі­зе­міз деп ой бөліс­кен едік. Артын­ша, біз­ге Бей­біт Әлі­бе­ков қосылды.

Бұдан кей­ін біздің ойы­мы­зды биз­не­стің түр­лі сала­сын­да жүр­ген өзге аза­мат­тар қол­да­ды. Осы­дан кей­ін біз елі­міздің өсіп-өркен­де­уі үшін жаңа сая­си ұйым құру керек екенін түсін­дік. «Respublica» пар­ти­я­сы осы­лай пай­да болды.

Біздің пар­ти­я­ның сегіз теңтөраға­сы болған­ды­қтан, біз үшін пар­тия құру еш қиын­дық туғы­зған жоқ. Жігіт­тер өза­ра мін­дет­тері­мізді айқын­дап, жедел әре­кет етіп, пар­тия құрдық.

– «Respublica» пар­ти­я­сы негізі­нен, жас кәсіп­кер­лер­дің басын қосқан пар­тия ретін­де қоғам­дық ортаға таны­лу­да. Бұл бағыт­та сіз­дер «Ақ жолға» бәсе­ке­лес бол­май­сыздар ма?

– Бір­ден айтай­ын, «Respublica» пар­ти­я­сы «Ақ жол­дың» бәсе­ке­лесі бол­май­ды. Біздің алға қой­ған мақ­са­ты­мыз ауқымды.

Өз басым ұзақ жыл биз­не­сте жүр­ген адам ретін­де «Ақ жол» елі­міз­де­гі кәсіп­кер­лер­дің мүд­десін қорғаған негіз­гі пар­тия бол­ды деп айта алмас едім. Әңгі­менің ашы­ғын айт­сақ, «Ақ жол» пар­ти­я­сы мен «Ата­ме­кен» пала­та­сы шағын және орта биз­не­стің мүд­десін қорғаған жоқ. Оның немен айна­лы­сқа­нын өздеріңіз де білесіз­дер ғой. Сол себеп­ті біз­ге «Ақ жол» бәсе­ке­лес бола алмайды.

Біздің «Respublica» пар­ти­я­сы­ның мүше­лері негізі­нен кре­а­тив­ті жас кәсіп­кер­лер­ден құра­лу­да. Алдағы уақыт­та біз мәжіліс­ке өтіп жат­сақ, өзі­міз секіл­ді жас кәсіп­кер­лер­дің мүд­десін қорғап, елі­міздің дамуы­на өз үлесі­мізді қосамыз.

Ата-баба­ла­ры­мыз «жас кел­се – іске» деп бекер айт­паған ғой. Ата­ла­ры­мыз айтқан сол сөзді басты наза­рда ұстап, ел мүд­десі үшін жұмыс істей­міз. Оған сенім­деріңіз кәміл болсын!

– Тама­ша, Сырым­бек мыр­за! Сізді көп­шілік шағын кәсіп­кер­лік­ті өркен­детіп, елге таны­лған іскер аза­мат ретін­де біледі. Елі­міз­де­гі шағын және орта кәсіп­кер­лік­ке мем­ле­кет тара­пы­нан жаса­лып жатқан көмек-қол­да­у­ларға көңіліңіз тола ма?

– Шыным­ды айт­сам, мем­ле­кет­тің бұл бағыт­тағы жұмыста­ры­на көңілім тол­май­ды. Шағын және орта биз­нес өкіл­деріне мем­ле­кет тара­пы­нан көр­сетіліп жатқан көмек­тер мардымсыз.

Шағын кәсіп иелері мем­ле­кет­тің көме­гін пай­да­ла­нуға ұмты­лған­да, бюро­кра­ти­я­лық кедер­гілер мен қағаз­ба­сты­лық қат­ты кедер­гі кел­тіреді. Осы­дан кей­ін мұн­дай көмек­тер­ді билік­те жүр­ген­дер­дің жақын­да­ры, құда-жек­жат­та­ры ала­ты­ны жасы­рын емес. Мұны мен айт­па­сам да, халық жақ­сы біледі.

Тағы айта түс­сек, мем­ле­кет­тің кәсіп­кер­лер­ге ұсы­нып оты­рған жеңіл­детіл­ген неси­е­лерінің пай­ы­здық үсте­месі өте жоға­ры. Сол себеп­ті көп­те­ген кәсіп­кер­лер оны алып, қары­зға батқан­ды жөн сана­май­ды. Алдағы уақыт­та біз осы­мен күресіп, кәсіп ашуға бағыт­талған мем­ле­кет­тің қар­жы­лай қол­да­уын қол­жетім­ді ету­ге күш сала­тын боламыз.

– Елі­міз тәу­ел­сіздік алға­лы бері кәсіп­кер­лік сала­ны қол­дау үшін қыру­ар қар­жы бөліп келеді. Кәсібіңізді дамы­ту­да мем­ле­кет­тің жеңіл­детіл­ген неси­есін алған кезіңіз бол­ды ма? Оны алу меха­низ­міне көңіліңіз тола ма?

– Әңгі­менің ашы­ғын айт­сақ, елі­міз­де­гі шағын кәсіп­кер­лер мем­ле­кет­тің жеңіл­детіл­ген неси­есін алмауға тыры­са­ды. Оның басты екі себебі бар. Бірін­шісі, жоға­ры­да айтқа­ным­дай, жеңіл­детіл­ген неси­ені алу үшін, оның ауыр жолын жүріп өту­ге тура келеді. Бұл жол­ды жүріп өту­ге кет­кен күш-қай­ра­ты­ң­ды басқаға жұм­саған дұрыс.

Екін­ші­ден, мұн­дай жеңіл­детіл­ген неси­ені алу үшін, кәсіп­кер­лер жемқор­лы­қтың бат­пағы­на батуы­на тура келеді. Мұны жасы­ру­дың жөні жоқ шығар?! Сон­ды­қтан кәсібім­ді дамы­ту бары­сын­да мем­ле­кет­тің жеңіл­детіл­ген неси­есін алуға аса қат­ты құмартпадым.

Кәсібіне өмірін арнаған кез кел­ген аза­мат бірін­ші оры­нға адал­ды­қты қояды. Ал жеңіл­детіл­ген неси­ені алу үшін, біре­у­ге «шап­ка­сын» беруіңе тура келеді. Осы­дан кей­ін ар-ожда­ны­ңа дақ түседі.

Тек пан­де­мия кезін­де ғана кәсіп­кер­лер­ді қол­да­уға бағыт­талған неси­ені алып, оны тез ара­да өтеп таста­дым. Өз басым мем­ле­кет­тің жеңіл­детіл­ген неси­есін кәсіп­кер­лер кедер­гісіз, «аға-көкесіз» алуы керек деп есептеймін.

– Сая­сатқа қаты­сты тағы бір сұрақ. Сіз сай­ла­у­ға қаты­са­ты­ны­ңы­зды жария еткен­де, талай қан­даста­ры­мыз қуа­ны­шын жасыр­ма­ды. Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры елі­міз­ге шетел­ден мил­ли­он­нан астам қан­да­сы­мыз көшіп кел­ді. «Respublica» пар­ти­я­сын­да қан­дастар­дың мүд­десін көз­деу мәсе­лесі қарас­ты­ры­лған ба?

– 1991 жыл­дан бері елі­міз­ге көшіп кел­ген қан­дастар­дың саны мил­ли­он­нан асты. Солар­дың ара­сы­нан бір депу­тат, бір министр бола­тын­дай адам кез­дес­пе­ді деген­ге кім сенеді? Сон­ды­қтан қан­дастар­дың ара­сы­нан заң шыға­ру­шы орган­да бір емес, бір­не­ше депу­тат болуы керек, елге кел­ген қан­дастар мен шет­те жүр­ген қаза­қтарға Пар­ла­мент­тен кво­та бөлі­нуі тиіс деп есеп­тей­мін. Бұл жайт елге қай­ту­ды жос­пар­лап жүр­ген мың­даған қан­да­сы­мы­здың Қаза­қстанға ора­луы­на дем беретіні анық.

Соңғы жыл­да­ры елі­міз­де Қазақ көші айтар­лы­қтай саябыр­сып қал­ды. Осы көштің қай­та жан­да­нуы­на мүд­делі қан­даста­ры­мы­здың мәжіліс­ке барып, биік мін­бе­де мәсе­ле көте­руі керек деп есептеймін.

Қазір­гі­дей қиын кезең­де бір ел тұр­мақ, бір ауыл­дан келесі бір ауы­лға көшудің өзі мұңға айналға­ны жасы­рын емес. Сырт­та жүр­ген қан­даста­ры­мы­зға «елге көшің­дер» деген екі ауыз сөз жет­кіліксіз. Бұл істің тігісін жатқы­зып, жүзе­ге асы­ру үшін, кешен­ді жұмыстар атқа­ры­луы керек. Ал қан­дастар­дың мәсе­лесі­мен елге кел­ген қан­дастар­дың айна­лы­суы­на мүм­кін­дік бер­ген жөн. Сол кез­де жұмыс алға баса­тын болады.

Осы­ған дей­ін елге кел­ген қан­даста­ры­мыз ол жақта жағ­дай­ла­ры­ның жоқты­ғы­нан Қаза­қстанға көшіп кел­ген жоқ. Олар тари­хи Ота­ны­на кел­ген­де, Қаза­қста­ны­мы­зды көр­кей­тей­ік деген оймен шека­ра­ның арғы жағын­дағы тір­шілі­гін тастап, елге орал­ды. Сол қан­даста­ры­мыз соңғы 30 жыл­да билік­тің шау­жай­ы­на жар­ма­сып, сая­сатқа ара­ласқан жоқ. Бәрі қоңыр­тө­бел тір­шілі­гін күйт­теп, мем­ле­кет­ке сал­мақ сал­май, күнін көрді.

Бүгін­де Алма­ты облы­сы­нан бастап, Шығыс Қаза­қстанға дей­ін­гі ауыл-аймақтарға сырт­тан кел­ген қан­даста­ры­мыз қоны­ста­нып, мал шару­а­шы­лы­ғын өркен­детіп жатыр. Қазір олар­дың кей­бірі кәсібін дамы­ту үшін жай­ы­лым жер тап­пай, қан­ша­ма қиын­ды­қтар­мен бет­пе-бет келу­де. Алдағы уақыт­та осы мәсе­ле­лер­дің бәрін кезек күт­тір­мей шешу керек деп есептеймін.

– Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін елі­міз­де біраз өзгерістер баста­лып кет­кені бел­гілі. Қасірет­ті қаңтар сіздің өміріңіз­ге қалай әсер етті? Бұл жағ­дай орын алмаған­да сая­сат сахна­сы­на шығар ма едіңіз?

– Сөз жоқ, Қаңтар оқиға­сы елі­міз­ге үлкен өзгерістер әкел­ді. Бірақ оның құны өте жоға­ры болға­нын ешқа­шан ұмыт­па­уы­мыз керек. Дәл сол уақыт­та талай жастың қаны төгіліп, елі­міз үлкен қауіп-қатер­мен бет­пе-бет кел­ді. Алдағы уақыт­та тарих­шы­лар Қаңтар оқиға­сы­на өз баға­сын беретініне сенімдімін.

Ал «Қаңтар оқиға­сы орын алмаған­да, сая­сат сахна­сы­на шығар ма едіңіз?» деген сұраққа жау­ап бер­сем: менің анық білетін дүни­ем – Қасірет­ті қаңтар өзім секіл­ді жігіт­тер­дің сая­сат­пен айна­лы­суын жедел­дет­ті. Қаңтар бізді ортақ мүд­де­ге бірік­тіріп, күре­суі­міз­ге негіз бол­ды. Егер бұл оқиға орын алмаған­да, бірі­міз ерте, бірі­міз кеш – бәрібір сая­сат­пен айна­лы­сар едік. Бірақ оның әсері бүгін­гі­дей бол­мас еді.

– Өткен­де сауда мини­стрі Серік Жұманға­рин елі­міз­де­гі қым­бат­шы­лық үшін әкім­дер­ді кінәла­ды. Шағын және орта биз­нес сала­сын­да ұзақ жыл тәжіри­бе жинаған маман ретін­де айты­ңыз­шы, қым­бат­шы­лы­қ­пен қалай күре­су­ге болады?

– Өз басым мини­стр­дің елі­міз­де­гі қым­бат­шы­лық үшін әкім­дер­ді кінәлаға­нын дұрыс деп айта алмай­мын. Шетел­ден өндірілетін халы­ққа қажет­ті тау­ар­лар­ды елі­міз­ге әкім­дер әкеліп жатқан жоқ қой. Бұл жер­де біздің үкі­мет ұлт­тық валю­та­мы­здың тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз етуі керек. Сол кез­де қым­бат­шы­лы­қты ауы­зды­қта­уға болады.

Бұдан басқа, елі­міз­де­гі кәсіп­кер­лер­ге берілетін неси­енің пай­ы­здық мөл­шер­ле­месі тым жоға­ры. Бүгін­де жыл­дық пай­ы­здық мөл­шер­ле­месі 23 пай­ыз бола­тын неси­е­мен қым­бат­шы­лы­қ­пен күре­су мүм­кін емес.

Содан кей­ін темір­жол сала­сын­дағы жемқор­лы­қты түбе­гей­лі жою керек. «Қаза­қстан темір жолы» ком­па­ни­я­сы жемқор­лы­қтың ұйы­ғы­на бел­ше­ден батқан. Мыса­лы, кәсіп­кер­лер ішкері Қытай­дан тау­ар­ды шека­ра­мы­зға дей­ін оңай, әрі арзан баға­да жет­кі­зеді. Ал елі­міздің шетіне кел­ген тау­ар­ды қала­ларға жет­кі­зу кезін­де жең ұшы­нан жалғасқан жемқор­лық жолы­ң­ды кес-кестей береді. Бұл да қым­бат­шы­лы­қтың бас көте­руіне себеп­ші бола­тын фак­тор екенін жасы­ру­дың жөні жоқ.

Сон­ды­қтан бұл рет­те министр Серік Жұманға­рин қым­бат­шы­лық үшін әкім­дер­ді жазғы­рған­ша, кеден мен темір­жол сала­сын­дағы жемқор­лы­ққа көбірек назар ауда­руы керек деп есеп­тей­мін. Өйт­кені біз­де халы­қтың күн­делік­ті тұты­на­тын тау­ар­ла­ры­ның көп­шілі­гі сырт елдер­де өндіріледі. Егер біз сол тау­ар­лар­ды өзі­міз өндір­ме­сек, сол тау­ар­лар­ды ел ішіне тез жет­кізіп, тиім­ді баға­мен тара­луы­на жағ­дай жаса­уға тиіс­піз. Сол кез­де қым­бат­шы­лы­қты ауы­зды­қта­уға болады.

– Қазір елі­міз­де кәсіп­кер­лік сала­ның қыр-сырын үйре­тетін «моти­ва­тор­лар» көбей­іп кет­ті. Бұдан елі­міз­де тез табысқа кенел­гісі келетін жұрт­тың көп екенін бай­қа­уға бола­ды. Биз­не­сте жетістік­ке жету үшін не істеу керек? Іс-тәжіри­бесі мол кәсіп­кер ретін­де ойы­ңы­зды ортаға салсаңыз.

– Сөз жоқ, соңғы кез­дері елі­міз­де биз­нес моти­ва­тор­лар көбей­іп кет­ті. Бұдан жұрт­тың бәрі кәсіп­кер болып кет­кен жоқ. Қара­пай­ым халық сол моти­ва­тор­лар­дың алды­на барып, дәріс тың­дар­дан бұрын ол адам­ның биз­не­сте қан­дай жетістік­ке жет­кенін сара­лап алуы керек. Сол кез­де көп­те­ген жайт­тар бел­гілі болады.

Менің­ше, іс тура­сын­да айта­тын адам­нан емес, күн­делік­ті іс істеп, қиын­ды­қты еңсеріп жүр­ген аза­мат­тар­дың ой-пікіріне құлақ асқан жөн.

Бүгін­де көп­те­ген адам тез ара­да табысқа кенеліп, бай­ып кетуді арман­дай­ды. Шын­ды­ғын­да, табысқа кене­лудің аста­рын­да үлкен еңбек жатыр. Сол үшін кәсіп­кер­лік­пен айна­лы­суға аңса­ры ауған аза­мат­тарға бағы­тын айқын­дап, сол жол­да ерін­бей-жалы­қ­пай еңбек ету­ге кеңес бере­мін. Табысқа жетудің моти­ва­тор­лар айта­тын­дай құпи­я­сы жоқ. Кез кел­ген жетістік үлкен еңбек­пен келеді. Соны ұмыт­па­уы­мыз керек.

Назгүл ҒИЗАТҚЫЗЫ,

Dalanews.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн