Суббота , 5 июля 2025

ОБЫР ХАЛЫҚТЫ ОТАП ЖАТЫР, ал Алматыдағы онкоинститут ЖЕКЕНІҢ МЕНШІГІНЕ БЕРІЛГЕН

  • Каза­қстан­да жыл сай­ын обыр­дан 37 мың­нан астам жаңа жағ­дай аны­қта­лып, 13 мың­нан астам адам қай­тыс бола­ды, деп ҚР пре­мьер-мини­стрі Әли­хан Смай­ы­ло­втың үкі­мет оты­ры­сын­дағы сөзіне сіл­те­ме жасап, Қаз­ТАГ атап өтті.

 «Қаза­қстан­да жыл сай­ын онко­ло­ги­я­ның 37 мың­нан астам жаңа жағ­дайы аны­қта­ла­ды. Бұл рет­те 20 жыл ішін­де өлім-жітім дең­гей­інің 33%-ға төмен­де­уіне қара­ма­стан, жыл сай­ын қатер­лі ісік­тен 13 мың­нан астам адам көз жұма­ды», – деді Ә. Смайылов.

 Онко­ло­ги­я­лық ауру­ларға шал­ды­ққан науқастар­дың жар­ты­сы­нан көбі – еңбек­ке жарам­ды жастар. Мұн­дай қорқы­ны­шты көр­сет­кі­ш­тер­дің басты себебі – ауру­дың кеш аны­қта­луы. Соны­мен бір­ге, сарап­шы­лар­дың айтуы­на қараған­да, елде­гі онко­ау­ру­ха­на­ларға жаңа үлгі­де­гі зама­на­уи тех­ни­ка­лар жетіспеуде.

ҚР ден­са­улық сақтау мини­стрі Ажар Ғина­ят­тың үкі­мет оты­ры­сын­да жасаған мәлім­де­месіне қараған­да, онко­ло­ги­я­лық дерт­ке қар­сы күре­су­ге 2023–2025 жыл­дарға 474 мил­ли­ард тең­ге қажет екен (жол­ма-жол):

«На реа­ли­за­цию Ком­плекс­но­го пла­на по борь­бе с онко­ло­ги­че­ски­ми забо­ле­ва­ни­я­ми на 20232025 годы пред­ва­ри­тель­но потре­бу­ет­ся поряд­ка Т474 млрд на закуп меди­цин­ско­го обо­ру­до­ва­ния, лекар­ствен­ных пре­па­ра­тов, обу­че­ние спе­ци­а­ли­стов, стро­и­тель­ство совре­мен­ных онко­цен­тров и рекон­струк­цию и капи­таль­ный ремонт». По ее сло­вам, финан­си­ро­ва­ние пред­ла­га­ет­ся за счет рес­пуб­ли­кан­ско­го и мест­но­го бюджетов.

Міне, осын­дай тап­шы­лық жағ­дай­ын­да Алма­ты­дағы Қазақ онко­ло­гия және радио­ло­гия ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты (ҚОжРҒ­ЗИ) жеке мен­шік­тің иелі­гіне өтіп кет­кені – тіп­тен түсініксіз жағ­дай. Бұл инсти­тутқа онко­ло­ги­я­лық науқастар­ды емде­у­ге аса қажет зама­на­уи жаб­ды­қтар мен меди­ци­на­лық тех­ни­ка сатып алуға соңғы 10 жыл көле­мін­де мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен мил­ли­ард­таған тең­ге қар­жы бөлін­ді. Ал ақыр соңын­да ҚР Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гінің (Елжан Бір­та­нов) ұсы­ны­сы­мен және үкі­мет­тің қаулы­сы арқы­лы халық қазы­на­сы есебі­нен тұта­стай жаб­ды­қталған инсти­тут жеке мен­шік­ке берілген.

Біздің редак­ци­я­ның аны­қта­уы бой­ын­ша, ҚОжРҒ­ЗИ-дың бүгін­гі жалғыз мен­шік иесі – инсти­тут дирек­то­ры Диля­ра Хай­да­ро­ва. Дереккөз­дерінің мәлі­метіне қараған­да, инсти­тут­тың жеке мен­шік­тің иелі­гіне өтіп кетуіне экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың қызы Дариға Назар­ба­е­ва ықпал еткен: «Диля­ра мен Дариға – өте жақын құр­бы­лар», – дей­ді инсайдер.

Халы­қты обыр отап жатқан заман­да мем­ле­кет қар­жы­сы­на жаб­ды­қталған, мәсе­лен, бір ғана радио­ло­ги­я­лық аспа­бы бюд­жет­тің 5 мил­ли­он дол­ла­ры­на сатып алы­нған (ал инсти­тут­та мұн­дай зама­на­уи тех­ни­ка­ның ондаған түрі бар) тұта­стай бір инсти­тут­ты жеке­ше­лен­ді­ру қан­дай қисы­нға келеді? Жаңа және әділет­ті Қаза­қстан орна­ту иде­я­сын көтер­ген пре­зи­дент Тоқа­ев мұн­дай қитұрқы сауда-сат­ты­қтан хабар­дар ма?

Алма ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ,

«

ҚАҢТАР ҚАҺАРМАНЫ

«жартылай» жеңіске жетті

  • Бел­сен­ді Қосай Махан­ба­ев (оң жақта) пен оның адво­ка­ты Айды­нға­ли Табылдиев. 

Алма­ты қала­сы­ның Маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық әкім­шілік соты бел­сен­ді Қосай Махан­ба­ев­тың қала­лық мәс­ли­хатқа кан­ди­дат­ты­ғын тоқта­ту тура­лы аумақтық сай­лау комис­си­я­сы­ның хат­та­ма­сын заң­сыз деп таны­ды. 28 ақпан­да оқы­лған шешім­ге сәй­кес, сот Махан­ба­ев­тың шағы­мын жар­ты­лай қанағаттандырған.

«Алма­ты қала­сы­ның аумақтық сай­лау комис­си­я­сы­ның Қосай Махан­ба­евқа қаты­сты қабыл­даған хат­та­ма­сы заң­сыз деп таны­лып, оның күшін жою тура­лы өтініш қанағат­тан­ды­рыл­сын… Ал хат­та­ма­да кет­кен қатені түзеп, Махан­ба­ев­ты Алма­ты қала­лық мәс­ли­ха­ты депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат деп тір­ке­уді мін­дет­теу тура­лы өтініш қанағат­тан­ды­рыл­ма­сын» деп жазы­лған шешім­де. Шешім заң­ды күшіне енген жоқ. Оған үш күн ішін­де апел­ля­ци­я­лық шағым түсіру­ге болады.

Қаңтар оқиға­сы кезін­де «пре­зи­дент рези­ден­ци­я­сы­на шабуыл жаса­ды» деп айып­талған, қазір үйқа­мақта оты­рған бел­сен­ді Қосай Махан­ба­ев­тың мәс­ли­хат депу­тат­ты­ғы­на үміт­кер ретін­де куәлік алға­ны 17 ақпан­да бел­гілі болған. Алай­да бір­не­ше күн­нен кей­ін про­ку­ра­ту­ра­дан арыз түсіп, Алма­ты­ның сай­лау комис­си­я­сы әуел­гі шешім­нің күшін жой­ған. Аумақтық сай­лау комис­си­я­сы мұны «тер­ге­у­ге қысым жаса­удан сақта­ну» деп түсіндірген.

Қаңтар оқиға­сы бой­ын­ша үйқа­мақта оты­рған Әйгерім Тіле­ужан­ды да осы­ған ұқсас себеп­пен кан­ди­дат­ты­қтан шет­тет­кені­мен, бел­сен­ді Жоғарғы сотқа шағым­да­нып, сот оның өтіні­шін толық қанағат­тан­дыр­ды (10-бет­ті қараңыз – Ред.).

Azattyq.org

 

Қазақстан Журналистер одағы КӘСІБИ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

  • Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы Жур­на­ли­стер күніне орай бай­қау өтетіні тура­лы жари­я­ла­ды, деп хабар­ла­ды ҚазТАГ.

«Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы 2023 жылғы 28 мау­сым­дағы Жур­на­ли­стер күніне орай жыл сай­ы­нғы дәстүр­лі бай­қау өтетіні тура­лы хабар­ла­ды», – делін­ген ҚЖО ресми сай­тын­дағы хабарда.

Бай­қа­удың басты тақы­рып­та­ры келесідей:

– Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның, ком­па­ни­я­ла­ры­ның, маман­да­ры­ның дамуы;

– импорт­ты алма­сты­ру, инно­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­ны қолдану;

– Қаза­қстан мәс­ли­ха­ты мен пар­ла­мент мәжілісі депу­тат­та­ры­ның сайлауы;

– ғылым­дағы, заң­на­ма­лар­дағы, эко­ло­ги­ядағы, ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы, білім мен мәде­ни­ет­те­гі жаңа­лы­қтар мен мәселелер;

– қаза­қстан­ды­қтар­дың табиғи апат­тар кезін­де­гі көме­гі, күн­делік­ті өмір­де­гі қай­ы­рым­ды­лық және өза­ра көмек:

– спорт және сала­у­ат­ты өмір салты;

– жас дарын­дар: әртүр­лі сала­дағы талант­ты жастар, жасөс­пірім­дер, бала­лар тура­лы материалдар.

«Бай­қа­уға 2022 жыл­дың 1 мау­сы­мы­нан бастап, 2023 жыл­дың 1 мау­сы­мы­на дей­ін жари­я­ланған мате­ри­ал­дар, фото­гра­фи­я­лар, радио-бей­не­сю­жет­тер қабыл­да­на­ды. Бай­қа­уға жіберіл­ген мате­ри­ал­дар саны бес­тен көп бол­мауы керек. Мате­ри­ал­дар­ды қабыл­дау 2023 жыл­дың 10 мау­сы­мы күні аяқта­ла­ды», – делін­ген хабарда.

ҚЖО атап өткен­дей, мате­ри­ал­дар мен анке­та­лық мәлі­мет­тер­ді [email protected] поч­та­сы­на элек­трон­ды түр­де жол­дау керек. Сау­ал­на­ма­да жұмыс орны, қыз­меті, мекен­жайы, теле­фо­ны және мате­ри­ал­да­ры­ның қан­дай басы­лым­дар­да жари­я­ланға­ны көрсетіледі.

Қоры­тындысы 20 мау­сым­да шыға­ды, ал мара­пат­тау рәсі­мі 2023 жыл­дың 28 мау­сы­мын­да Алма­ты­да өтеді.

Бай­қау тура­лы қосым­ша ақпа­рат Жур­на­ли­стер одағы­ның Facebook парақ­ша­сын­да жари­я­ла­на­ды: http://www.fasebook.com/jurunion.

Қаз­ТАГ

Республиканский еженедельник онлайн