Суббота , 5 июля 2025

Қырғыз президентінің бастамасы ҚАЗАҚҚА САБАҚ БОЛА МА?

Қырғыз­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның президенттері
  • Қырғыз­стан пре­зи­ден­ті Садыр Жапа­ров бұрын-соң­ды бол­маған қада­мға бар­ды. Араб Әмір­лі­гін­де елдің бұры­нғы бас­шы­ла­ры­ның басын қосты. Кез­де­су­ге Асқар Ақа­ев, Құр­ман­бек Баки­ев, Роза Отун­ба­е­ва, Алмаз­бек Атам­ба­ев және Соорон­бай Жээн­бе­ков қаты­сты. Олар бұл кез­де­су­де бір-бір­лерін кеші­ре біл­ді. Тіп­ті «бір жұды­ры­ққа бірі­гу­ге» шешім қабыл­да­ды. Бұл тату­ла­стық ұза­ққа созы­ла ма?

Кезде­су­ден кей­ін Садыр Жапа­ров әле­умет­тік желілер­де қырғы­здар­ды пат­ри­о­тизм­ге шақы­руға бағыт­талған бағ­дар­ла­ма­лық хабар­ла­ма­сын жариялады.

«Еура­зия аумағын­да ұлы дер­жа­ва­лар құрған ежел­гі қырғы­здар­дың бүгін­гі халі қан­дай? Бір­лік­тің жоқты­ғы­нан, билік үшін күре­стің кесірі­нен біз ежел­гі импе­ри­я­мы­здан айы­ры­лып, Орта­лық Ази­я­ның бір бұры­шын­да қалып бара жатқан сияқты­мыз. Тәу­ел­сізді­гі­мізді жари­я­ла­сақ та, дамуы­мыз неге бәсең­деп бара­ды? Осын­дай сұрақтар бірі­нен соң бірі туын­дай­ды… Елі­міз сол­түстік-оңтүстік­ке, яғни жеті облы­сқа бөлініп, әрқай­сысы өз күн­дерін өздері көріп жатыр. Өкініш­ке қарай, қазір қырғыз халқы­ның әр пре­зи­дент­ті жақтап, сол арқы­лы тағы да жік-жік­ке бөлініп жатқан жайы бар.

Алай­да Қырғыз­стан­ның бола­шағы біз үшін маңы­зды бола­тын бол­са, онда «Ақа­ев­шы», «Баки­ев­ші», «Атам­ба­ев­шы», «Отун­ба­е­ва­шы», «Жээн­бе­ков­шы» және т.б. ұғым­дар­ды жоюы­мыз керек. Біз бар­ша­ның басын бірік­ті­ре оты­рып, халы­қтың бола­шағын ойла­у­ы­мыз керек, ал бас­шы­лар­дың бір­лі­гі бол­маған жер­де қол­да­у­шы­лар­дың бірі­ге алмай­ты­ны айдан анық.

Баста­пқы­да халық сай­лап, соңы қай­ғы­лы аяқталған бар­лық пре­зи­дент­тің басын қосып, бір үстел басы­на жина­сақ, бәл­кім, бір жұды­ры­қтай жұмы­лған бір­тұ­тас ел болар­мыз деген ой менің көкей­ім­де көп­тен бері жүр­ген еді…

Бұры­нғы пре­зи­дент­тер рені­ш­терін айтып, кем­шілік­терін мой­ын­да­ды. Ең басты­сы, олар бір-бірін кеші­ре біл­ді. Менің де көз­де­ген мақ­са­тым сол еді. Менің ойым­да тек әр пре­зи­дент­тің жақ­та­ста­ры, жеті облы­стың халқы сая­сат­ты тастап, бір бағы­тқа шоғыр­ла­нып, ұлт­тың, эко­но­ми­ка­ның дамуын ойла­уы керек деген ұғым жүретін-ді.

Иә, халқы­мы­здың көзқа­ра­сы тұрғы­сы­нан қара­саңыз, әрқай­сысы­ның өзін­дік қателік­тері болға­ны анық. Қай­ғы­лы оқиға­лар, тіп­ті қан­тө­гістер де орын алды. Ақа­ев­тың кезін­де – Ақсый оқиға­сы, Баки­ев­тің кезін­де – сәуір оқиға­сы, Уақыт­ша үкі­мет кезін­де – мау­сым тра­ге­ди­я­сы, Жээн­бе­ко­втің кезін­де – қазан оқиға­сы. Өкініш­ке қарай, Қырғыз­стан тарихын­да бұл оқиға­лар­дың бәрі қара әріп­пен жазы­лған-ды. Осы­лай­ша біз көп­те­ген қырғыз жаста­ры­нан – ұлда­ры­мы­здан айы­рыл­дық. Қаза болған­дар­дың туы­ста­ры мен жақын­да­ры­ның рені­ш­терін жақ­сы түсінемін.

Ата-баба­лар түсіні­гін­де «әкеңді өлтір­ген­ге анаң­ды бер» деген ұғым бар. Ислам дінінің амал­да­ры­на көз жүгірт­сек, кешірім­шіл, кешірім­ді болу үлкен дәстүр екенін аңға­ра­мыз. Мей­ірім­ді болай­ық, сабыр етіп, сапа­ры­мы­зды жалға­сты­рай­ық. Еге­мен­ді­гі­мізді, тәу­ел­сізді­гі­мізді нығай­тып, Қырғыз­ста­ны­мы­зды дамы­та­мыз десек, кикіл­жіңді, ала­у­ы­зды­қты өткен күн­нің еншісіне қалдырайық. 

Әрбір қырғыз аза­ма­ты, бірі­гіңіз­дер! Қырғыз­стан­ның бола­шағы үшін қысқа мерзім­ді мүд­де­лер­ді ұмы­та­тын кез кел­ді. «Бір жаға­дан бас, бір жең­нен қол шыға­рып», алға ұмты­лай­ық! Менің алдым­дағы мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның әрқай­сысы­на жеке мүд­дем де, жеке қызға­ны­шым да жоқ, сон­дай-ақ мен бұған мін­дет­ті де емес­пін! Осы­ны ерекше атап өтуім керек», – деп жаз­ды Жапа­ров әлеужеліде.

Қалай болған­да да, Жапа­ро­втың әре­кетін сәт­ті деп ата­уға бола­тын сияқты. Аталған басқо­су­да бұры­нғы пре­зи­дент­тер­дің бар­лы­ғы оның «бір жұды­ры­ққа бірі­гу» баста­ма­сын бір ауы­здан қол­дап, мақұл­да­ды. Жапа­ро­втың жаз­ба­сы қоғам­да қызу резо­нанс туды­рға­ны бел­гілі, сөй­тіп қоғам­да көп­те­ген пікір­лер­лер туын­да­ды. Мұн­дай пікір­лер­дің көп­шілі­гі жағым­ды әсер­лер­ге ие. Әрине, қысқа мерзім ішін­де мұн­дай қадам­ды тиім­ді деп сана­уға әбден болады.

Алай­да бұры­нғы пре­зи­дент­тер­дің бар­лы­ғы ескі рені­ш­терін ұмы­та ала ма? Әрқай­сысы­ның тағ­ды­рын қай­ғы­лы деп ата­уға бола­тын сияқты. Алға­шқы екі пре­зи­дент – Ақа­ев пен Баки­ев 2005 және 2010 жыл­да­ры мем­ле­кет­тік төң­керіс деп ата­уға бола­тын рево­лю­ци­я­ның нәти­же­сін­де қыз­мет­тері­нен шет­тетіл­ді. Ақа­ев ұзақ жыл­дар бойы Ресей­де бас сауға­ла­ды, ал сырт­тай 24 жылға сот­талған Баки­ев Бело­рус­си­яға қашып тын­ды. Осы бір аума­лы-төк­пе­лі, қиын-қыстау заман­да құлаған пре­зи­дент­тік туды Орта­лық Азия тарихын­дағы тұңғыш әрі әзір­ге жалғыз әйел Роза Отун­ба­е­ва­ның көк­ке көтер­гені айдан анық. Сөй­тіп, аталған қыз­мет­тен өз еркі­мен кетіп, қырғыз сая­са­тын­дағы беделін сақтап қалған тұлға болып тарих­та қал­ды. Алай­да ол лау­а­зым­ды кім­ге тап­сыр­ды десеңіз­ші. Төр­тін­ші пре­зи­дент Атам­ба­ев билік тіз­гініне ие болғанға дей­ін, бір­не­ше күн бұрын түр­ме­ден боса­ты­лып, 11 жыл­дық мерзім­нің 3,5 жылын өте­ген бола­тын-ды. Қысқа­сы, оған тағы­лған соңғы айып­тар алы­нып тасталған жоқ.

Жап­пай нара­зы­лы­қтар нәти­же­сін­де бесін­ші пре­зи­дент Жээн­бе­ков та өз орны­нан кетіп тын­ды. Бір қызы­ғы, оның орны­на пре­зи­дент­тің бұры­нғы жақ­та­сы Садыр Жапа­ров келді.

Ешбір пре­зи­дент­тік май­дан демо­кра­ти­я­ның шынайы инсти­тут­та­рын алма­сты­ра алмай­ды. Қырғыз­стан­ның, мәсе­лен, оның ойын­шық пар­ла­мен­ті, сая­си пар­ти­я­лар, сот­тар мен БАҚ‑ы ашу­лы бала­ның қолы­на түс­се, оңай бұзы­ла­тын ойын­шық жүй­е­лерін жасай­ты­нын көр­сетіп отыр.

Алай­да мұн­дай оқиға­лар­дың артын­да нәти­желі про­це­стер­дің жатқа­ны шын­дық. Қырғыз сарап­шы­ла­ры­ның бірі атап өткен­дей, қоғам алдын­да билік­ті деса­кра­ли­за­ци­я­ла­удың күшті про­цесі жүріп жатқан көрі­неді. Қырғы­здар тек өзіне ғана арқа сүй­ей­тінін жақ­сы түсі­неді. Бұл нағыз тәу­ел­сіздік­ке жету жолын­дағы өте маңы­зды қадам.

Exclusive.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн